Өнім сапасын басқару жөніндегі Американың тәжірибесі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: « Өнім сапасын басқару жөніндегі Американың тәжірибесі »
Орындаған:Нуржанкызы Г
Топ:Бт-201
Тексерген: Төлеубекова С. С.
Семей-2015ж
Мазмұны
Кіріспе
- Негізгі бөлімАмерикандық менеджмент ерекшеліктері. Өнім сапасын басқару жүйесі. Өнім сапасын басқару жөніндегі американдық тәжірибесі.
2. Қорытынды
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
АҚШ-тың еңбек сферасындағы маңызды элементі фирмадағы еңбек қатынасы мен кадр жұмысы. Ол жұмысшыны жалдаудан бастап бүкіл персоналды басқару, соның ішінде ынта, еңбекақы төлеу формасын, кәсіби дайындық пен қайтару үрдісін қамтиды. Фирмаға жұмысшыларды жалдау әдістері 2 фактормен анықталады: ішкі факторлар, оның ішінде фирмалардың стратегиялық дамуы мен қызметінің нәтижесі, ішкі еңбек нарығының жағдайы, кадрды даярлау мүмкіндіктері; ұлттық еңбек күші нарығының жағдайы. Америка компанияларында персонал біліктілігін жоғарылату мен қайта даярлауға, мемлекет дотациясын ескермегенде, таза табыстың 5% дейін жұмсайды. Ал АҚШ-та шаруашылықтағы жүмысшылардың орташа оқу жылы 1970-1985 жылдары 8, 6-дан 13% дейін өсті: бұл бір жүмыскердің алған білім көлемі төрт есеге өсті деген сөз. Өнім сапасын басқару мен тұтынушыларға қызмет көрсету аумағына фирмалардың ұйымдық құрылымдарының бүкіл негізгі тізбектерінің басқарушылары тартылып, нарықты зерттеу мен жаңа өнімді жоспарлау жобасын анықтау кезеңінен бастап, тұтынушылардың өнім шығаруда техникалық қызмет көрсетуімен аяқтап, өнім жасау процесіне мақсатты бағытталған іс-шаралар арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізілді[1] .
1. 1 Американдық менеджмент ерекшеліктері.
АҚШ-та өндірістік қызметтің ұйымдық нышандарын мемлекеттік монополистік капитализмнің жаңа жағдайына бейімдеу, өндірісті одан әрі қарқынды өркендету және неғұрлым көп пайда табу үшін ұйымдық ірі резервтерді пайдалану міндеттері қойылып отыр. Орталықтан басшылық етуден гөрі, пайда табатын орталықтардың, бөлімдер мен кәсіпорындардың құқықтары мен жауапкершілігін ұлғайту АҚШ-тағы шаруашылық өмірде елеулі құбылыс болды. Осының нәтижесінде компанияларда жаңа бөлімшелер құрылды, бөлемше топтарының қызметін үйлестіретін арнайы жоғарғы басқарма енгізілді, штабтық органдар корпорацияның жоғарғы басшыларына қызмет көрсетуге көбірек көңіл бөле бастады, төменгі буындарда (зауыттарда) функциялық қызметтерді толық орталықтандыру жүргізілді. Дракер “федералдық принцип” деген ұғымды енгізді, мұндай орталықтандыру өнеркәсіптегі ірі ұйымды жөнге салудың жаңа принципі болып саналады, әрі орталық та, ұйымның бір бөлігі де “жоғары” басшының қызметін орындай алады. Дракердің ойынша “федералдық принципті”бірте-бірте қолдану мынаған негізделген: жоғарғы басшы кәсіпорынның ең басты мақсатын айқындайды, адам ресурстарын ұйымдастырады, болашақ әкімдерді таңдайды, даярлайды және сынайды, қызмет тиімділігін өлшеудің эталондарын белгілейді. Екінші жағынан әрбір бөлімшенің белгілі бір автономиясы болады, оның менгерушісі автономдық істің басшысы, ол өндіріс пен техникалық прогресске, өткізу мен сатып алуға, есеп беру мен қызметкерлерге жауапты. Ол өзінің бөлімшесін біртұтас жүйе ретінде қарастырады[1] .
Друкердің пікірінше ұйымдастырудың федералдық принципі:
1. жоғары басшының өзінің тікелей қызметімен шұғылдануына мүмкіндік береді;
2. жергілікті жердегі жоғарғы басшының қызметін және оның проблемаларын түсінуге, әрі соның нәтижесінде жоғарғы басшының шешімдерін жергілікті денгейде ойдағыдай орындауға ықпал етеді;
3. еңбек өнімділігін әділ бағалауға қолайлы жағдай жасайды;
4. сабақтас проблемаларды шешіп, кең профильді басшыларды құруға және оларға жоғарғы басшыдағы проблемалар мен қызметтер туралы толық түсінік беруге жәрдемдеседі.
Корпорациялық басқарудың біршама шағын органдарына ірі инвестицияға байланысты дамытудың стратегиялық мәселелерін шешу шоғырландырылады. Әрбір бөлімше өз қызметін толық қаржыландырады, коммерциялық негізде кез келген ұйыммен серіктестік қатынас орнатады. Алайда, ұйымдық құрылым мәселелерінің күрделі іс екендігі соншалық, ұйымды құрудың әмбебап схемасын жасау мүмкін емес.
Шетел мамандарының пікірінше, жоғарғы оқу орындарында алған білім алғашқы 3-5 жылға ғана жеткілікті болады да, содан соң қайта даярлауды талап етеді, ал жүмысшылар біліктілігі техника мен технологияның даму деңгейінен кем дегенде 5-10жылға қалып қойып отырады. Сондықтан әрбір кәсіпорын жүмысшыларды дайындайтын жүйені құруға мүдделі. Мысалы, жапон кәсіпорындарының 80%-да жүмысшыларды кәсіби даярлау жүйесі бар. Америка компанияларында персонал біліктілігін жоғарылату мен қайта даярлауға, мемлекет дотациясын ескермегенде, таза табыстың 5% дейін жұмсайды. Ал АҚШ-та шаруашылықтағы жүмысшылардың орташа оқу жылы 1970-1985 жылдары 8, 6-дан 13% дейін өсті: бұл бір жүмыскердің алған білім көлемі төрт есеге өсті деген сөз.
АҚШ-тың еңбек сферасындағы маңызды элементі фирмадағы еңбек қатынасы мен кадр жұмысы. Ол жұмысшыны жалдаудан бастап бүкіл персоналды басқару, соның ішінде ынта, еңбекақы төлеу формасын, кәсіби дайындық пен қайтару үрдісін қамтиды. Фирмаға жұмысшыларды жалдау әдістері 2 фактормен анықталады: ішкі факторлар, оның ішінде фирмалардың стратегиялық дамуы мен қызметінің нәтижесі, ішкі еңбек нарығының жағдайы, кадрды даярлау мүмкіндіктері; ұлттық еңбек күші нарығының жағдайы[2] .
1. 2 Өнімсапасын басқару жүйесі.
Өнімнің сапасын басқару - бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет. Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалың деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және обоптерін белгілеу кіреді.
Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына қойылатын негізгі мәселелер, олар:
• өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
• тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;
• жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты табу;
• жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
• Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы - нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды жаңдандыруды, пайданың артуын қамтамасыз етеді.
• Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды - жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жараттуға дейін.
• Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтық, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.
• Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті бағалылығы сертификат көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сапауды, тиісті сертификат беруді, бағалау сынағының көмегіен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.
• Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапаны және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап етеді[3] .
1. 3 Өнім сапасын басқару жөніндегі американдық тәжірибесі
АҚШ-тың өнеркәсіптік фирмалары шығарылатын өнімнің жоғары сапасына сапаны басқаруда ұйымдастыру мен әдістерін жетілдіру арқылы қол жеткізген. 70-ші жылдардан бастап сапаны басқару бойынша барлық әрекеттердің басты мақсаты тұтынушыларға қажетті сапаны фирма үшін ең аз шығынмен қамтамасыз ету болды. Жоғары жағына сапа «құнының» мөлшері мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне және кірісіне сапа деңгейінің әсері қойылды. Бұл жағдайда өнімнің ғана емес, тұтынушыларға қызмет ететін бүкіл ұйым ақаусыз болуы керек деген бағдарлама қойылған.
Сапаны басқарудың қазіргі жүйелері тұтынушылар талабына және өндірушінің шығындарын ең аз мөлшерге теңестіруге бағдарланған. Егер бірінші шарт ұйымның техникалық сипаттағы әрекеттерімен байланысты болса, ал екінші шарт сапалы өнім өндіруге шыққан жиынтық шығындардың ақталуымен байланысты. Осының негізінде сапаны бақылаудың жалпы тұжырымдамасы қалыптасты. Бұл бұйымдарды кейін пайдалану мен толық жетілдіру, тұтынушыларға қызмет ету едәуір үнемді болуы үшін жоспарлардың сапасын қамтамасыз ету фирманың әртүрлі ұйымдық бөлімдерінің талпыныстарын шоғырландыратын тиімді жүйе деп түсіндірілді [1] .
Өнім сапасын басқару мен тұтынушыларға қызмет көрсету аумағына фирмалардың ұйымдық құрылымдарының бүкіл негізгі тізбектерінің басқарушылары тартылып, нарықты зерттеу мен жаңа өнімді жоспарлау жобасын анықтау кезеңінен бастап, тұтынушылардың өнім шығаруда техникалық қызмет көрсетуімен аяқтап, өнім жасау процесіне мақсатты бағытталған іс-шаралар арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.
Жабдықтаушы фирмаларда шығарылатын өнімнің сапасын жақсартуда басты жауапкершілік ең алдымен зауыт басқарушыларына жүктелген. Ал тікелей бақылау мен жұмыскерлердің өнімдерін тексерумен инспекторлар айналысады. Сапаны басқаруды сапаны бақылау бойынша инспекторлар мен инженерлер жүзеге асыра отырып, кәсіпорында ақаулы өнім шығаруды қажеттілігіне қарай тоқтатуға құқы бар.
Соңғы он жылдықта өнім сапасын басқару жүйесіндегі жетекші және жоспарлаушы тізбектің арнайы коорпоративті штатын құру тұжырымдалды.
Сапаның коорпоративті қызметтеріне өнім сапасын қамтамасыз етудің жиынтық бағдарламаларын жоспарлау мәселесі мен оларды фирманың бүкіл бөлімдеріне жеткізу жүктеледі. Бұл бағдарламаларда өнімді шығарудың әрбір кезеңінде сапаға қойылатын талаптар қалыптасып, жеке құрылымды бөлімдердің мәселелері нақтыланады. Техникалық стандарттар тұтынушылар талаптарына сәйкес зерттеуші, өндіруші, жоспарлаушы және барлық құрылымды басқарушыларға түсінікті тілге аударып жеткізеді[2] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz