Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар жайлы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар. Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу. Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Экологиялық сукцессия, бастапқы және қайталанған сукцессиялар. Табиғи сукцессиялар барысында және антропогендік әсерлердің нәтижесінде қауымдастықтың түр әралуандылығының өзгеруі.

Орындаған: Кабирова А. Ф.

Топ: ХН-501

Тексерген:Жексенаева А. Б.

Семей 2015 ж

Жоспар

  1. Кіріспе
  • Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар.
  1. Негізгі бөлім
  • Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу.
  • Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.
  • Экологиялық сукцессия, бастапқы және қайталанған сукцессиялар
  • Табиғи сукцессиялар барысында және антропогендік әсерлердің нәтижесінде қауымдастықтың түр әралуандылығының өзгеруі.
  1. Пайдаланған әдебиеттер
  1. Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар

Экологиялық қуыс - бұл табиғатта түрдің тіршілік етуіне ықпал ететін барлық орта факторларының жиынтығы. «Экологиялық қуыс» ұғымын ғылымға зоолог Дж. Гринелл биоценоздағы түрдің рөлін анықтау үшін енгізді. Ю. Одумның айтуы бойынша «экологиялық қуыс» ұғымы организмнің экожүйедегі атқаратын рөліне жатады, яғни тіршілік ету ортасы түрдің «мекенжайы», ал қуыс - түрдің «мамандығы». Мысалы, өсімдікқоректі антилопа мен кенгуру әртүрлі жерде тіршілік еткенмен, бір экологиялық қуысты иеленеді. Керісінше, орман тиіні мен бұғысы да өсімдікқоректі болғанымен, әртүрлә экологиялық қуысты иеленеді. Қорек түрлері әртүрлә болуына байланысты экологиялық қуыс жануарлар арасында жақсы байқалады.

Африка саваннасында жайылып жүрген тұяқты жануарлар жайылымның шөптерімен әртүрлі қоректенеді: зебралар негізінен өсімдіктердің бас жақтарымен, антилопа гну зебралардан қалған өсімдіктердің тек кейбір түрлерімен, газель аласа өсімдіктермен, ал топи антилопалары басқа жануарлардан қалған, қураған биік шөптермен қоректенеді.

Гаузе принципі бойынша екі түр кішкентай бір кеңістікте бірге тіршілік ете алмайды. Өйткені екі түрдің де санының өсуіне кеңістіктегі ресурстардың қоры жетіспейді. Яғни, экологиялық қажеттіліктері ұқсас түрлер бірдей экологиялық қуысты иелене алмайды. Өмір сүру үшін біреуі міндетті түрде экологиялық қуысын өзгерту керек (қорек түрін, тіршілік ету түрін) .

Өсімдіктердің қоректенуі автотрофты болғанына және ортаның бердей қорларын пайдалануына қарамастан, олардың да қуыстарға жіктелуі айқын байқалады. Жарық сүйгіш, көлеңке сүйгіш өсімдіктер, тамыр жүйелерінің әртүрлі тереңдікте болуы, қажетті ылғал мөлшері және олар әртүрлі кезеңдерге гүлдеп, жеміс береді, тозаңдатқыштары да әртүрлі болады.

Әрбір жеке организмнің тек өзіне ғана тән қолайлы тіршілік ететін қуысы болады. Олар көбінесе биоценоздың құрылымына байланысты өзінің атқаратын ерекше қызметін сипатталады. Мәселен, шөптесін өсімдіктер мен орман ағаштары Австралияда немесе Еуропада болсын, олардың экологиялық қуысы мен атқаратын қызметі ұқсас болып келеді. Экологиялық қуыстың тұрақты болуы көбінесе қоректік бәсекелестікке де тікелей байланысты. Ал бір систематикалық түрге жататын туыс түрлерін тіптен қоректік тұрғыда өте тиімді жіктелген. Мәселен, суда кездесетін ескекаяқты су қандалалаларының екі түрі бір жерде тіршілік ете береді. Себебі бірі жыртқыш болса, екіншісі қалықтармен қоректенеді. Мұндай жағдайда организмдердің экологиялық орны тұрақты келеді.

Сол сияқты ормандағы ағаш тектес немесе шөптесін өсімдіктер ярустылыққа байланысты реттеліп орналасқан. Ормандардағы ярустылық - әртүрлі организмдердің экологиялық қуыстарға бөлінуінің жақсы мысалы бола алады.

Әр түрге жататын организмдердің екі экологоиялық қуысы болуы мүмкін: фундаментальды (потенциалдық) және іске асырылған. Фундаментальды қуыс - түрдің тіршілік ете алатын жағдайлары, ал іске асырылған - түрдің сол қауымдастықтағы кездесуі. Іске асырылған қуыс фундаментальды қуыстың бір бөлігін құрайды.

Егер организмдер бір трофикалық деңгейде орналасса, олардың арасында қорек үшін түраралық бәсекелестік жиі болып тұрады. Уақыт өте келе идиоадаптацияның (грекше idios - өзіндік, ерекше және адаптация) жүйелі кезектесуі нәтижесінде бір трофикалық деңгейдегі әрбір түр өзінің экологиялық қуысын тауып, бәсекелестік азаюы мүмкін

Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу, жануарлар дүниесін қорғау заңдылығы.

Жануарлардың белгілі бір тобын қорғау ертеден қолға алынып келеді. Қазақстан конституциясына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікке жатады - бүкіл халықтың игілігі.
Жануарларды қорғау және тиімді пайдалану жөнінде заңдылықтары бірқатар қаулы қарарлармен анықталады. Солардың ішіндегі ең негізгілері: «Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы», 1981 ж Қазақстан республикасының заңы, республикалардың табиғатты қорғау туралы заңдары, аң аулау және аңшылық шаруашылық туралы республикалық ережелері, балық қорғау және еліміздің суларындағы балық шаруашылығын реттеу туралы ережелері, аң аулаудың және балық аулаудың жергілікті ережелері.
«Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы» заңның бірнеше бөлімдері бар. Олар: жануарлар дүниесін пайдалану; жануарлар дүниесін қорғау; жануарлардың мемлекеттік есебі және жануарлар дүннесінің мемлекеттік қоры; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалануға бақылау; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік; халықаралық шарттар.
Табиғатты қорғау туралы заңдар объектілерді және оларды қорғаудың негізгі жолдарын анықтайды. Мысалы, Қазақстанның «Табиғатты қорғау туралы заңы» аңшылық шаруашылықтың қоры - жануарлардың санын реттеп отыруды және оларды қорғауды, балық шаруашылығын басқа да кәсіпшілік маңызы бар аңдар мен құстарды қолға үйрету және клеткада аңдарды өсіру мақсатында үй жануарларының жаңа тұқымдарын шығаруда тұз жануарларының түрлерінің қажет екендігін тағайындайды (белгіленеді) .
Сирек және құрып бара жатқан жануарлардың түрлері атып жоюдан сақтау үшін қорғауға жатады. Егер жануарлар ауыл шаруашылығына зиянын тигізбесе немесе халықтың денсаулығына әсерін тигізбесе, онда олардың кәсіптік маңызы болмаса да қорғауға алынған. Осы заңда қорғау жолдары да көрсетілген: кәсіптік маңызы бар жануарларды аулау ережелерін сақтау, кәсіптік маңызы бар жануарлардың қорын пайдалану
үшін олардың тіршілік ортасы мен санын көбейту жағдайын жақсарту, санын реттеу көрсетілген. Жергілікті жерге аңдардың жаңа түрін әкеліп жібергенде, сол жерден жануарға зияны тимейтіндей жағдайлар көрсетілген. Заңының ережелері негізінен кәсіптік маңызы бар балықтарға, аңдарға және құстарға қатысы бар. 1991 жылғы 18 маусымда «Қазақстанда айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заң қабылданды. Онда да жануарлар дүниесін қорғау жайында бөлімдер бар.
Аңдардың барлығын дерлік аулауды арнайы рұқсат (лицензия) қағазының негізінде ұйымдасқан аңшылық шаруашылықтары жүргізеді. Әуесқойлық және кәсіптік жолмен қандай жануарлардың қай мезгілде және қалай ауланатындығы көрсетілген. Сонымен қатар кай аңды қанша мөлшерде аулауға болатындығы жөнінде де шек койылады.
Көрсетілген заң ережелеріне сәйкес түз жануарлары мемлекеттік меншікке жатады, соған сәйкес оларға деген көзқарас үнемді, тиімді пайдаланылуы қажет. Саны сиреп бара жатқан аңдар мен құстарды, сол сияқты кәсіптік маңызы жоқ пайдалы жануарларды аулауға тыйым салынған.
Кімде-кім аулау ережесін бұзатын болса, ондай адамды браконьерлер деп, оларға қарсы күрес жүргізеді, тіпті оларды саптап, дүние мүлкін мемлекет есебіне алады.

  1. Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы

Табиғатта абсолютті түрде ұқсас даралар, популяциялар, түрлер мен экожүйелер болмайды. Тіпті бір жұмыртқадан дамыған егіздердің өзі бір - бірінен ерекшеленеді.

Қазіргі уақытта тіршіліктің алуантүрлілігінің кедейленуі адамзаттың іс - әрекеті нәтижесінде үлкен жылдамдықпен жүріп отыр. Орасан зор территорияларды таза тұқымды, тұқым қуалау қасиеттері біртекті аздаған мәдени өсімдіктер алып жатыр. Табиғи экожүйелер бұзылып, мәдени ландшафтпен ауыстырылуда, практикалық жағынан да биологиялық алуантүрліліктің биологиялық маңызын түсіндірудің маңызы зор.

Түрлік алуантүрліліктің жоғары болуы осы күрделі жүйелердің төмендегі қасиеттерін қамтамасыз етеді.

1. Бөліктерінің өзара бірі - бірін толықтыруы. Бірлестіктерде қоршаған орта ресурстарын пайдалануда бір - бірін толықтыратын түрлер бірігіп тіршілік етеді. Мысалы, жалпақ жапырақты орманда бірінші белдеудің өсімдіктері жарық ағынының 70 - 80%-ын сіңіріп алады. Екінші белдеуде толық жарықтың 10-20%-ы жеткілікті болатын ағаштар мен бұталар өседі, ал шөптесін өсімдіктер мен мүктер жарық ағынының бар болғаны 1-2% үлесінің өзінде фотосинтез жүргізуге қабілетті. Бір - бірін толықтыра отырып, өсімдіктер күн энергиясын толық пайдаланады.

Түрлердің өзара бір - бірін толықтыруы, яғни органикалық затты жасаушылар мен ыдыратушылар, биологиялық зат алмасудың негізінде жатыр.

2. Түрлердің бір - бірін ауыстыруы. Биоценоздың кез келген түрін басқа экологиялық талаптары мен функциялары ұқсас түрлермен алмастыруға болады. Мысалы, қылқан жапырақты ормандағы шыршаның және самырсынның әр түрлі шалғындықтағы тозаңдандырушы - бунақденелілер.

3. Реттеушілік қасиеті. Өздігінен реттелуге қабілеттілік - күрделі жүйелердің өмір сүруінің негізгі шарты. Өздігінен реттелу кері байланыстар негізінде пайда болады. Бұл принцип биоценоздардағы популяция ішілік және түраралық өзара қарым - қатынастардан көрінеді. Жемтіктерінің санының артуы жыртқыштар мен паразиттердің санының артуына алып келеді.

4. Функцияларды қамтамасыз етудің сенімділігі. Биоценоздың экожүйедегі негізгі қызметі - органикалық затты жасау, оны ыдырату және түрлердің санын реттеу болып табылады. Бұл функцияны көптеген бір - бірін сақтандырушы түрлер қамтамасыз етеді. Мысалы, бунақденелілердің санын көптеген әр түрлі тамақпен қоректенетін жыртқыштар, одан артып кеткенде - арнайы паразиттер, өте жоғары болғанда - инфекциялық ауруларды туғызушылар немесе бәсекелестік қатынастар мен популяция ішілік өзара әсерлердің күшеюі реттеп отырады.

Биологиялық алуантүрлілік - Жердегі тіршіліктің тұрақтылығының басты шарты.

Осы алуантүрлілікке байланысты Жердегі тіршілік миллиардтаған жылдар бойы сақталып келеді.

Геологиялық тарихтың қиын кезеңдерінде көптеген түрлер жойылып, алуан түрлілік төмендеген. Жаңа түрлер пайда болды және олар энергия айналымындағы жойылған түрлердің орнын басып отырды. Сондықтан табиғи және антропогенді жүйелердің тұрақтылығына нұқсан келтіретін биологиялық алуантүрліліктің төмендеуіне жол бермеу керек.

Биоценоздардағы организмдер тобының тәулік, жылдық, маусымдық белсенділігі біркелкі емес. Кейбір организмдер түнде активті келсе, кейбіреулері керісінше болып келеді. Сондықтан биоценоз құрамындағы түрлер сан және сапа жағынан да үнемі ауытқып отырады. Бұл жағдайда негізінен жер шарының климаттық белдеулері мен табиғат аймақтарына да көп байланысты.

Автогенді өзгерістерді экожүйенің дамуы немесе экологиялық сукцессия деп атайды. Экологиялық сукцессияға анықтама берген кезде мынандай 3 жағдай ескерілуі тиіс:

1) Сукцессия қауымдастықтың, яғни экожүйенің биотикалық компонентінің ықпалымен жүреді. Өз кезегінде қауымдастық сукцессияның сипаты мен жылдамдығын анықтап, даму шектерін межелейтін физикалық ортаның өзгерістерін туындатады.

2) Сукцессия дегеніміз қауымдастықтың түрлік құрамының және оның ішінде өтіп жатқан процестердің өзгеруіне байланысты жүретін экожүйенің реттелген дамуы. Сукцессия белгілі бір бағытта жүреді, демек оны болжауға болады.

3) Сукцессияның шарықтау шегі (кульминациясы) -энергия ағымы бірлігіне шыққанда максималды саны келетін биомасса түр аралық әсерлесулердің тепе-тең күйдегі экожүйенің қалыптасуы болып табылады.

Өзгерістердің жүру жылдамдығы мен тепе-тең күйге жету үшін қажет уақыт әртүрлі экожүйелер және экожүйенің жекелеген белгілері үшін әртүрлі болады. Жалпы биомассаның өзгеру қисық сызығының пішіні әдетте дөңес болса, жалпы бастапқы өнімнің өзгеруі қисық сызығы ойық болады. Орман экожүйесіндегі бастапқы таза өнім қауымдастықтың дамуын алғашқы кезеңдерінде өскенімен, соңғы кезеңдерде кемиді.

  1. Экологиялық сукцессия, бастапқы және қайталанған сукцессиялар

Қауымдастық құрлымы біртіндеп, белгілі бір уақыт ішінде құрылады. Егер тіршілік топырақта емес тау жыныстарында пайда болса, онда алдымен онда қыналар немесе пионерлік қауымдастық түзетін балдырлар қоныстануы мүмкін. Эрозия немесе тірі организмдер әсерінен мүктер, шөптесін өсімдіктер, сосын бұталар мен ағаштар өсетін топырқ қабаты түзіледі. Тағы бір мысал, ашық су айдындарының батпаққа айналуынан көл орнында алдымен батпақ, сосын қиякөлеңді шалғындық немесе орман түзілуі мүмкін.

Белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар түзіліп және өзгеріске ұшырап тұрады. Олардың түрлік құрамы, әртүрлі топтағы организмдердің молдығы, трофикалық құрлымы, өнімділігі және басқа да көрсткіштері өзгеріп отырады. Бір биоценоздың екінші биоценозбен жүйелі түрде ауысуын экологиялық сукцессия (латынша-ауысу) деп атайды. Жалпы биоценоздардың бірін-бірі ауыстыру тізбегін сукцессиялық қатар немесе серия дейді. Сукцессияға мысал ретінде кішігірім көлдің батпаққаа, одан орманға айналуын келтіруге болады.

Экологиялық сукцессия - биоталық қауымдастық пен физикалық орта арасында тепе-теңдік орнайтын жкожүйенің реттелген дамуы, оны болжауға болады. Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңнен өтеді, солардың барысында биоталық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Сукцессия кезінде түрлердің алмасуынның себебі, популяциялар қоршаған ортаны өзгертуге ұмытыла отырып, өзге популяциялар үшін қолайлы жағдайлар жасайлы. Экологиялық сукцессия барысында организмдердің түрлік популяциялары және олардың арасындағы функциялық байланыстардың түрлері бірін-бірі белгілі заңдылыққа сәйкес кезеңді түрде және қайталанып алмастырып отырады.

Сукцессия - өсу, тұрақтану, климакс сатыларынан тұрады. Экологиялық сукцессияның автотрофты, гетеретрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, алапатты, антропогенді түрлері бар.

Қазіргі таңда сукцессияның экзогенетикалық және эндогенетикалық түрлерін ажыратады. Экзогенетикалық сукцессия сыртқы абиотикалық немесе антропогендік әсерлерден болуы мүмкін. Эндогенетикалық сукцессия қауымдастығы баланыстар жүйесінің немесе құрлымының өзгеруі нәтижесінде болуы мүмкін.

Жалпы сипаты бойынша сукцессия бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді.

Бірінші реттік (алғашқы) сукцессия тіршілік иелері жоқ жерде: лава үстінде, сусымалы құмларда, жартастарда, тасты жерлерде басталады. Бұл жерже алғашқы қоныстаушылардың (бактериялар, қыналар) рөлі зор. Олар тіршілік ету барысында аналық жынысты бұзып өзгертеді, топырақтың түзілуіне себеп болады. Өлген, шіріген организмдер біртіндеп жиналуы және үгілуі әсернен және тау жыныстарының үгілуі нәтижесәнде мүктер өсетін топырақтың түзілуіне алып келеді. Мүктердің өсіп дамуы кезінде де топырақ түзілу процесі жалғаса береді. Қолайсыз жағдайлар кезінде де тіршілік ете беретін қарапайым қауымдастықтар түзіледі. Сөйтіп, организмдердің алуантүрлілігі арта береді.

Екінші реттік (соңғы) сукцессия бұрын жақсы дамып жетілген биоценоз орнында жүреді. Мысалы, өртенген орман, құрғатылған батпақ немесе бұзылған қауымдастықтар орнында. Әдетте мұндай жерлерде тіршілік ресурстарының бай қоры сақталады. Мысалы, өртенген жерде жарық сүйгіш өсімдіктер, олардың көлеікесінде факультативті гелиофиттер, сциофиттер өсе бастайды. Өсімдіктер жабыны жаңа түрлер өсетін топырақты құнарландырып, құрлымын жақсарта түседі. Екінші реттік сукцессия топыраұ түріне байланысты тез немесе баяу жүруі мүмкін. Бұл прцесс климаксты қауымдастықтың пайда болуымен аяқталады. Екінші реттік сукцессиямен салыстарғанда әлдеқайда тез жүреді.

Қоңыржай климатағы екінші реттік сукцессия прцесі кезіндегі негізгі стадияларының ұзақтығы:

  1. шөптесін өсімдіктер жамылғысы стадиясы - шамамен 10 жылға созылды;
  2. бұталы өсімдіктер стадиясы - 10-25 жылға созылады;
  3. жапырақты ағаштар стадиясы - 20-100 жылға созылады;
  4. қылқанжапырқты ағаштар стадиясы - 100 жылдан асады.

Сукцессия - барлық қауымдастықтарға тән, белгілі бір стадияларда жүретін, жалпы өзгерістерді қамтитын бағытталған және зағды процесс.

Сукцессиялық өзгерістердің негізгі типтері мынадай:

  1. сукцессия процесі кезінде өсімдіктер мен жануарлар түрлері үнемі өзгеріп отырады;
  2. сукцессиялық өзгерістер нәтижесінде организмдердің алуантүрлілігі артады;
  3. органикалық заттардың биомассасы артады.

Бір қауымдастықтың екіншісіне ауысу уақытының айқын айырмашылықтары бар. Орташа ендікте әдетте емендә немесе қарағайды ормандардың түзілуіне 200 жылдай уақыт кетеді. Ерте басталған сукцессиялардың жылдамдығы кеш басталған сукцессияларға қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Әдетте сукцессия қауымдастық биомассасының өсуіне, түрлік құрамының артуына алып келеді.

Экологиялық жүйе , экожүйе - тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды.

Экожүйенің қасиеттері: оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді.

Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды. Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе . Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса да қарым -қатынаста болатын құрағыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады.

Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили. А. Тенсили экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе - зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек.

Экологиялық сукцессия мысалы

Өлген, ыдыраған организмдердің біртіндеп жинақталуы және тау жыныстарының эрозиясы желдену нәтижесінде папоротниктер мен мүктер сияқты ірі өсімдіктер өсе алатын қажетті мөлшердегі топырақ қабатын қалыптастыруға әкеледі. Бұл өсімдіктерден кейін ірі және қоректік заттарды көп талап ететін шөптесін бұталар мен ағаштары болатын тұқымды өсімдіктер өсе бастайды. Мұндай уақыт кезеңдерінде жер бетінің белгілі бір участогінде бір биоценоздың басқалармен аусуын- сукцессия деп атайды (succesio- ауысу, бірізді) . Сукцессия терминін 1898 жылы Г. Каулсон ұсынды.

Топырақтары жоқ, жалаң тау жыныстарынан немесе тіршілігі жоқ жерлерден (мысалы, топырақтың шағыл немесе бұрынғы мұздық болған жер) басталатын сукцессияның типін- алғашқы сукцессия деп атайды.

Бастапқы немесе алғашқы сукцессияның мысалы ретінде Мичиган көлінің төңірегіндегі дюналарды (құм шағылдарды) шөп басуын алуға болады. Дюналардың алғашқы қоныстанушылар қауымдастығы астық тұқымдастардан, талдардан, шиеден, мақта ағашынан және жүйрік қоңыздар, ін қазғыш өрмекшілер мен секіртпелер тәрізді жануарлардан тұрады.

Алғашқы қоныстанушылар қауымдастығының соңынан орман қауымдастығы келеді, бұлардың әрқайсысының өзіне тән жануарлар әлемі бар. Дамудың құрғақ, құнарсыз жерде басталғанына қарамастан, ақыр соңында бұл жерде жалаңаш құм шағылдарға қарағанда ылғалды және салқын букты-шағанды орман өсіп шықты. Орманның қалың, гумусқа бай, жауын құрттары мен моллюскалары бар топырақтағы өзі дамыған құрғақ құмға мүлде ұқсамайды.

Алғашқы экологиялық сукцессия

Ал екінші немесе қайталанған сукцессия- бұрын тірі организмдердің әсеріңде болған және органикалық заттары бар толығынан немесе белгілі бір дәрежеде өсімдіктерден айрылған беткейден басталады. Мысалы, өртенген жерлер немесе кесілген ормандар. Топырақта бұл жерлерде сукцессияға әсер ететін түқымдар, споралар және вегатативті көбеюдің мүшелері сақталуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған қуыстар
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық, жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
Организмдердің индикаторлық мәні. Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар жайлы ақпарат
Организмдердің индикаторлық мәні. Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар туралы ақпарат
Дара организмдер экологиясы
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
Жер қойнауының температурасы
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Негізгі абиотикалық факторлар- жарық, температура .Абиотикалық фактордың сигналдық мәні
Экология ғылымының пайда болуы, дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz