Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы мәілмет


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультеті

Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы

СОӨЖ

Тақырыбы: Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау

Орындаған: Серікқан Е. Е.

Тексерген: Нуралина К. Т.

Семей 2015

Мазмұны

Кіріспе3

Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі ең төменгі еңбекақыны талдау4

Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі күнкөріс минимумы6

Еліміздегі тұтыну себетін талдау10

Қорытынды12

Қолданылған әдебиеттер тізімі13

Кіріспе

Өздік жұмыста дамыған мемлекеттердегі және еліміздегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдауын қысқаша салыстырмалы түрде қарастыратын боламын. Қысқаша анықтама бере кетсем:

Күнкөрістің ең төмен деңгейі - бұл бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс, ол ең төмен тұтынушы қоржынының құнына тең. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мәні мен мөлшерін анықтауда халықаралық практикада адамның ең төмен қажеттіліктерін қанағаттандыруда қажет ететін тауарлар мен қызметтердің бірер ең төмен деңгейін белгілеуге негізделген тәсілдеме - тұтыну себеті кеңірек таралған.

Ең төмен тұтыну себеті (ағылш. minimum basket of goods ; нем. minimal Verbraucherkorb m ; лат. лат. minimus - наименьший ) - Азық-түлік кәрзеңкесі, азық-түлік тауарлары мен қызметтерінен тұратын шығындардың заттай және бағамен көрсетілген тауарлар мен қызметтердің ең төменгі жинағы. Азық-түлік кәрзенкесін өкілетті орган, денсаулық сақтау бойынша өкілетті орган анықтайтын азық-түлікті тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормасын статистика бойынша есептейді. Азық-түліктік емес тауарлар мен қызметтердің белгіленген шығын үлесін, ең төменгі тұтынушылык кәрзенкесінін бағасына белгілі бір арақатынаста Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі ең төменгі еңбекақыны талдау

Еңбекке ақы төлеудің төмен деңгейіне жол бермеу және халықты әлеуметтік қорғау мақсатында жыл сайын қабылданатын республикалық бюджет туралы заңдажалақының ең төменгі мөлшері мен зейнетақының ең төменгі мөлшері белгіленеді. Меншіктің барлық нысандарының кәсіпорындары мен ұйымдары, сондай-ақ жұмыс күшін жалдауды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер жұмыскерлерге белгіленген ең төменгі деңгейден аз төлеуге құқығы жоқ.

Инфляцияға байланысты ең төменгі көрсеткіштердің нақтылы маңызы төмендеуде. Үкімет ең аз еңбек ақыны құнсызданудан біраз қорғауға тырыса отырып, оның мөлшерлерін мезгіл-мезгіл көбейтіп отырады.

Бюджеттік мекемелер бөлінген бюджеттік қаражаттарға байланысты жұмыскердің біліктілігі мен орындайтын еңбек міндеттерінің күрделігіне қарай үстеме ақылар түрлерін өз бетінше анықтайды. Тұтас алғанда еңбекақы қаржы-кредит мекемелерін айтпағанның өзінде бюджет сферасында өнеркәсіптегіден 1, 3 - 2, 3 рет төмен.

Өңірлік органдар бюджет сферасы жұмыскерлерінің нашар қамтамасыз етілгендігін ескере отырып, өз бюджетінің мөлшеріне қарай оларға қаржылық қолдау көрсетіп отырады. Бұл факторға сондай-ақ салық салу деңгейі төмен немесе тіпті ол болмайтын «оффшорлық аймақтардың» бар болуы жағдай жасайды. Басқа жағынан, жоғары салық мөлшерлемелері елге шетелдік капиталдың дендеп енуіне кедергі жасайды, мұның өзі ішкі қорланымдардың жетіспеуі негізінде экономиканың дамуын тежейді.

Сондықтан салықтық реттеу бұл факторларды ескеруі және экономикалық қарым-қатынаста (байланыста) болатын елдердің салықтық шарттарын теңестіруге жәрдемдесуі тиіс. Әлемдік практикада халықтың тұрмыс деңгейі индикаторларының бірі ең төменгі күнкөріс деңгейі болып табылады, ол мемлекеттің әлеуметтік саясатында кедейлік шегін (табалдырығын) анықтау және әлеуметтік төлемақылардың мөлшерін анықтау үшін пайдаланылады.

Еңбекақының ең төменгі мөлшерінің критерийінің екі тәсілдері бар. Біріншісі - бұл азық - түлікке, киімге, тұрғын үйге, білімге, медициналық қызметке, қарым - қатынас арқылы жалпы мәдени деңгейін сақтауға, белгілі бір қызметтерді қолдануға (көлік, байланыс және т. с. с. ) және т. б. жұмыс істейтін отбасыларының негізгі қажеттіліктерінен шыға отырып оның есебі. Осы мақсаттарда мемлекет «тұтынушылық себетін» құрастырады, олардың құндың мәні анықталады, еңбекақының ең төменгі мөлшерінің критериясының қызметін атқаратын ең төменгі тұтынушылық бюджет немесе ең төменгі күнкөріс деңгейі бекітіледі.

Достастық мемлекеттерінде еңбекақының ең төменгі мөлшерін есептеу үшін ең төменгі тұтынушылық бюджет немесе күнкөріс деңгей критерийі қолданады.

Бүгінгі таңда Достастық мемлекеттерде есептелетін күнкөріс деңгейі (ең төменгі тұтынушылық бюджет) еңбекақының ең төменгі мөлшерін анықтауда критерий болып табылады. Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украинадағы еңбек заңдылықтарында айлық еңбекақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің ең төменгі деңгейінен төмен болу мүмкін еместігі анық айтылған. Дегенмен кепілдіктер болғанымен ТМД елдерінің көбісінде осы қатынас сақталмайды. 2009 жылғы 1 қаңтарға тек Қазақстанда ғана еңбекақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейіне жетті, сондай - ақ 2008 жылғы инфляция есебімен оның мөлшеріне индексация қажет, әйтпесе 2009 жылы ол күнкөріс деңгейінен төмен болады. Әзірбайжанда, Белоруссияда, Ресейде, Украинада оның мөлшері еңбекке жарамды адамның күнкөріс деңгейінен 80% - 90% құрады, ал Қырғызстанда және Молдавияда сәйкесінше 8% және 46%. Яғни бүгінгі таңда бекітілген еңбекақының ең төменгі мөлшерін көп мемлекеттерде қызметкерлердің физиологиялқ өмір сүруін қамтамасыз етпейді.

Егер еңбекақының ең төменгі мөлшері мен орташа еңбекақының мөлшерінің үлес салмағын есептегенде, онда 2008 жылғы желтоқсанда ол келесідей болар еді: Әзірбайжанда - 25, Арменияда - 21, Белоруссияда - 23, Қазақстанда - 19, Қырғыстанда - 5, Молдавияда - 20, Ресейде - 22, Тәжікстанда - 18, Украинада - 30 пайыз.

Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі күнкөріс минимумы

Күнкөрістің ең төмен деңгейі - бұл бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс, ол ең төмен тұтынушы қоржынының құнына тең.

Қазіргі уақытта тұтынушы жиынтығының сұрыпталымы 20-дан 43 атауға дейін кеңейтілді. Сондай-ақ «өнім - қызметтер» арақатынасы да өзгерді. Алғашқылардың үлесі 60%-ға дейін төмендеді, енді басқа тауарлар мен қызметтердің үлесі 30-дан 40%-ға дейінді құрайды.

Соңғы жылдары халықтың кірісі өсті, бұл тұтынушылар шығынының мөлшері мен құрылымының да өзгеруіне әкеп соқтырды. Қоржын ет, өсімдік және сүт тағамдары, сондай-ақ көкөніс және жеміс сияқты түрлі пайдалы өнімдермен толықгы.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мәні мен мөлшерін анықтауда халықаралық практикада адамның ең төмен қажеттіліктерін қанағаттандыруда қажет ететін тауарлар мен қызметтердің бірер ең төмен деңгейін белгілеуге негізделген тәсілдеме - тұтыну себеті кеңірек таралған. Ол азық-түлікті және азық-түліктік емес бөліктерге бөлінеді. Сонымен бірге көптеген елдерде ең төменгі күнкөріс деңгейінде азық-түлік шығыстарының үлесіне 25-тен 50 %-ға дейін тиеді.

Тұтыну себетінің құны нормативтік, статистикалық және құрамдастырылған әдістермен айқындалады. Дамыған елдерде ең төменгі күнкөріс деңгейін халықтың медициналық (орташа) табыстарын есепке ала отырып анықтаудың практикасы кең дамыған. Шығыс еуропалық елдердің көбінде есеп-қисаптарда нормативтік әдіс пайдаланылады. ТМД елдерінде ол басымырақ пайдаланылады және ең аз тұтыну себетінің құнына тең келеді.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы тағамдық азық-түліктерді тұтыну нормасы мен азық-түліктік және азық-түліктік емес шығыстар арасындағы ара қатынасты белгілеуге байланысты болған кезде практика құрамдастырылған әдісті пайдаланудың артықшылығына сендіреді.

Қазақстанда 2005 жылға дейін өмір сүрген ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі азық-түліктік және азық-түліктік емес бөлігі - 70-тің 30 %-ға ара салмағы - халық шығыстарының нақты құрылымына жауап бермеді. Халықтың әр алуан топтарына арналған тағамдық негізгі азық-түліктерді тұтынудың жаңа ең төменгі нормаларын қабылдауға табанды қажеттік қалыптасты. Бұл тамақтық азық-түліктерді тұтыну экономика дамуының дағдарыстық мезгілінің өзгеше ерекшеліктеріне көп нәрседе сәйкес келген қолданыстағы ең төменгі нормаларының салауатты тамақтану туралы қазіргі түсінікке, экономика дамуының қазіргі реалдарына, демографиялық жағдаяттың белгіленген үдерістеріне және негізгі тамақтық азық- түліктерімен елдің азық-түлік рыногының толықтылығы деңгейіне жауап бермейтіндігіне байланысты болып отыр. Ең төменгі күнкөрістегі азық-түліктік және азық-түліктік емес бөліктердің арасындағы ара салмақ 2006 жылдан бастап 60-тың 40%-ға ара салмағына өзгерді. Екінші өзгеріс азық-түлік себетінің құрамына қатысты болып отыр, ол толық құнды және баланстанған тамақтану жөніндегі Дүниежүзілік денсаулықты ұйымдастыру ұйымының ұсыныстарын ескере отырып кеңейтілуде. Ең алдымен азық-түліктік себеттің ассортименттік жиынтығымен, ол 20 атаудың орнына предметтердің 43 атауын кіріктіреді. Бұл тамақтанудың сөткелік тағам мөлшерін (рационды) алуан етіп түрлендіруге, айқын пайдалы қасиеттері бар жұғымды заттардың түсуін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді. Оның үстіне бұл үшін отбасылық бюджетті айтарлықтай көбейтудің қажеті жоқ мамандар жұғымды микроэлементтер бойынша теңгерімділікке қол жетеді деп санайды.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі әлеуметтік индикатор ретінде есептеудің өзгеше нүктесі болып табылады, оны халықтың тұрмыс деңгейін бағалау мен кедейліктің өлшемі және жалақының, зейнетақының және өзге базалық әлеуметтік төлемақылардың ең төменгі мөлшерін негіздеу үшін пайдаланады.

Сондықтан мемлекеттік әлеуметтік стандарттар 2006 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейін есепке ала отырып белгіленеді, ал негізгі әлеуметтік төлемақылардың мөлшерлемелері бұл деңгейден төмен емес деңгейде белгіленеді.

2007 жылы негізгі әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін күнкөрістің ең төмен деңгейінің мөлшері 8861 теңгені; зейнетақының ен төменгі мөлшері - 7236 теңгені; еңбекақының ең төмен мөлшері - 9752 теңгені қү_рады. 2007 жылдың ақпанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 45699 теңгені құрады және өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 25, 3%-ға, іс жүзінде 16, 1%-ға өсті. Атаулы еңбекақының өсуі экономикалық қызметтің барлық түрлерінде байқалды. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбекақысы 49, 9%-ға, білім беруде - 27, 8%-ға, өнеркәсіпте - 24, 7%-ға, ауыл шаруашылығында -23, 9%-ға, құрылыста - 22%-ға, мемлекеттік басқаруда - 18, 7%-ға өсті. Бала туу жөніндегі біржолғы жәрдемақыдан басқа (15АЕК) тұрмысы нашар отбасындағы 18 жасқа дейнгі балаларға ай сайын жәрдемақы төлеу енгізілді, отбасының кірісіне қарамастан 1 жасқа дейінгі баланы күту жөніндегі ай сайынғы төлемдер енгізілуде.

Ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтауға жаңа тәсілдемелерді қабылдаумен байланысты кедейлік шегі өзгереді. Бұл жерде екі факторды бөліп көрсету қажет. Оның бірі - халықтың тұрмыс деңгейін бағалау, яғни тұрмыс деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың үлес салмағын анықтау. Екінші фактор - бұл әлеуметтік көмек көрсету. Барлық елдер өзінің мүмкіндіктеріне қарай азаматқа, отбасына әлеуметтік көмек көрсетілетін шекті анықтайды. 2008 жылы әлеуметтік көмекті әр түрлі нысандарда 2506 мың адам алды.

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі болып табылады, ол ең төменгі күнкөрістің 40%-ы мөлшерінде белгіленген кедейлік шегінің жан басына шаққандағы табыстан төмен отбасыларына беріледі.

Балалары бар отбасыларына Мемлекеттік жәрдемақы туралы заңға сәйкес 18 жасқа дейінгі (бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақылардан басқа) балаларға жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 %-ы болатын отбасыларына беріледі.

2013 жылы Қазақстандағы орташа күнкөріс шамасы айына 17789 теңгеге, яғни шамамен 117 долларға бағаланған. Үстіміздегі жылғы маусымда ол өткен жылдың маусымымен салыстырғанда, 9, 4 пайызға артып, 20176 теңгені құрады. Алайда ақпандағы девальвация күнкөріс шамасын 110 долларға дейін төмендетті. Сөйтіп, ол бүгін толқып жатқан көрші Қырғызстандағы осындай көрсеткіштен сәл ғана артық, бірақ Қазақстандағы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім он еседен артық.

Естеріңізге салсақ, күнкөріс шамасы дегеніміз - құрамына азық-түліктен басқа тауарлар мен қызметтер кіретін ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең бір адамға қажетті ақшалай табыстың шекті мөлшері болып табылады.

Алайда тұтыну себетінің құнын есептеу және оның құрылымын қалыптастыру әдісі Батыс елдерінің қолданысындағы әдістен мүлдем бөлек. Мәселен, АҚШ-тағы тұтыну себеті үш жүзге жуық атаудан тұрады, онда ең үлкен пайыз азық-түлік тағамдарына берілген, бірақ бензинге, темекіге, алкогольге және үйден тыс тамақтануға жұмсалатын шығындар да қарастырылған. Францияның тұтыну себетіне 500-ден астам атаулар енгізілген. Атап айтқанда, онда шарапқа жұмсалатын, мейрамханалар мен сұлулық салондарына бару шығындары да қарастырылған. Әрине, барлығы ең шекті мөлшермен алынған (айталық, айына бір рет киноға бару) .

Отандық тұтыну себетінің азық-түлік бөлігі - тағамдардың миллиграммдап өлшеніп, жазылған мардымсыз жиынтығы. Сарапшылардың бағалауынша, ол ең шекті мөлшермен алынған, тұтыну нормасы, тіпті, … соғыс кезіндегі неміс тұтқындарының нормасынан аз. Азық-түлікке жатпайтын бөлігінде нақтылық мүлдем жоқ: оны адамдардың өздері шешеді, не нәрсе маңызды киім бе, әлде интернетті пайдалану ма. Дәрі-дәрмек, электр энергиясының, жылыту мен сумен қамтамасыз етудің құны тұтыну себетіне кірмейді және күнкөріс шамасының шекті мөлшерін есептеу кезінде есепке алынбайды. Ал бұл қызметтердің шынайы бағасы үнемі өсіп отырады және олардың күнкөріс шмамасының шекті мөлшеріндегі ресми есепке алынбайтын үлес салмағы да артады. Атап айтсақ, маусымда күнкөрістің шекті шамасындағы азық-түлік тауарларының үлесі 12105 теңгені, басқа тауарлар мен ақылы қызметтер 8710 теңгені құрады.

Еліміздегі тұтыну себетін талдау

Жалпы, ең төмен тұтыну себеті (минимальная потребительская корзина) - адамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жиынтық. Ал ең төмен күнкөріс деңгейі - мөлшері бо­йынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі, тұтыну себетін, күнкөріс минимумы туралы ақпарат
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау
Қазақстандағы, дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау туралы ақпарат
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, ең төменгі еңбекақыны талдау
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы
Еңбекақының ең төменгі мөлшері
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жөнінде
Қазақстандағы, дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz