Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы



I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2.1. Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала).
2.2. Ғ.Қараштың ізденіс жылдары.
III. Қорытынды.
IV. Паййдаланылған әдебиеттер.
Қазақ әдебиетінде шығыс тақырыбына барған ақындарды “қиссашыл ақындар” немесе “кітаби ақындар” десе, кейде “нәзирагөйлік” деп те атайды.
Сондай “кітаби ақындарды” бірі – Шәді Жәңгірұлы. Өз ортасында Шәді төре атымен белгілі болған ақынның әкесінің аты бірде Жәңгір болып берілсе, кейде Жаһангир болып кездеседі. Оған себеп, оның Орынбордан шыққан кітаптарында “Шәді Жәңгірұлы” деп аты-жөні аталса, Қазан, Ташкент қалаларында баспа көрген кітаптарында тіл ерекшелігіне байланысты “Шәді Жаһангирұлы” болып көрсетілген.
Шәді есімі әдебиет сүйер қауымға таңсық есім емес. Оның өмірі мен шығармашылығын зерттеген бірнеше ғалымдар бар. Атап айтар болсақ, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов, Ө.Күмісбаев, У.Қалижанұлы /34-39/ сияқты ғалымдар ақын шығармашылығын өз деңгейінде зерттей білді.
Шәдінің әкесі Жәңгір –атақты Абылай ханның шөбересі, Кенесары ханның жорықтарына қатысқан. 1847 жылы Хан кене дүниеден өткенде, оның кіші әйелі Мәуті ханымды әмеңгерлік жолмен Жәңгір алған. Осы Мәуті ханымнан болашақ шайыр туады.
Шәді Жәңгіров 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Он жасына жетер-жетпесте ауыл молласынан діни сауат ашады. Имандылық жолға түскен Шәді ақын әуелі Шаян мешітінде оқып, кейін Шымкенттегі Абдолла Шәріп деген ғұламадан дәріс алады. Онда ол араб, парсы тілдерін толық меңгеріп, шығыс мұсылман шайырларының атақты шығармаларымен жете танысады. Қылым деген түпсіз терең теңіздің тамшысын ішкен болашақ шайыр, ілімін одан әрі жетілдіру мақсатымен, сол кездегі барша мұсылман баласына белгілі Бұхарадағы “Мир–араб” медресесінде оқиды. Онда Ислам құндылықтарымен жақыннан танысып, болашақ шығармаларына арқау болатын діни қағидаларды жақсы меңгереді. Өмірінің соңында “Молла” деген айып тағылып, қуғынға ұшыраған Шәді 1933 жылдың 12 қыркүйегінде дүниеден өтеді.
1. Әуезов М. Шығармалары. 16 том. Алматы: Жазушы, 1985. –400б.
2. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. Алматы: Білім, 2003. –112б.
3. Байтұрсынұлы А. Шығармалары. 1 том. Алматы: Алаш, 2003. –408б.
4. Келімбетов Н. Қазақ әдебиет бастаулары. Алматы: Ана тілі, 1998. –256б.
5. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы: Ғылым, 2001. –448б.
6. Сейфуллин С. Шығармалары. ҮІ том. Алматы: Қазкөркемәдеббас, 1964. –456б.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: 1.Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). 2.Ғ.Қараштың ізденіс жылдары.

Орындаған: Серікбай Ермек.
Тексерген: Еспембетов А.С.

2015 жыл.

Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2.1. Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала).
2.2. Ғ.Қараштың ізденіс жылдары.
III. Қорытынды.
IV. Паййдаланылған әдебиеттер.

Шәді Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығы

Қазақ әдебиетінде шығыс тақырыбына барған ақындарды "қиссашыл ақындар" немесе "кітаби ақындар" десе, кейде "нәзирагөйлік" деп те атайды.
Сондай "кітаби ақындарды" бірі - Шәді Жәңгірұлы. Өз ортасында Шәді төре атымен белгілі болған ақынның әкесінің аты бірде Жәңгір болып берілсе, кейде Жаһангир болып кездеседі. Оған себеп, оның Орынбордан шыққан кітаптарында "Шәді Жәңгірұлы" деп аты-жөні аталса, Қазан, Ташкент қалаларында баспа көрген кітаптарында тіл ерекшелігіне байланысты "Шәді Жаһангирұлы" болып көрсетілген.
Шәді есімі әдебиет сүйер қауымға таңсық есім емес. Оның өмірі мен шығармашылығын зерттеген бірнеше ғалымдар бар. Атап айтар болсақ, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов, Ө.Күмісбаев, У.Қалижанұлы 34-39 сияқты ғалымдар ақын шығармашылығын өз деңгейінде зерттей білді.
Шәдінің әкесі Жәңгір - атақты Абылай ханның шөбересі, Кенесары ханның жорықтарына қатысқан. 1847 жылы Хан кене дүниеден өткенде, оның кіші әйелі Мәуті ханымды әмеңгерлік жолмен Жәңгір алған. Осы Мәуті ханымнан болашақ шайыр туады.
Шәді Жәңгіров 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Он жасына жетер-жетпесте ауыл молласынан діни сауат ашады. Имандылық жолға түскен Шәді ақын әуелі Шаян мешітінде оқып, кейін Шымкенттегі Абдолла Шәріп деген ғұламадан дәріс алады. Онда ол араб, парсы тілдерін толық меңгеріп, шығыс мұсылман шайырларының атақты шығармаларымен жете танысады. Қылым деген түпсіз терең теңіздің тамшысын ішкен болашақ шайыр, ілімін одан әрі жетілдіру мақсатымен, сол кездегі барша мұсылман баласына белгілі Бұхарадағы "Мир - араб" медресесінде оқиды. Онда Ислам құндылықтарымен жақыннан танысып, болашақ шығармаларына арқау болатын діни қағидаларды жақсы меңгереді. Өмірінің соңында "Молла" деген айып тағылып, қуғынға ұшыраған Шәді 1933 жылдың 12 қыркүйегінде дүниеден өтеді.
Әрине, Шәді ақын туралы деректер толық жиналды деп айта алмаймыз. Әлі де ақын көзін көрген, онымен сұхбаттас болған жандардың бар екендігі, олардың күн санап азайып бара жатқандығы да анық. Сол себепті де ақын туралы деректерді Созақ өлкесі мен Оңтүстік аймақтың өзге де аудандарынан іздеген орында болған. Олай деуімізге себеп сондай бір іс-сапарларымыздың бірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылында тұратын Шүкірулла Әбдуат ақасақалдан Шәді ақын туралы мынадай деректер жинап алып едік. Сол мәліметті келтіре кеткеніміз артықтық етпейтін болар.
Ескi көздерден қалғандар үшiн Шәдiтөре Жәңгiрұлын таныстыру артық. Оны ендi аз да болса жаңа ұрпақта тани бастады. 1930 - шы жылдары қатаған заманда Шәдi төре елден туған жерден бас сауғалап қашып, Өзбекстанда көп босқын қазақтың бiрi болып жүрiп дүниден өткен ескерусiз қалған қазақтың бiрi.
Өзбекстанда босқын боп жүрген Шәдi сонда бiр қышлаққа имам боп тұрған Әбдуат биге, менiң әкемнiң ағасы "Тақсыр бiреу менi сұрай қалса өзiңiздi көрсетiңiзшi, мен Шәдiмiн деуге өз атымнан өзiм ұяламын" - деген екен. Шаянның ең соңғы биi Әбдуат би өте сауатты, қыраған да өте жақсы, шариғатты қатты бiлетiн, алғырлығымен, дарындылығымен, тапқырлығымен танылған кiсi болыпты, өзi де денелi, кеуделi, көрiктi, насапты, сырт келбетi мен iшкi дүниесi жарасқан кiсi болыпты. Ол кiсi өте сыпайы кiсi екен, сұхбаттасының iшкi ойын бiлiп, танып отыратын болыпты. Шәдi төренiң сырт пiшiнi келбетсiздеу, көрiксiздеу, бетiнде шешек дағы бар кiсi екен, ол кiсi өте сыпайы, iшкi дүниесi өте бай кiсi болыпты. Әбдуат би өзбектiң ақсақалдарынан жоғары, өзiнiң қасына Шәдi төренi отырғызып қойып, ол кiсiнi тақсыр, тақсыр деп дәрiптеп, оған үлкен iлтипат көрсетiптi. Сонда бiр өзбектiң бiр қарясына имамымыз қазақ болған соң қанына тартпай болмайды екен ғой, мына бiр дуанасын пәленше әкәмнанда жоғары өзiнiң қасына оң жағына отырғызып қойпты деген iштей бiр ой келiптi. Әбдуат би осы қаряға "Пiрадар, қарап отырғанша мына кiтапты жамағатқа оқып берсеңiзшi!" - деп Шәдi төренiң, "Алты бармағын", "Назым Сияр Шәрифiн" берiптi. Қария кiтапты оқып отырып өзi де жылапты, жамағатты да жылатыпты. "Ой жамағат-ай! Дүниеден осында кiтап жазған әзiздер де өтiп кеттi-ау, оның орнына мына мендей нас, ыпылас, пасық, надан өлсе едi күнәға көп бата бермей, ал осындай әзiз қалса едi" деп кеудесiн тоқпақтап өз қолымен ұрып. Сонда имам Әбдуат би: "Бұл кiтаптың муәллифi мына отырған Шәдi төре Жәңгiрұлы" - дептi. Сонда әлгi өзбек қария: "Бiз бұл кiтаптың муәллифi Фирдауси, Жами, Науайилардың замандасы шығар деп жүрушi едiк. Тақсыр, қазақ та мұсылман ба екен, олардан да ғалымдар, үлкен дамыллалар, пiрлер мен ишандар шықты ма екен деп жүрген адамның бiрi мен едiм",- деп орнынан атып тұрып, Шәдiмен құшақтасып көрiсiп, қолынан сүйiп, тәу етiп, қатты кешiрiм сұрапты. Қалтасында барын һәдия етiп, Шәдiге берiптi. Шәдi ол жерде де тұрақтап тұра алмай, қолға түсiп қаламын ба деп, кетiп қалыпты. Әбдуат би (бiр ауылдың) Шаянның биi, ары кеткенде Қаратаудың күнгейiмен терiскейiне ғана мәлiм кiсi. О да босқын, бiрақ оншалық атақты кiсi емес, көп имамның, молданың бiрiндей ғана. Ал, Шәдi болса түркiгөй халыққа, бүкiл Түркiстан елiне өзiнен бұрын аты кеткен "төрт аяғы тең жорға", "мусәнниф", "шубһалы сөзге бастаған Шәдi", "жәннәти Шәдi" атанған кiсi. Қожа Ахмет Яссауидiң "Диуани хикметiнен", Сопы Аллаярдың "Сәбәтул әжизинiнен" кейiнгi көп танылған шығарма Шәдi төренiң "Назым Сияри Шәрiбi" - "Алтыбармағы" мен "Назыми Фиқһ Кайдани" болды. Қолымда Назым Сияри Шәриф бар. Есебi түгелдей. Ал "Назыми Фиқһ Кайдани" жұрнағы бар, бас жағы, сыртқы мұқабасы жоқ. Қариялар "Назым Фиқһ Кайдани" ды да Шәдiнiкi дейдi. Солай болса солайда шығар, қариялар солай деп те жүруi мүмкiн. Ол жағын әдебиет зеттеушi ғалымдар анықтай жатар, мен қатардағы көп оқырманның, оның үстiне ескiше кiтаптарды ендi-ендi ғана танып оқып жүргендердiң бiрiмiн. Қарапайым халықтың фуқараның (бұқара халықтың) бiрi ретiнде өз ойымды бiлдiрiп отырмын. Бұл талас тудыруы да мүмкiн, ал бiрақ мен өз пiкiрiмде қаламын. Шәдi шубһалы сөзге бастаған. Оның әр сөзiне дәлел, құжат бар. Онда ақиқат тарихи шындық бар.
Шәдi төре Шаянда негiзiн Қосым ишан қалаған, оның баласы Сейтахмет (Сейiтжан мағзым) аяқтатқан, кеше 1930- шы жылдары оның немересi Әппәқ ишаннан кәнпiскеленiп (конфискаланып) алынған мешiт медресенiң түлегi. Бұл мешiт медресе кеңес үкметiнiң құжатында Әппәқ ишан мешiт медресесi деп аталып кеткен. 1990- жылдардаң аяғына таяу дүмшелер бастап, дүмшелердiң муфтиi Рәтпек қажы Нысанбайұлы оны қостап, Әппәқ ишан мешiт медресесiнен Әппәқ ишанның есiмiн алдырып тастап Шаян орталық мешiтi болып кеткен.
Шәдi төре Сейтахмет ишанға (Сейтжан мағзымға) ол кiсi дүниеден өткен соң оның баласы Әппәқ ишанға қол берген. Оған мурид болған. Ал Әбдуат би Сейiтахмет ишанның iнiсi Әлмұхаммет мағзымның үлкен ұлы, Әппәқ ишанның немере iнiсi. Шәдi төре Шаяннан соң Қарнақта одан соң Бұхарада оқыды.
Шәдi төре Жәңгiрұлы.
"Назым Сияри Шәриф" - "Алты бармақ" дастанынан үзiндi.
Әзiретi Расулдың дүниге енгенi баяны және де кiтаптың жазылуына болған себеп туралы.
(Шүрiлла Әбдуат "Арманда кеткен арыстар" (13-16 беттер)
Шәдi төре Жәңгiрұлы
"Назым фиқһ Кайдани" (үзiндi)
((Шүкiлла Әдбуат "Арманда кеткен арыстар" 18-19 бет және 23-24 беттер. Ксерокөшiрме қаралсын))
Шүкiлла Әбдуат. "Пiр таптың ба, пiрадар?" қол жазбаның 68-71 беттерi.

2-шi фасыл. 5-шi шегiнiс
Шаяндағы әзiздер өмiрiнен.
Қосым ишанның Сейтахмет ишанның (Сейiтжан мағзымның) Шәдi төренiң "Алты бармақ", "Назым Сияри Шарифтi" "назым ет!"- деп берген әмiрi жөнiнде өлеңмен жазған нақлият.
Шаяндағы әзреттермен Шәдiтөренiң, оның "Назым Сияри Шарифi" кiтабы арасындағы рухани туыстықта байланыс осындай Шәдi төре - Шаян - "Назым Сияри Шәрiп" - "Алты бармақ" арасындағы сабақтастық осы Шәдi төренiң "Назым Сияри Шариф" кiтабы Аллаһтың инаятымен оның сүйген құлдары оны сол күйiнше қайта бастыруды Құдай қаласа қолға алып отыр екен. Осыған шашар шашуым болсын деп, менiң һәдиям болсын деп осы хатты ауырып жүр едiм әрең жаздым, қолым нашар шықты. Осы себептi де кейбiр қажет болады-ау деген жерлердi, ксерокөшiрмесiн жiбердiм. Редактор мырза менi түсiнер Аллаһ жар болса айығып кетермiн оған дейiн сiздер қолға алып отырған үлкен iстер тоқтамасын деген ниет едi менiкi. Хатты түгел өз қолыммен жазуға үлкендiк танытып, не жалқаулығым ұстап отырған жоқ саулығым болмай осының өзiн әрең жазып отырмын. Менi кешiрiңiздер Аллаһтың қайырымды құлдары, игi жандар. Сiздерге Аллаһ жар болсын.
Осы мәліметтен Шәдінің терең білімді әрі өз ортасына белгілі шайыр болғандығына қарамастан, оның өз өмірін өте қарапайым өткізгендігі белгілі болады.
Шәді - көп жазған ақын. Әрі оның жазған шығармаларының басым бөлігі өзінің көзінің тірісінде Орынбор, Қазан, Ташкент қалаларында жарық көріп отырған. Шәді дүниесін көп зерттеген Немат Келімбетов: "...Оның жүз мың жолдай өлең-жыр жазып, соның жетпіс бес мыңдай жолының ақынның көзі тірісінде түрлі қалаларда басылып шықты, 37, 86 "-дейді.
Ақынның баспа көрген бірқатар кітаптары мен әлі жарыққа шықпаған шығармалары Қазақстан Республикасы академиясының орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Өуезов атындағы Өдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы. Сондай қолжазбалардың бірінде Шәді төре Жәңгірұлының баспадан шыққан кітаптары мен баспаға берілген қолжазбаларының тізімі берілген. Баспадан шыққан еңбектерінің қатарында "Сияр Шәрип," "Назым Чоһар Дәруіш," "Шайхы Барсиса," "Беташар," "Қамарзаман," "Атымтай" сияқты жалпы саны он үш кітаптың аты көрсетілсе, "Хәзірәт Ескендір", „Тарихи Абылай хан," "Ибрахим Халилуллаһ," "Мұса Перғауын хикаясы," "Аһуал Қиямет," тәрізді тоғыз шығарманың баспаға берілгені айтылады 40. Ал, Немат Келімбетов шайырдың баспа көрген еңбектері жайында: "Шәді Жәңгіров үлкенді-кішілі он сегіз дастан-поэма, қисса-хикаят, бірсыпыра өлең-жыр жазып, бастырған деген дәйекті келтірген 37, 86.
Өзінің жазған шығармаларының көлемі жағынан бірнеше ақынды орап алатын Шәді төренің еңбектері әлі толық зерттеле қойған жоқ. Өсіресе, оның діни шығармалары белгілі бір себептерге байланысты бір жақты ғана қарастырылып, ақын сусындаған діни арналар ескерілмей келді. Тіпті, оны өзі жырлаған діни шығармаларға қарсы бағыттап, барынша діннен алшақ ұстауға тырысып келгені тағы бар. Десек те, оның шығармаларының басым бөлігін діни дастандардан тұрады. "Назым Хайбар," "Назым Сияр Шәриф," "Фикһ Қайдан," "Ахуал-Қиямат," "Қисса Барсиса," "Мұсаның тауратты алғаны" сияқты шығармаларының қазақтың ислам әдебиетіндегі алар орны ерекше.
Шәді медреседе оқыған ислами пәндерінің негізінде дастандар жазып отырса керек. Мысалы, медреселерде оқытылатын Мұхаммед пайғамбардың өміріне (Сиярун-наби) "Назым Сияр Шәриф" дастанын жазса, ислами фәлсафаға "Ахуал қиямат" дастанын, шариғат іліміне "Фикһ Қайдан" шығармасын, пайғамбарлар өмір тарихына (Қиссасуыл әнбия) "Назым Ибрахим Халиолла," "Хазірет Мұса мен Перғауын," "Дәуіт уақытындағы рәйіс," сияқты дастандарын дүниеге әкелген. Осындай діни дастандар жайында М.О.Әуезов " ... Діни өлеңдерін, қиссаларды, көбінің сарыны шеттік болудан басқа мазмұндары да түгелімен мұсылман ғылымынан келген көшпелі, қыдырма әңгімелер. Сондықтан оларды тексеріп, ұғынып түсіну үшін, жалғыз ғана қазақ топырағындағы көлеңкесіне қарап тон пішу керек емес, әрқайсысын тудырған жағыдай мен себепті әуелі шыққан ұясынан бастап ұғыну керек, 41, 10 - деп жазғаны бар. Суреткер-ғалымның сол кезде айтқан өсиетіне бүгінгі дінтанушылар мен шығыстанушы ғалымдар құлақ асады деген ойдамыз.
Шәді -Ислам тарихын жетік білген ақын. Әрі оның діни дастандары Алланың қасиетті кітабы Құран мен Мұхаммед пайғамбар хадистерінің желісіне құралған. Ақынның қаламынан туған "Хайбар" дастаны соның айғағы.
Хайбар соғысының Ислам тарихында алар орны ерекше. Пайғамбардың мүшріктерді жеңіп, елдің сол қанатына шоғырланған жүгеттермен болған шешуші шайқасы Хайбарда өткен болатын. Дін үшін болған осы ғазауатты Ислам тарихшылар жарыса жазған. Бұл дастанда батырлық пен ерлікті жырлауды басты нысана етіп алған шайыр, хазірет Әлидің шайқаста көрсеткен ерліктерін айтып дәріптейді:

Жебірейіл Расулға айтты: "Иә, Мұхаммед,
Бір Құдай сәлем айтты сізге шексіз:
-Жолына жолбарыстың туын беріп,
Жіберіп жалғыз өзін осы мезет,
Майданға жалғыз барсын Әли шерім.
Тахсин ғыб құдіретімді көрсін менің!"

Осы ғазауатта пайғамбардың жеңіс туын Әлиге ұстатқанын Әбу Хурайра риуаят еткен хадистерде де орын алған 42, 137.
Шығыс мұсылман әдебиетіне бір жола ден қойған ақынның шығармаларында жомарттық пен сақилықтың іздері де көрініс тауып отырады. Осы жолда ол "Харун ар-Рашид" пен "Атымтай" жайлы дастандарын жазған. Атымтай-діни хикаяларда пайғамбар заманынан бірнеше жыл бұрын өмір сүрген "Тай" тайпасының "Жомарт адамы" деп беріледі.
Ислам әлемінде "Хадис іліміні" әмірі атанған Исмағил Бухаридің "Сахихул Бухари" еңбегінде Ади ибн Хатим деген сахаба көптеген хадистер руаят еткен 43, 52. Осы Ади Жомарт Атымтайдың баласы етіп көрсетіледі. Тіпті, Атымтайдың қызы Софана мұсылмандардың қолына түскенде, оның әкесінің атын естіген Пайғамбар "Әкесі жомарт адамнан жамандық шығуы мүмкін емес" деп босатып қоя бергені жайында аңыздар да бар 45, 128.
Парсының атақты ақыны Сағди өзінің "Бостанында" Атымтайды" жомарттығын дәріптейтін жыр жолдарын бұлайша жазған:

Шенидәм дәр әйиом-е Хотем кебуд,
Ке бехил әндәрәш бод пойи чу дуд 46, 49.
Атымтайды" заманында,
Желдей есетін жылқысы болғанын естідім,-

дей келіп оның жалғыз атын қонағына сойып беретін жомарттығын асқақ жырлайды.
Шәді жомарттықтың нышаны ретінде "Атымтай" дастанын жазса, оған кереғар мәнде сараңдарды мұқату мақсатымен "Камал хан деген патшаның уақытында болған оқиға" деген шығармасын жазған. Мұнда басты кейіпкер етіп "Бақылсары" деген Сараңды алады (бақыл - араб тілінде сараң деген мағына береді). Бұл да қазақтың Шық бермес Шығайбайы сияқты біреуге бір нәрсе берсе, бірнеше күн міндетсініп жүретін сараң болады. Қызының бір диуанаға бір үзім нан бергені үшін, садақа берген қолын кесіп алып, адам аяғы жетпейтін айдалаға апарып тастайды. Серуендеп жүрген патша бір қолы жоқ қызды баласына әкеп қосады. Оң қолының жоқтығына нала болған қыз, Аллаға мінәжат еткенде, Жаратушының рахымы түсіп, қолы орнына қайта келеді.
Шәді осы дастан арқылы пақыр мен мұқтажға көмектескеннің сауабы Алладан қайтатынын айтады. Шәді төре адам баласын барша жамандыққа жетелейтін әзәзіл Ібіліс деп біледі. Әрі қарапайым адамға қарағанда діндар адамға Ібілістің жақын жүретінін айтады. Пайғамбардың "Ібіліске сауатсыз мың адамды азғырғаннан, бір иманды ғалымды азғырған артық" деген өсиетін басты назарға ұстайды. Шайыр осы тұрғыда "Барсиса" деген дастанын жазған. Шығармада Барсиса атты діндардың аяғын шалыс басып, шайтанның арбауына қалай түскені баяндалады. Бұл хикаяның негізі - Шайтанның айла-шарғысын көрсететін Ибн Жузидың "Талбису Иблис" 47, 56 (Ібілістің айлакерлігі) деген еңбектен алған болуы мүмкін.
Дастанда діндар Барсиса ертелі-кеш құлшылық етумен айналысады. Шайтанның азғырғанына да назар аудармайды. Алайда, Ібіліс оның осал жерін тауып, оған адам емдеу әдісін үйретеді де бір жас бойжеткенді талма ауруына душар етеді. қыздың ата-анасы оны емдету үшін Барсисаның алдына алып келеді. өмірінде ңйленбеген сопы онымен зинақорлық жасап, ақырында қызды өлтіріп тынады. Барсисаны дар басына алып келгенде, Ібіліс пайда болып: "Егер маған сиынсаң, мен сені өлімнен сақтап қаламын," - деп азғырады. Барсиса оның алдауына түсіп, оған сыйынады. Жоғарыдағы "Талбису Иблис" деген еңбекте бұл аңыздың негізін Хашыр сүресінің 16-аятымен байланыстырған. Онда: "Олар шайтанның мысалы сияқты; адамдарға: "Қарсы бол" деп айтып, адам баласы қарсы болған кезде: "Шынында сенен бездім. Расында әлемдердің Раббы Алладан қорқамын 48 деген еді",- делінген. Яғни аяттың мағынасы бойынша Ібілістің мақсаты адам баласын Алланың хақ жолынан айырып, өзіне сыйындырып, жаман жолға бастау. Ақын дастанның соңында:

Жетпіс жыл тынбай қылған ғибадатың,
Зәрредей пайда болмай қалды кетіп.
Осындай хиле қылып шайтан лағын,
Ойлайды азғырмақты" қайғы-қамын.
Шайтанның алдауына кірмеңіздер,
Халінен ғибрат алып Барсисаның,
Әзәзіл бұл күнде де көп азғырар,
Әр түрлі ой ойлатып иғуа қылар,
Бір Құдай өз фазылымен сақтамаса,
Мәкрінен еш адам жоқ мойын бұрар,-

деп, Ібілістен сақтануға шақырады.
Шайыр Исламның негізгі іргесі - "ақида" жайлы да қалам тербеген.

Бір кітап ақайд деп ат қойылған,
Ішінде хақ сипатын зікір қылған, -

деп, Шәді өзінің "Ахуал қиямат" 49 деген дастанын жазады. Ақида іліміне қанық шайыр әуелі Алланың субути және зати сипаттарына ерекше тоқталған. Осы дастаннан оның құран тәпсірін де жетік меңгергенін көруге болады. Құранның ішіндегі Алланың жалғыздығын сипаттайтын "Ықылас" сүресінің мағынасын да ашады.
Дастанда болмыстың, шайтанның, періштенің, адамның неден жаратылғанын айтады:

Жаратқан нұрдан Алла періштені,
Болмаған көптігінен есеп саны.
Алдына бәрі бірден жаратылған,
Күнәдан таза қылған Алла оны.

Дастанның екінші жартысы бүтіндей қиямет күнін суреттеуге арналған. Ақыр заман жақындағанда Яжуж-Мажуж қауымының шығатынын, Дажалдың адам баласын шыбындай қыратынын, сол кездерде күннің батыстан шығатынын айтады. Алланың қарғысын алған Ібілістің адамды соңғы демі қалғанша азғыратынын жырлайды:

Өлмеске дыққаты жетіп бағзы пенде,
Сөйлеуден тілі қалған сол мезетте.
Кеселдің сол жағынан зохер болып,
Көрініп шайтан лағын келген онда,
Деп айтар: "Ислам дінін тәрк етіңіз,
Екеу деп бір Алланы айтыңыз тез.
Ол айтқан сөздерімнің бірін қылсаң,
Кеселден сыххат тауып жазыларсыз".

Шәді ақынның осы дастанының негізі Исламның атақты факиһы Әбу Мансур Мұхаммед Матуридидің "Таухид" еңбегіне негізделгені аңғарылады.
Шәдінің жазған шығармаларынан оның діни кітаптарды көп оқығанын көреміз. Оның дастандарында пайғамбар хадистеріне негізделген жыр жолдары да аз емес. Ол Исламның Алланың ақ жолына шақыратынын біліп, діни дастандары арқылы хақ дін-Исламды үгіттейді.
Шайыр шығыс мұсылман әдебиетінде әділдіктің үлгісі ретінде суреттелетін "Ескендір Зұлқарнайын" туралы да дастан жазған. Ө.Қоңыратбаев: "Шәдінің ең алғаш жазған хикаяттарыны" қатарына "Ескендір Зұлқарнайын" мен "Хикаят Әмір Хамзаны" жатқызады 34, 214.
Жастайынан шығыс мұсылман әдебиетіне жетік Шәдінің парсы классиктері жарыса жырлаған Ескендірге соқпай кетуі екіталай еді. Бұл тақырып Фирдауси, Низами, Әмір Хосрау Дехлеви, Жәми, Науаилардың шығармаларында орын алған. Олар тарихтағы шынайы Ескендірдің бетін бүркемелеп, оны пайғамбар дәрежесіне дейін көтерген. Ал, қазақ топырағында Тұрмағанбет Ізтілеуов, Абай, Ыбырай, Мағжандар да Ескендір жайлы шығарма жазып, оны дәріптеместен, қайта оған сын көзбен қараған.
Алайда, Шәдінің Ескендірді қай тұрғыдан суреттегені бізге белгісіз. Оның бұл шығармасы қолға түсе қойған жоқ. Осы орайда Немат Келімбетов: "Шәді Жәңгіров көп жазған, кітаптары көп басылған ақын. Оның кітаптарын түгел жинадық деп айта алмаймыз. Ақын өзінің "Назым Чохар Дәруіш" және "Хикая Харун ар - Рашид" деген кітаптарының соңында енді баспадан беріледі деген "Ескендір Зұлқарнайын", "Ахмад Жәми","Әмір Хамза - Сақипқыран" деген сияқты бірқатар дастандары да аталған. Бұл шығармалар бізге әлі белгісіз, 37, 22 - деуі біздің ойымызды нақтылай түссе керек.
Шәді өз заманының "кітаби ақындары" сияқты шығыс шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаумен де айналысқан. Ол парсының атақты шайыры Фирдаусидің "Шахнамасын" қазақ тілінде сөйлетіп, Атбасар уезіндегі Қалменбайға тарту еткені жайлы деректер бар. Оған "Шәдінің болыс Қалменбайдан ат сұрап жазған" өлеңі 50 дәлел:

Жібердім "Шахнаманы" сауап үшін,
Батыр мен балуан сөзі толған іші.
Өзіңіз оқып көріп түсінерсіз,
Ашылар естігеннің көңіл қошы.
Көрмекке сол кітапты көтерілген,
Төркінінің ашкара қылды іші.
Тым қуат моллаларға оңай емес,
Сөздерін бұл кітаптың тез білісі.
Бағзы жерлерінде бас тіллә бар,
Молланың түсінетін әлі бір ісі,-

деп, қаласа тағы бір қайтара жазып беретінін айтады.

Мінбекке ағаңызға бір ат дәркор,
Бес жаста я алтыда болсын тілі.
Толықтық, сұлулық пен семіздігі,
Ұқсасын өзіңізге әр жүрісі,-

деп ақысына бір жақсы ат сұраған.
"Орақа - Күлше", "Чоһар Дәруіш" сияқты шығармаларымен әйел тағдырын, шынайы махаббат мәселесін көтерген ақын қазақтың той-томалақтарында келіннің бетін ашуға арналған "Беташар" деген жыр да жазған 51, 8. Шәдінің басты ұстанған мақсаты - шынайы махаббат, адал жар, шаңырағы шайқалмайтын отбасы. Осы жолда ол болашақ келінге бар ақыл-өнегесін айтудан жалыққан емес.

Құлағыңды салып тыңдап тұр,
Келін жан менің тілімді.
Әдептің жолын үйренбекке
Жас кісіге ілімді.
Айтқанымды ұғарсың,
Егер болсаң сәлімді.
Ақылсызға айтқан сөз,
Далаға кеткен шығынды.
Бәрі саған керек іс
Тыңдасаң кейін жырымды.
Жырменен қосып айтамын
Бар насихат сырымды.

Шәді де Абай сияқты қазақ халқын дер кезінде сынап отырады. Абай өзінің екінші қара сөзінде "қазақты" ноғай, сартты сынаймын деп көштен қалып қойды 52 - деп налыса, Шәді төре де қазақ пен қырғыздың мешіт салуға салғырттығын айтып сынайды.
Петроградта салынғалы жатқан мешіт құрлысына қазақ пен қырғыздан өзге мұсылман халықтардың, әсіресе, соның ішінде ноғай мен сарттың көмек бергенін айтып, қазақтың бай дәулетті жандарына қайырлы істен құр қалмаңдар деген ой айтады:

Бір халықпыз қырғыз, қазақ қатар жатқан,
Жақынбыз бір-біреуге ноғай, сарттан.
Біздің де ішімізде өзгелердей,
Байларымыз, сахилар бар дәулеті артқан.
Көптікке аз емеспіз ешбірінен,
Есепте алты миллон санға айналған
Осындай қалың қол қойған қайыр іске,
Біздерден жәрдем жоқ еш бөленген.
Біздерге мұнан артық болмас ұят.
Сол үшін хабар беріп жазамын хат 53, 15.

Ресейдің жиырма бес миллиондай мұсылманы бір мешітті бітіре алмаса, біздей Алланың пенделері үшін - өлім дейді. Құдай жолына жұмсалған қайырлы істер ешқашан да өлмейтінін, қайта оның сауабын Алла беретінін айтып, Құранның "Бақара", "Әнбая","Нәміл", "Қасас", "Мәйда" сияқты бірнеше сүрелеріне сілтеме жасайды.

Бір есе бергенің он есе ғып,
Сауабын ол пендеге берер тәңірі.
Дәләлі осы сөздің құранда бар,
"Әнғамның" сүресінде айтылады 53, 17.

деп, бітпей жатқан мешітке қол ұшын беруге шақырады. Қазақтың не өзі ішіп - жемейтін, не өзгелерге бермейтін сараң байларын мінеп, оларға қарата қатты айтады.

Байлар бар малы жерге симай жүрген,
Мойнындағы парызын ада қылмай жүрген.
Біреуге қайыр қылып бермек түгіл,
Өзі ішіп-жемекке қимай жүрген.
Құдайым хикмет берсін біздің халыққа,
Қырғыз бен қазақ болып шыққан атқа.
Мешіттің жәрдемінде кейін қалып,
Жүрмесін күлкі болып ноғай, сартқа 53, 20.

Шәді жасы ұлғайып, пайғамбар жастан асқан соң, өз ортасының үлкенге өнеге, кішіге ақыл айтар қариясына айналған. Оның білімі мен діндарлығынан хабары бар ақсақалдар оған әр түрлі сұрақтар жазып, дер кезінде оның салиқалы жауабын да алып отырған.
Оңтүстіктің бірнеше шайырлары Шәді төреге хат жолдап: "Ұлғайып барамыз. Жасымыз келген сайын күш-қуатымыз кеміп барады. Сіз көп оқыдыңыз. Осы жастықты ұстап тұрудың амалы бар ма? Біз өзімізше ақылдаса келе, жас қыз алып, жақсы жүйрік атқа мініп, ит жүгіртіп, құс салып серілік етсек, қысы-жазы қымыз ішіп, қазы-қарта, жал-жая жесек мүмкін пайдасы болар деген ойға келіп сізден кеңес сұрап отырмыз", - депті. Сонда Шәді былай деп жауап қайтарады:

Бір сұрақ беріпсіздер сіздер бізге,
Берейік тапсақ жауап сөзіңізге.
Ағарар сақал мен шаш бейнет көріп,
Көрместік пайда болар көзіңізге.
Жігітке жиырма бес жас ақыры отыз,
Қырықта қылау депті кәрия сөзі.
Елуде көктем өтіп айналар күз,
Алпыста ақылы бүтін аң ауламас.
Атсам деп ойлап тұрар көрінсе көз.
Жетпіс жас қалайда да ерге еңбек,
Кетіріп бет ажарың бүгілер тіз.
Сексен жас оралмайтын қара қазан,
Немене айтып, айтпай тоқсан мен жүз.
Сарқылып аққан теңіз біткеннен соң,
Пайдасыз жал мен жая, қымыз бен қаз 54.

Сондай қартайған шағында ер жасын ой елегінен өткізіп, өзінің салиқалы ой-пікірін жыр жолдары арқылы беріп отырған ақындар қазақта аз болмаған. Солардың бірі Бұқар жырау:

Жиырма деген жасыңыз,
Ағып жатқан бұлақтай.
Отыз деген жасыңыз,
Жарға ойнаған лақтай.
Іырық деген жасыңыз,
Ерттеп қойған құр аттай.
Елу деген жасыңыз
О да бір көшкен ел екен.
Алпыс деген жасыңыз,
Қайғылы- мұңлы күн екен.
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен.
Тоқсан деген жасыңда,
Ажалдан басқа жоқ екен 55, 91.

деп жүз жасқа жетудің өзі де үлкен машақат екенін айтқаны бар.
Шәдінің көлемді шығармаларының қатарына "Россия патшалығында Романов нәсілінен хұқымранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы" атты тарихи реалистік поэмасы мен қазақ тарихына арналған "Тарихнама" деген көлемді тарихи шығармасы жатады. Екі шығарма да тарихи желіге құрылған.
Ақын Ресей туралы тарихи поэманы 1910 жылдары жазған. Шығарма ішінде Ресейді ежелден басқарып келе жатқан патшалар мен атақты қолбасшылардың өз халқы үшін істеген ерліктері кеңірек қамтылған. Шәдінің осы шығармасы 1912 жылы Орынборда кітап болып шығып, халық арасына кең тараған. Бұл туралы 1916 жылы көтерлісшілердің алдында сөйлеген сөзінде А.Имановтың: "Түркістан қаласынан шыққан ақын Ш.Жәңгіров бізге Россияның тарихын аударып берді, оны біз зор мақтанышпен оқимыз 37, 14," - дегені ойымызды нақтылай түседі.
Шәдінің қазақ тарихына арналған "Тарихнама" поэмасы екі үлкен тараудан тұрады. "Шыңғыс ханның тарихы" атты алғаш жартысы 32 тарудан тұрса, поэманың "Абылай хан тарихы" деген жартысы 22 тарауды құрайды. Шәдінің осы бумадағы үш қолжазбасының жалпы көлемі 31964 жол 37, 14.
Поэманың басында ежелде патшалық құрып, бұл күндері аттары аңызға айналған патшаларға тоқталады да Оғыз хан, Қара хан тарихтарын өрбітеді. Ру тайпалардың шыққаны, қазақтың үш жүзге бөлінгені жайлы жәйттерді келтіреді. Шығармадағы оқиға барысы бірінен соң бірі өрбіп, хандар өмірінен көп мәлімет береді. Шәдінің бүл шығарманы жазарда қандай дерекке сүйенгені жайлы Н.Келімбетов: "Мазмұнына, құрылысына қарағанда Шәді бұл дастанын Абулғазы Бахадурханның "Шежірей түрік" деген кітабының ықпалымен, соған еліктеп жазған сияқты. Сондай-ақ "Тарих-наманы" оқи отырып, Мұхаммед Юсуфты" "Тарихи Мухимханий"(ХҺІІІ ғ), алғашқы нұсқасын Нуриддин Ахунд Мулла Тархад Самарханди жазған "Тарихи Рақимий", Мунис Хорезмий мен оның жиені Мухаммедриза Агахий жазған "Фирдаве уа- иқбол" сияқты күрделі тарихи еңбектермен Ш.Жәңгіровтың жақсы таныс болғанын аңғару қиын емес 37, 14, -дегенді айтады.
Шәді поэманы" "Қазақтың үш жңзге бөлінгені" деген тарауында:

Ілгері рулардың хикаяты,
Шығарған Абулғазы тарих хаты, -

деп Абулғазының тарихымен таныс екенін аңғартады. Сондай-ақ Шәді поэма ішінде аты белгісіз "Рузата Сафа" деген кітапқа да сілтеме жасайды. Бұдан ақынның осы еңбекті жазарда біраз кітапты қарап шыққанын байқауға болады.

Шыңғыс хан өз күшімен шахлық еткен
Уақытында онша түрлі іс көрсеткен.
Хорасан, Иран, Тұран, Дешті қыпшақ,
Һүндістан, Қытайға шейін үкімі жеткен, -

деп, Шыңғыс ханның жасаған жорықтарына тоқталған. Шыңғыстың дүниеге қолына қан ұстап келгенінен-ақ, оның әлемді жаулайтынынан хабар береді:

Тамужин анасынан дүние енді,
Бір қолдың алақаны жұмулы еді.
Қатындар қызмет еткен қарағанда
Ішінде ұйып қалған бір қан көрді.

Шәдінің шығармасындағы Шыңғыс кейде әлемді жаулаушы қанішер ретінде берілсе, кейде әділдік жағымен де көзге түседі. Қағанның Отырарға шабуылды ұйымдастыруына себеп сол шаһардың ханы - Қайыр хан деп көрсетеді. Шығарманың желісі бойынша Қайыр ханның қабылдауында болған Шыңғыс ханның саудагерлерінің бірі Отырар ханының жасырын атын біліп, оны сол атымен шақырады. Осы жайға қаһарланған хан оларды жазалауға бұйрық береді. Осы шараға қатуланған Шыңғыс хан Отырарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ.Қараштың ізденіс жылдары
Ш.Жәңгіровтың мен Ғ.Қараштың өмірі мен шығармашылығы туралы
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала)
Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ. Қараштың ізденіс жылдары жайлы
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ.Қараштың ізденіс жылдары жайлы мәлімет
Шәді Жәңгірұлының ғұмырнамасы
Ш. Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығы
Әсет Найманбаев шығармашылығының көркемдігі
Мақыш қалтайұлы жайлы
Пәндер