Қазіргі заманауи технологияны бастауыш мектепте қолдану


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті
СРО №6
Пән: «Бастауыш білім беруде қазіргі педагогикалық технологиялар» пәні
Тақырыбы: Қазіргі заманауи технологияны бастауыш мектепте қолдану
Орындаған:Совет Назерке
Топ:П-305
Тексерген: Дуйсембекова Ш.
Семей 2015
Жоспар:
1. Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияны жүзеге асыру
2. Жаңа технологиялардың тиімділігі
3. Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін жұмыстар
4. Жаңа педагогикалық технологиядарды сабақта қолдану
5. Заманауи мектепте білім беруде оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
6. Білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. Бұған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел. Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты - тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты, жастарды тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.
Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Жалпы алғанда, жаңа технологиялардың 40 - астам түрлері бар.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр. Қысқаша осы технологияларға шолу жасайық.
Модульдік оқыту технологиясы
Модуль - белгілі бір жүйенің өзіндік бөлшегі (С. И. Ожегов) . Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі - тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, тұлғаның қажеттілігін қанағыттандыруға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы. Бұл технология тұлғаның даму ерекшеліктері туралы психологиялық ғылым мәліметтеріне, тұлғаның қызығушылық аясын дамытуға, тұлғаның танымдық құрылымын дамыту ерекшеліктеріне негізделген. Жаңа технологияның мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.
Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория - Л. С. Выготскийдің "оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы "актуалды даму" аймағынан жақын арадағы даму" аймағына ауысуы туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В. П. Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей - "міндетті, оқушылық", екінші - алгоритмдік, үшінші - эвристикалык, төртінші - шығармашылық.
Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа ұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар - әңгімелесуші-оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімелесуші-оқулық бойынша жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.
Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде “үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай істеуіміз қажет?” деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де оңды шешуі қарастырылған. Олар мыналар:
• барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;
• сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалім үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады.
Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат - сынып оқушыларын "қабілетті" және "қабілетсіз" деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан "оқушылық міндетті", яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаумен бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады. Мұндай есепке алу (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар кем дегенде "оқушылық" деңгейге сәйкес білімді толық меңгерді. Өйткені алғашқы деңгей тапсырмаларын толық және дұрыс орындамайынша олар келесі деңгейге көшпейді. "Міндетті" деңгейді толық меңгерген оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне өзінің сенімі артады.
Жалпы жаңа педагогикалық технологияда бағалау үрдісі арнайы "қосу" әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінде оқушы білімінің ең төменгі деңгейі негізге алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді. Дарындылығына, бейімділігіне, жоғары даму деңгейіне қарамастан оқушылардың барлығы бірінші деңгей тапсырмаларын дұрыс орындауы шарт. Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған тапсырмалар "есеп-зачетқа" алынып отырады. "Зачеттің" "екіліктен" айырмашылығы: бірінші деңгейдің "есепке алынбаған" тапсырмалары қашан "есепке алынғанша" міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді.
Өзін-өзі бағалау "қосу" әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай "екілік" аламын деп қорықпайды. Сөйтіп оқушыда жоғары ұпай жинауға деген талпыныс пайда болады. Ол дұрыс орындалған тапсырмалардың санына ғана тікелей тәуелді.
Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде калыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат: жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып отыр. Бұл жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі сол, олардың мазмұнын қысқа мерзімде ешқандай бейімдеусіз-ақ компьютерге кіргізуге болады екен. Себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.
Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтейік:
Ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.
Өзім қызмет жасайтын мектепте де жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивтік тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз.
Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2. Тіл байлығын дамытады;
3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
Бастауыш сынып үшін бұл білімнің мақсаттарын анықтатаудағы басымдылықтарының ауысуы: мектепте алғашқы сатыда білім алу мен тәрбиенің нәтижелерінің бірі ол - баланың заманауи компьютерлік технологияны меңгере отырып білім алуға дайын болуы.
Осыларды жүзеге асыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімінің тәжірибелік қызметінде балаларды үйрету үшін білім беру мен тәрбие жұмыстарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың қажеттілігі туындады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың бастауыш сыныптардың сабағында қоршаған ортадағы ақпараттық ағында бағдар таба білуге, электрондық-техникалық құралдар арқылы ақпарат алмасуға, қажетті ақпаратпен жұмыс жасай білу әдістерін үйренуге мүмкіндік береді. Бастауыш сыныпта АКТ қолдану сабақты біржақты түсіндіруден екі жақты байланыс арқылы түсіндіруге ауысады. Бұнда оқушы оқу үрдісіне белсенді қатысу арқылы берілген материалдарды оңай меңгеруге мүмкіндік алады. Балалар «сабақты түсіну қиын деген» ойларынан оңай арылады. Бастауыш сыныпта АКТ қолдану мынадай мүмкіндіктер береді:
• оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға;
• сабақты жоғары эстетикалық дәрежеде өткізуге (әуен, анимация) ;
• әр оқушыға түрлі деңгейдегі тапсырмалар бере отырып әрқайсысымен жекелей жұмыс жасау.
Осылайша, заманауи мектепте білім беруде оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі күн мұғалімі өзі беретін пәні бойынша АКТ қолдана отырып сабақ дайындап оны өткізе білуі тиіс. АКТ қолдануымен өткізілетін сабақ бұл - түсті бояудағы көрнекі, ақпаратты, интерактивті, оқушы мен мұғалімнің уақытын үнемдейді, балаға өз жылдамдығында жұмыс жасауға мүмкіндік беретін, әр оқушымен жеке жұмыс жасауға ыңғайлы, білім сапасы мен нәтижесін жылдам және толық бағалауға да мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бастауыш сыныпта қазіргі ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқушылардың білімді сапалы да шығармашылық деңгейде қабылдауларына мүмкіндік берумен қатар, олардың білімді енжар қабылдаушы ролінен осы үрдістің белсенді субъектісіне айналуына да қолайлы жағдай туғызады.
Бұл мәселені шешудің негізгі мақсаты білім беру үрдісін жетілдіру, бірыңғай білім беру ортасын құру, білім беру сапасын арттыру. Ол үшін мыналар қажетті:
• әр түрлі пәндік салаларды интеграциялау;
• пәнді оқытудың дәстүрлі жүйесін модернизациялау;
• білім беру ресурстарын жинақтау;
• мұғалімнің заманауи ақпараттық технологияларды игеруі;
• тұлғалық-бағытталған оқутуды ұйымдастыру;
• оқушы мен мұғалім, мұғалім мен мұғалім арасында шығармашылық өзара байланыс.
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі мәселелер шешілуі тиіс:
• оқушыларда заманауи ақпараттық технологиялар кеңістігінде бағыт-бағдар таба білу дағдыларының дамуы;
• жүйелі-талдап ойлай білетін адамдарды тәрбиелеу;
• оқушылар мен мұғалімнің шығармашылық бірлесіп жұмыс жасауына жағдай қалыптастыру және дамыту;
• оқушыларда компьютерге деген танымдық құрал ретіндегі көзқарасты қалыптастыру;
• білім беру қызметінің барлық бағыттары мен формаларында АКТ қолдана білу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz