Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы мәлімет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРЛІ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
«Сала экономикасы» пәнінен
ОӨЖ
Тақырыбы: Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау
Орындаған: Кәрібаев Мерей
Оқу тобы: ТЭ-215
Тексерген: аға оқытушы Нуралина К. Т.
Семей, 2015
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Еліміздегі және ТМД елдерінің ең төменгі жалақ мөлшері 4
2 Күнкөріс минимумының кейбір көрсеткіштері 5
Қорытынды 7
Пайдаланылған әдебиеттер 8
КіріспеТұтыну қоржыны - елде қалыптасқан нақты жағдайлар мен ерекшеліктерді басшылыққа ала отырып, белгілі бір уақыт бөлігінде адамның нақты атқарымдық қажеттерін қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтердің ғылыми тұрғыда негізделіп, теңдестірілген жиынтығы. Ол адамның немесе отбасының тамаққа: нан мен нан тағамдарына, ет пен ет тағамдарына, сүт пен сүт тағамдарына, жұмыртқаға, балық пен балық тағамдарына, картопқа, көкөніске, жеміс пен жидекке, өсімдік майы мен маргаринге, қант пен кондитер тағамдарына, басқа да азық-түлікке; киім-кешекке, ішкиімге, аяқ киімге; дәрі-дәрмекке, санитария мен тазалық заттарына; жиһазға, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық заттарына; тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге; тұрмыстық қызметтерге, көлікке, байланысқа; балаларды мектеп жасына дейінгі мекемелерде тәрбиелеуге жұмсайтын шығынының негізгі баптары бойынша қалыптасады. Оның құрылымы мен құрамы әлеум. -экон. дамуды, тұтыну нормасындағы өзгерістерді ескере отырып, кем дегенде бес жылда бір рет қайта қаралып отырады.
Күнкөріс минимумы дегеніміздің не екенін бір рет еске түсірейік. 1999 жылғы 16 қарашада қабылданған “Күнкөріс минимумы туралы” Қазақстан Республикасының Заңында оның “мөлшері жағынан ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең бір адамға шаққандағы ең аз ақшалай табыс” екендігі атап көрсетілген. Қаржы-экономикалық сөздікте “адамның тіршілік қарекетін қолдау және оның жұмыс күшін қалпына келтіру үшін қажет ақшалай қаражаттың ең төмен деңгейі (минимумы) ” екендігі келтірілген. Күнкөріс минимумын анықтау әдістемесі бүкіл отбасының немесе бір қызметкердің шығыны мен табысының теңгерімі болып табылатын тұтыну бюджетін (күнкөріс минимумының бюджетін) құрауға негізделеді. Жоғарыдағы заң бұдан әрі “Күнкөріс минимумының мөлшерін статистика жөніндегі уәкілетті орган және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ең төменгі азық-түлік емес тауарлар мен қызмет шығындарының бекітілген үлесі қосылған ең төменгі азық-түлік қоржынының құнына қарай есептеп шығаратынын” мағлұм етеді.
1 Еліміздегі және ТМД елдерінің ең төменгі жалақ мөлшеріҚазАқпарат - 2014 жылдан бастап еліміздегі ең төменгі жалақы 19 966 теңгені құрайтын болады. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.
Заң жобасында қарастырылғандай, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жалақының ең төменгі мөлшері 19 мың 966 теңге шамасында қаралып отыр. Сондай-ақ, келер жылдан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 9 мың 983 теңгені құрайды, ал зейнетақының ең төменгі мөлшері 20 мың 782 теңге шамасында көзделген.
Бұдан бөлек, заң жобасына сәйкес, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сонымен бірге айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш 1 мың 852 теңге шамасында нақтыланып отыр. Ал базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 19 мың 966 теңге болып бекітілген.
Қазақстанда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі қызметкерлерінде, деп хабарлайды «Қазақпарат».
ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2014 жылғы маусымдағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 124780 теңгені құрады.
Бұл ретте атаулы жалақы индексі 2013 жылғы маусымға 113, 5 пайызды, ал нақты жалақы индексі 106 пайызды құрап отыр.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында болып, ол 243, 3 мың теңгені құраған, бұл орташа республикалық деңгейден 1, 9 есеге артық. Ал кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтегі жалақы - 224, 0 мың теңге (1, 8 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде - 201, 4 мың теңге (1, 6 есе) белгіленген.
Сонымен бір мезгілде, ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленіп, ол 69, 2 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 44, 5 пайызға төмен.
«Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында белгіленіп, бұл 222, 4 мың теңгеге жетті және бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден шамамен 1, 8 есеге асады. Ал Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 85, 8 мың теңгені құрап, ел бойынша орташа деңгейден 31, 2 пайызға төмен болып отыр», делінген баспасөз баянында.
Еңбекақының ең төменгі мөлшерінің критерийінің екі тәсілдері бар. Біріншісі - бұл азық - түлікке, киімге, тұрғын үйге, білімге, медициналық қызметке, қарым - қатынас арқылы жалпы мәдени деңгейін сақтауға, белгілі бір қызметтерді қолдануға (көлік, байланыс және т. с. с. ) және т. б. жұмыс істейтін отбасыларының негізгі қажеттіліктерінен шыға отырып оның есебі. Осы мақсаттарда мемлекет «тұтынушылық себетін» құрастырады, олардың құндың мәні анықталады, еңбекақының ең төменгі мөлшерінің критериясының қызметін атқаратын ең төменгі тұтынушылық бюджет немесе ең төменгі күнкөріс деңгейі бекітіледі.
Достастық мемлекеттерінде еңбекақының ең төменгі мөлшерін есептеу үшін ең төменгі тұтынушылық бюджет немесе күнкөріс деңгей критерийі қолданады.
Бүгінгі таңда Достастық мемлекеттерде есептелетін күнкөріс деңгейі (ең төменгі тұтынушылық бюджет) еңбекақының ең төменгі мөлшерін анықтауда критерий болып табылады. Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украинадағы еңбек заңдылықтарында айлық еңбекақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің ең төменгі деңгейінен төмен болу мүмкін еместігі анық айтылған. Дегенмен кепілдіктер болғанымен ТМД елдерінің көбісінде осы қатынас сақталмайды. 2009 жылғы 1 қаңтарға тек Қазақстанда ғана еңбекақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейіне жетті, сондай - ақ 2008 жылғы инфляция есебімен оның мөлшеріне индексация қажет, әйтпесе 2009 жылы ол күнкөріс деңгейінен төмен болады. Әзірбайжанда, Белоруссияда, Ресейде, Украинада оның мөлшері еңбекке жарамды адамның күнкөріс деңгейінен 80% - 90% құрады, ал Қырғызстанда және Молдавияда сәйкесінше 8% және 46%. Яғни бүгінгі таңда бекітілген еңбекақының ең төменгі мөлшерін көп мемлекеттерде қызметкерлердің физиологиялқ өмір сүруін қамтамасыз етпейді.
Егер еңбекақының ең төменгі мөлшері мен орташа еңбекақының мөлшерінің үлес салмағын есептегенде, онда 2008 жылғы желтоқсанда ол келесідей болар еді: Әзірбайжанда - 25, Арменияда - 21, Белоруссияда - 23, Қазақстанда - 19, Қырғыстанда - 5, Молдавияда - 20, Ресейде - 22, Тәжікстанда - 18, Украинада - 30 пайыз. Бірақ осы пайыздар қызметкер осы қаражаттарға өмір сүре, отбасын қамтамсыз ете алады ма деген сұрақтарға жауап бермейді. Егер пайызды көбейтсек те осы сұрақ жауап бере алмаймыз. Көрсетілген пайыздың көбейту қажеттігі туралы кәсіподақтарда дәлелдері жоқ.
2 Күнкөріс минимумының кейбір көрсеткіштеріСтатистика агенттігінің 2010 жылдың қыркүйек айының басындағы мәліметіне сәйкес, Қазақстанда макроэкономиканың халықтың тұрмыстық жағдайын білдіретін басты көрсеткіштерінің бірі - күнкөріс минимумының көлемі тамызда шілде айына қарағанда, 6, 1 пайызға өсіп, яғни 838 теңгеге көтеріліп, 14 587 теңгеге жетті. Ал осы көрсеткішті 2009 жылғы тамыздағы мөлшермен салыстырсақ, оның 7, 5 пайызға артқаны байқалады.
Статистика агенттігінің тамыз айындағы мәліметі бойынша, тұрғындардың азық-түлік тауарларын сатып алу шығынының құрылымы мынадай бөлініске түскен (пайыз есебімен) : ет және балық - 18, 5; сүт, майлы тағамдар мен жұмыртқа - 14, 2; жеміс-жидек пен көкөніс - 16, 8; нан өнімдері мен жарма өнімдері - 7, 9%; қант, шәй және дәмдеуіштер - 2, 6. Осы бөліністі одан әрі жалғастырып, күнкөріс минимумының мөлшерін тұрғындардың әртүрлі жас-жыныстық топтарына қарай бөлшектеп көрсетсек, ол мынадай көрініске ие болады (теңге есебімен) : 0-13 жастардағы балалар - 12 908; 14-17 жастардағы жасөспірімдер (ұлдар) - 18 177; 14-17 жастардағы жасөспірімдер (қыздар) - 13 880; жастары 18-ден жоғары еңбекке жарамды тұрғындар (ерлер) - 17 139; жастары 18-ден жоғары еңбекке жарамды тұрғындар (әйелдер) - 13 594; зейнеткерлер мен егде жастағы кісілер - 13 442. Бұдан шығатын қорытынды: біздің елімізде еңбек ететін жастағы кісілерден гөрі жасөспірімдер, әйелдерден гөрі ер кісілер күнкөріске көбірек шығынды алатын көрінеді.
Күнкөріс минимумының жылдан-жылға, айдан-айға ұлғайып келе жатқанын да айтуымыз керек. Республикада 2000 жылы оның мөлшері жан басына шаққанда 4 945 теңге болған екен. Келесі 2001 жылы 5 655 теңгеге көтерілді. Содан кейінгі 2002-2004 жылдары ол 6 мың теңгенің (6 003, 6 457, 6 785) ауқымынан шыға алмай қойды. Алайда, аздап болса да өсім бар екені байқалды. Ал 2005 жылы 7 618 теңге болып, келесі мыңдықтың белесінен асқан мөлшер 2006 жылы 8 410 теңгеге табан тіреді. Содан соңғы 2007 жылы минимум мезіреті 9 653 теңгеге тұрақтады. Сосын келесі 2008 жылы бірден 3 мың теңгеге жуық өсім жасалды да, ол сол деңгейде екі жылдай тұрып қалды. Әдепкіде 12 364 теңге болған көрсеткіш 2009 жылы болар-болмас қана үлес алып, 12 660 теңге тарапынан аса алмады. Сондықтан биылғы өсімді тағы бір сілкініс ретінде қабылдауға әбден болады.
Қазіргі 14 587 теңге мөлшері де бірден бола салған жоқ. Бұл үшін биылғы 2010 жылдың басында, қаңтар айында күнкөріс минимумының 12 141 теңге болып тұрғанын айтсақ та жеткілікті. Сол тұста тіпті соның алдындағы жылдан төмен қарай құлдырап кету үрдісі де байқалған еді. Тек ақпан айында ғана 12 438 мың теңгеге қайта көтеріліп, 2008 жылдың деңгейінен аса алдық. Ал наурызда 12 713 теңгемен былтырғы мөлшерден озуға айналдық. Расында бұл өрлеудің басы болды. Соның нәтижесінде сәуір айында - 12 891, мамырда - 13 073, маусымда 13 965 теңге өлшемдерінен өттік. Бірақ шілде айы тағы төмен түсудің түрін танытты - бұл кезде көрсеткіш 13 743 теңге болып шыға келді.
Әдетте күнкөріс минимумын анықтау үш мақсат үшін жасалады. Ол арқылы біз, біріншіден, тіршілік ету жағдайының бағасын біліп, кедейліктің соңғы шегін анықтаймыз, екіншіден, әлеуметтік саясаттың бағыттарын айқындап алып, тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды жүзеге асырамыз, үшіншіден, бекітілетін ең төменгі айлық жалақының, зейнетақының, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдердің мөлшерін негіздеп аламыз. Ал ең төменгі айлық жалақы мен ең төменгі зейнетақының көлемі жыл сайын оларды күнкөріс минимумының мөлшеріне дейін сатылап жеткізу ұстанымы ескеріле келе, сол кездегі күнкөріс минимумының негізінде заң актілерімен бекітіліп отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz