Түлкі өсіру


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Түлкі өсіру

Орындаған:Нурсеитова а

Тексерген:тугамбаева с. м

семей 2015

Жоспар:

1. 1 Түлкіге жалпы сипаттама, пайда болуы, таралуы

  1. Тұқымдық істің ерекшеліктері
  2. Жыныс мүшелерінің маусымдық өзгеруі
  3. Түлкілердің көбеюі
  4. Түлкі кұшігін өсіру
  5. Әдебиеттер

І. ТҮЛКІ ӨСІРУ

1. 1 Түлкіге жалпы сипаттама, пайда болуы, және таралуы.

Ең алғаш жабайы бағалы терілі аңдар арасынан ең алғаш түлкіні өсірді. ΧVIII ғасырдың өзінде Ресейдің солтүстігінде аңдарды асырап өсіру тарала бастады. Аңшылар 1-2 айлық түлкінің төлдерін апанынан алып, оларды үйде, керек кезде сойғанға дейін өсіріп, ұстаған. ХІХ ғасырдың ортасынан адамдар түлкілер мен ақтүлкілерді клеткада өсіріп, олардан ұрпақ алуды үйренді.

Түлкі (Vulpes) - C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Загрузки\lisa_lisica_foto_04.jpg

ит тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Тұмсығы сүйір, құлағы тік, үшкір, құйрығы ұзын. Антарктикадан басқа барлық материкте 6 (кейбір деректер бойынша) 7) түрі таралған. СССР-де 3 түрі: кәдімгі қызыл түлкі, қарсақ және ауған түлкісі белгілі.

Бірақ кәсіптік түлкі өсіріу Совет үкіметі кезінде ғана дами бастады. Алғашқы түлкі фермалары КСРО кезінде 1927 жылы пайда болды. Табиғатта көбіне қызыл түлкі кең тараған. Одан басқа қара, қара-қоңыр, қара-сұр және аралық формалары: сиводушки и бастарды.

Барлық түлкілердің айрықша белгілері - құйрығының ұшының ақ болуында.

Көбіне қара-сұр түлкінің түрін өсіру кең таралған. Олар ұзақ уақыт торда, қамауда өсірілгеніне қарамастан, өздерінің табиғи жабайылығын - адамға агрессивтілігін және адамның шақыруына әлсіз жауап қайтару қасиеттерін сақтаған.

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Загрузки\1310_1423639450.jpg

Ең ірісі кәдімгі қызыл түлкінің дене тұрқы 60-90 см, құйрығы - 40-60 см, Жыныстық жетілу түлкілерде 9-11 айларында жетіледі, өнім өңдеуде 5-7 жылдық түлкілер қолданылады, өмір сүру ұзақтығы - 10-12 жас. Ұрғашы түлкілер, орта есеппен, 4-5 кей кездері 14 күшікке дейін табады. Түлкілерге жыныстық диморфизм тән: ұрғашылардың дене ұзындығы кем дегенде (63-73см), еркек түлкілерде (66-76см), таза массасы 5, 0-6, 5кг және 5, 5-7, 5 кг.

Қазақстанда Алматы, Жамбыл, Шымкент, Семей, Орал, Гурьев облыстарының шөл, шөлейт және далаларында қызыл түлкі кездеседі. Түлкі су бойындағы тоғайда, секскеуіл тоғайларында, орманда мекендейді. Сай, жыралардың, қыраттың беткейлерінде ін қазады, күндіз ініде жатады, түнде қорек аулайды. Зиянды кемірушілерді жеп ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Аң өсіруші шаруашылықтарда терісі өте бағалы (күміс, қара, сұр, ақ) түлкілер қолдан өсіріледі.

1. 2 Тұқымдық істің ерекшеліктері

Тұқымдық іс ұрғашы түлкілердің ұрығын жақсарту, аңдардың таза массасын көбейту, негізгі табынның және күшіктің өмір сүру деңгейін жоғарылату, мамықтану сапасы және түсінің анықтылығын арттыру үшін жүргізіледі.

Фермер өзінің тұқымдық жұмысында фактілік селекция жүргізетін шарушылық маңызы бар қасиеттегі табынның параметрлеріне ие болу керек және олардың арасынан ең жақсыларын «Бағалы терілі аңдарды бағалау бойынша нұсқау» бойынша таңдап алу.

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Загрузки\1351702163_lisnoe-hozyaystvo-11.jpg

Тұқымдыққа үлкен көлемді, мықты, шымыр денелі, құйымшағы мен омыртқа денесі шығыңқы емес, кең көкіректі, қысқатұмсықты және жалпақмаңдайлы, 90-100%-ті сұр түсті, біркелкі, орта биіктіктегі, жалы жоқ, қалың түк жамылғысы, цилиндр пішіндес құйрықты, қара қылшықпен басталып, ақ құйрық ұшымен бітеді.

Құйрығының мамықтануының сапасы түлкінің жалпы мамықтануының сапасын көрсетеді.

Күміс түлкінің арқасын біркелкі және тығыз жауып, екі жақ бүйірі, жаясы, табанында маска және мойынында көрінуі керек. C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Загрузки\1365989254_chernoburka.jpg

Зор денелі аналық пен аталықтан дене көлемі бойынша басқалардын үлкендеу күшіктер алуға болады.

Тұқымдықта жүн жамылғысы жұқа, әлсіз, жіңішке аңдарды қалдыруға болмайды, себебі, ондай шаш терінің өңін бұзады, әсіресе түлкінің жаясының маңында. Мұндай жүн жамылғысы бар аңдар толық жетілмеген, коститутциясы әлсіз болады.

1. 3 Жыныс мүшелерінің мезгілдік өзгеруі

Түлкілердің жыныс мүшелері жастық және мезгілдік өзгерістерге бейімделген.

Аталық жыныс мүшелері жұмалақтан және олардың өсінділерінен, жыныс бездерінің қосымшаларынан, ұрық шашатын жолдан, аталық жыныс мүшесінен, ал аналықта - жұмыртқалықтан, жұмыртқа жолынан, жатырдан, қынаптан және сыртқы жыныс мүшелерінен тұрады.

Жыныстық толысу түлкінің күшіктерінде 9-11 айлығында жетіледі.

Түлкілердің биологиялық ерекшеліктері ол - жыныс жасушаларының жылына бір рет жетілуі. Түлкілердің өндірістік уақыты маусыдық уақытпен сәйкес келеді.

Ересек түлкілерде наурыздың соңынан тамызға дейін аталық жыныс мүшелері пассивті болады. Тамыздың аяғынан қыркүйекке дейін ересек және жас аналықтардың жұмыртқалықтарында өзгерістер пайда бола бастайды. Желтоқсанда - қаңтардың басында жұмыртқалықтарда жұмыртқа жаушаларының өсуі және жетілуі(фолликулада) .

Түлкілерде өздігінен овуляция кезінде болатын фолликулдың жарылатын жерде сары дене протестерон гормонын шығарады. Түлкілерде сары дене жалаңаш көзбен көрінеді, сары денемен жалған буаздығын айыра алады. Жалған сары денелер 16-20 күнде күшіктеген соң сорылады, ал сары дене қараша аяғында буаздығы жоғалады.

Жұмыртқа жасушалары жұмыртқа жолына 2-3 күнде шығады. Күйлеу ұзақтығы түлкілерде мінезімен байланысты жұмыртқа жасушасының жетілуі 7-11 күнге созылады.

Күйлеу кезінде жұмыртқалық пен қынап қатты өзгерістер болады, фолликула мен оның овуляциясының бөліктерінің жетілуімен алып жүреді. Қынаптың өзгеруімен оның шеткі бөліктері іседі - жыныстық ілмек. Күйлеу аңшылық пен овуляция бітеді, бұл кезде аналық аталықты қабылдайды, аңшылық 2-3 күнге созылады. Аңшылық біткен соң, тынығу уақыты басталады, ал жұмыртқалық көлемі бойынша кішірейеді және аналық жыныс мүшесі ақырындап өз қалпына келеді.

Аталықтардың жыныс мүшесі аналықтарының жыныс мүшелері сияқты мезгілдік және жастық өзгерістерге ұшырайды және күйлеу кезінде толық жетіледі. Жас аталықтарда үлкендерімен салыстырғанда, жыныстық жетілу 10-15 күнге кешігеді.

Күйлеу кезеңінің басында аталық тұқымдығы және қуықалды безі өздерінің дамуын тоқтатып, аталық толық өндіруші бола бастайды. Шәуетшығарушы аталықтарда тез қалпына келеді, аталықтар бір күнде екі рет жұпталып, бір күйлеуде бір аталық 25 аналықты ұрықтандыра алады.

Күйлеу аяғында шәуетінде патологиялық сперматозоидтар болғандықтан аталықтарының жыныстық әрекетінің белсенділігі азаюына байланысты, кей аналықтар қысыр болып қалуы мүмкін.

1. 4 Түлкілердің көбеюі

Күйлеуге дайындық қазан айында болады да, қаңтардың алғашқы бөлігінде бітеді. Күйлеу басында үлгілердің барлығы толтырылып, өндірістік журнал, жұптардың таңдауларының өндірілуі, комплексті ветеринарлық шаралар орындалған(желтоқсанда), торлары жөнделген, олардың дезинфекциясы жасалған.

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Загрузки\2fab54712aee.jpg

Тұқымдық күшікті күйлеуге дайындауға көп көңіл бөледі. Түлкілердің жетіспейтін семіздігінен күйлеу басында нашар күшіктеп, сүтінің аз болуы мүмкін . Күйлеу басында аналықтар 5, 5-6, 0 кг, аталықтар - 6, 5-7, 0 кг болуы керек.

Торда жарықтың аз болуы түлкінің ұрықтануында қателіктер туғызады және эмбриондарының бірінші сатыда сорылады, сондықтан жарықты көбейту үшін торларды және олардың араларын қарлардан тазалау керек.

Аналықтарда ұрықтанудың бірнеше кезеңдерге бөледі, сондықтан сыртқы жыныс мүшелері және ұсталынған түлкілердің жұбы өзгереді. Ұрықтану кезеңдері баллмен бағаланады:

  • Баға «1 балл» сыртқы жыныс мүшесі «тазаланады» және жақсы қаралады.
  • Баға «2 балл» сыртқы жыныс мүшесі ісініп, қолмен байқағанда тығыз болады және түсі ақшыл-қызыл болады, домалақтанады.
  • Баға «3 балл» сыртқы жыныс мүшесі жұмсарады, қара түске ауысады, жоғарғы жағында сілекейлі заттар бөлінеді. 2-3 күннен соң сыртқы жыныс мүшесі «3 баллдан» көлемі бойынша кішірейеді де, өз қалпына келеді.

Мінезі мен тәртібіне байланысты қаңтар айының ортасында ақырғы рет жұптарды отырғызады және олардың әрекеттерін байқайды.

1. 5 Түлкі күшігін өсіру

Күшіктеуге екі ай қалғанда, үйшіктерін жылытуды аяқтайды. Үйшіктің есігін дәнекерлейтін шаммен (паяльная лампа) дезинфекциялайды және аналықтың күшіктенуінің алдында ашық болады.

Бұл кезеңдерде аналықтың қоректенуін, үлкен дәретін, аңдарда қар немесе мұздың бар-жоқтығын бақылап жүреді, ал жылу түскенде - суды. Түсіктің белгілерін (қанды бөлінулер, үйшік ішінде қанның болуы, эмбриондарының қалдықтары) байқаған жағдайда аңның барлық жерлерін тексеріп, қарап, болған жағдайды өндірістік журналына белгілейді. Түсіктердің білінуі келесіде осы аналықтардың брактанғанын білу өте маңызды.

Сұр-қара түлкілердің көбі 52-53 күнде күшіктейді. Ерте күшіктеген жағдайда (48-49-ншы күнінде) күшіктері ұсақ және өмірлік қабілеттері төмен болады. Егер, керісінше, ұзақ күшіктемей жүрсе, туу кезінде қиындықтар болады деп есептейді.

Аналықтар әдетте, түнгі уақытта күшіктейді, күшіктеу 1, 5-2, 0 сағатқа созылса - қалыпты жағдай деп саналады. Жаңа туған күшіктің орташа массасы 80-100гр. арасында ауысып отырады. Тым үлкен күшіктер толық емес ұрықтануда және мезгілінен асқан соң күшіктеуден болады.

C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Загрузки\wpid-dd4c5343f6e473ca43cec4f62260c42b.jpg

Күшіктер туу кезінде бірінен соң бірі 15-20 минут сайын туып жатады. Аналық күшіктерді қағанақтан босатады, оларды жалап, омырауына қарай жатқызды. Күшіктеу кезінде аналықтарының сүті бөлінеді, сондықтан бірінші туғандар күшіктеу аяқталғанға дейін сүт еме алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамық-үлбір шикізаттарының ассортименттері
Терісі бағалы аңдар
Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылықтың аңдары. Тиімді пайдалану және қорғау
Терісі бағалы аңдарды өсіру
Аңдар биологиясы
Шалқар көлі – тарих пен табиғат ескерткіші, туризм, демалыс және емдеу нысаны
Мамық жүнді аң терілерінің географиялық және мезгілдік өзгергіштігі
Терінің жүн-жабындысына сипаттама
Үлбір және үлбір шикізаттарын консервілеу әдістері
Темір жол көліктерімен жануарлардың барлық түрін тасымалдауда ветеринариялық -санитариялық бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz