Өнімнің өзіндік құнын төмендету, рентабельділікті арттыру әдістері, пайда


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:
« Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері »
Орындаған: Мұхтарбек Ә. Е
Топ: БТ-201
Тексерген: Нуралина К. Т.
Мазмұны
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Өнімдік өзіндік құнын төмендету
- Кәсіпорын рентабельділігі және оны арттыру
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Кәсіпорынның қызметінің нәтижесі әртүрлі көрсеткіштермен бағалануы мүмкін, атап айтсақ, өндірілген өнім көлемі, сату көлемі, пайда. Қаржылық немесе өндірістік нәтижені сипаттай отырып, аталған көрсеткіштер кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалауға қабілетті емес. Бұл, аталған көрсеткіштердің кәсіпорын қызметінің абсолюттік сипаттамасы болып табылатындығымен байланысты және олардың нәтижелілікті бағалау бойынша дұрыс интерпретациясы кәсіпорынға салынған қаражаттарды сипаттайтын басқа да көрсеткіштермен өзара байланысты жүзеге асырылуы мүмкін.
Өзіндік құн - өнім өңдіруге жіне өткізуге кеткен барлық шығындар. Өзіндік құнды төмендету арқылы қоғамның таза табысы, кәсіпорын пайдасы өседі. Өзіндік құнды барлық өнім бойынша, жеке оның түрлері, процестері, бөлшектері, бөлімшелер мен цехтер бойынша анықтауға болады.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету
Өнімнің өзіндік құны
- кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы. Шығындардың өндіріс үдерісімен байланысы тұрғысынан өнімнің цехтық, өндірістік және толық құны түрлеріне бөлінеді. Цехтық өзіндік құнда цехтарда өнім өндірумен байланысты шығындардың өзіндік құны қамтылады. Өндірістік өзіндік құнға цехтық өзіндік құн жалпы өнеркәсіпті басқарумен, ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құнды және өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындар және өнімді өндіруге қатысы жоқ басқа да шығындарды қамтиды. Ресурстарды үнемдеуге көптеген техникалық-экономикалық факторлар әсер етеді, олар ішкі өндірістік және өндірістен тысқары факторларға бөлінеді. Өндірістен тыс факторлар - кәсіпорын ықпал ете алмайтын факторлар. Оларға салықтар мен төлемдердің ставкалары, шикізаттың, материалдардың, машиналар мен жабдықтардың нарықтық бағасы, көлік тарифтері мен электр энергиясының тарифтері және басқалар жатады. Ішкі өндірістік факторлар - кәсіпорын тарапынан басқарылатын факторлар. Оларға өнімділігі жоғары техника мен прогрестік технологияны енгізу, өндірістің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы деңгейін арттыру, негізгі капиталды тиімді пайдалану, айналым қаражатының айналымдылығын жеделдету, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін арттыру, еңбек пен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру, т. б. жатады.
Кәсіпорынның шығындары өндіріс үдерісімен байланысының сипатына қарай негізгі және үстеме шығындарға, олардың жекелеген бұйымдардың өзіндік құнына жатқызылуы тәсіліне қарай тікелей және жанама шығындарға, өндірістің көлеміне қарай шартты-тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлінеді. Сондай-ақ шығындарды экономикалық мазмұнына жәнекалькуляцияның баптарына қарай да топтастыру қабылданған. Шығындардың экономикалық нышандары бастапқы, біртекті топтар болып келеді. Калькуляцияның баптары бойынша топтастыруда шығындардың орны мен мақсаты ескеріледі. Өнімнің өзіндік құны құрылымы әр түрлі.
Өнімнің өзіндік құны құрылымы деп - шығындардың жекелеген шығындардың өнім өндіріс ме өткізілуіне жұмсалған өндірістік шығындардың жалпы сомасындағы проценттік қатынасын түсінеміз. Ол үнемі қозғалыста болады, және оған келесі факторлар ықпал етеді:
- Кәсіпорын спецификасы (ерекшеліктері) . Бұдан келесіні бөлеміз: еңбексыйымдылықты кәсіпорындар (өнімнің өзіндік құнында еңбек ақының үлесі үлкен) ; материалдық сыйымдылықты (өнімнің өзіндік құнында материалдық шығындардың үлкен салмағы) ; қор сыйымдылықты (өнімнің өзіндік құнында амортизацияның үлесінің үлкен болуы) ; энергия сыйымдылықты (өнімнің өзіндік құнында отын мен энергияның үлкен үлес салмағы болуы) ;
- Ғылыми-техникалық прогресс жеделдетілуі. Бұл фактор өнімнің өзіндік құны құрылымына көпжоспарлы ықпал етеді. Бірақ негізгі ықпалдың маңыздылығы - осы фактордың әсерінен жанды еңбек үлесінің төмендеуінде, ал өнімнің өзіндік құнындағы затталған еңбектің үлесінің жоғарылауында болып табылады;
- Өндірістің шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау, құрамдасу мен диверсификациялау деңгейі;
- Кәсіпорынның географиялық орналауы;
- Банк несиесінің проценттік ставкасының өзгерісі мен инфляция;
Өнімнің өзіндік құны құрылымын келесі көрсеткіштер сипаттайды:
- Жанды және затталған еңбек арасындағы қатынас;
- Жеке элементтердің үлесі немесе толық шығындардағы баптар;
- Тұрақты және ауыспалы шығындар арасындағы, негізгі және үстеме шығындар арасындағы, өндірістік және коммерциялық шығындар арасындағы, тікелей және жанама шығындар арасындағы және т. б. қатынасы.
Кәсіпорында шығындар құрылымын жүйелі анықтап, талдау ең алдымен кәсіпорындағы шығындарды төмендету мақсатымен оларды басқару үшін өте маңызды болып табылады. Шығындар құрылымы оларды төмендету бойынша негізгі резервтерді анықтауға және кәсіпорында оларды жүзеге асыру үшін нақты шараларды өңдеуге мүмкіндік береді.
Өзіндік құнды төмендету арқылы қоғамның таза табысы, кәсіпорын пайдасы өседі. Әртүрлі кәсіпорындарда шығарылатын бірдей өнімнің өзіндік құны әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары болған өзіндік құн кәсіпорында өндірісі процесі нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді, басқалармен салыстырғанда.
Өзіндік құн келесі мақсаттарда қолданылады:
- Бағаны анықтау үшін
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттау үшін
- Менеджерлер оперативті шешім қабылдау үшін
Өзіндік құнды барлық өнім бойынша, жеке оның түрлері, процестері, бөлшектері, бөлімшелер мен цехтер бойынша анықтауға болады.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету - кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі ең басты міндеттердің бірі. Оның негізгі көздеріне:
- бір өнімге жұмсалатын шикізат, материалдар, отын және энергия шығынын төмендету;
- бір өнімге шаққандағы амортизациялық аударым шамасын азайту;
- әкімшілік бас-қарушылық шығындарын төмендету;
- бейөндірістік шығындар мен шығасыны барынша азайту жатады.
Бухгалтерлік және экономикалық шығын түрлеріне де бөлінеді. Бухгалтерлік шығындарда тек көзге көрінетін шығындар, яғни тұтынылатын ресурстар үшін төленетін төлемдер қамтылады. Экономикалық шығындар көзге көрінетін (бухгалтерлік) шығындар мен көзге көрінбейтін (сатып алуға жатпайтын) ресурстардың құнынан құралады.
Кәсіпорын рентабельділігі және оны арттыру.
Пайда, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелігінің ең маңызды көрсеткіші бола тұра, оның тиімділігі туралы толық көріністі бермейді, себебі жұмсалып жатқан ресурстардың шамасын ескермейді. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің тиімділігін рентабельділіктің көрсеткіштері жүйесімен бағалайды.
Өндірістің рентабельділігі - өнеркәсіп кәсіпорындарының, соның ішінде мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс тиімділігінің ең маңызды қорытушы көрсеткіші. Кәсіпорынның іс-әрекетін рентабельділік көрсеткіші бойынша бағалау өнімді өткізу көлемінің артуымен қатар оның ұжымын материалдық сыйақылаудың негізіне жатқызылады. Өндірістің рентабельділік көрсеткішін белгілеудің негізінде кәсіпорынның пайдасы жатыр.
Пайда - материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға мүмкіндік береді.
Рентабельділік көрсеткіштерінің жүйесіне келесілер кіреді:
• кәсіпорын активтерінің рентабельділігі;
• меншікті капиталдың рентабельділігі;
• сатулардың рентабельділігі (өткізу) ;
• өндірістің рентабельділігі;
• өнімнің рентабельділігі.
Жалпы алғанда рентабельділік пайданың 100-ге (%) көбейтілген іс-әрекеттің белгілі бір нәтижесін көрсететін өлшегішке (көрсеткішке) қатынасымен белгіленеді:
R = П / У · 100,
мұндағы, У - көрсеткіштің деңгейі.
Нақты мақсаттарға байланысты рентабельділік баланстық, таза және үлестірілмеген пайда бойынша белгіленеді. Активтердің рентабельділігі баланстық және таза пайда бойынша белгіленеді:
R а = П б / А · 100
Немесе
R а = П ч / А · 100,
мұндағы, П б мен П ч - соған сәйкес баланстық және таза пайда, теңге.
А - кәсіпорын активтерінің шамасы (жылдың басына немесе соңына қатысты, немесе ортажылдық), теңге.
Активтердің рентабельділігі активтерге салынған капитал теңгесіне қатысты алынған баланстық пайданың пайызын немесе активтер теңгесіне есептегенде кәсіпорында қалатын таза пайданың пайызын сипаттайды.
Меншікті капиталдың рентабельділігі кәсіпорынның соған меншіктенушілердің салған әр теңгесінен қанша пайдаға ие болатынын көрсетеді:
R ск = П нр / К с · 100
Немесе
R ск = П ч / К с · 100,
мұндағы, П нр - кәсіпорынның үлестірілмеген пайдасы;
К с - кәсіпорынның меншікті капиталы.
Сатулардың (өткізудің) рентабельділігі кәсіпорынның өнімді сатудан түскен әр теңгеден алатын пайданың пайызын сипаттайды:
R р = П б / В р · 100,
мұндағы, В р - өнімді сатудан түскен түсім (ҚҚС мен кедендік бажсыз) .
Өндірістің рентабельділігі - бұл баланстық пайданың негізгі қорлардың (НҚ) және айналымдағы қаражаттардың (АҚ) орташа жылдық құнының қосындысына қатынасы:
R пр = П б / (ОФ + ОС) · 100
Өнімнің рентабельділігі баланстық пайданың өнімді өндіруге жұмсалатын шығындарға қатынасы ретінде белгіленеді:
R прод = П б / З · 100
Рентабельді өндірістің шекараларын белгілеу үшін оңтайлық табалдырығының анықтамасын қолданумен, өткізуден түскен түсімді қосынды, сондай-ақ айнымалы және тұрақты шығындармен салыстыруды қолданады.
Рентабельділік табалдырығы - бұл өздері орын алған жағдайда кәсіпорын не пайдаға, не шығынға ие болмайтын, б. а. өнімді сатудан түскен түсім тек шығындардың орнын ғана толтыратындай болатын өнім өндірісі (бұрғылау, өндіру, көліктің, өңдеудің көлемі) мен сатудан түскен пайда. Өнім өндірісін бұдан әрі көбейту кәсіпорынды оңтайлы етіп, азайту - шығынды етеді. Рентабельділік табалдырығы:
ПР = З пост : (В р - З пер ) / В р
мұндағы, З пост , З пер - өнім өндіруге жұмсалатын шығындардың тұрақты және айнымалы бөліктері (мұнай өндірісінде шамамен соған сәйкес 65% және 35%) .
Тіркелген ренталық төлемдер есептік рентабельділігі сала табыстылығының орташа деңгейінен асатын жекелеген кәсіпорындардың есептік рентабельділігін реттеу мен теңестіруге арналған. Мысалы, мұнай немесе газ қоры үлкен, олардың орналасуы мен пайдалану жағдайлары жақсы болып келетін, өнімділігі жоғары ұңғымалары бар кеніштерді игеріп жатқан кәсіпорындар осындай болып келеді. Оларда басқа кәсіпорындармен салыстырғанда үлкен қосымша пайда құрылады. Тіркелген ренталық төлемдер жүйесі кезінде кәсіпорынның табысы мемлекеттің пайдасына алынады, бұл саланың барлық кәсіпорындарын бірдей экономикалық жағдайларға қояды. Мұнай өнеркәсібінде бұл төлемдер мұнайдың әрбір 1 тоннасынан тұрақты сомалармен ескерілген. Мысалы, жылына мұнайдың 1002 мың тоннасын өткізу және 1 тоннадан алынатын ренталық төлем 2 теңгеден болған жағдайда тіркелген төлемдердің жалпы сомасы 2004 мың теңгені құрайтын болады. Банкілік несиеге қатысты пайыздардың төлемдері кәсіпорынның несиелерге деген қажеттеріне және мемлекеттің соларды пайдалануға қатысты белгілеген мөлшерлемелеріне негізделумен жоспарланады.
Жоспарлау кезінде жалпы және есептік рентабельділік есептеледі.
Өндірістің жалпы рентабельділігінің деңгейі (Р об ) келесі формула бойынша белгіленеді (%) :
Р об = П б / А · 100,
мұндағы, П б - баланстық пайданың сомасы, теңге; А - өндірістік қорлардың орташа жылдық бағасы (теңге), ол негізгі өндірістік қорлардың және нормаланатын айналымдық қаражаттардың (банкпен несиелендірілмеген) орташа жылдық бағасына тең.
Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық бағасын бастапқы баға бойынша жоспарланып отырған жылдың басына қатысты сомаға немесе жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізіліп жатқан және сатып алынып жатқан негізгі өндірістік қорларды қайта бағалаудан кейінгі құнына, орташа жылдық құнына негізделумен сол уақыт ішінде қолданыстан шығып жатқан негізгі құралдардың ораташ жылдық бағасын шегерумен белгілейді. Нормаланатын айналымдық құралдардың орташа жылдық бағасын жоспарланып отырған жылдың басы мен соңына қатысты айналымдық қаражаттар сомасының жартысын және жылдың қалған айларының алғашқы күніне арнап ескерілген нормаланатын айналымдық қаражаттар сомасының жартысын он екіге бөлумен белгілейді.
Есептік рентабельділік Р р сонымен қатар есептік пайданың П р өндірістік қорлардың орташа жылдық бағасына қатынасы ретінде пайыздармен белгіленеді: Р р = П р / А · 100.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz