Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектері туралы ақпарат
I. КІРІСПЕ
II. ҚАЙЫМНЫҢ ӘДЕБИЕТ ТАРИХЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
2.1. Қ. Мұхамедхановтың әдебиет тарихына қосқан үлесі
2.2.Қ. Мұхамедханов . Абай дәстүрін жалғастырушы
III. ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
3.1. Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
3.2. Абай шығармаларының текстологиясы.
IV. ТҰЖЫРЫМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Әркімнің пешенесіне жазылған мөлшерлі ғұмыры бар. Пенделік пайымдау бойынша бұл — әліптік ақиқат. Осы негізден шығарсақ, Қайым Мұхаметханұлының ғұмыры сексен сегіз жылды қамтыды. Осы санаттағы ажалсыз "Меннің” иесі ең алдымен Абай ағаның өзі десек, ақын жолымен жүрген ізбасарлары мен рухани мұрагерлері де уақыт пен кеңістікте әлдебір межемен шектелмей, өмірлерін жалғастыра бермек. Сондай бірегейлердің бірі – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхаметханұлы.
Қалың жұртшылық бұл кісіні көбінесе кеңестік Қазақ республикасының мемлекеттік әнұранына мәтін жазған ақын ретінде біледі десек, екі тармақ өлең туындыгерді шынайы абырой шыңына шығарған. Қазақ жанының ұлы қасиетін жанартау жалынындай лапылдатып, асқақтата танытқан:
Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қ. Мұхамедханов еңбектерінсіз елестету мүмкін емес. Бұл туралы белгілі әуезовтанушы ғалым Т.Жұртбай өзінің «Қайсар ғалым» (1989, «Жұлдыз») деген мақаласында: «Қ.Мұхамедханов – Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңызды қағазға түсірген фольклорист», – деп бағалайды. Ғалым ағаға берілген бұл бағадан шығармашылық еңбектерінің сан тарау, сан салалы екенін байқауға болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесін айқындап көрсету, шығармалары, ғылыми еңбектері жайлы толыққанды мәлімет беру.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіндегі орнын таныту. Қ. Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің маңызы, еңбектерінің әдебиет тарихында алатын орны, қағамға қажеттілігін ұғыну. Қайым Мұхамедхановтың диссертациялық қорғауы, сондай-ақ, соның ізінше абайтану саласында орын алған пікірталастар және шығармашылығы арқылы әдеби процестерінің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замандардың мәдениетімен байланыстыра білу қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.

1. https://kk.wikipedia.org/wiki
2. Белякина А. ,филолог, жорналшы. Орысша нұсқасынан еркін аударған Қабышұлы Ғ.,жазушы, жорналшы. «Абай-ақпарат», «Бір өзі-бір институт»
3. http://vko-memory.blogspot.ru/2014/10/blog-post_27.html
4. http://mercurschool.kz/load/dintanu_aza_debieti_ner_m_deniettanu/ajym_abdul_ajym_m_amedkhan_ly_1916_2004_zhzh/4-1-0-1803
5. Мұхамедханов Қ. Қазақ ССР 4- том. Қысқаша энциклопедия.-Алматы, 1989.- 442 б.
6. Мұхамедханов Қ. Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы: Жазушы, 1987.- 423 б.
7. Мұхамедханов Қ. Абай шәкірттері // Парасат.-1995.- 7.-1 б.
8. Мұхамедханов Қ. М.Дулатов // Қазақ әдебиеті.- 1989.-18 август.
9. Мұхамедханұлы Қ. Абайды тұңғыш рет баспасөзде танытқан Ә. Бөкейханов // Түркістан.-1995
10. Мұхамедханов Қ. "Тағдыр және Қарлаг"/ құраст. Қ. Мұхамедхановтың балалары = Каюм Мухамедханов: "Судьба и Карлаг".- Алматы: Искандер, 2008.- 276, [2] б.
11. Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Текст] / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Ел - шежіре. - (Алаш мұрасы). - 2008.
12. Ибрагимов Абай мектебінің оқытушысы // Семей таңы.- 1996.- 16 қаңтар.
13. Исаұлы А. Ғылым жұлдызы // Семей таңы.- 2001.- 26 қаңтар.- 3 б.
14. Жұртбай Т. Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі.- 2004.- 23 қыркүйек.26 б.
15. Тілеубекова У. Ғұмырын ғылымға арнаған адам // Семей таңы.-1996.-16 қаңтар.
16. Шыңғысұлы Б. Сүйінерге жарар ол // Семей таңы.- 1991.- 22 қаңтар
17. Жаппасұлы Е. Тұманды жылғы тумалар: // Түркістан.- 1996.- маусым
18. Жұртбаев Т. Қайсар ғалым ( Қ. Мұқамедханов шығармашылығы) // Жұлдыз.- 1986.- №1.- Б.192-193
19. Еспенбетов А. Қайсар ғалым ( Қ. Мұқамедханов туралы) // Семей таңы.- 17 январь.
20. Ибрагимов Т. Музеймен бірге мұраты( Қ. Мұқамедхановқа 70 жыл) // Семей таңы.- 1986.- 17 январь.
21. Исин А. Кемел шақ. // Қазақстан мұғалімі.- 1986.- 31 январь.
22. Жүсіпов М. Ұлағаты ғалым. // Қазақ әдебиеті.- 1986.-3 январь.
23. Обаев Е. Тебреніс ( Қ. Мұқамедхановқа 70 жаста) // Семей таңы.-1986.-17 январь.
24. Оразалин К. Ұстаз өркені. // Семейтаңы.-1986.-17 январь.
25. Сейсенұлы Д. Абайға араша, Мұхтармен мұндас: //Егемен Қазақстан.- 1996.-20 ақпан.
26. Ердембеков Б. Қайым Мұхамедханұлы және Абайдың ақындық мектебі [Мәтін] / Ердембеков Б. // Қазақстан мектебі. - 2006. - №8.- Б.3-4;N9.-73-76
27. http://www.biografia.kz/

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СОБӨЖ
Тақырыбы: Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу
еңбектері
Топ: Қ - 319 с
Орындаған: Жырымова Гүлнұр
Тексерген: Жүндібаева А.Қ.
Семей-2015 ж
Жоспар:
I. КІРІСПЕ
II. ҚАЙЫМНЫҢ ӘДЕБИЕТ ТАРИХЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
2.1. Қ. Мұхамедхановтың әдебиет тарихына қосқан үлесі
2.2.Қ. Мұхамедханов - Абай дәстүрін жалғастырушы
III. ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
3.1. Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
3.2. Абай шығармаларының текстологиясы.
IV. ТҰЖЫРЫМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Әркімнің пешенесіне жазылған мөлшерлі ғұмыры бар. Пенделік пайымдау бойынша бұл -- әліптік ақиқат. Осы негізден шығарсақ, Қайым Мұхаметханұлының ғұмыры сексен сегіз жылды қамтыды. Осы санаттағы ажалсыз "Меннің" иесі ең алдымен Абай ағаның өзі десек, ақын жолымен жүрген ізбасарлары мен рухани мұрагерлері де уақыт пен кеңістікте әлдебір межемен шектелмей, өмірлерін жалғастыра бермек. Сондай бірегейлердің бірі - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхаметханұлы.
Қалың жұртшылық бұл кісіні көбінесе кеңестік Қазақ республикасының мемлекеттік әнұранына мәтін жазған ақын ретінде біледі десек, екі тармақ өлең туындыгерді шынайы абырой шыңына шығарған. Қазақ жанының ұлы қасиетін жанартау жалынындай лапылдатып, асқақтата танытқан:
Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қ. Мұхамедханов еңбектерінсіз елестету мүмкін емес. Бұл туралы белгілі әуезовтанушы ғалым Т.Жұртбай өзінің Қайсар ғалым (1989, Жұлдыз) деген мақаласында: Қ.Мұхамедханов - Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңызды қағазға түсірген фольклорист, - деп бағалайды. Ғалым ағаға берілген бұл бағадан шығармашылық еңбектерінің сан тарау, сан салалы екенін байқауға болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесін айқындап көрсету, шығармалары, ғылыми еңбектері жайлы толыққанды мәлімет беру.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіндегі орнын таныту. Қ. Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің маңызы, еңбектерінің әдебиет тарихында алатын орны, қағамға қажеттілігін ұғыну. Қайым Мұхамедхановтың диссертациялық қорғауы, сондай-ақ, соның ізінше абайтану саласында орын алған пікірталастар және шығармашылығы арқылы әдеби процестерінің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замандардың мәдениетімен байланыстыра білу қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қайым Мұхамедхановтың өмірі, шығармашылығы жайлы толыққанды мәлімет беру;
- Қайым зерттеуіндегі Абай текстологиясы мәселесін қарастыру;
- Ғылыми - зерттеу еңбектерінің қазақ әдебиетінің, мәдениетінің дамуына қосқан үлесін қарастыру;
- Қайым зерттеулерінің қазақ әдебиетіндегі орнын анықтау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы жоспардан, кіріспеден, негізгі бөлімнен, тұжырым-қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ІІ. ҚАЙЫМНЫҢ ӘДЕБИЕТ ТАРИХЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
4.1. Қ. Мұхамедхановтың әдебиет тарихына қосқан үлесі
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі де салмақты. Соның ішіндегі жыраулар әдебиеті жөніндегі өмірбаяндық зерттеулер мен текстологиялық салыстырулары бұл саладағы көптеген көмескі жайлардың бетін ашып, тың деректер мен соны пікірлер түйіндеуге негіз қалады. Поэмаларының ерекшеліктері Қайым Мұхамедханұлының әдеби мұралары жинақталып, бас-аяғы бүтінделіп, бір арнаға түсірілген жоқ. Баспасөз беттерінде жарық көрген, жанұялық қорында сақталған шығармаларын топтап айналымға енгізу - әдебиеттану ғылымындағы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Қазірде Қайым Мұхамедханұлының кең көлемді екі шығармасы белгілі: Бірі - Жамбыл атты толғауы, екіншісі - Орындалған өсиет атты поэмасы. Жамбыл атты толғауы 1938 жылы жарық көрді. Абайға арналған Орындалған өсиет атты поэмасы баспа жүзінде жарық көрмеген, Абайдың республикалық мәдени-тарихи, әдеби-мемориалды қорық мұражайының қорында сақтаулы.[8]
Жамбыл атты толғаудың басты кейіпкері қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев. Туынды тақырыптың мазмұны жағынан, негізгі идеясы, көркемдік мақсаты жағынан өнер адамын ашып көрсету, оған деген халық құрметін паш ету.
Абайға арналған Орындалған өсиет поэмасы 1940 жылы жазылған, тақырыптық мазмұны жағынан, негізгі идеясы, көркемдік ерекшелігі жағынан өнер адамын дәріптеу, халқының ақынға деген құрмет мейірін жеткізу. Қайым Мұхамедхановты ақын ретінде арнайы зерттеуіміздің де себебі осында.
Жалпы Қайым Мұхамедхановтың өлеңдеріндегі ерекшелік, нені жырласа да қарапайым сөздермен өз ойын бейнелі, әсерлі, мәнерлі жеткізуінде.
Бала кезінен таныс болған Қайым Мұхамедханов ұлы жазушы және ғалым, ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовпен отбасы достығының эстафетасын әрі қарай жалғастырып әкетті. Кейіннен осы қаламдас ағасының кеңесімен жігерлі де ізденімпаз жас Ғабдулқайым тынымсыз еңбектің арқасында Абайдың, балалары Ақылбайдың, Мағауияның, Тұрағұлдың, оның замандас шәкірттері Әсеттің, Шәкәрімнің, Әріптің, Көкбайдың және ізбасарлары Ахмет Байтұрсыновтың, Жүсіпбек Аймаутовтың, Міржақып Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтің т.б. өмірі мен шығармашылығын зерттеумен ұқыпты шұғылданды.[8]
1995 жылы Атамұра баспасы Қ.Мұхамедхановтың Абай мұрагерлері деген атпен ұлы ақынның тоғыз замандас шәкірттері мен ізбасарлары туралы очерктер мен мақалалар енген кітапты он мың данамен жарыққа шығарды.
Өзінің ғылыми-зерттеу еңбектерінде Қайым Мұхамедханов қазақ әдебиетінің шеңберімен ғана шектелген емес. Оның қаламынан Пушкин, Лермонтов, Тарас Шевченко, Әлішер Науаи, Ғабдулла Тоқай, т.б. туралы мақалалар туындады.
Сонымен бірге жас әдебиетші-ғалымның жадынан халық ақындары Төлеу Көбдіков, Сапарғали Әлімбетов, Нұрлыбек Баймұратов, Шәкер Әбенов, Тәңірберген Әміренов тағы басқаларының шығармашылығы тыс қалған жоқ.
Білімі тек қана қазақ әдебиеті ғана емес, сондай-ақ орыс, батыс Еуропа және шығыс әдебиеті тарихынан толықтырылғаны Мұхамедхановтың әр жанрлық шығармашылығына көп әсерін тигізді.
Фольклор туындыларына байсалды да айнымас қызығушылығы, жыраудың шығармашылығын түбегейлі зерттеуге әкеліп тоғыстырды .
Ғалым Қайым Мұхамедханұлының мұрағатжайында сақтаулы кітаптары мен монографияларын, мақалаларын көріп, оның ғылыми еңбек бағытын ұғындыратын жүздеген папка жазбаларын шолып отырып, бір адамның тұтас бір ғылыми-зерттеу институтының жұмысын тындырғанына қайран қаласың![6]
Ғылымға алғаш қадам басқанынан іргелі істерге құлшынулы Қайымда кездейсоқтық дер дәнеңе болған емес, бәрі де жүйеленген. КСРО Ғылым акдемиясының Қазақ бөлімшесі ашылған 40-жылдардың басында-ақ оған ғылыми жазба еңбегін тапсырушылардың бірі болған Қайым үлесі ерекше мол еді. Оның: Қабанбай батыр және Бөгенбай батыр (әрқайсысы 4 баспатабақ, 1943-жыл); Әріп ақын (25 баспатабақ, 1944-жыл); Абайдың әдеби мектебі (32 баспатабақ), сондай-ақ: Абайдың жарияланбаған өлеңдері мен шешендік сөздері, Шәкәрім мен Әріп туралы пайымдау еңбектері жоғары бағалана қабылданыпты.[15]
Қайым Мұхамедханұлы - жарты ғасырда қазақ әдебиеті пәнінің мыңдаған мұғалімдерін даярлап шығарған ұстаздардың ұстазы, ғылымның нағыз профессоры. Ұзақ жылғы ғылыми, ұстаздық және әдеби еңбегі бағаланып, Кеңес Одағының медальдарымен "Халықа білім беру ісінің үздік", "Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі" белгілерімен марапатталды. Қазақстан Жазушылар Одағының Абай атындағы Халықаралық сыйлығының алғашқы лауреаты. [22]
2.2. Қ. Мұхамедханов - Абай дәстүрін жалғастырушы
Ғалым Қ.Мұхамедханұлының ғылыми еңбегінің басты тақырыбы - Абайдың ақындық мектебін зерттеу. 1951 жылы осы тақырып бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Жазушы ғалым абайтану, әуезовтану саласында жемісті еңбек етіп, Абай шығармаларының текстологиясы (1959), Мағауия Абайұлы (1959) атты кітаптар, әдеби-зерттеу мақалаларын жазды. Қайта оралған арыстар: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов сияқты ғылыми терең байсалды, танымдық қасиеті мол көлемді мақалаларды республикалық, облыстық баспасөзде тұңғыш жариялаған.
Антисоветтік ұлтшылдық қызметі үшін деген өтірік айып тағылып, жиырма бес жылға бас бостандығынан айырылды. Карлагқа айдалды. Көптеген еңбектері өртелді. 1956 жылы ақталып түрмеден босап шықты. Қайым Мұхамедханұлы талай-талай тар жол тайғақ кешуді басынан өткерді. Темір торлы түрменің ызғары мен сатқындықтың салқыны жанын жараласада жүрек әмірі ақиқаттың ақ жолынан тайдыра алмады.
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңне сен өзінді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап, - деген Абай сөздері өміріне серт болды.Мыңмен жалғыз алысқан сөз патшасына кінә қоюшыларға қасқая қарсы шығып, Абайдың әдебиет мектебін ашып беру жолына бар ғұмырын арнаған, осы жолда іштегі дерті қозғалып, жылап көзден жас ағып, омырауы қанға боялған, түрменің де дәмін татқан Қайым ағамыздың өмірі келешекке үлгі.[15]
Жалпы, Қайым Мұхамедханұлының басына төнген қара бұлт тәуелсіздік орнаған жылдардан кейін ғана ыдырағаны шындық. Абайтану аясындағы зерттеу еңбектері мемлекет тарапынан қолдау тауып, әсіресе, Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында ғалым шығармашылығына баса назар аударылды. 1990-1995 жылдар аралығында ҚР Үкіметінің Абайдың 150 жылдық мерейтойына әзірлік барысында ақын шығармаларының академиялық басылымын шығару үшін М.Әуезов атындағы Ғылым академиясы жанындағы Әдебиет және өнер институтына аға ғылыми қызметкер болып шақырылды. 1992 жылы Абай журналының оқырманмен қайта қауышуына үлкен үлес қосты. 1993-97 жылдар аралығында басылған Абайдың ақын шәкірттері атты төрт томдық еңбек әдебиетсүйер қауымның таусылмас қазынасына айналып отыр. Қайым құлашын қайта жайған сол шабытты шақтар оның азапты күндерін артқа қалдырып қана қоймай, ұзақ жылғы бейнетінің жемісін көруге септігін тигізді. 1996 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қайым Мұхамедханұлына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. Сонымен бірге ол халықаралық Абай академиясы алтын медалінің, халықаралық Абай сыйлығының иегері. Бұл, сөз жоқ, ғалымның ұзақ жылғы еңбегіне берілген әділ баға болатын. [12]
АҚШ-та Қ. Мұхамедхановтың суреті мен аты жазылған пошта маркасы шығарылды. Тележурналист Махат Садық Алаш - Қаюм Мұхамедханов, атты документальді фильм түсіріп, республикалық телеканалдардан көрсетілді. Жазушының тұрған үйіне мемориал тақта орнатылды. Алаш мұрасы сериясы бойынша жазушының он томдық шығармалар жинағы жарық көруде.
2010 жылы Қазан айының 6 жұлдызында белгілі ғалым, абайтанушы, жазушы, педагог, драматург, аудармашы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ ССР мемлекеттік тұңғыш гимнінің авторы, Семей қаласының құрметті азаматы Қайым Мұхамедхановтың құрметіне Семей шаһарында Абай атындағы орталық әмбебап кітапханасы жанынан ескерткіш - мемориал ашылды.[12]
Жаңашыл ғалымның сол қырынан бір мысал - Ілияс Бораганскийдің кім екенін анықтағаны. Абай өлеңдерін алғаш басып шығарған адамды іздеу жұмысын былайша баяндайды: 1966-жылы Мәскеуге, КСРО-ның Ленин орденді мемлекеттік кітапханасына Ілияс Бораганскийдің кім болғанын сұрай хат жібердім. Ондағылар ешқандай дерек таба аламаған да, менің хатымды КСРО Ғылым академиясының Азия халықтары институтының кітапханасына жолдаған. Олардан да көп кешікпей келген жауапта І. Бораганский жайында ешқандай материалдары жоғы, менің өтінішімнің шығыстанушы профессор Б. Данцигке жіберілгені айтылыпты. Б. Данциг маған хат жазып, Азия халықтары институтының Ленинградтағы бөлімшесінде қызмет істейтін профессор Кононовпен, сондай-ақ Ленинград мемлекеттік университетінің шығыстану факультетіндегі Новичовпен хабарласуға кеңес беріпті. Ол келесі хатында бұл екеуінің әдрістерін жазып жіберді де, мен аталған екеуіне хат аттандырдым.
Кононовтан жауап хат келді. Оның тапсыруы бойынша іздеу жүргізген қызметкері Дулинаның жолы болыпты. Санкт-Петербург университетінің шығыс тілдері факультетінің 1855 - 1905-жылдардағы шолу құжаттары арасынан: Илияс мырза Бораганский с 20 августа 1898 года преподает турецкий язык... деген дерек қағаз табылыпты! Бірақ, амал не, ол жақ одан басқа ештеңе тауып бере алмады да, мен тығырыққа тағы тірелдім.Илияс мырза...
Арада екі жыл өтті. Қазақ тілі гәзетінің тігіндісін қарап отырып, оның 1922-жылғы қазан айының 28-і күнгі санынан ірі әріпті: Бораганский - ақсақал деген тақырыпты көріп үңілсем, ол Башқұртстан үкіметінің оны 70 жылдығымен құттықтауы екен! Бәрекелді, енді Башқұрстанмен хабарласуым керек!
Қуанышым қойныма симай, Башқұрстанның орталық кітапханасы мен мұрағатжайына хат жібердім. Олардан қайыр болмады. Ешбір дерек таба алмапты. Сондада үміт үзбедім. Башқұрт ақын-жазушыларының бәріне хат жазып, сұрау салдым. Қарт жазушы Сайфи Құдаштан келген жауапта маған қажет деректің қай кітапханаларда болуы мүмкін екені айтылыпты. Содан соң КСРО-ның сол кітапханаларына хат жаздым. Сөйтіп, 1970-жылы Бораганский туралы мақала мен оның портреті басылған жорнал қолыма тиді!
Міне, ол болмаса, кім деген сауалдың жауабы осы емес пе? Абайдың алғашқы баспагерін іздеу, ол іске қашама уақыт, төзім, жүйке, қаржы жұмсау Қайымнан басқа кімнің қолынан келер еді? Келген күннің өзінде зауқы барлар табылар ма еді? Әлдекімдер үшін мәні шамалы көрінер бұл дерек қазақ тарихының Абай тарауына қажет екенін ғалым Қайым, зерттеуші Қайым түсінді![25]
Қажуды білмеген Қайым ағаның бастаған ісін аяғына жеткізу талабы, табандылығы кім-кімді болсын еріксіз таңқалдырары және сөзсіз. Мәселен, оның өзімізден тыс жерлердегі мұрағатжайларға, басқа да орындарға жолдаған өтініш-сұрақ хаттарына жауап: араб, татар, башқұрт, орыс, т. б. тілдерде келеді. Қайым солардың бәрін бір өзі қазақ тіліне аударып, пәленбай қызметкері бар ұжымның жұмысын жалғыз атқарды. Тағы бір ерекшелігі: ол өзінің бүкіл еңбегін, оның ішінде шәкірттерінің, студенттердің жазба жұмыстарына білдірген пікірі, берген бағасы да бар, әрпін маржандай етіп қолмен жазатын. Сондай-ақ, қай материалының қай папкада жатқанынан жаңылып көрмеген. Басқа жақта жүргенінде бір материалынан дерек қажет бола қалса, үйіне дереу телефон шалып, ол материалдың қай папкада жатқанын, оның нешінші бетін қарай қоюды өтінеді екен және ешқашан қателеспепті. Ұстазының ондай ой сергектігіне тіпті ол төсек тартып, екі өмірдің ортасында жатқанында хал-ахуалын білуге келген шәкірттері куә.
Ол кітаптардағы, гәзет-жорналдардағы өзіне қажет мақалаларды қолына қарындаш алып отырып оқыған. Құп көрмеген қате тұстарына сұрақ белгісін қойып, немесе түзете түсінік жазып, аямай шимай салады екен. Гәзет мақалаларын қиып алып, сол тақырыптас материалды жинайтын папкасына салып қоятын, кейінде керегіне жарата сілтеме жасайтын болған.[28]
Әдеби шығарманың қадір-қасиетін ерте түсінген, сол ыңғаймен бірнеше тілді меңгерген, бойында құлшыныс-талап бар Қайым айтулы аудармашы да еді. Оның әдебиетке бет бұруына аудармашылық әсер етті деуге де болар. 14 жасында бір күні Ыдырыс Мұстамбаев үйіне ертіп барып, араб әрпімен жазылған қалың қолжазбаны ұстатып: Мынаны оқып көрші, - депті. Мұхамедханның үйінде жиі болатын кісілердің бірі Ыдырыс еді.
Бірнеше сөйлемді мүдірмей оқып бердім, - деп еске алады Қайым аға. - Содан соң ол:
-Осы қолжазбаны арабшадан кирилицаға түсіріп бере аласың ба? Шамаң келе ме? - деді.
-Келеді, - дедім. Қолжазбаны үйге алып кетіп, күндіз-түні дерлік әуре болып, жиырма күнде жасап, апарып бердім.
-Ұқыпты екенсің, жақсы жасапсың, - деді Ыдекең, шолып шығып. Шынайы риза болды. Қолымды қысып, құшақтап, арқамнан қақты. Кетуге ыңғайлана бергенімде кідіртіп, ақша ұсынды. Мен ыңғайсызданып қалып, ақшаны алудан бас тартып едім, ол:
-Мұның жарамайды. Сен еңбек еттің, ал еңбектің ақысы төленуге тиіс, - деп ақшаны алдырды. Менің ең бірінші еңбекақым сол болған.
Сөйтіп ол қаламын кәсіби аудармашалыққа да бұрды. Әзірбайжан У. Ғаджибековтің Аршин мал алан музыкалық комедиясын 1940-жылы қазақ тіліне аударып, оны Семейдің қазақ драма театры қабылдап, өнер кестесіне енгізді. Мемлекеттік опера және балет театрының сахнасынан да бірнеше жыл бойы көрсетілді.[26]
Қайым аға 1941-жылы А. С. Пушкиннің Русалкасын қазақшалады.
Бомаршенің Фигароның үйленуін қазақ тіліне аударуға ресми тапсырыс алғаны жөніндегі дерек те отбасының мұрағатжайында сақтаулы. Ол аудармасының қолжазбасы да өзі 1951-жылы тұтқындалғанда басқа еңбектерімен бірге тәркіленіп, ол да із-тұссыз кетті. Қайым оны кейін, тұтқыннан босап келген соң, қайтадан аударған екен, өкінішке қарай, қолжазбасының үзінділері ғана табылды.
Лагерьде жүргенінде Сормаңдай Лизаны аударғанын айттық. Ал 1955-жылы Қазақ мемлекеттік әдебиет баспасының тапсырысы бойынша Боккаччоның Декамеронын қазақшалады.
Ол татар тілінен 1973-жылы аударған Қожанасыр үйленеді атты пьеса Семей сахнасында он жылдан астам уақыт бойы қойылды.
Польша драматургы Е. Юрандеттің Заман осындай драмасы да Қайымның сәтті аудармаларының бірі болды.
А. Фадеевтің Жас гвардия романы желісімен М. Граков сахналаған драманы да аударды.[4]
1968-жылы С. Анисимовпен бірлесіп Жас шағымның қаласы деген киносценарий жазды. Ол Семейдің 250 жылдығына арналды. Сол мереке қарсаңында Абай мұражайын әңгімелеген жолбастауды жазып, оны орыс тіліне М. Шаталин аударды.
Қайым телеклуб сахнасынан ұлы отандастары хақында айына бір рет әңгіме өткізіп тұруды 1970-жылдан бастап, ол игі ісін біразға дейін мұқияттап іске асырды.[4]
Бірнеше пьесаны, көптеген өлеңді қазақшалаған Қайым аудармашылық әсерімен өзі де пьесалар жазды. Ұзын саны жүзден асады. Бірақ ол еңбектері әзірше, өкінішке қарай, жеке кітап болып шыққан жоқ, ал шыққандары күзеуге ұшырады. Мысалы, Қазақстан КП Орталық комитетіне 1981-жылы жолдаған өтінішінде (жоғарыда аталған) М. Әуезовпен жазысқан хаттарын қайтарып ала алмай отырған халіне күйінгенімен қатар мынадай жолдар бар:
"...мною в 1978 году сдан сборник избранных пьес "Комиссар Габбасов", "Майданнан - майданга", "Ер Билисай", "Перне", "Хаджа Эфенди женится" в издательство "Жалын". Однако до сих пор этот сборник не выпущен, а какая-то мизерная часть его объема, переданная издательством "Жалын" в издательство "Онер", вышла в этом году в плачевно исковерканном виде (сборник "Волшебный занавес", "Онер", 1981 г.). Грубо попирая элементарные нормы и законы об авторском праве, издатели, по существу, занялись настоящим издевательским оперированием главных сюжетных линий, ключевых сцен, центральных героев произведения, в результате дали жалкое сознательно-пародийное антипредставление моему тексту".
Сол хатында: Шығармаларымның тағдыры шырғалаңға ұшырап, жанымды ауыртып жүр... десе, әдеби мұрасының ол шырғалаңнан құтылуы, арада ондаған жылдар өтсе де, әлі күнге дейін беймәлім. Орын алған қателіктер түзетілген жоқ. Қайым Мұхамедханұлының әдеби, ғылыми еңбектеріне текстологиялық зерттеу жасауды қолға алған да ешкім көрінбейді.[14]
ІІІ. ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ

Қайым 1945-жылы Қазақ әдебиеті тарихының 1-томын дайындауға қатысқан. Мұхтар Әуезов оған қазақтың өткен дәуірлердегі ұлттық батырлары жайын баяндаған дастандар бөлімін тапсырыпты. Ғалым қолда барды сұрыптап (Қабанбай, Бөгенбай және басқа батырлар туралыны), қолда жоқты іздестіруге кіріскен. Өзінің, өзге ғалымдардың еңбектерін екшеп, көлемді қолжазба жинақ әзірлеген де, ол 1948-жылы кітап болып шыққан. Қайым одан өзінің мақаласын... таба алмапты. Ол қалай, қайда кетті?! Мен таңданып, Мұхтар Әуезовке бардым. Менің қолымда не бар, жоғарыдағы басшылар: қабанбайлар мен бөгенбайларды насихаттамаңдар деп алдырып тастапты, деді деп еске алған-ды Қайым аға. Мұхтар Омарханұлының дәл сол кезде жұмысты ақсатты деген айыппен қызметінен босатылғанын екінің бірі білген жоқ еді.
Әйтеуір, Қайымның ол ғылыми-зерттеу мақаласы түбегейлі жылы жабылып қалмады, ондаған жылдардан кейін жарық көрді.[28]
Атап айтар бір жәйт: Қ. Мұхамедханұлының қаламынан шыққан зерттеу еңбектердің көбі қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңалық болды. Мәселен, Бұхар жыраудың қайда, қашан туғандығын нақты дәлелдеп, өзіне дейін сан жылдар бойы жасалған долбарларды тиянақтады. Немесе Ф. Достоевский мен Ш. Уәлиханов суретке бірге түскен жыл 1856 делініп келсе, Қайым ол екі тұлғаға қатысты құжаттарды: өмірдеректерін, жазысқан хаттарын ғылыми тәсілдермен мұқият зерттеп, суреттің екі жыл кейінде түсірілгенін анықтады. Ф. Достоевскийдің Семейдегі әдеби мұражайының қызметкерлері оның ізденімпаздығына дән риза болды.[9]
Тізе берсек, ғалымның зерттеушілікке үлгі мұндай еңбектері аз емес. Ол әп деп шұғылдана бастағанынан беріде: К. Рылеев, В. Даль, Л. Толстой, Ф. Достоевский, А. Чехов, М. Горький, Вс. Иванов, Т. Шевченко, Ғ. Тоқай, К. Насири, У. Ғаджибеков, М. Налбандян, С. Стальский, Я. Райнис, Лу Син, А. Мицкевич, Е. Юрандет және басқалардың шығармашылық қырларын зерттеген әдеби мақалалар жазды. Бұл оның әдебиетке қатысты әңгімеде ұлттық оқшаулықта қалып қою рухани тынысты тарылтатынын жақсы біліп, басқалардың озық туындыларынан нәр алып отыру қажеттігіне жүгінгенін көрсетсе керек.
Әрине, ол ең алдымен қазақ мәдениетінің, әдебиетінің тарихын, тағдырын білуге, егер әсірелеп айтсақ, ғашықтыққа бергісіз құштарлық сезіммен кіріскен. Бұхар жыраудың өмірбаяны және шығармаларының текстологиясы, Махамбет шығармаларының текстологиясы, Мұхтар Әуезовтің ғылыми-шығармашылық өмірі деп аталған еңбектері бірден бір дәлел. Абайдың шәкірті Уәйіс Шондыбаевтың туындылар жинағын баспаға әзірлеуі де - сол сезімінің және бір көрінісі.[9]
Қайымның қаламынан туған ғылыми еңбектерге тағы бір үңілсек, онда: Әміре Қашаубаев, Естай Беркімбаев, Садыр мен Бейсенбай ақын, Шоқан мен Мақы Уәлихановтар, М. Өтемісов, М. Дәулетбаев, Жамбыл, Ж. Шанин, К. Байсейітова, Ш. Мусин, Ж. Саин, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, Ы. Алтынсарин, Т. Жомартбаев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Т. Хасенов, Б. Момышұлы, Б. Қалиев, Т. Жароков, тағы басқалар жайындағы деректерге қанығамыз. Мұхтар Әуезов, Жамбыл, Естай, Ж. Саин, Вс. Иванов, Қажымұқан турал естеліктері - қазақ әдебиеті тарихының қорына қосылған нағыз сүбелі үлес. Ұлттық театр өнеріміздің тууы, қалыптасуы хақындағы толғаныстары өз алдына бір төбе...
Шынында, тізе берсең, тауысқысыз емес пе? Иә, бұл бір бөлігі ғана болуы да мүмкін. 1977-жылы тұңғыш Қазақ совет энциклопедиясының 12 томы жарыққа шықты. Соның әрқайсысында Қ. Мұхамедханұлы қаламының ізі бар! Халық өмірінің барша саласын қамтыған материалдардағы көптеген фактілерді сұрыптау, салыстыру, анықтау, түзету, толықтыру және соның бәрін мұрағатжай қорларындағы деректер негізінде жазу қаншама уақытты, құмарлықты, күш-қуатты керек еткенін бір құдай білсін! Қайым аға зейнетке шыққанына қарамаған, тыныш тірлікті қаламаған. Абай энциклопедиясын шығаруға қам жасаса жүріп, қазақстандық мәні бар тарихи-әдеби тақырып атаулының бәрінде қалам тартқан.[18]
Оның ғылыми еңбектеріне берілген ең жоғары баға қазақ әдебиетінің абызы Мұхтар Әуезовтің пікірі болғаны аян. Тағдырлары тоғысып, жолдары қиылыс келеді. Шәкіртінің кандидаттық екі диссертация қорғағанына куә ұстазы бір әңгіме кезінде: Сенің екі диссертацияң да - ғылымға қосылған мол үлес. Мазмұндылығы мен жаңашылдығы жағынан екеуі де докторлық диссертацияның талайына татиды. Шектеулі ереже шіркін болмаса, докторлық дәрежені алар едің депті.
Иә, саяси астарды сылтау етпегеннің өзінде, оның текстологиялық еңбектеріне әділ бағаны М. Әуезовтен басқа бере алар ешкім жоқ та еді. Диссертациясын орыс тіліне аударып, Мәскеуге, БАК-қа (Бүкілодақтық аттестация комитетіне) жіберу шарт болды. Ал одан шарапат күтудің қисыны жоқ. Құнарлы да бай өз тіліңдегі дүниені өресі жетпес өзге тілге аударту бос әурешілік қой. Өзге тіл жазба еңбегіңнің мазмұнын, рухын жеткізсе де, қазақ тілінің дыбыс үндестігі мен сөз үйлесімділігі жарасып, көңіл пернелерін дөп басатын талғамды көркемдігін, нәзік те қуатты нақышын игере де таныта алмайды. Ал жалпы советтік әдебиеттануда текстологиямен айналысып жүрген маман екеу-ақ: Д. Лихачев пен И. Жирмунский. Олар да орыстілді авторлардың ғана еңбектерін күйттейді. Қазақтілді Қ. Мұхамедханұлының ғылыми жұмысын жан-жақты талдаушы бола алулары екіталай.
Тындырымды ғалымның үлкенді-кішілі еңбектерінің бәрі де - отандық ғылымға қосылған әдеби-тарихи мәні бар дүние. Диссертацияларына арқау болған тақырыптар да, марқұмның мұрасында қалған жүздеген материал да - оның шәкірттері зерттер, өнеге алар рухани байлық. Қайым дерек жинауға жауапкершілікпен қарап, мақалаларын зерлей жазған. Бір мақаланы жазу үшін оның көлемінен әлдеқайда көп дерек жинаған. Бір тақырыпты жан- жақты игеріп жазған мақалалары бір папка десек, оған дайындық барысында жинаған құжаттар он шақты папка екенін көреміз. Ол қолына түскеннің бәрін сан көбейтуді қуып жаза бермеді, әңгіме арқауын мейлінше ширатып, дерек көзін тап баса мейлінше сапалы, қысқа да нұсқа етіп ұсынды.[18]
Оның жазғандары жаңалық болушы еді дедік. Шын мәнінде солай. Ол бір жаңалықтың шетін көрсе, оны игілікке жарату үшін өзінің уақытын да, күш-жігерін де, тіпті қаржысын да аямайтын. Соның түпнұсқасын таппай тынбайтын. Құдай біледі деп айтайын: кешегі кеңбайтақ еліміздің баспасөз, кітапхана, мұрағатжай атаулысында, жазушы-аудармашылардың біразының мұражайларында Қайым Мұхамедханұлынан алған мақала, хат, тапсырыс дегендей құжат бар. Өйтіп ізденбейінше қапысыз жазу мүмкін еместігіне мән берудің үлгісі.[19]
Абайдың ақын шәкірттері атты төрт кітаптан тұратын жинақ ҚМұхамедхановтың қарастыруымен 1993-97 ж. жарық көрді. Оған Абай шәкірттері Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Көкбай, Уәйіс, Әріп, Әсет, Мұқа, Әубәкір, Иманбазар шығармалары мен олар туралы зерттеулер енді. Мұқамедхан Абайдың екі томдық академиялық шығармалары жинағының жаңа басылымын шығаруға (1995) үлес қосты.
1988-89 ж. мерзімді баспасөзде Ә.Бөкейханов, М. Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М. Дулатов, Шәкәрім атты ғылыми мәні ерекше мақалалар жариялап, кейін осы зерттеулер негізінде Абай мұрагерлері жинағын (1995) жарыққа шығарды.
Мұхамедхан қазақ әдебиеттану ғылымының текстология саласының қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Оның Махамбет, Шәкәрім поэзиялары текстологиясына арналған мақалалары, Бұқар жырау, Абай шығармаларының текстологиясын қарастырған мақалалары мен монографиясы жарық көрді.[22]
Сондай-ақ ол қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісіне қомақты үлес қосты. Қазақ ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулық әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы, әдеби байланыстары туралы 300-ден астам ғылыми мақалалар жазды. Қ.Мұхамедханов шығармаларының тағы бір қыры оның поэзиясы. Драматургия саласында да қарымды еңбек етіп, көптеген пьесалар жазды. Қ.Мұхамедхановтың Толқын (1994), Майданнан майданға (1947), Комиссар Ғаббасов (1960), Ер Білісай (1974) пьесалары көркемдік және тарихи шындықты тұтастай алып, оқиға желісінің өткір құрылуымен ерекшеленеді.[27]
Әзірбайжан драматургі У. Гаджибековтың Аршин мал алан (1941), татар жазушысы Ш. Камалдың Қажы әпенді үйленеді (1967) пьесаларын, орыс жазушысы Н. Карамзиннің Бишара Лизасын қазақ тіліне аударды. Қ.Мұқамедханов Семей қаласының және Абай, Аягөз, Жаңасемей аудандарының құрметті азаматы. Абайтану саласындағы қажырлы еңбегі үшін 1996 жылы Қ.Мұқамедхановқа ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
1916 жылдың қақаған қаңтар айының 5 күні Мұхамедхан отбасында дүниеге келген сәби Қайымның өмір жолында да қақаған кезеңдер аз болған жоқ. Барлық сын сағаттардан жігерлілік, шыдамдылық, көрегенділік, білімдарлық таныта жүріп, аман өтті. Қандай қиын қыстау кезеңде абайтану бағытынан айныған емес. Қазақтың көсемдері мен шешендерін орға айдаған 37-нің құрығы Қайым ағаны да аз әуреге салмаған еді. Теріс жала жабылып, жалындап тұрған шағында Қайым аға 25 жыл түрменің де дәмін татты.
Бірақ, оның бәрі Қайым Мұхамедханұлының өмірге деген көзқарасын, тарих, әдебиет саласындағы ұстанымын өзгерте алған жоқ.
Ол қазақтың Қайымы еді. Жастық шағының қызығы мен қиындығы, қуанышы мен күйініші кезектесіп, жазықсыздан жазықсыз жиырма бес жылға сотталып, алаңсыз әдеби еңбек ету егделік ғұмырының ғана еншісі болған соның өзінде артына аса мол мұра қалдырған ғұлама еді. Әдебиетші, зерттеуші, сыншы, аудармашы ретінде тындырып кеткені қыруар, әсіресе, абайтануды, сондай-ақ Мұхтар Әуезовтың бүкіл өмірін паш етуде төккен тері өлшеусіз. Абай шығармаларының текстологиясын жан-тәнімен тәптіштеп реттеуі, ұлы ақынның мұрагерлері туралы төрт кітап жазып шығаруы - небір үлкен ұжымның да қауқары жетпес шаруа.
Қазақ республикасының тұңғыш гимнің авторы болғаны - өз алдына зор мәртебе.
Қайым Мұхамедханұлы - түпнұсқа иесінің ойын тереңіне танып, тебіренге толғайтын шебер аудармашы.[1]
Қайым Мұхамедханұлының ұзақ жылдар бойы ғылыми, әдеби шығармашылық және ұстаздық еңбегі жоғары бағаланып, ол КСРО медальдарымен КСРО халыққа білім беру ісінің үздігі, Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі белгілерімен Құрмет грамоталарымен наградталған.
Семей қаласының, Абай, Жаңасемей аудандарының құрметті азаматы. Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі де салмақты. Соның ішіндегі жыраулар әдебиеті жөніндегі өмірбаяндық зерттеулер мен текстологиялық салыстырулары бұл саладағы көптеген көмескі жайлардың бетін ашып, тың деректер мен соны пікірлер түйіндеуге негіз қалады.
Саналы ғұмырында атақ үшін емес, ұлы Абай үшін қатал заманның қағидаларына мойынсұнбай азаматтығын сақтай білген, өткен ғасырдың ары, бүгіннің заңына айналған адам Қайым Мұқамедханов.
Тағдырдың талай тар өткелдерінен сүрінбей өткен, әрбір әңгімесі бір-бір тарих, бар ғұмырын ғылымға арнаған, белгілі абайтанушы, көрнекті ғалым, ұстаз Қайым Мұхамедханұлының артына қалдырған мол мұрасы рухани қазынаға айналары ақиқат. Қайым Мұхамедханұлы өмір бойы Абай өлеңдерінің дәлдігін қадағалап, қолынан келгенше бір әріптің бұрмалануына жол бермеуге тырысты. Ал уақыт пен қоршаған орта өз таңбасын қалдырмай қойған жоқ. Абай тек ұлы ақын, ұлттық мақтанышымыз ғана емес. Абай - әлемдік тұлға, қайталанбас құбылыс, күллі адамзаттық цивилизацияға қосылған аса қомақты үлес. Мұндай толайым табыстың қазақтың пешенесіне жазылуы ұлттық руханият үшін мақтаныш. Абайды тану үшін Әуезовті қайта-қайта ой көзін салып оқу керек. Абай да, Әуезов те қатпар-қатпарына үңіліп оқымасаң бойыңа сіңбейді, жүрегіңе ұяламайды. Абайдың ақын шәкірттерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге Қайым Мұхамедханұлы тікелей М.О. Әуезовтің ақыл-кеңесімен келген. Ғалымға Абайдың әдеби мектебіне ұлтшыл ақындарды енгізгені үшін панисламшыл, пантүрікшіл деген айып тағылып, сталиндік қуғын-сүргінге ұшырайды. Ақталып шыққаннан кейін зұлматқа ұшыраған Абайдың ақын шәкірттерін қолға алады. Өмірінің ең бір қиын сәтінен сүрінбей өтті. Бір үміт, бір қауіпте тағдыр таразысының сынында қасірет шегіп жүргендегі, жанына батқан қайғысы, жүректің қайғыға, жай ғана қайғы емес, отты қайғыға өртенуі, тірі жетім балаларын ойлап сағынып, қол ұшын беруге мүмкіндік жоқ дәрменсіздігі ақын Қайымның сезім сыры мен көңіл күйінің айғағындай. Оны Балаларыма өлеңінен байқадым:
Қайым Мұхамедханұлы өзінің зерттеулері арқылы Абай және абайтану ұғымдарының бір-бірінен ажырамас тұтастық екенін жадымызға сіңірді.
Қайым Мұхамедханов қазақ халқы үшін ғылым-білімнің шамшырағы болған Абай Құнанбаевтың айналасындағы тәрбиеленуші ақын шәкірттерінің мол мұрасын, шығармаларын, өзінің білімділігінің, қайтпас қайсарлығының, қажырлы еңбегінің арқасында түбегейлі зерттеп, халыққа танытты. Бізге, болашақ ұрпаққа ғалымның жарты ғасырлық еңбегі үлгі-өнеге болып қалды. Біздің, жастардың алдындағы зор міндет - абайтанушы, ұлтын сүюдің үлгісін көрсетекен Ұлы ұстаздың еңбегін келешек ұрпаққа жеткізу.[19]
Қайым Мұхамедханов саналы өмірін қазақ әдебиеттану ғылымының абайтану саласына арнады. Абайдың немере інісі Әрхам Кәкітайұлымен бірлесе отырып, мұражайда ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды заттар, қолжазбалар, құжаттарды жинастырады. Бүгінде кемелденіп қорық-мұражайға айналған үйдің ғылыми әдеби ортасының қалыптасу ісі де Қ.Мұхамедхановтың табандылығымен жүзеге асқан. Абай журналының 70 жылдан соң қайта жарық көруіне, Семейдегі Алаш арыстары мұражайының ашылуына Қайым Мұхамедханов көп еңбек сіңірді.
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі әдеби өлкетану бағытында болды. Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым. Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400-ден астам. (Ал, жалпы ғылыми еңбектерін есептесек 500-ден асады екен). Мысалы, Халық ақыны Сапарғали Әлімбетов шығармашылығы жайында, Мақы Шыңғысұлы Уәлиханов - алғашқы кә-сіби қазақ суретшісі, Қ.Еркебаев және С.Әлім-бетов поэмаларындағы азамат соғысының батыр әйелдері Айқыз және Білісай бейнелері, Тағы да Айқыз туралы, І.Бораганский, Қаракерей Қабанбай, Бұқар жырау, Шешен Сабыржан, Сабыржан Ғаббасов және тағы басқа мақалаларындағы тарихи тұлғалар ғалымның көркем шығармаларынан өз орнын алып жатты. Ал, Абайдың бұрын жарияланбаған өлең-дері, Түзелгені қайсы? Түсініктері қайсы?, Қазақ әдебиетінің адал досы, Саади Ши-рази, Құдай деген сөзден құдай сақтасын және тағы басқа мақалаларындағы әдеби-танымдық, та-рихи ой-түйіндер көптеген ғалымдардың бо-ла-шақ зерт-теулерінің ғылыми діңгегіне айналды. Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өл-келік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қайым Мұхамедханов еңбекте-рінсіз елестету мүмкін емес . Бұл туралы белгілі әуе-зовтанушы ғалым Т.Жұртбай өзінің Қайсар ғалым (1989, Жұлдыз) деген мақаласында: Қ.Мұхамедханов - Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай шығар-маларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерт-теген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңызды қағазға түсірген фольклорист, - деп бағалайды. Ғалым ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz