Нарықтағы баға және баға жасау



I.Кіріспе
1.1. Бағаның құндық негіздері және баға жасаудың нарықтық әдісіне көшу
II.Негізгі бөлім
2.1. Бағаның экономикалық функциялары
2.2. Баға түрлері және оның жүйесі
2.3. Баға жасау әдісін және стратегиясын таңдау мәселесі
III.Қорытынды
Баға және баға жасау нарықтық экономиканың өте маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Баға – күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі. өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т.с.с. сұрақтар шешіледі.
Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы). Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К.Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн – қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа). Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады. Яғни, бұл жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады. Мұнда баға тауар құнынан «босатылады» және оның қажеті жоқ.
Қазіргі заманғы экономикалық теория осы екі теорияны біріктіруге тырысуда.
Қанша айтқанмен, тауарды өңдіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтау объективті қажеттілік ретінде қалды, өйткені кез келген фирма өзінің шығындарын қайтарып, қалыпты пайда алуға мәжбүр.
Тарифтер және сауда бойынша генеральды агентство (ГАТТ) қалыпты құнның анықтамасын келесі түрде береді: қалыпты құн деп сауда арқылы орны толтырылатын тауар пайда болған елдегі тауарға кеткен материалдар және жасау құны мен жалпы шығындар және қалыпты пайда мөлшерінің қосындысын атайды.
Баға жасау деп тауарға бағаны қалыптастыру процесін атайды. Жалпы алғанда баға жасаудың екі жүйесі бар: орталықтандырылған және нарықтық.
Бағаның нарықтағы орны қандай. Нарықтың өзі тауарлы-ақшалай қарым-қатынастарын және құндық категорияларды (қаржы, несие, еңбек ақы, өзіндік құн, пайда, баға) іске асырудың негізгі формасы болып табылады. Егер де сұраныс және ұсыныс бар болса мұнда міндетті түрде нарықтық қарым-қатынас пайда болады.
1. Баға және оның жасалуы/ Жабайхан Кайкен/ Оқулық құрал. Семей.:2002.
2. Ценообразование/учебно-практическое пособие/П.Н. Шуляк. М.: 2000.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Баға және баға жасау

Орындаған: Ислямов С.А.
Тобы: ТО-207
Тексерген: Қ.Т. Нуралина

Семей - 2015ж.
Жоспар

I.Кіріспе
1.1. Бағаның құндық негіздері және баға жасаудың нарықтық әдісіне көшу
II.Негізгі бөлім
2.1. Бағаның экономикалық функциялары
2.2. Баға түрлері және оның жүйесі
2.3. Баға жасау әдісін және стратегиясын таңдау мәселесі
III.Қорытынды

Кіріспе

Баға және баға жасау нарықтық экономиканың өте маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Баға - күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі. өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т.с.с. сұрақтар шешіледі.
Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы). Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К.Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн - қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа). Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады. Яғни, бұл жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады. Мұнда баға тауар құнынан босатылады және оның қажеті жоқ.
Қазіргі заманғы экономикалық теория осы екі теорияны біріктіруге тырысуда.
Қанша айтқанмен, тауарды өңдіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтау объективті қажеттілік ретінде қалды, өйткені кез келген фирма өзінің шығындарын қайтарып, қалыпты пайда алуға мәжбүр.
Тарифтер және сауда бойынша генеральды агентство (ГАТТ) қалыпты құнның анықтамасын келесі түрде береді: қалыпты құн деп сауда арқылы орны толтырылатын тауар пайда болған елдегі тауарға кеткен материалдар және жасау құны мен жалпы шығындар және қалыпты пайда мөлшерінің қосындысын атайды.
Баға жасау деп тауарға бағаны қалыптастыру процесін атайды. Жалпы алғанда баға жасаудың екі жүйесі бар: орталықтандырылған және нарықтық.
Бағаның нарықтағы орны қандай. Нарықтың өзі тауарлы-ақшалай қарым-қатынастарын және құндық категорияларды (қаржы, несие, еңбек ақы, өзіндік құн, пайда, баға) іске асырудың негізгі формасы болып табылады. Егер де сұраныс және ұсыныс бар болса мұнда міндетті түрде нарықтық қарым-қатынас пайда болады. Олардың мүдделері қарама-қайшы болады. Сондықтан да оларды үйлестіретін тек баға ғана болады. Солымен, нарық деп сатушылардың және сатып алушылардың мүдделерін қақтығысу арқылы бағаның пайда болуына мүмкіндік жасайтын экономикалық процесті атайды. Яғни баға нарықтық қарым-қатынастарда орталық орын алады.
Нарықтық экономикада ең маңызды рөлді құн заңы орындаса, жоспарлы орталықтандырылған экономикада жоспарлы даму және орталықтандырылған бөлу заңдары негізінен қолданылады. Құн заңы баға жасау механизмі және сұраныс пен ұсынысты тепе-тең жасау процесіне негізделеді.

Бағаның экономикалық функциялары

Нарықтық экономикада бағалардың динамикасына екі маңызды фактор әсер етеді: стратегиялық және тактикалық. Стратегиялық фактор - бағалар тауарлар құнының негізінде құрылады. Бағалар осы құнның төңірегінде тербеліс жасау мүмкін. Бұл өте күрделі және ұзақ уақытты процесс. Тактикалық фактор - бағалар нарық конънктурасына тәуелді өзгеру мүмкін. Осы екі факторды кез келген кәсіпорын жақсы меңгеріп білу қажет, әйтпесе қосымша шығындарға ұшырау мүмкін. Бірінші фактор өте жақсы ұйымдастырылған фирма, яғни шығындары ең аз кәсіпорын үшін тиімді. Екінші фактор нарық конъюнктурасын әрі тез және икемді қолдана алатын фирмалар үшін тиімді. Мұнда тыңғылықты дайындық және жоғары білікті кадрлардың маңызы зор. Ал ең көп пайданы осы екі факторды пайдалана алатын фирмалар алады.
Осы бағалардың динамикасына және нарық конъюнктурасына мемлекет те экономикалық тұрғыдан әсер ету қажет. Бізде бұл әсер әлі де дұрыс қалыптаспаған.
4. Бәсеке. Ол үшін меншік түрлерінің алуан түрлілігін және заңның бәріне бірдей болуын қамтамасыз ету қажет. (жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу мәселесі). Бәсеке нәтижесінде нарықта тек шын мәнінде өндірісті дұрыс ұйымдастырып, шынайы кәсіби біліктілікті көрсете алатын шаруашылық субъектілердің қалуына негіз болады. Тіпті банкроттықтың өзі ел үшін тиімді бола алады.
Бәсекеде ұтысқа жетудің негізі ретінде икемді өндірісті жасау болып табылады, яғни жаңа қажеттіліктерге тез арада ауыса алатын, көп шығынсыз жаңа өнімді шығаруға бейімделген өндірістер.
Директивті баға жасау мен нарықтық баға жасаудың бәсекені өсіруге ықпалын қарастыру. Негізгі міндет келісімдік (еркін) баға жүйесіне ауысу. Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:
А) кәсіпорындардың іс жүзіндегі шаруашылық дербестігі
Б) тауарлардың дефицитін болдырмау
В) монополияларды жою
Г) экономиканы қайта құру, қару-жарақ өнеркәсібінің конверсиясы
Д) біріңғай экономикалық кеңістікті орнату
Е) тұтынушыларды және жабдықтаушыларды өз еркімен таңдау мүмкіндігі
Үлкен мәселе ретінде бағалардың және тауар құндарының территориальдық бөлінуін зерттеу болады, яғни аймақтық және бүкіл мемлекеттік нарықтарды үйлестіру мәселесі. Сонымен қатар, әлемдік бағалардың қозғалысын және үрдістерін зерттеу қажет.
3. Баға функциясы деп оның ішкі құрамының (қасиеттерінің) сыртынан көрінісін айтады. Бағаның 5 функциясын атауға болады:
а) есебке алу функциясы - қоғамдық еңбек шығындарын есебке алу және өлшеу. Басқаша айтқанда баға арқылы біз осы тауарға қанша шығын кеткенін анықтай аламыз немесе берілген қажеттілікті қанағаттандыруға арналған тауарға қоғам қанша шығындалғанын көре аламыз. Баға тек шығында ғана емес, сондай-ақ пайда деңгейін де көрсете алады. Әрине шын мәнінде нарықтық баға қалыпты бағадан қатты ауытқуы да мүмкін екенін ұмытпауымыз керек. Берілген функция бойынша баға барлық құндық көрсеткіштерді анықтауға негіз бола алады. Бұл көрсеткіштер сандық және сапалық болып бөлінеді.
Сандық көрсеткіштер - жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, күрделі салымдар көлемі, тауар айналымы, өнім көлемі, және т.б.
Сапалық көрсеткіштер - пайдалылық (тиімділік, еңбек өнімділігі, қор қайтарылымдылығы және т.б.).
Б) Ынталандырушы функция. Баға арқылы ҒТП, қорлардың үнемделуін, өнім сапасын көтеруді, өндіріс құрылымын өзгертуді ынталандыруға болады. Баға арқылы сонымен қатар, тұтынушыларды да ынталандыруға болады.
В) Бөлу функциясы. Бағаның көмегімен ұлттық (таза) табысты бөлуге және қайта бөлуге болады: экономика салалары арасында, меншік формалары арасында, ел аймақтары арасында, жинақтау және тұтыну қоры арасында, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында.
Мемлекет бұл функцияны акциз, ҚҚС және т.б. әдістер арқылы орындайды.
Г) Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы.
Д) Өндірісті тиімді орналастыру белгісі ретінде болуға бағытталған бағаның функциясы. Капитал пайда мөлшері әсіресе көп экономика секторына ауысуға тырысады, ал капитал иесі кәсіпорындар және ұйымдар болады.
Осы аталған барлық баға функциялары бір-бірімен байланысады, кейде қарама-қайшы болады.

Баға түрлері және оның жүйесі
Бірқатар экономикалық белгілерге қарай бағалардың бірнеше жіктеулері бар:
А) Бағаны қою объектісіне қарай материалдық өнімге және қызметтерге қойылатын бағалар болады. Материалдық өнімдерге қойылатын бағалар түрлері:
А.1. Өнеркәсіп өніміне көтерме бағалар - бұл меншік формаға тәуелсіз өнеркәсіп кәсіпорындарының, фирмаларының, ұйымдарының тауарлары ірі көлемде сатылатын, және сатып алынатын бағалар. Көбінесе, бұл бағамен тауарды әртүрлі делдалдар сатып алады. Көтерме бағалардың екі түрі бар: кәсіпорынның көтерме бағасы (сату бағасы) және өнеркәсіптің сату бағасы.
Кәсіпорынның көтерме бағасы - бұл кәсіпорын шығындарының осы кәсіпорынға қажет қалыпты пайданың, жанама салықтардың қосындысы. Қалыпты пайда - бұл кәсіпорынның ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін ақша мөлшері. Пайда нормасы көптеген факторларға тәуелді болады. Кәсіпорынның көтерме бағасына қарай кәсіпорын қызметінің негізгі құндық көрсеткіштері талдауға салынады, жоспарланады және есептелінеді. Кәсіпорынның көтерме бағасының ерекше түрі - трансфертты бағалар - кәсіпорын, фирма ішіндегі бөлімшелер арасында қолданылатын баға деңгейі.
Өнеркәсіптің көтерме бағасы деп тұтынушы кәсіпорындар, ұйымдар жабдықтау - сату (көтерме сауда) ұйымдарынан тауарды сатып алатын бағаларды айтамыз. Бұл кәсіпорынның көтерме бағасының құрамына, сондай-ақ, жабдықтау-сату ұйымының шығындары, пайдасы және ол төлейтін салықтар қосылады. Бұл бағалар өткізу өрісімен тығыз байланыста болады. Өнеркәсіптің көтерме бағасының ерекше түрі ретінде биржалық келісімдер немесе тауар бағасын көрсетуге болады. Ол биржадағы котировкаларға, жеткізу ара-қашықтығына, шегерім мен қосылымдарға, тауар сапасына, санына қарай қалыптасады.
А.2. Құрылыс тауарларының бағалары - үш түрі бар: 1. сметалық (құрылыс салу) құн (әр объектіні салуға кететін шекті шығындар; 2. прейскурантты баға - типтік құрылыс объектісінің соңғы өнімінің бірлігіне кететін орташа шығындар деңгейі; 3. келісімдік баға - тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы келіссөздер арқылы қалыптасады.
А.3. Сатып алу бағалары - ауылшаруашылық өнімді сату бағалары. Бұл бағалар бойынша баға паритеті (ауыл және қала арасындағы бағалық үйлесімділік) мәселесі үлкен орын алады. Бұл жерде ауылшаруашылық өнімнің жылына бір рет өткізілуін есебке алу керек. Мемлекет тарапынан осы мәселеге аса зор көңіл бөліну керек (субвенциялар, жеңілдетілген несиелер, материалдық-техникалық көмек және т.с.с.).
А.4. Бөлшек сауда бағалары - соңғы тұтынушыларға арналған бағалар. Тауарлар айналыс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Бұл бағаны анықтау үшін өнеркәсіптің көтерме бағасына сауда шығындары, пайдасы және салықтары қосылады.
Б. Қызметтерге қойылатын бағаларды тарифтер деп атайды. Олар транспортты, коммуналды, тұрмысты болып бөлінеді.
Б.1. Транспорттық тарифтер - жүктерді, пассажирлерді тасымалдауға алынатын төлем мөлшері. Құрамына транспорттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополиялық бәсеке нарығы және монополиялық билік
Нарық тепе-теңдiгi және оған қолжеткiзу механизмдерi
Баға саясатының мақсаттарын анықтау
Ассортименттік баға белгілеу стратегиясы
Баға саясаты жайлы
Бағаның құндық негіздері және нарықтағы орны
Кәсіпорынның бәсекелестік нарықтағы жағдайы
Мақсатты нарықтарды іріктеу
Баға саясаты және баға стратегиясы
Әлемдік тауар нарықтарының әртүрлі түрлеріндегі баға белгілеу
Пәндер