Мұхаметжан Қожаcбайұлы Қаратаев – әдебиет сыншысы


Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Мұхаметжан Қожаcбайұлы Қаратаев - әдебиет сыншысы
Орындаған: Имангаликова Жанерке ФИ-201
Тексерген: Курмамбаева Карлыгаш Солтанбековна
Семей 2015 жыл
ЖОСПАР:
І. КІРІСПЕ.
1. 1. Әдебиеттану және сын туралы жалпы түсінік.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2. 1. Мұхаметжан Қожаcбайұлы Қаратаевтың өмірбаяны
2. 2. Мұхаметжан Қартаевтың сыни еңбектері және олардың әдебиетте алатын орны
2. 3. Әдебиет тарихын зерттеуге арналған еңбектері
2. 4. Қаратаев күнделіктері - замана айнасы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.
ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
КІРІСПЕ.
Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінен үш кезеңді анық байқаймыз. кезең - қазақ әдебиет сынының туу дәуірі. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған. Екінші кезең - қазақ әдебиеті сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Бұл процесс 1917-1937 жылдардың арасын қамтиды. Үшінші кезең - қазақ әдебиет сынының өсіп-өркендеу және әдебиеттану ғылымының қалыптасу дәуірі 1938-1985 жылдар аралығы. Сын жанрының туу, даму жолдарына назар аударсақ халықтық эстетиканы сыни ойдың бастауы деп танып, халықтың көркемдік түсінік танымы мен талап талғамының өресін байқауға болады. Сынның негізгі қасиеттерінің бірі- ажарсыз бен келіссізді мінеу емес, ең алдымен адамның жан дүниесін, талап-талғамын әсемдік пен сұлулыққа, ізгілікке тәрбиелеу. Ауыз әдебиетіндегі тамаша көркемдік тәсілдердің мән-мағынасын жан-жақты талдап ашуға тиіспіз. Сынның негізгі көрінер арнасы -газет пен журнал. Сын жанрының табиғаты көбінесе өзінің кезеңдік сипатына орай әлеумет көңіліне ой салып отырған көркем туындының мән-жайын оқушы қауымға түсіндіру міндетімен қатар сол шығарманы жазған авторға жәрдемдесу мақсатын көздейді. 19 ғасырдың соңғы ширегінде «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» патша үкіметінің отарлық саясаты мүддесінен ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ойдың тегеурінді дүмпуінің әсерінен де шыққан еді. Сондықтан патша үкіметі «қазақ оқығандарының ұлт баспасөзі жөнінде қойған талаптарын өз мүддесіне орай шешуге тырысты». Қазақтың қоғамдық өмірінде пайда болған баспасөз орындары, әсіресе, «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаяты газеті» халықтың әлеуметтік сана-сезімін ояту бағытында бірқыдыру үлкен еңбек сіңірсе, екінші жағынан, қазақ әдебиеті сынының тууына дайындық жасады. Бұл кезеңдегі әдеби сын элементтері әлі де болсажалпы саяси-экономикалық, тарихи-әлеуметтік мәселелермен қабаттаса айтылып, мәнді арна табуға ыңғайы бар екенін танытты. Қазақ әдебиет сынының эстетикалық дәрежесі мен өрісі онша биік талапқа жауап беріп, алқалы өңірден көріне қоймағанымен ел-жұртты елең еткізер екпінін аңғартып, өзінің жанрлық сипатын «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде айқын танытты.
Әдебиет сынының дамып өркендеуіне үлес қосқан сыншылардың бірі - Мұхаметжан Қожаcбайұлы Қаратаев. Мұхаметжан Қожаcбайұлы Қаратаев (1910 ж. т. ) - әдебиет зерттеушісі, сыншы-ғалым, Қазақстан Республикасы Үғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қаратаев Абай шығармаларын 30-жылдардан зерттей бастады. «Пушкин мен Абай» («Қазақ әдебиеті», 1937, 16 - ақпан), «Пушкин қазақ әдебиетінде»(«Әдебиет майданы», 1957, № 2), «Жүз жылдан кейінгі Пушкин» («Әдебиет майданы», 1936, № 11-12) дегенмақалаларында Абай мен Пушкиннің ақындық Ұлылығын, идеялықтуыстығын, Пушкиннің Абайға және қазақ ақындарына әсерін сөзетті. Қазақстан совет жазушыларының 1 пленум «Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері» деген баяндамасында («Қаз. әдебиеті», 1937, 16, 30-мамыр) Қаратаев Баспасөздегі Абай туралы, оның ақындық тұлғасын танудағы жаңсақ пікірлерді сынға алады. Қаратаев «Ұлы Абай» деген мақаласында («Туған әдебиеттуралы ойлар». - А., 1958, 123-132-6. ) ақынды өз заманының прогресшіл, алдыңғы қатардағы қоғам күрескері деп бағалады. Келешекті кеңінен шолған ақын халқын орыс халқымен ынтымаққа бағыттады. Пушкин орыс әдебиетінде қалай қүрметтелсе, Ұлы Абайды қазақ халқы солай бағалайды дейді. Сыншы Абай туралы жазғандарында оның халық мұңын жоқтаушы екенін, орыстың зиялыларынан өзі үйреніп, өзгөлерді де соған үндейтінін қуаттап отырады. Қаратаевқа «Шығар шың алда» кітабы үшін Абай атындағы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді (1974) . [1] Оның алғашқы күрделі еңбегі- С. Сейфулиннің "Қызыл ат" туралы мақала. Әдеби жұртшылық арасында үлкен айтыс туғызған бұл поэманың көркемдік-идеялық құны туралы дұрыстап талдау жасады. Ғ. Мүсіреповтың "Шұғыла" повесі туралы да оның сол кездегі мақаласы жұртшылық назарын аударды. Қаратаев тұтас алғанда қазақ әдебиетінің түрлі мәселелерін қамтыған жүзден астам мақаланың, қырықтан аса кітаптың авторы. Сонымен қоса, Қаратаев көркем аудармаға да елеулі еңбек сіңірді. М. Горкийдің "Менің университеттерім", М. Шолоховтың "Тынық Дон" романының 3- кітабын қазақ тіліне аударды; көркем аударма теориясын дамытуға қызу ат салысып, қазақ әдебиетін орыс тіліне, орыс тілден қазақ тіліне аударудың негізгі мәселелері жыйында сүбелі еңбектері жазды. Қаратаев Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен және бірнеше медальдармен мараппатталған.
Белгілі әдебиет зерттеушісі, сыншы-ғалым, ҚР ҰҒА-ның академигі Мұхаметжан Қаратаев - 40-қа тарта кітап пен әдебиеттанудың өзекті мәселелерін сөз еткен 700-ге жуық мақаланың авторы. Ғұмырын ғылымға арнаған ғұлама ғалымның еңбектері Одақ көлемінде де ерекше еленіп, әділ бағасын алған болатын. Кейінгі жылдары келіні Ж. Қаратаеваның құрастыруымен ғалымның 1985 жылғы бетбұрыс заманынан бастап 1995 жылғы Тәуелсіздікке дейінгі он жыл ішіндегі естеліктері, шолу сипатындағы мақалалары, ой-пікірлері топтастырылған «Бетбұрыс белестері», «Ғасырлар үндесуі» атты кітаптары жарық көрді. Төл әдебиетіміздің даму кезеңдерін, әсіресе, кеңестік заман тұсындағы тарихын кеңінен білгісі келген оқырман қауымға, әдебиет зерттеушілеріне бұл кітаптардың берер тәлімі мол. Академик жазушының әдеби мұралары қатарында жарияланбағандары да жеткілікті. Көп жағдайда, кемел тұлғалардың ой-толғаныстары, парасатты пікір пайымдары ұлттың рухани толығу көзіне айналады. Мұндай мәліметтер шежіресі ғалымның күнделіктерінде де жиі кездеседі. Күнделік - әдебиет үлгісі, публицистикалық шығарманың бір түрі. Жазушының не саяхатшының көзбен көргенін, естіп білгенін есте сақтау үшін қағаз бетіне түсіруі. Алғашқы күнделік үлгілерін жазғандар - орта ғасырлардағы саяхатшылар, елшілер, жылнамашылар. 1830-1831 жылдардағы Польша ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушы, поляк революционері Адольф Янушкевичтің Сібірде айдауда жүргенде қазақ даласында болып, сол кездегі адамдардың өмірі, халықтың тұрмысы, мәдениеті жайлы жазған хат-жазбалары, декабристердің мемуарлық мұралары, атақты жазушылар Л. Толстой, Ф. Достоевский, А. Чехов, И. Буниннің күнделіктері аталған жанрдың қалыптасуына кең өріс, мол мүмкіндік ашты. Қазақ ғалым-жазушылары арасында алғаш күнделік жазған - Шоқан Уәлиханов. Автордың «Қашқария күнделіктері», «Құлжа күнделіктері» - күнделік-әдебиеттің қайталанбас үлгісі, ғылыми-көркем шығарма. Ғ. Мүсірепов, М. Мақатаев, Б. Бұлқышев, Ә. Нұршайықов, М. Әлімбаев. М. Дүйсенов сынды қаламгерлер де күнделік жазған. Белгілі ғалым, мемлекет қайраткері М. Жолдасбековтың «Күндерімнің куәсі», Қазақстанның халық әртісі, режиссер А. Әшімовтің «Менің жанрым - күнделік» атты кітаптары да - күнделік жанрындағы жазбалар. «Елдің, халықтың тарихы болатыны секілді, әрбір кісінің де тарихы болады. Ол әрбір сәттен, сағаттан, күннен, тәуліктен, аптадан, айдан, жылдан тұрады. Сөйтіп, бүкіл өмір тіршілігің, сенің өмір шежіреңді құрайды. Басыңнан өткен әрбір күнді, әрбір оқиғаны есте сақтау мүмкін емес. Есте сақтаудың жалғыз жолы - күнделік жазу. Күнделік жазбасаң, соққан жел, көшкен бұлт секілді өміріңнен із қалмайды. Бәрін де есіңде сақтайтын, ұмыттырмайтын құдырет - күнделік. Шежірең анық болсын десең, үзілмесін десең, өмірің келешек ұрпаққа ұғынықты болсын десең күнделік жаз», - деп күнделік туралы ой толғайды М. Жолдасбеков «Күнделік - өткен күннің белгісі. Ол сенің жадың, ештеңені ұмыттырмайды, бәрін де сақтайды. Күнделік - сырласың. Онымен сырласуға, сөйлесуге болады. Ол сенің сыңарың, жан досың. Күнделік - сыншың, төрешің. Күнделік беттеріне қайта оралсаң, өткен күндеріңнің бәрінің бірдей сәтті бола бермейтініне көз жеткізесің. Қайсы біріне сын көзбен қарайсың. Өзіңді өзің түзеуге тырысасың. Күнделік - сенің тағдырың. Онда сенің қуанышың да, жұбанышың да, қайғың да, ренішің де - бәрі-бәрі жазылады. Күнделіктен ештеңе жасыра алмайсың. Оған өтірік жаза алмайсың, шындықты ғана жазасың. Шындықтан бөтен сөз күнделікке сыймайды. Жақыныңа айтатын сырыңды да оқушы осы күнделіктен табады. Күнделіктің үнемі жариялана бермейтіні де сондықтан . . . » Жазушы-ғалым Қ. Ергөбектің: «Күнделік - әдебиет. Мемуарлық әдебиеттің ішкі бір жанры. Күнделік - ойдың кені, творчестволық ойдың қайнары. Күнделік - қызық жанр, керекті жанр. Жанр келешегін бір сәт ойлап қойған жарасады», - деген көзқарасынан күнделіктің әдебиеттегі орнын, маңызды жанр екенін түйсінеміз Бар ғұмырын қазақ әдебиеті сынының тарихын зерттеуге арнаған, қазақ публицистикасының өсіп өркендеуі жолында үлкен еңбек еткен сыншы-ғалым, академик Мұхаметжан Қаратаев та күнделік жазған екен. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап, өмірінің соңына дейін жазылған күнделіктерден жазушының жеке өмірімен, сондай-ақ қоғам және әдеби өмір тынысымен танысуға болады. Академик М. Қаратаев күнделік жүргізуге өте ұқыпты қараған. Қайда барса да, қандай жағдайда болса да үзбей күнделік жазып отырған екен.
Қорытынды. Мұхаметжан Қаратаевтың әдебиет саласына соның ішінде әдебиет сынына қосқан үлесі өте зор. М. Қаратаев, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы, төрағасы қызметтерін атқарған. Қазақ совет энциклопедиясының бас редакторы болған. Ол жеті жүзден астам мақаланың, қырықтан астам кітаптың авторы. Ғылыми еңбектерінің негізгі арқауы - қазақ әдебиетінің тарихи жолы мен өсу сатылары, туған елдің топырағынан жаралып, ана сүтімен енген ұлттық дәстүр, оның жаңа сапада қалыптасуы, түр мен мазмұнның біте қайнасып, шеберліктің шыңдалуы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Кәкішов. Т. Жанр жайлауы. -Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
- Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. - Алматы: Арыс, 2007.
- Кәкішев, Т. К. Мерей. Ғылым. - биогр. жинақ. 2- томдық. Т. 1/ - Алматы, 2008.
- Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я. - Алматы: Аруна, 2005.
5. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. - Алматы: Балауса, 2010.
6. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т. 5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст. : Е. Іргебаев. - Алматы: Ел-шежіре, 2007
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Тақырыбы : Әдеби сын мен әдебиеттану тарихы және қазіргі әдеби үрдістің жаңашылдық қырлары.
Орындаған : Имангаликова Жанерке ФИ-201
Тексерген : Курмамбаева Карлыгаш Солтанбековна
Семей 2015 жыл
ЖОСПАР:
І. КІРІСПЕ.
1. 1. Әдебиеттану және сын туралы жалпы түсінік.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2. 1. Сыни ой-пікірлердің тууы мен дамуы
2. 2. Сын арналары
2. 3. Баспасөз және сын
2. 4. Дарындар сын додасында
2. 5. Қазіргі кезеңдегі сыни еңбектер және қазіргі қазақ әдебиеті сынының жай-күйі
2. 6. Әдебиеттану ғылымы
2. 7. Қазіргі Қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық ғылым ретінде туу, қалыптасу және даму жолының жүйеленуі.
2. 8. Әдебиеттану мен сынның өркендеуі.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.
ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінен үш кезеңді анық байқаймыз. Бірінші кезең - қазақ әдебиет сынының туу дәуірі. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған. Екінші кезең - қазақ әдебиеті сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Бұл процесс 1917-1937 жылдардың арасын қамтиды. Үшінші кезең - қазақ әдебиет сынының өсіп-өркендеу және әдебиеттану ғылымының қалыптасу дәуірі 1938-1985 жылдар аралығы.
Сын жанрының туу, даму жолдарына назар аударсақ халықтық эстетиканы сыни ойдың бастауы деп танып, халықтың көркемдік түсінік танымы мен талап талғамының өресін байқауға болады. Сынның негізгі қасиеттерінің бірі- ажарсыз бен келіссізді мінеу емес, ең алдымен адамның жан дүниесін, талап-талғамын әсемдік пен сұлулыққа, ізгілікке тәрбиелеу. Ауыз әдебиетіндегі тамаша көркемдік тәсілдердің мән-мағынасын жан-жақты талдап ашуға тиіспіз.
Қазақ ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерінде халықтық эстетиканың таным-түсінігін қалыптастыратын шұрайлы өрнектер мол, жиі кездеседі. Айтылар ой, қорытар пікір, берер баға өнердің, әсіресе сөз өнерінің қадір-қасиетін, өнерпаздың дарын қуатын айқындайтын халықтық эстетиканың әр алуан принциптері бой көрсетеді.
Сынның негізгі көрінер арнасы -газет пен журнал. Сын жанрының табиғаты көбінесе өзінің кезеңдік сипатына орай әлеумет көңіліне ой салып отырған көркем туындының мән-жайын оқушы қауымға түсіндіру міндетімен қатар сол шығарманы жазған авторға жәрдемдесу мақсатын көздейді.
19 ғасырдың соңғы ширегінде «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» патша үкіметінің отарлық саясаты мүддесінен ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ойдың тегеурінді дүмпуінің әсерінен де шыққан еді. Сондықтан патша үкіметі «қазақ оқығандарының ұлт баспасөзі жөнінде қойған талаптарын өз мүддесіне орай шешуге тырысты».
Қазақтың қоғамдық өмірінде пайда болған баспасөз орындары, әсіресе, «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаяты газеті» халықтың әлеуметтік сана-сезімін ояту бағытында бірқыдыру үлкен еңбек сіңірсе, екінші жағынан, қазақ әдебиеті сынының тууына дайындық жасады. Бұл кезеңдегі әдеби сын элементтері әлі де болсажалпы саяси-экономикалық, тарихи-әлеуметтік мәселелермен қабаттаса айтылып, мәнді арна табуға ыңғайы бар екенін танытты. Қазақ әдебиет сынының эстетикалық дәрежесі мен өрісі онша биік талапқа жауап беріп, алқалы өңірден көріне қоймағанымен ел-жұртты елең еткізер екпінін аңғартып, өзінің жанрлық сипатын «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде айқын танытты.
Қазақ әдебиеті сынының алғашқы мәнді толқыны 1921-1925 жылдар аралығында өтті. Бұл тұста әдебиеттің жалпы проблемасынан гөрі жеке дарындардың күш-қуатын, алған бағытын, ұстанған мұратын айқындау мәселесі төңірегінде пікір сайыстары болды. Әдебиетте аты шыққан өкілдерінің шығармалары сарапқа түсті.
Жаңа заманның негізгі идеялары жер-жерде ерікті-еріксіз өріс алып, идеологиялық қаруға айналғанда, төңкерісшілдік тенденция көпшіліктің өрікпеген көңілінен шығуға талпынды. С. Сейфуллин оған серке болды. Оның қоғамдық, мемлекеттік ісі, әлеумет алдындағы абыройы 1922 жылы үш кітабын шығаруға жағдай жасады. Сәкеннің «Қызыл сұңқарлар» пьесасы бірінші болып сыналды. Оның жеке өлеңдері де, оқыған дәрістерінің мазмұндамасы да, мақалалары да оңды-солдысыналып, мінелмеген күні аз.
Осы сияқты көптеген ақын-жазушылардың еңбектері сыннан өтіп жатты. Оларда әр түрлі көзқарас, пікір туындап отырды. М. Дәулетбаев «Сын орнына қисынсыз құн» деген мақаласында сынның әдепті, мәдениетті болуын айта кеткен.
Қазақ әдебиеті сынының қанат қағу шағында нақты сындар жалғыз Сәкен төңірегінде емес, Мұхтар Әуезовтың «Бәйбіше-тоқал» трагедиясына жазған Д. Ысқақовтың мақаласынан көруге болады.
Сонымен қатар әдебиет жанрлық жағынан қалыптасуға бет алған шағында жеке дарындар ерекшеліктеріне, әдебиеттен алар орындарына, көркем туындыларының деңгейіне назар аудару Сәкен, Мағжан, Мұхтарлардың ғана емес, басқа ақын-жазушылардың жалпы бағдарын айқындап алуға жағдай жасады.
Сәкеннің жеке өлеңдері де, оқыған дәрісінің мазмұндамасы да, жазған өткір мақалалары да оңды-солды сындалып, мінелмеген күні аз. 1923-24 жылдары «Сынға мін», «Сынға сын», «Журналист, жазушы, ақын һәм оқушы», «Сын орнына қисынсыз түн», «Қазақ әдебиетінің тарихынан», «Қисық сынға әділ төре», «Сынау һәм сынауды сынау», «Қисынсыз жала» деген мақалалар Сәкенге, Сәкеннің кітаптары мен шығармаларына байланысты жазылып, сын базарын күшейтті.
Сәкенді жақтаушылар болсын, сондай-ақ даттаушылар болсын бірінен кейін бірі туындап жатқан мақалалар авторлары, сайып келгенде, жаңадан қанат қомдай бастаған жас әдебиетті жақтау не жоқ ету мақсаты көздегенін жақсы ұқты. Сондықтан төңкерісшіл әдебиетті жақтаушылар үстем идеологияға арқа сүйей отырып өздерінің ой-пкірлерін ашық айтып, даттаушыларға қарсы шықты.
Әлеуметтік өмірдегі адуынды жаңалықтар әдебиет саласында әр қилы жаңа түрді, жаңа тәсілді талап етті. Бұрынғыша мимырт қозғалмай, замана ағымына сай келетін екпінді түр, бұрынғыдан өзгеше де әсерлі сөз керек деген қисындар айтыла бастады.
Адамзат тарихы, оның ішінде көркемдік даму заңдылығы ешқашан да ойдым-ойдым, үзік-үзік құбылыстардан құрылмайды. Оның өсіп-өркендеу процесінде тарихи желі әрқашан да сақталып отырады. Өйткені қай елдің болмасын тарихи өсу-өркендеу процесі, тіршілік арнасы үзік-үзік болмай, бір-біріне жалғасып жатады. Қай халықтың болса да әдебиеті бір күнде, бір жылда жасалмайды.
Біз, әдетте, қазақ әдебиетінің өркендеу, тарихи сахнаға шығу, әлем әдебиетінің қатарына қосылу жайын сөз еткенде негізгі үш арнаны жадымыздан шығармаймыз. Сондықтан тарихи сабақтастықты сақтау принципін басшылыққа алған және түркі жазбаларының қазақ әдебиетіне қатысы бар деген концепция шын ғылыми ой-пікірден туып отыр.
Қазақ әдебиетінің өркендеуіне ықпал жасаған үш арнаны сөз еткенде халықтың көркемдік таным-білігі мен түйсігін қалыптастырған ұлттық әдебиеттің дәстүрін барынша тиянақтап баяндағанымыз абзал. Өйткені бүгінгі мәдениетіміз бен әдебиетіміз ғайыптан пайда болған жоқ, бұрынғы мәдени-әдеби мұралардың жаңа заманда гүлдене дамуы кезінде өркен жайып отыр. Қазіргі қазақ әдебиеті тек сырт әсерлерден ғана емес, ең алдымен өзінің арғы бастауларынан нәр алып, қиянға қанат қаққан әдебиет. Олай болса, оның арғы бастауын тек ауыз әдебиетімен, Абаймен шектеп қою да аздық етеді.
Сондай-ақ ХV-XVIII ғасырлардағы ақын, жырау, жыршылардың шығармалары әдебиетімізді сусындатқан бір бұлақ. Олардың қандай мән-мағынасы бары әрине талғаусыз, елеусіз қалатын жайт емес, алайда халықтың көркемдік түсінігін, эстетикалық талап-талғамын қалыптастырудағы тарихи рөлін ешкім жоққа шығара алмайды. Демек, әдебиетіміздің даму арналарын сөз еткенде бұл салаларды естен шығармау қажет және әдеби мұра ретінде оның тағдырына назар аударып отыру шарт. Өйткені «өнер - еріккеннің ермегі емес. - А. В. Луначарский пікірімен айтқанда, я өзінің төңірегіндегілерді нұрландыру үшін өзі жасағанды да, оны тамашалағандарды да әсем де ажарлы образдармен ләззаттандыру үшін ғана емес, қоғамдық айрықша зәру қажеттіктен туған болатын».
Ал сын әрқашан әдебиеттің шыққан биігін танып-білу, оны қалыптастыру, алынар қамалды бағдарлау мақсатын көздейтінін ескерсек, көбіне-көп әдеби процесске тәуелді болатындығын ұмытпасақ, оның сол кездегі тіпті қазіргі жай-күйі өзінен-өзі айқындалады. Міне, осындай кезде толмаған Толстойлар мен шала Шекспирлерді насихаттау, дүниеге келтіру, таныту процесі басталмақ, 70-80 жылдарда осындай жайлар көп болды.
Әдебиет тарихы әуелі сыннан басталып, содан кейін көркем шығармаға кенелген кезеңді тарих білмейді. Пушкинсіз Белинский болмайтыны айдан анық. Әрине қолына қалам ұстағандардың бәрі Пушкин, оның үстіне білгендердің бәрі Белинский емес. Алайда сабасына қарай піспегі болары даусыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz