Экологиялық нормалау түрлері жайлы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Экологиялық нормалау түрлері
Орындаған: Бликс Айгерім
Тобы: БЖ-215
Тексерген: Жұмабеков С. Ж.
Семей-2015
Жоспары:
- Экологиялық нормалау туралы жалпы түсінік
- Экологиялық жүктеме
- Гигиеналық нормалау
- Санитарлы-гигиеналық жəне санитарлы-эпидемиологиялық нормалау
Экологиялық нормалау түрлері
Экологиялық нормалау - қағидалардың (нормалардың) және олардағы қамтылған қоршаған орта жай-күйiнiң және оған әсер ету дәрежесiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiнің (нормативтерiнің) жүйесi.
Экологиялық нормалаудың мақсаты
1. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлiлiктi сақтауды қамтамасыз ететiн қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсердi белгiлеу болып табылады.
2. Экологиялық нормалау процесiнде қоршаған орта сапасының нормативтерi, эмиссиялар нормативтерi және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгiленедi.
Табиғатты пайдаланудың маңызды мəселелерінің бірі - қоршаған ортаның сапасын арттыру. Орта сапасының негізгі критерийлеріне сол немесе басқа экожүйеге тəн тірі организмдердің тіршілік етуі мен олардың жағдайы жатады. Ластағыш заттардың шекті концентрациясы мына шарттарға сəйкес келуі керек:
• тірі заттың газдық, концентрациялық жəне тотығу-тотықсыздану функциялары бұзылмауы керек (тап осы функциялар экожүйенің геохимиялық өзін-өзі тазарту процестерін реттейді) ;
• біріншілік жəне екіншілік өнімнің биохимиялық құрамы қандай да бір қоректік тізбектегі тіршілік функциясын бұзатындай болып өзгермеуі керек (тек осы экожүйеде ғана емес жəне оның сыртында да) ;
• биологиялық өнімділік төмендемеуі керек;
• экожүйенің тіршілік етуіне қажет генофонд сақталуы керек.
Аталған шарттар бұзылса, бұл экожүйе техногендік трансформацияға ұшырап, техногендік əсердің критикалық (шектен тыс) жағдайында ол бұзылуы мүмкін (экологиялық апат) .
Экожүйені
орташа табиғи (қалыпты) жағдайынан шығара алатындай қандай да бір əсерден туған экожүйедегі кез келген жүктеме
экологиялық жүктеме
деп аталады.
Шварцтың ойынша, сапалы биогеоценоз (қалыпты жұмыс жасайтын) келесі талаптарға сай болуы керек:
1) қоректік тізбектегі барлық негізгі деңгейдегі өнім (биомасса) жоғары. Фитомассаның зоомассадан артықшылығы байқалмайды. Бұл көп мөлшердегі оттегінің, өсімдіктер мен жануарлардың синтезін қамтамасыз етеді;
2) жоғары өнімге жоғары өнімділік сəйкес келеді. Биомассаның мөлшері əртүрлі трофикалық деңгейдегі биомассаның шығынының максималды орнын толтыруға тырысады;
3) биогеоценоздың тұрақтылығының жоғары болуы; биоценоз гомеостаздың арқасында (тұрақтылыққа ұмтылу) динамикалық тепе-теңдік жағдайында болады;
4) зат пен энергия алмасудың жоғары жылдамдықпен - жүйенің биологиялық өзін-өзі тазартудың максималды жылдамдығымен жүреді;
5) экожүйенің өнімділігі мен тұрақтылығының жоғарғы деңгейі қауымдастық құрылымының тез қайта құрылуы мен популяция түрінің эволюциялық өзгерістерге қабілеттігімен бірге жүреді. Бұл ортаның шарты өзгергенде де биогеоценоздардың қалыпты жағдайда болуын қамтамасыз етеді.
Қоршаған ортаға əсерді толығырақ бағалау үшін кейінгі кездері басқа критерий қолданыла бастады. Шекті мөлшерлік экологиялық жүктеме (ШМЭЖ) (ПДЭН - предельно допустимая экологическая нагрузка) ; су үшін шекті рауалы төгінді ШРТ (ПДС-предельно допустимый сброс) г/с; ауа үшін шекті рауалы шығарынды ШРШ (ПДВ- предельно допустимый выброс), г/с. Бұл шамалар уақыт бірлігі ішінде өндіріс орындарының қоршаған ортаға əсерін сипаттайды, сонымен қатар бұл мəліметтер өнеркəсіптің экологиялық паспортына немесе сол күшке ие басқа құжаттарға енгізілуі шарт.
ШМЭЖ (ПДЭН) - қоршаған табиғи орта сапасын өзгертпейтін немесе экожүйені бұзбайтындай маңызды популяцияларда қолайсыз жағдайлар туғызбайтындай етіп шекті мөлшерде өзгертетін жүктеме қоршаған ортаға мөлшерлі (рұқсат етілген) анторпогенді жүктеме (ШМЭЖ) деп аталады.
ШМЭЖ-ді анықтаған кезде экожүйе мен белгілі бір популяциялардың қалыпты тіршілік етуін білу керек, биосфераның (табиғи) фондық ластануын, ластағыштардың тұрақтылығын, қоректік тізбек сатысымен олардың бір ортадан екінші ортаға өтуін, жоғарғы трофикалық деңгейде жиналуын ескеру қажет. Мұндай заттарға хлорорганикалық пестицидтер (ДДТ, делдрин жəне т. б. ), полихлорбифенилдер (ПХБ), кейбір ауыр металдар (Нg, Pb) мен радиоактивті өнімдер жатады. Мысалы, жағу материалдарының, гидравликалық сұйықтар мен синтетикалық шайырлардың (смолалардың) құрамында ПХБ бар. Оларды қоқыстарға төккенде немесе толығымен жанбағанда, олар қоршаған ортаға түседі.
Сондықтан тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігі мен генетикалық фондының сақталуына кепілдік беретін, адамдардың шаруашылық қызметі барысында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен өндіруді қамтамасыз ететін қоршаға табиғи ортаға əсердің шекті рауалы нормасын анықтау үшін қоршаған табиғи орта сапасының нормативтері тағайындалады.
№160-1 15 шілдеде 1997 ж. қабылданған ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының VІІІ бөлімі қоршаған орта сапасын нормалауға арналған (35-45 баптар) .
Қоршаған орта сапасын нормалаудың мақсаты - қоршаған ортаны ластаудың алдын алуға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен өндіруге кепілдік беретін адамның қоршаған ортаға əсер етуінің ғылыми негізделген шекті рауалы нормаларын тағайындау .
Əсер дегеніміз - экономикалық, рекреациялық, мəдени жəне т. б. шараларды жүзеге асыратын жəне табиғи ортаға айтарлықтай өзгерістер енгізетін адамдардың антропогенді қызметі. Кері əсердің ең кең тараған түрі - адам денсаулығы мен өміріне, өсімдіктерге, жануарларға жəне экожүйеге зиянын тигізетін ластану .
Адамның əсері ластанудан кеңірек: ресурстардың таусылуы, табиғи экожүйенің жойылуы, қоршаған табиғи ортаға жүктемені арттыруға байланысты өнім сапасындағы стандарттардың бұзылуы.
Табиғи ортаны нормалаудың басты шамасы - ШРК, осының негізінде табиғатты қорғау шаралары, оған кеткен шығындар есептеліп, табиғатты пайдаланғаны үшін төлемдер тағайындалады .
ШРК тек зиянды заттарға ғана емес, сондай-ақ атмосфералық ауаны, суды, топырақты ластайтын зиянды микроорганизмдер мен басқа да биологиялық заттар үшін белгіленеді, адам денсаулығын қорғау, генетикалық фондтың сақталуын, өсімдік жəне жануарлар əлемін қорғау саласындағы қоршаған табиғи орта жағдайын бағалау үшін тағайындалады.
Егер ШРК тағайындалмаған болса:
¬ уақытша рауалы концентрация (УРК) ;
¬ болжамды қауіпсіздік əсер деңгейі (БҚƏД - ОБУВ ) ;
¬ шекті рауалы доза (ШРД) ;
¬ шекті рауалы деңгей (ШРД) - (мысалы, қоршаған табиғи ортадағы жəне тамақ өнімдеріндегі радиоактивті заттардың қауіпсіз мөлшері, тұрғындардың радиация сəулеленуінің шекті рауалы деңгейі) .
Тамақ өнімдеріндегі зиянды химиялық заттарға шекті рауалы қалдық мөлшері, суқоймалары мен басқа да сумен қамтамасыз ету көздерін, курорттарды, сауықтыру демалу зоналарды, елді-мекендер мен басқа да территорияларды ластанудан жəне басқа да зиянды əсерлерден қорғаудың санитарлық жəне қорғау зонасының нормативтері тағайындалған.
Адам денсаулығының жағдайы ортаның сапасының маңызды критерийі болып табылады, себебі ол ортаның химиялық, физикалық, биологиялық факторларының комбинацияланған,
кешенді, қосынды əсерлеріне ұшырайды.
Қазіргі кезге дейін адамның денсаулығын сақтауға бағытталған санитарлық-гигиеналық нормативтер тағайындалған. Қазіргі кезде экологиялық нормативтерді тағайындау қажет болып отыр. Олар барлық экожүйеге, адамның денсаулығындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Нормалаудың тағы бір түрі - ластағыш заттардың шығарындыларының рұқсат етілген көлемін анықтау (ШРШ - атмосфераға шығарылатын зиянды заттектердің шекті рауалы шығарындысы, ШРТ - ақаба сумен төгілетін зиянды заттардың шекті рауалы төгіндісі) .
Бір затқа тағайындалған ШРК-ның деңгейі тек сыртқы ортаның əртүрлі компоненттеріне (ауа, су, топырақ жəне т. б. ) ғана емес, сондай-ақ əртүрлі мемлекеттерде де əралуан. Сондай-ақ ол объектіге, аймаққа (Аймақтық ШРК), орынға (Атмосфераның ШРК-сы: жұмыс зонасының, өндіріс ауданының, елді мекеннің; судың ШРК-сы: тұрмыстық-шаруашылық, балықшаруашылығы;
топырақтың ШРК-сы: егістік қабаттың; өндіріс территориясының, тұрғын аймақтардың) тəуелді болады.
Ортаның жағдайы атмосфераға, гидросфераға, литосфераға тағайындалған келесі критерийлер:
Табиғи экожүйедегі экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін ол өзін-өзі реттеу функциясын орындай алу керек; қоршаған табиғи ортаның сапасы нормативтерге сай болуы керек. Сонымен, нормативтерді дайындау 3 бағытта жүреді:
1) гигиеналық (санитарлы-гигиеналық - адам денсаулығын сақтау үшін, балық шаруашылық жəне токсикологиялық ШРК) ;
2) экологиялық (жалпы экожүйеге жəне адам денсаулығы үшін) ;
3) қоршаған табиғи ортаға түсетін ластағыштар көлемін (ШРШ, ШРТ) реттеу .
Гигиеналық нормалау
Гигиеналық нормативтер - қоршаған табиғи ортаның сапасын бағалау үшін дайындалған нормалар, ережелер жəне реттеулер жүйесі (1. 2. 1-сурет) .
Олар адам денсаулығын қорғау жəне кейбір өсімдіктер мен жануарлар əлемінің популяциясының генетикалық фондын сақтап қалу мақсатында тағайындалады. Гигиеналық нормалау адам өмірінің тұрғын үй тұрмыстық жəне өндірістік сфераларды қамтиды. Тағайындалған жəне бекітілген нормативтер ТМД елдерінің барлық территорияларында міндетті түрде орындалуы тиіс.
Ауыз су үшін кейбір заттардың ШРК-сы 1939 жылы бекітілген. Қазіргі кезде əртүрлі мақсаттағы су объектілері үшін тағайындалған ШРК-ның саны 2000 жетіп қалды.
1951 ж.
Атмосфералық ауаға 10 затқа ШРК-сы тағайын-
далса
, қазір олардың саны 500-ге жетті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz