Қоғамдық өндіріс ұйымдастыру формалары жайлы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қоғамдық өндіріс ұйымдастыру формалары

Орындаған: Аукенов Д. А.

Топ: Е-415

Тексерген: Габдуллина Л. Б

Семей-2015

Жоспар:

1. Қоғамдық ұйымдастыру формалары.

2. Тауар ұғымы. Оның қасиеттері. Құн және баға ұғымдары.

3. Ақша оның түрлері. Қызметтері. Тарихи даму кезеңдері.

4. Нарық ұғымы, жіктелуі. Нарықтың экономикалық артықшылығы және кемшілігі.

5. Бәсеке ұғымы, түрлері. Модельдері жетілген және жетілмеген.

Өндірісті ұйымдастыру : Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру - өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндірісті ұйымдастыру үйлесімділік, ырғақтылық және өндірістің үздіксіздігі қағидаттарына негізделеді. Ол түрлі әдістермен жүзеге асырылады, олардың ең бастылары: тасқынды, топтамалық және жеке-дара әдістер. Өндірісті ұйымдастыру элементтік (атқарымдық), кеңістіктік, уақыттық бөліктерге ажыратылады. Ол өнеркәсіп өндірісінің барлық буындарын - салалықжәне ішкі салалық экономикадан бастап жұмыс орнына дейін қамтиды. Өндірісті ұйымдастыру қоғамдық және жекеше нысандарға бөлінеді. Қоғамдық нысан қоғамдық еңбек бөлінісінен туындайды және өндірістің мамандануы мен кәсіпорындардың мамандануын, кәсіпорынның ұтымды мөлшерін таңдауды және негіздеуді, өндірістің құрамдастырылуын, кәсіпорындардың кооперациялануын қамтиды. Өндірісті жекеше ұйымдастыру бірыңғай еңбек бөлінісінен туындайды, ол еңбектің кәсіпорын ішіндегі бөлінісі мен ұштастырылуын қамтиды. Өнеркәсіп өндірісін кеңістікте ұйымдастыру өнімді дайындау үдерісінің жеке үдерістерге бөлшектелуінен және кәсіпорынның жекелеген өндірістік буынынан тұрады. Осы деңгейде өндірісті ұйымдастырудың үш түрін бөліп алуға болады, олар: үдерісті жұмыс орнында, цех ішінде және цехтардың арасында ұйымдастыру. Негізгі өндірісті ұйымдастырумен қатар көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Олардың атқарымдық міндеті - машиналар мен жабдықтардың қалыпты жұмыс жағдайында болуын қолдау, энергиямен, еңбек заттарымен, құрал-саймандармен, аспаптармен, бейімдемелермен қамтамасыз ету. Көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастыруда кәсіпорын мен басқа да бөлімшелердің аспаптық және жөндеу өндірісінің, көлік және энергетикалық шаруашылықтарының жұмысын ұйымдастыру қамтылады. Өндірістің оңтайлы ұйымдастырылуы тиісті сапада өнім өндіру көлемінің ұлғайтылуын, бұйымдардың жетілдірілуін, еңбек өнімділігінің арттырылуын, өндіріс шығынының азайтылуын, еңбек жағдайының жақсартылуын, кадрлардың мәдени-техникалдық деңгейінің көтерілуін қамтамасыз етеді.

Тауар - мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық обьект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Тауарды жасарда оны дайындаушы үш деңгейлі идеяны қабылдауы керек. Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы осыған тікелей байланысты. Сондықтан зетртеудің негізгі мақсаты - нарықтағы тауардың шынайы сұранысын анықтау, оны ұтымды өлшемде шығару үшін не қажеттігі, оның техникалық сипаттамасы, экономикалық негізделген баға саясаты. Зерттеудегі негізгі бағыттың бірі-сол тауар шығаратын фирманың бәсекелестік қасиетін талдау, тұтынушылық сапасын салыстыру, баға, өндірісті өзіне ұқсас бәсекелестік тудыратын фирмалардың көрсеткіштерімен салыстыру. Ғылыми-техникалық және тәжірибе конструкторлық әдістер жүргізу нәтижесінде, байқалған кемшіліктер түзетіледі. Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап табу мен өндіру кәсіпорынның өркендеуіне шешуші болып саналады. Сонымен бірге, шетел баспасы былай деп көрсетіп отыр, коммерциялық табыстар тауарды ойлап табу үшін (мысалы, барлық шығынды өтейтін және нарыққа шығаратын) 60 шақты жаңа идеяны зерттеп білуді және соның ішінен нарықтың болашақ талабына жауап бере алатынын дұрыс таңдап алу қажеттігін түсіндіреді. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек. Бұдан келіп екі талап шығады: біріншіден: жаңа қажеттілікті болжау және жинақтау; екіншіден: шетелдік көсіпкерлердің тәжірибесі көрсеткендей, нарыққа шығарылған 10 өнімнің 8-і олардың артқан үмітін ақтамайды десек, онда жаңа тауарды коммерциялық құлдырауға әкеліп соқтыратын себеп қандай? Сөйтсек “жер асты су тастары” тізімінде бірінші болып сұраныс көлемін қате анықтау (45%) одан кейін тауардың кемшіліктерін (29%) жарнаманың жеткіліксіздігі және тауарды өткізуге аз жұмсалуы (25%), жоғары баға (19%), бәсекелестердің жауаптары (17%), нарыққа шығатын уақыттың тиімсіздігі (14%), кәсіпорынның шешілмеген проблемалары (12%) көрсетілген. Сондықтан, ең бастысы, жаңа тауарды таңдау кезінде кәсіпорын проблемасына басты көңіл аудару қажет. Сол себепті құрастыру кезінде жаңа техникалық және технико-экономикалық өрлеуге емес, “жаңа нарықтық тауардың” пайда болуына молырақ көңіл бөліну керек. Жаңа идея қабылданғаннан кейін фирма жетекшілері келесі хабарламаларды зерттеуді жалғастырады:

1. Конструкциялық және технологиялық табыстың мүмкіндігі.

2. Эксперименталдық жұмысқа жіберілген шығын.

3. Жаңа өндіріске ақша бөлу немесе ескіні модернизациялау.

4. Жұмыс кезеңін аяқтау уақыты.

5. Ғылыми- зерттеу және тәжірибелі- конструкторлық жұмыс өткізуге қосымша қаржы тартудың қажеттілігі.

6. Тауардың нарыққа шыққан кездегі және одан кейінгі уақыттағы нарықтағы өтуін барлау.

7. Бәсекелесушінің мінез-құлығы.

8. Тауарды қажет етуші, нарық секторы.

9. Болжауды баға және оның өту көлеміне қатысы мен бәсекелестер қызметі.

10. Қарсыластардағы бәсекелес тауардың пайда болу мүмкіндігі (уақыты, тауардың сапасы) .

Тауардың қасиеттері: т ауарлы өндірісте шешуші категория тауар болып табылады. Оның мәнін әркім әр түрлі түсінеді.

Маркстік теорияда тауар сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұдан шығатыны:

- тауар тек адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын зат болып табылады.

- тауар еңбек жұмсалған зат, мысалы ормандағы жидектер оларды теруші үшін тауар емес, бірақ оларды теруге еңбек жұмсалғаннан кейін тауар бола алады.

- тауар сатуға арналған

Құн - тауар өндіруге жұмсалған және осы тауар түрінде затқа айналған қоғамдық еңбекті көрсететін саяси экономия санаты; бір заттың ақшалай құндылығы немесе оған жұмсалған шығынның мөлшері. Құнның ақшалай көрінісі (баға) және құн санатының анықтамасы - экономикалық теория мен тәжірибенің негізгі мәселелерінің бірі. Экономика ғылымында бұл мәселеге екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Классикалық және маркстік теорияда құн жеке адамға қатысы жоқ санат ретінде қаралып, ұсталған не жұмсалған шығын бірінші орынға қойылды. Еңбек құны теориясы тұрғысынан ол тауар түріндегі затқа айналған сапа жағынан бір текті абстрактіліқоғамдық еңбек болып табылады. Құн тек айырбас үдерісінде ғана жұртшылыққа танылған жеке еңбек өнімдеріне, яғни қоғамдық тұтыну құны бар тауарларға тән. Тауар құнының мөлшері рынокта еркін белгіленеді және қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен айқындалады. Құн ақшаға айналдырылып бағаланатындықтан, нарықтық экономикада жетекші рөл атқарады. Құн заңы - нарықтық шаруашылықтың реттеушісі, ол тауар өндірісінің, нақты және заттанған еңбек бөлінісінің барлық үйлесімін баға арқылы айқындайды. құн мен баға - ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік, сән, инфлияция және т. б. факторлар ықпал жасайды. Баға - тауар құнының ақшалай өлшемінің модификациясы.

Ақша түрлері - тауарлардың құнын көрсететін, жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын төлем құралы.

Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:

  • толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) ;
  • толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері) .

Ақша соғу, оны айналымға енгізу ісі және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың жоғарғы деңгейге жеткен көрсеткішіне саналады. Ежелгі көшпелілердегі тауар айналымы айырбас (мал, аң терісі, алтын, күміс кесектері, сәндік және т. б. заттар) түрінде өтті. Көшпелілер мен отырықшы елдер арасында сауда-саттық қатынастары Жібек жолы бойымен айырбас тауар ретінде қарқынды дамыды. Түркі дәуірінің монеталарының аверс бетінде басылған таңбалар, реверс бетінде жыртқыш аң бейнеленген. 704-766 жылдары Тараз шаһарында соғылып, айналымға енген қола теңгелер Түргеш мемлекетінің қуаттылығын білдіреді. Қазақ жерінде түргештердің саудалық әрі жәрмеңкелік қалашықтары Суяб пен Тараз сол дәуірлерде қарқындап өркендеді.

Нарық [1] - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар ( сатып алушылар ) арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері - құн, баға, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экон. қарым-қатынас олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату арқылы көрініс табатын тауар өндірісі жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін заңға бағындырылған. Сұраныс пен ұсыныс заңы осыны жүзеге асыру нысаны ретінде әрекет етеді, оның іс-әрекеті айырбастың баламалылығын, ақша және тауар ағынының, төлем қабілеті ағынының, төлем қабілеті бар сұраныс пен ұсынылатын тауарлардың (қызметтердің) ара салмағын айқындайды. Нарық қатысушылардың бәрін, бір жағынан, бәсекеден, банкроттықтан, т. б. туындайтын экономикалық мәжбүрлеу арқылы, екінші жағынан, материалдық ынталандыру (пайданы молайту, т. б. ) жолымен тауарлар мен қызметтердің жоғары сапада болуына, өндіріс шығынын азайтуға, тұтынушыларды ойдағыдай қанағаттандыруға бағдарлайды. Нарыққа тауар өндірушілердің тәуелсіздігі, олардың толық дербестігі, тауарлардың бағасын еркін белгілеуі, тұтынушылар мен жеткізуші-лерді еркін таңдауы, тауар өндірушілердің, сатушылардың өткізу бәсекелестігі тән. Мемлекет нарықтық қатынастарды ретке келтіру, шаруашылықты жүргізудің нарықтық нысандарының теріс зардаптарын барынша азайту, халықтың жекелеген топтарын әлеум. жағынан қорғау шараларының кешенді жүйесін әзірлеп, жүзеге асырады. Мұндай реттеу нысандары құрылымдардың (биржалардың, жәрмеңкелердің, жарнамалық және басқа агенттіктердің) жұмыс істеуі ережелерін белгілейтін заңдық және басқа нормативтік актілер жатады. Бағаны мемлекеттің реттеп отыруы, тауарлар мен қызметтердің кейбір түрлеріне тұрақты баға белгілеу немесе жәрдемқаражат белгілеу нарықтың жұмыс істеуіне айтарлықтай ықпал жасайды. Тауарлар нарығы тікелей тауар айналысы, ақшаны тауарға және тауарды ақшаға айырбастау саласы нарықтық жүйенің өзегі болып табылады. Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де - жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де - елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық тәрбиенің әдістері
Экономикалық тәрбие
Экономикалық тәрбие жайында
Табиғат және қоғам, олардың өзара қарым - қатынасы
Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі
Басқару аппаратында
Тәрбиенің басқа салалармен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбие
Кәсіпкерліктің маңызы жоне қызметтері
Өнім сапасы және оның бәсекеге жарамдылық
Жеке-дара ұдайы өндіріс теориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz