Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері


Мазмұны
Кіріспе . . . …… . . . 3
1. Қолөнер-мол өнер. Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің шығу және даму тарихы.
- Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы және түрлері . . . ……. . 6
- Қазақ кесте өнерінің шеберлері . . . ……19
2. Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері.
- Кесте өнері және оның түрлері, қажетті құрал-жабдықтар, тігу технологиясы . . . . . . 22
- Шығармашылық жұмыс, ізденіс жолдары, жұмыстың орындалу барысы. . . . 35
3. Мектеп оқушыларына үйірме жұмыстарында кесте тігу өнерін оқытып, үйрету әдістемесі.
- Үйірме жұмысының жылдық-күнтізбелік жоспары . . . …. . 36
- Кесте тігу өнерін оқушыларға үйретудің сабақ
жоспары . . . 40
- Сәндік қолданбалы өнер саласы бойынша оқушыларға эстетикалық тәрбие беру процесі. 45
Қорытынды . . . 49
Әдебиеттер . . . 52
Қосымшалар
Кіріспе
«Шеберлінің қолы-алтын» - деп дана халқымыз айтқандай қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халық қолөнері бұл күнде қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысы болып отыр. Кешегі ата-баба мұралары қазіргі кезде қолға алынып, жалыұпен қайта қауышып, жүректерден орын алуда.
Қазақ қолөнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым технологиясын осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп, өсіп келе жатқан жасөспірімге қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттырып, шеберлігін дамытуға осы дипломдық жұмыстың әсері болар деген сенімдемін. Бұл дипломдық жұмыста кесте өнерінің шығу даму тарихы, кестенің түрлері, олардың жасалу, тігілу технологиясы, қажетті құрал-жабдықтары жазылып көрсетілген.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде «Сәндік Қолданбалы өнер» бағытында сабақ жүргізіліп келеді. Онда оқушыларды қазақ халқының төл өнерінің тарихымен таныстырып, олардың өзіндік өнеге үлгісін, бейнелеу ісін орындаудың технологиясын, бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы орындау мәселелері қарастырылады. Осы мұраларды қоғамдық өмірде тиімді пайдалана білу үшін оны тереңірек оқып үйреніп, толық дәрежеде игеру қажет.
Қазіргі кезде біздің елімізде жаппай ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуі, экономика, мәдениет, білім, өнер салаларының дамуы басты мақсатқа қойылып отыр. Ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан бенелеу өнерінің шығармаларын, қолөнер туындыларын, олардың тарихтарын жас ұрпақтың бойына сіңдіру, қазақ халқының өнерімен шет елдерді таныстыру менің де басты міндетім деп білемін. Мен дипломдық жұмысымда Сәндік қолданбалы өнердің бір турі кестелеу өнерін оқушыларға үйретіп, тігу жолдарын, әдістерін қарастырдым. Ерте заманнан келе жатқан кесте тігу өнерін осы күнде мектеп қабырғасында сыныптан тыс үйірме жұмыстарында үйретудің жүйелі жоспарын құру арқылы жасап шығару, сонымен бірге осындай жұмыстар арқылы балаларға эстетикалық тәрбие бере отырып, оқушының ой-өрісін дамыту және патриоттық сезімін ояту болып табылады.
Тақырыптың көкейкестілігі: өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дүние танымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбиенің мәні әрбір адамның әсем өмір сүруіне, әсемдікті жан-жақты қырынан көре білуге эстетикалық тәрбие беру процесінде адамдардың сезімі, талғамы, көзқарасы, идеясы қалыптасады. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру олардың көркемдік білімге дейін көтеру мәселесі бүгінгі таңда айрықша мәнге ие. Оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып, оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Дипломдық жұмысымның мақсаты: Оқушыларға сыныптан тыс үйірме жұмыстарында кесте тігудің технологиясын үйрету арқылы олардың халық өнеріне деген сүйіспеншілігін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру. Қолда бар халық қолөнерінің нәрін тиімді пайдаланып, оны ізденімпаздықпен жаңарта отырып келешек ұрпақтың бойына сіңіру.
Дипломдық жұмысымның міндеттері:
- Оқушыларға сыныптан тыс үйірме жұмысы кезінде кесте тігу өнерінің теориялық негіздерін айқындау.
- Оқушыларға кесте тігу барысында әр түрлі ою өрнектер нақыштарын қолдануды үйрету.
- Толық тігіліп біткен жұмысты безендіру әдістерін үйрету.
Зерттеу жұмысының обúектісі: Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс үйірме жұмысы.
Зерттеу нысанасы: Бейнелеу өнерінің түрі сәндік қолданбалы өнер саласы бойынша кесте тігу өнерін игеру жолдары.
Жұмыстың әдістемелік жаңалығы:
- Кесте тігу өнерінің мектептегі сыныптан тыс үйірме жұмысы барысында жүргізудің жолдары мен әдістері айқындалады.
- Кестеленетін жұмыстың мұражай экспонаты ретінде дайындалуы қаралады.
Практикалық құндылығы: Дипломдық жұмыстың жазба бөлімінде берілген мәліметтер: кесте өнері, кесте өнерінің түрлері, кесте тігу өнерінің технологиясы, жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс үйірме жұмыстарында, сондай-ақ жеке тапсырыстар бойынша жұмыс жасайтын шебержаналарға көмекші құрал ретінде пайдалануға қажет.
1. 1. Қазақ Сәндік қолдабалы өнерінің тарихы және түрлері.
Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол, өнерін, мәдениетін қалыптастырады. Қазақ халқының қолөнері санау ескі заман тарихымен бірге өсіп. Біте қайнап келе жатқан өте бай қазына. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.
Қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбез-күн тіршілік барысында пайдаланса, әсем бұйымдар жасап өмірде сән салтанат құра білді. Халық шығармашылығының қандай түрі болсада халық өмірі мен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, кәсібімен тығыз байланысты болады.
«Өресі биік, өрісі кең» өнер атаулының қай саласынан болсын жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқыда өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. өнердің түрі көп. Бізді қоршаған өміріміздің барлығы өнер. Ал қандайда болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін халық.
Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері атадан балаға мұра болып біздің заманымызғада жетті. Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылармен коллекционерлердің ғана емес, ғалым этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келеді.
Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап қалуы парыз. Атадан балаға мұра болатын қолөнерін жалғастырушы шеберлер әрқашанда халық арасында құрметті.
Қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді.
Қолөнердің қайнар көзі-еңбек екенін М. Горькийдің еңбек туралы, оның адамды ұлы данышпан ететін ұлы күш екенін айтатын аталы сөзін айтуға болады. Еңбек адамның іскерлігімен ой-өрісін ғана өсіріп қоймай оның адамгершілігін, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін байытады. Еңбек-өнер өрісі-өмір жемісің-дегендей еңбек пен өнердің егіз екенін айтқан жөн. Өнердің қай түрі болмасын қажымай, талмай еңбектенуді талап етеді.
Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтарда кіреді. Осыған орай қолөнердің өзі бірнеше түрге бөлінеді, олар: зергерлік-өнер, металды өңдеп өрнектеу (алқа, жүзік т. б. бұйымдар) Ағаш, тас қашау, тоқыма өнері кесте, және көркемдеп тігу, тері өңдеу, өрмек тоқу т. б.
Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады.
Шебер-ағаштан әр түұрлі бұйымдар жасайтын адам. Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.
Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.
Зергер-алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдарды айтады. Қазақтың ұста, зергерлерікөркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, күмістеу, темелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар, асылтастардан көз салынған шолпылармен мен шашбаулар, әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер-міне осы дәлелі.
Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже сандық жасап кілем, сырмақ алаша, ши тоқу, түрлі бау-басқұрлар тоқып, кесте тігіп, арқан, жіп есіп, өрім-өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адал бақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлеп отырды. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз бақылту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер «ер адамдарға тән іс» және «әйел адамдарға тән іс» деп екіге бөлініп келеді. Мысалы: тастан, балшықтан сүйекпен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты ер адамдар атқарады.
Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, теріден киім тігу сияқты істерді әйел адамдар атқарады.
Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын ерлер мен әйелдер бірлесіп атқарады.
ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, киіз басу, кілем тоқу, өрмек тоқу кең өріс алды. (өрмек тоқу, кілем тоқу) .
Өрмек тоқу. Өрмек халық қолөнерінің тоқу ісінде қолданылатын өте қарапайым әдісі, яғни оны тоқу станогы десе де болады. Күрделі техникасыз, кез келген жағдайда қолданып, керекті жабдықтары оңай табылатын өрмектің екі түрі бар. Оның біріншісін аспалы немесе термелі өрмек дейді. Өңай өрмекке кілем сияқты тұтас, енді заттар тоқылады, екіншісін жай өрмек дейді. Жай өрмек шекпен, алаша, қап, қоржын, белбеу, терме бау, басқұр сияқты енсіз нәрселерді тоқуға арналады. Халық қолөнерінде көбірек қолданып жүрген өрмектің осы екінші түрінде - жай өрмекке тоқталып өтейін. Жай өрмекті құрып, тоқу үстінде пайдаланылатын мынадай жабдықтар болады:
- Өрмек өрісінің қазықтары;
- Күзеу шыбығы - қабатталған шиден. Түзі тобылғыдан, сымнан жасалады;
- Адарғы - екі жақ шеті жүздендіре жонылған, ортасы сәл дөңес, ені 20-25 сантиметрдей тақтай;
- Есепші немесе кергіш сабау, оны «сару ағаш», «беру жіп» деп те атайды;
- Қылыш - өзі шынында да қылыш тәрізді, сырт жағын (жетесі) 3-4 миллиметрге дейін, дүз жағын 6-7 миллиметр шамасында ғана, жұқарта жонып, ортасын дөңестеу еткен, ені 12-15 сантиметр жалпақша келген ағаш;
- Арқау шөлмегі (жүгіртпе) екі басының аз ғана ашасы бар 20-30 сантиметрдей түзу таяқша;
- Арқалық - 1-1, 20 метр шамасындағы түзу таяқ (диаметрі 3 см) ;
- Көтерме немесе мосы - басы біріктірілген 3 ағаштан тұрады;
- Екі басын тұяқтап байлататын бақылау жіп (бөлік жіп) ;
- Өрмек жіптер. өрмекке арналып иірілген жіптер істелетін бұйымдарға, жасалатын жолақтарға, өрнектерге қарай бірнеше түсті болады және ол тұстар бөлек-бөлек домалақтанады. Тоқылғанда заттың ұзын бойына жұмсалатын бұл жіптер кейде жалаң қабат, кейде екі қабат иіріледі. Шекпен жіптерін жиек жіптер сияқты оңқай, солақай етіп иіре береді.
Осындай әзір жіптерді мөлшерлеп отырып, екі топқа бөледі. Оның біріншісі - өрмектің күзеуіне ілінетін үстіңгі жіптер.
Екіншісі - күзуге ілінбейтін астыңғы жіптер. Өрмекшілер тілінде үстіңгі жіпті ңөрісің деп, астынғы жіптер ңқарсысың деп атайды. Кейде үстіңгісін ңөрмек жіпң, астыңғысы ңұрғашы жіпң дейді.
Арқау - бұл ерсі мен қарсы жіптердің арасында көлденең отыратын жіп, арқау тоқылатын нәрсенің қалың және жұқалығына қарай, кейде ерсі және қарсы жіптерінің жуандығымен бірдей, кейде одан жуан болып иіріледі.
Күзу - бұл тоқылмайды, тек тоқылатын жіптерді ажыратып, әр қайсысын өз орнына түзу үшін қолданылады. Күзу жіптің мөлшері бір алқым шамасында, ол өте ширақы және екі қабат етіліп түйе жүнінен иіріледі де, соңынан ыспаланады. Күзу жіп болмайды.
Өрмек жібінің өрісін (ұзындығы) өлшеп, оның неше метр немесе құлаш болатынын анықтап алған соң, жазық жерге әлгі өлшемді тең төрт бұрышқа бөліп 4 қазық, кейде үш бұрышты өрім жасап, үш қазық қағады. Өрмек құрылатын жер шөгірсіз, бұтасыз тегіс жер болуы және малдың, адамның көп жүретін аяқ асты болмауы керек.
Өрмек құрушы шеберлердің көз мөлшері, көңіл есебі күшті келеді. Мысалы: өрмектің өрісі 20 метр болса, онда төрт бұрыштың әрбір қабырғасы 5 метрден келеді. Бұдан акейін сол 4 қабырғаның бірінің орта шенінен бесінші қазық қазылады, оған қатар арқалық, арқалыққа жабыстыра күзу шыбығын бекітеді. Бесінші қазық пен арқалық қаданың арасы 20-25 см қашық тұрады.
Өрмектің ерсі және қарсы жіптерін екі адам алады да, өрістің 4 қазығын айнала жүріп, соған төгеді. Мұны ңөрмек жүгіруң деп атайды. Егер ерсі жіптері бірнеше түсті болса, онда әлгі 2 адам оларды санай отырып кезекпе-кезек төгеді немесе бірнеше адамдар бөліп алып жүгіреді. Өрмек жіптері жерге түсіп, шөп шаламға былғанбау үшін және жүгірген кезде жіп домалақтары тез домалап, тез ағытылуы үшін, жүгірушілер әр домалақты ернеуі тегіз аяққа, табаққа салып алып жүреді.
Бесінші қазық пен арқалықтың қасында отырған адам өрмек құру ісінің тәжірибелі шебері болуға тиіс. Ол басы түзу шыбыққа бекітілген күзу жібінің шағым домалағын алады да, ерсі жіпті бір шалып, арқалықты орай күзу шыбығынан тағы бір рет жарты қазықбау байлауымен өткермелейді. Ал қарсы жіпті шалмай, тек арқалықтың сыртынан бесінші қазыққа іле салады. Осы тәртіппен жүргізілген өрмек жібінің бірі күзуге шалынып, екіншісі күзуге шалынбай бос қалып отырады. Мұны ңөрмек шолуң дейді.
«Өрмек жүгіру» біткен соң қазықтарды суарып тастап өрістегі жіпті екі еселеп жинайды. Сонда жіптердің екі екі жақ басы тұйық болып шығады. Мұның бір тұйығын өріске апарып, қазыққа кигізеді.
Екінші тұйығынан көлденең бір ағаш өткізеді де, оны тартып тұрып, жерге төсей бекітеді. Күзу шыбығы мен арқалықты көтеріп өрмек көтермесіне ілінеді.
Дұрыс шалынған өрмек жіптері енді екіге бөлінеді. Демек, күзудегі жіп жоғары шығады да, бос жіп күзудің астында қалады. Бұдан кейін арқалықтың алдыңғы және артқы жағынан итіс-тартыс екі айқыс пайда болады. Арқалықтың асты, яғни екі жіптің арасы 10-15 см қуыс болады, бұл қуысқа қылышты өткізіп қояды. Енді алдыңғы айқас жіптерді ажыратып, қолмен санап отырады да, астыңғы жіпті үстіне шығарады. Ал үстіңгі жіпті астына түсіріп, бұл араға адарғыны сұғып қояды. Адарғымен бақылау жібін өткізіп, оның екі ұшын қоса тұйықтап байқайды. Жіп үзіліп немесе қосарланып шатаса қалса, оңай тауып алу үшін және жіптерді бір келкі керіп тұруы үшін, адарғы қоярда саналған жіпті 20-30 пардан топтастыра кергіш сабауға тізіп байлайды. Өрмек тоқушы күзудің астындағы 10-15 ашыққа арқау шөлмегін өткізіп алады да, арқауды көлденең қалдыра тартып тұрып, қылышпен нығыздап қағады. Бұдан кейін қылышты суырып алып, адырғыны қырынан көтере күзудің деңгейіне әкеледі. Сол кезде күзудің ілінбеген қарсы жіп адарғының қырымен 20-25 см жоғары көтеріліп, күзулердің ара-арасымен 10-15 сантиметрдей ерсі жіптің үстінен қуыс қалады. Тоқушы қылышты әкеліп осы қуыстан өткізеді де, жіптің арқауы үстінен пайда болған айқасын нығыздап қағады. Бұдан соң адарғыны кейін шегіндіреді. Күзеудегі ерсі жіптер тағы жоғары шығып, қарсы жіптердің үстіндегі қуыс қайтадан қалпына келеді. Тоқушы арқауды өткізіп алып тағы да қағады. Осы тәртіппен қайталанудың нәтижесінде ерсі жіп пен қарсы жіптердің үстіндегі қапсыра айқасып түсуінен барып өрмек тоқыла береді.
Осылайша үлкен залдарға, есік пен төр арасына жайылатын төсеніштерді түгін шығара әсем етіп тоқуға болады. Ол үшін өрмек жүгіргенде оның ерсі жіптерін үш қатар етіп жүгіртеді, яғни ерсінің жібі ен қарсының жібінің басқа «өрмек жібі» дейтін тағы бір жіп қоса жүгіріледі. Бірақ ол жіп ерсі жіптен гөрі қысқа шалынады. Өрмек керіліп, адарғы жатқан уақытта, өрмек жібі ерсі жіптен біраз жоғары тұрады, адарғы керілгенде ерсі жіптен бірге қарсы жіптің астына түседі. Сол кезде арқау өз жолымен негізгі екі жіптің айқас арасында түседі де, өрмек жібінен болған айқас арасына жұмсақ металдан істелген 4-5 жіңішке сым түседі. Сымның жуандығы 2-3 сантиметрдей шамасында жасалады. Осы тәртіппен төрт-бес сым салынып, жіп айқастыра сымдарды орай 4-5 рет тоқылған соң, күзу жақтағы шеткі бір сымды қалдырады да, қалған төрт сымның үстіндегі жіптерді арнаулы аспаппен қиып жіберіп, сымдарды босатып алады. Қиылған жіптердің ұштары тоқыманың үстіңгі бетінде түк болып қалады. Жұмыс тәсілі осылайша қайталана берді.
Түкті кілем. Ою-өрнегі, тоқылу сапасына, бояуның түріне, тұрмыста қолдануына қарай әр алуан атауларға ие болған. Тек қазақ жерінде оның сан түрлі атаулары бар. Сонымен қатар, өзге елдерден (Шығыс елдерінен) әкелінген кілем түріне еліктеп тоқылғандарына да лайықтап атау берген. Әндіжап кілем, бұқар кілем деген атаулар көп.
«Өнерлі өрге жүзер» дейді халық. Кілем тоқуды қолөнердің өзіндік қыр сыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десек те, осы өнерді үйренгісі келген әр адамның тұрмыс қажетін өтеу мақсатымен бірге оның сан түрлі бояларынан туындайтын өрнектер мен бояу үндестігі қиялына қарап бітіріп, сұлулық әлеміне жол таппасына кім кепіл?! Оның айғағы - тарихта қалыптасып келген, сан ғасырлар бойы тұрмысқа байланысты, табиғи құбылыстарын суреттеуге лайықталып ою-өрнек түрлерінің, оның мазмұнының жаңара түсіп, бет-бедерінде тұрмыс-тіршілікке байланысты тың мағына беретін туындылардың пайда болуы. Олардың авторлары да өз замандастарымыз. Бүгінгі кілем тоқу өнері - біржақты, тұрмыс қажетін өңдеу аясынан гөрі - қолдағы барды ұқсата білу, әсемдік пен талғампаздықтың туындысына айналуда. Сондықтан оның еңбекке, өнерге, ойлау қабілетін арттыруға, нәзіктік пен сұлулық пен ұқсатымдылыққа тәрбиелеу маңызды басымырақ тұр.
Енді осы өнердің ел арасында дамыған түрі-түкті кілем тоқудың Шымкент облысы, Бөген ауданының «Алтынтөбе» бөлімшесінде тұратын Үрият Сатқанбаевадан жазып алынған қарапайым тоқылу технологиясы .
Кілемге түк салуға арналған жіп асқан ептілікпен біркелкі, өрмек жібінен сәл жуандау, бірақ бос иіріледі. Кілемге қойдың жабағы жүні немесе түйе жүні керек. Кілем түгіне арнап иірілген жіп келептеліп, жүн жууға арналған синтетикалық ұнтақтармен бірнеше қайтара қанжылым сумен жуып, салқын сумен шайылады. Келептерді жеке-жеке жауып сорғытып бояйды. Бояу әркімнің қалауы бойынша мөлшерленіп, боялатын жіп мөлшеріне орай суға езіліп құйылады. Түйіршік қалмай әбден еріп болу керек, сонан қайнап тұрған суы бар қазанға құйып, үстіне сірке қышқылы қосылады. Енді қоспа араластырыла отыра жіп салынады. Қазанның қақпағын жауып, жіп бояуды алғанша қайнатады. Содан соң келепті бір-бірлеп сорықтырып, бөлек ыдысқа түсіріп алады да әбден суығанша бетін жауып қояды. Сонда ғана боялған жіп өз бозымен бояуды бойына қажетінше сіңіріп, бабына келеді.
Әрі қарай сіңген жіпті салқын сумен 2-3 қайтара шайып, ілінеді. Осылайша дайындалған жіптің бояуы оңбайды және біріне көшпейді. Бояуы қанық жіптің өрнегі кілемге ерекше сән беріп, құлпырта түседі.
Тоқылатын кілемнің көзделген көлеміне қарай дайындалатын арқауға, желі мен түк салуға арналған жүн көлемі де әр түрлі болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz