Балалардың ем – дәмдік тамақтануы



1. Балалар, диеталық емдік.алдын алу тағамы өнімдерін өндіру шарттары
2. Балалар, диеталық және емдік.алдын алу тағамы өнімдерін орауға және таңбалауға қойылатын талаптар
3. Балалар ауруханасындағы диеталық тамақтандыру
4. Стационардағы сырқаттардың емдік тамақтандыруын ұйымдастыру
Мақсаты бойынша қолдану кезінде адам өмірі мен денсаулығына жағымсыз әсер етпейтін және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткен балалар тағамы өнімдерінің айналымына рұқсат етіледі. Айналымдағы балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес болуы тиіс. Осы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін, сапасыздық белгісі бар және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаты жоқ балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін сатуға жол берілмейді. Балалар тағамдарының өнімдері тиісті сақтау шарттары қамтамасыз етілген кезде ғана тарату пункттері, азық-түлік дүкендерінің, сауда үйлерінің мамандандырылған бөлімдері, емдік-алдын алу және дәріхана ұйымдары арқылы сатылуы тиіс.
Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін сату денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақтала отырып жүзеге асырылуы тиіс. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерді орналастыру, сондай-ақ санитарлық-қорғау аймағын белгілеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.Өнеркәсіптік объектілердің, санитарлық-қорғау аймақтарында тұрғын үй, әкімшілік және жапсарлас-жанастыра салынған ғимараттарда балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерді орналастыруға жол берілмейді. Диеталық өнімдерді өндіру жөніндегі объектілерді басқа тамақ өнеркәсібі объектілерімен бірге жекелеген блокта орналастыруға санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болған кезде өндіруге рұқсат етіледі. Үй-жайлардың көлемді-жоспарлау және конструкторлық шешімдері шикізаттың, жартылай дайын шикі өнімдер мен дайын өнімнің, ластанған және таза ыдыстардың жалпы, қарама-қарсы және қиылысатын ағымын болдырмайтын өндірістік процестердің ағымдылығын, персоналдың және шикізаттың келіп түсуіне арналған жекелеген кіру жолын көздеуі тиіс. Өндірістік, қойма және қосалқы үй-жайлардағы едендердің беті тегіс, тайғақ емес, жуу және дезинфекциялаушы препараттармен өңдеуге төзімді, рұқсат етілген су өткізбейтін материалдардан жасалуға тиіс.
1. Есімова А.. Салауатты өмір салтын қалыптастырайық 2008ж
2. Жатқанбаев Ж.Ж. «Валеология» Алматы, 2004ж
3. Икіманова Т.Саулық пен сымбат. – Алматы, «Қайнар» 2007жыл.
4. Құрманғалиева Б.Сымбат және денсаулық. Биология және салауаттылық негізі. 2009ж.
5. Мустафина Т.К. Спорттық медицина. А., 2007ж
6. Сәтбаева Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б «Валеология» Алматы, 2009ж
7. Тель Л.З., Даленов Е.Д. «Валеология» І,ІІ том Астана 2002ж
8. Торманов Е.Т. Валеология. А. Қаз. Университеті., 2009ж.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Балалардың ем - дәмдік тамақтануы
Жоспар:
1. Балалар, диеталық емдік-алдын алу тағамы өнімдерін өндіру шарттары
2. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін орауға және таңбалауға қойылатын талаптар
3. Балалар ауруханасындағы диеталық тамақтандыру
4. Стационардағы сырқаттардың емдік тамақтандыруын ұйымдастыру

1. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін өндіру
шарттары
Мақсаты бойынша қолдану кезінде адам өмірі мен денсаулығына жағымсыз әсер етпейтін және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткен балалар тағамы өнімдерінің айналымына рұқсат етіледі. Айналымдағы балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес болуы тиіс. Осы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін, сапасыздық белгісі бар және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаты жоқ балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін сатуға жол берілмейді. Балалар тағамдарының өнімдері тиісті сақтау шарттары қамтамасыз етілген кезде ғана тарату пункттері, азық-түлік дүкендерінің, сауда үйлерінің мамандандырылған бөлімдері, емдік-алдын алу және дәріхана ұйымдары арқылы сатылуы тиіс.
Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін сату денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақтала отырып жүзеге асырылуы тиіс. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерді орналастыру, сондай-ақ санитарлық-қорғау аймағын белгілеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.Өнеркәсіптік объектілердің, санитарлық-қорғау аймақтарында тұрғын үй, әкімшілік және жапсарлас-жанастыра салынған ғимараттарда балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерді орналастыруға жол берілмейді. Диеталық өнімдерді өндіру жөніндегі объектілерді басқа тамақ өнеркәсібі объектілерімен бірге жекелеген блокта орналастыруға санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болған кезде өндіруге рұқсат етіледі. Үй-жайлардың көлемді-жоспарлау және конструкторлық шешімдері шикізаттың, жартылай дайын шикі өнімдер мен дайын өнімнің, ластанған және таза ыдыстардың жалпы, қарама-қарсы және қиылысатын ағымын болдырмайтын өндірістік процестердің ағымдылығын, персоналдың және шикізаттың келіп түсуіне арналған жекелеген кіру жолын көздеуі тиіс. Өндірістік, қойма және қосалқы үй-жайлардағы едендердің беті тегіс, тайғақ емес, жуу және дезинфекциялаушы препараттармен өңдеуге төзімді, рұқсат етілген су өткізбейтін материалдардан жасалуға тиіс. Өндірістік үй-жайлардың төбелері және қабырғалары санитарлық өңдеу үшін жарамды гигиеналық жабындысы
болуы тиіс. Үй-жайлардың қорғаныш заттарын әрлеу үшін қолданылатын барлық материалдар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген болуға тиіс. Жер бетіндегі және жер асты көздерінен шаруашылық-ауызсу қажеттілігіне су беретін сумен жабдықтау көздері мен су құбыры құрылыстарында санитарлық қорғаныш аймағының болуы және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Балалар, диеталық, емдік-алдын алу тағамы өнімдерін өндірумен байланысты ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін қолданылатын су денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес болуы тиіс. Балалар тағамына арналған ауызсуды тек ауызсу құю желілерінде ғана құюға рұқсат етіледі.Технологиялық қажеттілік үшін жер бетінің су көздерінен алынатын орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау жүйелерінің хлорланған суын (балалар тағамы өнімдерін дайындауға арналған шикізат ретінде) пайдаланған жағдайда оны тригалометаннан (осыған ұқсас суды хлорлайтын өнімдер) толық тазалау қажет. Балалар, диеталық, емдік-алдын алу тағамы өнімдерін дайындау, өңдеу, өндіру, орау, сақтау, тасымалдау және сату гигиена талаптарын сақтау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.Дайындаушы өнімді осы техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіндей жағдайда өндіруге тиіс. Өнімнің тиесілі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаушы адал өндірістік практика қағидаттары мен ережесін сақтайды, атап айтқанда:
- өнімді дайындау технологиялары мен рецептураларын әзірлеу кезінде қатерлерді талдау жүзеге асырылады, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына теріс әсер етуі мүмкін технологиялар өзгерістерін анықтау үшін өндірістік процестердің қауіпті (қатерлі) кезеңдері мен бақылау нүктелері белгіленеді;
- кәсіпорындарда өнім қауіпсіздігін бақылаудың қажетті анықтығы мен толықтығын қамтамасыз ететін құралдармен және іс-шаралармен бақылауды;
- өндіру және бақылау бойынша барлық технологиялық операцияларды құжаттауды;
- технологиялық процесс пен дайын өнімнің аралық кезеңдерінде технологиялық құралдардың, қосалқы материалдар мен өнімнің қажетті бақылауын жүргізуді;
- өнімнің қадағалануын қамтамасыз етуді;
- лауазымдық нұсқаулықтар шеңберінде өндіріске және оны басқаруға қатысатын персоналдың жауапкершілігі мен өкілеттіктерін белгілеуді;
- персоналды оқыту және аттестаттауды;
- дайындаушының шарттарына сәйкес оны тарату және айналымға жіберу кезінде барлық жарамдылық мерзімінде өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді іс-шараларды жүзеге асыруды;
- өзіндік инспекция жәненемесе аудит жүйесін пайдалануды;
- өнімді, ыдыстарды, өнеркәсіптік орамды тиесілі кәдеге жаратуды жүргізуді;
- бақылау нәтижелерін хаттамалар, журналдар, актілер нысанында, сондай-ақ техникалық бақылау құралдарының көмегімен құжаттауды.
Өндіріс кезінде сынабы бар бақылау-өлшеу приборларын пайдалануға жол берілмейді. Шыны өлшеу приборлары металл сауытта болуға тиіс. Балалар, диеталық, емдік-алдын алу тағамы өнімдерін дайындаудың, жасаудың және басқа да өндіру кезеңдерінің технологиялық процестері технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады. Сәби жастағы балаларға арналған балалар тағамының өнімдерін шығару санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары берген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылары бар мамандандырылған кәсіпорындарда, мамандандырылған цехтарда (немесе мамандандырылған технологиялық желілерде) жүзеге асырылады. Тірі микроорганизмдермен жұмыс істеу үшін жекелеген үй-жай бөлінеді. Ерекше технологиялық және санитарлық-індетке қарсы режимді (ашыту, балалар тағамын бөліп салу, зертханалық бокстарда пробиотикалық өнімдерді өндіру) талап ететін үй-жайларда 1 текше метр ауаға 1,5 - 2,2 Ватт есебімен ауаны залалсыздандыру үшін оларды пайдалану жөніндегі талаптарға сәйкес бактерицидтік шамдарды қондыруды көздеген жөн. Пробиотикалық микроорганизмдер негізінде диеталық өнімдерді өндіру жөніндегі цехтардың тығыз жабылған терезесі болуға тиіс. Қабырғалардың, төбелердің, едендердің барлық тиіс қосылыстары тығыз жабылады. Үстіңгі беті жырылған және басқа да ақаулары болмауы тиіс, жуу және дезинфекциялау үшін жарамды болуы тиіс. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамын өндіру кезінде экологиясы қолайсыз аудандарда өсірілген шикізатты пайдалануға жол берілмейді. Дәнді-дақылды өңделетін шикізат үшін генетикалық түрлендірілген өнімдерді пайдаланғаны туралы, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу кезінде қолданылатын пестицидтер туралы ақпарат беру қажет. Диеталық өнімдерді өндіру кезінде пайдаланылатын жануар тектестің шикізаты үшін, оны алған кезде жемдік қоспалардың, өсіру стимуляторларының, дәрілік құралдардың пайдаланылмағаны туралы ақпарат беріледі. Мал шаруашылығы шикізатынан жасалған диеталық өнімдерді дайындаушы заңды және жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер оның адам үшін ықтимал қауіпті жұқпалы ауру қоздырғыштарынан қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сәби жастағы балалар тағамы үшін өнімдер дайындау кезінде мынадай шикізат түрлерін пайдалануға жол берілмейді:
1) 1500 градус Тернерден астам қышқылдығы бар ірімшікті;
2) бөтен қоспалармен және нан қоры зиянкестерімен ластанған соя ұнын, дәнді-дақыл мен астық өнімдерін;
3) қайта мұздатуға мәжбүр етілген сойылған жануарлар мен құстардың етінен жасалған шикізатты, балықтан жасалған және балық кәсіпшілігі емес объектілердің шикізатын;
4) бауыр, тіл және жүректі қоспағанда, сойылған жануарлар мен құстардың дайын өнімдерін;
5) қосынды және май тіндерінің үлес салмағы 12 % астам сіңірлі ірі қара етін;
6) майлы тіндерінің үлес салмағы 32 % астам сіңірлі шошқа етін;
7) майлы тіндердің үлес салмағы 9 % астам сіңірлі қой етін;
8) 3-санатты балапан және бройлер балапаны тушасын;
9) әралуан сіңірлі жануарлар мен құс еттері түрлерінен, сондай-ақ жарамдылық мерзімі 6 айдан астам дайын өнімдерден (бауыр, тіл, жүрек) тұратын мұздатылған блоктарды;
10) өгіздің, қабанның және арық малдардың етін;
11) шартты түрде жарамды ет пен дайын өнімдерді;
12) аквадақылдар өнімін;
13) құрамында кемінде 82 % сүтті май бар өсімдік шикізатын қоса отырып жасалған сарымайды;
14) тұздалған сарымайды;
15) құрамында жоғары эруктілі қышқыл бар рапсты және мақта өсімдік майлары;
16) диффузиялық тәсілмен алынған концентрациялық шырындарды.
Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін өндіру кезінде жасанды тағамдық қоспаларды және жем мен жемдік қоспаларды пайдалана отырып дайындалған азық-түлік шикізатын, жануарларды өсіру стимуляторларын (оның ішінде гормоналды препараттарды), дәрілік заттардың жекелеген түрлерін, пестицидтерді, агрохимикаттарды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, тамаққа биологиялық белсенді қоспаларды пайдалануға жол берілмейді. Балалардың шөптен жасалған шайларын өндіру кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркелген дәрілік өсімдік шикізаты пайдаланылады. Диеталық тағамдарды өндіруде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тағамдық қоспаларды және "Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетін тағамдық қоспаларды пайдалануға жол беріледі. Балалар тағамы өнімдерін өндіруде өзіндік хош иісі мен дәмін келтіру үшін тек табиғи тағамдық хош иістендіргіштерді (өсімдік тектес дәмдеуіш хош иістендіргіш заттар мен табиғи бояғыштарды) ғана пайдалануға жол беріледі. Қант диабетінен зардап шегетін балалар үшін мамандандырылған өнімдерді қоспағанда, балалар тағамы өнімдерін өндіруде синтетикалық тәттілендіргіштерді пайдалануға жол берілмейді. Барлық сусымалы қосалқы материалдар пайдалану алдында магнитқабылдағыштар арқылы өткізілуі тиіс. Балалар тағамы өнімдерінде жұқпалы ауру тудыратын және адам денсаулығы қауіп төндіретін патогенді микроорганизмдердің болуына жол берілмейді. Диеталық өнімдер қатер факторлары мен аурулардың патогенезін ескере отырып, адам организміне қажетті тағамдық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыруы, қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін қауіп төндіретін химиялық, биологиялық белсенді заттардың және қоспалардың, микроорганизмдердің және басқа да биологиялық организмдердің рұқсат етілген құрамы бойынша белгіленген гигиеналық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Балалар тағамы шикізат құрамына қарай мынадай топтарға - астық дәндері, астық-сүт, жеміс-көкөніс, жеміс-сүт, жеміс-астық, ет, балық және балық кәсіпшілігі емес объектілердің өнімдері, ет-өсімдік, балық-өсімдік, өсімдік-ет, өсімдік-балық қосылған, сүттен жасалған, аралас тағамдарға бөлінеді. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін, сақтау шарттарын, тасымалдау және сату режимдерін тұтыну орамын ашқанға дейін және ашқаннан кейін зерттеулер нәтижелерінің негізінде пайдаланылған шикізаттың, тағамдық қоспалар мен ингредиенттердің, өндірудің, материалдың және орау технологиясының технологиялық режимдерін ескере отырып, дайындаушы белгілейді. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін тасымалдау үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары берген белгіленген үлгідегі санитарлық паспорты бар көлік құралдары пайдаланылуы тиіс. Көлік құралдары тасымалдаудың температуралық-ылғалдылық режимдерін қамтамасыз етуі, жарамды әрі таза болуы тиіс. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін кәдеге жарату және жою тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

2. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін
орауға және таңбалауға қойылатын талаптар
Балалар, диеталы және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін орау және таңбалау "Орауға, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс жасауға қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына жауап беруі тиіс. Өнімдерді орау оны тасымалдау және сақтау шарттарын сақтаған кезде, айналымның барлық кезеңінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамдарымен араласатын орам ыдысы Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалуы тиіс. Сәби жастағы балалар тағамына арналған өнімдер мынадай көлемдерден аспайтын тығыз орамда шығарылуға тиіс:
1) жемісті, көкөністі, жеміс-көкөніс шырындар мен балшырындар - 0,35 л;
2) консервіленген жеміс, көкөніс және жеміс-көкөніс пюрелері, оның ішінде жеміс-сүт және жеміс-дақыл негізінде жасалған сұйық және пюре тәрізді қосымша тағам өнімдері - 0,25 кг;
3) кептірілген өнімдер (ана сүтін алмастырғыштар, кейінгі қоспалар; астықты дақылдар және астық-сүт негізіндегі қосымша өнімдер) - 1 кг;
4) сұйық бейімделген және ішінара бейімделген ана сүтін алмастырғыштар және кейінгі қоспалар - 0,2 л;
5) ішетін сүт, кілегей, сүт қышқылды өнімдер - 0,25 л;
6) паста тәрізді сүт өнімдері - 0,1 кг;
7) консервіленген ет және балық пюрелері - 0,13 кг;
8) консервіленген ет (балық), өсімдік және өсімдік-ет (балық) өнімдері - 0,25 кг;
9) араластыру негізіндегі қосымша өнімдер - 0,25 кг.
Балалар тағамының өнімдерін таңбалау мынадай қосымша ақпаратты қамтиды:
1) салмақтық немесе пайыздық көрсеткіштерінің төмендеуі тәртібімен ингредиенттік құрамы;
2) витаминдердің, минералдық заттар мен энергетикалық құндылықтардың құрамын қоса алғандағы (өнімді байыту кезінде - тәуліктік тұтынудың пайыздық қамтылуы) өнімнің тағамдық құндылықтары. Егер осы микронутриентте тағамдық заттардың құрамы тәуліктік тұтынушылықтың 5 %-нан артса, өнімдердің тағамдық құндылықтары туралы сандық мәліметтер келтіріледі;
3) тұтыну орамын ашқанға дейінгі және ашқаннан кейін жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары;
4) дайындау тәсілі (қажет болғанда);
5) пайдалану жөнінде жасқа байланысты ұсыным.
Таңбалауда негізгі шрифтіден кем емес мөлшерде "Балалар тағамы" деген жазу болуы тиіс. Ана сүтін алмастырғыштардағы таңбалау мәтінінде ана сүтімен тамақтандырудың артықшылығы туралы ақпарат болуға тиіс. Балаларға арналған диеталық тағамдар өнімдеріндегі таңбалау өнімнің нысаналы мақсаты, оның құрамының ерекшеліктері туралы нақты нұсқау мен тамақтануда пайдалану жөніндегі ұсынымдардан тұруы тиіс.
Диеталық өнімдерді таңбалау мынадай қосымша ақпаратты қамтиды:
1) салмақтық немесе пайыздық көрсеткіштерінің төмендеуі тәртібімен ингредиенттік құрамын;
2) мақсаты мен қолдану шарттарын;
3) тағамдық құндылығы туралы мәліметтерді (белоктардың, майлардың, көміртегілердің, витаминдердің, макро- және микроэлементтердің болуы), тәуліктік қажеттіліктің пайыздық құрамын;
4) дайын тағамдарды дайындау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алиментарлық аурулар, олардың алдын алу
Тағамдық қоспалардың рөлі
Қазақстан Республикасындағы балалардың тамақтануы жөніндегі ұлттық стратегия
Тамақтану жайлы ғылым
Сүзбе өндіруге арналған технологиялық тізбектер
Май және май қышқылдары
Өнім сапасының көрсеткіші
Балалар тәрбиесін ұйымдастыру
Жүкті әйел тамақтануы
Мектеп оқушыларын тамақтандырудағы қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Пәндер