Емдік балшықпен емдеу әдістері


Қазакстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Емдік балшықпен емдеу әдістері.
Орындаған:АмиргалинаЖ. К
Тексерген: Ахметжанов О. Н
Семей 2015 ж.
Жоспар.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Емдік балшықтармен және емдеу әдістері.
2. Балшықтың көмегімен емделетін ауру түрлері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі кезде ыстықтық-суықтықпен және балшықтармен емдеу тек медицинада ғана емес, сонымен қатар малдәрігерлік тәжірибеде де кең өрісін тапқан, көбінде ауыл шаруашылығы малдарын ыстықтық-суықтықпен емдеу кезінде санитарлық баға беру ветеринария саласындағы ең басты профилактикалық маңызы бар шаралардың бірі болып саналады. . балшықпен емдеу кезінде санитарлық-топографиялық бағалау жүргізу үшін мынадай негізгі сұрақтарға көңіл аударған жөн. Малдардың сыртқы тері рецепторлары мен ішкі кілегейлі қабықтарына ыстықтық-суықтықтың термикалық, мехникалық және химиялық қасиеттері әсер ету арқылы пайда болған тіріркену жартылай миға берілуге негізделген табиғи емдік әдіс болып табылады. Ал бу қан тамырларын кеңейтіп, ылғалды жылудың ұзақ мерзімді етуімен кілегей қабықтарымен теріге белсенді гиперемия туғызады, щаруашылық тәжірибесінде көбінде балшықтармен емдеу іс-әркеттері үшін тұщы суды көбірек пайдаланады.
Физиотерапия - грек тілінен аударғанда. Physis-табиғат; Therapeia-емдеу.
Организмге сыртқы ортаның кейбір табиғи, не қолдан жасалған физикалық факторларының әсерін және сол факторларды ауруды емдеу үшін, не алдын алу үшін қолдану әдістерін оқытатын ілім.
Табиғи физикалық факторларды қолдану өте ерте кезде іске аса бастаған. Бірақ ол кезде емдеу әдістеріне ғылыми негіз қаланбаған. Ол факторлардың негізін түсініп, ғылыми тұрғыдан дәлелдеп қолдану біздің эрамыздың 17 ғасырынан басталады. Ал физиотерапия жеке пән болып жоғарғы оқу орындарында 20 ғасырдан бастап оқытыла бастады.
Ал малдәрігерлік тәжірибеде физикалық факторларды қолдану 20 ғасырдың 30-шы жалдарынан басталады.
Физикалық емдеу әдісін таңдап алу аурудың жағдайына байланысты жүргізіледі.
Емдік балшықтармен және емдеу әдістері.
Бұл емдеу әдісі ертеден келе жатқан су, минералды және органикалық заттардан тұратын қоспалармен емдеу әдісі.
Шипалы балшықтардың құрамында антибиотиктерге, витаминдерге, гормондарға, ферменттерге, бактериофагтарға. гистаминдерге ұқсас қосылыстар болады. Кейбір газдар мен радиоактивті заттардың юолуы да мүмкін. Шипалы балшықтардың емдік қасиеттері осы қосылыстардың организмге тигізетін әсерлерімен сипатталады.
Шипалы балшықтардың 4 түрін ажыратады:
- Лай, өлі балшық (ил) -ащы және тұщы көлдердің теңіздерді түбінде кездеседі.
- Сапропель немесе өлі балшықтың шіріген түрі - ашық су қойнауларында, көлдерде кездеседі.
- Шым тезек (торф) - тұщы су қойнауларында, батпақты жерлерде өсімдіктердің ыдырап, шіруінен пайда болады.
- Вулканнан, жанар таулардың қопарылысынан пайда болатын шипалы балшықтар. Олар ыстық күкіртті су көзі бар жерлерде кездеседі.
Шипалы балшықтар 3 бөліктен тұрады:
- Кристалл қаңқасы- минералды заттардың ерімеген ұсақ бөлшектері.
- Коллоидты фракциясы- кристалл қаңқасының ұсақ бөлшектерін біріктіріп тұратын жартылай сұйық зат.
- Шипалы балшықтың ерітіндісі(рапа) -минералды заттардың судағы ерітіндісі. Балшықтардың химиялық құрамы осы ерітіндінің аз-көптігіне тікелей байланысты.
Шипалы балшықтың бөліктерін өзара проценттік қатынасы:
Шипалы балшықтармен емдеу үшін әртүрлі ванналар, жапсыру(аппликация), орау әдістері, тік ішек, қынап арқылы тамподндар қолданылады.
Емдеу жерлерінде табиғи жағдайға жуықтатылған, балшықтарды дұрыс сақтауға болатын арнайы, көлемді орындар болуы керек.
Оларды әдейілеп жасалған ағаш күбірлермен, бет жағына рапа(тұздық) құйып сақтайды және тасымалдайды. Қыста жылы жерде сақтайды. Қолданар алдында су ваннасында 55°-қа дейін қыздырады.
Малдың терісін жылы сумен жуып тазалайды да, құрғатып сүртеді. Қолданылған шипалы балшықты бөгде заттардан (ұсақ тастар, ұлутастардың қабыршықтары тазаланғаннан кейін, 50-52°-қа дейін қыздырады да, оны суық балшықпен 45°-қа жеткізеді. Бір рет қолданылған шипалы балшықты екінші рет қайта қолданбайды.
Қолдану ұзақтығы 1-1, 5 ай, күн аралатып, әрбір сеансының ұзақтығы 30-40 минуттан.
Процедурадан кейін малды жылы сумен жуып, құрғатып, үстін жылылап ұстайды.
Емдеу техникасы:
Саз балшық организмге физикалық, химиялық және биологиялық тиімділігі бар, жылу сыйымдылығы мен жылу өткізгіштігі өте төмен, созылмалы зат. Сұр және сарғыш балшықтардың қасиеттері мен әсерлері шипалы балшықтардың әсеріне жуық. Құрамында Na, K, Ca, Mg - катиондары; C16 So-4 - аниондары; HCO-3, Fe- қоспалары кездеседі.
Емдік ретінде оларды ыстық және суық түрлерінде пайдаланады. Ол үшін саз балшықты қою кілегей тәрізді етіп сезеді де денеге жағу арқылы, немесе брезент дорбаға салып аяққа кигізу арқылы емлеуге болады.
Саз балшықты 30-минут сайын ауыстырып отыру керек және 48-сағаттан артық қолдануға болмайды.
Балшықтың көмегімен емделетін ауру түрлері
Аденоидтар мен полиптер. Бұндай аурумен ауыратын сырқаттарға күніне екі рет тамағын суық сумен шайып, мұрнына балшық суын тамызу керек. Бұны таңертең және кешке істеу керек.
Ондай науқастарға балшық суы мен қозанақтың тұнбасынан жасалған сусынды ішу пайдалы. Бұл өсімдікте бактерияға қарсы эфир майы бар. Бұдан басқа қозанақта органикалық қышқылдар, флавонидтер, тритерпен қосылыстары, витаминдер, гликозид арбутин, кумариндер, илік заттар және басқа да микроэлементтер болады. Балшықтың пайдалы заттарымен және минералдарымен бірге тұнба қабынуға қарсы, ауруды тыныштандыратын, жөтелге қарсы, антисептикалық және тыныштандыратын қасиеттерге ие болады.
Баспа (ангина) . Баспа кезінде қабынуды жазу үшін бір шай қасық балшықты бір стакан суға салып, әбден араластыру керек. Алынған ерітіндімен тамақты шайып, ауру күшейген жағдайда ішу керек. Балаларға кішкене лимон тілімімен бірге азғантай балшық кесегін соруға беруге болады. Ал түнде тамағы мен ішінің төменгі жағына таңғыш жасау керек.
Баспа кезінде тамаққа суық балшықты-сулы ерітіндіні, сондай-ақ су мен көктемгі қайың шырыны қосылған тұнбаны басу да жақсы көмектеседі. Шырынның орнына қайың бүршіктерінің судағы қайнатпасын немесе жапырақтарының тұнбасын пайдалануға болады. Бұл сусын ауруды тыныштандырып, зат алмасу процестерін қалыпқа келтіреді және ағзадан қалдықтарды шығарады. Бұндай балшық-қайың сусынын ішу пайдалылығымен бірге жағымды да.
Ауру жаңа басталып келе жатқан кезде дәрігерлер суық және ыстық балшықты кезек-кезек басуға кеңес береді. Суық балшықты іштің төменгі жағына, ал ыстығын тамаққа басу керек. Ыстық балшық таңғышы былай дайындалады: түкті шағын сүлгіні қайнап тұрған суға салады, содан кейін сығып, бірден ауру адамның мойнына орайды. Сүлгі суыған кезде тамаққа суық балшықтан таңғыш жасайды, іштегісін алып тастайды. Бұндай кезектестіру температура басылғанша күні бойы жасалады.
Ұйқысыздық. Ұйқысыздықпен күресу бір қарағанда жеңіл көрінгенімен, оның өз қиыншылықтары бар. Бұндай жағдайда халық емшілері ауру адамның аяғына сумен араластырылған уксустан копресс қоюды ұсынады. Сонымен бір уақытта маңдайға суық компресс жасау керек. Ол үшін балшықты ұйыған сүтпен жақсылап араластырып, осы қоспаны бірнеше қабатталған марліге салып, сосын маңдайға басу керек.
Егер ұйқысыздықтың себебі жүйке жұқаруына, қандай да бір оқиғаға күйгелектенуіне байланысты болса, онда сізге балшық итмұрынмен бірге көмектеседі. Бұл құрамдағы сусын былайша дайындалады: итмұрынның құрғақ жемістерін еттартқыштан өткізіп, ұнталғанша әбден араластырады. Егер құрғақ балшықпен араластыратын болса, оны да ұнтап, әбден араластыру керек. Осындай күйінде емдік материал ұзақ уақыт сақталады, пайдалану керек болған кезде оны стаканға салып (бір шай қасық), жылы су құяды. Біраз тұндырып қойып, кешке жұтымдап ішу керек. Итмұрын - ерекше өсімдік, оның құрамында қант, пектиндік және илік заттар, органикалық қышқылдар, витаминдер, каротин, флавонидтер, фосфор, калй, каьций, магний тұздары, темір және басқа микроэлементтер бар. Сондықтан да итмұрынды бұрыннан-ақ ұйқысыздықты және жүйке қозуын емдеуде пайдаланады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Біздің ғаламшарымызда балшықтар көптеп кездеседі. Олар өздерінің құрамы, қасиеттері және түсі жағынан бір-бірінен өзгешеленіп тұрады. Әдетте балшықтың түсі оның химиялық құрамына байланысты болады. Балшықтың 7 түсі бар: ақ, көк, жасыл, сары, қызыл, сұр және қоңыр. Қара түстісі өте сирек кездеседі. Әдетте халық медицинасында аурудың тұрғылықты жерінде өндірілетін балшық қолданылады. Ғылыми медицинада ақ және көк балшықтарға басымдылық беріледі.
Пайданылған әдебиеттер тізімі.
1. «Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде» К. Н. Қожанов. Алматы-2006 ж. 71-74 бет аралығы.
2. «Мал ауруларын патогенездік емдеу» К. Н. Қожанов, Х. Ж. Қажиев Алматы-2010ж. 94-100 бет аралығы.
3. «Мадәрігерлік тәжірбиеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары». К. Н. Қожанов. Алматы-2013ж. 93-96 бет аралығы.
4. Мүрәлінов К. Қ. Ветеринариялық терапия. - Алматы: Нур Принт. 2009. - 416 б.
Қазакстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Ыстық-суықпен емдеу әдістері.
Орындаған:АмиргалинаЖ. К
Тексерген: Ахметжанов О. Н
Семей 2015 ж.
Жоспар.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
Ыстықтық-суықтықпен емдеу әдістері.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайданылған әдебиеттер
Ыстықтық-суықтықпен емдеу әдістері.
Малдәрігерлік тәжірибеде жиі қолданылатын әдістер:
- Ыстықтық-суықтықпен емдеу.
- Механикалық әдістермен емдеу.
- Электр тоғымен емдеу
- - амплипульстерапия
- - диадинамотерапия
- - гальванизация
- - дәрілік электрофорез
- - электростимуляция
- - флюктуоризация
- - интерференцтерапия
- Жарық сәулесімен емдеу
Соның ішінде ыстықтық-суық ең бірінші кезекте терінің рецепторларына әсер етеді де, ол әсер шартты және шартсыз рефлекстер арқылы барлық организмге тарайды. Мал организмінің сыртқы ортаның ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай туғызады.
Сумен емдеу - әртүрлі температурадағы суды емдік ретінде пайдалану тәсілі. Бұл әдіс арқылы механикалық және химиялық тітіркендіру жолдарымен кешенді түрде жоғарғы тиімділік алуға болады.
Сумен және ыстықпен емдеудің биологиялық маңызы.
- Тері астында жинаған сұйықтрдың және ісіктің таралуын жақсарту.
- Жүрек пен қан тамырлаының жұмыстарына әсері:суықтық жүрек соғысын сиреиеді және күшін жақсартады, ал жылулық керісінше әсер етеді.
- Рефлекс арқылы жылулықты реттеу
- Жүйке жүйесінің жұмысына әсері: аз уақыт әсер еткенде қоздырады, көбірек әсер еткенде керісінше әлсіретеді.
- Бұлшық еттерге әсері:аз уақыт әсер еткенде еттің жиырылуы күшейеді, көп уақыт ісер еткенде әлсірейді.
- Қанның құрамына әсері:қан элементтерімен гемоглобиннің мөлшері ұлғаяды, жылулықтың әсерінен қарсы денелер жақсы түзіледі. ал суық ісерінен нашарлайды.
- Тыныс алу жүйесіне әсері:суықтың әсерінен аз уақытта дем алу сирек және толығырақ болады, ал жылулық ұзақ уақыт әсер еткенде дем алу жиі және үстіртін болады.
- Зат алмасу процесіне әсері:қалыпты жағдайда әсер еткенде суықтық энергия түзілу процесін үдетеді, газдың алмасуы жақсарады.
- Терінің шығару мен зәрдің бөлінуіне әсері:тер су ванналарында 40° та, су буында одан жоғары температурада, жарықта- 50°-60° та, құрғақ ауада - 60°-70° та жақсы шығады.
Сумен емдеуде оның тітіркендіргіш күшіне механикалық қысымының мөлешеріне, әсер ететін уақытына және әсер ету денесінің көлеміне көңіл бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz