Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы мәлімет


Семей мемлекеттік Шәкәрім атындағы университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы

Орындаған:Сулейменова М

Тексерген: Кайсанов С. Б

Семей 2015 жыл

Жоспар:

1) Ақпарат және оны өрнектеу жолары.

2) Ақпаратты өлшеу.

3) Информатика ұғымы.

4) Ақпараттық технологиялар және техника.

5) Есептеу техникасының даму тарихы.

6) Дереккөздер

Ақпарат және оны өрнектеу жолдары

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмүндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.

Ақпараттың тарихы, анықтамалары

Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, "Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.

"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.

Ақпараттың анықтамаларының көп болуы - бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.

Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үші өте қолайлы Ақпаратты осы тұрғыдан түсінгенде - бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі.

Ақпаратты өлшеу

Өлшеу дегеніміз - зерттеу мақсатына қажетті белгілі бір сипаттағы сандық мөлшерді анықтау. Субъективті қасиеттерге (талғам, әдет, т. б) қарағанда, объективті қасиеттерді (адамдардың жасы, табысы, саны) өлшеу оңай болып келеді. Бұл қасиеттерді бағалау үшін оларды белгілі бір сан жүйесіне, өлшем шкаласына ауыстыру керек. Адамдардың белгілі бір тауарға қатынасын қалай өлшеуге болады? Өлшем шкалаларының мынадай түрлері бар:

1. Номиналды шкала. Объектілерді айқындау үшін оларға сандық мән беріледі (мысалы, әлеуметтік сақтандыру коды) . Зерттеулер жүргізгенде ерлерге - 1, ал әйелдерге - 2 деген код берілуі мүмкін.

2. Сипаттама шкаласы - «иә» немесе «жоқ», «келісемін», немесе «келіспеймін» деген жауаптарды пайдалану.

3. Атаулар шкаласы - сандық сипаттамалар берілмейді, тек атаулар ғана пайдаланылады. Мысалы: «Сіз тұрмыстық техниканың қандай маркасын жиі сатып аласыз: «Sony», «Philips», және т. б.

4. Тізбек шкаласы. Тізбек - объектінің мөлшерін сипаттайды: мөлшер белгілі бір нәрседен «үлкен», «кіші» және онымен «бірдей» болуы мүмкін.

5. Интервалды шкала - шкаланың жеке градациялары арасында белгілі бір аралық белгіленеді. Шкала біркелкі сипатта деп есептелінеді.

6. Қатынастар шкаласы - нөлдік нүктесі бар шкала. Мысалы, соңғы ай ішінде «Рамстордан» қанша мәрте тауар сатып алдыңыз? Жауаптар шкаласы: 0 ден 5-ке дейін 5-тен 10-ға дейін болуы мүмкін. Сатып алулардың көп екендігін көрсету қажет.

7. Лайкерт шкаласы (сомалау арқылы бағалау әдісі) -объектіге қатысты сезімдердің қарқындылығын көрсетуге мүмкіндік беретін, кеңінен қолданылатын әдістеме. Мұндай жағдайда бағалау мынадай ұйғарымдарды пайдаланып, 5 баллды жүйемен жүргізіледі, ол: 5 - толығымен келісемін, 4 -келісемін, 3 - бейтараппын, 2 - келіспеймін, 1 - толығымен келіспеймін деген жауаптардан тұрады. Жауаптың жиынтық мөлшері қатысушыға әрбір ұйғарымы үшін алған баллдар жиынтығымен есептеледі. Салыстыру үшін іріктеме қатысушылары жиынтығының орташа тандарты мәні белгіленеді. Содан соң қорытынды шкалада сұрақтардың қайсысы жоғары және төмен баллдар арасында екендігін білу үшін жауаптарға баға беріледі. Бұл әдісті сауалнама құрастырғанда, мәнді сұрақтарды таңдау үшін пайдалануға болады.

Сұрақтарды жасау барысында керек өлшемді өлшеу үшін Лайкерт шкаласы сияқты дайын стандартты шкалалар түрлерін пайдаланған тиімді.

Таңдалған өлшем шкаласы сауалнаманың ақпараттық сипатын айқындап, статистикалық талдаудың қандай түрін зерттеуде пайдалану керектігін анықтайды.

Информатика ұғымы

Информатика - адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.

Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы, сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми қөзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады. Бұл ерекшелік көбінесе информатиканы компьютермен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы деген жалған түсінікті тудырады. Шындығында қазіргі замандағы информатика - өте көлемді, динамикалы, эмпирикалық материалдарды жинақтау және ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым. Қазіргі замандағы информатиканы 1978 жылы Халықаралық информатика конгресінде төмендегідей түрде анықтады:

Информатика ұғымы ақпараттарды өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану және материалды - техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды, мұнда машиналар, жабдықтар, математикалық жасақтама, ұйымдастырушалық аспектілері, сонымен қатар, өндірістік, коммерциялық, әкімшіліктік және әлеуметтік әсер ету кешені де енеді.

Екінші бір көзқарас бойынша, информатика - жаңа білім алу мақсатында есептеу техникасының көмегімен жинақталған білімді сипаттау, беру, интерпретациялау, формальдау және қолдану туралы ғылым.

Кең мағынада, информатика - ақпараттық іс-әрекет, ақпараттық үрдістер және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым.

Жоғарыда берілген жалпы анықтамалардан информатиканың тек қана «таза ғылым» ғана емес екендігін, ал оның маңызды ерекшеліктерінің бірі - адамзат қызметінің барлық салаларында: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, саудада, қаржы аумағында, медицинада және т. б. кең колданылуы, яғни технологиялық, қолданбалық, практикалық аспектісінің маңыздылығын көреміз.

Кейбір батыс Европа елдерінде және АҚШ-да бұл ғылымға басқа термин қолданылады - «Computer science» (компьютерлік ғылым) .

Ғылым тұрғысынан информатиканың пәні - ақпараттық үрдістерге (бұл ұғымның кең мағынасында) тән жалпы заңдылықтарды зерттеу.

Информатиканың кегізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ, бұл - ақпаратты жинау, өндеу, беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар (АТ) . Ақпараттық технологиялар - ақпараттық ресурстарды (АР) қолдану үрдістерінің ауырлығын төмендету, АР сенімділігі мен оперативтігін арттыру мақсатымен ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және бейнелеуді қамтамасыз ететін, технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер, өндірістік үрдістер мен программа-техникалық құралдардың жиынтығы. Ақпараттық технологиялар материалды-техникалық қорлар, математикалық, программалық тұрғыдан қарастырылады.

Информатика ақпараттық жүйелер мен технологиялардың құру мен өмір сүруінің мазмұны мен мағыналық аспектісін олардың мәні, әлеуметтік үлесі, пайдалылығы, қоғамдық жүйелердегі алатын арны, радикальды прогресс пен қоғамның сапасы жоғары жаңа тарихи кезеңге көшіру факторы екендігімен тығыз байланыстыра отырып зерттейді. Ақпараттық технологиялар қазіргі қоғамда білімнің ақпараттық ресурсқа (АР) айналуының, тиімді қолданудың жаңа құралы, дамытушы факторы болып табылады. Ақпараттық ресурс адамзаттың негізгі ресурсына, қазіргі замандағы өркениеттің бас құндылығына айналды. Сонымен қатар, АР рөлі, өмір сүру механизмдері, қолданудың әлеуметтік салдарына байланысты күрделі мәселелер туды.

Информатиканың іргелі ғылым тұрғысынан пәнін төмендегідей ұғымдар құрады:

- ақпараттық ресурстар, олардың мәні, өмір сұру заңдары, қоғамның басқа ресурстарымен әсерлесу механизмдері, әлеуметтік прогресске көрсететін әсері. Ақпараттық ресурс білім мен ақпараттың симбиозы түрінде алынады. Информатика АР-ды қоғамда алу, беру және қолданудың заңдарын зерттейтін ғылым тұрғысынан ақпараттық үрдістерді нығайтуға, АР қолдануға негізделген ЭЕМ-ді және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді (АЖ) қолданудың теориялық негіздерін құрайды.

Информатиканың алдына қойылатын міндеттерді анықтау үшін оның қалыптасқан ғылымдар жүйесіндегі алатын орны маңызды рөл атқарады. Информатиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны оның күрделі, кешенді, ғылыми-жаратылыстану пән екендігін көрсетеді.
Кез келген пәнді меңгеру оның негізгі ұғымдары мен категорияларын анықтаудан басталады. Информатиканың негізгі базалық ұғымы болып (математикадағы «нүкте» сияқты) ақпарат ұғымы табылады. Ақпарат, сонымен қатар, жалпы ғылыми категория қатарына жатады, әр ғылым саласында (философия, кибернетика, т. с. с. ) өзіндік көзқараспен және тәсілдермен түсіндіріледі.

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology , қысқ. IT ) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология.

Ақпарат технологиясы - ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) - қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Ақпараттық технология түсінігі

Бұл термин ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты. Технология (грек тілінен аударғанда ) өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдереді. Технология дегеніміз - белгілі бір нәрсені өңдеу үшін орындалатын әрекеттер тізбегі. Технологиялық процесс түрлі құралдар мен әдістердің көмегімн жүзеге асады. Технология мен ақпарат түсініктерін біріктіре келе, ақпараттық технологияны есептеуіш құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті деп атайды.

Ақпараттық технологиялардың мақсаты

Ақпараттыұ технологиялардың мақсаты, адамның талдау жасай отырып, нәтижесінде белгілі бір әрекетті орындау арқылы шешімдер қабылдай алатындай ақпаратты өңдіру болып табылады.

Ақпараттық технологиялар құралдары

А. т құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық құралдар жатады. Техникалық құралдарға дербес компьютер, байланыс желілері, желі жабдықтары енеді. Техникалық жабдықталуына тәуелді болып келетін ақпараттық технология түрі ақпаратты жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік береді. Техникалық және ақпараттық жабдықтамаларға тікелей тәуелді болып келетін программалық құралдар жинақтау, өңдеу, талдау қызметін атқарады.

Есептеу техникасының даму тарихы

Есептеу техникасының даму тарихы ерте кезден-ақ басталды: XVII ғасырдың 40-жылдарында Б. Паскаль - сандарды қоса алатын механикалық құрылғыны ойлап тапты; XVIII ғасырда В. Лейбниц сандарды қоса және көбейте алатын құрылғы жасап шығарды; XIX ғасырда Ч. Бэббидж механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді; XX ғасырдың 30-шы жылдарының соңында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындап шықты. Мұнда өңделетін ақпарат пен өңдеу программасын сандық түрде дайындау, деректер мен программаны машинаның жадында орналастыру тәсілдері қарастырылған.

ЭЕМ-ры мынадай буындардан тұрады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы мәлімет
Ақпаратттық технология
АЛҒАШҚЫ МАҒЛҰМАТТАР. IBM PC- ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕР
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. ақпараттыөлшеу. информатика ұғымы. ақпараттықтехнологияларжәне техника. есептеутехникасының даму тарихы
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы ақпарат
Информатика пәнінен дәрістер кешені
Ақпаратты өрнектеудің динамикалық тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz