Орман қорларын қалпына келтірудің негізгі жолдары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Орман қорларын қалпына келтірудің негізгі жолдарыТексерген: Самиева Г. Т
Дайындаған: Серікқанова А. Д
Семей
1. «Орман қоры» туралы ұғым2015 жылы
ЖОСПАР
2. Орман қорларын қалпына келтірудегі орман шаруашылығын ұйымдастыру.
3. Қазақстандағы ормандардың экологиялық ахуалы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Орман қоры туралы ұғым.
Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық ормандар, сондай - ақ орман өсімдіктері көмкермеген, бірақ орман шаруашылығының мұқтажына арналған орман қорының жерлерін, орман ресурстарын және орманның пайдалы қасиеттерін қамтиды.
Орман қорының жерлері мемлекеттік және жекеше орман қорларының жерлестеріне бөлінеді.
Орман ресурстары сүрек қорларынан, шайыр мен ағаш сөлдерінен, қосалқы ағаш ресурстарынан, жабайы өсетін жемістерден, жаңғақтардан, саңырауқұлақтардан, жидектерден, дәрі - дәрмектік өсімдіктер мен техникалық шикізаттан, орман қорында болатын, жиналатын және өңдірілетін өсімдіктер мен жануарлар тектес өзге өнімдерден тұрады.
Орманның пайдалы қасиеттеріне оған өсіп тұрған күйінде тән экологгиялық және әлеуметтік маңызы бар функциялар жатады ( оттегі бөлу, көмірқышқыл газын жұту, жерді су және жел эрозиясынан сақтау, жер бетіндегі су ағысынтопырақ ішіндегі су ағысына айналдыру, бальнеологиялық және климат реттеу қасиеттері) .
2. Орман қорларын қалпына келтірудегі орман шаруашылығын ұйымдастыру
Орман орналастыру материалдарының негізінде орман шаруашылығы мекемелерінің аумағын ұйымдастыру, орман пайдалану мөлшері мен ағаш кесу тәсілдерін белгілеу үшін ормандар ресурстарының қорларын, олардың тұқымдық және жас құрамын анықтау мен белгілеу, қажетті техникалық және экономикалық негіздемелерімен және есеп - қисаптарымен орман шаруашылығын ұйымдастыру мен дамыту жобаларын әзірлеу, мемлекеттік орман қорының кезеңдік есебін жүргізіп тұру қамтамасыз етіледі. Бiздiң елiмiздегi ормандар жүйесi негiзiнен, солтүстiк және шығыс аймақтарында шоғырланған орманның бiрнеше типтерi бар. Олар - сексеуiл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар. Орман қоры жер шары бойынша жылдан жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. текше километр жерiн өсiмдiктер мен орман алып жатыр. Республикада ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Қазіргі кезде орман шаруашылығы сұрақтары туындап, мақсаттары кеңеюде, өндірістік және тығыз орналасқан аудандарда екпелердің құрамы өзгеруде, біртіндеп кесу алдында орманнның маңызын, экологиясын көтеру мәселелері тұр. Табиғи жолмен жаңартуды ашу жұмыстары сақталуда. Орман құрамы құндылығының жоғарылауында, өнімділігі, табиғи жолмен жапырақты - қылқанды және қылқанды - жапырақты ағаштардың қолданылуы үлкен рөл атқарады. Сондықтан жапырақты - шыршалы және шыршалы - жапырақты отырғыларда біртіндеп кесуді жүргізу орынды болады.
Сурет 1. Орман шаруашылығын құру.
3. Қазақстандағы ормандардың экологиялық ахуалы
Қазақстан бойынша орман қоры республика жерiнiң 9, 7 пайызын құрайды. 1989-2000 жылдардағы цифрларға жүгiнсек, бұл аралықта жылына орта есеппен кем дегенде, 647 орман өртi болып, әрбiр өрттiң зардап шектiрген жерiнiң ауқымы 18, 9 гектар болып келедi. Осы екi жыл iшiнде болған орман өртiнен кем дегенде үш жүз мың гектар орман алқаптары бүлiнген. Бүгiнгi күнге Қазақстан бойынша сексеуiл орман қорының көлемi 5, 4 млн гектар болып отыр. Кейiнгi он жылда сексеуiл өспе ағаштарының жалпы ауданы 591, 2 мың гектарға көбейдi. Бұл негiзiнен сексеуiл ормандары аумағында ағашы кесiлген жерлерде, сексеуiлдiң табиғи ұрықтануына көмектесу шаралары мен табиғи өздiгiнен жетiлу барысында тұрақты тексеру, бақылау. Орман пайда болған жерлерде шөптің құрамы өзгеріп, сирейді. Далалық шөптер орман ішінде өсуге бейімделген шөптерге орын береді. Ағаш ішінде түскен жапырақтар, сынған бұтақтар, қабықтар, өсімдік дәндері, өлген жәндіктер мен басқа қалдықтар бірте - бірте көбейе келе қордаға айналып, орман топырағының құнарлуына әсерін тигізеді.
Ормандану дәрежесiнiң төмендеуiне жол бермеу мақсатында, орман қоры жерлерiне сексеуiл тұқымдарын себу арқылы оның көлемiн арттыру iске асады. Сексеуiл ормандарының молаюына Қазақстан Үкiметiнiң 1999 жылғы 29-шы сәуiрдегi «сексеуiл ормандарын сақтау» туралы қаулысы да әсер етуде, қаулы бойынша 1999-2000 жылдары сексеуiл ормандарын кесуге тыйым салынған. Және осы қаулыға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарында орман орналастыру жұмыстары жүргiзiлген. 1997-1999 жылдардағы Семей өңiрi мен Павлодардағы, Ертiс жағасындағы болған орман өрттерi салдарынан Ертiс жағасындағы қарағайлы ормандардың 230 мыңнан астам гектары құрып кеттi. Ғарыштық және жер бетi зерттеулерiнiң нәтижесiнде, бұл ормандардың 40-50 пайызы өрттен, орман зиянкестерiмен аурулары және заңсыз ағаш кесу салдарынан зиян шеккен. Ендi осы аймақтарда ағаштарды ерекше бағалы ормандар қатарына жатқызуға Үкiмет қаулысы дайындалып жатыр, ол жағдайда орман күзету ерекше режим бойынша жүргiзiледi. Оған қоса 2001-2005 жылдары Семей өңiрi мен Павлодар облыстарында толық түрде орналастыру жұмыстары жүргiзiлдi. Жоғарыда атап өткендей орман өрттерiнің көбеюiне байланысты ағашты рұқсатсыз кесу де белең алды. Ормандардың экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар, біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған, табиғи күйде сақталған экожүйелердің бірі. Екіншіден, бұл жоғары өнімділікпен сипатталатын ағаш, детрит, гумус түрінде зат шоғырланған ең қуатты жүйе. Үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық көрсететін күшті орта түзуші және ортаны тұрақтандырушы фактор. Төртіншіден, көптеген жануарлардың мекен ету ортасы. Бесіншіден, орман - шаруашылықтың көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнім мен шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар, орманның санитарлық-гигеналық тынығу, стресс жағдайынан құтылуда, эстетикалық және экологиялық тәрбие берудегі маңызы зор. Орманды ел арасында тоғай деп те атайды. Орман биологиялық тұрғыдан қарағанда өте күрделі организм. Онда өздерінің өсу заңдылықтары мен ерекшеліктері бар - ағаштар, бұталар, шөптер, аңдар мен құстар, жәндіктер мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Орманның негізі - ағаштар мен бұталардан құралады. Бірақ кез келген ағаштар мен бұталар орман бола бермейді. Тек бір-біріне жақын орналасқан, бір-біріне әсер етіп, өсіп тұрған ортасына ықпал жасайтын, соның арқасында өздері де өзгеріп тұратын ағаштар мен бұталар тобы орман болып есептеледі.
Орман пайда болған жерлерде шөптің құрамы өзгеріп, сирейді. Далалық шөптер орман ішінде өсуге бейімделген шөптерге орын береді. Ағаш ішінде түскен жапырақтар, сынған бұтақтар, қабықтар, өсімдік дәндері, өлген жәндіктер мен басқа қалдықтар бірте - бірте көбейе келе қордаға айналып, орман топырағының құнарлуына әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде орман шаруашылығы сұрақтары туындап, мақсаттары кеңеюде, өндірістік және тығыз орналасқан аудандарда екпелердің құрамы өзгеруде, біртіндеп кесу алдында орманнның маңызын, экологиясын көтеру мәселелері тұр. Табиғи жолмен жаңартуды ашу жұмыстары сақталуда. Орман құрамы құндылығының жоғарылауында, өнімділігі, табиғи жолмен жапырақты - қылқанды және қылқанды - жапырақты ағаштардың қолданылуы үлкен рөл атқарады. Сондықтан жапырақты - шыршалы және шыршалы - жапырақты отырғыларда біртіндеп кесуді жүргізу орынды болады.
А. А. Сүлейменовтың «Орман шаруашылығы» еңбегінде орманды кесу жұмыстарында төменгі, жоғарғы және кешенді кесу принциптері орманның вертикаль профилін және іріктемелі немесе селекциялық кесу тәсілдерін айқындай түседі. Ағаштарды кесуге іріктеу жұмыстары кезінде әр бір ағаш данасына аса көп назар аударылуы қажет, өйткені осыны қадағалау арқылы қол еңбегінің, дайындық жұмыстары және әсіресе орман кесу жұмыстарының ақшалай шығындарын төмендетеді. Сондықтан, еңбек шығындарын, әсіресе, машина және механизмдердің шығындарын азайту үшін практикаға сызықтық және жолақтық кесулер енгізіледіЖалпы орман шаруашылық ісінде кешенді немесе біріктірілген күту кесулері әдістері жиі пайдаланылуда. Бұл әдістерде жоғарғы және төменгі кесу принциптері біріктіріліп жасалады. Мұндай кесулерді екі немесе одан да көп қатарлы күрделі ағаш бітімдерінде, әсіресе, шаруашылықта құнды ағаш тұқымдастарында жүргізіліп отыруы талап етіледі. Бұл жағдайда әр бір қатарларға күту жұмысы жасалады. Мұндай ағаш бітімдеріне мысал ретінде ІІ қатарлы емен ағашынан құралған қарағайлы ормандарды алуға болады[3] .
Орманды алқаптарда ауру тудыратын микробтар аз болады. Қаланың ауасымен салыстырғанда мұндай бактериялар 300 есеге кем болады. Қылқан жапырақты ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесiндегi тазалықпен бiрдей болады. Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды. Жердiң тозуын болдырмайды. Орман су көздерiн қорғау қызметiн де атқарады. Ауылшаруашылық жерлерiн жолдарды құм, шаң басудан қорғайды. Орман халық шаруашылығына қажеттi құнды материал ағаш бередi. Ормандар дәрiлiк, тағамдық, техникалық өсiмдiктер жемiс-жидектер, саңырауқұлақтар өседi. Орман ағаштарынан құнды шырын, шайыр алынады. Қазақстандағы орман қорының жерi 21, 2 млн. гектар, оның iшiнде ағашты алқап 9, 1 млн. гектарға жетедi. Орманнан жылына 2-2, 4 млн метр³ ағаш даярланады. Қазақстан Республикасы жылына шамамен 11 млн метр³ дейiн ағаш өнiмдерiн тұтынушыларға жеткiзедi. Қазақстан ормандары негiзiнен табиғатты қорғау қызметiн атқарады. Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнiмдерiнiң басым көпшiлiгi шетелдерде (Ресейде) сондықтан елiмiзде орманды қорғау, молайту және тиiмдi пайдалану өте өзектi экологиялық әлеуметтiк-экономикалық мәселелердiң бiрi болып табылады. Орман қорын қорғаудың және тиiмдi пайдаланудың басты мәселесi - оны ұдайы, үдемелi жаңғыртып отыру. Әсiресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзiмде қалпына келетiн табиғат ресурсы. Сондықтан орман қорын өсiру, қорғау ұзақ мерзiмдi бағдарламалар мен жоспар жүзеге асырылуы тиiс. Орманда әр жылдық ағаштар өседi. Яғни, ағашты өсiруге, оны қорғауға жұмсалатын шығын мен оның өнiмдерiн пайдалану процестерi үздiксiз қайталанып отырады. Ағашты даярлау, кесу, тасу жұмыстарын ұкыпты жүргiзу керек. Бұл жұмыстар ағаштың өсуiне нұқсан келтiрмеу тиiс. Ағаш кесу жұмыстары, орман ағаштарының құрамына, жасына байланысты белгiленедi.
Қорытынды
Қазақстан Республикасында орман шаруашылығы саласы енді ғана белең алуда. Қазақстан орман қорына бай болмасада оны басқару, құру, ұйымдастыру жұмыстары қазіргі таңда атқарылуда. Орман алқаптарын молайту басты назарда екенін елбасының жолдауларында айқындалады. Қазақстанның бұрынғы өртенген жерлерге қайта ормандандыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны өзіміз өткен өңдірістік тәжірибе уақытында көріп, сол жұмыстарға өзімізде ат салыстық. Орман шаруашылығын жүргізу жұмыстары халық шаруашылығының сұраныстарын толық қанағаттандыруы керек, орманнан алынатын ағаштарды тиімді пайдалану және жанжақты қолдану, сақтау, орманның көптеген ерекшеліктерін үлкейту: орта түзуші қорғаныстық, суды сақтау, санитарлы-гигиеналық, эстетикалық және басқа да орманның табиғи қасиеттері орман шаруашылық жұмыстарын жүргізудің басты шарттары болып табылады. Сонымен қатар, ормандағы тұқым құрамдарының жақсаруы, жалпы экологиялық жағдайын көтерудегі жаңа технологияны қолдану негізінде өнімділігін арттыру да маңызды орын алады. Орман шаруашылығында өндіріс еңбектерінің жоғарлауы әрдайым экологиялық талаптарға сәйкес қолданылатын машиналар және механизмдер комплекстерімен байланысты болуы керек. Сонымен бірге, басты қолданыстағы кесу жұмыстарында көбінесе ұжымдасқан кесу жұмыстарында ағаш сүректерін дайындау, шығару кезінде орманның экологиялық жағдайына қауіп төнеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz