Саурандағы археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілуі және зерттеулер барысынданда аршылған нысандар


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

І тарау. Ұлы Жібек жолының бойындағы қуаты қала туралы деректер және археологиялық зерттеулердің жүргізілуі.

1. 1. Сауран қаласы жайындағы алғашқы деректер, қала тарихы . . . 9

1. 2. Сауранқала жұртындағы арехологиялық зерттеу жұмысының жүргізу тарихы . . . 18

ІІ - тарау. Саурандағы археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілуі және зерттеулер барысынданда аршылған нысандар

2. 1. Сауран қалашығы. Қаладағы кәріздік суландыру жүйесі . . . 24

2. 2. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы археологияық зерттеулер медресе және айт мешітінің қазбасы . . . 34

ІІІ Қорытынды . . . 48

Сілтемелер . . . 51

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 55

Қосымшалар

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі.

Қазақстанны ң жерінде қазақ халқының ата - бабалары қалдырған бай мұралардың бірі ол орта ғасырлық қалалар мен қоныстары.

Пайда болған қала - қоныстар көп жағдайда бір саяси - экономикалық себептермен, халықтың сол жердегі тұрмыс - тіршілігіне байланысты болады. Атап айтсақ Қазақстанның әсіресе Жетісу өңіріндегі қалалардың өсіп өркендеуіне көп әсерін тигізген Ұлы Жібек жолы еді. Бұған Сауран қаласының өзінен дәлел келтіруге болады. Сондықтан осы жол тармағы мен көршілес аймақтардағы қалалар мәдениетерінің даму қарқынының өсіп - өнуін немесе қандай себептермен өмір сүруін тоқтатқандығын, сол мекен еткен халықтардың тұрмыс - тіршілігін зерттеу ортағасырлық Қазақстан тарихындағы маңызды мәселе болып табылады.

Сырын ішіне бүккен Сыр бойының әр тасы-тарих, әр төбесі тұнған шежіре, Сауран қаласының ашатын сыры көп. Елбасының өзі «Сыр - Алаштың анасы» деп бекер бағаламаған. Бұл қала түбі бір түркі тектес халықтардың астанасы болған. Сондықтан Сауран қаласының тамыры тереңге тартқан тарихын қадірлеп, танып ғылыми класификация жасау бүгінгі ұрпақтың парызы емес пе?

Қазақ хандығы заманында оңтүстіктегі Түркістан, Ташкент, Сайрам, Сауран батыстағы Сарашық қалалары дәуірлеу дәрежелеріне жетіп, құлпыра дамыған кезеңдерді бастан кешірген. Халықтың қалытпасуы тарихында осы бас қалалардың өзіндік маңызды орны бар.

Сырдарияның ортаңғы ағысында орналасқан Сауранның қираған орны Қазақстан тарихының талай құпияларын бауырына басып жатқан жабық архив секілді. Түкістаннан 40 км жердегі қираған қалашықтың қабырғалары әлі күнге дейін еңселі. Сауран Қазақстандағы қорған дуалдары неғұрлым толық қалпында сақталған белгілі ортағасырлық қалалардың бірі. Сонымен қатар соңғы жылдардағы зерттеу жұмыстары нәтижесінде осы қала аумағында шайқалмалы мұнаралары бар медресе, жұма мешіт, намазгах мешіті, ханака, қала қақпасы секілді археологиялық маңызды нысандар ашылып жатыр. /1/

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың бастауымен жүзеге асырылып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасында жария етілген міндеттерді одан әрі дамыту жолында ортағасырлық Сауран қалашығын зерттеу, шаралары маңызды орын алады. Әлемді таңқалдырары кәміл ашық аспан астындағы мұражай ұйымдастыруға лайықты бұл бірегей қала Қазақстан жұртшылығын да елеңдетуде, енді Қазақстан тарапынан Сауранды Ұлы - Жібек жолы бойындағы туризм үшін аса маңызды тарихи мәдени мұражайға айналдыру міндеті туып отыр. Осы жоғарыдағы айтылғандарға қарап тақырыптың өзектілігін аңғаруға болады.

Дипломдық жұмыстың тарихнамасы зерттелу деңгейі.

Ортағасырлық қалалардың қыр-сырын ашуға көптеген ғалымдар аянбай еңбек етті. Кеңістік кезінде бұл салада қызмет етіп, еңбек жолын осы Жетісу мен Сыр бойындағы ортағасырлық қалалар мен қоныстарды зерттеумен айналысқан ғалымдардың қатарында М. Е. Массон, А. Ю. Якубовеский, А. Н. Бернштам, А. Х. Марғұлан, С. П. Толстов, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н: Сенитова, К. А. Акишев, И. И. Смағұлов, К. М. Байпақов, У. Х. Шәмкенов, Л. Б. Ерзакович, Е. А. Смағұлов, М. Елеуовтар болды. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері осы ғалымдардың біразы өздерінің жұмыстарын жалғастырып келеді. /2/

Қазақстан археологиясына өз жұмыстарымен үлесін қосып жүрген К. М. Байпақовтың археология және ортағасырлық қалаларды зерттеу істерін жете меңгеріп, көптеген кітаптар шығарды. Соның бірі «Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық Қазақстан қалалары» шығармасында Қазақстанның ескерткіш қалалары мен олардың археологиялық қазба кезінде белгілі болған шаруашылығына назар аударды. Сонымен бірге «Қазақстанның ежелгі қалалары» атты кітабында Сауран қаласының архитектуралық құрылымы біршама жазылып, жеке тоқталған.

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ортағасырлық Сауран қаласында жүргізіліп жатқан кең көлемді жұмыстың аралық қорытындысы К. М. Байпақов пен Б. А. Смағұловтың 2005 жылы жарыққа шыққан «Ортағасырлық Сауран шаһары» атты еңбегінде көтсетілген. Еңбекте Сауран туралы жазба деректер жайлы мағлұматтар, бүгінгі таңдағы Сауранның тарихи - топографиялық очеркі, кәріздері, қалада жүргізілген қазба жұмыстары қаланың стратиграфиясы, мешіт, медресе мен қала маңындағы қоныс жайлар және Сауранның XV - XVIII ғасырлардағы ақша айналымы жайындағы мәліметтер берілген.

Сауран қаласы туралы Х - ХІХ ғ. 70 жылдарына дейінгі жазба деректер баспадан 2005 жылы «Извлечение из писменных источников средневекових городах Сауран и Сыганак» - деген атпен жарық көрген жинақта топтастырылған. /3/

Мерзімдік баспасөз беттерінде кейінгі кездердегі жүргізіліп жатқан археологиялық қазбалардың жаңалығы көптеп баяндалып тұрады. Мысалы, Қазақ әдебиеті газетінің 2006 жылғы қаңтар айында шыққан санында «Сырдың Сауран шаһары» деген атпен басылып, онда медресенің ашылып жатқандығы және мұражайға айналдыру ісін толық жеткізуге тырысқан.

Сауранның зерттелу тарихнамасында К. М. Байпақов Е. Смағұловтың еңбектері құнды мәлімет болып табылады. Сол қалашықтағы зерттеу жұмыстары бойынша жылдық есеп беру кезіне ондағы зерттеулерге тоқталып, конференцияларда баяндады.

Сонымен бірге осындай бірқатар мақалаларды археологиялық зерттеулер жүргізген ғалымдар М. Елеуов, Д. Тәлеев, Е. Смағұловтар жазып жүр.

Дипломдық жұмыстың мақсат - міндеттері.

Біршама ареологиялық тұрғыдан зерттеліп келе жатқан Қоныстарға тоқтала отырып, Сауран шаһарының қазақ халқының тарихында алатын маңызды орынын анықтау. Қазақстан Републикасының президенті Н. Назарбаевтың жолдауындағы «Мәдени мұра» бағдарламасы жоспарларының орындалуына көңіл бөліп, археологиялық тармағына бір әсерін тигізу. Осы уақытқа дейін зерттеліп жазылып келген қала туралы мәліметтерді жүйелі түрде жазып, жаңа қырынан таныту жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

Осы орайда жұмыстың мынадай міндеттерін көрсетуге болады:

  • Оңтүстік өңірде орналасып, Қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне хабар беретін ортағасырлық Сауран қаласындағы археологиялық зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне тоқтала отырып, нәтжелерін анықтау;
  • Саурандағы зерттеу жұмыстары кезінде жаңадан аршылған нысандар туралы мәліметті жаза отырып оларды біріктіру;
  • Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы археологиялық зерттеулердің нәтижелерін анықтау;
  • Сауранның Қазақстан тарихында алатын орнын анықтау;
  • Ортағасырлық қаланы зерттеудегі жетістіктер мен кемшіліктерге тоқтала отырып мәнін ашып көрсету;
  • Жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеулереге қатысты көзқарастарды топтастыру;
  • Саурандағы құпияға толы археологиялық нысандары және олардың архитектурасындағы ғажайыптарды ашып көрсету.

Диплом жұмысының хронологиялық шегі:

Сауран қаласы құлап археологиялық жәдігер, ескерткішке айналдырунан кейінгі XVII ғасырдан басталған археологиялық экспедициялардың ұйымдастырылып зерттеу жүргізе бастауынан, қазіргі уақыттағы зерттеулерге дейін қамтылған.

Алғашқы археологиялық зерттеулер басталған 1867 жылдан, 2004- 2006 жылдары «Мәдени мұра» бағдарлмасы аясында жүргізілген зерттеулерге дейін.

Диплом жұмысының жаңалығы:

  • Орта ғасырлық Ұлы Жібек жолы бойындағы құтты қала Сауран туралы деректер топтастырылды.
  • Саурандағы Археологиялық зерттеулер туралы мәлімет жинала отырып, қазіргі кездегі яғни 2007 жылға дейінгі зерттеу жұмыстарының нәтижелері топтастырылған.
  • Сауранның архитектурасындағы ерекшеліктері жазылып, оларды басқа осындай ескерткіштермен салыстыра отырып жазу көрініс тапты.

Диплом жұмысының сыннан өтуі:

Дипломдық жұмыс жазылу барысында алдын- ала қорғаудан жоғары оқу орында өткен ғылыми конференция кезінде өтті. Ғылыми жетекшінің нұсқауы арқылы жазылып, қарауынан өтті. Жазылу кезінде қайта құралып, тексерілуден өткізіп отырды.

Дипломдық жұмыс педагогикалық маңызы:

Қазақ халқы тарихындағы қала мәдениетінің дамығандығын ашып көрсете отырып, ортағасырлық қалашықты дәріптеу арқылы патриоттық тәрбиені қазақ халқының құнды жәдігерлердің көмегімен сіңдіру. Жұмыстың педагогикалық маңызы болып табылады. Жұыста көрініс тапқан мәселелері жеке ғылыми зерттеулерде пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың методологиялық негізі:

Дипломдық жұмыста алға қойлыған мәселелерді ғылыми тұрғыдан зереттеп ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің диолектикалық тәсілдерімен тығыз байланысты тарихилық, объективтілік сияқты негізгі методикалық принциптер басшылыққа алынды. Сондай -ақ соңғы жылдардағы археология саласындағы жетістіктер туралы жаңа концепцияларда жазылды.

Диплом жұмысының құрылымы:

«Сауран қала жұртындағы археологиялық зерттеулер» деген атпен жазылған жұмыстың құрылымы: кіріспеден және екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиетер мен сілтемелер тізімдері және қосымшалар жұмысқа енгізілді.

І тарау. Ұлы Жібек жолының бойындағы қуаты қала туралы деректер және археологиялық зерттеулердің жүргізілуі.

1. 1. Сауран қаласы жайындағы алғашқы деректер, қала тарихы.

Түркістан қаласының оңтүстігіне таман, Сығанақ жанындағы шамамен қырық бес шақырым жердегі Сауран қаласы дүниеге ІХ ғасырда келсе керек. Алғашқыда Отырар билеушісі оны шекараға әдейі бекінісі ретінде салған екен. Онда әскерлер тұрып Ұлы Жібек жолының өтуі ол қаланың өркендеуіне жағдай жасаған. Төрт бұрышты етіп салынған қаланың әр мұнарасында қарауыл қарайтын күмбез, жауға ғана күйген қыштан, басқасы қорғанның кей жерлері ғана күйген қыштан, басқасы саз балшықтан өрілген. Қалада халық тығыз болған. ІХ - Х ғ. Оғыз мемлекетінің құрамында болған өзара қырқысудан кейін Сауран, Сығанақ, Түркістан тағы бірқатар қалалар қыпшақтардың қолында болды.

ХІІІ ғасырда Сауран Хорезм шахы Мухаммедтің қоластында болды. Монғол шапқыншылығынан кейін Сыр бойындағы Сауран қаласы Ақ орданың алғашқы астанасы болды. Ол ХІІІ - XV ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойында жатқандықтан саудасы дамыған қалаға айналды, саяси әкімшілік, экономикалық және әскери стратегиялық маңызға ие болды, әрі мықты бекініс еді. 1320 жылы қаза болған Ақ орда билеушісі Сасы - Бұха осы Сауранда жерленді. Оның баласы Ерзен хан кезінде Сығанақ қаласы көркейіп, онда медреселер салдырды. Сауранда да бірнеше жаңа ғимараттар тұрғызды. Ақ орда мемлекетінің әкімшілік, экономикалық және мәдени орталықтары болған Отырар, Йассы, Сайрам қалалары мен астанасы Сығанақ Темірдің қол асытына XV ғасырда өтті. Сауран қаласында оның атты әскерлері тұрды.

Кейінен Темір әлеулеті құлаған соң Әбілхайырдың иелігіне өткен Сауран, қайта гүлдене бастады. Қазақ әміршілері 1470 жылы Сауранды өз иеліктеріне қосып алды. Жоңғар шапқыншылығы кезінде кіші жүз ханы Әбілхайыр алғашында Сауранда отырып, кейінен Арал жаққа көшірліді. Сауран жауға қарсы мықты қорған қаласы болып тұрды.

XV ғасырдың 80 жылдарында қазақтың тұңғыш хандарының бірі Жәнібектің баласы Иренші сұлтан осы Сауранды билеген. Демек, Сауран қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын ортағасырлық қалалардың бірі болып табылады.

Сауран қаласы сыр бойындағы өзге қалалар сияқты талай аласапыран заманды басынан кешірді. Алғашқыда бұл өлкені қаңлы тайплары билесе, одан кейін Сауран басқа мемлекеттердің құрамында болған.

Сауран талай сұрапыл шайқастар мен оқиғалар куәсі болған мекен. Солардың бірі 1480жылы Сауран мен Яссының (қазіргі Түркістан) ортасындағы кең жазық далада Сауран қаласын басып алу үшін Жәнібек хан қалың қолмен Мухаммед Шайбанидің (1468 жылы қайтыс болған Әбілқайыр ханның ұрпағы) әсекерімен айқасқа түседі. «Қалпарыста Жәнібек хан қалың қолмен Мұхаммед Шайбанидің Ақсофы батырының қолына түсіп қалады. Бетпе - бет келіп қалған осы шайқаста Ақсофы батырдың қос қолдап ұрған шоқпарының салмағынан Жәнібек ханның омыртқасы үзіліп, ат -матымен жер құшып омақоса құлады. Хан денесін батыр Саян жау тобынан алып шығып кетеді» - деп Сауарнда болған шайқастың көрінісі жазылған.

1598 жылы Абдолла ханның әскерлері қаланы қоршауға алған кезде Бұқарадан арнайы тас атқыш машиналар алдырып, солардың көмегімен қаланың үйлері мен құдықтарын талқандағын. Қорғаныс қабырғасының асты қазылып, содан су да жіберілді, бекініс ұзақ уақыт бойы қарсылық көрсеткен. XVIII ғасырдың ортасына дейін тіршілігін үзбеген Сауран кейінен Түркістан маңындағы кішігірім елді мекенге айналды.

Бұл қала осындай қасіреттерді басынан кешіре отырып, қазақ жерін орыстар тарапынан отарлаушылықтың құрбаны болып кете барды. Түркістан генерал губернаторлығына кірген бұл қалаға алғашқы отарлау жүргізілгенде орыс экспедитциялық корпусы Қоқан жеріне енген қазақ жерінің бекінісі мықты қалаларын әскери қимылдар жасау арқылы алды. Оның ішінде Шымкент және Сауран қалалары да бар еді. Сауран қалашығы сыр бойы мен қазақ даласы туралы ортағасырлық мәлімет қалдырған жазбалардың бәрінде кездеседі.

Қазақстан жеріндегі қалалар туралы деректер араб - түрік саяхатшыларының естеліктерінде көрініс табады. Сауран қаласы дайында алғашқы естелік Х ғасырға жатады. Белгілі араб географы әл Макдиси оған мынадай мінездеме берген: «Сауран (Савран, Сабран) - үлкен қала, ол бірінен соң бірі, жеті қабырғамен қоршалған. Рабатыбар, мешіті ішкі қалада орналасқан. Ол оғыздар мен қыпшақтардан қорғауға арналған шекаралық бекіністі қала». Ибн - әл - Әсир мен Жақұтта қаланы ірі орталық ретінде атап өткен.

ХІІІ ғасырдың ортасында Сауран қаласы «Савран» деп аталып, армиян патшасы Гетумның Монғолияға Батыйдың ұлы Менгу ханға бағыну рәсімімен аттанған сапарында жол бойы басып өткен қалалар тізімінде Сауран, Сығанақ, Харшұқ, Асон (Йосы) қалалары көрсетілген. Саураннан өту өте ұзақ жолды алды делінген. Сонымен қатар қала туралы құнды деректі 1509 жылдың наурыз айында Сауранды өз көзімен тамашалаған әйгілі жазушы Рузбихан оны мейлінше сүйкімді қала дейді. Қала ашық, жазық далада салынған. Ол өте көңілді, жарқын, санаға қуаныш пен күш құятын жұмсақ сергек самалды. Бүкіл аймағында түрлі әдемі ағаштар өсіп, көрініп тұр. Қаланың өзі биік қабырғамен қоршалған, сыртында алынбас ор қазылған», - деп сипаттайды. Рузбихан қаланың рухани, мәдени өміріне де қатысты дәйектер келтіріп өтеді. Сауранда Имендік Сейіт мір Арабтың өмір сүргендігін айтады. Қалада сол өлкенің білімді адамдары жиналатын, олар жиналғанда Маурана әбу Сағид Сабрани ХІІ ғасыр жазушы Бағауидің « Әл масабих» (шарықтар) кітабын оқығандығы туралы жазды.

Сонымен бірге Сауранда білім беретін медреселер мен оқушылар, білім алушылар туралы көптеген мәліметтер қалдырды.

«Ерте көктемде мен байғұс Сығанақтан Сауранға кетіп менің күш қайратым қалмай шаршағаныма қарамастан жол жүрдім. Бұл әлсіздігімді Түркістан даласының кереметін көргенде тез басылды»- дей келе Сауран қаласына да таңданыс білдіре отырып, Қайтар жолда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне соғып бас иіп кеткендігі туралы өз естіліктерінде жазған. Ибн ал- Эсира болса Әли - Арслан ханның жаулап алушылық жорықтарын жаза келіп былай дейді. «Әли Арслан Джейхун арқылы Женд және Сауран қалаларын жаулап алуға аттанды. Оның арғы атасы Селджұқтың моласы Жент қаласында болатын жолда оны Жент мәлігі күтіп алып силықтар табыстады. Осыдан кейін ол қайырымдылық жасап қайтадан Харезм жеріндегі Гуртанжға келіп, одан Мервке атанды».

Сонымен қатар тағы көптеген деректерде Шайбаниліктер мен қазақ хандығы арасында осы қала үшін таласқа түсіп отырғаны туралы жазылған.

Қазақ хандығы тарихы құжаттарында Қасым хан мен ұлы Бұрындық осы Сауран қаласында билік құрғаны айтылады.

Сауран қорғаны жайлы деректің бір көзі «Шайбани-наме» атты шығармадан табуға болады. Онда Жәнібектің ұлы Жиренші сұлтанның әскерлері көп қолмен Шайбанилік хан отырған Сауран қаласындағы әскерлеріне шабуыл жасап, аз әскермен қалған Алеке ханды өлтіргені жазылған.

XV ғасырда жазылған «Анонима Искандера» шығармасында Ақ орда ханы Сасы Бұқаның ұлы Ерзен ханның билік құрғаны және оның ақылдылығының арқасында мемлекет шекарасы кеңейгендігі жазылған. Отырар, Сауран, Жент және Баршынкент қалаларындағы медресе, ханака мен мешіттердің үлкен бөлігін салдырғаны да көрініс тапқан.

Тағы бір құнды дерек шераф ад дин Иездин (XIV- XV ғасыр араб саясатшысы) «Жеңіс кітабы» шығармасында Тоқтамыс пен Әмір Темір әскерінің Сауранды жаулап алуы жазылған. Әмір Темір Тоқтамысқа Сауранды жаулап алуды тапсырады, мұны білген Ақ орда ханы Орыс хан оған қарсы өзінің ұлы Құтылық Бұқа бастаған әскерлерін жібереді. Шайқас кезінде ҚұтлықБұқа көзіне қадалған жебеден қаза тапқанымен оның әскерлері күш алып жеңіске жетеді. Тоқтамыс Самарқандқа дейін қашып барады. Әмір Темір тағы да Тоқтамысты әскермен жібереді. Түнгі шабуылдан соң 13 күнде алынған Сауранның тағын Тоқтамыс алды.

Бұл деректер Алтын орда тарихы жайлы құжаттар жинағында жазылған. Сауранда 1514 - 1515 жылдары өмір сүрген ақын әрі жазушы Васифи өз естеліктерінде құнды мағлұматтар келтіреді. Махмуд Зайнаддин ибн Абдаль Жалил Уасифи (Васифи) 1485 жылы 18 қаңтарда Ирандағы Герат қаласында дүниеге келген 1551 - 1556 жылдары шамасында қайтыс болған. Васифи XVI ғасырдың қызықты әдеби туындыларының бірі - «таңғажайып оқиғалар» атты мемуар жазды. Сауран қаласында тұрған кезде ол қала халқы мен қала әміршілерінің өмірін сипаттайтын естелік жазды. Саурандағы сәтті күндерінде ол Қазақстан үшін әдеттен тыс көрінетін жер асты суларын сыртқа шығаратын жер асты галереясы - кәріздерді суреттеп, «Мұдай құрылысты құрлықпен және теңізбен әлемді шарлап шыққан адамдардың өзі де көрмегенін» ескертеді. Олардың құрылысында 20 индиялық құлдар жұмыс істеген. Кәріздердің басталуы Сауранның бір фарсах жердегі қашықтықта болған оның үстіне қамал салынған, қамалдың ішінде терең құдық қазылған, 200 гяз, бетіннен суға дейін 50 гяз, құдықтағы су діңгегі болған; суды шығыр арқылы көтерген. Шығыр бұқамен қозғалысқа келтірген кәріздердің біреуінің суымен суғарылатын жер участігінде бағы, жүзім бақшасы және шаруашылық қара - қопсылары бар шарбақ орнатылғаны туралы құнды мәліметер қалдырды.

Васифи сонымен қатар қаланың аса бір керемет құрылысы екі шайқалмалы мұнарасы бар медресе туралы да хабарлайды. Оның үстіне сәулесімен ізгі нұр таратып тұрған, екі зәулім мұнара орнатылған. Сол мнаралардың гүлдестесінде шынжырлар бекітілген, ал әрбір мұнараның күмбезінің астына бөрене қойылған. Егер де кімде кім бөренені күшпен қозғалтатын болса, шынжыр теңселеді де көрші мұнарада тұрған адамдарға мұранара шайқалып, құлайтындай көрінеді. Бұл әлем ғажайыптарының бірі -деп көрсетті.

Сауран қалашығы жайында біршама мәлімет Ибрахим ибн Мухаммед ал - Истахридің «Китаб масалик ал- мамалик» кітабында кездеседі. Онда «Кедер қаласында Шабғарға дейін бір күндік жол, Шабғардан Сауранға дейін жеңіл күндік жол» - деп атап көрсетті. Ибн Хаукал араб деректерінде Сауран туралы жазған. «Бұл қала Сауран деп аталады. Оғыздар бекінісі мықты бұл қалада саудагерлер жиналып келісімдер жасайды». Ал Истахри жоғарыда аталған «сауда жүргізіп келген қала, мұнда әскер ұстамайды, бірақ қала өте бай» - деп қаланың жібек жолы бойындағы маңызды орын болғанын дәлелдей түседі.

Мамұд Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігі» шығармасында «Сауран Оғыз қалаларының бірінің атауы. Жұрт ол жерді арапшадағы әрпімен Сабран» дейді әйтсе де түрік тілінде - с әрпі жоқ -деген сөздерді жазған. Бұл Сауран қаласының атын өзгерген күйі берген.

Екі мың жылға жуық тарихы бар Сауран қаласының зерттелуі жүз жыл бұрын басталды. Ол туралы шығыстанушы П. И. Лерхтің шығармаларында кездеседі. Сондай-ақ П. И. Пашино қолжазбасында, географ А. П. Федченконың есебінде атап өтілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кейінгі ортағасырлық Сауран шаһары (XIV-XVІІІ ғғ)
Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы – Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеудің жаңа кезеңі
Ортағасырлар дәуірі кезеңіндегі Арыс өзені бойындағы қалалық мәдениеттердің дамуы мен генезисі
Сортөбе қалалар тобындағы жаңа археологиялық зерттеулер. Орналасуы, құрылымы және заттар кешені
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Тарих ғылымдарының докторы
Жетісу археологиялық ескерткіштері
Арыстан баб кесенесі сәулет өнері ескерткіші
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz