Теориялық білім мен практиканың байланысын жүзеге асыру



1.Теориялық білім мен практиканың байланысын жүзеге асыру (жеке тақырыптар мысалында).
2 Оқушылардың экологияны оқуға қызығушылығын арттырудың жолдары.
3 Оқушылардың сабақтарында пәнаралық байланыстарды пайдалану жолдары.
Кәсіптік оқыту педагогы өз iс-әрекетiнiң мәнiн терең түсiнбей, қоғамдық-саяси, арнаулы ғылыми, психологиялық-педагогикалық бiлiмдер жүйесiн игермей, сондай-ақ теориялық бiлiмдерiн, практикалық мәселелердi шешу кезiнде шығармашылықпен қолдану iскерлiгiнсiз жүзеге асыра алмайды. Педагогикалық практика болашақ мамандарды педагогикалық iс-әрекеттiң алғашқы және аса құнды тәжiрибесiмен қаруландырады, студенттердiң педагогикалық iс-әрекетке кәсiптiк жұмысқа дейiн-ақ даярлығының көрсеткiшi қызметiн атқарады. Мұның бәрi студенттердiң педагогикалық практикасын жетiлдiру проблемасының теориялық және практикалық мәндiлiгiн қамтамасыз етедi.
Педагогикалық практиканы табысты өткiзу үшiн, бiздiңше, студенттердiң кәсiби бiлiмдердi, iскерлiктер мен дағдыларды саналы игеруге шығармашылықпен және үлкен жауапкершiлiкпен қарау қажеттiгiне көздерiн жеткiзiп, педагогикалық практиканы өз бетiмен орындайтын педагогикалық iс-әрекет ретiнде қарастыру керек.
Теориялық талдау материалистiк iлiмдегi адам iс-әрекетiнiң өзгертушiлiк сипаты жөнiндегi, практиканың ролi жөнiндегi, оның басым мәнi және теориямен байланысы жөнiндегi iлiмдерге сүйенедi; практика таным шынайылығының, практикалық iс-әрекетке жетекшiлiк жасау қызметiн атқаратын теория ақиқаттығының шешушi және жалғыз критерийi болып табылады деген принциптiк әдiснамалық қағидаларына негiзделедi.
Практиканың ролi жөнiндегi идея қазiргi философияда одан әрi жалғасын тауып отыр. Бiз практиканы заттық iс-әрекет ретiнде қарастыратын көзқарасты (Н.К.Вахтомин, В.А.Восонович, П.В.Копнин) жақтаймыз. Көрнектi психологтардың (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, В.Ф.Ломов, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн және т.б.) еңбектерiнде практика адамзат iс-әрекетiнiң маңызды және шешушi компонентi ретiнде қарастырылады.
Зерттеудiң мақсатын және мiндеттерiн басшылыққа ала отырып, бiз жұмыс барысында Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко ұсынған және негiздеген студенттердiң теориялық және практикалық даярлығының бiрлiк принципi; педагогикалық практиканың болашақ кәсіптік оқыту педагогын даярлау жүйесiндегi орны; педагогикалық практиканың құрылымы; педагогикалық шеберлiктi игеру бойынша жаттығулар жүйесi; студенттердi оқытудың маңызды құралы ретiндегi педагогикалық практика мәселелерiн талдадық.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

С Ө Ж

Орындаған: Төлегенова.Г
Эл-317топ
Тексерген: Мурзалимова.А.Қ

Семей 2015жыл

1.Теориялық білім мен практиканың байланысын жүзеге асыру (жеке тақырыптар мысалында).
2 Оқушылардың экологияны оқуға қызығушылығын арттырудың жолдары.
3 Оқушылардың сабақтарында пәнаралық байланыстарды пайдалану жолдары.
Кәсіптік оқыту педагогы өз iс-әрекетiнiң мәнiн терең түсiнбей, қоғамдық-саяси, арнаулы ғылыми, психологиялық-педагогикалық бiлiмдер жүйесiн игермей, сондай-ақ теориялық бiлiмдерiн, практикалық мәселелердi шешу кезiнде шығармашылықпен қолдану iскерлiгiнсiз жүзеге асыра алмайды. Педагогикалық практика болашақ мамандарды педагогикалық iс-әрекеттiң алғашқы және аса құнды тәжiрибесiмен қаруландырады, студенттердiң педагогикалық iс-әрекетке кәсiптiк жұмысқа дейiн-ақ даярлығының көрсеткiшi қызметiн атқарады. Мұның бәрi студенттердiң педагогикалық практикасын жетiлдiру проблемасының теориялық және практикалық мәндiлiгiн қамтамасыз етедi.
Педагогикалық практиканы табысты өткiзу үшiн, бiздiңше, студенттердiң кәсiби бiлiмдердi, iскерлiктер мен дағдыларды саналы игеруге шығармашылықпен және үлкен жауапкершiлiкпен қарау қажеттiгiне көздерiн жеткiзiп, педагогикалық практиканы өз бетiмен орындайтын педагогикалық iс-әрекет ретiнде қарастыру керек.
Теориялық талдау материалистiк iлiмдегi адам iс-әрекетiнiң өзгертушiлiк сипаты жөнiндегi, практиканың ролi жөнiндегi, оның басым мәнi және теориямен байланысы жөнiндегi iлiмдерге сүйенедi; практика таным шынайылығының, практикалық iс-әрекетке жетекшiлiк жасау қызметiн атқаратын теория ақиқаттығының шешушi және жалғыз критерийi болып табылады деген принциптiк әдiснамалық қағидаларына негiзделедi.
Практиканың ролi жөнiндегi идея қазiргi философияда одан әрi жалғасын тауып отыр. Бiз практиканы заттық iс-әрекет ретiнде қарастыратын көзқарасты (Н.К.Вахтомин, В.А.Восонович, П.В.Копнин) жақтаймыз. Көрнектi психологтардың (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, В.Ф.Ломов, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн және т.б.) еңбектерiнде практика адамзат iс-әрекетiнiң маңызды және шешушi компонентi ретiнде қарастырылады.
Зерттеудiң мақсатын және мiндеттерiн басшылыққа ала отырып, бiз жұмыс барысында Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко ұсынған және негiздеген студенттердiң теориялық және практикалық даярлығының бiрлiк принципi; педагогикалық практиканың болашақ кәсіптік оқыту педагогын даярлау жүйесiндегi орны; педагогикалық практиканың құрылымы; педагогикалық шеберлiктi игеру бойынша жаттығулар жүйесi; студенттердi оқытудың маңызды құралы ретiндегi педагогикалық практика мәселелерiн талдадық.
Педагогикалық практика проблемасының қазiргi педагогикадағы жай-күйiн талдау зерттеулердiң басым көпшiлiгiнiң болашақ педагогтардың кәсiптiк даярлығын жетiлдiруге арналғандығын көрсетедi, атап айтқанда, педагогтар шеберлiгiнiң негiзiне психологиялық-педагогикалық талдау жүргiзiлдi (А.П.Акимова, О.А.Абдуллина, В.К.Елманова, З.Ф.Есарева); педагогикалық шеберлiктiң кәсiптiк сипаттамасын зерттеу одан әрi жалғасуда (Н.А.Половникова, Н.А.Рыков, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков және т.б.); педагогикалық практиканы ұйымдастыру зерделенуде (О.А.Абдуллина, Е.В.Бондаревская, З.И.Васильева, Э.А.Гришин, В.К.Розов, А.П.Сейтешев, В.А.Сластенин және т.б.); болашақ педагогтардың практика процесiнде кәсiби-педагогикалық iскерлiктерi мен дағдыларын қалыптастырудың ерекшелiктерi анықталуда (Е.И.Антипова, В.В.Воровьева, Н.З.Еловая, Б.Д.Красовский, Г.А.Засовина, Е.Б.Орлова, В.Н.Овчинникова және т.б.).
Ал болашақ педагог даярлығы жүйесiндегi педагогикалық тапсырмалар проблемасы әлдеқайда аз дәрежеде зерттелген. Бұл мәселе (Н.А.Смирнова) жасөспiрiмдермен жүргiзiлетiн жұмыс бойынша берiлетiн педагогикалық тапсырмалар түрiнде әртүрлi аспектiлерде қарастырылған; студенттердiң танымдық белсендiлiгiн және шығармашылық қабiлеттерiн дамытудағы тапсырмалардың ролi (Р.А.Низамов); студенттердiң педагогикалық iс-әрекетiне зерттеушiлiк көзқарасын қалыптастыруға арналған тапсырмалардан тұратын ғылыми-педагогикалық нұсқау (В.М.Духовная, С.А.Зимичева). Сондай-ақ Н.В.Кузьмина педагогикалық мәселелер жүйесi ретiнде қарастырған репродуктивтiк және модельдеу жүйесi және О.А.Абдуллина зерттеп, әзiрлеген оқу-зерттеу тапсырмалары теориялық және практикалық жұмыстардың тоғысы болып табылады. В.А.Сластениннiң пiкiрi бойынша, нақты тапсырмалар студенттердiң өзiндiк танымдық iс-әрекетiнiң мәндi дәлелдерiн қалыптастыру үшiн, тапсырманы орындау процесiн өз бетiмен бiлiм алу iс-әрекетiмен жақындастыру үшiн жағдайлар туғызады. Нақты тапсырма студенттердiң өзiн-өзi әлеуметтiк, кәсiптiк және адамгершiлiк тұрғыдан танып-бiлуiне ықпал ететiн өзiндiк танымдық iс-әрекетiнiң әлеуметтiк-мәндiк себеп-салдарын қалыптастыру үшiн жағдай жасайды дей келе, іс-әрекет мақсатымен және оны жүзеге асыру шартымен сәйкес келетін педагогикалық жағдайлар - педагогикалық тапсырма болып табылады - деп анықтама береді. Г.М.Коджаспирова Педагогикалық тапсырма туындаған педагогикалық жағдайлар мен оны шешу негізіне бағытталған, қажетті әрекеттер жоспары деп қарастырады.
Біз авторлардың осы аталған тапсырма ұғымдарына берген анықтамаларына тоқталамыз, оларды қолдай отырып, зерттеу пәнімізге қарай: Тапсырма дегенiмiз мақсат қоюдан бастап нәтиже алғанға дейiнгi педагогикалық үрдісті жүзеге асыратын логикалық байланысты әрекеттердiң жиынтығы, деп өз анықтамамызды береміз. Тапсырмалар құрастыруда мынадай талаптарды қанағаттандыруын қарастырдық: тапсырманың педагогикалық үрдістің барлық маңызды белгілерін қамтуы; кез-келген педагогикалық мақсатты жүзеге асыруда жалпы мәнге ие болуы; педагогикалық үрдісте кез-келген жағдайда бақылау жасау мүмкіндігінің болуы.

Қызығушылық деп оқушылардың бір нәрсеге зейін қоюға, кейбір заттар мен құбылысты танып білуге ұмтылуын айтамыз.Экология пәнін оқушыларды қызықтырып, өзіне тартатын құбылыстар аз емес, тек соларды таба, тани білу керек.
Экологияны оқып үйрену шашыранды деректер негізінде емес, себеп - салдары анықталған танымдық білім негізінде қалыптасуы керек, әсіресе заттың құрылысы мен қасиеттері арасындағы байланыстары ашылуы қажет.

Оқушылардың таным қабілеті дербес дамыса ғана нәтижелі болады, ынталылығы, саналы жауапкершілігі қалыптасқан жағдайда болуы керек, проблемалық ахуалдарды біреудің көмегінсіз, өзі дербес шешкен жағдайда таным қызметі дами түседі. Дербестік негізі оқушының өз бетінше оқулықпен, анықтамалық әдебиеттермен, сөздіктермен, энциклопедиялармен, сол тәрізді оқу құралдарымен жұмыс істей білуіне тікелей байланысты.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін үздіксіз педагогикалық практика арқылы даярлау
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Студенттердің педагогикалық практикасын кешенді тапсырмаларды құрастыру және қолдану негізінде жетілдіру
Бапкер-оқытушыны спорт колледжі жағдайында кәсіби-педагогикалық дайындау
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДАРЫН КӘСІБИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДАУ
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дене тәрбиесінің әлеуметтік - педагогикалық әсерлері
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Пәндер