Заң психологиясы жайлы түсінік жайлы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СӨЖ

Тақырыбы: Заң психологиясы жайлы түсінік

Орындаған: Нурсадыкова Ж. М

Тексерген: аға оқытушы Абдуллина Г. К

Семей 2015

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Заң психологиясы пәні
  1. Заң психологиясы пәнін оқытудың мақсаттары
  2. Заң психологиясы пәні, зерттеу әдістері
  3. Заң психологиясының бөлімдері
  1. Пайдаланған әдебиеттер

Заң психологиясы - заң нормаларының жолын қабылдауға қатысушы адамдардың күйін, психикалық үрдістері мен құбылыстарды зерттейтін психология ғылымының бір саласы.

Заң психологиясы ғылымның жас тармағы ретінде болса да негізгі түп тамыры тереңде жатқан ғылым болып табылады. Шындығында, антикалық орта ғасырдағы сот процесінде негізгі дәлел күмәнданушылық және қылмыскердің жеке өзінің мойындауы болған. Сол кездерде адамдарды жауап беруге мәжбүрлеу үшін арнайы шоктік жағдай жасалған, сонымен қатар, зерттелу жағдайына байланысты адамның өз сенімдерін айтуға итермелеген. Мысалы: күмәнданушыны тосыннан кішкене қараңғы бөлмеге алып келген, ол бөлмеде өліп қалған адамның денесі жатыр. Күмәнданушыны шындықты айтуға солай мәжбүрлеген.

Заң психологиясына бағытталған бірнеше жұмыстар Ресейде ХІХ ғасырдың 10 жылдығында пайда болды. ХХ ғасырдың 10 жылдығында заң психологиясында эксперименталды зерттеулерге үлкен назар аударылды.

Заң психологиясы батыс Европа елдерінде дамуы алғашқыда сот және қылмыскер психологиясы негізінде дамыды. Алғаш психологиялық таным, қылмыстық сот ісін жүргізуде Германияда ХҮІІІ ғасырдың соңында қолданысқа ене бастады.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың соңы Ресейде психология, психиатрия, және құқық салалары қарқынды дамыды. Г. И. Ковалевский 1899 жылы заң психологиясы мен психопотология ғылымдарын заң ғылымында курс ретінде қоюды ұсынды. 1912 жылы Германияда заң саласында конгресс өткізілді. Бұл конгрессте «сот психологиясының» міндетті түрде заңгерлерге білім берудегі маңыздылығын атап өтті. 1874 жылы Қазаннан алғаш рет жарық кӛрген А. А. Фрезенің «Сот психологиясының очерктерінде» қылмыстық құқықтық түсініктерге психологиялық тұрғыдан талдау жасалынған. 1907 жылы В. М. Бехтеревтің басшылық жасауымен Санкт-Петербургте психоневрологиялық ғылыми институты құрылып, онда сот психологиясынан курс ашылды. 1925 жылы Москва мемлекетінде Заң институты ашылды. Онда қылмыс пен қылмыскерлер зерттеу жӛнінде, сонымен қатар әр қалаларда заң кабинеттері ашылды.

А. Р. Ратишов өзінің алғашқы жұмыстарында, былай деп көрсеткен: сот психологиясының пәні психикалық құбылыс негізінде алға шығады деген. Ал заң психологиясына өз үлесін қосқан А. В. Дулов былай деген, яғни барлық ғылымдағы пәндердің өзіндік белгілері бір топтың заңдылықтары болады және осы заңдарды оқытады. Заң психологиясы аясындағы теоретик В. И. Васильев былай тұжырымдаған, яғни заң психологиясының пәні құқықтық қатынас саласындағы жеке адам тұлғасымен және де психологиялық заңдар қызметі негізінде құрастырылады деген. Адам қоғамының заңсыз ӛмір сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамның барлық өмір аяларында болып жататын құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны қанша болуы керектігін ешкім де дәл тауып айта алмас еді. Құқықтық мемлекеттің ең басты және айқын белгісі - заң бәрінен де жоғары тұрып, қоғамдық өмірде үстемдік етеді. Қоғамдық өмірдің барлық маңызды жақтары заң арқылы реттеліп отырады.

Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала

  • сот психологиясы,
  • қылмыс психологиясы,
  • еңбекпен түзету психологиясы (пенотенциарлы) деп аталатын тармақтардан тұрады.

Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т. б. жайттардың психологиялық астарларын қарастырады.

Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады.

Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындагы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді.

«Заң психологиясы» пәнін оқып-үйрену - заң психологиясының зерттеу объектісі туралы білімдер, яғни, адам және оның басқа адамдармен, қоғаммен, табиғатпен құқықтық қатынасы; құқық және заң психологиясының

пәні-құқық арқылы реттелетін адамның іс-әрекетінің психологиялық механизмдері мен заңдылықтар жүйесі туралы білімдерді қалыптастырады.

«Заң психологиясы» пәнін оқытудың мақсаттары:

  • студенттерді заңгер кәсіптік қызметтің психологиясының негіздемелеріне үйрету және олардың құқықтық саладағы кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту.
  • субъектінің іс-әрекеті, танымы және қарым-қатынасы ретінде адамды

психологиялық тұрғыдан талдау;

  • негізгі психологиялық ұғымдар, оның анықтамаларымен таныстыру және олардың мазмұны мен мәнін түсіну;
  • оқу-танымдық іс-әрекет барысында алған білімдерді ӛз бетінше пайдалану;
  • болашақ практикалық іс-әрекетінде психологиялық білімдерді қолдану.
  • заңгерлік мамандықтың қыр-сырын терең игерулері үшін қажетті білімдерді меңгерту;
  • заң психологиясының ғылымдар жүйесі мен әлеуметтік тәжірибедегі алатын орнын нақты айқындау;
  • заң психологиясындағы түрлі ағымдармен концепциялармен таныстыру;
  • студенттерді Заң психологиясы бойынша алған білімдерін күнделікті тұрмыста, кәсіби іс-әрекетте пайдалануға және осы ғылым саласында өз бетінше терең білім алуға мүмкіндік береді.

Іргелес пәндер тізімі: жалпы психология, әлеуметтік психология, құқық негіздері. Заң психологиясын оқып үйренуге қажетті пәндер тізбегі: заң психологиясы пәнін оқып-үйрену мектептегі биология, қоғамтану және университеттің алғашқы сатысындағы пәндер: құқық негіздері, әлеуметтік психология, сияқты пәндермен алынған білімдерге негізделеді.

  • заңгер студенттердің назарын психологияға аударту;
  • құқықтану сферасындағы студенттердің психологиялық мүмкіндіктеріне қызығушылығын туғызу;
  • психология мен құқықтану байланыстарын түсіндірі;
  • заңгерлер үшін психология білімінің қажеттілігін түсіндіру;
  • құқықтық проблемаларды психологиялық бағытпен шешу қабілетін дамыту;

Бұл курсты оқып-үйрену аясында заң псисихологиясының зерттеу объектісі туралы білімдер, яғни адам және оның басқа адамдармен, қоғам, табиғатпен құқықтық қатынасы; құқық және заң психологиясының пәні - құқық арқылы реттелетін адамның іс-әрекетінің психологиялық механизмдері мен заңдылықтар жүйесі туралы білімдерді қалыптастыру қарастырылады. Осыған орай, бұл курста құқықтық сана, ауытқымалы және қылмыстық жүріс - тұрыс, сот - тергеу әрекеті мен сот өндірісі, әлеуметтік реаблитатция мен түзету психологиясы бойынша білімдер жүйесі берілуі қажет.

Заң психологиясы пәнінің тезисі - құқық, іс-әрекет, жүріс-тұрыс суъектісі

ретіндегі жеке адам болуы қажет. Заң психологиясының ғылымдар жүйесі мен әлеуметтік тәжірибедегі алатын орнын нақты айқындау қажет. Заң психологиясындағы түрлі ағымдармен концепциялармен таныстыру; Студенттерді «Заң психологиясы» пәні бойынша алған білімдерін күнделікті

тұрмыста, кәсіби іс-әрекетте пайдалануға және осы ғылым саласында өз бетінше терең білім алуға үйрету болып табылады. Пәнді оқыту студенттерді заң психологиясының негіздемелеріне үйрету және олардың құқықтық саладағы кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту.

Заң психологиясы пәні, зерттеу әдістері

Қоғамдағы адам өмірі көптеген жазылған және жазылмаған нормаларға тәуелді. Қоғамның негізгі міндеті - өмір сүріп отырған қоғам талап етіп отырған мінез - құлық нормаларымен үлгілеріне сай жеке адамды қалыптастыру. Заң психологиясы мен заңтануды біріктірген қолданбалы білім саласы болып табылады. Заң психологиясы пән ретінде заң аясында пайда болған психикалық құбылыстардың даму заңдылықтарын үйрету болып табылады. Заң психологиясы ғылым ретінде ӛзінің алдына біршама міндеттер қояды. Оларды жеке және жалпы деп топтастыруға болады.

Жалпы міндеттеріне: заң және психологиялық білімдерге синтез жасау. Заң категорияларының іргелі психологиялық мәнін ашу болып табылады.

Жеке міндеттеріне:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заң психологиясы жайлы түсінік
Психология пәні, оның міндеттері, даму тарихы
Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері
Оқушылардың жеке ерекшеліктері
Психологиялық ғылым мен практиканың пәні мен міндеттері
Психиканың даму және қалыптасу заңдылығы
Қазақстанда психологияның даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым
Психология саласы
Этнопсихология туралы жалпы түсінік
Психология жайлы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz