Мәдени жайылымдар мен шабындықтар жасаудың тиімділігі



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
 Мәдени жайылымдар мен шабындықтар
 Шөп қоспаларына пайдаланылатын шөп түрлері және өсіру технологиялары
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Республикамызда мал азығының басқа түрлеріне қарағанда шалғындықта және жайылымнан алынатын көк балауса азығының үлесі өте жоғары, бірақ Қазақстанда соншалық жайылымда мал бағу кезеңі орташа 120-200 күн, солтүстік облыстырда одан да аз 120-150 күн, сондықтан қыста мал қорада тұру кезеңі 7-8 ай бойы созылады және бұл кезеңде жыл сайын малдарға қажетті ірі және шырынды мал азығын - пішен, пішендеме, сүрлем, құрама жем, дәруменді шөп ұнын дайындап алу керек.
Табиғи малазықтық жерлер, себілген шабындықтар толып жатқан мөлшерде пішен, пішендеме, дәруменді шөп ұнын дайындауға мүмкіндік береді және шөптің көк балаусасын, сүрлем дайындауда шикізат ретінде қолдануға болады.
Мал азығын консервілеуде қоректік заттардың көп мөлшерде жоғалуы ол шабылған өсімдіктерде физиологиялық және биохимиялық процестердің жалғасуына байланысты, оның нәтижесінде органикалық заттар көмірсуларға және протеинге дейін ыдырайды.
1. Андреев Н. Г. «Луговодство».1981ж.33-41 беттер
2. Əубəкіров Қ.Ə., Атақұлов Т.А., Каракальчев А.С. Ə 79 «Мал азығын өндіру практикумы». -Алматы, «Агроуниверситет» баспасы, 2009ж. 352-361 беттер.
3. http://www.sadyk.ru/kormovie-travi/mnogoletnie-zlakovie-travi
4. http://studopedia.ru/9_48627_kirispe.html
5. http://t3.kaznau.kz/attachments/article/592/publickz217.pdf 82-88 бет
6. https://kk.wikipedia.org/wiki/Жайылым
7. Губанов, И. А. и др. 210. Stipa capillata L. — Ковыль волосовидный, или Тырса // Иллюстрированный определитель растений Средней России. В 3 т. — М.: Т-во науч. изд. КМК, Ин-т технолог. иссл., 2002. — Т. 1. Папоротники, хвощи, плауны, голосеменные, покрытосеменные (однодольные). — С. 304. — ISBN 8-87317-091-6.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: Мәдени жайылымдар мен шабындықтар жасаудың тиімділігі

Орындаған: Шәріпова М.С
Тобы: АГ-313
Курс: III
Тексерген: Сагандыков С.Н

Семей - 2015 жыл

Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Мәдени жайылымдар мен шабындықтар
Шөп қоспаларына пайдаланылатын шөп түрлері және өсіру технологиялары
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Республикамызда мал азығының басқа түрлеріне қарағанда шалғындықта және жайылымнан алынатын көк балауса азығының үлесі өте жоғары, бірақ Қазақстанда соншалық жайылымда мал бағу кезеңі орташа 120-200 күн, солтүстік облыстырда одан да аз 120-150 күн, сондықтан қыста мал қорада тұру кезеңі 7-8 ай бойы созылады және бұл кезеңде жыл сайын малдарға қажетті ірі және шырынды мал азығын - пішен, пішендеме, сүрлем, құрама жем, дәруменді шөп ұнын дайындап алу керек.
Табиғи малазықтық жерлер, себілген шабындықтар толып жатқан мөлшерде пішен, пішендеме, дәруменді шөп ұнын дайындауға мүмкіндік береді және шөптің көк балаусасын, сүрлем дайындауда шикізат ретінде қолдануға болады.
Мал азығын консервілеуде қоректік заттардың көп мөлшерде жоғалуы ол шабылған өсімдіктерде физиологиялық және биохимиялық процестердің жалғасуына байланысты, оның нәтижесінде органикалық заттар көмірсуларға және протеинге дейін ыдырайды.

Мәдени шабындықтар мен жайылымдар - облыстың мал-азық қорының негізі. Бұл жерлер малдың жем-шөп қорын тұтынудың 90 пайызын қамтамасыз етеді. Сондықтан жайылым шаруашылығын тиімділігі жоғары болатындай етіп ұйымдастыра білу керек.Бүгінгі таңда мал шаруашылығы жем-шөп қорына тапшы. Жылдар бойы табиғи жайылымды жүйесіз пайдалану оның ескіріп, тозуына әкеп соқтырды. Нәтижесінде мал-азықтық шөптердің өніміндегі бағалы қоректер азайып, орнына аз желінетін, болмаса улы шөптердің орын алуына жол берді.Жылдан жылға жайылым өнімділігі мен мал-азық қоректілігі төмендеп барады. Табиғи жайылым мен шабындық жерлердің орташа өнімділігі құрғақ салмақта гектарына 0,5-3 центнерді құрайды. Жайылымның ескіріп, тозуына тосқауыл жасау, оны қалпына келтіру мен жақсарту - бүгінгі таңның кезек күттірмейтін мәселесі.Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген мал шаруашылығы саласын дамыту тиімділігін арттыру мен ет өнімін сыртқа шығару жөніндегі тапсырысына байланысты жем-шөп қорын дайындау үшін жағдай жасау қажеттілігі туындап отырғаны анық.Соңғы жылдары жайылымды суландыруды кешенді түрде игеру мен оның тиімділігін арттыру жөнінде ешбір жұмыстар жүргізілмеген. Ғылыми негізделген жайылым айналымы жүйесін енгізу мәселесіне де аса көңіл бөлінбей келеді. Жылдан жылға бір ғана жайылым қолданылады, ол жайылымдық шөптердің мал азық сыйымдылығының қалпына келуіне үлгермей, тозып, ескіреді. Сонымен қатар аймақтың құрғауы - ауқымды территорияның ылғалдылық деңгейінің қысқаруы мен топырақтың биологиялық өнімділігінің төмендеуі орын алып отыр. Бұл жәйт әсіресе Шу мен Талас өзендерінің төменгі сағасында айқын байқалады. Кезінде осы жерлерден жарты миллионнға жуық жем-шөп қоры дайындалған еді.
Тығырықтан шығудың жолы неде? Ең алдымен жайылым мен шабындық жерлердің әрі қарай тозуына, ескіруіне жол бермеу. Табиғи жайылымды жақсартуға ат салысу керек. Оның бір тәсілі - жайылым айналымын іске қосу, ол қандай да бір көп шығынды қажет етпейді.Жайылым айналымынан басқа, ғылыми жасалымдарды да өндіріске енгізудің мезгілі жетті. Ұзақ мерзімді, жоғары өнімділікті, құрғақшылыққа төзімді себілетін жайылымды жасау жөнінде тәжірибе бар, ол мал-азық өнімділігін 2,5-3 есеге арттырады. Құмды жайылымда жабайы шөптерді, негізінен изен мен теріскен шөптерін өсірген жөн. Ол 10-12 метр тереңдіктен ылғалды тартып алуға қабілетті, жаздың ыстық аптадында да күйіп кетпейді, шындығына келсек, жем-шөп қоры ретінде жыл бойына жарай береді.Қар ери салысымен минералды тыңайтқыштарды себу де пайдалы, табиғи шөптердің өнімділігі 2-2,5 есеге артуына ықпал етеді. Мұндай учаскелерде табиғи шөптер бірден күйіп кетпейді. Құрғақ жайылым аймағының тиімділігі оның суландырылуына тікелей байланысты екендігі де белгілі. Қазіргі таңда мал шаруашылығы дамуының артта қалуының бір себебі табиғи жайылымдарды жеткіліксіз, әрі біркелкі емес түрде суландыру болып саналадыЖердің бір бөлігі ауылшаруашылығы айналымынан шығып қалған, өйткені суландыру құрылғыларының техникалық қызмет көрсетуі, оларды жөндеу және пайдаланудағы кемшіліктер орын алған. Кейбір шаруашылықтар, тіпті жайылым суландыратын құрылғылардың пайдалануға жарамдылығын айтпағанның өзінде, олардың саны қанша екенін де білмейді. Бұл дегеніңіз суландыру құрылғыларына бақылаудың, әрі есепке алудың жоқтығын растайтын бірден-бір дәлел. Шынтуайтқа келгенде, жайылымды суландыратын құрылғылар ешбір мекеменің (шаруашылықтың) бақылауында емес.Жекеменшікке немесе ұзақ мерзімді жалға берілген жайылымдық жерлер тиімсіз пайдаланатыны хақ. Мұндай құбылыстың орын алуының негізгі себебі - жайылым аймағына ғылыми-негізделген ұйымдастырудың жоқтығы. Ол жайылым түрін есепке алу, жайылымдық шөптерді толығымен пайдалану деңгейін сақтау, мал жайылу мерзімінің басталуы мен аяқталуын реттеу, мал жайылымы айналымы мен оған түсетін мал жайылу салмағын, оларды тиімді пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, ғылыми тұрғыда қамтамасыз етуі тиіс.Мәдени жайылым аймағында мал шаруашылығын өркендету өз жемісін берері даусыз. Мал басын көбейту мен оның өнімділігін арттыруға жыл сайын жаңа жайылымдық жерлерді суландыру арқылы ғана емес, сонымен қоса қолда бар суландыру құрылғыларын дұрыс, әрі тиімді қолдану арқылы да қол жеткізуге болады. Біздің пайымдауымызша, осы мәселелерді кезек күттірмейтін келесі іс-шараларды іске асыра отырып, жүзеге асыруға болады:
* Суландырылған жайылым жерлерін тізімге алу мен геоботаникалық тексеру жүргізу, жаңадан суландырылатын жерлерді тіркеу мен оны қатаң есепке алуды жолға қою;
* Жайылым айналымын енгізу негізінде жайылым жерлерін қолдану, бір мал суатымен 2-ден астпайтын мал отарын суғаруды шектеу ақылы жайылымға түсетін артық салмақ пен жайылымның мал тұяғымен тапталуына жол бермеу;
* Облысымызда жайылымды суландыратын құрылғылардың құрылысымен, техникалық қызмет көрсетуімен айналысатын мамандан-дырылған мекемелер ұйымдастыру қажет.
Сонда ғана жайылымдық жерлерді жақсарту мен оның өнімділігін арттыру арқылы мал басын көбейтуге қол жеткізеріміз анық.
Мәдени шабындықтар мен жайылымдар пайдалану ұзақтығына байланыстыбөлінуі:
1) Қысқа мерзімде пайдалану 1-3 жылдай
2) 4-6 жыл бойына орташа мерзімде пайдалану
3) 7-10 жыл бойына ұзақ мерзімде пайдалану
Шөп қоспасының түрлеріне қарай бөлінуі:
Жай шөпм қоспасы 2-3 түрінен
Орташа күрделі- 3-4 түрінен
Күрделі - 5-7 шөп түрінен құралады
Қысқа және орта мерзімде қолданылатын шөп қоспаларына негізінен бұршақ және бос түпті астық тұқымдас шөптер алынады.Ұзақ мерзімде пайдаланылатын шөп қоспаларына тамырсабақты және тамырсабақты бос түпті шөптер алынады.
Шөп қоспаларына негізінен аймақта аудандастырылған сорттар мен будандар алынады.Экологиялық қауіпьі жерлерді жақсартуға ( өзен ,тау алқаптары т.б) шөптің бір түрін алуға болады.
Шөп қоспаларын таңдап алған кезде жақсартылған жердің жоспарланған мөнім алу үшін шөп түрлерінің тыңайтқышқа әсерін білу қажет және ол жерлерге минерал немесе органикалық (көң, сұйық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шалғындық мал азығы шаруашылығы
Шабындық және жайылымдарды жақсартудың негізгі шаралары
Мәдени жайылымға күтім жасау
Шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту негіздері
Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері туралы
Шабындықтың және жайылымның өнімділігі мен шөптесін сапасын анықтау
Шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту
Өсімдіктердің жапырақтану сипаты
Егіншілікте мал азығын өндіру
Мал азығын өндіру
Пәндер