Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірбиесі


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

«Сала экономикасы» пәнінен

СӨЖ

Тақырыбы: Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірбиесі

Орындаған: Нұрғазы Болат

Оқу тобы: ТЭ-215

Тексерген: аға оқытушы Нуралина К. Т.

Семей, 2015

Мазмұны

Кіріспе 2

1 Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірбиесі 3

2 Өнім сапасын арттыруға қойылатын талаптар 6

Қорытынды 8

Пайдаланылған әдебиеттер 9

Кіріспе

Өнім сапасы - өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі. Өнім сапасының көрсеткіштері абсолюттік, салыстырмалы немесе меншікті көрсеткіштер болуы мүмкін. Өнімнің сапалық қасиеттері өнімнің өндірістік және тұтынушылық қасиеттері болып бөлінеді. Өнімнің өндірістік қасиеттері оны әзірлеу барысында қалыптасады және оған өнімді дайындау сатысында қол жеткізіледі. Өнімнің тұтынушылық қасиеттері тұтынушылардың нақты сұранымын қанағаттандыруға бағытталған. Қолданыстағы стандарт талаптарына сай келетін өнім тұтынуға жарамды деп есептеледі. Осы талаптарға сай келмейтін өнім сапасыз өнімге жатқызылады. Жоғары сапалы өнімде жақсартылған немесе жаңа тұтынушылық қасиеттер болуға тиіс және өнімділік, беріктік, төзімділік, материал сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы, шикізат шығыны жөнінен орташа көрсеткішпен салыстырғанда елеулі сапалық және сандық көрсеткіштерге ие болуға тиіс. Өнім сапасына қойылатын талаптарды тұтынушылар (тапсырыс берушілер), сарапшылар, дайындаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар қалыптастырады және тиісті нормативтік-техникалық құжаттар мен шарттарда баянды етіледі. Қолданыстағы заңдар тұтынушылардың мүдделерін көздей отырып, қоғамдық өндіріске қатысушылардың ғылыми-техникалық, өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерінің, көлік, жабдықтау, сауда, т. б. қызмет түрлерінің сапасын қамтамасыз етумен байланысты міндеттерін айқындап, заң жүзінде бекітеді.

1 Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірбиесі

Қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдардың әлемдік нарықтағы отандық өнеркәсіптердің бәсекеге қбілеттілігін арттыру мақсатында, нарықтық экономикасы дамыған шет елдердің тәжірбиесін қарастырған жөн.

Нарықтық экономикаға өту жоғарғы сапаға жеткен әлемнің жетекші фирмаларының тәжірбиесін зерттеу қажеттілігін негіздейді. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің жетекші фирмалары сапаға жету үшін барлық қызмет алға қойылған белгілі бір мақсатқа бағытталуы керек деп есептейді. Сапаны арттырудағы негізгі рөлді тұтынушылардың талаптары мен тұтынушының бағалауларындағы қателіктері ақпараттар алады.

Бірқатар елдерде жүргізілген зерттеулер бойынша сапаға аз көңіл аударған компаниялар уақыттың 60 пайызын ақауларды жөндеуге кетендігін көрсеткен.

Сапаны арттырудың мәні Жапония мысалында жақсы көрінеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өнеркәсіптері артта қалған, техникасы тозған, өндірген өнімнің сапасы өте төмен Жапония еліне ұлт ретінде жойылып кету қауіпі туды. Өнеркәсіпшілер өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын іздестірумен белсенді айналысып, Жапондық басқарушылар бүкіл әлем бойынша тәжірбиелерді зерттеген. Сондай-ақ АҚШ және Еуропа елдеріндегі жетекші өнеркәсіптік фирмалардың жетекшілерімен кездесіп, тиімді жақтарын қарастырған. Жапондық басқарушылар сапаны статистикалық бақылау және сапаны кешенді басқару ұғымдарына көп көңіл аударған сонымен қатар әр түрлі елдердің тәжірбиесін зерттей оырып, өнім сапасы мен өз жұмыскерлеріне жоғарғы талаптар қойылған.

Қорытындысында, Жапон елінде сапаның жапондық стандарттары және «Сапа мәдниеті» деп аталатын түсінік пайда болған. «Сапа мәдениеті» - өндірістік операциялардың орындалу сапасынан және қызмет көрсету сапасынан тұратын кешенді түсінік. Осылайша Жапония кәсіпорынның іс - әрекетінің жаңа әдістемесінің бастамасы болып, сапаны жалпылай басқаруға көшті. Бұл жаңа жүйе микродеңгейден басқа өнім өткізу нарығын бақылау, нарықтық коньюктураны талдау, сатудан кейінгі қызмет көрсетуден тұрады. Сапаны жалпы басқару тұтынушылар сұранысының өнім сапасына ықыласын күшейтті және сапа меннджер жұмысын бағалау критерилерінің санына кірді. Сондықтан компания менеджерлері сапаға басқарудың бір кезеңі ретінде қарамай, үлкен мән берді.

1950 жылыдың соңында, АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде сапаны бақылаудың әр түрлі формалары пайда болды. Солардың бірі нөлдік дефекті немесе дефектісіз еңбек аталған болатын. Мұндай қолданылған шаралар, материалды және моральды ынталандырулар қызметкерлердің өз жұмысын ақаусыз, сапалы орындауына алып келеді.

1950 жылдары Жапонияда сапа үйірмелері белсенді қызмет етті. Сапа үйірмелері сапаны және қызметкерлерді басқарудың жапондық тәжірбиесі мен тұжырымдамасынан пайда болды. Сапа үйірмесі іс әрекетінің маңызды формасы шеберлер мен жұмыскерлерді оқыту болды. «Шебер үшін сапаны бақылау» деп аталатын журнал шығарыла бастады. Бұл үйімелердің негізгі мақсаттары:

● Кәсіпорынның дамуына және өндірісті жетілдіруге үлес қосу;

● Адамға құрмет көрсету кезінде, жұмыс орнында қуанышты жағдай құру;

● Адам қабілетін оятуға және оның шексіз мүмкіндіктерін анықтауға қолайлы жағдай жасау. Мұндай сапа үйірмелерінің саны Жапонияда 1965 жылы 3700-ге жетті. Жапондық сапаны басқару жүйесіндегі функцоналдаудың ерекше сипаттамасы дефектісіз еңбек әдісімен кәсіпорын қызметкерлерін жан жақты оқыту, технологияны сақтауды қатаң тексеру, өнім сапасын басқарудағы жұмысшыларды сапаны жақсату іс - шараларына тарту болып табылады. Соңғы жиырма жыл ішінде өнімнің сапасын жақсарту бойынша Жапонияны тәжірбиесіне көңіл ауғаны белгілі. Олардың тауарлары жоғары сапалығымен, американдық және батыс еуропалық тауарларынан анағұрлым төмен бағасымен ерекшеленеді. Сонымен Жапонияда сапаға деген көз қарас келесідей:

● Басқару және технология облысындағы ғылыми өңдеулердің

кең қолданысы;

● Өз фирмасына деген патриоттық тәрбие;

● Барлық басқару операцияларында өндірісті талдау мен

бақылауда компьютеризацияның жоғарғы дәрежесі;

● Кооперативті рухтың дамуы.

Батыс Еуропа, Жапония, АҚШ фирмаларында өнім сапасын жалпы бақылау үш міндетті шартты ұсынады:

1. Сапа іс-әрекетінің негізгі стратегиялық мақсаты ретінде, фирманың жоғары жетекшілігімен мойындалуы. Сондықтан нақты міндеттер қойылып, оны шешуге белгілі бір қор бөлінеді. себебі сапаға қойылатын талапты тұтынушы аяқтайды. Өнім сапасы тұрақты өсіп отыруы қажет және бұл үздіксіз өзгеріп отыратын мақсат.

2. Өнім сапасын арттыру бойынша шаралар кәсіпорынның барлық бөлімшелеріне тиісті болуы қажет. Көбінесе өнім сапасын арттыруға, жаңа бұйымды дайындау кезеңінде көп көңіл бөлінеді.

3. Белгілі бір жұмыс орнында үздіксіз оқу процесінің жүруі және жұмыскерлерді ынталандыру.

2 Өнім сапасын арттыруға қойылатын талаптар

Американдық экономист А. Фейгенбауманның пікірінше қатаң бәсекелестік шартында, (АҚШ-та өндірілетін өнімнің 70% импорт өнімі тарапынан қатаң бәсекелестікте) фирма жетістікпен дамуы, келесідей қағидалармен жетекшілік етуінде:

● сапа фирма қызметінің бағыттарының бірі емес, ол

кәсіпорынның барлық функцияларына қатысты үздіксіз

процесс;

● сапаның артуы оның қалыптасуына әрбір фирма

қызметкерлерінің қатысу деңгейінен тәуелді;

● сапа өнімнің өзіндік құнын төмендетуде кедергі жасамайды,

керісінше жағдай жасайды;

● сапа жаңа техниканы және технологияны пайдалануды

білдіреді;

● сапаны тікелей және тиімді басқару қажет.

Бұйым сапасын арттыруға қойылатын талап, жыл сайы өсіп отырады, қазіргі уақытта әлемдік нарықтың сипаттамаларының бірі. Жаңа бұйымды талқылау жүйесі келесі шарттарды қанағаттандыруы тиіс:

● бұйымды талқылау кезінен бастап, барлық техникалық

жаңалықтармен қатар сапа қарастырылуы қажет;

● ғылыми зерттеу және тәжірбиелі - конструкторлық жұмысты

жоспарлау, сипаттамалары жоғары бұйым варианттарын

жобалауды шектемей ұйымдастырылуы қажет;

● бұйымды талқылауды жеделдету талқылау жүйесінің

тиіділігінің негізгі белгісі болуы қажет.

1980 жылдың соңында нарықтық экономикасы дамыған елдер сапа менеждментін сертификациялау және ендіру, талқылаумен айналысты. Сапа менеджментіне жүйелі ыңғай қалыптасты. Өнім сапасына ғана емес көрсетілетін қызмет сапасына көңіл аударылды. АҚШ пен Жапония модельдерін жүзеге асырудың басты ерекшелігі олардың тұтынушыға бағытталуы. Американдық компанияларда өнім сапасының қалыптасуындағы негізгі элементі - тұтынушының талаптарын талдау болып табылады. Сапаны реттеу процесінің соңғы элементі де тұтынушының талабы болады, осылайша кері байланыс жүйесі құрылады. таңдап алынған сапа көрсеткіштері жоспарланған өз мәніне өндіріс процесінде жетеді. Эксплуатация, техникалық қызмет көрсету, жөндеуге кепілдік беру, сол өнім түріне қажеттілікті қанағаттандыру деңгейі жөнінде қосымша ақпараттар береді.

Сапаны басқарудың Жапондық жүйесінің қызмет етуінің ерекшелігі бұл кәсіпорын қызметкерлерін технологияны сақтауды қатаң бақылау, өнім сапасын басқаруға жұмыскерлерді тарту әдістері арқылы жан жақты оқыту болып табылады. Еуропа, Америка және Жапонияның өнеркәсіптік екі тұжырымдама неғұрлым кеңінен таралған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнім сапасын арттыру жайлы шетелдік тәжірибе
Өнім сапасын басқарудың шетелдің тәжірибесі
Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері
Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң шетелдiк тәжiрибесi жайлы
Еңбек өнімділігін экономикалық ынталандыру
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы білім саласын мемлекет тарапынан реттеу
Кәсіпорындардың өнім сапасы
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын қарастыру
−кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz