Төлем жүйесінің теориялық аспектілері


Мазмұны
Кіріспе 3
1. Төлем жүйесінің теориялық аспектілері
1. 1Төлем жүйесінің түсінігі . . . . 5 1. 2 Төлем жүйесінің операциялары мен қағидалары8
1. 3 Шет ел мемлекетінің төлем жүйесінің тәжірибесі 10
2. Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесін талдау
2. 1 Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің құрылуы . . . 15
2. 2Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің құралдары17
2. 3Банкаралық ақша жүйесінде жүргізілген операцияларды талдау . . . 21 3. Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің дамуындағы проблемалар мен жетілдіру жолдар. 24 Қорытынды . . . 29 Пайдаланылған әдебиеттер . . . 31
Кіріспе
Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн экономикалық жүйелердiң тиiмдi қызмет етуi болып табылады. Осы тиiмдi экономикалық дамуды қамтамасыз ететiн басты экономикалық жүйелердiң бiрi банк жүйесi болып табылады.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан Республикасындағы акша-несие және валюта саясаты, сыртқы карыз, төлем балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау, жоспарлау және бақылау, сондай-ақ акша ағымын талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін калыптастыруға арналған. «Банк» деген ұғым италиян сөзі «bank» - орындық, «айырбас орны» деген ұғымды білдіреді. Тарихта банктің ең алғашқы қызметтері тұқым сату барысында ақшаны несиеге беру қызметтері жаңа эраға дейінгі ғасырларда орын алған болатын .
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Тақырыптың өзектiлiгi бүгiнгi таңда мемлекеттiң негiзi экономика болса, ал экономиканың негiзi қаржы және банк жүйесi болғандықтан, қазiргi елiмiздегi банк жүйесiнiң құрылымын, оның экономикадағы негiзгi қызметтерi мен тиiмдiлiгiн талдап, ұлттық экономикамыз дамуына қосар үлесiн анықтау болып отыр.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша - несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.
1. Төлем жүйесінің теориялық аспектілері
1. 1Төлем жүйесінің түсінігі
Төлем жүйесі ұғымы нарықтык катынастар жағдайында қолданылатын, яғни қолма-колсыз есеп айырысу жүйесінің орнына келген жаңа ұғым болып табылады.
Төлем жүйесіне анықтама бергенде оның пайдалану ауқымының кеңдігін ескерген дұрыс.
Төлем жүйесі бұл:
- акшалай аударымдар мен төлемдерге арналған ережелер, ме-
кемелер және техникалық тетіктер жиынтығы;- шаруашылық субъектілердің материалдық не қаржылық ре-
сурстарды сатып алу барысындағы кабылдайтын міндеттемелерді
орындауға арналған тетіктер жиынтығы;- ақшалай қорлардың орын ауысуына не козғалысына себеп
болатын тетіктер жиынтығы;- орындалуға тиісті міндеттемелер шегінде ақшалай аударымдар мен төлемдерді жасайтын төлем құралдарының жиынтығы;
- ақшалай аударымдар мен төлемдерді экономикалық және құқыктық жағынан қамтамасыз ететін бағдарламалардың, байланыс желілерінің және есептеуіш техникалардың жиынтығы.
Төлем жүйесінің мақсаты тауар мен қызметтерді төлем жүйесі ұғымы нарықтык катынастар жағдайында қолданылатын, яғни қолма-колсыз есеп айырысу жүйесінің орнына келген жаңа ұғым болып табылады.
Төлем жүйесіне анықтама бергенде оның пайдалану ауқымының кеңдігін ескерген дүрыс.
Төлем жүйесі бұл:
- ақшалай аударымдар мен төлемдерге арналған ережелер, ме-
кемелер және техникалық тетіктер жиынтығы;- шаруашылық субъектілердің материалдық не қаржылық ре-
сурстарды сатып алу барысындағы кабылдайтын міндеттемелерді
орындауға арналған тетіктер жиынтығы;- акшалай қорлардың орын ауысуына не козғалысына себеп
болатын тетіктер жиынтығы;
- орындалуға тиісті міндеттемелер шегінде ақшалай аударымдар мен төлемдерді жасайтын төлем құралдарының жиынтығы;
-ақшалай аударымдар мен төлемдерді экономикалық және құқықтық жағынан қамтамасыз ететін бағдарламалардың, байланыс желілерінің және есептеуіш техникалардың жиынтығы.
Төлем жүйесінің мақсаты тауар мен қызметтерді жабдықтаушы мен сатып алушылар арасындағы ақшалай аударымдар мен төлемдерді уақтылы заңға, ережеге және стандарттарға сай жүзеге асырып, оларды міндеттемелерінің өз уақытында орындалуын камтамасыз ету.
Төлем жүйесінің құрылымдык элементтеріне мыналар жатады:
- кұқықтық база;
- төлем жүйесінің қатысушылары;
- төлем құралдары;
- акшалай аударымдар мен телемдерді ұйымдастыру тетігі;
- инфрақұрылым және технология.
Кұкықтық база - төлем жүйесіне қатысушылардың құқыктары мен міндеттемелерін нақты айқындауға мүмкіңдік жасайды. Кұкықтық база ретінде 2000 жылы қабылданған «Акшалай аударымдар мен төлемдер туралы» Казақстан Республикасының Заңын, Мемлекеттік жалпыға бірдей төлемдердің тағайындалу классификаторын, Бюджеттік классификаторды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің нормативтік актілерін жатқызуға болады. Мұндағы мемлекеттік жалпыға бірдей төлемдердің тағайындалу классификаторы төлемдердің айқындылығын анықтау, төлемдер бойынша көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру және Казақстан Республикасына келетін акша ағымын таңдауға арналған нормативтік құжат. Осы классификаторға сәйкес және ондағы кодтар бойынша жасалған төлемдер Қазакстан Республикасы Ұлттық Банкке Қазакстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) арқылы беріледі.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан Республикасындағы акша-несие және валюта саясаты, сыртқы карыз, төлем балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау, жоспарлау және бақылау, сондай-ақ акша ағымын талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін калыптастыруға арналған.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының құрылымы төмендегідей:
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
мұндағы:
I - ақшаны аударушының резиденттік белгісі;
II - ақшаны аударушының экономика секторы;
- -бенефициардың резиденттік белгісі;
- -бенефициардың экономика секторы;
V, VI, VII- валюта және багалы металдар коды;
VIII- операция түрі;
IX - төлемнің сипаты;
X - төлемнің ашып көрсетілу.
Қазакстан Республикасының валюталық заңдылықтарына сәйкес анықталады және былай белгіленеді: «1» - резидент; «2» - бейрезидент. Экономика секторының кодымынадай:
- - Халықаралық ұйымдар;
- - Үкімет;
- - Аймактық және жергілікті басқару органдары;
- - Орталық (ұлттық) банктер;
- - Ақшалай- депозиттік ұйымдар;
- - Депозиттік емес қаржылық корпорациялар;
- - Мемлекеттік қаржылык емес корпорациялар;
- - Мемлекеттік емес қаржылық емес корпорациялар;
- - Үй шаруашылығына қызмет көрсететін, коммерциялық емес ұйымдар;
- - үй шаруашылықтары
Халықаралық ұйымдар секторына мыналар жатады: Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі, Еуропа қайта кұру және даму банкі, Азия даму банкі және өзгелер.
Үкімет секторына мыналар жатады: республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Үкіметі, Министрліктер, ведомствалар, Орталық мемлекеттік басқару органдары, бюджет мекемелері; шетел үкіметі.
Аймақтық және жергілікті басқару органдары секторына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандык, калалық, облыстық әкімшіліктер, бюджет мекемелері жатады.
Ақшалай-депазиттік ұйымдар секторына Казакстан Республикасы екінші деңгейдегі банктері және шетел банктері кіреді.
Депозиттік емес қаржылық корпорацияларға банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар: сақтандыру компаниялары, клирингтік ұйымдар, қор биржасы, бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі, Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетакы қорлары, Брокерлік және трасталык компаниялар, ломбардтар, айырбас орындары және басқалар жатады.
Мемлекеттік қаржылық емес корпорациялар секторына мыналар жатады: пайда табу максатында тауарлар өндіру және қаржылық емес қызмет көрсетулермен айналысатын және басқару органдарының бақылауында болатын кәсіпорындар мен ұйымдар (мысалы, қорғаныс өнеркәсібінің кәсіпорындары, ұран кенін ашу, дәрі-дәрмек өңдіру, жылу және сумен қамту, көлік, байланыс және т. б. ) .
Мемлекеттік емес қаржылық емес корпорациялар секторына пайда табу мақсатында тауарлар өндіру және каржылық емес қызметтер көрсетумен айналысатын басқару органдарының бақылауында болмайтын кәсіпорындар мен ұйымдар (АҚ, ЖШС және өзге меншік нысандарында жұмыс жасайтын сауда, құрылыс және өзге кәсіпорындар) .
Үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес мекемелер секторына пайда немесе өзге қаржылық игіліктер әкелмейтін, тауар өндіру және кызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындар немесе ұйымдар (қоғамдық бірлестіктер, партиялар, кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық қозғалыстар, діни бірлестіктер, қайырымдылық қорлары және өзге қоғамдық ұйымдар) жатады.
Үй шаруашылықтары секторына жатады: өздерінің табыстары мен мүліктерін жартылай немесе толық біріктіретін, бірге тұратын және жекелеген тауарлар мен кызмет түрлерін бірге тұтынатын бір топ тұлғалар (отбасылар, жеке азаматтар, занды тұлғалық мәртебесі жоқ кәсіпкерлер) .
1. 2 Төлем жүйесінің операциялары мен қағидалары
Төлемнің тағайындалу коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан тұрады:
- - Зейнетакы және жәрдемақы;
- - Қолма-қол ақшамен операциялар (спецификалық аударымдар) ;
- - Шетел валютасы және бағалы металдармен операциялар;
- - Депозиттер;
- - Займдар;
- - Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің шығарған бағалы қағаздары, вексельдер және депозиттік сертификаттары, және шетел капиталына инвестициялар;
- - Қазақстан Республикасының резиденттерінің шығарған бағалы қағаздары және вексельдері және Қазақстан капиталына инвестициялар;
- - Тауарлар мен материалдық емес активтер;
- - Көрсетілетін қызметтер мен трансферттер;
9 - Бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер.
Төлемдердің тағайындалу кодын анықтауға мысал ретінде:
8 - «Көрсетілетін кызметтер мен трансферттер» санаты тандалып алынады;
тобы - 81 - «Көлік»;
вариант - 814 «Автомобилдік жүк тасымалдау».
Ендеше, төлем құжатының «Төлемнің тағайындалу коды» деген орында 814 коды жазылуға тиіс.
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдастыратын төлем жүйесінің катысушыларына мыналар кіреді:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.
- Орталық клирнгтік палата.
- Екінші деңгейдегі банктер және олардың филиалдары.
- Қаржы министрлігінің қазынашылық департаменті.
- Орталық депозитарий.
- Мемлекеттік зейнетакы төлеу орталығы.
- Қазақстан кор биржасы АҚ.
- Қазпошта РМК.
Төлем құралдарын тандау мынадай екі факторға тәуелді:
1) жалпы негізде (жалпы есеп айырысу жүйесі) ;
1) клиринг негізінде (таза ұстанымын есептеу аркылы ұйымдастырылатын есеп айырысу жүйесі) .
Жалпы негізде есеп айырысуда әр төлем құжаты жеке-жеке өңделіп ақша аударымы сол төлем кұжаты негізінде жүзеге асырылады.
Клиринг негізінде клирингтің қатысушы банктерінің қарама-қарсы міндеттемелерін өзара есепке алу арқылы іске асады. Мұнда әр қатысушының таза ұстанымы (барлық түскен және шыққан қаражаттар сомаларының арасындағы айырма) анықталып, соған сәйкес аударым жасалады. Клиринг екі жақты және көп жакты болып келеді. Екі жақты клирингте өзара есепке алу тек екі банк арасында жүргізіледі. Ондай клиринг нәтижесінде кандай да бір катысушының дебеттік таза ұстанымы анықталған болса, онда біріншісі, екінші қатысушының пайдасына ақшалай аударымдар жасайды. Мұндай жағдайда әрбір банктің үш жекелеген екі жақты таза ұстанымы болуы мүмкін. Көп жақты клирингте әрбір қатысушының басқа барлық қатысушыларға қатысты міндеттемесін өзара есепке алады. Мұндайда әрбір қатысушының бір таза ұстанымы болады.
Инфрақұрылым мен технология компоненттері есеп айырысу жүйелерінің қауіпсіздігіне, төлемдердің жылдамдығына, тұрақтылығына, байланысты болып келеді. Мұндай компоненттер төлем жүйесінде болатын тәуекелдерді, атап айтсақ несиелік, жүйелік, өтімділік, операциялык, техникалык, заңи және т. б. тәуекелдерді ескереді.
Төлем жүйесін ұйымдастыру мынадай қағидаттарға негізделеді:
- төлемдерді жүзеге асырудың құкықтық режимі;
- банктік шот бойынша төлемдерді жасау;
- есеп айырысу нысандарын тандаудағы шаруашылық субъектілерінің ;
- телемдерді акцептеудің болуы;
- төлемді шот қалдығы келемінде жасау;
- төлеушінің шотынан шегергеннен кейін қаражатты алушының шотына есептеу;
- төлемдердің мерзімділігі;
- төлем жүйесіне жасалатын бақылаудың болуы;
- төлем жүйесіне катысушылардың материалдық жауапкершілігінің болуы.
- экономикалық дербестігі;
- төлемдерді акцептеудің болуы;
- төлемді шот қалдығы көлемінде жасау;
- төлеушінің шотынан шегергеннен кейін қаражатты алушының шотына есептеу;
- төлемдердің мерзімділігі;
- төлем жүйесіне жасалатын бақылаудың болуы;
- төлем жүйесіне қатысушылардың материалдық жауапкершілігінің болуы.
1. 3 Шет ел мемлекетінің төлем жүйесінің тәжірибесі
СВИФТ (ағылшын тілінен аударғанда Дүниежүзілік банкаралық каржы телекоммуникациясы коғамы) 1973 жылы мамыр айында 239 банк құрылтайшылғымен Бельгия мемлекетінің зандылығына сәйкес құрылды. Оның штаб пәтері Брюссельге жакын Ла-Ульпы қаласында орналаскан. СВИФТ кызметінде Бельгияның заңдарын басшылыққа алады. СВИФТ акционерлік коғам, оның акционерлері мүше банктер. СВИФТ-тің ең жоғары басқару ұйымы - мүше банктердің жалпы жиналысы.
СВИФТ халықаралық ақша айналымында электрондық ақшалай аударымдар мен толемдер бойынша өзінің мүшелеріне қызмет керсететін қоғам.
СВИФТ мынадай қызметтер атқарады:
- Халықаралық банктік операцияларға арналған стандартты акпараттарды өндеудің электронық жүйесін дайындау;
- Есеп айырысу операцияларына арналған телекоммуникация құралдарын жасау;
- Жүйеге қатысушыларды оқыту және оларға семинарлар жүргізу;
- Арнайы және терминалды қызметтер керсету.
СВИФТ өзінің қатысушы банктеріне ақшалай аударымдар, бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды камтамасыз етуге байланысты спутник байланысы арқылы нұсқаулықтар береді. Банктер қаражат аудару туралы бұйрықтарды қабылдап, электрондық терминалдар арқылы аударымдар жасайды.
Өз елінің заңына сәйкес халықаралық банктік операцияларды жүргізуге кұқығы бар кез келген банк СВИФТ-ке мүше бола алады.
СВИФТ-ке мүшелерге мыналар жатады:
- муше банктер;
- бірлескен мушелер - мүше банктің филиалдары мен өзге құрылымдық бөлімшелері;
- өзге қатысушылар: қаржы институттары (брокерлер кеңсесі, клиринг және сақтандыру компаниялары) .
СВИФТ-ке мүше болу 2 кезеңнен тұрады:
І. кезең банккемуше болу қужаттарын дайындау. Бұл кезенде мүше банктер кіру туралы өтінішін жасау, СВИФТ жарғысын орындау, СВИФТ-тің операциондық шығыстарын өтеу туралы міндеттемесін, банктің мекен-жайы туралы, қоғам алдындағы байланысы үшін жауаптылығы және банктік хабарламаларды беру кестесіне шолуы сияқты кұжаттарын дайындайды. Мүше болуға кандидат банктерге бір жолғы төлем жасау және қоғамның 1 акциясын сатып алу міндеті жүктеледі.
ІІ. кезең банктік қоғамға қосу кезеңі. Бұл кезенде банк коммуникациялық кұрал-жабдықтарды сатып алады және мамандарды оқытады. Қосу уакыты тіркелмелі: яғни наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларынын бірінші дүйсенбісі.
Банктердің мүше болу ушін жасаған шығындары 5 жыл ішінде өтелуі мүмкін.
Әрбір аймакта СВИФТ өзінің аймақтық әкімшілігін кұрады.
СВИФТ артықшылықтары:
- сенімділік, хабарламалардың толық және уақтылы жеткізілуіне
жауаптылығы;
- қауіпсіздік, СВИФТ торабы бойынша хабарламаларды жіберуде әр түрле шифрлерді қолдану барысында олардың қауіпсіздігі сақталады және оны хабарлама жіберуші мен алушыдан басқа ешкім оқи алмайды;
- жылдамдылық, хабарлама бірнеше секунд немесе 15-20 минут ішінде жетеді, оның түпнұсқалығын растау автоматты түрде жүзеге асырылады. Ондағы жұмыс демалыссыз және мейрамсыз күндіз-түні іске асады.
- тиімділік, СВИФТ стандарты мен технологиясы автоматты түрде хабарламаларды өңдеу үшін арнайы қолданбалы бағдарламаларды жасайды. Соған сәйкес хабарламаны қолмен өндеу шығыны азайып, өнімділік арта түседі.
Ал кемшілігі мынада:
- қымбаттығы, ұсақ банктер үшін кіру жарнасының қымбат
болуы;- құжат айналысы кезінде төлем несиесін пайдалану
мүмкіндігінің азаюы немесе жоктығы, яғни шоттың дебеттелуі мен
кредиттелуінің арасындағы мерзімнің қысқалығы.СВИФТ жүйесінде 130 хабарлама түрінен тұратын 11 санат қолданылады.
Жүйелік хабарламалар, яғни арнайы есеп беру арқылы сүрау және алу, мәліметтер базасында хабарламаларды іздестіру, оку және жаттығу мақсатында пайдаланылады.
Жүйелік хабарламаның үш түрі болады:
ЖОО-І№/ОІІТ - жүйеге кіру/ шығуға арналған жүйелік хабарлама;
КЕТКЕУА - бұл сұраныс бойынша сақталған хабарламаның көшірмесін жіберу;
КЕРОК. Т5 - әр түрлі шоттар/есептер туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін хабарлама.
Банктік хабарламалар жедел және жай болып бөлінеді. Жедел хабарламалар үшін арнайы тарифтер болады.
Қалған типтер 1-9 санттарға және санатына жатады. Оларға үш мәнді сандық код беріледі. Бірінші үш сан операциялар кодына сәйкес келеді.
п санаты - жалпы топтың хабарламасы. Жалпы топтың хабарламасы 1-9 санаттың кез келгеннін пайдаланады.
Сонымен СВИФТ жүесінде өңделетін пайдаланылатын хабарламалар санаттары мен түрлеріне тоқталайық.
0-санат. Жүйелік хабарламалар.
1-санат. Клиенттік аударымдар мен чектер.
2-санат. Каржылык ұйымдар аударымдары.
3-санат. Валюталықоперациялар.
4- санат. Инкассо және оған қосымша құжаттар.
5-санат. Бағалы кағаздар.
6-санат. Бағалы металдар мен синдикаттар.
7-санат. Кұжатты аккредитивтер мен кепіл хаттар.
8-санат. Жол чектері.
9-санат. Аралас хабарламалар.
п-санат. Жалпы топ.
Хабарламалардың барлық түрлері жалпы қағидатқа сүйене отырып жасалады. Хабарлама тақырыбы екі санды кодпен беріледі. Мысалы, 57 коды банкті, 69 - бенефициарды, 71 - кімнің есебіне қаражат немесе комиссия сомасының есептелетіндігін, 32 төлем сомасын көрсетеді.
СВИФТ-ке бүгінгі танда әлемнің 155 елінің 4800 банктер мен қаржы ұйымдары мүше, сол елдерде оның барлығы 20 000 терминалы кызмет етеді. СВИФТ жүйесін пайдаланушылардың катарының күрт өсуі СВИФТ-1 және СВИФТ-2 жүйелеріне бөлінуге әкелді. СВИФТ-2 жүйесін өту 1989 жылдан 1995 жылдар аралығын қамтиды.
СВИФТ - торабы төрт деңгейден тұрады:
1) Пайдаланушы терминалы, яғни пайдаланушының торапқа қосылуына мүмкіндік береді. Казіргі нарықта СВИФТ жүйесін косылудың бірнеше терминалдары бар. Бірақ олардың барлығы сертификацияланған болуы тиіс.
5) Аймақтық процессорлар, олардың қызметі топтык процессорда бастапкы өңдеуді жүзеге асыру болып табылады. Аймақтық процессорлар операциялық орталықтарды адамның қатысуынсыз А фирмаларының компьютері көмегімен жұмыс жасайды.
- Топтық процессорлар, яғни оларды операциялық орталықтарды орналастырылады және фирмаларының компьютері көмегімен жұмыс жасайды.
- Жүйені басқарушы процессорлар, яғни СВИФТ-2 жүйесіне жаңадан енгізілген деңгей. Оларда операциялық орталыктарды орналастырылады және фирмаларының компьютерімен көмегімен жұмыс жасайды.
СВИФТ-2 ақпараттар 4 ай бойында сақталады.
Халықаралык валюталық төлемдерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банк СВИФТ жүйесін пайдаланады. СВИФТ жүйесіне косылғанға дейін банктердің корреспондеттері хабарламалар алмасуы арқылы жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде СВИФТ жүйесі 1994 жылы сәуір айында орнатылды. Бұл Қазақстандағы алғашқы аймақтық процессор болып табылған. Кейіннен оған өзге банктеріміз қосылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде СВИФТ 8Т-400 интерфейсі пайдаланылады.
СВИФТ 8Т-400 интерфейсінде үш кіру паролі колданылады. СВИФТ стандартына сәйкес бір терминалда үш адам жүмыс жасайды:
- СВИФТ операторы (ШЕК) .
- Коммуникациялар бойынша жауапты тұлға (ШОҒ) .
Әрбір маманның өзінің кіру паролі болады. Оператор хабарламаларды енгізу жұмысын атқарады. Коммуникациялар бойынша жауапты адам байланыс жолдарын ашу және жабуды, телекстік хабарламаларды тестілеу және идентификациондық кілтпен алмасуды жүзеге асырады.
Мәміленің міндетті элементтеріне мыналар жатады:
- мәміленің серіктесі;
- аударым немірі;
- мәміле күні;
- айырбас бағамы;
- есеп айырысу күні;
- валюта және сомасы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі көбіне клиенттік аударымдарды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің тәжірибесінде мынадай хабарламалар санаттары жиі пайіаланылады:
- клиенттік аударымдар, 100-форматтағы (101, 102 және т. б. ) хабарламалар;
- банкаралық аударымдар, яғни 200-форматтағылар (201, 202, 203 және т. б. ) ;
- қаржылық мәмілелер - 300-форматтағылар (300, 302, 303 жәнет. б. ) ;
- бағалы қағаздар - 500-форматтағылар;
- бағалы металдар - 600-форматтағылар;
- құжатты аккредитивтер мен кепіл хаттар - 700 форматтағылар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz