Аса қауіпті жұқпалы аурулар



Жоспар

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

II Негізгі бөлім.

2.1 Оба, оның жұғу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2 Тырысқақ, оның жұғу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.3 Бруцеллез, оның жұғу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

IV Пайдаланыған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Кіріспе
Аса қауіпті жұқпалы аурулар тобы.

Аса қауіпті жұқпалы аурулар адам организміне қоздырғыш – микробтың енуінен пайда болады. Барлық жұқпалы аурулардың ортақ белгісі зақымдалған организмнен сау организмге берілу қабілеті және белгілі бір шарттар болған жағдайда жаппай таралуы, яғни жұқпалы сипат алуы болып табылады.
Жұқпалы ауру эпидемиологияда жекелеген қоздырғыш тудыратын жұқпалы ахуал ретінде түсіндіріледі. Тірі организмдердің орасан зор санының арасында микроскопиялық нысандар немесе микроорганизмдер көрнекі орын алады. Олар топырақта, суда, ауада, қоршаған заттарда кездеседі. Ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, медицинада олар азотпен, көміртегімен, сутегімен және табиғаттағы басқа да элементтермен шеңберлі айналымға қатысады. Ауылшаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылатындармен қатар адамдарда, хайуанаттар мен жәндіктерде ауру туғызатын түрлері де кездеседі. Бұл микробтар патогендік, яғни ауру тудырғыш атауына ие болды. Ауру туғызбайтын және сыртқы ортада өмір сүретін микроорганизмдер сапрофиттар деп аталады.
Қоздырғыштар берілетін ең ұрымтал факторлар:
А) іш жұқпалы аурулары берілетін ауыз жақ – дәрет қуыстары тегершігі жағдайындағы негізгі тән факторлар ретінде мыналарды санауға болады.
- су (құдық, өзен, көл, арық, суқұбыры, канализация, ағынды жаңбыр);
- тамақ өнімдері (сүт, ет, балық, сілікпе, сорпа қосылып ұйытылған тағам, крем жамылған торт, котлет, тартылған ет, жеміс, көкеніс, жидек);
- топырақ;
- лас қол;
- шыбын;
- әртүрлі тіршілік заттар (су ішуге, тамаққа, темекі тартуға, шомылуға пайдаланылатын және т.б.)
Б) тыныс жолдары жұқпалы аурулары қоздырғыштары берілетін ауа – тамшы тегершігі жағдайындағы таралу факторы ауа болып табылады.
В) Қан жұқпалы аурулары қоздырғыштары берілетін тасымалдық тегершігі жағдайындағы таралу факторы ретінде бунақ аяқтылар тобында жататын жәндіктер қызмет етеді.

Микробтардың жіктелісі.
Пайдаланылған әдебиттер тізімі:

1. Аса қауіпті бактериялық жұқпалы аурулар. Р. Төлемісов Шымкент 2001
2. ¤мір қауіпсіздігінің негіздері. С. Тєженов Алматы 2001
3. Тіршілік қауіпсіздігі. Є. Халила, А. Найзабеков, Є. Халилаев Шымкент 2000
4. Тіршілік қауіпсіздігі. Б.Б. Маханов, М.И. Сатаев, М.Т. Осербаев, К.М.Сатаева Шымкент 2005
5. Төтенше жағдай жєне азаматты қорғаныс ақпаратты жинағы. 2006-2007
6. Денсаулық жұрналы №5,2004ж.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Аса қауіпті жұқпалы аурулар

Жоспар

I
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..2

II Негізгі бөлім.

1. Оба, оның жұғу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9
2. Тырысқақ, оның жұғу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3. Бруцеллез, оның жұғу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

III
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 21
IV Пайдаланыған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Кіріспе
Аса қауіпті жұқпалы аурулар тобы.

Аса қауіпті жұқпалы аурулар адам организміне қоздырғыш –
микробтың енуінен пайда болады. Барлық жұқпалы аурулардың ортақ
белгісі зақымдалған организмнен сау организмге берілу қабілеті
және белгілі бір шарттар болған жағдайда жаппай таралуы, яғни
жұқпалы сипат алуы болып табылады.
Жұқпалы ауру эпидемиологияда жекелеген қоздырғыш тудыратын
жұқпалы ахуал ретінде түсіндіріледі. Тірі организмдердің орасан
зор санының арасында микроскопиялық нысандар немесе
микроорганизмдер көрнекі орын алады. Олар топырақта, суда, ауада,
қоршаған заттарда кездеседі. Ауыл шаруашылығында, тамақ
өнеркәсібінде, медицинада олар азотпен, көміртегімен, сутегімен және
табиғаттағы басқа да элементтермен шеңберлі айналымға қатысады.
Ауылшаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, медицинада
қолданылатындармен қатар адамдарда, хайуанаттар мен жәндіктерде
ауру туғызатын түрлері де кездеседі. Бұл микробтар патогендік,
яғни ауру тудырғыш атауына ие болды. Ауру туғызбайтын және
сыртқы ортада өмір сүретін микроорганизмдер сапрофиттар деп
аталады.
Қоздырғыштар берілетін ең ұрымтал факторлар:
А) іш жұқпалы аурулары берілетін ауыз жақ – дәрет
қуыстары тегершігі жағдайындағы негізгі тән факторлар ретінде
мыналарды санауға болады.
- су (құдық, өзен, көл, арық, суқұбыры, канализация, ағынды
жаңбыр);
- тамақ өнімдері (сүт, ет, балық, сілікпе, сорпа қосылып ұйытылған
тағам, крем жамылған торт, котлет, тартылған ет, жеміс, көкеніс,
жидек);
- топырақ;
- лас қол;
- шыбын;
- әртүрлі тіршілік заттар (су ішуге, тамаққа, темекі тартуға,
шомылуға пайдаланылатын және т.б.)
Б) тыныс жолдары жұқпалы аурулары қоздырғыштары берілетін
ауа – тамшы тегершігі жағдайындағы таралу факторы ауа болып
табылады.
В) Қан жұқпалы аурулары қоздырғыштары берілетін
тасымалдық тегершігі жағдайындағы таралу факторы ретінде
бунақ аяқтылар тобында жататын жәндіктер қызмет етеді.

Микробтардың жіктелісі.

Саңырауқұлақ (саңырауқұлақша) – бұлар созылмалы нысандағы
және жіп тәріздес көп клеткалы организмдер, үлкейе келе
губка (теңіздегі омыртқасыз жәндік ) сияқты өріліп тармақ
құрайды. Ауру тудырғыш саңырауқұлақтар шашты, тырнақты, теріні
(таз қотыр, қысаға) және ішкі органдарды (кокцидиоидомикоз,
гистоплазмоз) зақымдайды.
Жєй түрлері – бірклеткалы организмдер, қабығы, протоплазмасы
мен ядросы (безгекті қоздырушы, амеба) бар.
Бактериялар – жібек құртын, бацилланы (таяқша тәріздес) үтір
немесе жақша түріндегі вибрионды біріктіретін микробтар тобы.
Бактериялар түйнемені, қан тышқақты, обаны, тырысқақты туғызады
(1-сурет).
Рикетсиялар – бактериялар мен вирустардың арасындағы
жағдайда тұрған микроорганизмдер. Олар қышыма сүзекті, дақты
безгекті, қу безгегін тудырады.
Вирустар – кәдімгі микроскоппен қарағанда көрінбейтін
ұсақ микроорганизмдер. Олар шешекті, тұмауды, сары безгекті тудырады.
Токсиндердің алатын орны ерекше, олар ботулизмді туғызады.
Микроорганизмдердің кейбірі тек адамдарда ғана ауру
туғызып антропоноздық ( антропоноз сөзінен – адам деп аталады) –
олар тұмау, іш сүзегі, қан тышқақ, жануарлар организміндегі
өмірге бейімделген екінші біреулері зооноздық (гректің зоон
сөзінен – жануар деп аталады)– олар оба, туляремия, бурцеллез,
түйнеме, маңқа.
Адам тұратын әлем еркін өмір сүретін
микроорганизмдерге толы. Оларды көпшілігі қандай бір жолмен
адам организміне өтіп, әдеттегідей қорғаныс күштерінің
ықпалымен өледі.
Ауру тудырғыш микробтардың организмінің қорғаныс
күштеріне қарсы тұрумен қатар оның есебінен көбею және
қоректену қабілеті бар. Кейбір жағдайда бұл аурудың тууына
мұрындық болмайды, алайда адам сау адамды сырқаттандыруға
қабіллетті микробты немесе бактерияны алып жүрушіге айналады.
Басқа жағдайда микробтар адам организіміне түскен кезде
ауру пайда болады. Сырқатта икемделгіш қасиет пайда болып,
организм оның көмегімен микробтан босануға әрекеттенеді.
Жұтылған ауамен, құсық және нәжіс массасымен бірге ішкі ортаға
ауру тудырғыш микробтардың үлкен саны өтеді.
Сырқат пен олар ластаған заттар жұқпалы және денсаулық
үшін қауіпті бола түседі.
Жұқпалы аурулардың таралуын анықтау үшін спорадиялық
(бірең –саран, кездейсоқ аурулар, індет пен пандемия (адам
індетінің бірнеше мемлекет жеріне таралуы) сияқты түсініктер
қабылданады.
Спорадиялық аурулар жиі кездесетін жұқпалылар түріне
жатады.Олар бір– бірімен байланысы жоқ жекелеген ауру түрінде
пайда болады.
Жұқпалы аурулардың салыстырмалы қысқа мерзімде таралуы
індет деп аталады. Тұмау індеті өте жиі байқалады.
Жұқпалы аурулардың тұтас елдердің (құрлықтардың ) үлкен
аумағына жаппай таралуы пандемия деп аталады.
Бүкіл қоршаған ортадағы жағдаймен және сырқат адамдармен
қарым –қатынас жасаған нақты сырқаттың немесе ауру таратушының
орналасқан жері індет ошағы деп аталады.
Барлық жұқпалы аурулар жаппай зақымдануды жайылтпау
және таралу тегершігі бойынша төрт негізгі топқа бөлінеді: тыныс
алу жолдарының жұқпалы аурулары; ішек – қарын жұқпалы аурулары;
қан жұқпалы аурулары; сыртқы жамылғылар жұқпалы аурулары (1
кестені қараңыз).
Қарсылас жақ бактериологиялық қару қолданғаны анықталған
кезде карантин қолданылады.
Жұқпалы ауруларды ескертуге және зақымдану ошағын жоюға
бағытталған режимдік, әкімшілік және санитарлық шаралар
кешені карантин деп аталады.
Карантин ошаққа қару қоршауды, карантин аймағынан
адамдар мен халық тобының алдын ала уақытша оқшаулаусыз
және медициналық бақылаусыз жүріп – тұруға, одан мүлікті алдын
ала зарарсыздандырусыз әкетуге , сондай - ақ зақымдану ошағы
арқылы көлік пен адамның өтуіне тыйымды ұйымдастыруды
қарастырады.
Карантин халықты ажыратуды және қарым – қатынасты
шектеуді қарастырады.
Кәсіпорындар мен өндірістік қызметін жалғастыратын
мекемелерде жұқпалы ауруларға қарсы кестесі белгіленеді.
Сырқаттарға қызмет көрсететін бүкіл медициналық
қызметші арнайы обадан қорғайтын костюммен жұмыс істейді,
бұл шара аурухана ішіндегі жұқтырушылықты ескертуге
бағытталған.
Егер келесі лаборатория зерттеулерінде ошақта аса
қауіпті жұқпалы ауру қоздырғыштары анықталмаса және аурудың
жаппай таралу қауіпі болмаса, карантинді обсербация режимі
ауыстырады.
Зақымдану ошағына медициналық бақылауды күшейтуді және
онда емдеу – сауықтыру мен сақтандыру шараларын өткізуді
қарастыратын шаралар кешені обцервация деп аталады.
Карантин мен обсервация мерзімі соңғы сырқатты оқшаулау
сәтінен бастап есептелетін аурудың ең жоғары инкубациялық
мерзімінің созымдылығымен және ошақтағы дизенфекцияның
аяқталуымен анықталады.

Жұқпалы аурулардан сақтандыру.

Денсаулық сақтау қызметінің негізгі бағыты сақтандыру
болатын және солай болып қала береді.
Жұқпалы ауруларға қатысты ескерту шараларының кешені
жұқпалылық барысының барлық үш бунына – жұқпалы ауру
көзіне, оның берілу жолына және организм қабілетіне
бағытталған.
Жұқпалы көзіне қатысты өткізілетін шараларға ауруды
ертерек, белсенді және толық анықтау, оларды дер кезінде
оқшаулау, емханаға жатқызу мен емдеу, ошақта дезинфекциялық
шараларды жүргізу жатады.
Жұқпалылық барысы екінші буынының – қоздырғыштың берілу
жолының үзілуі аса маңызды, сондықтан ауруды сақтандыруда
жеке гигиена тәртіптерін сақтауға, халық арасында гигиеналық
дағдылар мен санитарлық мәдениетті сақтауға, сақтандыру және
жұқпалылармен күрес шараларын жүргізуде денсаулық сақтау
органдарына көмектесуге үлкен маңыз беріледі.
Жұқпалылық тізбегінің үшінші буынына халықтың
бейімділігіне бағытталған сақтандыру шаралары жұқпалы
ауруларға қарсы жасанды иммунитет жасау болып табылады. Ауру
тудырғыш микроб әсеріне организімнің бейімделмеуі иммунитет
деп аталады. Олар туа біткен (табиғи) жєне келе біткен (жасанды)
иммунитет болып бөлінеді.
Туа біткен иммунитетке адамның тумасынан белгілі бір
жұқпалы ауруға бой алдырмауы жатады.
Келе біткен иммунитет шалдыққан аурудан кейін (қызылша,
табиғи шешек) болмаса егу нәтижесінде (вакциналау) жасалады.
Жұқпалы ауру қоздырғышының түрі әлі анықталмаған және
қай аурудың түріне қарсы халыққа егу жүргізу белгісіз
жағдайда олардың пайда болуын ауыздықтау мақсатында кешенді
препараттар – антибиотиктер қолданылады. Осындай ескерте емдеу
шұғыл сақтандыру деп аталады. Осы мақсат үшін жеке дәрі -
дәрмек қобдишасы (АИ-2) пайдаланылады.
Қоздырғыш түрі анықталған кезде арнайы сақтандыру
жүргізіледі. Арнайы сақтандыру құралы ретінде әртүрлі
вакцина түрлері пайдаланылады: олар өлтірілген, химиялық және
тірі вакциналар.
Дезинфекция немесе зарарсыздандыру адамның қоршаған
ортасында жұғымтал ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған
арнайы шаралар жиыны. Дезинфекцияның жекелеген түрлеріне
дезинсекция, яғни жұқпалы ауруды тарататын жәндіктер мен
кенелерді жою және дератизация – жұқпалылық тұрғысынан
қауіпті кеміргіштерді құрту жатады.
Зарарсыздандыру мақсатына байланысты дезинфекция
сақтандыру, ағымдық, қорытынды болып бөлінеді.
Сақтандыру дезинфекциясы жалпы қоғамдық орындар (асхана,
монша, кір жуу нүктесі, шаштараз, казарма, вокзал, вагон,
дәретхана) арқылы жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу
ықтималдығын ескерту мақсатында өтеді.
Ағымдық дезинфекция жұқпалы аурудың таралуын ескерту
мақсатында өтеді: оны жұқпалы ауруға шалдыққандар жатқан
емдеу мекемесінде өткізеді. Зарарсыздандыруға сырқаттардан
шығатын табиғи бөліністер (тер, дәрет, ірің, сілекей) және олар
дерт жұқтыратын заттар (ыдыс – аяқ, төсек – орын, дәрет ыдысы)
жатады.
Ақтық дезинфекцияны жұқпалы дертке шалдыққан адам
әкетілгеннен кейін, сауыққаннан соң немесе қайтыс болғаннан
кейін жүргізеді. Оның мақсаты ауру ұстаған заттарды, жиһазды,
төсек - орынды, киім - кешекті, жатқан бөлмесін жұқпалы ауру
қоздырғыштарынан толық босату болып табылады.
Дезинфекцияға тән көрсеткіштерге байланысты
зарарсыздандырудың, механикалық, физикалық және химиялық әдістерін
қолданады.
Механикалық әдіске бөлме мен орналасқан дүниені
ылғалдап тазарту, киім – кешек пен төсек – орынды қағу, шаң сорғыш
көмегімен, әктеу арқылы бөлмені шаңнан тазарту жатады.
Физикалық єдіс пен құралдар дезинфекцияның қарапайым жєне ең
оңай тєсілі болып табылады. Олардың санатына к‰н сєулесі мен
ультрак‰лгін сєулесімен емделу, қоқыс пен құндылығы жоқ заттарды
өртеу, ыстық су б‰рку жатады.
Зақымдалған төсек – орын мен киім – кешекті қолмен
дезинфекциялаушы аппаратура арқылы қолданылатын физикалық және
химиялық құралдар көмегімен сенімді дезинфекцияны немесе
дезинсекцияны әрдайым қамсыздандыру мүмкін емес. Сондықтан осы
заттарға дезинфекция мен дезинсекция арнайы дезинфекция камерасында
өткізіледі.
Дезинфекция (дезинсекция) дезинфекциялық камераға ыстық ауа
немесе қатты қайнаған ыстық су буын жіберу арқылы жүргізіледі.
Автомобилдегі дезинфекциялық – жуып – шаю қондырғысы ДДП – 53
адамдарды жуындыруға, киімді дезинфекциялау мен дезинсекциялауға
арналған.
Микроб клеткасына жойқын әсер ететін химиялық заттар қатарынан
мына дезинфекциялаушы заттар қолданылады: хлор әгі; хлорамин; кальций
гипохлоритының үштен екі негіздегі тұзы (КГ ДТС), сутегі тотығы,
формагельдегид, қара карбол қышқылы, лизол, сілтілер.
Хлор әгі - өткір хлор исіті ақ ұнтақ.Сапасы жоғары препараттар
кемінде 25 пайыз активті хлор болады, ал оның мөлшері 16 пайыз кем
болса дезинфекциялау үшін жарамсыз.
Құрғақ хлор әгін препараттың 1⁄5 көлеміне қоса отырып
аурудан бөлінетін зиянды заттарды (қақырық) зарарсыздандыру үшін
қолданады.
Хлорлы әкпен дезинфекция жүргізген кезде ертіндінің төсек – орын
мен киім – кешекке түспеуі қадағалау қажет. Үй – жайға хлорлы әкпен
дезинфекция жүргізгеннен кейін 1 -2 сағат бойы желдетеді.
Хлорамин – құрамында 25 пайызға дейін активті хлор бар, суда
жақсы еритін ақ кристалды ұнтақ, хлорлы әк ертіндісінен хлорамин
ертіндісінен ерекшелігі 10 -15 тәулік бойында сақтау кезінде тұрақты
және шағын мөлшерде (0,5 пайыз) матаны зақымдайды.
0,2 пайыз,1 пайыз, 3 пайыз мөлшердегі хлорамин ертіндісін
тамшылық және ішек – қарын жұқпалысын дезинфекциялау, төсек жаймасын,
асханалық ыдыстарды шаю үшін қолданады.
Формальдегид – кілегейлі қабықтарды тітіркендіретін өткір иісті
газ, формальдегидтің судағы 40 пайыз ертіндісі формалин деп аталады.
Оны тері және былғары бұйымдарын зарарсыздандыру үшін дезинфекция
камерасында пайдаланады.
Сутегі тотығы – иіссіз және түссіз газ. 30 пайызға дейін сутегі
тотығы концентратты – пергидролді шығарады. Пергидролді аса сақтықпен
пайдаланған дұрыс.Препараттың тері мен кілегейлі қабыққа түсуі күйік
туғызады.Коррозияға сезімтал аппаратурасы бар жабық немесе желдетілуі
қиын ғимаратты дезинфекциялау үшін сутегі тотығының 3 -6 пайызы
ертіндісін қолданады.
Сутегі тотығының 3 пайызы ертіндісін даярлау үшін 8,6 л суға 1,4
кг пергидролді қосады.
Лизол – калийлік сабынды (жасыл) крезолдардың 47 -50 пайызды
ертіндісі.Бұл фенолық иісі бар қызыл – қоңырқай көбіктенгіш сұйық,
суда жақсы ериді. Лизолді 3-5 пайыз ертінде түрінде оба, тамшылық және
ішек – қарын жұқпалысы кезінде терді, кіші дертті, қақырықты
зарарсыздандыру, төсек жаймасын шаю үшін қолданады.
КГ ДТС - хлордікі сияқты иісі бар, ақ кристалды ұнтақ. Құрамында
56 пайыз активті хлор бар, суда жақсы ериді жєне ұзақ сақталады.
КГ ДТС құрамында хлоры бар өзге де препараттармен бірдей
жағдайларда қолданылады.
Сода – көмірнатрийлі тұз, ақ кристалды ұнтақ тамақ үстелдері мен
ыдыс –аяқты зарарсыздандыру үшін 0,5 -1 пайыз ыстық ерітінді ретінді
қолданылады. Қайнатылған 0,5 - 2 пайыз ертіндісін аспаптарды
қыздырып, тазарту үшін пайдаланады.
Ылғалды дезинфекцияны арнайы апараттың және шлангалы
гидропультің көмегімен өткізеді (2,3 сурет).
Дезинсекция жұқпалы ауруларды таратуға қатысатын адамдардың
мазасын алатын немесе мүлік пен азық – түлікті бүлдіретін жәндіктерді
жоюды білдіреді.
Дезинсекциялық шаралар сақтандыру және жою шаралары болып
бөлінеді, физикалық құралдарынан от, ыстық су, су буы және ауа
қолданылады. Дезинсекцияның химиялық әдістері инцектицидтер деп
аталатын улар, оның ішінде гексохлоран, карбософ, метилоцетофос,
хлорофос, пиретрум негізделген.
Дератизация ретінде аса қауіпті жұқпалы ауруларды тарататын
кеміргіштер мен күрес шаралары аталады. Кеміргіштермен күресте
сақтандыру және жою шаралары жүргізіледі. Сақтандыру шаралары
кәсіпорын, емдеу мекемелері аумағын қоқыс пен шөп – шаламнан тазалау,
қоқыс тастағыш пен жуынды төгетін шұқырды дұрыс орналастыру, оларды
ұдайы тазалау, азық – түлікті сақтау тәртібін қатаң сақтау, сөрелерді
қорғау икемдегіштерімен жабдықтау болып табылады.
Бұл шаралардың мақсаты – кеміргіштерді жем – шөптен айыру,
ұрықтану мекенін құрту, олардың азық –түлікке барар жолын кесу.
Кеміргіштерді жою үшін механикалық әдіс қолданылады. Бұл орайда
әртүрлі алдама қақпандар, тұзақтар қолданылады. Олар қолда бар
материалдардан жасалады. Тышқандарды аулау үшін өздігінен ұстайтын
бөшке – тұзақ қолданылады.
Кеміргіштерді жоюда химиялық әдістің маңызы зор. Ол үшін алдама
қоспалар тастайды және іннің төңірегіне ұнтақ тәріздес у шашады.
Дератизация үшін химиялық құралдың мырыш фосфиді, егеуқұйрықты
өлтіретін у, зоокумарин, ратиндан пайдаланылады.

Улы алдама тағам үшін нан үгіндісі, ботқа, тартылған ет, ұн,
астық, қайнатылған жеміс – жидек пайдаланылады. Оған белгілі мөлшерде
у қосады. Алдама тағамды даярлаған кезде аса сақ болған жөн.
Газ дератизациясын көп жағдайда теңіз кемелеріндегі, темір жол
вагондарындағы, ұшақтардағы және егістіктерді кеміргіштерді жою үшін
қолданады.

Негізгі бөлім.
2.1. Оба, оның жұғу жолдары.

Оба - ауыр түрде уланып, без түйіндері, өкпе және басқа
мүшелері ерекше зақымданғаны білінетін жедел жұқпалы ауру.
Ағымы ауыр, жоғарғы өлімді ауру, көп жерге таралу
мақсатымен аса қауіпті аурулар тобына кіреді.
Тарихы. Оба адамзатқа ерте заманнан қаһарлығымен белгілі,
көп көлемді жерлері ойрандатушылығымен танымал. Көп жерлерге
таралуына байланысты миллиондаған адамдардың өмірлерін алып
кетті. Тарихта 3 белгілі обаның пандемиясы болып өтті. Бірінші
тарихқа юстинианов обасы (531-580ж.ж) деп аталды. Ол Египетте
басталып Жақын Шығысқа, Африканың Солтүстігіне және Европа
елдеріне енеді. Осы пандемияда 100 млн.ға жақын адам өлген.
Екінші пандемия XIV ғасырда қара өлім аталды, 1334 жылы
Қытайда басталып, кейінен Индияны, Африканы және Европа елдерін
қамтыған. Екінші пандемияда 50 млн.нан астам адамдар өлген.
Сонда оба ауруы Ресейдің солтүстік - батысына, орталық және
оңтүстік - шығыс облыстарына кірген.
Обаның үшінші пандемиясының басталуы 1894 жылға жатады.
Кантоне және Гонконгте басталып 100 мыңнан астам адамдар өлген.
Соңғы 10 жылдары оба ауруы 87 порттағы қалаларға негізгі
парахоттар жүретін барлық құрлықтарға тараған. Ең адамы көп
өлген Индия болыпты, өлген адамдары 12 млн.нан асқан. Оба
ауруы Ресейдің Одесса қаласында 1901, 1902 және 1910 жылдары
болғаны байқалған. Обаның үшінші пандемиясы зерттеген ғалымдардың
өте үлкен жаңалық ашқандарымен танылды: қоздырғышын тапты,
егеуқұйрықтың (крыса) жұқпалы ауруды үзбей жалғастырып отыратын
маңызы дәлелдеген. Орыс ғалымдары Д.С.Самойлович, Г.И.Минх,
Н.Ф.Гамалея, Д.К.Забалотный, И.И.Мечников, Н.Н.Клодницкий,
В.А.Хавкин, Д.А.Деминский оба ауруын зерттеп мың жылдық
адамзаттың жауымен күресіп, батырлық еңбектерін тарихтың бетінде
қалдырды.
Қазақстанда 1926 жылы оба ауруы тышқандардың арасында көп
тарағаннан кейін адамға да жұғып үлкен өріс алған. Эпизоотия
түйелер мен қояндарға тарап екі айға созылған. Түйенің обасы
кейінгі жылдары Индияда, Пакистанда, Индонезияда, Индоқытайда,
Африканың экватория аймағында, Бразилияда, Перу және Аргентинада
кездесіп тұрады. Егеуқұйрық арқылы обаның таралуы соңғы
уақыттарда Азия, Африка, Америка, Франция, Испания, Италия порттық
қалаларында болып жүр. Біздің Қазақстанда сирек кездеседі.
Көбінесе Арал аумағының құрамында, Қызылқұм мен Мойынқұмдарда
құмтышқан мен үлкен сұр тышқандардың арасында кездесіп,
олардың денесінен оба қоздырғышы табылып тұрады. Осы жұмыстарды
Арал, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Атырау обаға қарсы станциялары
өз уақытында анықтап оба ауруының қоздырғыштарын табылған
жерлерде қарсы көп жұмыстар жүргізеді. Тышқандардың ініне түрлі
улы заттар тастап, оларды өлтірді. Алматыдағы Орта Азиялық обаға
қарсы институтта тиянақты ғылыми зерттеу жұмыстары ж‰ргізіледі.

Аурудың қоздырғышы - Pasfeurella pestis. Осы
қоздырғышты бірінші рет француз ғалымы Иерсен Гонконг
қаласындағы эпидемия кезінде 1894 жылы ашқан. Қоздырғыш -
қозғалмайды, спора шығармайды, кілегейлі капсулалы болады, ауа жоқ
жерде өседі.
Қоздырғыштың түрақтылығы ағзадан басқа жерде 0 - + 10°С –
да 10 айға дейін сақталады. Суда, тамақтарда үйдегі түрлі
ыдыстар мен заттардың үстінде 30 – 90 күнге дейін сақталады.
30°С суықта ұзақ уақыттарға төзеді. 60°С ыстықта жарты сағаттан
кейін өледі, 80°С ыстықта 5 минутта, 100° С - бірнеше секундта
өледі. Сулема, Лизол, формалин, хлорамин, хлор известі ертінділері
тағы антибиотиктерден - стрептомицин , тетрациклин т.б. оба
қоздырғыштарын жояды.
Адам организміне оба қоздырғышы тері, тыныс жолдары, азқазан -
ішек жолдары арқылы өтеді. Бұл аурудың клиникалық т‰рін асқындыра.
Тері арқылы өткен кезде кейде т‰скен дақ алқылы білінеді. Оның
орнына ойық жара мен шиқан шығады.
Оба қоздырғышы көбінесе тері арқылы өтіп сөл т‰йіндеріне жетеді,
сонда жетіледі, қанталап ісінеді (бубон).
Микроптардың таралуы арқылы эндотоксиндер босап, улануға жол
ашады. Бұдан єрі қоздырғыш қанға т‰сіп, б‰кіл организмге тарайды,
аурудың іріңді т‰рлерін туғызады, бұл белгілер ішкі оргагдардың жаппай
тұқымдануымен сипатталады.
Мұнда микроптар к‰рт көйеді, қатты улану ж‰реді.
¤кпелік т‰рі кезінде жұқтырғыштар тамшылар мен ауа арқылы өтеді.
¤кпе ұлпасында сіңірлі - қанағатталған ісіну пайда болып, өліеттену
белгілері анық көрінеді. ¤кпе ұясы эритроциттен, лейкоциттен жєне оба
таяқшасынан орасан зор санынан тұратын сұйық экссудатпен толтырылады.
Эпидемиология мен эпизоотология. Академик Е.Н.Павловскийдің
жұқпалының табиғи ошақтары туралы ғылымына оба ауруында табиғи
ошақтар трансмиссивтік жұқпалы аурулар тобына жатқызады. Оба
қоздырғышының табиғаттағы бұлағы денесінде өсіріп, сақтайтын
кеміргіштер болып табылады. Олардың 300 ден астам түрлері
белгілі. Орта Азияда өз денесінде оба микробын өсіріп, сақтайтын
саны мол. Олар: құмтышқан, сұр тышқан, саршұнақ, атжалман.
Кеміргіштер оба ауруымен, көп өлім – жетімге ұшырайды. Огата
1897 жылы және осы аталған кеміргіштердің денесінде болатын
бүргелер оба қоздырғышын ауру егеуқұйрықтан сау егеуқұйрыққа
жұқтырып отырады, адамға да бүргелер қан сорғанда жұқтырады.
Түйелерге оба ауруы бүрге арқылы, жанасумен, тамақпенен және
демалу жолдары арқылы жұғады. Бүргелердің 120 түрлері болады,
соның біразының ішінен оба ауруының қоздырғышы табылған.
Кеміргіштің обамен ауырып, өлер алдында бүргелердің қан соруы
көб ейе түседі. Обаның қоздырғышы бүргенің ағзасында тез
таралып, өсіп көбейеді, келесі қан сорарында кеміргіштерге,
түйлерге және адамға жұқтырады.
Адам обаның ықпалына жылдам т‰седі, оған шалдыққандар
төңіректегілер ‰шін өте қауіпті. Обаның өкпелік т‰рі аса қатерлі.
Адамға обаның жұғу жолдары бірнеше: жұқпалы б‰ргенің шағуы, ауру
кеміргіштердің терісін алғанда жанасу арқылы жєне ауру т‰йелерді
сойып, еттерін бөлгенде; тамақ арқылы - ауру т‰йенің еттерін жегенде;
ауа - тамшы арқылы - өкпе т‰рімен ауырған т‰йелердің жанында болғанда.

Ауру белгілері. Адамның ауру белгілерініңт‰рлері: көпшілігі
жергілікті т‰рі (тері, бубонды, тері - бубонды), ішкі таралу т‰рі
(бірінші - септикалық, екінші - септикалық), сыртқы таралу т‰рі
(бірінші - өкпедегі, екінші - өкпедегі, ішектегі). Аурудың жиі
кездесетіні бубонды т‰рі сирек - ішектегі.
Жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 10 тєулікке дейін, жиі - 3-6 к‰н.
Ауру кенеттен пайда болады. Ағзада өте тез ауыр жалпы улану
құбылыстары өседі. Аурулар бас еттерінің азаптанып ауырғанын байқайды,
кенеттен ұрынған сезімі, ауыр жағдайларда қорқыныш сезінеді. Беті мен
көзі қызарады. Тіл ‰лкейіп, бетіне ақ т‰седі жєне ауыз құрғақтанып,
сөйлеуіне қиыншылықтар туып, сөзіне т‰сінбейсіз. Ж‰рек - қан
тамырларының жұмысы нашарлайды, ж‰рек 1 минутта 160 ретке дейін
соғады, қан қысымы төмендейді. Ж‰ректің єлсізденуімен қан айналысының
нашарлануынан қайтыс болады.
Тері түрі. Аурудың бұл түрінде терінің бетінде бірінен
соң бірі өзгерістер өседі: қызарған түйін, іріңсіз кішкене ісік,
күлдіреуік - іші мөлдір не лай суға толған бөртпе, іріңді
безеу соңында қабыршақ пайда болады. Іріңді безеудің ішінде
қанды іріңге және обаның қоздырғышына тола болады. Келешекте
жарылып, орнында жаралар қалады. Жараның түрі ісіктеніп сары
түрленіп, келе – келе қара түске қабыршанақтанады. Айналасы
қызылданып, ісіктеніп, қып - қызыл белдік пайда болады. Обаның
тері жаралары ұзақ және баяу жазылады да орнында тыртық
қалады. Обаның тері түрі ережедегідей тері – бубонды түріне
өтеді.
Бубонды түрі. Негізгі аурудың белгісі бубон болып
табылады. Қоздырғыштың кіретін қақпасының жанындағы лимфа түйіні
қабынады. Ең бастаға белгісі бубонның пайда болған аумағы өте
ауыршаң болады, нәтижесінде амалсыз жағдайға әкеледі. Бірінші
тәртіптегі бірінші бубондар денеде ауру басталысымен бірінші
күндері пайда болады. Өсіп келе жатқан бубон көлемі кішігірім ,
кенеттен ауырып қатаяды . Лимфа түйіндерінің барлығы қабынумен
оның айналасындағы өзектер қатайып, топтасып үлкейеді.
Келешекте бубондар тегіс таралып кетуі, ірің сияқты
жұмсақталуы немесе қасарып қатайып қалуы мүмкін. Бубонның
тегіс таралуы бір айдың көлемінде болады және одан да артық
уақытта. Бубон іріңдеген кезде босап қамырдың жұмсақтығындай
болады және де ортасы сұйықталады. Бубон келешекте жарылып,
ішінен қанды ірің шығады. Бубон жарылған соң орнында көп
уақытқа дейін жазылмайтын тесік ауыз пайда болады. Осы кезде
екінші жұқпалыға асқынданып бездің өзімен қатар айналасындағы
ұлпаларда ісінеді. Келешекте бубондар ағзаның көп жерлерінде де
өсуі мүмкін . Көбірек қауіп туғызатын қолтық астындағы бубондар
мен бұғаның үстіндегі және астындағы лимфа түйіндері мен
емшектің қабынулары нәтижесінде екінші өкпе обасына соқтырады,
кейінен өкпе қабынады.
Бубон обасы асқындап, ауру қоздырғышы бүкіл денеге
таралып (сепсис), жиі жағдайда өлімге соқтырады. Бубонды түрінің
қаһарлы асқындағаны екінші рет обаның менингитіне (ми
қабықтарының қабынуы) әкеліп жеткізеді, әдетте бұл жағдайда
өлімге әкеледі.
Оба ауруының басқа түрлеріде өте қауіпті, қиын емделеді.
Бірақ, уақытылы ауру анықталып, тез жағдайда түрлі, жан - жақты
емдеу жұмыстары жүргізілсе ауырған адамды аман сақтап қалуға
болады.
Емдеу. Обаны емдеудің негізгі құралы антибиотиктер болып
табылады. Емдеуді бубондық, сондай - ақ өкпелік түрі кезінде
тиімді болған тетрациклинмен өткізеді . Оны алғашқы 48 сағат
бойында үлкен мөлшерде тағайындайды (4-6 гтєулік) бұдан кейін
мөлшерді төмендетеді.
Ауыр түрлері кезінде алғашқы 24 сағат кезінде көк тамыр
ішіне тетрациклин енгізеді, төзбейтін жағдайда оның орнына 2
тәуліктің бойына әрбір 4 сағат сайын 0,5 г стрептомицин
тағайындайды, кейіннен 6 сағат сайын тағайындайды.
Жергілікті емдеу үшін күкіртті сынап майынан істелген май
таңғыштарын қолданады, оларды күн сайын ауыстырады және 5 – 6
күннен соң оны вазелиндік немесе ихтиолдық (5%) таңғышпен
айырбастайды.
Сақтандыру. Ауруларды жұқпалылықтан барлық мерзімінде қатаң
түрде оқшаулайды. Аурумен байланысты болған барлық адамдарды
обсервациялай отырып 9 күнге карантин белгілейді. Обамен
ауырғандарды обаға шалдыққанына күдік туғызғандардан бөлек
орналастырады. Өкпелік түрмен ауырғандарды жеке палатада немесе
бокста ұстайды. Ауруларға қызмет көрсететін барлық медициналық
қызметші обадан қорғайтын костюммен жұмыс істейді, жұмыс
аяқталғаннан кейін толық санитарлық тазалықтан өтеді.
Қызметшілергі мұқит медициналық бақылау жүргізеді.
Алдын алу шараларының ең бір маңыздыс ел арасында ‰гіт - насихат
жұмыстарын ж‰ргізу болып табылады. Ауру малдардың, кеміргіштердің жєне
б‰ргенің ауру таратқыштық маңызының қауіптіліктерін аудан көлемінде,
ауылды мекендердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аса қауіпті инфекциялық ауру қоздырғыштары тараған кезде халықтың іс-әрекеті
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Аса қауіпті аурулар және бактериологиялық қарулар
Аса қауіпті ауру қоздырғыштарын
Жұқпалы ауру қоздырғыштар және оның түрлері
Жұқпалы ауруларды даулау шаралары
Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдай. Биологиялық қару, эпидемия, жұқпалы аурулар
Инфекциялық ауру туралы түсінік
Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою
Жұқпалы аурулар туралы түсінік және алдын алу шаралары дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері
Пәндер