Бөкей Орда ауданы Сайқын ауылының құрылу тарихына және физикалық-географиялық жағдайларына сипаттама


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I тарау . Бөкей Орда ауданы Сайқын ауылының құрылу тарихына және физикалық-географиялық жағдайларына сипаттама.

1. 1 Сайқын стационарының құрылуы және географиялық орны.

1. 2 Зерттелген ауданның табиғат жағдайы . . . 5

1. 2. 1. Климаты . . . 8

1. 2. 2. Рельефі және топырағы . . . 6

1. 2. 3. Флорасы . . . 13

1. 2. 4. Орда геоботаникалық қорықшасы . . . 15

1. 2. 5. Сайқын ауылы маңының өсімдік жамылғысы . . . 22

II тарау. Зерттелу әдістері.

2. 1. Биологиялық зат айналымды зерттеудің әдістемелік негізі . . . 18

2 . 2. Зерттелу әдістемесі . . . 21

III тарау. Бөкей Орда ауданының Сайқын ауылы маңының өсімдік қауымдастықтарындағы биологиялық өнімділік . . . 24

3. 1. Қоңырбасты-бетегелі қауымдастық . . . 26

3. 2. Түймешетенді-ақ жусанды-қоңырбасты қауымдастық . . . 28

3. 3. Қоңырбасты-қара жусанды қауымдастық . . . 30

IV тарау. Сайқын ауылы маңының өсімдік қауымдастықтарындағы биологиялық өнімділіктің деструкциялық үрдісі . . . 33

4. 1. Қоңырбасты-бетегелі қауымдастық . . . 36

4. 2. Түймешетенді-ақ жусанды-қоңырбасты қауымдастық . . . 37

4. 3. Қоңырбасты-қара жусанды қауымдастық . . . 38

Қорытынды . . . 47

Қолданылған әдебиеттер . . . 48

Кіріспе

Қазіргі кездегі биология ілімінің маңызды мәселесі-биогеоценоздардың биологиялық өнімділігінің қалыптасу заңдылығын зерттеу. Бұл міндет актуальдігі тек қазіргі кездегі өсімдік және топырақ жамылғысының экологиясы туралы сұрақтың маңыздылығының теориялық негізі ғана емес, сонымен қатар ауылшаруашылықтың-өндірістік тәжірбиемен қамтамасыз етілуін анықтау шешеді.

Биогеоценоз өнімділігі генезистің көрінуі, яғни оның негізгі компоненттерінің өсімдік және топырақ жамылғысының көрінісі.

Жер өндеу және жануар мал шаруашылығы үшін алынатын ақпаратты бақылау өте қиын, себебі биогеоценоздағы биологиялық айналым заңдылықтары туралы білім дақылдардың өнімділігін көтеруге, сонымен қатар жайылым мен шабындықтың өнімділік мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі.

Табиғи жүйелердің өнімділігін оқудың тағы бір маңызды аспектісі көпжылдық кесінді-табиғи ресурстарды қорғау.

Қазіргі кезде ғылымның дамуы көптеген бағыттардың пайда болуымен сипатталынады. Биогеоценоздағы өнімділік процесстердің заңдылықтарын білу негізінде өсімдік және топырақ жамылғысының биосфералық функциясын сақтауға мүмкіндік туады. Биогеоценоз компоненттерінің өзара әрекеттесуін зерттеуді, тереңдетудегі маңызды рөлді-ботаник, топырақтанушы, биолог және географ, сонымен қатар өзге де көптеген мамандар атқарады.

Соның ішінде негізгі, өзінің қажеттілігін дәлелдеген, көптеген фундаментальды сұрақтарға жауап берген-«Өсімдік-топырақ» жүйесіндегі процесстердің алмасуын оқу міндеттемесі болып табылады.

Жұмыстың негізгі мақсаты Сайқын стационарының антропогендік күш түскен өсімдік қауымдастықтарындағы биологиялық өнімділігін анықтау.

Жұмыстың міндеті:

-биогеоценоздардың қазіргі кездегі күйін анықтау және оған табиғи, антропогендік факторлардың әсері;

-өсімдік қорын анықтау және оған экологиялық факторлардың әсерін білу;

-зерттеліп отырған ауданның өсімдік жамылғысын зерттеу.

I тарау. Бөкей Орда ауданының Сайқын ауылының құрылу тарихы және физикалық-географиялық жағдайларына сипаттама.

Нарын құмында Бөкей ордасы өлкесін 1801 жылы алғаш құрған, қазақ халқының абырой-беделін, қадір-қасиетін көтерген, ел болашағын ойлай білген, ұлтжанды Бөкей хан Нұралы ұлы болды, оның ісін жалғастырып, парасатты да білімді түрде ел басқарып, айтарлықтай жарқын істер тындырып, артына, ел тарихына «Алғашқы» «Тұңғыш» атауымен басталатын тарихи мұра қалдырған қазақтың соңғы ханы Жәңгір хан Бөкей ұлы екені белгілі.

Бөкей даласын зерттеу туралы деректер, әрбір ауыл туралы мәліметтер еліміздегі «Мәдени мұра» бағдарламасына сай алдан көлеміндегі барлық елді мекеннің тарихын, өткені мен бүгінін қамтып, барынша терең баяндау арқылы өз өлкеміздің тарихын кейінгі ұрпаққа қалдырып, өлкетану дүниетанымын арттырып, барымызды бағалаудың маңызы зор.

Олардың патриоттық сана-сезімін қалыптастырып, өз ауылын-шағын отанды, елді сүйе білуге тәрбилеу ұрпақ алдындағы парызымыз болып табылады.

Бөкей Ордасы-ежелден елдің шетінде, желдің өтінде, ең қашық жатқан өлкенің әрбір ауылы, болған уақиғалар жөніндегі көптеген мәліметтер көнекөз қариялардың қайталап сұрастыру, саралау арқасында олардың айтулары бойынша жазылды.

Жарқын істерде бай өлкеміздің ежелгі тарихы мен мәдени дәстүрін, өнерпаздық негесін қастерлемеуге қақымыз жоқ. Туған өлке тұнған шежіремізді баяндап, «Аудан энциклопедиясы-Шағын Отан» кітабын

жасақтау мәдени құндылықтардың туған ел, өскен жер тарихының барынша қамтылуы нысанаға алынып, шығармашылық ізденіспен жазылып, зерделі түрде оқитын, туған өлкесін білуге құштар оқырман қауымға арналып, олардың талғам-таразысына тартылып отыр.

Аудан орталығы-Сайқын ауылы.

Аудан жалпы Батыс Қазақстан облысының оңтүстік батысында орналасқан. Аудан солтүстігінде Жанібек және Казталовка ал шығысында Жаңақала алоңтүстігінде Атырау облысымен, оңтүстік батысы Астрахан және батысы Ресей мемлекетінің Волгоград аудандарымен шектесіп жатыр.

Ауданның жалпы жер көлемі-19, 2мың км 2 .

Климаты.

Ауданның климаты құрғақ және континентальды климатты, жартылай шөл зонасында орналасқан. Бұнда орташа жылдық жауын-шашын мөлшері-229мм шамасында, әсіресе маусым айында 28мм болса ал қазан айында 23мм, ақпан айында айтарлықтай төмен яғни-11мм. Ал булану жауын-шашын мөлшерінен үш есе көп 900мм.

Ауаның орташа жылдық температурасы 6, 9 0 С, жыл бойына минимальды және максимальды температура амплитудасы 80 0 С шамасында. Жазы жылы қысы да айтарлықтай суық емес орташа жылдық температура қаңтар айында -11, 0 0 С, шілдеде 24, 4 0 С, жылдық орташа ең жоғарғы температура 7, 2 0 С. Ауа райы жылдар бойы көп өзгеріске ұшырайтынын көре аламыз. Сонымен температураның ең жоғарғы амплитудасы 80 0 С тең. Орта есеппен алғанда булану жылына 900-1000мм, яғни жауын-шашынның жылдық мөлшерінен 3-4 есе артық. Ауаның орташа салыстырмалы ылғалдылығы жаз айларында 36-38%, ал минимальды 8-10% дейін түседі. Орташа көп жылдық құрғақ күндер саны -30%.

Геомарфологиялық-ландшафтының құрылысы.

Ауданның жер бедері-дөңесті келген жазық. Оңтүстік бөлігін Нарын құмы алып жатыр. Ауданның ең биік жері Оңтүстік-батыс бөлігіндегі Кіші Богда тауы. Онда жергілікті байлық-қиыршық құм, бес түрлі фракцияда ұсақ тас-шебень жолға төсеуге қажетті материал ретінде пайдалануға болады. Нарын құмы аймағын құм басудан сақтау мақсатында Орда ормантоғай алқабы бар.

Орданның оңтүстігінде Ашықақ соры орналасқан. Жалпы ауданы 72 шаршы шақырым келетін тұзды Боткүл бар.

Ауданда суы тұщы өзен, көлдер жоқ.

Нарын құмы алқабының суы тұщы, пайдаланып жүрген ауыз судың мемлекеттік стандартына сәйкес келеді.

Солтүстік ландшафта айтарлықтай құмды ал оңтүстікте керісінше құмды ландшафт теңіз деңгейінен дамуда. Батысында құмды массивтен үлкен құмды ландшафт ауысып тектоникасы төмендейді ал батысында жартылай құмды ландшафтысы теңіз деңгейінен төмендеу орналасқан.

Гидрографиялық желі.

Солтүстігінде орналасқан Мұратсай ауылының ойысында Хаки ал көктемде Горкий суы ағып өтеді. ал қалған территорияларында көптеген тұзды-сорлы өзендер орналасқан. Батыс жағалаудың шетінде тартылып бара жатырған тұзды Боткөл өзені, ал солтүстікте жер көлемі жағынан аудан бойынша екінші орындағы Арал-сор өзені алып жатыр.

Рельфі.

Сайқын ауылы Каспий маңы ойпатының көлді-лиманды депрессиялық орталық бөлігінде орналасқан. Ауданға негізінен жазық және жақсы бейнеленген мезо және микрорельфтер тән. Аналық жыныс төменгі хвалын ауыр саздауыттарымен бейнеленген. Олар өзінің гранулометрлік құрамы бойынша біртекті әлсіз тұздалған болып келеді. Грунт сулары 6-7метр тереңдікке жетіп минералдылығы бойынша алуан түрлі болып келеді.

Көптеген территориясын құмды массив алып жатыр, ал шығысында және оңтүстігінде басқа да құмды массивті Волго-Орал құмды.

Барлық жерде ұсақ, орташа және ірі қызғылт құмды форма, солардың ішінде көбінесе бұзылған ауылдар кездеседі. Ауданның батыс бөлігінде Хаки деген терең емес тұзды сор алып жатыр.

Микрорельф үш элементтен: негізгі фонды құраушы микрокөтерілім (ауданның 50-60%), 2-20м диаметрлі жайпақ түпті тұйық тереңдігі 5-50см микротүсім, ойқылдар және микрокөтерілімнен ойқылға бағытталатын микробеткей соңғы 2 элемент ауданның 25% алады.

Қардың және еріген сулардың қайта бөлінуі грунт суларының өсімдік жамылғысының кешенділігіне негіз болады. Күзгі көктемгі жауын шашынның орта мөлшерін-144мм /100%/ микробаурайлар алса, ал 80мм /250%/-ойқыл алады.

Топырағы.

Микрокөтерілімге сортаңды-сорлы топырақ тән. Оларда сортаңдылық және хлоридті-сульфатты типтегі тұздану тән. Бұнымен бірге 35-50см тереңдікте жеңіл еритін тұздармен қоса гипстің үлкен қоры бар ол бір гектарға 30 тоннаға дейін. Қарашірік мөлшері аз 1, 7%-2, 8%-ға дейін кездеседі. Тың жердің сортаңды сорлы топырақ кескінінің жоғарғы бөлігінде шайылмайтын, ал төменгі бөлігінде дедуктивті бөлінгіш сипатталады. Сортаңдардың шөлдік өсімдіктерінде изенді-қара жусанды қауымдастық басым.

Ойқылдарда қара топырақ типті (шалғындық-қоңыр), тұздан айырылған топырақ даланың әр шөптесін астық тұқымдасты өсімдігіне бай. Қара топырақ типті топырақтың өз режимі мезгіл-мезгіл шайылмалы және тура жүретін жайылу грунт суымен үстемеленіп отырады. Бұл процесс екі жылда бір рет байқалады. Микротүсімдерге тұщы гидрокарбинатты құрамдағы сулар тән (минерализация 0, 5г/л) .

Жіңішке микробаурайларға зональді ашық-қоңыр топырақ тән. Бұнда өсімдік жамылғысынан түймешетен, шөлдік бидайық және бетеге тән. Ашық қоңыр топырақтардың су режимі шайылмайтын типке жатады, ал үлкен деген тереңдікте шайылу 120см. Жоғарғы метрлік қабатта тіптен тұз жоқ деп айтуға болады. Грунт суларында тұз концентрациясы сортаңдау 5-6г/л тең.

Аймақ жазықтылығын тұйық жайпақ түпті мезотүсімдермен лимандар және ойпаттар бұзады. Қоршаған беткі жермен салыстырғанда лимандар 2-3 метр төмен орналасқан, ал ойпатты жерлер 1-1, 5метр болып келеді. Соңғылардың ауданы бірнеше жүздеген гектарға дейін жетеді. Көктемде су жиі тасыған кезде еріген сулар ойпатты жерлерден лимандарға ағады. Олар оңдаған жылдар ішінде1-2 рет басылады. Соңғы 45 жыл ішінде бұл 9 рет қайталанған (1952, 1964, 1971, 1978, 1981, 1986, 1993, 1994) . Су тасу нәтижесінде жергілікті жерді су басудан топырақ-грунт қабатының тіке шайылуына және грунт суларының деңгейінің көтерілуіне әкеледі. Мезо және микрорельфтің ойпатты жерлеріндегі қосымша ылғалдылық нәтижесінде гидрологиялық режим қалыптасып, оны қоршаған аймақтан ерекшелендіріп, интрозональды топырақ қалыптасады.

Қара топырақ тектес ойпаңды жерлер кескінінде жеңіл еритін тұздардан жойылған. Бұл жерлерде гидрокарбанатты тұзды грунт суларының линзасы бар. Топырақ салыстырмалы түрде бай, 4-6% қарашірікті болып келеді. Ойпаңды жерлерде далалық өсімдіктер түрлері кең тараған.

Бұдан басқа В. А. Ковда және А. Ф. Большаков осы зерттеулер негізінде сортаңды сорлардың мелиорациялаудың тиімді әдісін ұсынған.

Өзінің рельефі бойынша ауданды тегіс жазықтық деп айтуға болады. Тек қана жалпы қарағанда оңтүстік және оңтүстік шығысқа қарай беткейлігін көреміз. Сонымен қатар стационарға мезо және микрорельфтің жақсы дамуы және айқын бейнеленуі тән /Ковда, 1950/. Аналық жыныс төменгі хвалын ауыр саздақтардан тұрады. Олар гранунометрлік құрамы бойынша біртекті, әлсіз тұзданған. Грунт сулары 6-7метр тереңдіте жинақталған және минерализациясы бойынша алуан түрлі болып келетінін көруге болады. Каппилярлы жиек күштілігі 3метр.

Микрорельеф 3 элементтен: негізгі фонды құрайтын микрокөтерілімнен /50-60% аудан/, диаметрі 2-20метрлік салыстырмалы тереңдігі 5-50см. Тұйық жайпақ түпті ойқылдардан құралған микротүсім және микрокөтерілім ойқылдарға бағытталатын микробаурайлардан тұрады.

Жазықтықтықты терең емес, алайда кейде ауданы біршама кең болып келетін тұйық ойыстардан үлкен ойқылдар, лиман және сорлардан тұрады. Олардың кейбіреулері тұзды /сорлар/, ал көп бөлігі үлкен ойқылдар мен лимандардан құрылып, тұзсызданған болып келеді.

Үлкен ойқылдар дегеніміз қоршаған бетке қарағанда 1-1, 5метр терең болып келетін жайпақ түпті ойыстар. Олардың өлшемі 1-2 гектардан-100га дейін жетеді. Бұнда қою қара топырақ типтес топырақ тән және оның жоғарғы қабатында 5-6% қарашірік болады. Бұл топырақтар түгел тереңдікке грунт суына дейін тұзсызданған. Ойқылдар даланың шөптесін дақылды өсімдікке бай. Қара топырақ типтес топырақтың су режимі шайылманы, ал тура жүретін шайылу грунт үстемеленіп отырады.

Кей жылдары үлкен ойқылдар тасқын сумен жайлады. Бұл жылдары су оның бетінде бірнеше күн тұрып бүкіл топырақ грунт қабатын түгел шайып, грунт суының бетке көтерілуіне негіз болады. Көп жағдайда көктемгі ылғалдану күзгі жауын-шашын және қар жамылғысының еру есебінен жүзеге асады. Бұнда үлкен ойқылдардың топырақтары ең құнарлы болып келеді. Лимандар дажайпақ түпті ойыстар, алайда олар ірілеу және тереңдеу болып келеді. Олар қоршаған беттен 2-3метр терең болады. Лимандар су жинағыш қасиетке ие. Олардың өлшемдері бірнеше бірліктен мыңдаған және одан да жоғары гектар жерді алады. Кейбір көктемде оған қоршаған беттен су өте көп түседі. Тасқын көп болған жылдары лиман беті жаз ортасына дейін су астында қалады, ал орталық бөліктерінде келесі жылға дейін сақталуы мүмкін.

Лиман топырағы өте сілтіленген және солодты топыраққа жатады. Тәжірбие бойынша мұндай лимандарды игеру мақсатсыз, алайда олар пішендікке бай.

Алайда үлкен ойқылдар мен лимандар бүкіл ауданның 10-15% алады. Қалған территория ойыс аралық жазық аз өнімді жайылым ретінде қолданылып келеді. Бұл жазықтың анық бейнеленген микрорельфі тұйық не бір-біріне тізбектелген ойыстар-ойықтардан тұрады. Олардың тереңдігі 30-40см және көлденеңнен 20-30метр болып келеді. Ойқыл аралық жазықтың негізгі фонын бір-біріне біріккен көтерілімдер алады. ойқыл араның кеңістіктердің тегіс болмауы жауын-шашынның тегіс түспеуіне негіз болады. Соның нәтижесінде ойқыл аралық жазықтың топырақ жамылғысы кешенді болып келеді де, соған сай ол жерге кешенді өсімдік дүниесі тән. ойқылдарда дәнді-шөптесін өсімдік дүниесі жақсы дамыған. Ойқыл топырағы-тұзсызданған, қоңыр, қарашірік қабаты жақсы нақты айтсақ 4-5% болып келеді.

Ойқылдарға бағытталған беткейлерде және кішілеу ойқылдарға ашық қоңыр топырақ тән. ол қоюға қарағанда қасиеті шамалы. Олар сортаңдау, тұзды беткі қабаттан 2метр тереңдікте анықталған. Маңызды орынды күкірт қышқылды тұздар алады. Ал өте зиянды болып келетін хлор тұздары 2метр тереңдікте аз кездеседі.

Жіңішке микробаурайлардың ашық қоңыр топырақтарында түймешетен, бетеге жақсы өседі. Ашық қоңыр топырақтардың су режимі шайылу тереңдігі 120см болып келеді және шайылмайтын типке жатады. Жоғарғы метрлік қабатта тұз жоқтың қасы. Грунт суларында тұз концентрантын сортаңдағы секілді 5-6г/л аспайды.

Биік учаскілер микрокөтерілімдер сорлы сортаңдардан тұрады. Бұнда жусан, изен бұталары өседі. Өзінің аты айтып тұрғандай бұл топырақтар тек қана сортаңданып қоймай, сонымен бірге тұзданған яғни өсімдіктің өсуіне кері әсерін тигізетін тұздар көп.

Микрокөтерілімдер сорлы сортаңдардан тұрып, хлорид сульфаты тұздарымен тұздалған. Сорлы сортаңдардан кейінгі қабаттан соң көп мөлшерде тұз пайда болады. Оның ішінде күкірт қышқылды тұздар бірінші орын алады. Тындық сорлы сортаңдардың су режимі топырақ кескінінің жоғарғы бетінде шайылмайтын, ал төменгі қабатында дессуктивті болып келеді.

Сонымен ойқыларалық жазықтарға ойқылдардың қара топырақты ұсақ дақтарынан және оларды жіңішке жолақпен қоршаған ашық-қоңыр топырақтан және көтерілімдердің сорлы сортаңдарынан тұрады.

Бөкей өлкесінің экологиясы

Еліміздің батысы-Бөкей өлкесі-ұлы сазгерлер Құрманғазы, Даулеткерей, Түркеш, Дина, Сейтек, дауылпаз ақын Махамбет туған қасиетті даламызда 1946 жылы «Капустин Яр» полигоны құрылып, жұмыс жасады. Көп кешікпей сан түрлі сынақтар басталды. Ондаған реактивті ұшақтар бұлтқа кіріп жоқ болғанда, неше түрлі түске боялған радиоактивті бұлттарды көріп мәз болатынбыз, -деп еске алады сол кезеңнің баласы, қазіргі Қазақстан Республикасының суретшілер, журналистер одағының мүшесі Саламат Өтемісов ағамыз.

Ауданымызға жақын Капустин-Яр, Ахтуба қалаларында орналасқан сынақ полигонын сынау орталығы бар болса, Атырау облысында Тайсойған, Азғыр ауылында оңтүстік сейсмикалық сынақ полигоны бар. Ауданымыздың жері, оның экологиялық жағдайы, шөбінің малға азықтық жұғымдылығы, халқымыздың денсаулығы жыл санап төмендеп бара жатқаны, полигонның зардабы мен зілзаласы бар екендігі баршаға аян.

Бөрлі ауылы-Нарын құмының етегінде орналасқан ауыл. Бөкей ордасы аймағында полигон болғандықтан да ауылымыздың ауасы денсаулыққа зиянын тигізіп отырғаны белгілі. 1970-1980 жылдары Темір Масин атындағы совхозда жылқы малдары мұрындары қанап, емдеуге келмей, 300-400 бас жылқылар өлген болатын. Құм ішіндегі өскен зиянданған шөпті жегендіктен өлген еді. Құмда көптеген ракета, самолеттер құлайды. Олар құлаған жерін терең шұңқырларға жаңбыр жауғанда қақ суы жиналады. Оны далада жайылып жүрген малдар шөлдеп келіп ішеді. Уланған суды ішіп, уланған шөпті жеген соң малдар өлуге душар болады.

Полигонның зияндылығынан көптеген адамдар мүгедек болуға душар болып отыр.

Нарын-Азғыр полигондарының зияндылығы Семей полигонының зиянды әсерінен бірнеше есе асып түседі.

Аудан халқы полигон зардаптарынан қасірет шегіп, түрлі ауруларға тап болуда. Адамдарымыз мөлшерден тыс улануға мәжбүр болып, қоршаған ортаның ластанған ауасын жұтып, күн кешіп келеді.

Республика басшылары болашақ ұрпағымыздың, ұрпақ берер аналардың жағдайын ескере келіп зейнеткерлік жасты кеміткендерін жөн деп білеміз.

Бізді қоршаған табиғатты аялап, тұла бойын зақымдамай болашақ өмір суретін ұрпаққа дені сау, көк майса күйінде аманат етіп тапсырған абзал.

Орда ауылдық кеңесіне қарасты ауылдар мен мекендердің полигон зардабын көріп отырғаны белгілі нәрсе. Нарын құмына жақын орналасқан үлкен «Қақ» соры сынақ алаңы болғандықтан сол сор маңына, құмға, не қырға мишень есебінде сынауға ұшқышы жоқ самолеттер көптеп құлап келді.

Тек соңғы жылдары олардың құлау саны азайғандай болды. Осындай құлаған ракета, самолет қалдықтарын, онң моторын, басқа да тетіктерін шұқылап көру арқылы да немесе олардың алюмин, титан темірлерін металлом ретінде өткізуге пайдалану арқылы да көптеген адамдар зиянды ауруларға тап болды.

Нарын-Азғыр полигондарының зияндылығы Семей полигонының зиянды әсерінен бірнеше есе асып түседі.

Аудан халқы полигон зардаптарынан қасірет шегіп түрлі ауруларға тап болуда. Адамдарымыз мөлшерден тыс улануға мәжбүр болып, қоршаған ортаның ластанған ауасын жұтып күн кешіп келеді.

Республика басшылары болашақ ұрпағымыздың, ұрпақ берер аналардың жағдайын ескере келіп зейнеткерлік жасты кеміткендерін жөн деп білеміз.

Бізді қоршаған табиғатты аялап, тұла бойын зақымдамай болашақ өмір сүретін ұрпаққа дені сау, көк майса күйінде аманат етіп тапсырған абзал.

Бисен ауылдық кеңесіне қарасты ауылдарға және елді мекендерге тұрғындар полигон зардабын бастан кешіп келе жатыр.

Бөкей өлкесінің топономикасы.

Бөекй ордасы ауданы жерінде қазақ-қалмаққа ортақ көне топоним сөздер бар. Атап айтар болсақ қазақша «Қақ» соры, орысша картаға түсірілгенде соленые грязи «Хаки» деп қате жазылған.

Қазақ-қалмаққа ортақ көне жер атауына келсек Сайқын-Сайқын, Далбын-Далбын, Шұңғай-Шоңай, -деп қалмақ атауын қазақша айтуға икемдеп айту күйінде жер атауы сақталып келеді. Бұл атаулардың нақты қазақша мағынасында тиісті атауларын беріп, республикалық ономастикалық комиссия арқылы қате жазылып келе жатқан атауларына түзету енгізу қажет.

Флорасы.

Аудан жерінде өсімдік түрлерінен боз, бетеге, жусан түрлері, бидайық, қырықбуын, ебелек, қаңбақ, мия, қияқ, құмаршық, жүзгін, жыңғыл, тобылғы, жиде, қарағай, үйеңке, трек, қайың, т. б. өсімдік түрлері өседі.

Зерттеліп отырған Сайқын стационарының қалыпты антропгендік күш түскен ауданында таралған негізгі қауымдастықтар: әршөптесін-елеулі-бетегелі, ақ жусанды бетегелі, қоңырбасты-қара жусанды-изенді. Аталып отырған территорияда осы өсімдік қауымдастықтарының басым болуына негізінен әсер ететін факторларға, ең алдымен антропогендік күш түсіру деңгейі; климаты, жауын-шашын мөлшері, температурасы және т. б. жатады.

Анторпогендік әсері оптимальді территорияда үш ай : шілде, тамыз, қыркүйек айларында жұмыс жүргізілді. Осы үш ай ішінде негізгі басым қауымдастықтарға сипаттама беруге болады.

Әр шөптесін-селеулі-бетегелі қауымдастық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлдің атауы және орналасқан орны
Батыс Қазақстан облысының топырақ картасы
Батыс Қазақстан облысының минералды-шикізат қоры және оларды шаруашылықта игеру
Бөкей ордасының қазақтары
Шығыс Қазақстан облыс халқының табиғи қозғалыстарына әлеуметтік-экономикалық географиялық сипаттама
Жәңгір ханның игілікті істері
Сейтқали Меңдешевтің өмірі мен қайраткерлік тұлғасы
Жәңгір ханның саяси ұстанымы
Батыс Қазақстанның тарихи - мәдени ескерткіштері
Мұхамбет Салық Бабажанов еңбектеріндегі қазақ этнографиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz