Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні жайлы мәлімет


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

CЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СРО

Тақырыбы: « Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні. »

Орындаған: Жакижанова З. Р.

ПД-305 тобы

Тексерген: Секей Ж. С.

Семей - 2015

Жоспар

I. Кіріспе бөлім

II. Негізі бөлім

  1. Көркем бейне туралы түсінік
  2. Көркем бейненің түрлері
  3. Көркем бейне және оның жасалу жолдары.
  4. Көркем бейненің эстетикалық мәні

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Көркем бейне - әдебиетте, өнерде (сурет, музыка, театр, кино, т. б. ) өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгісі. К. б-де көпке ортақ сипаттар мен жекелік сипаттарды ұштастырып, даралап көрсету ұласып жатады. Осы тұтастық бірігіп көрінгенде көркем образ, көркем бейне туады. Әдебиетте адамның Көркем бейнесін суреттегенде жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен сомдап, сонымен қатар, кейіпкердің жеке басына тән тұлғалық ерекшеліктерін де даралап көрсетеді. Көркем бейненің типтік сипаты қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралығы мен өзіне тән ерекшеліктерін айшықтау адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылы қалпында көріп-білу үшін де сондай қажет. Адамның типтік бейнесін, типтік характерін суреттеу қоғамдық өмірдің қыр-сырын жан-жақты, терең аша білгенде ғана ұтымды болады. Көркем әдебиетте берік орын алған көркем бейнелер көп.

Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі :романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ. лирикалық образ, драмалық образ. Ал, жалпы жасалу тәсілдеріне келетін болсақ, образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық, қаһармандық, т. б. бейнелер деп бірнеше тұрғыдан жіктеуге болады. Осылардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу әдебиетшіге ауадай қажет. Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі түрлі:(романтизм, реализм) .

Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, әсіресе мифте, немесе қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Бұл образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді. Романтикалық образ - қай жанрдың туындыларында болас да молынан кездесетін, образдың дәстүрлі, қалыптасқан түрі.

Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Реалис - сөзінің латын тіліндегі мағынасы заттық деген ұғымды білдіреді. Сонымен қатар, «шындық, шыншыл, шынайы, ақиқат» деген сияқты ұғымдарды да білдіреді. Демек, өнер түрлеріне қатысты қалыптасқан реалистік образ ұғымы өмірлік шындыққа негізделген, эстетикалық-тәрбиелік мәні зор, қоғамдық сипаты айқын, өз бойына жалпылық және жалқылық белгілерді қатар дарытқан, сонымен бірге қоғамдық, көркемдік дамуға байланысты ұдайы өзгеру, жетілу үстінде көрінетін шыншыл бейне деген түсінікті білдіреді. Реалистік образ - нанымды образ:оның мінез-құлқа, іс-әрекеті, оны қоршаған орта, оның басынан өтетін оқиға, бәрі өлшеулі. Өйткені суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды. Реалистік образ - типтік образ. Өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамның ғана көтерілген жоқ, бірнеше адамнан жинақталып шыққан. Әдеби тек тұрғысынан образдар эпикалық, лирикалық, драмалық болып 3 топқа бөлінеді. Аталған образ түрлерінің қай-қайсы да адам болмысын жан-жақты танып, ашып көрсетуді мақсат етеді. Сол себепті, образ бойында бүкіл адам баласына ортақ тылсым құбылыстардан бастап, өмірдің кейбір сәттері мен жеке адамға ғана тән сезімдік шарпысуларға дейін қамтыла береді. Әдеби тектердің әрқайсына тән ерекшеліктерге сәйкес, образ тұлғалауда қаламгерде сол тектерге тән тәсілдерді пайдаланады.

Эпикалық образ - жазушының авторлық баяндаулары мен әдеби қаһарманның өзінің сөздері, яғни кейіпкер сөзі арқылы жасалатын орбаз. Портрет пен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілдер, әсіресе эпикалық образ үшін керек. Оқырман эпикалық образдың тек түсін танып қана қоймайды, оның ішінде біледі. Бұл ретте эпикалық жанр оның мінез-құлқын асықпай ашып танытуға, ойын, сезімін, сөз мәнері мен сөйлеу машығына дейін оқырманға жайып салады.

Лирикалық образ - сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі, сыры мен сезімі. Мұнда, эпикалық образдағыдай ұзақ, кең, мол суреттеліп, жан-жақты ашылған адамның сыртқы кеипі де, тағдыры да, қимыл-қаракеті де көріне бермеуі мүмкін. Лириканың міндеті өмір құбылыстарының әсерінен туған адамның ойлары мен сезімдерін бейнелеу болып табылады.

Драмалық образ - кейіпкердің өз сөздері мен с-әрекеттері арқылы бейнеленетін образ. Драмалық образдың басты бір ерекшелігі оның сахнада сомдалуына қатысты. Драмалық образдың жасалу тәсілдер де өзінше бөлек эпикалық образ кең құлашты баяндаулар мен суреттеулер арқылы, лирикалық образ түрлі көңіл күйлері мен шабытты толғаныстар арқылы жасалса, драмалық образ шиеленісінен тартыстар мен қақтығыс қимыл-әрекеттер арқылы жасалады. Образдың жасалу тәсіліне байланысты түрлерін таратып, бас-басына сипаттама бермес бұрын, жалпы әдемлік туралы ілімінде бірнеше (комедия және трагедия, фантастика дегендер тәрізді) эстетикалық категориялар болатынын білу шарт. Комедия ақиқат шындықтағы не адам мінезі мен бітіміндегі күлкілі жайлардан туса, трагедия бұған қарама-қарсы қайғылы құбылыстардан туатыны фантастика асыңқы, асқақ әрекеттерден туатыны мәлім. Міне, осы тәсілдердің әр қайсысына лайық, трагедиялық, фантастикалық образдар болатыны сияқты, комедиялық тәсіл арқылы көркем образдар юморлық және сатиралық түрлері жасалады.

Юморлық образ - күлкілі кейіпкер: юмор - өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ. Ал күлкілі әешейін жеңіл желпі нәрсе деуге болмайды. Күлкіде зор қоғамдық сипат, әлеуметтік сыр жатады. Әрине, эстетикалық комедиялық категориясындағы юмордың, сатираның, иронияның, сарказмның, гротескінің әрқайсысындағы күлкінің сипаты әр бөлек, юморда күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады. Юмордағы күлкі-әзіл, ал әзіл келемежге айналса - ирония келемеж ащы мысқылға айналып, сын үдей түссе, - саркозм болғаныы. Юмор бар жерде ылға сын бар деуге де болмайды.

Сатиралық образ - сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті көлтің көз алдында - көрінісіне шығарады, халықты одан түңілтеді. Құлық пен сұмдықты, екіжүздікпен мансапқорлықты, ұятсыздықты, өмірдегі зиянды жайттарды аяусыз әшкерелеп, адамдарды онымен ымырсыз күреске үндейді. Мәз болады болысың, Күнде жақсы бола ма, Арқаға ұлыс қаққанға. Бір қылығы жаққанға? Шел тірейтіп орысың, Оқалы тон тола ма, Шенді шекпен жатқанға. Ар-ұятын сатқанға. (АБАЙ) Сатираның юмордан өзгешелігі - мұнда қаламгердің өзі сынап отырған адамына жаны ашымайды; оның мінін түзеу, өзен өнегелі өмірге қайта қосу мүддесі болмайды, керісінше, автор мұндай жексұрындық өмірде болмады керек деген қатал үкімін шығарады; юморда түзеу мақсаты жатса, сатирада жою, жоқ қылу мақсаты жатады. Сатираның юмормен бірлігі - мұнда да юмордағы секілді күлкі болады, бірақ мұндағы күлкі жай әзіл, әжуа емес, мазақ, мысқыл, кекесін - күлкі. Сатиралық образ жасаудың тәсілдері әр түрлі өнер ирония, сарказм. Ирония - кемшілікті, астармен перделеп санау, мысқылдау, кекету. Сарказм - сыналған объект тәлкек етіліп қана қоймайды, оның дәрмексіз бейшаралығын да қоса әшкерелейді. Көркем образ жасауға, адам мінезін ашуға лирикалық нәзіктік қандай керек болса, сатиралық өткірлік те, сондай қажет. Фантастикалық образ - қиялдан туған қаһарман әдебиетіндегі адам образының ерте замандардан күні бүгіге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі. Қай халықтың сөз өнері болсын, оның ең байырғы түрлерінің бірі - ертегі десек, сол ертегі түгелге жуық қиялға негізделген ертегілердің адам бейнелерінің көбінде қиял-ғажайып сипат болатыны мәлім. Бұл да фантастикалық образдың көнелігін байқатса керек.

Трагедиялық образ - әдебиетте тым ертеден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңа, адам мен қоғам, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырсыз күрестен, бітіспес тартыстан, қайшылықтан, соның өзінде де мейлінше асқыққа, адам жеңіп болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терең және шебер жинақтаудан туады. Трагедиялық құбылыста өмірде де, өнерде юморлық не сатиралық құбылыстарға қарама-қарсы: юмор мен сатирада күлкілі жайлы әжуа, мысқыл, кекесін түрінде көрінсе, трагедияда қатерлі нәрселер қайғы, қорқыныш, қаза түрінде көрінеді. Трагедиялық қаһарманның өмірі көбіне өліммен аяқталып отырады. Өйткені оның айқасқан жауы өзінен күшті, әлеуметтік қиянат адам еркінен тыс үлкен. Көне әдебиеттерде әсіресе грек әдебиеттерде, трагедиялық шығармаға негіз, трагедиялық шығармаға негіз, трагедиялық образға психологиялық дәлел болатын, көбіне, жазымыш еді. Дүние жүзілік әдебиетте трагедиялық өнер мен трагедиялық образдың қалыптасуындағы жаңа кезең-ренессанс драматургиясының шыңы боп табылатын Шекспир творчествосы. Бұл тұста, трагедия туралы ұғымның өзі жаңарып еді. Бұрын, айталық, адам өміріндегі апат «жазмыштың бұйрығы» болса, недігі қасірет адамдардың өздеріне өздері жасаған қиянат пен қастықтан, өшпенділік пен өктемдіктен туындап жатты. Трагедиялық образ XIXғ әдебиет одан әрі өрби түсті. Бальзактың «Адам ажуасындағы» адамның рухани құлдырауы, Пушкин мен Гоголь, Досоевский шығармаларындағы «кішкене кісілердің» аянашты халдері мен ауыр тағдырлары сөз өнеріндегі трагедиялық жинақтаудың әрі тереңі, әрі шыңы болатын. Қазақ әдебиетінде трагедиялық образдың небір керемет үлгілері бар. Әсіресе әйел образды айрықша көрінеді. Қыз Жібек пен Баянсұлу, Қамар мен Шұға, Еңлік пен Сұлушаш, т. б. осылардың қай-қайсысын алмаңыз, қасіретті, қиын тағдырлары оқырманды енжар қалдырмайды, оның ой-сезімін тұтқындап, жан дүниесін тебірентіп, оны әрқайсысы өз тағдырына ортақ етеді. Трагедиялық браздың өзгеше эстетикалық мәні осында жатса керек.

Геройлық (қаһармандық) образ - адамға тән небір тамаша сипаттардың жинақталуынан тұратын сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, ассыл мұраттарынан туған тарихи тегі. Әдлебиеттегі қаһармандық дегеннің өзі-қоғамдық, адамдық биік мақсат жолындағы өрлік пен ерлікті, қайсарлықпен қаһармандықты жырлау. Адам рухының ұлылығын қастерлейтін әдебиеттегі геройлық сөз өнерінің ең сұлу қасиеттерімен біртұтас. Бұл ретте қаһармандық образ - суреткердің ең биік идеалының және аыыл мұратының көркем жинақталуы. Қаһармандықтың қайнар көзі көп және әр алуан. Әлеуметтік теңсіздікке қарсы күрес, туған елді жаудан қорғау, халықтың азаттығы жолындағы ассқақ әрекеттер, адамгершілік ардың тазалығы үшін тартсы, әділдік пен шындық, достық пен махаббат жолындағы харакеттер. Қаһармандық образ - еңбек пен күрес адамының көрінісі. Әдебиеттегі ең көрнекті типі биік үлгісі сөз өнеріндегі қаһарандқ дегеннің орасан зор тәрбиелік мәні де осында жатыр. Дүниедегі қандай бір заттар мен құбылыстар болса да мазмұн мен форманың тұтастығынан тұратындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген жай. Көптеген ғалымдар көркем шығарманың мазмұны мен формасын бір-бірінен бөлмей, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтын, бірімен - бірі тығыз байланысты, бір нәрсенің екі қасиеті деп біледі.

Кең ауқымда алып қарасақ, көркем образ - өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категория. Сонымен бірге көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды да, көбінесе кейіпкер мен қаһарманды «образ» дейміз. Көркем шығармадағы негізгі айшық - адам образы. Кейіпкер мінезінсіз шығарманың арман-мұратын танып, түсіну мүмкін емес. Әдебиеттің объектісі - өмір, ал предметі - адам. Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Көркем бейне жасауға қажетті өмірлік материалды жинақтап, әдеби тұлғаны даралауға дейінгі күрделі жолдан өткенде әдеби бейне туады. Жинақтау дегеніміз - әдеби тип жасау әрекеті. Диалог - әдеби шығармадағы екі кейіпкердің не бірнеше адамның сөйлесуі, оларды сөйлестіру тәсілі. Драмалық шығармалар түгелдей диалогқа, монологқа құрылады. Диалог арқылы кейіпкердің ішкі сыры аңғарылады. Яғни, әр кейіпкердің сөз саптауынан, оның ой толғанысынан, сөйлеу мәнерінен жан дүниесі елес береді. Көркем пейзаж жасау суреткер дүниетанымының кеңдігіне, рухани және материалдық мәдениетті жетік білуіне, бір-біріне жақындамайтын, тегі басқа, тірлігі оқшау құбылыстарды орайластырып, жымдастыруға, бір-бірінен алшақ ұғымдарды шебер қиюластыруға саяды. Пейзаж ұлттық тілдің нәзік, мөлдір, терең сырларын, сөздің музыкалық, поэзиялық, көркемдік қасиеттерін жарқырата ашуға ұйытқы болса, екінші жағынан, шығарманың ішкі мазмұнын, эстетикалық сапасын байытады.

Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршылардың (б. ғ. б ҮІғ. ) дүниедегі зат атаулының мәнін саннан іздеген аңқау аңғарымдарынан басталады. Гераклит Эфеский (б. ғ. б. 530-470ж. ж. ) . Гераклит те әдемілік дегенде негіз болатынын мойындайды, бірақ ол сан емес, сапа деп біледі. Демокрит (б. э. д. 460-370ж. ж. ) әр нәрсенің әдемілігі оның мөлшерінде деп біледі. Демокрит тұңғыш рет адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа айрықша назар аударған. Адамдар өнер, білімді табиғатқа еліктеумен тапқан деп көрсетеді. Әйгілі Сократ (б. э. д. 469-399ж. ж) ойларының өзгешелігі, оның идеалистік сипатында. Сократ әр нәрсенің ажары оның іске жарамдылығында, ал ажарсыздығы жарамсыздығында деп түсінген. Сократтың шәкірті Платон (б. э. б. 427-347ж. ж. ) . Платон теориясының философиялық негізі оның бұлжымас «идеялар» жайлы идеалистік және мистикалық ілімімен тығыз байланысты. Аристотельдің «Поэтикасы» - күллі көркемөнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Аристотель еңбегінің ең құнды жері - тарихта тұңғыш рет дұрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап, ашуында. Әл - Фараби (870-950) еңбектері әдебиет пен өнерге байланысты ойлардың әлемдік қазынасына айтулы үлес болып қосылған. «Музыканың ұлы кітабы» атты көлемді, күрделі зерттеуін, «Музыка ғылымына кіріспе», «Музыка жайлы талдау» т. б. еңбектерін атауға болады. Ресейде данышпан сыншы, даңқты философ В. Г. Белинский (1811-1848) крепостниктік правоның айыптаушысы. «Әдебиеттік армандардан» басталып, «А. С. Пушкин шығармалары», «Гогольге хат» еңбектерінде байыпталған эстетикалық көзқарастарының орыс әдебиеті тарихынан алатын орны ерекше. Н. Г. Чернышевский (1828-1889) орыс революционер-демократтарының көсемі болды. Әдебиет пен өнердің қоғамдық қызметі туралы Белинский ілімін жалғастырып, өзінің тамаша эстетикалық принципін ұсынды. «Өнердің болмысқа эстетикалық қарым-қатынасы» атты диссертациясы көркем әдебиеттің өмірдегі орны, мақсат, міндеттерін белгілеп берді. Ы. Алтынсарин қазақ әдеби тілінің тазалығы, әдеби шығармалардың халықтығы, тәрбиелік мәнінің биіктігі үшін күресті. Ұлы классик А. Құнанбаев өзінің эстетикалық көзқарасын жүйелейтін трактат жазып қалдырмаса да, тамаша творчестволық принциптері, сөз өнері туралы ұғым-түсініктері мен ой-пікірлері күллі көркем шығармаларында желі тартып жатыр. Ол ақынның әлеуметтік, қайраткерлік міндетін белгіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем бейненің танымдық және эстетикалық мәні
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Элджернонға арналған гүл романындағы кейіпкер бейнесінің ерекшелігі
Көркем прозадағы деректілік және психологизм
Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері
Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні жайлы
Көркем туындыдағы адам тұлғасы
Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Мектеп жасына дейінгі балаларды сюжеттік мүсіндеуге үйрету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz