Ірі қара мал гигиенасы жайлы мәлімет



І. Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
1. Етті бағыттағы малды күтіп.бағу технологиясы
2. Малдар байланатын тұрақтарға негізгі гигиеналық талаптар
3. Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Малдың етті өнімділігін арттырудың ең негізгі факторы – саладағы өндірістік үрдістерді оптимизациялау болып табылады. Жас төлді толыққанды және қарқынды азықтандыру кезінде ғана жоғары потенциалды, етті тұқымды малды жеткілікті көлемде өткізуге болады. Шаруашылықтарға қолайлы мерзімде ірі азықтарды дайындау арқылы олардың сапасын жоғарылатып, сүрлем және пішендеме өндірістерін қайта жаңартып, жеткілікті көлемде құнарлы жеммен қамтамасыз етілуі қажет.
Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.
Сыртқы немесе қоршаған орта — бұл жануарды қоршаған ауа, су, топырақ, азықтар мен ғимараттар. Қоршаған орта ағза үшін пластикалық (құрылыс), энергетикалық және ақпараттық материалын алу көзі болып табылады. Қоршаған орта мен ағзаның бірлігі олардың арасында үздіксіз өтетін зат және энергия алмасу үрдісімен нақтыланады.
Сыртқы орта факторлары ағзаға тікелей және жанама: тыныс алуға, қоректенуге, жылу реттелуіне әсерін тигізеді. Сондықтан сыртқы орта факторлары тірі ағза үшін патогенді болып табылуы мүмкін. Мысалға, ауаның төменгі температурасында және суық су ішкенде суық тиюі мүмкін; ауру туғызатын ағзалармен зарараланған ауа, су және азық жануарларда жұқпалы және инвазиялық ауруларды туғызуға жағдай жасайды; ауа, су және азықтың химиялық құрамының сәйкессіздігі зат алмасу бұзылуына, улануға душар етуі мүмкін.
1.М.С. Садуақасов Ауыл шаруашылық малдары мен құстардың гигиенасы
(ІІ)http://referat-kz.kz/referattar/
3 www.foliant.kz/kk/wp-content/
4. А. Ә. Төреханов, Қ. Ж. Аманжолов, Б. Ө. Өмірзақов, Е. С. Ержігітов. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында өсірілетін ірі қара малының ет өнімділігі мен экономикалық тиімділігі. Ғылыми- теориялықжәнепрактикалық журнал. Жаршы. 2008
5. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ КАФЕДРАСЫ

БӨЖ
Тақырыбы: Ірі қара малының гигиенасы

Орындаған:Абдрахимов.Б

Тексерген : Садуақасов М.С

Топ ВС-303

Семей 2015жыл
Жоспар

І. Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
1. Етті бағыттағы малды күтіп - бағу технологиясы
2. Малдар байланатын тұрақтарға негізгі гигиеналық талаптар
3. Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

І Кіріспе.
Малдың етті өнімділігін арттырудың ең негізгі факторы - саладағы өндірістік үрдістерді оптимизациялау болып табылады. Жас төлді толыққанды және қарқынды азықтандыру кезінде ғана жоғары потенциалды, етті тұқымды малды жеткілікті көлемде өткізуге болады. Шаруашылықтарға қолайлы мерзімде ірі азықтарды дайындау арқылы олардың сапасын жоғарылатып, сүрлем және пішендеме өндірістерін қайта жаңартып, жеткілікті көлемде құнарлы жеммен қамтамасыз етілуі қажет.
Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы -- бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.
Сыртқы немесе қоршаған орта -- бұл жануарды қоршаған ауа, су, топырақ, азықтар мен ғимараттар. Қоршаған орта ағза үшін пластикалық (құрылыс), энергетикалық және ақпараттық материалын алу көзі болып табылады. Қоршаған орта мен ағзаның бірлігі олардың арасында үздіксіз өтетін зат және энергия алмасу үрдісімен нақтыланады.
Сыртқы орта факторлары ағзаға тікелей және жанама: тыныс алуға, қоректенуге, жылу реттелуіне әсерін тигізеді. Сондықтан сыртқы орта факторлары тірі ағза үшін патогенді болып табылуы мүмкін. Мысалға, ауаның төменгі температурасында және суық су ішкенде суық тиюі мүмкін; ауру туғызатын ағзалармен зарараланған ауа, су және азық жануарларда жұқпалы және инвазиялық ауруларды туғызуға жағдай жасайды; ауа, су және азықтың химиялық құрамының сәйкессіздігі зат алмасу бұзылуына, улануға душар етуі мүмкін.

ІІ Негізгі бөлім
1. Етті бағыттағы малды күтіп - бағу технологиясы
Етті мал шаруашылығында алуан түрлі технологиялар қолданыла-ды, яғни олар шаруашылық түрлері мен табиғи - климаттық зоналарына да байданысты. Ірі қара малды күтудің келесі жүйелері:
1. Жыл бойына созылған жайылым -- коңыржай климатты ай-мақтарда малдар жыл бойы жайылымда жүреді, оларға қысқы кезең үшін жоғары сабақты дақылдар өсетін арнайы егістіктерді дайындайды. Малдарды жайылымға жақын орналасқан мал ұстайтын аулада бағады. Малдардың өздерімен қымбат техниканың көмегінсіз және азықтандыру бойынша жұмыстар қолданылмай алынған жемдер, дайындалған жемдермен салыстырғанда 2-2,5 есеге арзанға түседі;
2. Қорада бағу-жайылым -- қатаң шарттар және ұзаққа созылған
қысқы мерзімдер үшін арнайы типтік жобамен жасалған қоралары болуы керек. Ол жерде бұзаулайтын бөлімдер мен сиырларды бұзауларымен жеке ұстайтын жерлер қарастырылған.
Қорада бағу кезеңдері -- 210-230 күн, жайылым - 135-155 күн.
Технологиялық топта -- 60 сиыр, оларды жазда бірге қосады.
Сондай - ақ, қысқы - көктемдік бұзаулау және еңбекті цех бой-ынша ұйымдастыру, бұзаулау цехы және оны қалыптастыру,
өндірістік -- технологиялық топ, асыл тұқымды жас төлді өсіру
және бордақылауға арнайы малдарды 450 кг-ға жеткізіп, 16 айға дейінгі бордақылау;
3. Жайылым-қорада ұстау (дәстүрлік) -- қырлы, таулы, шөлейт-ті жерлер және орманды көңыржай климатты зоналар үшін арналған. Осы жүйеде жайылымдық ұстау мен жеңіл типті қо-раларда қысқы -- көктемгі бұзаулау, сонымен қатар, көктемде жел қорғағыш құрылғысы бар үш есе қапталған шатырлы қашаларда ұстау басымырақ. Өндірістік бірлік, яғни тұрақты та-бында 120-150 аналық бас. Табындар жайылымға жақын жер-де бытырап орналасады және олардың қасында малдарды күтуге арналған құрылғысы бар өндірістік қора мен бақташы-лар тұратын баспана орналасады. Күзде бұзауларды енесінен айыру кезіндегі салмағы 200 кг астам;
4. Жыл бойына созылған қорада бағу -- шектеулі жайылымы бар аймақтар мен шаруашылықтар. Азықтандыру ауласы бар және жеңілдетілген механикалау типті қорада ұстау көбінесе қолданылады.Ұзын өскен жүн мен түбіт ағзадағы энергияны сақтайдыТехнологияны таңдау табиғи-климаттық зонамен анықталады.Барлық аталған технологиялар өндірістік үдерістің аяқталуы бойын-ша толық циклді өндірістік технологияға бөлуге болады. Толығырақ айтсақ, табын құрылымында барлық жыныстық топтардың және та-бында сиырлардың құрылымы 32 -- 38% болуы; жеке циклді өндірістік
технологияларда дербес шаруашылық ішіндегі және шаруашылық
арасындағы жыныстық топтардың құрылуы, табын құрылымында сиы-рлар көлемі 65-70% ұлғаяды.

2. Малдар байланатын тұрақтарға мынандай негізгі гигиеналық талаптар қойылады:
1) Тұрақ орны тегіс, тайғақ емес, ойық шұнқыры жоқ, сәл артқы жаққа қарай су ағар еңістігі бар (1 градустан аспау керек) болу қажет.

2) Тұрақ орнының астына сұйық өтпейтін, яғни мал нәжістері өтіп, сіңіп, одан зиянды газдардың (аммиак, күкіртті сутегі) бөлінуіне жол берілмеуі керек.

3) Тұрақ орындары мал организміне жайлы, жылу өткізгіштігі төмен, су сіңіргіш емес, құрғақ материалдардан жасалуы керек.

4) Тұрақ орындары сыртқы факторлардың және химиялық ерітінділердің (дезинфекциялық) әсерлеріне төзімді болу керек.
Мұндай талаптарға көбінесе ағаш материалдардан жасалған, жасанды керамзит қиыршықтарынан, беті кордо-резинді материалдар мен қапталған тұрақ орындар сәйкес келеді.
Қорада малдардың тұрақтарының алдыңғы жағына азық науалыры орналастырылады. Оларды әртүрлі материалдардан (ағаш, кірпіш, бетон) жасап ені-үстінен есептегенде 60 см, түбінен - 40 см, алдыңғы қабырғасының биіктігі - 30 см, ал сырт қабырғасы - 70 см жасалады да, ішкі бетіне байлаубекітетін орын, және әрбір екі тұраққа арналған бір су құбырын (автопоилка) орналастырады.

Байлауыштар әртүрлі материалдардан жасалып, мынандай гигиеналық талаптарға сәйкес келу керек:
1) Байлауыштар малдардың алға және артқа қозғалыстарына қолайлы болып, жанға қарай қозғалысын шектеп, бірақ жатып тұруына бөгет жасамауы қажет.

2) Байлауыш малдың мойнына жайлы, қажап жарақат түсірмейтін болуы керек.

3) Байлауыш үзіліп, шешіліп кетіп, байлаулы малдарды сүзіп жарақаттауға жол бермеуі керек.
Мұндай талаптарға көбінесе ремендерден, есілген жіптерден және шынжыр металдардан жасалған байлауыштар сай келеді. Байлау тәсілдеріне қарап байлауыштар жекелеме түрде немесе автоматты жолмен жасалатын болады. Автоматты байлауыштар хамутты немесе шынжырлы болады да, малдарды орнына тұрғызып, жем салынған науаларға басын созған кезде, арналған тетікті басып байлауыштың жекелеме басы қос тармақты бөлігінің ортасынан өту арқылы сиырдың мойнын бекіттеді.
Малдарды екі қатарлы тұрақтарда орналастырғанда, олардың бастарын қора орталығына келтіріп, яғни екі азық наулырының аралығынан бір азық тарататын жол қалдырады да, олардың артқы жақтарынан көң тазалайтын жолдар қаралады. Азық тарататын құрылымдардың түріне және көң тазалайтын тәсілдерге байланысты ондай жолдардың ені 1,2 метрден 2,4 м дейін қалдырылады. Бұл жолдардан басқа қораның екі басынан және әрбір 25-30 сиыр тұрақтарынан кейін бір ені 2,5-3,0 метрден көлденең жолдар жасалады.
Ірі қара малдарын тұрғызып байлап ұстауға арналған қоралар жылу өткізгіштігі төмен құрылыс материалдарынан жасалып, ауа райы суық жақтарда қабырғаларының қалыңдығы 50 см, төбесі 0,24 метрден жұқа болмауы қажет. Малдардың ауа алмасуын қамтамасыз ету үшін қораның биіктігі еден үстінен төбенің ең төменгі жеріне дейін 2,4-2,7 м кем болмауын қадағалау қажет. Әр бір 100 басқа арналған қораға 2-ден, ал 150-200 басқа арналған қораларға 4-тен кем емес екі жаппалы қақпалар қаралады. Малдарды байлап тұрғызып ұстауға арналған қоралардың жалпы ішкі өлшем ауданы әр басқа шаққанда, малдардың ірілігіне, өнімділігіне (салмағы) қарап 5-7 м² аралығында болғаны дұрыс.

Мұндай малдарды тұрғызып байлап ұстау тәсілінің өзіне тән артықшылығы болады:

1) малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне (жасы, өнімі, денсаулығы т.б.) байланысты жекелеме күтім, азықтандыру жасауға мүмкіншілік тудырады;

2) Малдардың денесі таза, яғни әсересе сауын сиырлардын өнімі жоғарғы сапалы болуына жағдай жасалады;
3) Малдардың бірін бірі сүзіп, жарақаттанудан, кейде буаз малдардың іш тастауынан сақтандырады;

4) Қора ішінің микроклиматын бақылап, қалыпқа келтіріп тұруға мүмкіншілік туғызады.

Малды тұрғызып байлап ұстаудың мұнымен қоса кемшіліктері де болады:

1) Малдарды бос еркін ұстаумен салыстырғанда тұрғызып байлап ұстау тәсілінде әр малға шаққандағы қора сиымдылығы төмендейді.

2) Малдарды тұрғызып байлап ұстау кезінде олардың қозғалуы шектеліп, малдардың төзімділігі азайып, денсаулығы нашарлайды.

3) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малының гигиенасы туралы мәлімет
Ірі қара малының гигиенасы туралы
Жануарларды жайылымда ұстау гигиенасы
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері
Ірі қара малдың гигиенасы
Ірі қара малының гигиенасы жайлы
Туберкулез туралы пікірлер
Зоогигиена. Ауа ортасының гигиенасы
Ірі қара малдарының гигиенасы
Жылқылардың, түйелердің, сиырлардың және ұсақ малдардың гигиенасы
Пәндер