Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы



1.Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері.
2.Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы.
3.Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар.
1. «Экология» гректің oikos – үй(тұрақ,тұрғылықты жер,баспана) және logos-ғылым деген сөздерінің қосындысынан құралған.Бұл сөздердің дәлме-дәл мағынасы экология- «өз үйіндегі» организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді,яғни «организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты» немесе олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді.Қазіргі кезде көптеген ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын,бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.
Қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуының ақ таңы атқан кезден басталды деуге болады.Алғашқы қауымдастық қоғамның өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі.Оларды адамдар жеке-жеке емес,бірлесіп,қауымдасып күрескенде ғана жеңе алатындығына,сөйтіп өздеріне азық етуіне болатындығына көздері жетті.Осылай қай аңды қай кезде,қандай жерде,қандай қару қолданғанда қолдарына түсіре алатындығын сезіне бастады.Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан,ағаштан т.б жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз.Сондай-ақ мұндай деректер Ежелгі Египет,Үнді,Тибет тағы басқа да мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім.Экологияның элементтері сонымен қатар көнеден келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі.Мәселен,үнділердің «Махабхарата» жырында табиғаттың дүлей күштері – су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіреді,50-ден астам жан-жануарлардың аттары аталып,олардың өмір сүру белгілері сипатталады,тіпті қайсыбірінің санының артуы және кемуі туралы мәліметтерде беріледі.Вавилонның қолжазбалық кітаптарында жерді өңдеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдері келтіріліп,кейбір мәдени өсімдіктерді қай мезгілде егудің жолдары көрсетіледі.Ал Қытайдың біздің дәуірімізге дейінгі IV-II ғғ. хроникаларында бірқатар өсімдіктердің сорттары туралы сөз қозғалып,олардың пісіп-жетілу мерзімдері де айтылады.
1.Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
2.Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері.

Орындаған: Садвакасов С.Е
Тексерген: Мурзалимова А.К
Тобы: ВМ-401

2015-2016 оқу жылы
Семей қаласы

Жоспар:
1.Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері.
2.Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы.
3.Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар.

1. Экология гректің oikos - үй(тұрақ,тұрғылықты жер,баспана) және logos-ғылым деген сөздерінің қосындысынан құралған.Бұл сөздердің дәлме-дәл мағынасы экология- өз үйіндегі организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді,яғни организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты немесе олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді.Қазіргі кезде көптеген ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын,бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.
Қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуының ақ таңы атқан кезден басталды деуге болады.Алғашқы қауымдастық қоғамның өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі.Оларды адамдар жеке-жеке емес,бірлесіп,қауымдасып күрескенде ғана жеңе алатындығына,сөйтіп өздеріне азық етуіне болатындығына көздері жетті.Осылай қай аңды қай кезде,қандай жерде,қандай қару қолданғанда қолдарына түсіре алатындығын сезіне бастады.Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан,ағаштан т.б жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз.Сондай-ақ мұндай деректер Ежелгі Египет,Үнді,Тибет тағы басқа да мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім.Экологияның элементтері сонымен қатар көнеден келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі.Мәселен,үнділердің Махабхарата жырында табиғаттың дүлей күштері - су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіреді,50-ден астам жан-жануарлардың аттары аталып,олардың өмір сүру белгілері сипатталады,тіпті қайсыбірінің санының артуы және кемуі туралы мәліметтерде беріледі.Вавилонның қолжазбалық кітаптарында жерді өңдеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдері келтіріліп,кейбір мәдени өсімдіктерді қай мезгілде егудің жолдары көрсетіледі.Ал Қытайдың біздің дәуірімізге дейінгі IV-II ғғ. хроникаларында бірқатар өсімдіктердің сорттары туралы сөз қозғалып,олардың пісіп-жетілу мерзімдері де айтылады.
Дәл осындай мәліметтер антик дүние ғалымдары Гераклиттің(б.з.д. 530-470 жж.).Гиппократтың(б.з.д. 460-370жж.).Аристотельдің(б.з.д. 384-322 жж.) еңбектерінде келтіріліп,экологиялық факторлар қозғалып,талданады.Мысалы,Аристотел ь өзінің Жануарлардың тарихы деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарлардың атын атап,түсін түстейді,мінез-құлқына талдау жасайды.Ғылымды дамудың алғашқы алғы шарттары - нақты материалдар жинау мен оны жүйелендірудің тұңғыш тәжірбиесі осылай жүзеге асады.
Теофраст Эрезийский болса,қазіргі Жерорта теңізінің жағалауларындағы кең ауқымды кеңістік бойынша өзі байқаған өсімдіктерге топырақтың және ауа райының тигізер әсерлерін баяндайды.Философтың бұл еңбегінде сонымен қатар,әртүрлі ағаштардың,бұталардың және жартылай бұталардың да қандай топырақта жақсы өсіп-өнетіндігі туралы бірінші рет деректер келтіріледі.
Орта ғасырлар дәуірінде табиғатты зерттеу жөніндегі жұмыстар жүргізу біршама тоқырап қалады.Өйткені,бұл кезде Құдайға құлшылық етуге едәуір баса назар аударылғандықтан,жаратушыға қарсы шығуға,ол туралы өздерінің ой-пікірін білдіруге көпшіліктің батылы жете бермейді.Жалпы қоршаған орта мен организмдердің құрылымдық байланысты бар екендігін ешкім ашып айта алмайды.
Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866).Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады.
20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал "экологияның алтын ғасыры" аталған 20 - 40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің "Биосфера" атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының - "жердің тірі затының" ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты.
А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын азғалар кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді. Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады.
20 ғасырдың 60 - 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген "экология" термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетанымжаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды.
2.Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы.
Экология ғылымының құрылымдары:
Аутэкология жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Жеке организмге табиғат факторлары қалай өсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялық қасиеттері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орнына, рөлі мен маңызына, айнала қоршаған ортаның өзгерісі, тазалығы, ластанудеңгейі, маусымдық өзгеруі мен адамның іс-әрекеті туралы практикалық маңызына жан-жақты сипаттама беріледі.
Демэкология - бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрыптіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық қүрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы, т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.
Эйдэкология - түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі түрғысында қарастырады. Өйткені, особь, популяция белгілі бір нақты түрдің өкілдері. Сондықтан эйдэкология, особь, популяция, түр, биоценоз-биогеоценоз (экожүйе) - биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар жүйесі бойынша зерттеулер жүргізеді.
Синэкология - бірлестіктер экологиясы (биоценология) ретінде әр түрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микро-организмдер) жиынтығын біртүтас организмдер деңгейінде зерттейді. Организмдер бірлестіктерінің калыптасуы, қүрылымы, динамикасы, қарым-қатынастар, энергия және зат алмасулар, сандық және сапалык озгерістер, биологиялық өнімділігі мен бірлестіктердің түрақтылығы і уралы жан-жақты мәселелер қаралады.
Геоэкология - экологиялық жүйелерді биосфералық деңгейде қарастырады. Қүрлық пен дүниежүзілік мүхиттардағы экожүйелер, ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, географиялық ландшафтар бойынша экожүйелердің қүрылымы, бірлестіктері, түрақтылыгы, кеңістік пен уақытқа қатысты өзгсруі, экожуйелер өнімділігі, агро және антропогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы зерттеулер жиынтығы.
Ғаламлық экология - табиғи және табиғи іс-әрекетінен туындайтын биосфсра шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзғерістер мен кұбылыстарды зерттейді. Мәселен, ядролық қауіп-қатер, экологиялық апаттар, әлемнің климаттық ауыткуы, шөлейттену, жаппай қырып жоятын қарулар, қатерлі эпидемиялар т.б. Осы бағыттағы ірі-ірі бүкіл әлемді (ғаламды) қамтитын проблемаларды қарастырады.
Адам экологиясы - ауыл, село, қала түрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық жәнс халықаралық карым-қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральдық жағынан парасаттандыру, адамдарды экологиялық қүқық қорғау жәис этнозкологиялық проблемаларды жап-жактьі зерттсу. Жер шары түргығдарының экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарын іздестірсді.
НООЭКОЛОГИЯ -- адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және экологиялык жағдайларды, қарым- қатынастарды бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты ақыл-ойымен шешуді қамтамасыз етеді. Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең жоғарғы дәрежедегі жаңа технологиясын жасау, планетадағы адамзат қауымын азық-түлік, энергия жәнс шикізатпсн камтамасыз ету, халықтар мен ұлттар арасындағы достықты, ауызбіршілікті қалыптастыру, этноэкология, экологиялық білім мен тәрбие, мәдениет, мораль, қүқық, т.б. Адам мен биосфера шегіндегі түрақты дамудың адами жоспарларын жасап, оны жүзеге асырудың жолдарын іздестіреді.

3.Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар.
ВВФ - ғаламшар тоғайларын қорғаудың халықаралық интернационалды жастар қоры; Даниядағы жастардың жасылдар қозғалысы - Некст стол .
Гринпис (Жасыл әлем) - Бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау ұйымы. 1970 жылы кұрылған. 17 мемлекетте топтары бар, 2,5 млн адам мүше.
Робин Вуд - германиялық жастардың қышқыл жаңбырларға қарсы күрес жүргізетін экологиялық қоғамы.
ФАО - Біріккен Ұлттар Ұйымының ауыл шаруашылық және азық-түлік проблемаларымен айналысатын органы. Өзінің тікелей міндетінен басқа жануарлар дүниесі мен ормандарды қорғау ісімен және қоғамдық табиғатты қорғау ұйымдары мен ұлттық парктердін қызметкерлерінің білімі мәселесімен айналысады.
ВОЗ - Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Ғаламшардағы адамдардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәселесімен және медициналық қызметкерлердің білімімен айналысады.
МСОП - Халықаралық табиғатты қорғау және табиғат ресурстары ұйымы.
ВФОП - Бүкіл дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры. Дүниежүзілік фауна мен экожүйені сақтау проблемасымен айналысады; халықаралық жастар курсын, лагерьлер мен табиғат қорғау клубтарын және т. б. шараларды ұйымдастырады.
Қоршаған ортаны қорғауды басқарудағы халықаралық ынтымақтастық
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология ғылымының шығу тарихы
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері жайлы мәлімет
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экологияның даму тарихы мен кезеңдері
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Экология
Экология ғылымы туралы мәлімет
Пәндер