Сералы Лапин


ЖОСПАРЫ

Кіріспе

І . Тарау. Сералы Лапиннің қоғамдық саяси.қызметі.

ІІ. Тарау. Сералы Лапин . "Шуро.и.уламо" ұйымының жетекшісі.

ІІІ. Тарау. Сералы Лапиннің "Түркістан мұхтариятының құрылуы мен таратылуы тұсындағы қызметі"

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің өткен тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатка ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе біржақты қаралған тарихи құбылыстарды ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демократиялық мемлекет құруды мақсат тұтқан елімізде төл тарихымыздың олқылау жазылған тұстарын толықтыра түсуге барынша жағдай жасалып жатқаны белгілі. Осынау сәтте, яғни халқымыздың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатқан мезгілде, қазақ халқының тарихыңда өзіндік терең із қалдырған қайраткерлердің ғұмырнамасын жасауды да қолға алғанымыз абзал. Мұндай ғұмырнамалық зерттеулер жекелеген қайраткерлердің өмір жолын танып білумен бірге, олар өмір сүрген дәуірдің қыр-сырын түсінуге де өз септігін тигізеді.
Еліміздің тарихында өзіңдік елеулі із қалдырған қайраткерлер катарына ХІХ ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында тарих сахнасынан шыққан казақ зиялыларын жатқызуға болады. Бүгінгі таңда сол зиялы қауым өкілдерінің бірқатарының ғүмырнамасы жасалып, көпшілік қауымға ұсынылып жатыр. Дегенмен бұл бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын тереңдете жүргізіп, қазақ зиялыларының ғұмырнамасы қатарын толықтыра түсуіміз керек.
Қазақ зиялыларының өмір жолы кеңестік дәуірде аракідік зерттелді. Олардың көпшілігі революциялық қозғалыстарға, кеңестік кұрылысқа атсалысқан кайраткерлерге арналды. Алайда мұндай іріктеме зерттеулер марксизм-ленинизм идеологиясы аясынан аса алмады. Ол дәуірде қазақ зиялыларының өмір жолын, атқарған қызметін объективті тұрғыда ашып көрсетуге кеңестік тарих ғылымының ұстанған идеологиясы тосқауыл болды.
Кеңестік тарих ғылымы сүйенген идеология кеңестік империя мүддесі жолында ұлттық мүддені ескермеді ұлтшылдыққа қарсы күресемін деп ұлттық сипаты бар құбылыстарды аяққа басты. Кеңестер одағында аз халықтардан шыққан ұлтжанды, елін сүйген қайраткерлер ұлтшылдар болып қудалана тұсті. Марксизм-ленинизм мен методологиясын басшылыққа алған "зерттеушілер 1917 жылғы казақ революциясына дейін қазақта ұлттық интеллигенция қалыптасып үлгермеді деген тұжырымды ұстанды. Ал, революцияға дейінгі кезеңде саны аз болған қазақ зиялыларының қызметі "ұлттық буржуазия мен үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғау жолындағы әрекет" ретінде түсіндірілді Таптық мүддені қызғыштай қорғаған кеңестік тарих ғылымы біз қарастырып отырған кезеңдегі қазақ зиялыларының ұлттық еркіндікті қамтамасыз ету жолыңда атқарған қызметін жоққа шығарып, теріс бағалады. Осығай орай қазақ зиялыларының арасында өзіндік ұстанымдарымен дараланған С.Лапиннің қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылық мұралары объективті, шынайы тұрғыда бағаланбай қалды.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының алғашқы шоғыры қатарында С.Лапин да қазақ халқын және Түркістан өлкесінің өзге де түркі-мұсылман халықтарын ұлттық бостандыққа жеткізу, тұрмыс жағдайын көтеру, өркениетті елдер қатарына қосу жолында аянбай еңбек етті. Түркістаңда 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін "Шуро-и-уламо" ұйымына жетекшілік етті. Қоғамдық-саяси қызметпен қатар шығармашылықпен айналысты.
С.Лапиннің өскен ортасында атқарған қызметін және шығармашылығын зерттеу отандық тарих ғылымында XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы ұлт зиялыларының орнын айқындауға, оларға қатысты нақтылы объективті ғылыми баға беруге өзіндік игі ықпалын тигізеді. Сондықтан біз қарастырып отырған тақырыпты ғылыми өзекті мәселеге арналған деуге толық негіз бар.
Мәселенің зерттелу деңгейі. С.Лапиннің қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылық мұралары отандық тарих ғылымында арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырыла қойған жоқ. Ғылыми әдебиеттерде С.Лапиннің қоғамдық-саяси қызметінің түрлі кезеңдеріне қатысты және оның шығармашылық мұраларына байланысты бағалар берілген. Ондай бағалар өзінің әркелкілігімен ерекшеленеді.
С.Лапинге қатысты алғашқы ғылыми пікірлер XIX ғасырдың соңғы кезеңінен бастау алады. Бұл ретте көрнекті тарихшы-ғалым В.В.Бартольдтың есімін ерекше атап көрсетуге болады. Оның бірқатар еңбектерінде [1] С.Лапиннің шығармашылығына қатысты пікірлер берілген. Ол "сарт" сөзінің (шығуы мен мәніне және "сарт тіліне") байланысты ғылыми пікір таласқа түсіп, С.Лапиннің бұл мәселелер жөнінде жасаған болжамдары мен тұжырымдарын сынға алғанымен, оның өзін қалыптасқан зерттеуші ретінде бағалайды. С.Лапиннің авторлығымен шыққан "Орысша және өзбекше сөздікке" және "Самарқан қаласындағы тарихи ескерткіштердегі жазулардың аудармасы" атты еңбегіне 1896 жылы Санкт-Петербург ғылым академиясының академигі В.В.Розен және белгілі тарихшы-археолог В.Л.Вяткин тараптарынан да бағалар берілген [2].
XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының көшбасшысы ретінде танылған Ә.Бөкейхановтың "Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті беттерінде жариялаған мақалаларында С.Лапиннің Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы жанында атқарған қызметіне және 1914 жылы Санкт-Петербургте өткен бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысуына байланысты пікірлер білдірген. Ол пікірлерді объективті тұрғыда берілген деп есептеуге болады [3].
С.Лапиннің 1917 жылғы қос революция тұсында атқарған қоғамдық-саяси қызметіне қатысты қазақ зиялыларынан алғаш пікір білдірушілер қатарына М.Шоқайды жатқызуға болады. Ол өзінің эмиграцияда жүріп жариялаған "1917 жыл естеліктерінен үзінділер" атты еңбегінде [4]: "Сералы Лапинмен өзімнің жеке қарым-қатынасыма келгенде, ол кісі мені туған інісіндей жақсы көретін еді деуіме болады. Тек саяси мәселеде бір-бірімізге жолай алмадық," — дей отырып, оның саяси ұстанымдарын сынға алған-ды. Оның бұл сыны азаттық қозғалыстағы С.Лапиннің мұсылмандық, діни негіздерді басшылыққа алуынан ғана емес, Ташкенттегі кеңестер өкіметі мен Түркістан мұхтариятының (Қоқан автономиясы) қантөгіске бармай өзара ымыраға келуін ұсынуынан да туындаған еді. Осы жерде көрнекті қоғам қайраткері Зәки Валиди Тоғанның еңбегінде [5] С.Лапинге байланысты білдірілген пікір М.Шоқайдың пікіріне ұқсас екендігін де айта кеткен жөн.
XX ғасырдың 20-30 жылдары кеңестік тарих ғылымы қатаң идеологияландырылуына байланысты С.Лапиннің қоғамдық-саяси қызметіне деген көзқарас өзгеріп, оның 1917 жылғы революция тұсындағы саяси ұстанымы "панисламистік" пиғылмен ұштастырылды. Сондай-ақ оның "Шуро-и-уламо" ұйымына жетекшілік етуі "контрреволюциялық", "бұқара халықтың мүддесіне қайшы келетін әрекет" ретінде түсіндірілді. Мұндай баға берген авторлар Е.Федоров, А.Симонов және П.Алексеенков [6] еді.
Кеңестік тарих ғылымы алдымен сталиндік жосыздықтардың, содан кейін валюнтаризм мен субъективизмнің тоқырау идеологиясы шырмауында болып келген 1930-1980 жылдары аралығында қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі зерттелмеді. Әрине, бұл мәселе мүлдем назардан тыс қалып қойды дегенді білдірмейді. Бірақ оған революцияға дейінгі Қазақстан мен Түркістандағы революциялық қозғалысқа немесе кеңестік құрылысқа арналған еңбектерде негізгі мәселеге жанама сюжет есебінде қарау үрдісі қалыптасты.
Кеңестік құрылысқа арналған еңбектердің барлығында бірдей С.Лапиннің атқарған қызметі теріс көрсетілді деп біржақты тұжырым болмайды. Өйткені С.Лапиннің қызметінің кейбір кезендеріне кеңестік құрылысқа арналған кейбір еңбектерде оң баға да берілді. Мәселен, С.З.Зимановтың еңбегінде [7] С.Лапиннің Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы жанында Б.Қаратаев, Е.Оразаев секілді т.б. қазақ зиялыларымен бірге аткарған қызметіне және XX ғасыр басында қазақ баспасөзін шығару жолында жасаған әрекетіне объективті баға беруге талпыныс жасалған. Мұндай талпыныс С.Зимайовтың К.З.Ыдыросовпен бірге әзірлеген еңбегінен де [8] аңғарылады.
"Қазақ совет энциклопедиясында" С.Лапинге қатысты берілген мақалада оны шығыс сәулет өнерін зерттеуші, ағартушы әрі адвокат деп көрсеткен. Ол жөнінде мынандай пікір білдірілген: "Шығыс тілдерін (араб, парсы, т.б.) жетік білген. Лапин Самарқандағы көне архитектуралық ескерткіштердің жазуларын парсы тілінен орыс тілінен өлеңмен аударды және олардың салынған жылын (араб әріптерінің орналасу жүйесіне байланысты), салдырған адамдарды және сәулетшілердің есімін анықтады. Өзіне дейінгі- белгісіз болып келген "Туһарт әл-Хани", "Шаһнама" дастандарының нұсқаларын, қолжазбаларын тапты. Шаһи-Зинда, араб қолбасшысы ибн Куссам жайлы аңыздарды жазып қалдырды" [9].
С.Лапиннің ғылыми үйірмелердің қызметіне қатысуы жайында шығармалары туралы мәліметтер кеңестік дәуірде жарық көрген К.Е.Бендриков пен И.В.Луниннің еңбектерінде [10] де кездеседі.
1990 жылы зерттеуші Б.Қойшыбаевтың "Жазықсыз жапа шеккендер" атты еңбегі [11] жарық көрді. Оның бұл еңбегінде С.Лапиннің өмір жолы мен қызметіне арналған "Ориенталист Лапин" атты тарау берілген. Зерттеуші Б.Қойшыбаев С.Лапиннің өміріне қатысты мәліметтердің біразын С.Лапиннің қарындасы Гүлзидәмнан алғандығын еңбегінде атап өтіп, бірқатар мерзімді баспасөздердегі С.Лапин туралы дерек көздерін ғылыми айналымға тартқан. Б.Қойшыбаевтың осы еңбегін отандық тарих ғылымында С.Лапиннің қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығын зерттеуге арналған алғашқы талпыныс ретінде бағалауға болады. Оның С.Лапин туралы мынандай пікірі ерекше назар аудартады: "Ол Түркістан өлкесінде қазақ балалары үшін мектеп ашу ісіне араласты. Оның адвокаттық қызметінің пайдасын қарапайым халық 1905 және 1916 жылдары айқын сезінді. Осы кездердегі ұлт-азаттық көтерілістерге қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген жергілікті халық өкілдерін (қазақ, қырғыз, өзбек) ақтауы Лапиннің заң қызметіндегі үлкен еңбегіне саналады. Ол Түркістан өлкесінде тұратын мұсылмандардың жинаған қаржысына Петербургте 1913 жылы мешіт салу ісіне де атсалысты[12].
Еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде тарихымызды ұлттық мүдде тұрғысынан жазу жолында алғашқы қадамдар жасалынып, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің ерекшеліктері мен бағыттарына ғалымдар зер салып, онда "ақтаңдақ,"_беттерін ашып көрсетуде елеулі табыстарға қол жеткізді. Бұл ретте М.Қойгелдиев пен К.Нүрпейісовтің еңбектерін [13] ерекше атап көрсетуге болады. Олардың еңбегінен кейін ғалымдар арасында қазақ зиялыларының жекелеген өкілдерінің қоғамдық-саяси қызметін зерттеуге деген құлшыныс арта тұсті. Мұндай талпынысқа Д.Аманжолованың да еңбегі [14] елеулі дәрежеде ықпал етті. 1996 жылы Ғ.Ахмедовтың "Алаш "Алаш болғанда" атты еңбегі [15] жарық көрді. Онда алғашқы қазақ интеллигенциясы өкілдерінің тізімі беріліп, олардың қоғамдық-саяси қызметінен шолу жасалған еді.
С.Лапиннің қоғамдық-саяси қызметі соңғы жылдары елімізде жарық көрген ғылыми әдебиеттердің ішінде тек Ә.М.Ауанасованың ғана монографиясында [16] көрініс тапқан. Ол еңбекте С.Лапиннің бірінші орыс революциясы тұсында және 1917 жылғы қос революция кезіндегі қызметіне орынды баға берілген.
Жуырда жарық қөрген "Қазақстан тарихының" академиялық басылымының 3-томында [17] С.Лапин қазақ зиялыларының алғашқы толқынының өкілі ретінде көрсетілген. Сондай-ақ С.Лапиннің өмірі мен қызметіне қатысты мәліметтер 2000 жылы V жарық көрген "Түркістан. Халықаралық энциклопедиясына» енген. Ол туралы мақаланы [18] С. Смағұлова жазған. Соңғы уақытта мерзімді баспасөз беттерінде де С.Лапинге қатысты мәліметтер жарық көре бастады. Мәселен, "Түркістан" газетінде зерттеуші Т.Дайрабайдың "Қазақ тарихындағы Лапиндер ізі" атты мақаласы [19] жарияланған. Ол бұл мақаласында С.Лапиннің қызметі мен шығармашылығына ғана емес, Лапиндер әрекетіне де қатысты тың мәліметтер берілген.
С.Лапиннің 1911 жылдың бас кезінде Перовскіде ашқан сауда-өнеркәсіптік серіктестігі жайлы мәлімет алғаш рет отандық тарих ғылымында Д.И.Дулатова мен НД.Нұртазинаның 1917 жылы жарық көрген мақаласында [20] көрініс тапты. Авторлар аталмыш серіктестік жергілікті халықты патша өкіметінің отаршылдық саясаты жағдайында әлеуметтік жағынан қорғауды мақсат екенін дәлелді түрде негіздеп, мақала соңында серіктестікке қатысты мұрағаттық құжатты көпшілік назарына ұсынған.
Өзбекстандық зерттеушілердің 1990-жылдардан бастап жаңа сипатта шығара бастаған бірқатар еңбектерінде [21] С.Лапиннің XX ғасырдың бас кезінде атқарған қоғамдық-саяси қызметіне байланысты ой-пікірлер білдірілген. Мұнда бағаларды Д.А.Алимова, А.А.Голованов, Н.Абдурахимова, Г.Рустемова, Б.В.Хасанов секілді зерттеушілердің еңбектерінен [22] де кездестіруге болады.
Түркістан мұхтариятының тарихын зерттеуші С.Агзамходжаевтың еңбегінде [23] С.Лапиннің 1917-1918 жылдардағы қызметіне қатысты объективті тұжырымдар жасалған. Зерттеуші А.Мингноровтың 1917-1918 жылдардағы Түркістандағы қоғамдық-саяси ұйымдардың тарихын зерттеуге арналған еңбегі [24] С.Лапин жетекшілік еткен "Шуро-и-уламо" ұйымының қызметі талданған. Бұл ұйымның қызметін ашып көрсетуде негізінен ұлттық баспасөздердің мәліметтеріне сүйенген.
В.А.Германов 2000 жылы жарық көрген еңбегінде [25] алғаш рет С.Лапиннің 1918 жылы Германияға кетуін, ондағы тағдырын ашып көрсеткен. С.Лапиннің эмиграциялық қызметі осы уақытқа шейін ғылыми әдебиеттерде көтеріле қойған жоқ еді. Автордың келтірген деректері ғылыми айналымға бұрындары енгізілмеуімен ерекшеленеді.
Біз қарастырып отырған мәселенің ғылыми әдебиеттерде баяндалу тарихына жасалған шолу тақырыптың арнайы зерттеу объектісі болмағандығын аңғартады. Осы уақытқа дейін мұндай мәселені арнайы карауға қажет алғышарттар да қалыптаса қойған жоқ-тын. Ондай қолайлы жағдай еліміз егемендік алғаннан кейін ғана қалыптасты. Мұның өзі біз қарастырғалы отырған тақырыптың өзектілігін айғақтай түссе керек.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты - С.Лапиннің ғұмырының барлық кезендерін қамти отырып, оның қоғамдық-саяси қызметін, шығармашылығын бұрын ғылыми айналымға тартылмаған деректерге сүйеніп зерттеу. Зерттеу жұмысында мынандай міндеттер алға қойылды:
- XX ғасыр басында С.Лапиннің қоғамдық-саяси өмірге атсалысуы;
- 1917 жылғы ақпан революциясынан кейінгі қоғамдық - саяси өмірдің С.Лапинге әсерін анықтау;
- С.Лапин жетекшілік еткегі "Шуро-и-уламо" ұйымының алдына қойған мақсатына және осы мақсатты жүзеге асыру жолында атқарған қызметіне баға беру;
- С.Лапиннің Түркістан мұхтариятына және кеңестер билігіне көзқарасынан және Германиядағы қызметіне талдау жасау.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Дипломдық жұмыс мерзімді баспасөз мәліметтерінен, жарияланған құжаттар мен материалдар жинақтарынан, естеліктерден және ғылыми зерттеулерде берілген ақпараттардан алынды
Зерттеу жұмысының метолологиялық негізі. Дипломдық жұмыста қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің диалектикалық тәсілдерімен тығыз байланыстағы тарихилық, объективтілік сияқты негізгі метолологиялық принциптер басшылыққа алынды. Сондай-ақ соңғы жылдары көрнекті қайраткерлердің өмірі мен қызметін зерттеуде калыптасқан жаңа концепциялар да ескерілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімінен және қосымшадан тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Бартольд В.В. О преподовании туземных наречии в Самарканде -Сочинение. т.2.. - М., 1964. с.305; Еще о слове "сарт" // Сонда. 310-314б.
2. Вяткин В.Л. Еще о книжке г.Лапина // Туркестанский вестник. 1896. 26 марта.; Розен В.И. Библиографическая заметка //Записки восточного отделения Императорского русскога географического общества. 1896. N9. с.9.
3. Бөкейхан Ә. Таңдамалы. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995.-478 б.
4. Шоқай М. Таңдамалы. 2 т. - Алматы, "Қайнар", 1999 - 520 б. -247-б
5. Валиди 3. Воспоминание. Кн.1. - Уфа: Китап, - 1994. 410 с.
6. Феодоров Е. Очерки национального освободительного движения в Средней Азии. — Ташкент, Госиздат, 1925. - 90 с; Симонов А. Февральская революция в Средней Азии // Коммунистическая мысль. Кн.З. — Ташкент, 1927. - 120 с
7. Зиманов С.З. В.И.Ленин и советская государственность в Казахстане. - Алма-Ата: Наука, 1970. — 303 с.
8. Зиманов С.З., Идрисов К.З. Общественно-политические взгляды Мухамеджана Сералина. Алматы, Наука, 1989. -105 с.;
9. Қазақ совет энциклопедиясы. 7 т, 183 б.
10. Бендриков К.Е. Очерки по истории народного образования в Туркестане (1865-1924). - М., 1960. - 500 с; Лунин И.В. Жизнь и деятельность академика В.В.Бартольда.- Ташкент:Фан., 1981 - 220 с. - с.74.|
11. Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер.- Алматы, "Қазақстан", 1990. - 68 б. /13-19 б/.
12. Сонда. 17-6.
13. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.- Алматы: Санат, 1995.-368 б; Нүрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. - Алматы: 1995 -256 6.
14. Аманжолова Д. Казахский автономизм и Россия. - М.; Россия молдая, 1994. - 216 с. /с.21/|
15. Ахмедов Ғ. Алаш "Алаш" болғанда: Естеліктер мен тарихи деректер.- Алматы: Жалын, 1996. — 224 6.
16. Ауанасова А.М. Национальная интеллигенция Туркестана в первой четверти XX века. - Алматы, "Қазақ университеті", 2001-262 с.
17. Қазақстан тарихы. 3 т. - Алматы: "Атамұра", 2002. - 768 б.
18. Смағұлова С. Лапин Сералы Мұңайтпасұлы // Түркістан. Халықаралық энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы,2000. - 656 б. /459 б./.
19. Дайрабай Т. Қазақ тарихындағы Лапиндер ізі // Түркістан. 2002. 13 маусым.
20. Дулатова Д.И., Нуртазина Н.Д. "Докладная записка" Серали Лапина // Вестник КазГУ. Серия историческая. 1997. N5. с. 10-17.
21. Садыков Х.Д. Колониальная политика царизма в Туркестане и борьба за национальную независимость в начале XX века.Автореферат дисс. докт. ист. наук. — Ташкент, 1994. - 49 с; Ташкулов Д. Основные направления политико-правовой мысли нар одов Узбекистана во второй половине XIX — первой четверти XX вв. - Ташкент, 1995 — 48 с
22. Алимова Д.А., Голованов А.А. Узбекистан в 1917-1990 годы: противоборство идей и идеологии. - Ташкент, Институт истории АН РУ, 2002. - 80. с; Хасанов Б.В. Национальная интеллигенция Узбекистана и исторические процессы и 1917 — начало 50-х годов. - Ташкент: Академия МВД РУ, 2000. - 202 с; Абдурахимова Н., Рустемова Г. Колониальная система власти в Туркестане во второй половине XIX — I четверти XX вв. — Ташкент, Институт истории АН РУ, 1999. - 148 с.
23. Аъзамхуджаев С. Туркистон мухтарияти. — Ташкент; Маънавият, 2000. - 168 б.
24. Мингноров А. Туркистонда 1917-1918 йиллардаги миллий сиесий кшикилотлар. Ташкент; Маънавият, 2002. — 60 б.
25. Германов В.А. Историки Туркестана в условиях политического террора 20-30-х годов. — Ташкент "Узбекистон", 2000.- 40 с.
26. З.С.Қожанованың естелігінен. 1-п.
27. Сапарғалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917, гг.). - Алма-Ата: Наука, 1996. - 375 с. /с.10/.
28. Мұқанов М. Қазақ жерінің тарихы. - Алматы: Атамұра Қазақстан, 1994. - 80 б /68-69 б./
29. Великая Октябрьская социалистическая революция в Казахстане.Материалы летописы. - Отв. ред. Т.Елеуов. - Алма-Ата: Изд. Наука КазССР, 1967. - 457 с. / 27-32б/.
30. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы — Алматы: Санат, 1995. - 216-217 б.
31. Туркестан в начале XX века... с.20.
32. Бірлік туы. 1917. N6. 20 тамыз.
33. Абдусаттаров А. "Шураи исламия" // Красная летопись Туркестана. N1-2. с.54-55.
34. Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер -56б.
35. Шоқай М. Таңдамалы. 2 т. - Алматы, "Қайнар", 1999 - 520 б./263-264-6/.
36 Шоқай.М.Таңдамалы./266 б/.
37. Бөкейханов Ә. Шығармалар. Алматы; Қазақстан, 1994. - 384 б./236-237 б./|
38. Шоқай М. Естеліктер. Стамбұл. 1997. - 272 б. /38-39 б./ 39. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда . 90 б.
40. Аъзамхуджаев С. Туркистон мухтарияти. - Ташкент; Маънавият, 2000. - 64 б.
41. Хасанов Б.В Национальная интеллигенция Узбекистана и исторические процессы 1917 - начала 50-х годов с. 32.
42. Туркестан в начале XX века с. 34.
43. Победа Великой Октябрьской социалистической революции в Туркестане. Сб. документов / Сост. К.Е.Житов и В.Г.Крылова- Ташкент: Гозиздат, 1947. - 230 с. /с.40-41
44. Шоқай М. Таңдамалы. 282б.
45. Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер -77б.
46 . Исхаков С.М. Российские мусульмане и революция (весна 1917 г.-лето 1918 г.). - М.: Институт истории РАН, 2003. - с. 128.
47 Сонда б. 129.
48. Ауанасова А.М Национальная интеллигенция Туркестана в- первой четверти XX века. - А, "Қазақ университеті", 2001.б. 104.
49. Шоқай М. Тандамалы. 2 т. - 270-б.
50. Улуғ Туркжстон. 1917. 23 шілде.
51. Бірлік туы. 1917. 20 қазан.
52. Шоқай М. Тандамалы. 2 т. — Алматы, "Қайнар", 1999 — 520 б. /273-6/. 267.
53. Хасанов Б.В. Национальная интеллигенция Узбекистана и исторические процессы 1917 — начала 50-х годов . с. 32.
54. Шоқай М. Тандамалы. 2 т. - Алматы, "Қайнар", 1999 - 520 б./274-6/.
55. Туркестан в начале XX века ... с. 44-45.
56. Шоқай М. Тандамалы. 2 т. - Алматы, "Қайнар", 1999 - 520 6./277-6/.
57. Бірлік туы. 1917. 20 тамыз.
58. Сонда
59. Сонда
60. Сонда
61. Мингноров А. Туркистонда 1917-1918 йиллардаги миллий сиесий ташкилотлар. Ташкент; Маънавйят, 2002. — 31-6.
62. Тошкулов Ж. "Турк адами марказият фирқаси" маромномасида милий давлатчилик ва хухуқ масалалари // Марказий Осие XX аср бошида: ислохотлар, янгланиш, тараққиет ва мустақиллик учун кураш (халқаро конферфнция материаллари). Тошкент, "Маънавият", 2001. - 142-6. /97б./
63. Туркестанские ведомости. 1917. 6 октября.
64. Туркестанские ведомости. 1917. 21 октября.;
65. Победа Октябрькой революции в Узбекистане. Сб. Документов и материалов. т.1. с. 529.
66. Туркестан в начале XX века с. 68.
67. Мингноров А. Туркистонда 1917-1918 йиллардаги миллий сиесий ташкилотлар. Ташкент; Маънавият, 2002. - 31-6.
68. Қойгеддиев М. Алаш қозғалысы. - 341-6.
69. Мингноров А. Туркистонда 1917-1918 йиллардаги миллий сиесий ташкилотлар. Ташкент; Маънавият, 2002. — 32-б.
70. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. -342-6.
71. Аъзамхуджаев С. Туркистон мухтарияти.- 126-6.|
72. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. -349-б
73. Бірлік туы. 1917. 12 желтоқсан.
74. ӨРООМ. 39-қ., 1-т., 11-іс, 4-п.
75. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы — Алматы: Санат, 1995. — 343-6.
76. Исхаков С.М. Российские мусульмане и революция (весна 1917 г.-лето 1918 г.). — М.:с. 313.
77. Ауанасова А.М. Национальная интеллигенция Туркестана в первой четверти XX века. -132.-б|
78. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.. 344-6.
79. Мингноров А. Туркистонда 1917-1918 йиллардаги - 46-
80. Туркестанский вестник. 1918. 9 декабря.
81. Рысқалиева Ф.Ы. Жалау Мыңбаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі. Алматы, 2000. 23 б. /10-6/.
82. Победа Октябрьской революций в Узбекистане. т.2. с.42.
83. Бірлік туы. 1918. 18 қаңтар.
84. Шоқай М. Тандамалы. 2 т. - Алматы, "Қайнар", 1999 - 520 б./273-6/.
85. Аъзамходжаев С. Две модели государственного переустройства Туркестана: большевисткая и национально-демократическая //Узбекистон тарихининг долзарб муаммоларига янги чизгилар. Тошкент, "Шарқ", 1999. - 207 б. /138-139-6/.
86. Аъзамхуджаев С. Туркистон мухтаряти. - Ташкент; Маънавият, 2000. - 147-6.
87 Сонда. 148-6.
88. Германов В.А. Историки Туркестана в условиях политического террора 20-30-х г. -с.23.
89. Германов В.А. Историки Туркестана в условиях политического террора 20-30-х г. с.24-25.
90. Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер.-Алматы, "Қазақстан", 1990.- /17-18-6/.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 61 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге




ЖОСПАРЫ

Кіріспе

І – Тарау. Сералы Лапиннің қоғамдық саяси-қызметі.

ІІ- Тарау. Сералы Лапин - "Шуро-и-уламо" ұйымының жетекшісі.

ІІІ- Тарау. Сералы Лапиннің "Түркістан мұхтариятының құрылуы мен
таратылуы тұсындағы қызметі"

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының әлем қауымдастығы қатарынан
егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір
өзгерістер заманында еліміздің өткен тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа
сипатка ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты
айтылмаған немесе біржақты қаралған тарихи құбылыстарды ой елегінен
өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Қоғамдық татулық пен
саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демократиялық мемлекет құруды мақсат
тұтқан елімізде төл тарихымыздың олқылау жазылған тұстарын толықтыра түсуге
барынша жағдай жасалып жатқаны белгілі. Осынау сәтте, яғни халқымыздың
тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатқан
мезгілде, қазақ халқының тарихыңда өзіндік терең із қалдырған
қайраткерлердің ғұмырнамасын жасауды да қолға алғанымыз абзал. Мұндай
ғұмырнамалық зерттеулер жекелеген қайраткерлердің өмір жолын танып білумен
бірге, олар өмір сүрген дәуірдің қыр-сырын түсінуге де өз септігін
тигізеді.
Еліміздің тарихында өзіңдік елеулі із қалдырған қайраткерлер катарына
ХІХ ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында тарих сахнасынан шыққан казақ
зиялыларын жатқызуға болады. Бүгінгі таңда сол зиялы қауым өкілдерінің
бірқатарының ғүмырнамасы жасалып, көпшілік қауымға ұсынылып жатыр. Дегенмен
бұл бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын тереңдете жүргізіп, қазақ
зиялыларының ғұмырнамасы қатарын толықтыра түсуіміз керек.
Қазақ зиялыларының өмір жолы кеңестік дәуірде аракідік зерттелді.
Олардың көпшілігі революциялық қозғалыстарға, кеңестік кұрылысқа атсалысқан
кайраткерлерге арналды. Алайда мұндай іріктеме зерттеулер марксизм-ленинизм
идеологиясы аясынан аса алмады. Ол дәуірде қазақ зиялыларының өмір жолын,
атқарған қызметін объективті тұрғыда ашып көрсетуге кеңестік тарих
ғылымының ұстанған идеологиясы тосқауыл болды.
Кеңестік тарих ғылымы сүйенген идеология кеңестік империя мүддесі
жолында ұлттық мүддені ескермеді ұлтшылдыққа қарсы күресемін деп ұлттық
сипаты бар құбылыстарды аяққа басты. Кеңестер одағында аз халықтардан
шыққан ұлтжанды, елін сүйген қайраткерлер ұлтшылдар болып қудалана тұсті.
Марксизм-ленинизм мен методологиясын басшылыққа алған "зерттеушілер 1917
жылғы казақ революциясына дейін қазақта ұлттық интеллигенция қалыптасып
үлгермеді деген тұжырымды ұстанды. Ал, революцияға дейінгі кезеңде саны аз
болған қазақ зиялыларының қызметі "ұлттық буржуазия мен үстем тап
өкілдерінің мүддесін қорғау жолындағы әрекет" ретінде түсіндірілді Таптық
мүддені қызғыштай қорғаған кеңестік тарих ғылымы біз қарастырып отырған
кезеңдегі қазақ зиялыларының ұлттық еркіндікті қамтамасыз ету жолыңда
атқарған қызметін жоққа шығарып, теріс бағалады. Осығай орай қазақ
зиялыларының арасында өзіндік ұстанымдарымен дараланған С.Лапиннің қоғамдық-
саяси қызметі мен шығармашылық мұралары объективті, шынайы тұрғыда
бағаланбай қалды.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының алғашқы шоғыры қатарында С.Лапин
да қазақ халқын және Түркістан өлкесінің өзге де түркі-мұсылман халықтарын
ұлттық бостандыққа жеткізу, тұрмыс жағдайын көтеру, өркениетті елдер
қатарына қосу жолында аянбай еңбек етті. Түркістаңда 1917 жылғы Ақпан
төңкерісінен кейін "Шуро-и-уламо" ұйымына жетекшілік етті. Қоғамдық-саяси
қызметпен қатар шығармашылықпен айналысты.
С.Лапиннің өскен ортасында атқарған қызметін және шығармашылығын
зерттеу отандық тарих ғылымында XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басындағы
қазақ қоғамындағы ұлт зиялыларының орнын айқындауға, оларға қатысты нақтылы
объективті ғылыми баға беруге өзіндік игі ықпалын тигізеді. Сондықтан біз
қарастырып отырған тақырыпты ғылыми өзекті мәселеге арналған деуге толық
негіз бар.
Мәселенің зерттелу деңгейі. С.Лапиннің қоғамдық-саяси қызметі мен
шығармашылық мұралары отандық тарих ғылымында арнайы зерттеу объектісі
ретінде қарастырыла қойған жоқ. Ғылыми әдебиеттерде С.Лапиннің қоғамдық-
саяси қызметінің түрлі кезеңдеріне қатысты және оның шығармашылық
мұраларына байланысты бағалар берілген. Ондай бағалар өзінің әркелкілігімен
ерекшеленеді.
С.Лапинге қатысты алғашқы ғылыми пікірлер XIX ғасырдың соңғы кезеңінен
бастау алады. Бұл ретте көрнекті тарихшы-ғалым В.В.Бартольдтың есімін
ерекше атап көрсетуге болады. Оның бірқатар еңбектерінде [1] С.Лапиннің
шығармашылығына қатысты пікірлер берілген. Ол "сарт" сөзінің (шығуы мен
мәніне және "сарт тіліне") байланысты ғылыми пікір таласқа түсіп,
С.Лапиннің бұл мәселелер жөнінде жасаған болжамдары мен тұжырымдарын сынға
алғанымен, оның өзін қалыптасқан зерттеуші ретінде бағалайды. С.Лапиннің
авторлығымен шыққан "Орысша және өзбекше сөздікке" және "Самарқан
қаласындағы тарихи ескерткіштердегі жазулардың аудармасы" атты еңбегіне
1896 жылы Санкт-Петербург ғылым академиясының академигі В.В.Розен және
белгілі тарихшы-археолог В.Л.Вяткин тараптарынан да бағалар берілген [2].
XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының көшбасшысы ретінде танылған
Ә.Бөкейхановтың "Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті беттерінде жариялаған
мақалаларында С.Лапиннің Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы жанында
атқарған қызметіне және 1914 жылы Санкт-Петербургте өткен бүкілресейлік
мұсылман съезіне қатысуына байланысты пікірлер білдірген. Ол пікірлерді
объективті тұрғыда берілген деп есептеуге болады [3].
С.Лапиннің 1917 жылғы қос революция тұсында атқарған қоғамдық-саяси
қызметіне қатысты қазақ зиялыларынан алғаш пікір білдірушілер қатарына
М.Шоқайды жатқызуға болады. Ол өзінің эмиграцияда жүріп жариялаған "1917
жыл естеліктерінен үзінділер" атты еңбегінде [4]: "Сералы Лапинмен өзімнің
жеке қарым-қатынасыма келгенде, ол кісі мені туған інісіндей жақсы көретін
еді деуіме болады. Тек саяси мәселеде бір-бірімізге жолай алмадық," — дей
отырып, оның саяси ұстанымдарын сынға алған-ды. Оның бұл сыны азаттық
қозғалыстағы С.Лапиннің мұсылмандық, діни негіздерді басшылыққа алуынан
ғана емес, Ташкенттегі кеңестер өкіметі мен Түркістан мұхтариятының (Қоқан
автономиясы) қантөгіске бармай өзара ымыраға келуін ұсынуынан да туындаған
еді. Осы жерде көрнекті қоғам қайраткері Зәки Валиди Тоғанның еңбегінде [5]
С.Лапинге байланысты білдірілген пікір М.Шоқайдың пікіріне ұқсас екендігін
де айта кеткен жөн.
XX ғасырдың 20-30 жылдары кеңестік тарих ғылымы қатаң
идеологияландырылуына байланысты С.Лапиннің қоғамдық-саяси қызметіне деген
көзқарас өзгеріп, оның 1917 жылғы революция тұсындағы саяси ұстанымы
"панисламистік" пиғылмен ұштастырылды. Сондай-ақ оның "Шуро-и-уламо"
ұйымына жетекшілік етуі "контрреволюциялық", "бұқара халықтың мүддесіне
қайшы келетін әрекет" ретінде түсіндірілді. Мұндай баға берген авторлар
Е.Федоров, А.Симонов және П.Алексеенков [6] еді.
Кеңестік тарих ғылымы алдымен сталиндік жосыздықтардың, содан кейін
валюнтаризм мен субъективизмнің тоқырау идеологиясы шырмауында болып келген
1930-1980 жылдары аралығында қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі
зерттелмеді. Әрине, бұл мәселе мүлдем назардан тыс қалып қойды дегенді
білдірмейді. Бірақ оған революцияға дейінгі Қазақстан мен Түркістандағы
революциялық қозғалысқа немесе кеңестік құрылысқа арналған еңбектерде
негізгі мәселеге жанама сюжет есебінде қарау үрдісі қалыптасты.
Кеңестік құрылысқа арналған еңбектердің барлығында бірдей С.Лапиннің
атқарған қызметі теріс көрсетілді деп біржақты тұжырым болмайды. Өйткені
С.Лапиннің қызметінің кейбір кезендеріне кеңестік құрылысқа арналған кейбір
еңбектерде оң баға да берілді. Мәселен, С.З.Зимановтың еңбегінде [7]
С.Лапиннің Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы жанында Б.Қаратаев,
Е.Оразаев секілді т.б. қазақ зиялыларымен бірге аткарған қызметіне және XX
ғасыр басында қазақ баспасөзін шығару жолында жасаған әрекетіне объективті
баға беруге талпыныс жасалған. Мұндай талпыныс С.Зимайовтың К.З.Ыдыросовпен
бірге әзірлеген еңбегінен де [8] аңғарылады.
"Қазақ совет энциклопедиясында" С.Лапинге қатысты берілген мақалада
оны шығыс сәулет өнерін зерттеуші, ағартушы әрі адвокат деп көрсеткен. Ол
жөнінде мынандай пікір білдірілген: "Шығыс тілдерін (араб, парсы, т.б.)
жетік білген. Лапин Самарқандағы көне архитектуралық ескерткіштердің
жазуларын парсы тілінен орыс тілінен өлеңмен аударды және олардың салынған
жылын (араб әріптерінің орналасу жүйесіне байланысты), салдырған адамдарды
және сәулетшілердің есімін анықтады. Өзіне дейінгі- белгісіз болып келген
"Туһарт әл-Хани", "Шаһнама" дастандарының нұсқаларын, қолжазбаларын тапты.
Шаһи-Зинда, араб қолбасшысы ибн Куссам жайлы аңыздарды жазып қалдырды" [9].
С.Лапиннің ғылыми үйірмелердің қызметіне қатысуы жайында шығармалары
туралы мәліметтер кеңестік дәуірде жарық көрген К.Е.Бендриков пен
И.В.Луниннің еңбектерінде [10] де кездеседі.
1990 жылы зерттеуші Б.Қойшыбаевтың "Жазықсыз жапа шеккендер" атты
еңбегі [11] жарық көрді. Оның бұл еңбегінде С.Лапиннің өмір жолы мен
қызметіне арналған "Ориенталист Лапин" атты тарау берілген. Зерттеуші
Б.Қойшыбаев С.Лапиннің өміріне қатысты мәліметтердің біразын С.Лапиннің
қарындасы Гүлзидәмнан алғандығын еңбегінде атап өтіп, бірқатар мерзімді
баспасөздердегі С.Лапин туралы дерек көздерін ғылыми айналымға тартқан.
Б.Қойшыбаевтың осы еңбегін отандық тарих ғылымында С.Лапиннің қоғамдық-
саяси қызметі мен шығармашылығын зерттеуге арналған алғашқы талпыныс
ретінде бағалауға болады. Оның С.Лапин туралы мынандай пікірі ерекше назар
аудартады: "Ол Түркістан өлкесінде қазақ балалары үшін мектеп ашу ісіне
араласты. Оның адвокаттық қызметінің пайдасын қарапайым халық 1905 және
1916 жылдары айқын сезінді. Осы кездердегі ұлт-азаттық көтерілістерге
қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген жергілікті халық өкілдерін (қазақ,
қырғыз, өзбек) ақтауы Лапиннің заң қызметіндегі үлкен еңбегіне саналады. Ол
Түркістан өлкесінде тұратын мұсылмандардың жинаған қаржысына Петербургте
1913 жылы мешіт салу ісіне де атсалысты[12].
Еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде тарихымызды ұлттық мүдде
тұрғысынан жазу жолында алғашқы қадамдар жасалынып, XIX ғасырдың соңы мен
XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің
ерекшеліктері мен бағыттарына ғалымдар зер салып, онда "ақтаңдақ,"_беттерін
ашып көрсетуде елеулі табыстарға қол жеткізді. Бұл ретте М.Қойгелдиев пен
К.Нүрпейісовтің еңбектерін [13] ерекше атап көрсетуге болады. Олардың
еңбегінен кейін ғалымдар арасында қазақ зиялыларының жекелеген өкілдерінің
қоғамдық-саяси қызметін зерттеуге деген құлшыныс арта тұсті. Мұндай
талпынысқа Д.Аманжолованың да еңбегі [14] елеулі дәрежеде ықпал етті. 1996
жылы Ғ.Ахмедовтың "Алаш "Алаш болғанда" атты еңбегі [15] жарық көрді. Онда
алғашқы қазақ интеллигенциясы өкілдерінің тізімі беріліп, олардың қоғамдық-
саяси қызметінен шолу жасалған еді.
С.Лапиннің қоғамдық-саяси қызметі соңғы жылдары елімізде жарық көрген
ғылыми әдебиеттердің ішінде тек Ә.М.Ауанасованың ғана монографиясында [16]
көрініс тапқан. Ол еңбекте С.Лапиннің бірінші орыс революциясы тұсында және
1917 жылғы қос революция кезіндегі қызметіне орынды баға берілген.
Жуырда жарық қөрген "Қазақстан тарихының" академиялық басылымының 3-
томында [17] С.Лапин қазақ зиялыларының алғашқы толқынының өкілі ретінде
көрсетілген. Сондай-ақ С.Лапиннің өмірі мен қызметіне қатысты мәліметтер
2000 жылы V жарық көрген "Түркістан. Халықаралық энциклопедиясына енген.
Ол туралы мақаланы [18] С. Смағұлова жазған. Соңғы уақытта мерзімді
баспасөз беттерінде де С.Лапинге қатысты мәліметтер жарық көре бастады.
Мәселен, "Түркістан" газетінде зерттеуші Т.Дайрабайдың "Қазақ тарихындағы
Лапиндер ізі" атты мақаласы [19] жарияланған. Ол бұл мақаласында С.Лапиннің
қызметі мен шығармашылығына ғана емес, Лапиндер әрекетіне де қатысты тың
мәліметтер берілген.
С.Лапиннің 1911 жылдың бас кезінде Перовскіде ашқан сауда-
өнеркәсіптік серіктестігі жайлы мәлімет алғаш рет отандық тарих ғылымында
Д.И.Дулатова мен НД.Нұртазинаның 1917 жылы жарық көрген мақаласында [20]
көрініс тапты. Авторлар аталмыш серіктестік жергілікті халықты патша
өкіметінің отаршылдық саясаты жағдайында әлеуметтік жағынан қорғауды мақсат
екенін дәлелді түрде негіздеп, мақала соңында серіктестікке қатысты
мұрағаттық құжатты көпшілік назарына ұсынған.
Өзбекстандық зерттеушілердің 1990-жылдардан бастап жаңа сипатта шығара
бастаған бірқатар еңбектерінде [21] С.Лапиннің XX ғасырдың бас кезінде
атқарған қоғамдық-саяси қызметіне байланысты ой-пікірлер білдірілген. Мұнда
бағаларды Д.А.Алимова, А.А.Голованов, Н.Абдурахимова, Г.Рустемова,
Б.В.Хасанов секілді зерттеушілердің еңбектерінен [22] де кездестіруге
болады.
Түркістан мұхтариятының тарихын зерттеуші С.Агзамходжаевтың еңбегінде
[23] С.Лапиннің 1917-1918 жылдардағы қызметіне қатысты объективті
тұжырымдар жасалған. Зерттеуші А.Мингноровтың 1917-1918 жылдардағы
Түркістандағы қоғамдық-саяси ұйымдардың тарихын зерттеуге арналған еңбегі
[24] С.Лапин жетекшілік еткен "Шуро-и-уламо" ұйымының қызметі талданған.
Бұл ұйымның қызметін ашып көрсетуде негізінен ұлттық баспасөздердің
мәліметтеріне сүйенген.
В.А.Германов 2000 жылы жарық көрген еңбегінде [25] алғаш рет
С.Лапиннің 1918 жылы Германияға кетуін, ондағы тағдырын ашып көрсеткен.
С.Лапиннің эмиграциялық қызметі осы уақытқа шейін ғылыми әдебиеттерде
көтеріле қойған жоқ еді. Автордың келтірген деректері ғылыми айналымға
бұрындары енгізілмеуімен ерекшеленеді.
Біз қарастырып отырған мәселенің ғылыми әдебиеттерде баяндалу тарихына
жасалған шолу тақырыптың арнайы зерттеу объектісі болмағандығын аңғартады.
Осы уақытқа дейін мұндай мәселені арнайы карауға қажет алғышарттар да
қалыптаса қойған жоқ-тын. Ондай қолайлы жағдай еліміз егемендік алғаннан
кейін ғана қалыптасты. Мұның өзі біз қарастырғалы отырған тақырыптың
өзектілігін айғақтай түссе керек.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты -
С.Лапиннің ғұмырының барлық кезендерін қамти отырып, оның қоғамдық-саяси
қызметін, шығармашылығын бұрын ғылыми айналымға тартылмаған деректерге
сүйеніп зерттеу. Зерттеу жұмысында мынандай міндеттер алға қойылды:
- XX ғасыр басында С.Лапиннің қоғамдық-саяси өмірге атсалысуы;
- 1917 жылғы ақпан революциясынан кейінгі қоғамдық - саяси өмірдің
С.Лапинге әсерін анықтау;
- С.Лапин жетекшілік еткегі "Шуро-и-уламо" ұйымының алдына қойған
мақсатына және осы мақсатты жүзеге асыру жолында атқарған қызметіне
баға беру;
- С.Лапиннің Түркістан мұхтариятына және кеңестер билігіне көзқарасынан
және Германиядағы қызметіне талдау жасау.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Дипломдық жұмыс мерзімді баспасөз
мәліметтерінен, жарияланған құжаттар мен материалдар жинақтарынан,
естеліктерден және ғылыми зерттеулерде берілген ақпараттардан алынды
Зерттеу жұмысының метолологиялық негізі. Дипломдық жұмыста қойылған
мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің
диалектикалық тәсілдерімен тығыз байланыстағы тарихилық, объективтілік
сияқты негізгі метолологиялық принциптер басшылыққа алынды. Сондай-ақ соңғы
жылдары көрнекті қайраткерлердің өмірі мен қызметін зерттеуде калыптасқан
жаңа концепциялар да ескерілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І – Тарау. Сералы Лапиннің қоғамдық саяси-қызметі.

Сералы Мұңайтпасұлы Лапин 1868 жылы Түркістан генерал-
губернаторлығына қарасты Сырдария облысының Перовск уезіндегі Кеңтөбе
болыстығының 4-ауылында (қазіргі Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қоғалы
көл ауылы) дүниеге келді.
Сералының атасы Лапы XIX ғасырдың бірінші жартысында Сыр бойында
қоныстанған кіші жүздің байұлы тайпасының жаппас руы арасында байлығымен
және жомарттығымен танылған қадірменді адам болған. Қазақтың көрнекті қоғам
және мемлекет кайраткерлері Сұлтанбек Қожановтың қызы — Зиба апайдың
(Сералының жиен қарындасы) анасы — Гүләндәмнан естігенін айтуына қарағанда
Лапы Сыр өңіріндегі жарлыларға жыл сайын мал таратып отырған көрінеді.
Лапының қартайып көрген ұлы Мұңайтпас жасынан пысықтығымен, іскерлігімен
танылып, көзі ашық адамдарға жақын жүруінің арқасында белгілі бір дәрежеде
абырой беделге ие болған. Ол Бомай, Рзақия (Жақия) және Хадиша есімді үш
әйел алған бұл үш әйелінен Сейдалы, Сералы, Әлиасқар, Балдырған,
Мырзамұрат, Қаражан, Жағыппар, Әлиакбар, Гүләндәм, Латифа, Әбухалық,
Нысанбай, Бану, Жәми, Әбдірахман, Әбутәліп есімді ұлдар мен қыздар туылған.
Мұңайтпастың ұлдары ішінде оку-білімге айрықша ынта танытқаны Сералы екен
[26].
Әрбір адамның дүниетанымына, қайраткер ретінде калыптасуына өмір
сүрген дәуірі, өскен ортасы және тәлім-тәрбиесі ықпал ететіндігі ақиқат.
С.Лапиннің жастық шағы қазақ жерінің Ресей империясы отарына айналып,
бодандық қамытын киген кезеңіне тұспа-тұс келді. XIX ғасырдың 60-жылдары
патіпа өкімті-Қазақстанның оңтүстік -өңірін жаулауды толық аяқтап, 1867
жылы шілдеде бекітілген "Жетісу және Сырдария облыстармен басқару туралы
Уақытша Ережені" және 1868 жылы 21 қазанда қабылданған Орынбор және Батыс
Сібір генерал-губернаторлықтарының дала облыстарын басқару туралы Уақытша
Ережені" енгізу арқылы қазақ, қоғамын шексіз билеп-төстеуге мүмкіндік алды.
Ендігі уақытта патша өкіметі казақ халінің тыныс-тіршілігіне қатысты барлық
мәселелерді шешіп отыру құзырына ие болды [27].
1917 жылғы Ақпан революциясының жеңісі Ресейдің орталық аудандарында
ғана емес, шет аймақтарда да қоғамдық өмірдің жандануына, халықтың саяси
белсенділігінің артуына зор ықпал етті. Дегенмен шалғайда жатқай Түркістан
аймағында мұндай шабыт басқа өңірлерге қарағанда сәл кешеуілдеп барып
байқалды. Мұның себебін сол тұста "Туркестанский курьер" газеті патша
өкіметінің құлатылғаны туралы телеграф арқылы Ташкентке жеткен хабарды
Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің салқын карсы алып, оны тек 5
күннен кейін ғана жария етуге рұқсат беруімен және ескі билік орындарының
тез арада жойылып, жаңаларының құрыла қоймауымен байланыстырған-ды [28].
Уақытша үкіметтің 5 наурыздағы каулысына сәйкес басқа өңірлерде ескі
билік орындары тез жойылып, оның орнына қоғамдық ұйымдардың атсалысуымен
құрылған өкімет органдарына билік тізгіні көшіп жатса Түркістан өлкесінде
ескі лауазым иелері, соның ішінде генерал-губернатор да өз қызметін сәуір
айының басына дейін жалғастырды. Түркістан генерал-губернаторы 8 наурызда
жаңа үкіметтен нақтылы нұскау түскенге дейін облыстық, уездік деңгейдегі
лауазым иелеріне өз қызметтерін жалғастыра беру керектігін және қоғамдық
тәртіптің сақталуын қадағалауға жіті. көңіл бөлуді тапсырды
Өлкедегі мұндай жағдайға қарамастан патша өкіметінің кұлатылуы туралы
хабар жергілікті халық тарапынан зор куанышпен қарсы алынып, Уақытша үкімет
атына құттықтау жеделхаттары жолданып жатты. Мәселен, 1917 жылдың 7
наурызында Сырдария облысының 12 болысы атынан, ал 11 наурызда Қара бұлақ
ауылы тұрғындары атынан Уақытша үкіметке, Петроградқа құттықтау
жеделхаттары жолданып, онда қазақтардың жаңа үкіметке толық қолдау
көрсететіндігі және жаңа биліктің қазақтар мүддесін. қорғайтынына сенім
артатындықтары білдірілді [29].
Патша өкіметінің құлатылғаны туралы хабарды С. Лапин Термезде жүріп
естіп, сондағы халықтың зор қуанышқа бөленгенінің куәсі болды Наурыз айының
9 күні Термез тұрғындарының бейбіт шеруі өтіп, онда қала тұрғындары атынан
Мемлекеттік думаның Уақытша комитетінің төрағасына "Орыс халды өзіне ғана
емес, Ресейде тұратын барлық халықтарға да бостандық алып берді. Осыны
ескере отырып Ресейдің ең шеткі түкпірі болып табылатын Термездің
бұратаналары және осында борышын атқарып жатқан әскерилер Уақытша үкіметке
адал қызмет етуді және оған барынша қолдау көрсетуді өзіне міндет санайды.,
Ескі билік орындарыньң тез арада ауыстыратынына, олардың орнына халықты
бұратана және бұратана емес деп бөлмейтін, халық мүддесін мемекет
мүддесімен ұштастыратын өкіметтің органдары бой көтеретініне сенеміз" деген
мазмұндағы жеделхат жолданған болатын.
Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы
актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқығындағы діни
наным-сенімдеріне, ұлтына карай шектеушіліктер алып тастауы болды Ресей
тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілікті жойылды деп,
ұлттар тендігін қағаз жүзінде болсі да жария еткен бұл акт бүрыңғы бұратана
атанған езгідегі ұлттардың орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты.
Осы қаулы кабылданған күні Ә. Бөкейханов, М. Дулатов және М. Шоқай
"Алаш ұлына" атты мынадай мазмұндағы үндеу таратты: "Азаттық таңы атты.
Тілекке құдай жеткізді. күні кеше құл едік, енді бұл күн теңелдік. Қам
көңілде қаяудай атаман калған жоқ. Бізге осыңдай теңдік әперіп отырған орыс
халқының ақ жүрек адал ниетті көсемдері, орыс халқының жұмысшылары һәм
әскері. бұлар бостандық қан төгіп, жеңіп алды. Олардың бұл жақсылығы калай
қайтарамыз? Біз қазіргі әділ үкімет, азат Ресеймен бірлікте бір кемедеміз,
кемедегінің жаны бір. Ресейге бұрын жаны ашымайтын еді, қабырғамыз
қайыспайтын еді, енді орыс халқының өзімен тереземіз тең болған соң
жақсылығына сүйінеміз, жамандығына қүйінеміз. Жұрттың бәрі осылай бірігіп,
тізе қосып, қайрат қылғанда ғана азат халық бола аламыз. Соның үшін жаңа
үкіметке қолдай келген көмегімізді аямауымыз керек. Ұйымдасып, жаңа
үкіметтің қүшеюіне қызмет қылалық, кешікпей ашылатын Учредительное собрание
һәм Мемлекеттік думада бәйгеге қосылып, жүлде алып, халқьмыздың бақ-
берекесіне жол ашалық" [30].
1917 жылдың көктемінде ресми билікке оппозицияда тұрған Петроградтағы
жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің үндеуіне сәйкес жергілікті
жерлерде де мұндай ұйымдар бой көтере бастады. Ташкент қаласында 3 наурызда
жұмысшы депутаттар Кеңесі, 4 наурызда солдат депутаттарының Кеңесі. көп
ұзамай олар бірлесіп, жұмысшы және солдат депутаттарының Ташкент кеңесі деп
аталды. Оның жетекшілігімен Түркістан өлкесіндегі салалар мен ірі елді
мекендерде жергілікті жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері құрылып,
наурыз айының соңына дейін олардың өлкедегі саны 75-ке жетті. Кеңеске
сайланғандардың басым көпшілігі еуропалық нәсілдегі ұлттардың өкілдерінен
тұрды [31].
Жұмысшы және солдат депуаттары кеңестерінің құрылуымен бір мезгілде
Уақытша үкіметтің, жергілікті билік орындарының міндетін орындауға
талпынған 1 қоғамдық ұйымдардың атқару комитеттеріне сайлау жүрді. Мұндай
атқару комитеттеріне негізінен белгілі бір ұйым атынан ғана өкілдер
енгізілетін. Бұл өз кезегінде атқару комитеттеріне өлкеде тез ұйымдасқан
жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестеріне көп мүмкіндік беретін. Ал,
ешқандай ұйымдары жоқ жергілікті халық өкілдерін енгізе алмай, атқару
комитеттерінде өз мүдделерін қорғаудан құр алақан қалу жағдайының алдында
тұрды. ұлттық қоғамдық ұйымдарды құруға сол тұста жетекшілік ететін зиялы
азаматтардың; аздығы да сезілген болатын. Мұны "Бірлік туы" ;газетінде
жазылған мына бір жолдардың мазмұнынан да аңғаруға болады: "Ең алғаш.
өзгеріс болған уақытта Ақмешіт қазақтары бұл таныс болмаған жаңа бір жота
басшы табайық деп телеграмма үстіне телеграмма беріп Петербордан Мұстафа
Шоқайды, Термезден Сералы Лапинді, Самарқаннан Хұсан Ибрагимовты, мұғалім
Табанбаевты, Қазаннан. Серікбай Ақаевты, Әндіжаннан Қоңырқожа Қожықовты,
Қармақшыдан мұғалім Ибраһим Қасымовты шақырды".[32].
Перовск уезі қазақтарының жеделхатын алған С.Лапин 14 наурызда
Ташкентке келді онда Мүнауар Қари Әбдурашидханов, I. Қожаев, Т.
Нарботабеков, 3. Сарымсакқожаев секілді зиялы қауым өкілдерінің
ұйымдастыруымен Ташкенттің ескі шаһар бөлігінде өткен жергілікті
мұсылмандар жиналысына қатысты. бұл жиналысқа қатысушылар Уақытша үкіметке
және оның жүргізіп отырған демократиялық іс-шараларға қолдау танытатындығын
білдіріп, атқару комитеттеріне өз өкілдерін енгізу үшін бір ұйым құру
керекгігі жөнінде шешім қабылдады. Ол ұйым жиналыстың ұйғарымымен "Шуро-и-
ислам" ("Ислам кеңесі") деп аталатын болды. Осы жиналыста ұйымның 15
мүшеден тұратын басқармасы құрылып, оның құрамына Әбдуахит Кари, Мүнауар
Қари, Қ. Бабох оджаев, М. Жолдасқожаев, I. Қожаев секілді т.б.
қайраткерлермен бірге С. Лапин да сайланды Жиналыста "Шуро-и-ислам"
ұйымының бағдарламасы әзірленіп, оны уақытша мерзімге деп қабылдады.
Бағдарламада ұйымның мақсаты Түркістан өлкесі мұсылмандары арасында заман
талабына сай мәдени-ағартушылық, саяси-экономикалық бағыттағы іс-шараларды
жүзеге асыру; көздеген максатқа жету жолында мұсылмандарды бір бағдарлама
төңірегінде топтастыру Уақытша үкіметінің алдағы жоспарларымен өлке
тұрғындарын таныстыру; тұрғындарды Құрылтай жиналысына әзірлеу екендігі
аталып көрсетілді "Шуро-и-ислам" ұйымының төрағасы Мүнауар Қари, оның
орынбасары болып 2 Мемлекеттік думаның мүшесі Әбдуахит Қари сайланды [33].
Жиналыстың шешімімен "Шуро-и-ислам" ұйымына жақын арада бүкілтүркістандық
мұсылман съезін өткізуді ұйымдастыру жүктелді.
Құрамына өзбек, қазақ, татар және т.б. мұсылман халықтарының өкілдері
кірген "Шуро-и-исламның" "Нажот" ("Азаттық") атты баспасөз органын сәуір
айынан бастап шығару жолға қойылды. Сондай-ақ, көптеген қалаларда, соның
ішінде Черняевта, Түркістанда, Қазалыда, Әулиеатада бөлімшелері ашылды. Бұл
бөлімшелердің ашылуына С. Лапин да белгілі дәрежеде атсалысты. Мәселен,
наурыз айының 21 күні С. Лапин Черняевта "Шуро-и-ислам" ұйымының бөлімшесін
құруға қатысып, қала тұрғындарын осы ұйымға кіруге үндеді
"Шуро-и-ислам" ұйымының құрылуы Түркістан өлкесінің саяси өміріндегі
маңызды оқиға болды. Ол өлкенің орталығы Ташкенттегі саяси күштердің
жергілікті билік органдарын құрудағы арасалмағына өзгерістер әкелді. "Шуро-
и-ислам" ұйымының нығая түсуімен Ташкентте Петроградтағы секілді қос
өкіметтіліктің орнығуына тосқауыл қойылды Саяси аренада үш өкіметтіліктің
болуына, яғни Уақытша үкіметтің жергілікті органы, жұмысшы және солдат
депутаттарының Қеңестері және жергілікті халықтың мүддесін қорғауды
көздеген "Шуро-и-ислам" ұйымының қатар өмір сүруіне алып келді.
Ресейлік зерттеуші Г.А.Герасименко қосөкіметтілік жағдайында шет
аймақтарда қоғамдық ұйымдар саяси өмірге белсене араласып, бірден маңызды
мекемелерге айналды деген пікір білдіреді бұл пікірдің шындыққа жанасымды
екенін Түркістан генерал-губернаторының 19 наурызда Сырдария облыстық
әскери губернаторына берген нұсқауында: "Сіздің жұмысыңыз халықтың және
қоғамдық ұйымдардың қолдауынсыз түкке тұрмайды", - деуі айқындай түссе
керек.
С.Лапин наурыз айының соңына қарай Перовскіге келіп, онда ұлттық ұйым
құру ісіне жетекшілік етуге тырысып бақты. Алайда, бұл кезде Перовскіде
ұлттық ұйым құру ісі қиын жағдайда жүріп жатқанды. Бірлік туы" газеті бұл
туралы былай деп көрсетеді:"Өзге жұрттар өз көргендерге" үлгі боларлық өз
бетімен күн көрудің халіне жеткендігін көрсетіп отыр. Біздің казақ тым
болмаса, жаңа хүкіметтің көрсетіп берген жолына түсіп кете алмай, ауылнай
һәм облосной комитеттері сайлауына талас шығарып, былығып жатыр. Сол қалыпа
бағып, жұрттың шырқын бұзарлық партия жиятын жолына түсіп кетті. Жай, момын
бұқара халықтың надандығы бұлардың осы бұзақылықтарына жол беріп әуреде
жүр" Ақмешіт өңірінде қалыптасқан мұндай ахуал ондағы казақтардың бір ұйым
төңірегіңе топтасуға мүмкіндік бермеді. 26 наурыз күні Ақмешітте өткен
қазақтар жиналысында бір ауыздылық болмай қазақтар екіге жарылды Сөйтіп,
Ерәлі Қасымов төрағалық еткен Ақмешіт ұлттық кеңесі) мен С.Лапин жетекшілік
еткен Ақмешіт халық өкілдерінің кеңесі құрылды [34]. Ақмешіттегі, бұл
комитеттер жөнінде М. Шоқай өз естелігінде былай деп жазады: "Төңкеріс
хабары жеткен төңірегіндегі халық Ерәліні ұлттық комитеттің төрағасы етіп
сайлады. Ерәлі өзінің бітім болмысымен, төңкерістен, жалпы саясаттан өзін
аулақ ұстаған еді. Ол кезде Ақмешіт халқы төңкерісшіл-саясатшыл біреуді
іздеген күннің өзінде лайықты. біреуді табулары екіталай еді. Сондықтан да,
барлық тілмаштар Ерәліге қарсы бірікті. Бұл табиғи бір жайт-тұғын. Өйткені
олар ескі "көкелерінен", солар арқылы оңай олжалап үйренген байлықтан
қағылды. Мұндай арамтамақтар жаңа жағдайға, өзге шарттарға оңай көндіге
алмады. Сол себепті, олар, халықты өзін жаншыған бұрынғы Ресей үстемдігі
кұлаған соң, тілеулестерімен бірігіп, көксегенін жерден тауып беретін бір
күшті іздеуге кірісті. Ресей жергілікті жұмысшы-солдат өкілдерінің
кеңестері олардың іздегені бола кетті. Бүкіл қорсоқыр писарь мен тілмаш
атаулы сол кездегі Ақмешіт пен оның төңірегіндегі билікті қолына алған осы
кеңестерге қызметке кірді. Ал ұлттық комитет әлгі Кеңестердің көзіне біткен
сүйелмен бірдей еді. Сондықтан да оны жою қамына кірісті. Ұлттық Кеңес
болса, аз халықтың өз елін билеуге хақысы бар екендігін айтып, қарсы шықты.
Міне, осынысы үшін Ерәлі жұмысшы-солдат кеңесінің дұшпаны ретінде
көрсетілді. Ақмешіттің ұсақ тілмаштары Ерәліге карсы жүргізген сүрқия
әрекеттерінде өздерінен шені биік әлдекімдерден қолдау көрді. Ақмешіттегі
ұлттық кеңес Сералының соңынан жүрмеді. Сол себепті Сералы халық өкілдері
кеңесі дегенді шығарды. Уәдені үйіп төккен бағдарламасы бар бұл ұйымға
көңіл бөлгендер аз болды. Сералы аты аталып өткен Құсайын Ибраһимді де әлгі
ұйымға тартты. Ибраһим Ресей жұмысшы-солдат кеңесімен тығыз байланыс
орнатты. Екі жақтың да іздегені табылып, ауыз жаласты да қалды. Міне,
сөйтіп, бұлар Ресейде төңкеріс басталғаннан қүннен бері бізге,
түркістандықтарға өздерінің жиеркенішті бейнесімен танылды" [35].
Шын мәнісінде С.Лапиннің жетекшілігімен құрылған Ақмешіт халық
өкілдерінің кеңесі өзінің алдына жергілікті халықтың мүддесін қорғауды
бірінші кезекке қойған-ды. Өңірге ашаршылық кауіпі төніп тұрғанда халыкты
азық-түлікпен қамтамасыз ету жолдарын қарастырып, ұйым бұл істе жұмысшы
және солдат депутаттары Кеңесімен бірге әрекет ету кажет деп тапты.
Өйткені, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесі мүшелерінің басым көпшілігі
өңірге азық-түлік, тасымалданатын теміржол жұмысшыларынан тұратын
М.Шоқай сол кезде Ақмешітке келгенінде С.Лапинмен жолығып, одан
жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесімен жақындасуының, бұл істе
белсенділік танытқан Х.Ибраһиммен тығыз қарым-қатынаста болуының астарын
сұраған. Сонда алған жауабы жайлы М.Шоқай былай деп еске алады: "Сералы
Лапинмен өзімнің жеке ол кісі мені туған інісіндей жақсы көретін еді деуіме
болады. Тек саяси мәселеде біз бір-бірімізге жолай алмадық. Бір оңаша
кездескенімізде мен одан "ел арасында абыройынан айырылған Хұсан Ибраһиммен
соншалық араласуыңыздың жөні қайсы?" - деп сұрадым. Менің бұл сұрағыма
Сералы Лапиннің Зиновьев туралы: "Осындай жексұрын дуаналар сізге неге
керек?" - деген сұраққа: "Жарық болған кеменің тесігіне тығуға жаман жалба
да жарайды", деп жауап бергенін айтты. Демек, "жаман жалба" дегенде
революционер, марксист Ленин марксизм мен революциядан алыста, марксизмнің
нағыз дұшпаны біздің Сералымен бір пікірде болып шыққаны ғой. Екеуі де
саяси күрестің ашық жүріп жатқан елдерінде жаман жалбаны да пайдалануға
болады деп ойлайды екен" [36].
С.Лапин Перовскіде болған шағында жергілікті қазақтарды біріктіремін
деген ойын жүзеге асыра алмады. ұлттық кеңес, халық" өкілдерінің Кеңесі
және жұмысшы-солдат депутаттарының Кеңесі ымыраға келмей, өзара талас-
тартысын жалғастырып жатты. Мұны байқаған С.Лапин саяси жұмысты өлке
орталығында Ташкентте жүргізу керек деп шешіп, сонда кетті. Өзінің орнына
Х.Ибраһимді қалдырды. Осылайша Х.Ибраһим халық өкілдері кеңесінің төрағасы
болып шыға келді Көп ұзамай осы үш ұйым өкілдерінің атсалысуымен құрылған
уездік атқару комитетінің төрағасы болып Х.Ибраһим сайланды. Оның бүған қол
жеткізуіне жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің төрағасы Агапов
белгілі дәрежеде ықпал етті. Атқару комитетінде Х.Ибраһим мен Агаповтың
бірлесе қызмет етуі барысында халық мүддесі ескеріле бермегендігі жөнінде
"Бірлік туы" газетінің "Ақмешіт уезінен" деген бас мақаласында ашық
айтылған
Агапов басқарған солдат және жұмысшы депутаттарының Кеңесі Ташкенттегі
жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесіне арқа сүйеді, өз қызметін
солармен үйлестіріп отыруға талпынды 1917 жылы 6 наурызда Уақытша патша
үкіметтің шешімі бойынша Түркістан комитеті құрылды. Мұны "Шуро-и-ислам"
ұйымы Ақпан революциясынан кейінгі демократиялық өзгерістің жеңісі деп
бағалап, өлкеге Түркістан комитетінің мүшелері келгенге дейін ескі билік
органдарының чиновниктерін қызметтерінен кетіру жөнінде шешім кабылдады.
Бұл мәселені қарастыру мақсатында ұйым басқармасының бірнеше мәжілісі
өткізілді, соның 9 сәуір күні өткен мәжілісіне С.Лапин да қатысқан болатын.
Мәжілісте С.Лапиннің ұсынысымен патша; өкіметіне тыңшылық қызмет
еткендердің тізімі әзірленетін болды және бұл тізімдегілерді жазаға тарту
мақсатында Түркістан комитетіне өтініш білдірілетін болды.
С.Лапин Түркістан комитеті жергілікті халықтың мүддесін қорғауда ізгі
ниеттілік білдіріп, демократиялық процестердің өлкеге бойлай енуіне жағдай
калыптасты деп үміттенді. Оның мұндай үмітіне Түркістан комитетінің 9
мүшесінің төртеуі халық өкілдері, (Ә.Бөкейханов М.Тынышпаев, С.Н.Мақсұдов,
Ғ.Дәулетшін) болғаны әсер етсе керек. Түркістан комитетінің бұл мүшелерімен
С.Лапин бұрыннан таныс еді. Оның үстіне III Мемлекеттік дума мүшесі
С.Мақсұдовпен тығыз қарым-қатынаста болатын.
Түркістан комитетінің бұл мүшелерінен Ә.Бөкейханов Торғай облысы
комиссары болып тағайындалуына байланысты ол комитет жұмысына қатыса
алмады. Дегенмен, Түркістан комитеті жайлы Ә-Бөкейханов былай деп жазған-
ды: ескі өкімет қойған генерал-губернаторы ұсталып, абақтыға жабылып,
Петроградқа айдалып кетті. Жаңа уақытша .болған бостандық, туысқандык;
үкіметі Түркістан уалаятын басқаруға Түркістан комитетін сайлады. бұл
комитетке үкімет өзгеше менің атымнан іс қылсын деп берді. Түркістан
уалаятына бостандық,, құрдастық, туысқандық шырағында не қылатын болса,
Түркістан комитетіне ерік. Түркістан комитетіне сайланған кісілер: 4-ші
Г.Дума члені Н.Н.Щепкин: бұл кадет партиясының көсемі, шешен, ұлтшыл
Түркістан комитетінің басы, председателі. Қалған Түркістан комитетінің
кісілері: 1-ші Г.Дума члені Әлихан Бөкейханов, 2-ші Г.Дума члені Мұхамеджан
Тынышбай баласы, 3-ші Г.Дума члені Садри Мақсұдов, В.С.Ельпатьевский,
А.А.Липовский, П.Б.Преображенский, Б.А.Шкапский, генерал Ғабдолғазиз
Дәулетше баласы. Преображенский, Липовский Түркістанда туып, өскен.
Ельпатьевский мен Шкапский Түркістанды аралап көріп білген,. Түркістан
жайына қанық адамдар. Түркістан комитеті билейтін облыстар: Самарқан,
Сырдария, Ферғана, Жетісу, Закаспий һәм Бұхара, Хиуа хандықтары" [37].
М.Шоқай өз естелігінде Түркістан комитетіне жергілікті ұлттық демократиялық
күштердің көзкарасы туралы: "Біз үкімет комитетін ұнатпадық, бірақ оған
қарсы күрес жүргізгіміз де келген жоқ. Өйткені, біз үшін аса қауіпті күш
болып саналатын жұмысшы және солдат кеңесі үкімет комитетінің орнына көз
тігіп отыр еді. Сондықтан қызметімізде жағдайды өлшеп-пішіп, парасат
танытумен болдық. Үкімет комитетінің жұмысшы-солдат кеңесінен артықшылығы
(біз үшін) оның өкілдер жиналысын шақырмай ешбір мәселені толық шешіп
алмайтындығы еді" [38] — деп жазады. Түркістан комитеті мүшелері Ташкентке
келгеннің ертеңіне мемлекеттік құрылыс мәселесін тездету мақсатымен
Түркістан өлкесіндегі атқару комитеттері делегаттарының съезін шақырды. 9-
16 сәуір арасында жүрген бұл съезде Түркістан өлкесі облыстары мен Бұхара
және Хиуа хандықтарынан 171 делегат қатынасты. Қатарларында Г.Бройдо,
Махмуд Бехбуди, У.Қожаев, С.Лапин сияқты белгілі қайраткерлер бар съезд
делегаттары көп ұлтты өлкенің демократияға өтуінің күрделі мәселелерін жан-
жақты қарастырды[39].
Съездің алғашқы күннің жартысында Түркістан комитетінің төрағасы
Н.Н.Щепкин сөз алып делегаттарды комитеттің қызмет ету бағдарламасымен
таныстыра отырып, Түркістан комитетінің қызметі бостандыққа, теңдікке,
достыққа және өлкеде демократиялық принциптердің орнығуына негізделетінін
мәлімдеді. Ол комитеттің алдында мынадай екі үлкен міндет тұрғанын атап
көрсетті:1)облыстықтан ауылдық деңгейге дейінгі басқару аппараттарын құру,
олардың арасында үйлесімді қызмет етуді қалыпқа түсіру; 2) азық-түлік
комитеттерін ұйымдастыру. Уақытша үкіметтің өлкеде жіергілікгі билік
орындары жайында Н.Н.Щепкин: "Түркістан комитеті облыстық комиссарларды
тағайындайды. Облыстық комиссар өзіне қарасты территориядағы барлық билік
орындарының қызметін қадағалап, олардың қалыпты қызмет етуіне жауап береді.
Түркістан комитеті қасынан, сондай-ақ облыстық комиссарлар жанынан да
кеңесіп отыратын ұйым құрылады. Ол ұйымға өлкедегі барлық ұйымдардан
өкілдер кіретін болады", - деді
Н.Н.Щепкиннің және Түркістан комитетінің өзге де мүшелерінің өлкені
басқару жөнінде сөйлеген сөздері жергілікті зиялы қауым өкілдерін
демократиялық принциптердің жүзеге асуына күдікпен қарауға итермелей
бастаған-ды. Съезде М.Бехбуди мен С.Лапин сөз алып, Түркістан комитеті
мүшелерінің өлкенің ерекшеліктерін терең білмейтіндіктерін алға тартып,
олардың өз нұсқауларында ұлттық ұйымдардың ұсыныстарын басшылыққа алулары
керектігін, әйтпесе демократиялық бастамалар жай сөз ғана болып
калатындығын атап көрсетті Съезде Ресейдің болашақ мемлекеттік құрылыс
мәселесі қызу талқыланды. бұл мәселе бойынша құрамында" С.Лапин бар ұлттық
демократиялық күштер Ресейдің федеративті республика болуын барлық Ресей
халықтарына өзін-өзі басқаруға мүмкіндік берілуі керектігін жақтап шықты.
Делегаттар арасында федеративті құрылыс еңбекшілер мүддесін қорғауды
қамтамасыз ете алмайды, сондықтан мемлекетті жекелеген бөліктерге бөлудің
қажетігі жоқ деушілер де болды. Мұндай пікірді білдірушілер негізінен
жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің өкілдері еді. Олар: "Ресей
федеративті кұрылыстың енгізілуі мұсылмандарға пайдалы емес.Өйткені олар
өзін-өзі баскаруға әзір емес. Мұсылмандар автономия, ала қалса, прогреске
карсы тұрған ишандар мен молдалардың қолына түседі", - деген пікірді де
алға тартты.
Түркістанның жергілікті халықтарының мүддесіне қайшы келетін мұнай
пікірге ұлттық демократиялық күштер қарсылық танытты. С.Лапин өз сөзінде
Түркістан мұсылмандары өзін-өзі басқаруға даяр екендіктерін, олардың
арасында саяси істерді жүргізе алатын күштің бар екендігін мәлімдеп,
Түркістанға өзін-өзі билеу құқығының берілуін талап етеді. Оның сөзін
М.Бехбуди қолдай отырып, Түркістан халқының көне тарихы мен мәдениеті бар
екендігін, олардың көне замандағы жетістігі бүгінде адамзаттың асыл
қазынасына айналып отырғанын, әлемге танымал ғалымдарды бергенін алға
тартып, мұсылмандарды өзін-өзі билеуге даяр емес деушілердің пікірлері
ешқандай сын көтермейді деп мәлімдеді. Осындай пікірталастар нәтижесінде
съезде "Ресей жекелеген облыстарға автономиялы басқаруды қамтамасыз ететін
демократиялық республика болсын" деген каулы кабылданды. Съезде
Н.Т.Маллицкийдің Түркістан өлкесіндегі қалалардың өзін-өзі басқару жүйесін
реформалау туралы баяндамасын талқылауда қызу пікірталас туғызды.
Н.Т.Маллицкийдің ұсынысы бойынша қалалық өзін-өзі баскару жүйесі еуропалық
және жергілікті тұрғындардың мекемелерінен тұратын болып екіге бөлінген
еді. бұл өлкеде азшылықтағы еуропалық тұрғындардың мүддесін қорғау
мақсатында жасалған жоба болатын. Осыған орай, С.Лапин ұлттық зиялылар тобы
мұндай жобаға қарсы шығып, қала тұрғындарын еуропалық және жергілікті деп
бөлу ұлттық қайшылықтардың тууына алып келетіндігін айтты. С.Лапин калалық
өзін-өзі басқару жүйесі бір тұтас болу керектігін және оған мүшелер сайлау
барлық халықтардан пропорционалды болу керектігін білдірді. Мұндай пікір
съезге қатысқан З.Валиди тарапынан да білдіріліп, қалалық өзін-өзі
басқаруды еуропалық және жергілікті деп бөлу отаршылдық саясаттың көрінісі
деп бағаланды. Бұл мәселе бойынша сөйлеген М.Бехбуди біртұтас калалық өзін-
өзі басқару мекемесі өлкедегі түрлі ұлттардың бір-біріне жақындасуына,
олардың мәдениетінің дамуына игі ықпал жасайды деп мәлімдеп, қалалык өзін-
өзі басқару мекемесіндегі, яғни қалалық думадағы орынды үштен бірін
еуропалық нәсілдегі тұрғындарға беруді ұсынды [40]
С.Лапин осы съез жұмысы кезінде және одан кейін де Уақытша үкімет Түркістан
генерал-губернаторының орнына Түркістан комитетін қойғанымен өлкені
бұрынғысынша отаршылдық қүйде басқаруға ұмтылып отырғанына көз жеткізе
бастады. Бұған Түркістан автономиясы мәселесіне Уақытша үкімет пен
Түркістан комитеті төрағаларының көзқарастары елеулі дәрежеде әсер еткен-
ді. Түркістан комитетінің терағасы Н.Н.Щепкин Түркістан автономиясына
байланысты: "Ол 2-3 сағатта шешіле салатын жай мәселе емес. Түркістан
автономиясы мәселесі алдын-ала тексеру мен зерттеу жүргізуді көп уақытты
қажет етеді. Түркістанның бүгінгі жағдайы мұнда толық саяси автономия
енгізуге мүмкіндік бермейді", — деген пікірде болып Түркістанның ағылшындар
мен_ "француздардың отарлары секілді басқарылуын жақтаған еді Уақытша
үкіметтің төрағасы А.Ф.Керенский "Сіз Түркістанға қатысты қандай саясат
ұстанасыз, федеративті ме, әлде отарлық па?" деген сұраққа былайша жауап
берген-ді: "Түркістан өлкесі біздің пікірімізше уақытша болса да орыс отары
бола тұруы керек. Ондағы мұсылмандардың ұлттық және тайпалық ымыраға
келгеніне әзірге көз жеткізу қиын. Егер мұсылмандарға қазіргі жағдайда өзін-
өзі басқаруға мүмкіндік беретін болсақ, онда жекелеген тайпалар мен
рулардың билік үшін күресі етек алып, оның соңы қанды қырғынға ұласады.
Ондай қырғынды сырттан көмек келмейінше мұсылмандар өз беттерінше доғара
алмайды"
С.Лапин 1917 жылы Ташкентте 16-21 сәуір аралығында "Шуро-и-ислам"
ұйымының ұйымдастыруымен өткен Бүкіл-түркістан мұсылмандарының бірінші
съезіне қатысты. Оған өлкенің облыстарынан 150 делегат жиналған еді.
Съездің төрағасы құрамына М.Шоқай, У.Қожаев, Мүнауар Қари, З.Валиди,
С.Ақаев, Ә.Оразаев секілді қайраткерлермен бірге С.Лапин де енді. Съездің
қүн тәртібіне Уақытша үкіметке қатынас, Ресейдің болашақ мемлекеттік
құрылысы, Құрылтай жиналысына сайлауға әзірлік, жергілікті діни мекемелер,
медреселер мен вакуфтар, қаржы ісі, азық-түлік, жер-су, соғысқа көзқарас,
өлкелік мұсылмандар ұйымын құру, мамыр айында Москвада өтетін Бүкілресейлік
мұсылмандар съезіне делегаттар сайлау секілді мәселелер қойылды. Съезд
делегаттары Ресейдің мемлекеттік құрылысы мәселесін қызу талқылап, оның
барлық облыстарға, соның ішінде Түркістан өлкесіне де автономиялық деңгейде
өзін-өзі билейтін құқық беруді қамтамасыз ететін демократиялық республика
болуын қалайтындарын білдірген қаулы қабылдады. Уақытша үкіметке қатынас;
мәселесін талқылау барысында С.Лапин сөз алып, оған мұсылмандардың өзін-өзі
билеу құққығын қамтамасыз ету тілегін теріске шығармайтын болса ғана қолдау
көрсету керек деген ұсыныс білдірді. Делегаттар бұл мәселенің Құрылтай
жиналысында түпкілікті шешімін табатынын ескере отырып, Уақытша үкіметке
өздерінің қолдау көрсететіндігін танытты
Дін мәселесі бойынша С.Лапиннің ұсынысымен Түркістан өлкесінде өз
алдына бөлек діни басқарма құрылсын деген шешім қабылданды. С.Лапин өз
сөзінде патша өкіметінің дін істерін жергілікті әкімшіліктің қолына
тапсыруын нағыз әділетсіздік деп бағалады. Түркістанда өз алдына бөлек
мұсылмандық діни басқарманың, яғни мүфтиліктің құрылуы жөнінде 1914 жылы
мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының ұйымдастыруымен. өткен
бүкілресейлік мұсылман съезінде шешім қабылданып, соның аяқсыз қалмай,
жүзеге асуы тиістігін атап көрсеткен-ді.
Мамыр айында өткелі тұрған бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысу үшін
12 делегат сайланды. Сондай-ақ, осы съезде бүкіл Ресей мұсылмандарының
саяси іс-әрекеттерін үйлестіріп отыру мақсатында бір ұйым (Бүкілресейлік
мұсылмандар кеңесін) құру керекгігіне қолдаушылық білдірілді.
Съездің соңғы күнгі мәжілісінде өлкедегі түрлі мұсылмандық ұйымдарды
топтастырып, олардың іс-әрекеттерін бір арнаға түсіріп отыратын Түркістан
өлкелік мұсылмандары кеңесін құру туралы шешім қабылданды.
Түркістан өлкесі мұсылмандары кеңесінің төрағасы болып М.Шоқай,
хатшылығына З.Уәлиди, мүшелері қатарына Мүнауар Қари, М.Бехбуди, У.Қожаев,
Т.Нарботабеков, С.Лапин және т.б. сайланды.[41]
Қалыптасқан ахуал жағдайында Түркістан өлкесі мұсылман-дарының саяси
күштерін топтастыруға деген талпынысы маңызды оқиға болды. Бірақ та
жасалған мұндай қадамның онан әрі нәтижелі жүруі уақыт өткен сайын
қүрделене түсті. Мамыр айынан бастап Түркістанның қалалары мен ірі елді
мекендерінде мұсылман жұмысшы депутаттарының кеңесі, мұсылман
жұмысшыларының одағы секілді ұйымдар мен жергілікті халықтың кәсіп одактары
құрылып, өлке мұсылмандары арасында тар таптық мүддені басшылыққа алу
нысандары көрініс бере бастайды. Құрылған мұндай ұйымдарға өз кезегінде
жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері ықпал етуге тырысып бақты
[42].
Түркістан өлкесі мұсылмандарының кеңесі маусым айының орта тұсына
дейін қызметіне кірісе алмауына бұл жағдай да әсер еткен-ді.
1917 жылдың мамырында Сырдария облыстық жұмысшы-солдат депутаттары
кеңесі мей Ташкент жұмысшы солдат депутаттары кеңесінің біріккен съезі
өтті. Онда Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті билік орындарына кімдерді
тағайындау жөнінде жұмысшы-солдат депутаттары кеңесімен санаспауда деп
айыпталып ендігі жерде Түркістан комитетінің қызметіне қатаң бақылау орнату
жөнінде шешім қабылданды Мұнан соң жұмысшы-солдат депутаттарының кеңесі
Түркістан комитеті тағайындаған уездік комиссарларды мойындамай, олардың
орнына өздері комиссарлар сайлау ісін қолға алды. Мәселен, Түркістан
комитеті тағайындаған Черняев уезі комиссары Ивановты жұмысшы-солдат
депутаттары кеңесі мойындамайтынын білдіріп, оның орнына өз беттерінше
Кудрявцевті комиссар етіп сайлап алды.
Түркістан комитеті жұмысшы-солдат депутаттарының кеңесімен осындай
теке тіреске түскен шақта "Шуро-и-ислам" ұйымы да сырт қалмай, жұмысшы-
солдат депутаттары кеңесінің бассыздығына қарсы әрекет етуге көшті. Осы
мақсатта С.Лапинді Черняевқа аттандырды. С.Лапиннің ұйымдастыруымен Черняев
калалық "Шуро-и-ислам" ұйымы Ішкі істер министрі атына жұмысшы-солдат
депутаттары кеңесінің Кудрявцевті комиссар етіп сайлауы заңға да,
демократиялық принциптерге де қайшы келетінін айтып, оны тез арада орнынан
алып тастауды өтінген жеделхат жолдады Бұл жеделхат мазмұны "Туркестанские
ведомости" газетінде жариялануына орай Черняевтағы большевиктер ұйымының
арнайы жиналысы өтіп, онда: "1)тек демократиялық бұқараны бірлестірген
ұйымдар ғана осы бұқаранаың атынан сөйлеуге құқы бар; мұндай емес кез
келген ұйымның дауысы тек өзінің ғана дауысы болып саналады; 2)Черняевтағы
"Шуро-и-ислам" ұйымы қалалық ғана ұйым, оның Черняев уезіне ешқандай қатысы
жоқ; 3)Черняевтағы "Шуро-и-ислам" ұйымы реакциялық пиғылдағы, қанауға
дағдыланған бұрынғы "кұрметті" адамдардан құралған", — деген қарар
қабылдап, "Шуро-и-исламның" наразылығымен келіспейтіндігін танытты [43].
Жұмысшы-солдат депутаттары кеңесінің мұндай әрекеті астарынан
жергілікті халықтардың ұйымдарымен санаспаушылық пиғылы көрініс берді. Тек
орыс халқының өкілдерінен тұрған жұмысшы-солдат депутаттары кеңесінің
үстінен сол тұста жергілікті халық өкілдерінен көптеген шағымдар түсіп
жатты. Ол шағымдарда жұмысшы-солдат депутаттары кеңестерінің жергілікті
халыққа қоқан-лоққылық танытып, мүліктерін тартып алып жатқандығы
айтылатын. Мәселен, Ташкент сот палатасының, прокуроры И.Д Барановский
Түркістан комитетіне жолдаған мәлідемесінде Сырдария облысындағы жұмысшы-
солдат депутаттарының кеңесі жергілікті халық наразылығына жиі ұшырап
жатқандығын, ол наразылықтар кеңестердің революция атымен халыққа
қысымшылық көрсетуден туындап жатқанын атап көрсеткен
Түркістан жақсы таныс Г.Сафаров өзінің еңбегінде жұмысшы-солдат
депутаттары кеңестерінің мұндай әрекеттерге бару себебін былайша дәл басып
көрсеткен: "Мұнда өкімет өз қолымен ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Сералы Лапиннің 1917 жылғы ақпан революциясына дейінгі өмірі мен қызметі
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Ташкент қаласының қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани өміріндегі маңызы (хіх ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегі)
СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖАҒДАЙЫНДА АЛАШТЫҚ ИДЕЯНЫ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ
Мұхаметжан Cералин (1871— і929)
Мұхамеджан Сералиннің шығармашылығы
Мұстафа Шоқайұлының қоғамдық –саяси қызметі
Ордабасы қой тұқымының өсіп-жетілуі ерекшеліктері_
Стевия интродукциясы мен оның ғылыми-практикалық маңызы
ХІХ ғасыр әдебиетінің майталман ақыны Базар Оңдасынұлы.
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь