Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ №1
Тобы : ВС - 403
Орындаған : Жансолтанова А. А
Тексерген : Мурзалимова А. К.
2015
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері
2) Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы
3) Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Экология - организмдердің арасында болатын қарым қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар, табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс - әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ
Экология биология ғылымының бір саласы болып табылады. Жеке ғылым ретінде экология шамамен 1900ж. қалыптасты. Алғаш « экология» сөзін 1қаңтарда 1858ж. Генрих Дэвид Торо қолданған.
«Экология» термині ғылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э. Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағына береді. Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу».
Ч. Дарвин бойынша: «Экология-табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастар, тіршілік үшін күрес ретінде қарастырылатын ғылым».
Ф. Клементс (АҚШ) 1920 ж. Экологияны қауымдастық туралы ғылым деп атады.
Ч. Элтон (Ұлыбритания) 1937 ж. Экологияны жануарлардың социологиясы мен экономикасына қатысты, табиғи тарих ретіндегі ғылым деп анықтады.
Х. Б. Одум (АҚШ) 1959ж. Экологияны табиғаттың құрылымы мен қызметін зерттейді деп атады.
20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 - 40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды.
Экология ғылымдарының қалыптасуын төмендегідей кезеңдермен қарастыруға болады.
Биологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең 18 ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мыс: Ж. Б. Ламарк (1744-1825), Л. И. Лепехин (1770-1802), Р. Ф. Рульс(1814-1858), И. А. Северцов (1827-1885), Ч. Дарвин (1807-1882), В. В. Докучаев (1846-1903) т. б. табиғат зерттеушілер, биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде ғылыми зерттеулер жүргізіп экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы кезде жарық көрген Ж. Б. Ламарктың «Жануарлар мен өсімдіктердің эволюциясы», Ч. Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі» т. б. еңбектері экология ғылымының негізін қалаған еді
Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезеңде шетелдік ғалымдармен қоса орыс ғалымдарының еңбектері шыға бастады. Бұл кезең 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтсақ Мәскеу университетінің ғаламы И. А. Северцов, Н. А. Наумов т. б. В. И. Вернадскийдің «Биосфера туралы ілімі» т. б. ғылыми еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын.
Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология -бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қарайтын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсті. Экологияның жаңа саласы бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілді.
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Биоэкология : аутэкология, синэкология, популяциялық экология, биогеоценология, ғаламдық, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер, су ағзалары.
Геоэкология: құрлық, тұщы су, теңіз, жоғары таулы
Адам экологиясы:
қала экологиясы, халықтар экологиясы, экологиялық сәулет.
Әлеуметтік экология:
жеке адам экологиясы, адамзат экологиясы, мәдениет экологиясы, этноэкология.
Қолданбалы экология: өнеркәсіптік, технологиялық, ауыл шаруашылық, медициналық, кәсіпшілік, химиялық, реакрациялық, геохимиялық, табиғатты пайдалану.
Аутэкология жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастарды
оның табиғи ортасымен байлапыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Жеке организмге табиғат факторлары қалай өсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялық қасиеттері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орнына, рөлі мен маңызына, айнала қоршаған ортаның өзгерісі, тазалығы, ластанудеңгейі, маусымдық өзгеруі мен адамның іс-әрекеті туралы практикалық маңызына жан-жақты сипаттама беріледі.
Демэкология - бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрыптіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық қүрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы, т. б. ) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.
Эйдэкология - түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі түрғысында қарастырады. Өйткені, особь, популяция белгілі бір нақты түрдің өкілдері. Сондықтан эйдэкология, особь, популяция, түр, биоценоз-биогеоценоз (экожүйе) - биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар жүйесі бойынша зерттеулер жүргізеді.
Синэкология - бірлестіктер экологиясы (биоценология) ретінде әр түрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микро-организмдер) жиынтығын біртүтас организмдер деңгейінде зерттейді. Организмдер бірлестіктерінің калыптасуы, қүрылымы, динамикасы, қарым-қатынастар, энергия және зат алмасулар, сандық және сапалык озгерістер, биологиялық өнімділігі мен бірлестіктердің түрақтылығы і уралы жан-жақты мәселелер қаралады.
Геоэкология - экологиялық жүйелерді биосфералық деңгейде қарастырады. Қүрлық пен дүниежүзілік мүхиттардағы экожүйелер, ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, географиялық ландшафтар бойынша экожүйелердің қүрылымы, бірлестіктері, түрақтылыгы, кеңістік пен уақытқа қатысты өзгсруі, экожуйелер өнімділігі, агро және антропогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы зерттеулер жиынтығы.
Ғаламдық экология - табиғи және табиғи іс-әрекетінен туындайтын биосфсра шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзғерістер мен кұбылыстарды зерттейді. Мәселен, ядролық қауіп-қатер, экологиялық апаттар, әлемнің климаттық ауыткуы, шөлейттену, жаппай қырып жоятын қарулар, қатерлі эпидемиялар т. б. Осы бағыттағы ірі-ірі бүкіл әлемді (ғаламды) қамтитын проблемаларды қарастырады.
Адам экологиясы - ауыл, село, қала түрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық жәнс халықаралық карым-қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральдық жағынан парасаттандыру, адамдарды экологиялық қүқық қорғау жәис этнозкологиялық проблемаларды жап-жактьі зерттсу. Жер шары түргығдарының экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарын іздестірсді.
Әлеуметтік экология - табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын "табиғат + адам + қоғам" жүйесі негізінде зерттейді.
Өнеркәсіптік экология - өнеркәсіптік нысандардың тірі ағзаларға және қоршаған орта жағдайларына әсерін зерттейді.
НООЭКОЛОГИЯ -- адам, табиғат , қоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және экологиялык жағдайларды, қарым- қатынастарды бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты ақыл-ойымен шешуді қамтамасыз етеді. Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең жоғарғы дәрежедегі жаңа технологиясын жасау, планетадағы адамзат қауымын азық-түлік, энергия жәнс шикізатпсн камтамасыз ету, халықтар мен ұлттар арасындағы достықты, ауызбіршілікті қалыптастыру, этноэкология, экологиялық білім мен тәрбие, мәдениет, мораль, қүқық, т. б. Адам мен биосфера шегіндегі түрақты дамудың адами жоспарларын жасап, оны жүзеге асырудың жолдарын іздестіреді.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
Қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық ұйымдар құрылған.
ВВФ (Всемирный фонд дикой природы (англ. World Wildlife Fund , сокр. WWF; ) - ғаламшар тоғайларын қорғаудың халықаралық интернационалды жастар қоры; 1961 жылы 11 қыркүйекте құрылған. Негізгі мақсаты: табиғи байлық көздерін сақтау. Символы - панда. Негізін қалаушы: Джулиан Хаксли, Макс Николсон, Питер Скотт, Гай Монфорт.
Гринпис («Жасыл әлем») - Бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау ұйымы. 1970 жылы кұрылған. 17 мемлекетте топтары бар, 2, 5 млн адам мүше.
ФАО ( Продовольственная и сельскохозяйственная организация ООН (ФАО) (англ. Food and Agriculture Organization, ) - Біріккен Ұлттар Ұйымының ауыл шаруашылық және азық-түлік проблемаларымен айналысатын органы. Өзінің тікелей міндетінен басқа жануарлар дүниесі мен ормандарды қорғау ісімен және қоғамдық табиғатты қорғау ұйымдары мен ұлттық парктердін қызметкерлерінің білімі мәселесімен айналысады. 1945 жылы 16 қазанда құрылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz