ЭЕМ-нің құрылғылары,құрамы және қызметі


Қазақстан Республикасының Білім жане Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: 1. ЭЕМ-нің құрамы, қызметі жане жіктелуі

2. ІВМ РС дербес компьютері жайлы негізгі мәліметтер

Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер

Орындаған: Айтмуратова Н. Н

Тексерген: Кайсанов С. Б

Тобы: ВС-505

Семей 2015ж

Кіріспе

Жоспар:

I. ЭЕМ-нің құрылғылары, құрамы және қызметі

II. ІВМ РС дербес компьютері жайлы негізгі мәліметтер

III. Алгоритмдік тілдер ұғымы

Қазіргі кезде дербес компьютерлер (ДК) көптеп таралуда. Дербес компьютерлер-деп аталуының себебі, ол бір ғана адам жұмыс істеуге арналған. Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылғыларының бір-бірінен өзгешеліктері аз.

ЭЕМ деген - арифметикалық және логикалық амалдар тобын автоматты түрде орындауға, әр түрлі есептеу жұмыстарын орындауға арналған құрылғы.

ЭЕМ-нің ішінде жұмыс атқаруға қолайлы түрі- дербес компьютерлер бар. Кез келген компьютер бірнеше құрылғыдан (блоктардан) тұрады. Олардың ішінде жүйелік блок, монитор(экран), пернетақта бар, ал оларсыз жұмыс атқару мүмкін емес. Басқа құрылғылар пайдалы міндеттер атқарады, бірақ оларсыз да компьютер өз жұмысын атқара алады.

Монитор. Дисплей - компьютердің экранына информация шығаруға арналған құрылғы. Сыртқы пішіні жағынан дисплей түрлі түсті телевизордың экранынан аумайды, сондықтан оны көп жағдайда монитор деп те атайды. Дисплейді адамға информация беріп отыратын компьютердің тілі деп қарауға болады. Дисплей электонды-сәулелік трубкадан, оны қоректендіруші (питание) блоктан және сәулені бағыттап отыратын электрондық блоктан тұрады. Дисплей символдық болса, онда экранда символдық информация, ал графиктік болса, онда символдық информациялардан өзге мониторда график және сурет орналастыруға болады. Монитор түрлі түсті немесе монохромды болуы мүмкін. Монитор экранында кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелер (егер монитор түрлі түсті болса) тобынан немесе сұр нүктелер тобынан (егер монитор монохромды болса) тұрады. Ол нүктелерді әдетте пикселдер деп атайды. Түрлі түсті мониторда әр пиксел қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялғакн кішкентай үш нүктеден тұрады. Тік және жатық жолға орналасқан пикселдер саны монитордың мүмкіндігін көрсетеді. Монитор экранына орналасқан пикселдер саны қанша көп болса, монитордың шешуші мүмкіндігі жоғары болады.

Бірінші түрлі түсті монитор 1982 жылы жасалды, оны CGA-640х200 пикселді монитор деп атайды. Ал 1984 жылы EGA-640х350 пикселді монитор пайда болды. Қазіргі компьютерлерде VGA-640х480 немесе SVGA (80х600 ден 1248-1024) мониторлары орналастырылған.

Қазіргі дисплейлердің басты бөлігі (ЭСТ) электронды-сәулелік трубка (ЭЛТ-электронно-лучевая трубка) болып табылады. ЭСТ-іші люминоформен сыланған тіктөртбұрышты экрана бар тар әйнек цилиндрден тұрады. Трубка ішінде Электрондық пушка (зеңбірек) болады, ол электронды ағынан өте жоғары жылдамдықпен шағылыстырады да, экран бетінде олардың бейнесі - көрініс пайда болады. Ондай дисплейлердің пикселдері люминецираланатын заттармен жабылады да, пушка жіберетін электронды сәуле әсеріне тәуелді түрлі түсті болып көрінеді. Сәуле пиксел торлары бойынша периодты түрде жылжып, жол торларының түстерін өзгертіп отырады, яғни көрінетін нүктелерге суәле түседі, ал көрінбейтін нүктелерде секундына 50-60 рет қайталанып, оған периодты түрде із салып (сканировать етіп) отырады. Бұндай қайталанудың салдарынан көріністің өшіп-жанып тұрғанын адам сезе алмайды да, көрініс қимылдайтын тәрізді көрінеді. Монохромды мониторда сәуле түскен нүктелер ақ түспен, ал сәуле түспеген нүктелер (пикслдер) қара түспен боялады. Түрлі түсті дисплейді электрондық пушка үш сәуле жібереді, олар тек бір түсті ғана береді, ол үш нүктелер бір-біріне ғанак береді; ол үш нүктелер бір-біріне өте жақын орналасқандықтан; біз оны бір нүкте сияқты көреміз. Қызыл, жасыл және көк түстердің араласуынан экранда түрлі түсті палитра пайда болады.

Экран алдында көп отыруға болмайды, себебі: көз тез шаршайды, дисплей жұмыс атқарып тұрғанда электро-магниттік және ультрокүлгін сәуле бөлініп отырады. Сәулелену деңгейін азайту мақсатында қазіргі компью-терлердің экранына шымылдық немесе сақтаушы фильтрлер қояды, ең жақсысы жерге қосылған әйнек пластинкасын пайдаланған жөн.

  • Пернетақта. Пернетақта - компьюрге информация енгізуге арналған құрылғы. Ондағы әріпті және цифрлі пернелер арқылы компьтерге кез келген информация-ларды енгізуге болады. Қазіргі компьютерлердің тақтасында 101 немесе 102 перне болады. Бірнеше түрі болады:
  • Символдық пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Олардың көмегімен кез-келген алфавитті-цифрлық информацияларды компьтерге енгізеді. Бұл бөлікте латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және басқа да смволдар роналақан.
  • Функционалдық пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолға орналасқан. Олар латынның F (F1, F26 … F12) әріпімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютерде күрделі амалдарды тез орындауға арналған. әр түрлі тілдегі программаларда тез орындауға арналған. Әр түрлі тілдегі программалар олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы, Бейсик тілінде F1-F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады.

ЭЕМ-нің құрамы: Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та, олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:

1. Орталық процессор;

2. Енгізу құрылғысы;

3. Есте сақтау құрылғысы;

4. Шығару құрылғысы.

Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессорлар деп аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемалар жиынынан тұрады.

Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.

Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған.

Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.

ВМ дербес компьютерінің негізгі блоктары

Әдетте ІВМ дербес компьюте І рлері мынадай бөліктерден тұрады:

Жүйелік блок

-Мәтіндік және графикалық информацияны кескіндеуге арналған монитор немесе дисплей

-Әртүрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған перне тақты немесе пернелік

Компьютердегі ең негізгі құрылғы- жүйелік блок, оның ішіне ДЭЕМ- нің басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блогы құрамында микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтаушы құрылғы, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары және мәлімет жинақтауыштар бар.

Бұлардан басқа компьютердің жүйелік блогына мынадай құрылғыларды қосуға болады:

  • мәтіндік және графикалық информацияларды басып шығаруға арналған принтер
  • графикалық курсормен басқарылатын құрылғы- “тышқан” графикалық қолтетігі
  • джойстик- компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік
  • графиксызғыш немесе плоттер - сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы;
  • сканер (ізкескіш) - графикалық немесе мәтінді информацияларды оқуға арналған оптикалық құрылғы;
  • CD-ROM - компакт-дискілерді оқуға арналған құрылғы, ол қозғалатын бейнелерді, мәтіндерді және дыбыстарды шығару үшін кеңінен пайдаланылады;
  • модем - телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен информация алмасуға арналған құрылғы;
  • стример - мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы;
  • желілік адаптер компьютерді жергілікті (торапта) қолдануға мүмкіндік береді.

Сонымен, ДЭЕМ-нің негізгі құрылғыларына процессор, жад (жедел және сыртқы), сыртқы құрылғыларды қосу және мәліметтерді жеткізу құрылғылары жатады. Енді компьютерге кіретін немесе оған қосылатын әртүрлі құрылғылардың сипаттамаларын қарастырайық.

Микропроцессор

Микропроцессор деген-бір криталда дайындалған (үлкен) интегралдық темелар - БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ жасауға керекті элемент болып табылады. Оны әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп программалауға болады, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы ролінде қолдануға болады. Микропроцессерге жедел және тұрақты жад, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады.

IBM тәрізді компьютерлерде INTEL фирмасының және басқа да фирмалардың бір-біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады.

Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде), яғни оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші - мегагерц - МГц бірлігімен берілген тактылық (қадамдық) жиілігінде жатыр. Бұған дейін кең тараған модельдерге Intel-8088 (~5 МГц), 80286 (~20 МГц), 80386SX (~25 МГц), 80386DX (~40 МГц), 80486 (100 МГц-ке дейін), Pentuim (75 МГц-тен жоғары), Pentuim-Pro (~300 МГц-тен жоғары), PentuimІІ, PentuimІІІ (800 МГц-ке дейін), және PentuimІV (1000 МГц-тен жоғары) жатады, бұл тізім олардың жұмыс өнімділігі мен соған сәйкес боғасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген. Кейде конструкциялық ерекшеліктеріне қарай бір модеоьге кіретін прцессорлардың жиіліктері әртүрлі бола береді - жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да өсе түседі.

Intel 8088, 80286, 80386 тәрізді бұрын шыққан микропроцессорладың аралас сандар мен амалдарды жылдам орындайтын арнаулы командалары жоқ, сондықтан олар жұмыс өнімділіктерін арттыратын қосымша математикалық сопроцессорлармен (Turbo режимы) жабдықталады.

Компьютерлер алып жүруге ыңғайлы вариантта да жасалады (Laptop немесе Note book) . Мұндай ЭЕМ-дерде жүйелік блок, монитор және пернелік бір қорапта жасалған: жүйелік блок пернелік астында, ал монитор пернеліктің қақпағы түрінде жасалған.

ЭЕМ-нің жедел жады

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесн ЭЕМ-нің жедел жады (RAM), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. өңделуге тиісті кезкелген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады.

Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәләметтер мен программалар сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискінен жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады. Жедел жадта информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немес еэлектр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.

Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не мегниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1, 44 Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1 килобайт) =1024байт, 1Мб (1 мегабайт) =1024кб, ал венчестер деп аталып жүрген қатты дискіде 1000-1Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып сақталады.

Әдетте IBM PC XT (бұрынғы модель) компьютерлерінің жедел жадының көлемі 640 кб, IBM PC AT үшін - 1 Мб-тан жоғары, ал олардың жоғарғы модельдері 1-ден 16Мб-қа дейін, бірақ оның көлемі 32 Мб не одан да жоғары бола береді - жедел жадтың көлемін оның негізгі тақшасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады.

Компьютердің жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жады бар, ол өзгертілмейтін информацияны сақтайды, ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады. Әдетте тұрақты жадтың көлемі шағын 32-64кб шамасында. Тұрақты жадқа керектеі программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді ток көзіне жалғаған кезде оны тексеріп іске қосу үшін қажет.

Сыйымдылығы 1Мб немесе одан жоғары болып келетін компьтерлердің жедел жады екі бөлімнен тұрады - алғашқы 640кб қолданбалы программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны төмендегідей мақсаттарға пайдаланылады:

  • операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін және компьтердің жұмысқа жарамдылығын тексеретін операциялық жүйенің бөлігін сақтауға, сондай-ақ төменгі деңгейдегі қарапайым енгізу-шығару жұмыстарын орындау үшін;
  • экранға кескіндерді беру үшін;
  • компьютердің қосымша құрылғылары мен бірге жүктелетін операциялық жүйелердің әртүрлі кеңейтілген мәліметтерін сақтау үшін қажет болады.

Жедел жадтың көлемі туралы сөз болғанда, оны бірінші бөлігі туралы айтылады, ал ол кейбір программаларды орындауға жеткіліксіз болып қалады. Міне, осындай сәттерде компьютердің жедел жадының кеңейтілген бөлігі (extended) мен қосымшасы (expanded) пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭЕМ-нің қызметі, құралы және жіктелуі
Эем-нің қызметі,құрамы және жіктелуі. Дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер
ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі. IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер
Дербес компьютерлер
ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі
Дербес компьютердің құрамы
IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер. Aлгоритмдік тілдер туралы мәліметтер. ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі
Компьютердің құрылымын және оның даму тарихын, принциптерін зерттеу
ЭЕМ-ң архитектурасы
ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz