Өнімнің өзіндік құнын төмендету, рентабельділікті арттыру әдістері



Кіріспе
1 Негізгі бөлім
1.1 Өнімнің өзіндік құны
1.2 Өнімнің өзіндік құнын төмендету
1.3 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Нарықтық қатынастар жағдайында ауқымды сипатқа ие болып отырған, басқару мәселелерін шешудің қажеттілігі мен оның өткірлігі республиканың барлық экономикалық субъектілерінің басты мәселесі болып табылатына ешбір күмән жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, өндірістік-шаруашылық жүйесіндегі өндіріс шығындарының есебі мен аудитіне және талдауға басқарудың басты құралы айрықша орын беріліп отыр. Себебі, қатаң бәсекелестік күрісте табыс пен ұйымның қызмет етуін сақтап қалудың басты факторы болып өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құны туралы дер кезінде және сенімді ақпараттар қажет болады. Ал, бұл өз алдына өнімнің сапасы мен өнідірістің тиімділігін, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіру жолдарын іздестіруге, өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін анықтауға толық мүмкіндіктер береді
Өндіріске жұмсалған шығындар мен өткізу шығындарының құрамын және олардың есебін дұрыс қалыптастырудың маңызды екендігі белгілі. Өнімдерді өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында жұмсалатын шығындардың негізгі бөлігін құрайтын материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға тек алынатын табыстың мөлшері ғана емес, сондай – ақ табысқа салынатын салық, ұйымның өміршеңдігі және басқа да аспектілер тәуелді.
Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтық экономика қоғамды ресурстармен оңтайлы қамтамасыз етудегі маңызды шарт - бәсеке саясатын жүргізуді негізге алады. Бәсекеге қабілетті ұйымға өзінің өндірістік ресурстарын экономикалық тұрғыдан қолайлы пайдаланатын, әрі одан пайда ала білетін ұйым жатқызылады.
Бүгінгі күні отандық өндірістік есептің нарықтық экономиканың талаптарына, ұйымды басқарудың экономикалық әдістерінің талаптарына біртіндеп бейімделуі жүріп жатыр, бірақ оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін ұйымдастыру және әдістемелік тұрғыдан тыңғылықты дайындалу талап етіледі.
Нарықтық қатынастар жағдайында өндіріс шығындарын, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құндарын және кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін қалыптастыру тәртіптері бухгалтерлік есеп тәжірибесі мен әдістемесінің маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.
Нарықтық экономикадағы бәсекелестік пен баға саясатының еркін даму мүмкіндіктеріне қарай, табыс деңгейіне әсер етуші факторы ретінде және басқарудың негізгі құралы ретінде өзіндік құнның рөлі арта түсуде.
Өнімнің өзіндік құны туралы түсініктер осыған дейін де қазіргі уақытта да экономистер мен ғалымдардың еңбектерінде айтылып келеді. Солардың бірі А.П. Бортниковтің пікірі бойынша “…өзіндік құн – бұл кәсіпорынның өнімді өндіру және сатуға байланысты ағымдағы шығындардың ақшалай нысанындағы көрінісі”. Дегенмен де, мұндай анықтама зерттеп отырған категорияның жан-жақты, жеткілікті мазмұнын аша алмайды, ол тек өзіндік құнның пайда болу түріне түсініктеме береді.
1. Әбдікерімова, Г.И. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы .-Алматы: Экономика, 2008.- 367 б.
2. Кайкен, Ж.Б. Кәсіпорын экономикасы: ОӘК мамандықтары 050506, 050507, 050508, 050509, 050510 студенттеріне арналған- Семей, 2008.- 92 б.
3. Калдыбаев, М.М. Кәсіпорын экономикасы: пәнінен ОӘК 050712 мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін.- Семей, 2006.- 75 б.
4. Мейірбеков, А.Қ. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2003.- 252б.
5. Ниязбекова, Р.Қ. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы / Р.Қ. Ниязбекова; Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева.- Алматы: Экономика, 2008.- 791 б.
6. Қуатова, Д.Я. Кәсіпорын экономикасы: Практикум.- Алматы: Экономика, 2006.- 106б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері.

Орындаған:Нұржанқызы Г.
Тексерген: Нуралина К.Т.

Семей қ. 2015 ж

Мазмұны

Кіріспе
1 Негізгі бөлім
1.1 Өнімнің өзіндік құны
1.2 Өнімнің өзіндік құнын төмендету
1.3 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Нарықтық қатынастар жағдайында ауқымды сипатқа ие болып отырған, басқару мәселелерін шешудің қажеттілігі мен оның өткірлігі республиканың барлық экономикалық субъектілерінің басты мәселесі болып табылатына ешбір күмән жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, өндірістік-шаруашылық жүйесіндегі өндіріс шығындарының есебі мен аудитіне және талдауға басқарудың басты құралы айрықша орын беріліп отыр. Себебі, қатаң бәсекелестік күрісте табыс пен ұйымның қызмет етуін сақтап қалудың басты факторы болып өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құны туралы дер кезінде және сенімді ақпараттар қажет болады. Ал, бұл өз алдына өнімнің сапасы мен өнідірістің тиімділігін, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіру жолдарын іздестіруге, өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін анықтауға толық мүмкіндіктер береді
Өндіріске жұмсалған шығындар мен өткізу шығындарының құрамын және олардың есебін дұрыс қалыптастырудың маңызды екендігі белгілі. Өнімдерді өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында жұмсалатын шығындардың негізгі бөлігін құрайтын материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға тек алынатын табыстың мөлшері ғана емес, сондай - ақ табысқа салынатын салық, ұйымның өміршеңдігі және басқа да аспектілер тәуелді.
Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтық экономика қоғамды ресурстармен оңтайлы қамтамасыз етудегі маңызды шарт - бәсеке саясатын жүргізуді негізге алады. Бәсекеге қабілетті ұйымға өзінің өндірістік ресурстарын экономикалық тұрғыдан қолайлы пайдаланатын, әрі одан пайда ала білетін ұйым жатқызылады.
Бүгінгі күні отандық өндірістік есептің нарықтық экономиканың талаптарына, ұйымды басқарудың экономикалық әдістерінің талаптарына біртіндеп бейімделуі жүріп жатыр, бірақ оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін ұйымдастыру және әдістемелік тұрғыдан тыңғылықты дайындалу талап етіледі.
Нарықтық қатынастар жағдайында өндіріс шығындарын, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құндарын және кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін қалыптастыру тәртіптері бухгалтерлік есеп тәжірибесі мен әдістемесінің маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.
Нарықтық экономикадағы бәсекелестік пен баға саясатының еркін даму мүмкіндіктеріне қарай, табыс деңгейіне әсер етуші факторы ретінде және басқарудың негізгі құралы ретінде өзіндік құнның рөлі арта түсуде.
Өнімнің өзіндік құны туралы түсініктер осыған дейін де қазіргі уақытта да экономистер мен ғалымдардың еңбектерінде айтылып келеді. Солардың бірі А.П. Бортниковтің пікірі бойынша "...өзіндік құн - бұл кәсіпорынның өнімді өндіру және сатуға байланысты ағымдағы шығындардың ақшалай нысанындағы көрінісі". Дегенмен де, мұндай анықтама зерттеп отырған категорияның жан-жақты, жеткілікті мазмұнын аша алмайды, ол тек өзіндік құнның пайда болу түріне түсініктеме береді.
Г.А. Соколовская, өнімнің өзіндік құнын ресурстарды үнемдеу деңгейі деп сипаттайды. Өзіндік құнның мұндай түсінігімен де толық келісуге болмайды, өйткені ол көрсеткіш өзіндік құн мазмұнының өзіне қарсы келеді. Өзіндік құн кәсіпорынға қандай да бір өнімнің өндірісі қаншаға шығатынын көрсетеді, яғни өндірістік шығындардың белгілі бір деңгейін сипаттайды. Ал, ресурстарды үнемдеу деңгейі өндіріс процесіне жұмсалған өндірістік құралдар мен жұмысшы күшінің көлемін білдіреді.
Өнімнің өзіндік құны ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттайтын негізгі экономикалық көрсеткіштердің бірі бола отырып, кәсіпорын табысының қалыптасуына, қорлар мен резервтердің жасақталу деңгейіне ықпал етіп қана қоймайды, сонымен бірге салық салу жүйесіне де әсерін тигізеді. Өндіріс шығындары мен өзіндік құн жөніндегі мәліметтер бұрын бухгалтерлік есеп жүйесінде жинақталып, өзінің мазмұнына қарай орталықтанған басқару экономикасының талаптарына жауап бергендiктен, мемлекеттік орталық бағаландыру мақсаты үшін өндіріс процесіне жіберілген барлық шығындар туралы және өнімнің жалпы өндірістік (нақты) өзіндік құны туралы ақпараттарды алумен шектеліп отырды.
Ал нарықтық қатынастар жағдайында өнімнің бағасы нарықта қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс механизмдері арқылы айқындалады. Соған байланысты ұйымдар өнімнің өзіндік құнына енгізілетін шығындар тізбесін отандық бухгалтерлік есеп стандарттары мен халықаралық қаржылық есеп стандарттарының әдістемелік ұсынымдарына сәйкес өздері белгілеу керек.
Өнімнің өзіндік құны объективтік көрсеткіш болып саналады және ол қандай да бір нормативтік актілердің мазмұнына тәуелді болмайды және оның мазмұны бірнеше экономикалық ұстамдарға негізделіп анықталады, яғни өнімнің өзіндік құны ұйымның өндірістік қызметімен байланысты болуға тиісті, яғни өнімнің, жұмыс пен қызметтің өзіндік құндарына өндіріс процесімен байланысты шығындар енгізіледі. Өндiрiстiк қызметке қатысы жоқ шығындар өндірістік емес шығындар категориясына жатқызылып, өзіндік құнның құрамына қосылмайды.

1.1 Өнімнің өзіндік құны
Өнімнің өзіндік құны - кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы. Шығындардың өндіріс үдерісімен байланысы тұрғысынан өнімнің цехтық, өндірістік және толық құны түрлеріне бөлінеді. Цехтықөзіндік құнда цехтарда өнім өндірумен байланысты шығындардың өзіндік құны қамтылады. Өндірістік өзіндік құнға цехтық өзіндік құн жалпы өнеркәсіпті басқарумен, ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құнды және өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындар және өнімді өндіруге қатысы жоқ басқа да шығындарды қамтиды. Ресурстарды үнемдеуге көптеген техникалық-экономикалық факторлар әсер етеді, олар ішкі өндірістік және өндірістен тысқары факторларға бөлінеді. Өндірістен тыс факторлар - кәсіпорын ықпал ете алмайтын факторлар. Оларға салықтар мен төлемдердің ставкалары, шикізаттың, материалдардың, машиналар мен жабдықтардың нарықтық бағасы, көлік тарифтері мен электр энергиясының тарифтері және басқалар жатады. Ішкі өндірістік факторлар - кәсіпорын тарапынан басқарылатын факторлар. Оларға өнімділігі жоғары техника мен прогрестік технологияны енгізу, өндірістің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы деңгейін арттыру, негізгі капиталды тиімді пайдалану, айналым қаражатының айналымдылығын жеделдету, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін арттыру, еңбек пен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру, т.б. жатады.
Кәсіпорынның шығындары өндіріс үдерісімен байланысының сипатына қарай негізгі және үстеме шығындарға, олардың жекелеген бұйымдардың өзіндік құнына жатқызылуы тәсіліне қарай тікелей және жанама шығындарға, өндірістің көлеміне қарай шартты-тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлінеді. Сондай-ақ шығындарды экономикалық мазмұнына және калькуляцияның баптарына қарай да топтастыру қабылданған. Шығындардың экономикалық нышандары бастапқы, біртекті топтар болып келеді. Калькуляцияның баптары бойынша топтастыруда шығындардың орны мен мақсаты ескеріледі .

1.2 Өнімнің өзіндік құнын төмендету
Өнімнің өзіндік құнын төмендету - кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі ең басты міндеттердің бірі.
Оның негізгі көздеріне:
a. бір өнімге жұмсалатын шикізат, материалдар, отын және энергия шығынын төмендету;
b. бір өнімге шаққандағы амортизациялық аударым шамасын азайту;
c. әкімшілік бас-қарушылық шығындарын төмендету;
d. бейөндірістік шығындар мен шығасыны барынша азайту жатады.
Бухгалтерлік және экономикалық шығын түрлеріне де бөлінеді. Бухгалтерлік шығындарда тек көзге көрінетін шығындар, яғни тұтынылатын ресурстар үшін төленетін төлемдер қамтылады. Экономикалық шығындар көзге көрінетін (бухгалтерлік) шығындар мен көзге көрінбейтін (сатып алуға жатпайтын) ресурстардың құнынан құралады.
Өзіндік құнды төмендету әртүрлі факторларға тәуелді болады. Ең негізгілерге келесіні жатқызуға болады: өнім өңдіруді өсіру (тұрақты шығындар бойынша түсетін үнем арқылы); B1 - өсіруге дейінгі өнім көлемі; B2 - өнім шығарудың жаңа мөлшері; материал сыйымдылығын азайту (шикізат пен материалдар бойынша үнем болады); өнім өңдіру өсімін еңбек ақы өсімінен жоғары етіп жасау (еңбек ақы бойынша үнем болады); жаңа техниканы енгізу арқылы, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру; өнімнің қор сыйымдылығын азайту арқылы (амортизация бойынша үнем болады); қалдықтарды және жоғалтуларды азайту шараларын енгізу.
Іс жүзінде өзіндік құнның келесі көрсеткіштері қолданылады:
1) Өндіріс шығындарының сметасы.
2) Өнім бірлігінің және тауарлық өнімнің өзіндік құны.
3) Өзіндік құнды төмендету көрсеткіштері.
4) Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.
Кәсіпорында өзіндік құнды жоспарлау процесінде келесі шаралар жүргізіледі:
1) Өндірістік бағдарламаны орындауға қажет барлық шығындар көрсетілетін өндіріс шығындарының сметасы құрастырылады. Көбінесе, сметаны жалпы кәсіпорын бойынша емес, жеке цехтер, бөлімшелер бойынша құрастырылады, одан кейін нәтижелер қосылады.
2) Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялайды (жеке тапсырыстар, секциялар, партиялар және т.с.с. бойынша). Біріңғай өнім шығаратын көмекші цехтарда (эл. энергия, көлік қызметтері және т.с.с.), калькуляция объектісі ретінде шығарылатын өнімнің бірлігі алынады (кВт.сағ, т. Және т.с.с).
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау келесі әдістермен жүзеге асырылады:
нормативтік - материалдық және еңбек нормативтерін қолдануға негізделген.
кезеңді - жаппай өндірістерде қолданылады, мұнда өнім бірнеше өңдеу кезеңдерінен өтуге тиіс. Соңғы өнім оны бірнеше кезеңдерде өңдеудің нәтижесі ретінде болады.
Тапсырыс бойынша- қайталанбайтын өнім бірліктерін шығаратын кәсіпорындарда қолданылады.
Операция бойынша - егер тауарлардың жалпы және жеке сипаттамалары бар болса, қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс рентабельділігі туралы ақпарат
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы ақпарат
Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары
Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастыру және оларды пайдалану тиімділігі
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы мәлімет
Кәсіпорын қызметінің маңызы және мақсаты
Өнімнің өзіндік құнын төмендету
Өнеркәсіптік компанияның қаржы ресурстарын басқару
Өзіндік құн, пайда және рентабельділік
Пәндер