Психологиялық зерттеу өткізудегі экспериментатордың негізгі қателері



Экспериментті ұйымдастыру өткізудің ең алғашқы шарты оның жоспарлануы. Экспериментті жоспарлау сатысы оның ары қарайғы тағдырын анықтайды,себебі экспериманттің логикалық және хронологиялық схемасын құруға,зерттелінушілердің құрамы мен санын немесе өлшеудің керекті мәнін анықтауға,математикалық өңдеудің жоспарын жасауға, көрсеткіштерді және өңдеу аппаратын ,шешім қабылдаудың бағдарын таңдауға қолқабыс етеді. Егер біз әртүрлі жоспарлар мен схемалардың негіздерін білмесек,бізге эксперименттің сапасын бағалау кезінде қиын болады.Бірақ,кез-келген жоспар сәтті бола бермейді. Мәселен, бірінші тарауда қарастырылған эксперименттер басқаша,келесі түрдегі жоспарлар бойынша өткізілді делік:
1)Бірінші экспериментте тігінші басында наушникті 13апта киіп,соңынан 13апта ештеңесіз жұмыс істесін.
2)Йоко өзінің экспериментінде әрбір шырын сортынан 2банкіні қолдануды шешіп, барлық эксперимент 36күннін орнына 4күнге ғана созылды делік.
3)Джек жаттаудың жарым-жарты әдісін алғашқы 2пьесаға, ал тұтас әдісті келесі екіге қолдансын.
Бізге бұл жоспарлардың барлығы сәтсіз екені көрініп тұр. Ал егер бізде салыстыру үшін үлгі болса, онда біз неге алғашқы жоспарлар сәтті болғандығын нақты айтып бере алар едік. Мінсіз эксперимент осы үшін қызмет атқарады. Экспериментті абсолютті мінсіз етуге болады ма? Кез-келген экспериментті шексіздікке дейін жақсартуға болады немесе оның мүлдем өткізуге болмайды.Реалды эксперименттер мінсіз экспериментке жақындатылып жүзеге асырылады.
Сондай-ақ идеал эксперимент түсінігі арқылы эксперименттің мінсіздігін анықтауға болады. Идеал экспериментте тек қана тәуелсіз айнымалының өзгеруіне жол беріледі. Қалғанының бәрі өзгеріссіз қалады,сондықтан тәуелді айнымалыға тек тәуелсіз айнымалы ықпал етеді. Жақын арада біз идеалды экспериментті өткізу мүмкін емес екендігіне көзімізді жеткіземіз. Дегенмен, идеяның өзі пайдалы болып табылады,біз реалды экспериментті өткізгенде оны басшылыққа аламыз.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІНІҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

МӨЖО№14
Тақырыбы: Психологиялық зерттеу өткізудегі экспериментатордың негізгі қателері.

Оқытушы: псх.ғ.к. Кулмышева Н.А
Магистрант: Таурбекова И.М
6М010300 педагогика және психология

Семей 2015
Экспериментті ұйымдастыру өткізудің ең алғашқы шарты оның жоспарлануы. Экспериментті жоспарлау сатысы оның ары қарайғы тағдырын анықтайды,себебі экспериманттің логикалық және хронологиялық схемасын құруға,зерттелінушілердің құрамы мен санын немесе өлшеудің керекті мәнін анықтауға,математикалық өңдеудің жоспарын жасауға, көрсеткіштерді және өңдеу аппаратын ,шешім қабылдаудың бағдарын таңдауға қолқабыс етеді. Егер біз әртүрлі жоспарлар мен схемалардың негіздерін білмесек,бізге эксперименттің сапасын бағалау кезінде қиын болады.Бірақ,кез-келген жоспар сәтті бола бермейді. Мәселен, бірінші тарауда қарастырылған эксперименттер басқаша,келесі түрдегі жоспарлар бойынша өткізілді делік:
1)Бірінші экспериментте тігінші басында наушникті 13апта киіп,соңынан 13апта ештеңесіз жұмыс істесін.
2)Йоко өзінің экспериментінде әрбір шырын сортынан 2банкіні қолдануды шешіп, барлық эксперимент 36күннін орнына 4күнге ғана созылды делік.
3)Джек жаттаудың жарым-жарты әдісін алғашқы 2пьесаға, ал тұтас әдісті келесі екіге қолдансын.
Бізге бұл жоспарлардың барлығы сәтсіз екені көрініп тұр. Ал егер бізде салыстыру үшін үлгі болса, онда біз неге алғашқы жоспарлар сәтті болғандығын нақты айтып бере алар едік. Мінсіз эксперимент осы үшін қызмет атқарады. Экспериментті абсолютті мінсіз етуге болады ма? Кез-келген экспериментті шексіздікке дейін жақсартуға болады немесе оның мүлдем өткізуге болмайды.Реалды эксперименттер мінсіз экспериментке жақындатылып жүзеге асырылады.
Сондай-ақ идеал эксперимент түсінігі арқылы эксперименттің мінсіздігін анықтауға болады. Идеал экспериментте тек қана тәуелсіз айнымалының өзгеруіне жол беріледі. Қалғанының бәрі өзгеріссіз қалады,сондықтан тәуелді айнымалыға тек тәуелсіз айнымалы ықпал етеді. Жақын арада біз идеалды экспериментті өткізу мүмкін емес екендігіне көзімізді жеткіземіз. Дегенмен, идеяның өзі пайдалы болып табылады,біз реалды экспериментті өткізгенде оны басшылыққа аламыз.
Идеалды экспериментте тігінші наушникпен не ештеңесіз бір уақытта жұмыс істеуі керек еді. Джек Моцарт бір уақытта сол жалғыз пьесаны жарым-жарты немесе тұтас әдіспен жаттау керек еді!
Эксперименттің жалпы мазмұны шектелген мөлшердегі мәліметтер негізінде кең қолданыс табатын қорытындылар шығару.Дегенмен ,мінсіз эксперимент идеал эксперимент тәрізді бізге басшылық етуші идея ретінде қызмет етеді.
Идеал да ,шексіз эксперимент те мәнсіз бола алмайды. Оларда әртүрлі кемшіліктер ғана емес, сондай-ақ артықшылықтары да бар және реалды эксперименттерді бағалауда қызмет етуі мүмкін.
Идеал да,шексіз де эксперименттер сәтсіз зерттеу нұсқасының кемшіліктерін жоя алмайды. Мұндай кемшіліктерді мүлдем жою үшін толық сәйкестік эксперименті қажет. Бұл эксперимент сондай-ақ мағынасыз болып табылады,дегенмен іс-жүзінде оны жүзеге асыруға болады.Джек өзінің зерттеуінде одан кейін де жаттайдын пьессаларды жаттауы керек болатын. Мұндай эксперименттен,шексіз эксперименттен сияқты пайда жоқ.
Мінсіз эксперименттін үш түрі де реалды емес. Идеал эксперимент мүмкін емес, толық сәйкес эксперимент - мағынасыз,ал шексіз-мағынасыз және мүмкін емес.Олар ой эксперименттері ретінде пайдалы. Олар бізге эффективті экспериментті құруда керек. Идеал және шексіз эксперименттер бізге қалайша сыртқы әсерлерден қашу керек екндігін немесе сол арқылы эксперимент нәтижесіндегі шын мәніндегі тәуелді және тәуелсіз айнымалылардың байланысын бейнелейтіндігін көрсетеді.Толық сәйкестік эксперименті біз өзгеріссіз қалтыратын эксперименттін айнымалыларын бақылау керек екендігін ескертеді.
Кез-келген эксперименталды зерттеудің мақсаты шектелген мөлшердегі берілгендерге негізделген қорытындылар эксперименттен тыс болғанда да шынайы болуы. Бұл жалпылау деп аталады. Біздің мінсіз экспериментке жасаған анализіміз эксперименталды қорытындылардың шынайылығы екі талаппен анықталатынын көрсетеді.Оларға мүмкін болатын жалпылаулардың заңдылығы тәуелді.Бірінші талап ,экспериментте табылған тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арсындағы қатыс басқа айнымалылардың әсерінен еркін болу керек.Екінші талап-эксперименттегі қосымша айнымалының тұрақты деңгейі практиканың кең аумағындағы деңгейге сәйкес келуі керек.
Біз мінсіз эксперименттін мүмкін емес екендігін, бірақ реалды эксперименттерді дұрыс жоспарлаудың бастамашыл принциптерін беретіндігін білеміз.Енді біз оларды қолдану туралы сұрақ қоямыз. Жауабы қарапайым,шынайы жүргізілген эксперименттін қаншалықты мінсіз экспериментті көрсете алатынын анықтау керек.Ең алдымен біздің экспериментімізде тәуелді айнымалыға сыртқы әсерлердің мүмкіндігі қаншалықты екенін білу керек.
Өзінің алғашқы экспериментінде Джек Моцарт пьессаларды келесі ретпен жаттады:тұтас-жеке-жеке-тұтас. "Сәтсіз"экспериментте рет басқаша болды:тұтас-тұтас-жеке-жеке. Бірінші жағдайда тұтас және жеке әдістердің орташа позициялары бірдей.Екі жағдайдың бір уақытта көрінуі үшін едәуір репрезентативті болып оригиналды эксперимент болып шықты.
Йоко өзінің алғашқы нұсқасында ол екі шырынды да ("Риттенхауз" бен Баддин-Били) 36күн бойы кездейсоқ ретте ішіп жүрді. Ал,сәтсіз өзгертілген нұсқада ол тек 4 күнмен ғана шектелді. Шексіздікке төрттен гөрі 36 жақын екені анық.Алғашқы жоспар өзгертілген жоспарға қарағанда шексіз экспериментте жақсы көрсете алады.
Тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арасындағы қатыс туралы неғұрлым сенімді информацияны идеал және шексіз эксперименттерді жақсы көрсететін эксперименттер береді. Неғұрлым, өткізілген эксперименттегі маңызды қосымша айнымалының деңгейі толық сәйкестік эксперименттегі деңгейіне жақын болса, зерттелетін реалды ситуация соғұрлым жақсы көрсетілген.Реалды эксперименттердің мінсіз экспериментті қаншалықты көрсететініне байланысты.Олар жоғары немесе төмен валидті болады.Валидтіліктің екі түрі бар екендігі белгілі.Біріншісі-ішкі валидтілік деп аталады.Мұнда идеал немесе шексіз эксперименттегі сияқты тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арасындағы қатыс алынатындай жоспар құру туралы айтылады,яғни жанама әсерлерді шеттету туралы.
Ал, егер эксперимент өзінің жобасы бойынша толық сәйкестік эксперименті кезіндегі нәтижелерді алуға мүмкін болса, онда ол ішкі валидтілікке ие.Ішкі валидтілігі жетпейтін экспериментті сәтсіз деп, ал сыртқы валидтілігі жетпейтін экспериментті - неадеквадты деуге болады. Тіпті эксперимент сәтті жоспарланып,сәтті өткізілгеннің өзінде ондағы нәтижелер мінсіз экспериментке сәйкес екендігіне ешкім кепілдік бере алмайды. Және де керісінше,сәтсіз жоспарланған эксперимент дұрыс нәтижелер бере алады.
Экспериментті жоспарлау психологияға 1940 жылдарға таман енгізілген және қазір психология методологиясының негізгі бөлігі болып табылады. Біз қысқаша қолданылатын жоспарлаудың негізгі түрлерін қарастырайық:
А)Факторлы жоспарлау. Ол таңдап алынған әр түрлі тәуелсіз айнымалылардың үйлесулері есепке алынатын жоспарлау болып табылады. Қарапайым жағдайды алайық. А және А мен В және В тәуелсіз айнымалыларының мағыналарын зерттеу керек деп шешілді делік,төмендегі таблицаға сәйкес 4 үйлесім болуы мумкін.

Қолданылғанәдебиеттер:

1. Анастази А. Психологическое тестирование. М.,1982.
2. Годфруа Ж. Что такое психология? М.,1992.
3. Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. М.,1982.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІНІҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

МӨЖО№15
Тақырыбы: Эксперимент нәтижелерін ғылыми жариялым ретінде беру: негізгі принциптері, талаптар, мазмұны.

Оқытушы: псх.ғ.к. Кулмышева Н.А
Магистрант: Таурбекова И.М
6М010300 педагогика және психология

Семей 2015
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Бұл Ереже жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік білім стандарттарының, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы (24.10.2011 ж.), Ғылым туралы (18.02.2011 ж.) заңдарының, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының (ғылыми-зерттеу бағыты) (07.12.2010 ж.), Университеттің 2011-2015 жылдарға даму стратегиясының, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің нормативті-регламенттеуші құжаттарының талаптарына сәйкес құрастырылған.
2. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы жалпы білім беру процесінің бөлігі болып табылады және жүргізілетін барлық пәндердің мазмұнына оқу сабақтары түрінде енгізіледі.

2. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
+ Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаттары:
+ Заманауи медицинаның өзекті қажеттіліктеріне сәйкес Университеттің ғылыми-зерттеу қызметінің көп деңгейлі жүйесін қалыптастыру.
+ Инновациялық дамыған қоғам үшін креативті ойлай білетін және тез өзгеретін сыртқы орта жағдайында негізделген және тұжырымды шешімді қабылдай білетін жоғары білікті маман-медиктерді дайындау.
+ ҚазҰМУ-нің ғылыми құндылықтарын сақтау және көбейту.
+ Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын (СҒЗЖ) профессорлар-оқытушылар құрамы мен студенттердің шығармашылық өзара қарым-қатынасы арқылы дамыту.
+ Студенттердің ғылыми зерттеулері арқылы білім беру процесінің сапасын жоғарылату, білім беру, ғылым және тәжірибелік процесстердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету.
+ Зерттеудің ғылыми әдістерін меңгеру жолымен кәсіби шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыру.
+ Әрбір студенттің шығармашылық дамуға деген өз құқығын жүзеге асыруға, ғылыми зерттеулерге және ғылыми-техникалық жобаларға қатысуға мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін - әрқайсысының қажеттіліктеріне, мақсаттарына және мүмкіндіктеріне сәйкес толық бағалы, тең және жетімді жағдайды жасау және дамыту.
o Кәсіби білімдері мен тәжірибелік дағдыларын, этикалық талаптар туралы хабардар болуын және ғылыми зерттеулердің этикалық сараптамасының студенттер үшін маңыздылығын жетілдіру.
o Студенттер үшін ғылыми зерттеулердің кәсіби білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.
o Студенттерді заманауи зерттеу жұмыстарының принциптері мен әдістеріне, оның ішінде зерттеуді дайындау және жүргізуге, ғылыми жұмыстарды жазуға және жариялауға дайындауға үйрету.
o Зерттеу нәтижелерін презентациялау және ғылыми пікірталастың ұтымды әдістерін қолдану дағыдыларын қалыптастыру.
o Медициналық ғылымның соңғы жетістіктерімен, жарияланымдармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
o Ақпаратты іздеу және негізгі ғылыми құжатты құрастыру дағдыларын дамыту.
+ Қойылған мақсаттарға қол жеткізу келесі міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады:
+ Студентке ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу формасын таңдау құқығын беру және анықтау.
+ Кафедраның ғылыми-білім беру бағытымен студенттің қызығушылығының тығыз байланысын орнату, бинарлық білім беру процесінде оның оқытушымен шығармашылық байланысын нығайту.
+ Медициналық ғылымның соңғы жетістіктерінің ақпараттарын іздеу, ғылыми зерттеуді жоспарлау, ғылыми мақаламен жұмыс істеу, ғылыми ұсыныстарды (жобаларды) дайындау және ресімдеу, мәліметтерді статистикалық өңдеудің негізгі әдістерін қолдану, негізгі ғылыми құжаттарды құрастыру дағдыларына үйрету.
+ Библиографиялық жұмыс дағдыларын, ғылыми әдебиетпен, электронды базалармен және басқа да ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
+ Этикалық норма дағдыларын дамыту, зерттеудің ғылыми толықтығына және оның шынайылығына, мазмұнды және тәжірибелік пайдалылығына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
+ Ғылыми зерттеулердің этикалық сараптамасы бойынша ҚазҰМУ-нің барлық факультетінің студенттеріне үйрету семинарларын жүргізу.

3. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ФОРМАСЫ
3.1.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі формаларына факультеттік, кафедралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эксперименталды психология пәні бойынша лекциялар жинағы
Жүйке жүйесі қасиеттері туралы түсініктеме. Е. П. Ильиннің психофизиология ғылымына қосқан үлесі
Психикалық әрекетті белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап,арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Психолог экспериментатордың әдеп принциптері
Топтық динамика және топтардың жіктелуі
Психологиялық - педагогикалық және қалыптастырушы эксперименттер
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасуы
Психодиагностика әдістерінің жалпы сипаттамасы
Пәндер