Жануарларды тасымалдауға дайындау



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Өнімдер, жануарлардан алынған шикізат және басқа да бақылаудағы жүктерді тасымалдау
2.2 Ветеринариялық қызметтің бақылауындағы қол жүкті және поштамен жіберілетін жүктерді тасымалдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
13. Ауру, ауруға және жұқпалы ауруға күмәнді жануарларды тасымалдау кезінде (түсірілетін, транзит кезінде немесе артылатын уақытта) арасынан табылған уақытта, ветеринариялық инспекторлар міндетті түрде тез арада ауру жануарларды басқа малдардан бөлектеп, ауру малдар табылғаны туралы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабар беріп, өзі осы Тәртіпке және ветеринария саласында қолданылатын нормативті құқық актілеріне сәйкес шара қолданады.
Ауру сипатына қарай жекелеген малдар немесе барлық тасымалдаудағы жануарлар, карантинге, алдын-алу шараларына, емдеуге жататын болса, мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринарлық инспекторы, ауданның, облыстың, Республиканың бас ветеринариялық инспекторларының нұсқауларымен, бөлектеп ұстау және емдеу, аурудың алдын-алу шараларын ұйымдастырады. Аурудың сипатына қарай жануарлар сойылатын болса, оны мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторының бақылауымен, жақын жерде орналасқан ет комбинатының санитариялық сойыс орнына жеткізіледі. Ауруға ұшыраған жануарларды ұстайтын немесе сойылатын жерге жеткізілуі, қоршаған ортаға жұқпалы аурулардың таралмауын, жоғарыда көрсетілген ветеринария саласында қолданылатын нормативті құқық актілерге сәйкес жүргізіледі.
14. Ауру жануарлар тасымалданған вагондарға, кемелерге, қайықтарға, ұшақтарға, автокөліктерге және алаңдарға, платформаларға, қораларға, сонымен қатар, ауру жануарлармен жанасқан құрал аспаптарға, қызмет етушілердің киім, аяқ-киімдеріне, ветеринария саласында қолданылатын нормативті құқық актілеріне сәйкес, міндетті түрде дезинфекция жүргізіледі.
15. Транзит кезінде жұқпалы аурумен ауырған жануарлар табылса, мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы, ауру малы бар вагондарды, қайық, кеме, автокөліктерді тоқтатып, керек болса малы және жемімен бірге осы пойыздың бүкіл вагондарын ветеринариялық-санитариялық және эпизоотияға қарсы шараларды, осы Ережеге және ветеринария саласында қолданылатын нормативті құқық актілерге сәйкес жүргізеді.
16. Жұқпалы аурумен ауырған жануарлар болған вагондардан, кемелерден, қайықтардан, ұшақтардан, автокөліктерден мал нәжісімен және қолданылған төсенішін жол бойына тастауға, нәжіс және төсеніш тастауға рұқсат етілген стансаларда да тиым салынады. Бұндай вагондар, қайықтар, кемелер, ұшақтар нәжісімен және құрал-аспаптарымен бірге, жануарлар түсіріліп болған соң, ветеринария саласында қолданылатын нормативті құқық актілеріне сәйкес, ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жіберіледі.
17. Ауру малдарға алдын алу шаралары, ауру жануарлар стансадан, порттан, пристаннан әкетілгеннен соң жергілікті ветеринариялық мекеменің мамандарының нұсқауы және қадағалауымен жүргізіледі.
18. Әр сәтте жануарларды тасымалдауға жіберілмеген кезде, жол бойында амалсыз түсірілгенде, түсірілген уақытта тоқтату шаралары қолданылғанда, тасымалдау кезінде (түсірілген және артылған уақытта), жұқпалы аурулар табылған сәтте, бруцеллез, туберкулез (құстардан басқа), маңқа аурулары анықталғанда, мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы жүк жіберушінің (жүк алушы) және стансаның, порттың, аэропорттың қызметкерлерімен бірге акт жасалады. Бұл актіде тоқтату шаралары (табылған ауру), істелінген немесе істелінетін ветеринариялық- санитарлық және эпизоотияға қарсы шаралар көрсетіледі. Актінің бірінші нұсқасы акт жасалынған жергілікті жердегі ветеринариялық органға, екіншісі нұсқасы жүк жіберушіге (жүк алушыға) немесе жүк құжаттарына (транзит кезінде) қосып, ал үшінші нұсқасын облыстың ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына, ал төртінші нұсқасын стансаның, порттың, пристанның, аэропорттың бастықтарына тапсырылады.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Жануарларды тасымалдауға дайындау

Орындаған: Абдрахманов Н.Н
Тексерген: Қорабаев Ж.З

Семей 2015

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Өнімдер, жануарлардан алынған шикізат және басқа да бақылаудағы жүктерді тасымалдау
2.2 Ветеринариялық қызметтің бақылауындағы қол жүкті және поштамен жіберілетін жүктерді тасымалдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ауру және жұқпалы ауруға күмәнді жануарлар табылған сәтте тасымалданғанда қолданылатын шаралар
13. Ауру, ауруға және жұқпалы ауруға күмәнді жануарларды тасымалдау кезінде (түсірілетін, транзит кезінде немесе артылатын уақытта) арасынан табылған уақытта, ветеринариялық инспекторлар міндетті түрде тез арада ауру жануарларды басқа малдардан бөлектеп, ауру малдар табылғаны туралы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабар беріп, өзі осы Тәртіпке және ветеринария саласында қолданылатын нормативті құқық актілеріне сәйкес шара қолданады.
Ауру сипатына қарай жекелеген малдар немесе барлық тасымалдаудағы жануарлар, карантинге, алдын-алу шараларына, емдеуге жататын болса, мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринарлық инспекторы, ауданның, облыстың, Республиканың бас ветеринариялық инспекторларының нұсқауларымен, бөлектеп ұстау және емдеу, аурудың алдын-алу шараларын ұйымдастырады. Аурудың сипатына қарай жануарлар сойылатын болса, оны мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторының бақылауымен, жақын жерде орналасқан ет комбинатының санитариялық сойыс орнына жеткізіледі. Ауруға ұшыраған жануарларды ұстайтын немесе сойылатын жерге жеткізілуі, қоршаған ортаға жұқпалы аурулардың таралмауын, жоғарыда көрсетілген ветеринария саласында қолданылатын нормативті құқық актілерге сәйкес жүргізіледі.
14. Ауру жануарлар тасымалданған вагондарға, кемелерге, қайықтарға, ұшақтарға, автокөліктерге және алаңдарға, платформаларға, қораларға, сонымен қатар, ауру жануарлармен жанасқан құрал аспаптарға, қызмет етушілердің киім, аяқ-киімдеріне, ветеринария саласында қолданылатын нормативті құқық актілеріне сәйкес, міндетті түрде дезинфекция жүргізіледі.
15. Транзит кезінде жұқпалы аурумен ауырған жануарлар табылса, мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы, ауру малы бар вагондарды, қайық, кеме, автокөліктерді тоқтатып, керек болса малы және жемімен бірге осы пойыздың бүкіл вагондарын ветеринариялық-санитариялық және эпизоотияға қарсы шараларды, осы Ережеге және ветеринария саласында қолданылатын нормативті құқық актілерге сәйкес жүргізеді.
16. Жұқпалы аурумен ауырған жануарлар болған вагондардан, кемелерден, қайықтардан, ұшақтардан, автокөліктерден мал нәжісімен және қолданылған төсенішін жол бойына тастауға, нәжіс және төсеніш тастауға рұқсат етілген стансаларда да тиым салынады. Бұндай вагондар, қайықтар, кемелер, ұшақтар нәжісімен және құрал-аспаптарымен бірге, жануарлар түсіріліп болған соң, ветеринария саласында қолданылатын нормативті құқық актілеріне сәйкес, ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жіберіледі.
17. Ауру малдарға алдын алу шаралары, ауру жануарлар стансадан, порттан, пристаннан әкетілгеннен соң жергілікті ветеринариялық мекеменің мамандарының нұсқауы және қадағалауымен жүргізіледі.
18. Әр сәтте жануарларды тасымалдауға жіберілмеген кезде, жол бойында амалсыз түсірілгенде, түсірілген уақытта тоқтату шаралары қолданылғанда, тасымалдау кезінде (түсірілген және артылған уақытта), жұқпалы аурулар табылған сәтте, бруцеллез, туберкулез (құстардан басқа), маңқа аурулары анықталғанда, мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы жүк жіберушінің (жүк алушы) және стансаның, порттың, аэропорттың қызметкерлерімен бірге акт жасалады. Бұл актіде тоқтату шаралары (табылған ауру), істелінген немесе істелінетін ветеринариялық- санитарлық және эпизоотияға қарсы шаралар көрсетіледі. Актінің бірінші нұсқасы акт жасалынған жергілікті жердегі ветеринариялық органға, екіншісі нұсқасы жүк жіберушіге (жүк алушыға) немесе жүк құжаттарына (транзит кезінде) қосып, ал үшінші нұсқасын облыстың ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына, ал төртінші нұсқасын стансаның, порттың, пристанның, аэропорттың бастықтарына тапсырылады.
19. Ауру, жұқпалы ауруға күмәнді жануарлар табылған сәтте, ветеринариялық инспектор міндетті түрде келесілерге хабарлауы керек:
1) ауру жануарлар табылған жердің ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына;
2) ауру жануарлар шығарылған ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына;
3) егер, ауру жануарлар, жануарлардан адамға жұғатын ауру қатарына жатса, онда жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау орындарына (ауру табылған жердің) хабар беріледі;
4) егер керек болса, күшейтілген (зерттеу, термометрия) ветеринарлық бақылаудағы жануарларды тасымалдауға мемлекеттік ветеринариялық инспекторы рұқсат берсе, ол мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қарамағындағы жол жүру бойында телеграф жүзінде стансадағы, порттағы, пристандағы ветеринариялық мекемелерге және аймақтық шекара және көліктегі ветеринариялық қадағалау басқармасының бастығына хабарлайды.
20. Жұқпалы ауруымен ауырған жануарлар анықталған уақытта және олардың әрі қарай жүруіне рұқсат етілген болса, барлық жағдайларда қатаң түрде келесі шарттарды орындаулары қажет:
1) жануарлар тасымалданатын вагондарда, кемелерде, қайықтарда ұшақтарда дезинфекциялық ерітінді сіңдірілген төсеніштермен қамтамасыз етілуі керек;
2) жүк жіберуші жеткілікті санмен жануарларға жететін су беретін шелектермен қамтамасыз етілуі керек. Суғаратын орындардағы шелек және астаулармен малдарды суаруға тиым салынады;
3) жануарлардың жол серіктері арнаулы киіммен (халаттар, резиналы етіктер), орамал, сабын және қолды залалсыздандыратын дезинфекциялық ерітіндімен қамтамасыз етілуі керек;
4) жануарларды вагондарға, автокөліктерге, қайықтарға, кемелерге, ұшақтарға арту және түсіру, тек қана ветеринариялық қадағалауының ветеринарлық инспекторларының қадағалауымен жүргізіледі. күйдіргі
21. Тасымалдағы бүкіл жануарлардан топалаң және аусыл , ірі қара малдың - обасы , сиырдың жұғымтал плевропневмониясы, қойдың - күл ауруы , шошқаның - оба және тілмесі , жылқының - маңқасы , бағалы аңдардың - оба , вирустік энтериті , құстарда - оба және пастереллез ауруы табылған болса, сол аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары, шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аумақтық басқармасының инспекторлары, ауру жануар артылған жақтың аумақтың ветеринариялық мекемесіне және Ауыл шаруашылығы министрлігіне хабар беруге тиісті.
2. Автомобиль көлігімен малдар тасымалдау
22. Жануарлар және құстар тасымалына арналған автокөліктер, тасымал жағдайына байланысты жабдықталуы керек. Ірі қара мал, шошқа, қой және ешкі тасымалдайтын автокөлік қорабы керекті (100 - 110 см) биіктікте болуы қажет. Жануарлар тасымалдау кезінде қолайсыз ауа райынан (өте ыстық, қыс, күз уақытында) сақтау үшін автокөлік қорабы брезентпен немесе басқа материалмен жабылуы тиіс. Автокөлік қорабы тесіксіз және бүтін болуы керек. Жануар тасымалына арнаулы (мал тасымалдайтын көлік) ағаш едені бар көлік пайдалануы керек. Автокөлік қорабы таза болып, қорап едені төселгішпен (сабан, ағаш ұнтағы және т.б.) төселінуі тиіс.
23. Ірі малдарды (жылқы, сиыр, бұқа) автокөлікте басымен алға қарай орналастырылып малдар қорапқа қатты байланады.
Ірі қара малдың екі жасқа дейінгі, шошқа, қой және ешкі, басқа ұсақ жануарлар байлаусыз, тек қана автокөлік қорабында әр малдың жатуына орын болса ғана тасымалданады.
Егер сыртқы ауа температурасы 30 о С. жоғары болса, шошқа тасымалдануы, тек қана ветеринария дәрігерінің рұқсатынан кейін тасымалдауға жіберіледі.
Жылқылар артылу алдында тағасыздандырылады.
Құстарды тасымалдау тек қана арнаулы істелінген (құстар түрімен) торларда рұқсат етіледі. Автокөлікке торларды қатарлап арту тек қана (төрт қатарға дейін), әрбір торға ауа жүрімі болған кезде рұқсат етіледі. Құсымен торларды бірнеше қатар етіп артқанда, торлар асты қатты және нәжіс ақпайтындай болуы қажет. Торларда қажетті мөлшерде төсеніш болуы керек.
Аралар өзіне керекті деңгейде істелінген омарталарда, жүк жіберушінің қарауымен тасымалданады.
24. Жануарларды тасымалдау кезінде малдың санына байланыссыз, автокөлік жүргізушісінен басқа, міндетті түрде арнаулы бөлінген жолсерік болуы керек.
Егер керек болса жолсерік жануарларды жол бойында қарайлау үшін, автокөлік қорабында малдардың жанына орналастырылады.
Бұл үшін жолсерікке арнаулы (ірі жануарларды тасымалданғанда қораптың алдыңғы жағында) жануарлардан бөлек орын дайындалады.
25. Жануарларды алыс жерге тасымалдаған уақытта (жол бойы 6 сағаттан көп болса), жүк жіберуші міндетті түрде малдарды керекті мөлшерде азықпен қамтамасыз етеді.
Жол бойы жануарларды (тәулігінде екі рет) міндетті түрде суарылады.
Малдар жол бойында 12 сағаттан көп тасымалданса, оларды әр 10-12 сағатта 2-3 сағатқа демалысқа түсіреді, егер түсіруге жағдай болмаса, жануарларды автокөлік қорабының үстінде көрсетілген мерзімде демалдырылады.
Демалыс кезінде жолсерік міндетті түрде жануарларды суарып және азықтандырып, автокөлік қорабын нәжістен тазалап, жаңа төсеніш салады.
Жануарлардың демалу, азықтандыру, автокөлікті нәжістен тазалау орны, тасымалдау бағыты, жүк жіберушінің жергілікті атқару мекемелерімен және ветеринариялық органдарымен алдын-ала келісілуі керек.
Жануарларды тасымалдау бағытында, әрдайым белгіленген және орналастырылған, мал суаратын орын болуы керек.
Жануарлар автокөлікте өте ұқыпты, қатты жұлқымай, тежемей тасымалдануы керек.
26. Бүкіл жануарлар артылу алдында шаруашылықтың (қора, кәсіпорын) ветеринариялық дәрігерімен және малдар артылу және түсірілу кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының инспекторларымен зерттеледі.
Байқау кезінде жануарлардың денсаулығы, қомдылығы, тасымалдау қабылеті анықталады.
Ауру жануарлар тасымалдауға жіберілмейді.
27. Жол бойында жануарлар ауырса немесе өлсе, жолсерік міндетті түрде жақын арадағы ветеринариялық мекемеге хабарлауы керек.
Баратын жеріне жүру тек қана мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы малдарды байқаудан өткізгеннен кейін, бұл туралы ветеринариялық куәлікке көрсетілгеннен соң рұқсат береді.
28. Жануарлар автокөлікпен тасымалдау, орнатылған автокөлік жолдарымен жүргізіледі.
Тасымалдаудағы малдар бағытын, егер жұқпалы аурудан таза болмаса, тасымалдау бағытын жергілікті атқару мекемесінің келісімімен ветеринариялық мекемелері талапқа сай орналастырады:
ауданның (қаланың) бас ветеринариялық инспекторы - аудан ішінде және қала маңында тасымалдауға;
облыстың ветеринариялық мекемелері - ауданаралық тасымалдауға;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринария Департаменті - халықаралық және облысаралық тасымалдауға.
3. Жануарларды әуе көлігімен тасымалдау
29. Жануарлар және құстарды тасымалдау кезінде, арнаулы жағдай талап ететін болса, онда жүк жіберуші міндетті түрде, авиакомпанияның қызметкерімен (тасымалдау бөлімінің бастығы) келісім жасау керек:
1) ұшақтардың қай түрлерімен тасымалдауға жіберілетінін;
2) ұшақтың қай бөлмелерінде, қандай температуралық жүйеде тасымалдауға болатынын;
3) ұшақта жануарлар мен құстарды, тасымалдауда қандай қосымша аспаптар және олар қандай мүліктермен (арнаулы торлар, төсеніштің түрлері, азықтандыратын құралдар және т.б.) керектігін;
4) жол бойында жануарлар азықтандыру және қарау бақылау ретін;
5) малдарды алып жүру үшін, қанша жолсерік немесе қызметкерлер керектігін;
Жіберушінің жануарлар тасымалдауда қойған талаптарын орындау мүмкін болмаса, малдар тасымалдауға қабылданбайды.
Ұшақтың аспаптарының істен шықпауы үшін, оның ішін малдан бөлінген нәжістерден сақтау үшін, ұшақ еденіне брезент немесе ылғал жібермейтін басқа да материалдар және ылғалды жұтатын заттармен (құрғақ ағаш ұнтағы және т.б.) немесе төсенішпен жабылады, болмаса оның кірлеуіне байланысты жаңадан жаңартылады. Егер де ұшақтың іші ұшу кезінде тазалауға келмесе, онда төсеніштің төселуі көбейтіліп, бір есеппен ұшу кезінде малдардан бөлінген нәжістерді өзіне тартып алуға жетуі керек. V085380
Бүкіл керекті аспаптар, құралдар, төсеніштер жүк жіберушімен әкелінеді.
30. Ветеринариялық бақылау бекеттері жоқ әуежайларда, жануарларды қарауды жергілікті мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекторлары жүргізеді, оларды шақыруды жіберуші атқарады.
Халықаралық тасымалдауда жануарларды қарау тек қана әуежайда орналасқан шекаралық ветеринариялық бекеттің (ары қарай - шекаралықветбекет) ветеринариялық инспекторы жүргізеді.
31. Керек уақытында (өте құнды жануарлар немесе оларға әрдайым қадағалау керек ететін малдар болса) жануарларды жол бойы алып жүруге, жүк жіберуші жолсерік немесе ветеринариялық маманды міндетті түрде тағайындауы керек.
Ұшақпен жіберілген жануарлар (құстар) және тірі балықтар, уылдырықтар, 33-34-тармақта көрсетілгендей, жүк алушы міндетті түрде жүк алуға әуежайға келіп, оны түсіріп, одан соң малдар тасымалданған ұшақ ішін тазаланып, керек болса дезинфекция жасалынады.
32. Жануарлар әуежайға келген кезде, ұшақтан түсіріліп болғаннан соң, мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы ветеринарлық зерттеу жүргізеді.
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторының рұқсатынсыз әуежай аумағынан жануарларды жіберуге тиым салынады.
4. Тірі балықтарды, уылдырықты, шаяндарды тасымалдау
33. Тірі балықты, шаян және уылдырықты автокөлік және ұшақпен тасымалданғанда, оларды арнаулы мақсатпен істелінген (ағаш бөшке, брезент күбі және қорап, бак, жәшік, полиэтиленді пакет) таза жуылған, дезинфекцияланған және қайтара жуылған ыдыстарға жайғастырылады.
Жүк жіберуші, артылатын балықтарды (шаяндарды, уылдырықты) міндетті түрде оттегісі керекті мөлшерде, зиянды қоспасыз таза, мөлдір суда тасымалданбайды. Балықты, қысқышбақаны алыс жерге тасымалданса, балығы (шаяндарды, уылдырықты) бар ыдыстардағы суды алмастыру және қосу үшін су қоймасынан алынатын судың инфекциялық және инвазиялық балық ауруларынан тазалығының есебімен, жіберуші алдын-ала орындарды анықтайды және бұл жұмыстардың істелуін қамтамасыз етеді.
5. Автомобиль көлігімен ет тасымалдау
34. Автомобиль көлігімен жануарлар еті ауданнан сыртқа, тек қана мұздатылған, қатырылған немесе салқындатылған (6 сағат бойы салқындатылған, ет беті кішкене қатырылған) түрде тасымалданады; жаңа сойылған немесе қайта жібітілген еттерді тасымалдауға тиым салынады.
Автокөліктер, оның ішінде арнаулы автокөлік - мұздатқыштар жануарлар етін тасымалдауға сәйкес жабдықталып және жергілікті санитарлық қадағалау мекемесімен берілген санитарлық құжаты болуы керек.
Мұздатылған және салқындатылған еттер, ет тасуына арналмаған көлікте, тек арнаулы құтыда (жәшікте) іші ақ қаңылтырмен немесе цинкілік темірмен, болмаса осы жағдайға байланысты рұқсат етілген басқа да материалмен қапталған болса тасымалдауға рұқсат етіледі.
Салқындатылған және мұздатылған етті (құс ұшаларынан басқа) жақын араға, жергілікті жер ішінде болса үсті-үстіне екі қабатқа дейін артылып тасымалдауға рұқсат етіледі. Бұл үшін автокөлік едені жуылып, таза брезент, оның үстіне жайма төселінеді. Еттің үсті таза матамен, сосын брезентпен жабылуы керек. Қорабы ашық автокөлікпен қатырылған еттерді бірінің үстіне бірін тиеп, жоғарыда көрсетілгендей таза матамен жабылып тасымалдауға рұқсат етіледі.
Құстардың ұшалары жәшіктерге салынуы керек.
Автокөлік қорабында артылған ет немесе ет өнімдерімен бірге, жұмысшы - жүк артушылар немесе басқа адамдар болу қатаң түрде тиым салынады, егер де адамдарға арнаулы орын жасалған болса онда рұқсат етіледі.
35. Еттерді, келесі шарттар орындалған кезде тасымалдауға рұқсат етіледі:
1) бассыз, ұшалар орнатылған талапқа сәйкес бөлшектенуі тиіс (ірі қара мал және ірі малдар еті - төрт бөлікке, шошқа - ортасынан екі бөлікке, қой еті немесе ұсақ малдар - бүтін түрінде);
2) ұшаларда, механикалық жарақат, қанталаған, ұрылған, қанның орыны, ішек-қарынның қалдықтары және мойында, ішкі қуысында, сыртында жалбыраған еттер, ішкі құрылыстың қалдықтары болмауы керек;
3) ет беті қар немесе мұзбен жабылған, қатырылған, сонымен қатар, салқындатылған еттер мұздатылған еттермен және т.б. еттер бірге тасымалдауға жіберілмейді;
4) қатырылған кесек еттерді пергаментке немесе басқа да бұл жағдайға арналған материалдармен оралып, арнайы қораптарға салынып тасымалдауға рұқсат етіледі;
5) әрбір ұшаларда немесе бөлек бөлшектерінде (жарты ұшаларда, төрт бөлікте бөлінген ұшаларда) анық, орнатылған тәртіп бойынша, ветеринариялық-санитариялық қарау таңбасы болу керек.
36. Жылдың жылы уақытында ашық көлікте еттер тасымалданса, тасымалдау уақытының ара қашықтығы, еттің жүк алушыға жеткенше бұзылмай жетуі керек. Бұл жағдайда жауапкершілік жүк жіберушіге жүктеледі.
37. Егер автокөлік қорабы мұнай өнімдерімен немесе басқа да сасық заттармен кірленген болса, және де сасық иісі бар басқа өнімдермен бірге салқындатылған және мұздатылған ет өнімдерін тасымалдауға тиым салынады.
38. Салқындатылған, мұздатылған және қатырылған еттерді арнаулы мұздатқыш - көлікпен тасымалданғанда, міндетті түрде, осы көлік түріне орнатылған техникалық шарттарын (етті арту немесе салу реті, температуралық жүйесі, мұздатқыштың жұмыс істеу жүйесі) сақталуы керек.
6. Жануарлардан шыққан шикізат және басқа
өнімдерді тасымалдау
39. Жұмыртқаларды ағаш ұнтағымен немесе арнаулы ораммен оралып, қатты қорапта тасымалданады. Жұмыртқаны сабан және ағаш жоңқасымен орауға тиым салынады;
мамық және қауырсын қапшыққа немесе басқа материалға салынады.
40. Ішек-қарын шикізаты, тері, бағалы-тері шикізаты, жүн, шаш, қыл тек қана сәйкес орамда тасымалдауға рұқсат етіледі. Мүйіз, тұяқ және сүйектер, жұмсақ еттен тазаланып кептірілген түрінде орамсыз (үйіліп) тек брезентпен жабылған кезде, тасымалдауға рұқсат беріледі. Ұшақпен тасымалдаған кезде олар орамда болуы керек.
41. Жануарлар, терілер, сүйектер және басқа шикізаттар орамсыз (үйіліп) тасымалданғанда түсірілгеннен соң, келген жерінде, осы Ережеде көрсетілген 45-тармаққа сәйкес, автокөлік және ұшақ тазаланып дезинфекция жасалынады.
Автокөліктер және ұшақтарды жүк алушының жер аумағынан шығару, оларды келесі жануарлар, құс және жануарлар шикізатын тасымалдауға пайдаланатын болса, оларды алдын-ала тазаланбай және дезинфекция жасалмай пайдаланылуға болмайды.
7. Автомобиль көлігін және ұшақты тазалау
және дезинфекция жүргізу
42. Автокөліктер және ұшақтар жануарларды тасымалдаудың алдында және соңында, әрқашан артылар алдында және соңында міндетті түрде, тазаланып дезинфекция жүргізіледі. Арнаулы түрде жалғыз, ұсақ жануарлар мен құстарды (декоративтік, лабораториялық, зоопарктік және т.б.) және инкубатордағы балапандар тасымалдаған кезде тазалау және дезинфекция жұмыстары жүргізілмейді.
Осы ережелерге сәйкес ет және ет өнімдері немесе басқа жүктер тасымалданғанда, дезинфекция керек кезінде жүргізіледі.
Тазалау және дезинфекция жұмыстары жүк алушы мен жүк жіберушінің күші және қаражатына істелінеді.
43. Көлікті тазалау және дезинфекция жасау, арнаулы бөлінген жерде немесе мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы көрсетілген жерде істелінеді.
44. Дезинфекция алдында автокөліктің қорабы және ұшақ, механикалық тазартудан өтіп, сосын дезинфекция шаралары жүргізіледі.
Тасымалданған жүктің түріне және оның кірлігіне қарай көлікті механикалық тазалаудан соң, қосымша ағынды ыстық сумен (60-70 о С) жуылады, сосын кальциленген соданың ыстық 2%-тік ерітіндісімен ылғалдандырылады немесе сүртіледі немесе жоғарыда көрсетілген дезинфекциялық ерітіндімен алдын-ала, ыстық сумен алдын-ала жумай, ылғалдандырылады.
45. 42-тармақта көрсетілген жануарлар және басқа жүктер түсіріліп болғаннан соң, автокөлік және ұшақ механикалық тазалағаннан кейін, дезинфекция жасауға келесі дезинфекция жасалынатын ерітінділер қолданылады:
2%-тік формальдегид ерітіндісі, хлорлық әктің ерітіндісі, егер оның құрамында 2-3%-тік активті хлор болса, хлораминнің 4%-тік ерітіндісі, ыстық (60-70 о С) күйдіргіш натрийдің 2%-тік ерітіндісі, жаңа сөндірілген әктің 20%-тік ерітіндісі, жоғарыда көрсетілген ерітінділердің 1 шаршы метр-ге шығын мөлшері 0,5 литр. Бұл жағдайда басқа да дезинфекциялық ерітінділер қолданылуға болады, егер де олардың қолданылуы жоғарыда көрсетілген мақсатқа дұрыс келсе.
Егер автокөлік 42-тармақта көрсетілген жүктерді тасуға арнаулы түрде бөлінсе, сол ауданның ішінде күні бойы бірнеше рет жүк тасымалдаса, жүк артылар алдында және жүк тасымалданып болғаннан кейін дезинфекция жасалынады.
Ұшақтың ішін дезинфекция жасағанда, темірді тотықтыратын дезинфекциялық ерітінділер қолданылмайды.
46. Егер тасымалдау кезінде жұқпалы ауру анықталса, көлікті тазалау, дезинфекциялау және басқа да шаралар, ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.
10. Жануарларды темір жол көлігімен тасымалдау
47. Жануарларды және құстарды вагондарға арту, мал артатын алаңы бар белгіленген стансаларда жүргізіледі. Жануарларды артуға арналған жалпы қолданылатын алаңдардан немесе жануарлар артуға арналған баспалдағы бар алаңнан артуға рұқсат етіледі.
Темір жол көлігімен тасымалданғанда жануарлар және құстарды түсіру, сонымен қатар аз мөлшерде тасымалданғанда арту және түсіру, жүкті қабылдап және беру үшін ашық бүкіл стансаларда жүргізіледі.
Егер басқа көлікпен тасымалдауға шара болмаса, сойылатын жануарлар мен құстарды темір жол көлігімен тек алыс емес жерге (200 км. дейін) тасымалдауға рұқсат етіледі.
48. Жануарлар және құстар арнаулы вагондармен, олар жетіспесе жәй жабық вагондарда тасымалданады.
Жануарлар және құстар жәй жабық вагондармен тасымалданса, вагондарға тасымалдауға керек құрал-жабдықтары темір жолмен немесе жүк жіберуші (жүк алушы) келісімімен жабдықталады.
49. Құстарды тасымалдау түбі бүтін торларда немесе торсыз тасымалданады, сол кезде құстарды арту екі қабатта жүргізіледі, тек үстіндегі қабаттың еденінен су өтпейтін болуы керек.
50. Жануарлар және құстарды артуға жуылған, дезинфекция жасалған вагондар беріледі.
Жануарлар мен құстарды тасымалдауға вагондардың дұрыстығын, жарайтығын мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы анықтайды. Улы заттар мен минералды тыңайтқыштар тасымалдаған вагондар, қайта өңделмесе, оларға мал артуға рұқсат етілмейді.
51. Жіберілетін малдарға, құстарға, араларға, және де өсіру және көндіктіру үшін арналған қысқышбақаға, тірі балыққа, балық өсіретін материалдарға, ұрықтандырылған уылдырықтарға, жүк жіберуші міндетті түрде, бақылаудағы жүктердің шыққан жерінен, аумақтық ветеринариялық мекемесі берген ветеринариялық куәлікті көрсетеді. Ветеринариялық куәліксіз мал және құс тасымалдауға жіберілмейді.
Ветеринариялық куәлік әрбір вагонға бөлек беріледі, оны тасымалдау құжаттарына қосады. Егер жүк жүк жіберушімен бірақ стансаға және бірақ жүк алушыға жолдаса, бірнеше вагонға бір куәлік беріледі. Бұл кезде ветеринариялық куәлік бір-ақ құжатқа қосылады да, ал басқаларына белгі қояды. "Ветеринариялық куәлік N ..., жол құжатына N..., вагонға N...".
Жануарлар және құстар сырт елге жіберілгенде, ветеринариялық куәлік әрбір вагонға беріледі.
Ветеринариялық куәлік артылатын стансаға көрсетілетін болса, ол берілген күннен бастап үш тәулікке жарамды болып саналады.
Егер ветеринариялық куәліктің уақыты мерзімінен асып кетсе, тасымалдауға малдарды қабылдау сұрағын, мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы шешеді.
Бал араларын, сонымен қатар өсіруге және акклиматизациялауға арналған шаяндарды, тірі балықтарды, ұрықтандырылған уылдырықты (жаңа жаратылған балықтарды) тасымалдау, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес атқарылады.
52. Станса бастығы жүк артушы мен мемлекеттік ветеринариялық қадағалауын мал мен құсты артуға 24 сағат уақыт бұрын хабар береді. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы малдарды зерттеуін тек қана күндізгі уақытта жүргізеді.
Жануарлар мен құс түн уақытында артылса, артылатын орын жарық көзімен жеткілікті түрде қамтамасыз етілуі керек.
53. Жануарлар және құстар станса бастығы тағайындаған уақытқа стансаға жеткізіліп, артылуға дейін бүкіл вагондар мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторымен қаралуы керек.
Жануарлар мен құстарды артуға рұқсат етілсе, ол туралы ветеринариялық куәлікке белгі қойылады, ал артуға тыйым салынса, ветеринарлық куәлікті алынғаны туралы акт жасалынады, бұл туралы станса бастығына хабар беріледі. Артуға мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы тыйым салса, жүк жіберуші міндетті түрде 2 сағаттан кейін артылуға жіберілмеген жануарларды және құстарды станса көлемінен алып кетуі керек.
Егер ауру, ауруға күмәнді жануарлар және құстар табылса, мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы, осы Ережелерге және ветеринария саласында қолданылатын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес шаралар қолданады.
54. Жылқылар вагонға вагонның көлденең бойы қатар бастарымен есікаралық кеңістікке қарай орналастырылады. Жолсеріктер жүруі үшін орта қатарда шеткі қатарға қарағанда бір жылқы аз орналастырылады.
55. Жылқылар тек қана тағасыз түрде тасымалданады.
56. Ірі қара мал вагонда ұзына бойы және көлденең түрінде орналастырылады.
Көлденең бойы артылғанда, артылар алдында вагонның көлденең қабырғасының алынбайтын тақтайына бұрандамен мал байлауға темір шығыршықтар жапсырылады, есеппен бір шығыршық 1-2 малға. Вагонның екі басына, әрқайсысы екі тақтайдан құралатын, вагонның алынбайтын тақтайына, вагонға көлденең, вагонның беткі қабырғасына тіреп сөрелер орнатады.
Ірі қара мал артылып болғаннан соң есік жақтауларына тор қойылады.
Ірі қара малды көлденең орналастырылғанда вагонды жылқыларды орналастырылғандай қылып жасалынады, тек есікке қойған тақтай орнына тор қойылады. Ірі қара малды арнаулы вагондарға ұзына бойы артылады. Қой, ешкі, бұзау, шошқа және ірі қара малдың төлдері вагондарға бос артылады.
57. Вагондарға бұқа мен сиырды, қой мен қошқарды, шошқаның ұрғашысы мен еркегін және жануарлар мен құстың әр түрлерін бірге артуға болмайды.
Егер жануар мен құстың әртүрлі жыныс және түрімен тасымалдауға бөлек вагондар болмаса, оларды міндетті түрде мықты шарбақпен бөліп тасымалдайды.
Шошқаларды қыс уақытында сыртқы ауа температурасы 25 о С. төмен болса, ал жаз уақытында үлкен семіз шошқалар салмағы 100 кг. асса, ауа температурасы 25 о С. жоғары болса артылмайды және тасымалданбайды.
58. Ұсақ жануарлар тор және жәшікте бірнеше қабатта тасымалданады.
Үстіңгі тормен төбенің және вагонның қабырғасынан аралығы 0,2 м болуы керек. Жәшік пен торлар ұзына қабырға бойы орналастырылып, ортасынан малдарға қарау, жүру және ауа ағымы болу үшін орын қалдырылады. Тор және жәшіктердің түбі бүтін болып және артылғаннан соң жақсылап бекітілуі керек.
59. Жабайы жануарлар мен аңдарды вагондар мен тасымалдау темір жолмен шарт бойынша мемлекеттік ветеринариялық қадағалауымен және жүк жіберушінің келісімімен тасымалданады.
Бағалы аңдар, олардың түрлеріне қарамай темір немесе мықты ағаш, есігі темірмен торланған торларда тасымалданады. Тор есіктері мықты есіктің тиегімен және құлыпқа жабылуы керек.
60. Жеткізудің орнатылған уақытына байланысты, жүк жіберуші мал мен құсқа жеткілікті түрде жол бойына азықпен және төсенішпен қамтамасыз етеді.
Қыс уақытында ауаның сыртқы температурасы 15 о С. төмен болса, қыспақ, барда, сүрлеммен жануарлар азықтандыруға болмайды.
61. Жемшөп пен төсеніш мал және құстармен бірге вагондарда тасымалданады және олар жемшөп сөрелеріне немесе вагонның есік аралық кеңістігіне салынады. Жемдер (сұлы, ұн, ұн қалдығы, жарылған жем) қапқа, ал шөп пен сабан бауланған түрінде салынады.
62. Жануарлармен артылған вагондарды төбеден жібергенде, оларды итергенде бұл жұмыстар аса сақтықпен жүргізілуі керек. Станса қызметкерлері жануарлары бар вагондардың жолсеріктерін таратудың басталуын немесе вагондарды итеру жұмыстары болатыны жөнінде ескертуі керек.
63. Жаз уақытында жануарларды тәулігінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу
Малды автокөлікпен тасымалдау
Жануаларды тасымалдау көліктері
Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық-санитарилық талаптар
Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар
Темір жолдармен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық –санитарлық бақылау
Жануарларды тасымалдау ерекшеліктері
Шекарадағы және кедендік пунктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Пәндер