Ш. Уәлихановтың Шығыс Түркістан халықтары туралы тарихи көзқарасы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
2
Кіріспе:
2:
Кіріспе: І-тарау. Ш. Уәлихановтың Шығыс Түркістан халықтары туралы тарихи көзқарасы.
2: 6
Кіріспе:
2:
Кіріспе: ІІ-тарау. Ш. Уәлиханов және Ішкі Азия топонимакасы .
2: 16
Кіріспе:
2:
Кіріспе:

ІІІ-тарау. Ш. Уәлиханов ХІХғ. бірінші жартысындағы Орта Азия

халықтарының саяси-экономикалық өмірі туралы.

2: 22
Кіріспе:
2:
Кіріспе:

ІV-тарау. Ш. Уәлиханов Қырғыстанның кейбір әлеуметтік-

экономикалық және мәдени өмірі туралы.

2: 32
Кіріспе:
2:
Кіріспе: Қорытынды.
2: 38
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
2: 40

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Биыл көрнекті шығыстанушы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы ғалым Ш. Уәлихановтың (1835-1865ж. ж. ) туғанына 170 жыл толды.

Қазақ халқының ұлттық мақтанышы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов бірнеше ғылым саласында еңбек етіп, олардың әрқайсысында өшпес із қалдырған. Ол түркі халықтарының тілі мен әдебиеті, тарихы мен мәдениеті, этнографиясы жөніндегі еңбектеріне байланысты ғылымда мәңгілік орын алды. Әсіресе, оның түрлі саяхаттар кезінде жинаған географиялық мәліметтері - кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес бай мұра. Шоқан Шыңғысұлының Орталық Азия (оның ішінде Қазақстан да бар) халықтарының тарихын зерттеуге қосқан үлесі төл тарихнамада едәуір айтылды.

Бірнші қазақ ағартушысы және демократы, ғалым, зерттеуші, орыс және қазақ тағы басқа халықтармен достықты жақтаушы Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлихановқа әрқашанда ғалымдар мен жазушылар, суретшілер назар аударып, жазып, зерттеп келді.

Шоқан Уәлиханов еңбектерінен ғылымның әр саласын зерттеуші ғалымдар бір тума бай ой-пікірлерді, оның кең ой-өрісін, білімін қарастырды.

Философиялық, саяси және экономикалық көзқарсы туралы қарастырған арнайы зерттеулер К. Бейсенбиев және О. Сегiзбаев. [1], С. Булатов [2], Л. Дюкова [3], М. Елеусiзова [4] еңбектерінде қарастырылады.

Шоқан шығармалары туралы маңызды еңбекті М. Әуезов [5], А. Марғұлан [6], Х. Айдарова [7], М. Фетисов [8], Н. Хасанов [9] жазды. Әйткенменде олар Шоқан Уәлихановтың тарихи көзқарасы туралы толық мағұлат берген жоқ, себебі тарихи көзқарасы толық зерттелмеген, тек қана бұл зерттеулерде философиялық құқықтарды, экономикалық және әдеби және сұрақтарға ғана жауап беруші ретінде қолданылады. Осыған қарамастан Ш. Уәлиханов мұрасын зерттегенде, оның Қазақстан тарихы мәселелерін, Орта Азия мен Шығыс Түркістан халықтарының терең тарихын қарастырғанын көреміз .

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бірінші қазақ демократының қызметінің зерттеу көзқарастарын, оның тарихи проблемаларын жетілдіру, Қазақстан тарихы, Орта Азия және Шығыс Түркістан халықтарының қоғамдық даму тарихы заңдылықтарын ұстаныммен анықтау, нақты және толық қорытындылау. Уәлиханов өз зерттеулерінде кішігірім сұрақтарға жауап берумен шектелмейді, тарихтың ең бір өзекті мәслелеріне де назар аударды, оны яғни, Шоқан Уәлихановты қызықтырған сұрақтар;

- қазақ және қырғыз халықтарының шығу тегі;

- сол кезеңдегі қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылысы;

- Шығыс Түркістан халықтарының экономикалық- саяси жағдайы;

- жоңғар феодалдарына қарсы қазақ халқының азаттық күресі;

- Қазақстанның Ресейге қосылуы.

Бұл мәселелер мен қатар Ш. Уәлиханов ХIX ғасырдағы Орта Азия мемлекеттерінің қоғамдық және экономикалық құрылысына және Шығыс Түркістандағы Маньчжурлерге қарсы азаттық соғысы мен т. б. сұрақтарды да қарастырды. Міне осы мәселелерді зерттей келе жалпы Шоқан Уәлихановтың ғылыми - шығармашылығы мен тарихи көзқарастарын, шығыстану ғылымына қосқан үлесіне сипаттама беру.

Бір айта кететін жайт Ш. Уәлихановтың тарихи көзқарасын жете зерттеген монументалды зерттеудің күні бүгінге дейін жоқтығы. Сондықтан да Шоқан Уәлихановтың Қазақстан тарихы, Орта Азия және Шығыс Түркістан туралы тарихи ғылыми мұрасын толығымен зерттеу өз кезегін күтуде.

Тақырыптың деректік негізі . Ш. Уәлиханов тарихи көзқарасын зерттеуде бірқатар деректермен қатар Шоқанның өз шығармаларын толығымен қолданылды. Оның алғашқы еңбегі 1904ж. орыс география қоғамының жазбаларында жарық көрді. Оны шығыстанушы Н. И. Веселовский дайындады.

Шоқанның өмір сүрген уақыты және дүние жүзі бойынша география ғылымының дамуындағы ірі бетбұрыс кезеңіне сәйкес келеді. . Бұл туралы Ш. Уәлиханов «Тянь-Шанның және Ыстықкөл алқабының географиялық очеркі» деген еңбегінде былай деп өкініш білдіреді: «Географияның соңғы кездегі орасан зор табыстарына қармастан жанартаулары әлемге әйгілі және жұмбақ халықтар жайлаған Орталық Азияның шығыс бөлігі немесе Орталық Азия қыратының нақ өзі қазірге дейін жан баспаған terra incognita (белгісіз жер - М. Н. ) қалпында қалып отыр» [10] .

Ғалым бұл пікірін «Жоңғария очерктерінде» онан әрі ширата түседі. «Біздің Қоғам (География қоғамы - М. Н. ) бойынша жолдамасыз П. П Семенов, - деп жазады ол, - Риттердің «Erdkunde von Asien» кітабының ІІ томының өзі жасаған аудармасын бастырып шығарғанда Орталық Азия ішкі Африкадан ешқандай да артық зерттелмеген деген қорытындыға келді. [11]

Ішкі Азияның табиғаты мен халқын зерттеуде қазақтың ғұлама ғалымы Ш. Уәлиханов есімі география ғылымының тарихында қазақ даласын, Орта және Орталық Азияны тұңғыш зерттеушілердің бірі ретінде заңды түрде аталады. Орта ғасырлардан бері белгісіз жатқан «Алтышаһар елі» - Қашғарияның табиғаты, халқының тарихы мен шаруашылығы туралы тұңғыш тарихи және географиялық мәлімет әкелді. [12]

Ғұлама ғалым, ержүрек саяхатшының Ішкі Азияның халқының тарихы, тілі мен әдебиеті, этнографиясы жайында географиясы, жазған жұмыстарының нәтижелерін өз кезінде замандастары жоғары бағалады. Орыс география қоғамының ұзақ жылдар бойындағы басшысы - П. П. Семенов Тян-Шанский, шығыс зерттеушілері - Н. И. Веселовский, Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев, И. И. Ибрагимов, саяхатшы-географтар Н. А. Северцов, А. И. Макшеев, Ф. Р. Остен-Сакен, геологтар - И. В. Мушкетов пен Д. И. Романовский, француз географиясының ірі өкілі Э. Реклю және басқа да көптеген ғылымдар Шоқанның еңбектерін зор ілтипатпен атады. Біздің кезімізде Л. С. Берг, Ә. Марғұлан, С. Зиманов т. б ғалымдар Шоқантану ғылымына өз үлестерін қосты. Алайда, өкінішке орай осы кезге дейін ғалымның кейінгі ұрпаққа қалдырған бай мұрасынан Ішкі Азия топономикасына байланысты ой-пікірі шоқантанушылардың назарынан тыс қалып келді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Аса көрнекті ағартушы, ғалым және зерттеуші Шоқан Уәлихановтың (1835-1865жж) тарихи-географиялық және өлкетану мен топонимика саласына қосқан үлесі, ғылыми-шығармашылық бай мұрасын зерттей отырып, оның шығыстану іліміне қосқан үлесінің туындылары: «Қырғыздар туралы жазбалар», «Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» және тағы да басқа мақалалары мен географиялық атауларға түсініктемелер Шоқанның, әсіресе, жол жазбаларында көптеп кездесетіндігі туралы мәлімдейді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, төрт бөлімнен және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралған.

І-тарау. Ш. Уәлихановтың Шығыс Түркістан халықтары туралы

тарихи көзқарасы.

Шоқан өз кезеңінің жан-жақты аса терең білімді адамы болды. Әсіресе оның тарихи білімі зор болды және ғылым мен әдебиет саласында да зор білімділігімен ерекшеленетін Шоқан өз ойын бейнелеп тартымды жеткізе білетін асқақ шешен болатын.

Шоқанға аса көрнекті орыс жазушысы Ф. М. Достоевскиймен және оның досы, патша самодержавиесіне қарсы күрескен революционер - демократ С. Ф. Дуровпен кездесу өшпес әсер етті. Олардың екеуі де каторгалық жұмыстармен түрме мерзімдерін өтегенен кейін қатаң қадағалауда жүрген еді. Ф. М. Достоевскиймен Ш. Уәлихановтың достық қарым-қатынастарын олардың түрлі уақытта жазысқан хаттары дәлелдейді. [13] Достоевский өзінің хаттарында дос ретінде Шоқанға пайдалы кеңестер беріп, рухын көтеріп, оның алдына зор игі міндеттер қояды.

1853 жылы Шоқан кадет корпусын бітіргенен кейін Сібір қазақ әскеріне қызметке жіберіледі. Көп ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт оның қабілеттілігіне назар аударып 1854 жылы Шоқан оған адьютант болып тағайындалды. Жаңа қызмет оны Сібірдің шенеуліктік аппаратымен тікелей бетпе-бет келтірді, олардың арасында астанадан, Орталық Ресей мен оның шет аймақтары - Финляндиядан, Поляк патшалығынан, Қырымнан, Кавказдан осында мансап іздеп, қаржы жағдайын жақсарту үшін келегн немесе қайсы бір оқиғаларға араласып, істі болған әртүрлі адамдар бар еді. Болашақ ағартушы өзінің демократиялық көзқарастары арқылы патша өкіметінің мұндай итаршыларынан бірте-бірте алыстай берді және патшаның отаршылдық аппараты тудырған зұлымдыққа қарсы аянбай күрескен үшін олардың тарапынан қудалануға, зәбірленушілікке ұшырап отырды. Үкімет орындарының заңсыз әрекеттеріне Шоқан қатты күйінді, оған езілген халықтың үміт арманы жақын болатын. Өзінің достары - Ф. М. Достоевскийге, А. Н. Майковқа, В. С. Курочкинге, К. К. Гутковскийге үкімет орындарының озбырлығы жайлы ызалы хаттар жазды.

Келесі, 1855 жылы Ш. Уәлиханов Гасфорттың Омбыдан Іле Алатуына дейінгі сапарына қатысады. Бұл сапар қарапайым халықтың өмірін танып білудің басы болды. Олардың тарихи аңыз әңгімелері мен жырларын жазып алуға мүмкіндік берді. Сапар кезінде көрінген білімдарлығы мен қабілетіне тәнті болған Гасфорттың өзі қайтып келегенен кейін Шоқанға аса мақтаулы мінездеме беріп, наградаға ұсынады. Генерал-губернатор Гасфорт былай деп жазды: « . . . корнет Уәлиханов сұлтан қызмет істегеніне екі жылдай ғана болса да, қырғыз-қазақ тіліне мейлінше жетік болуының және жергілікті қырғыздардың әдет-ғұрыптарын терең білуінің арқасында менің сахараға шыққан сапарымда қасыма ере жүріп, үлкен пайда келтірді . . . мен Уәлихановты марқабатты сыйлықпен марапаттау қажет деп санаймын, оның үстінде Уәлихановты жергілікті қырғыздар ерекеше құрметтейді».

Ш. Уәлихановтың ғылыми қызметінің жаңа кезеңі 1858 жылғы Қашақарияға құпия сапары болды. Марко Поло мен Иезуит Гоестен (1603ж) кейін осы бір онша мәлім емес елге тұңғыш рет барған Шоқан «Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығыстанушылар жоғары бағалады және көп ұзамай ағылышын тіліне аударылып, басылып шықты. Бұл еңбек шығыстану ғылымына сол халықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірі туралы маңызды мағлұмат болып табылады. Бір айта кететін жайт Шоқан Уәлихановқа дейін бұл өлкенің, яғни Қашғарияның қоғамдық тарихи және саяси-экономикалық жағдайын зерттеген бірде-бір ғалым Қашғариядан сәтті орала алмаған. Мұнан кейін бұл елдің тарихы мен айналысқан немесе сол жерде болған ғалымдардың барлығы ең алдымен Ш. Уәлиханов еңбектерін қарастырып, одан өздеріне қажетті мағлұматтарды алған. Бұл еңбекте қандай тарихи жағдай және қоғамдық ғылым не себепті жоғары бағалаған? Уәлихановтың Қашғар жеріндегі мәліметтері ғылымда не себепті өз бағасын ала алмады?

Себебі, Ресей Қашғарияның ең жақын көршілерінің бірі болатын. Петр І кезеңінен бастап Ресейге бұл елдің таңғажайып байлығы белгілі болып, Петрдың жіберген елшілері бірнеше рет шекараны басып өтуге тырысты. Мәселен, І Петр 1714 жылғы 22-мамырдағы бұйрығы бойынша капитан Бухгольц Жаркент көлі арқылы жүріп отырып, егер де бұл елді билеп алған жағдайда, одан әрі алтыннын олжалап және жергілікті жерді Ресей мемлекетіне бекітуін жүктейді. [14] Бірақ капитан Бухгольц Қашғарияға кіре алмады. Жоңғарлар оған Ертістің оң жағалауындағы Томбыға жақын Ямыш қамалына дейін ғана жылжуға мүмкіндік берді. Бірақ Ресей бұдан кейін де Қашғария жағдайын үнемі қадағалап сәті түскенде басып кіруді көздеді.

ХVІІ ғ. соңы - ХVІІІ ғ. басында Қашғарияны Қытайлық Маньчужурлер басып алды. Қытай бұл жерді иеленіп өзінің батыс шекарасының қауіпсіздігін жақсартумен қатар, үлкен аумақтық өтімді сауда тауарын ең алдымен шәйді иеленді. Қашғария (Алтышар) осы тұста Үлкен Бұхария Ауғанстан, Бадахшан, Кіші Тибет, Кашмир, Хива және парсылардың бірқатар провинцияларын шәймен қамтамасыз етіп отырған жалғыз ғана ел болатын. Қашғария арқылы фарфор бұйымдарын көптеп тасымалдайтын. Бір жылда Қытайдан мұнда отыздан - жүзге дейін артпа түйелер өтетін. Қашғарияға тек қана азияттықтар ғана кіре алатын. Бұл ереже 1826 жылға дейін сақталды. Бірақ ертеректе Қоқанда тұрған, 1826 жылы бұрынғы билеушілердің тұқымынан шыққан мұрагер Жәңгір айтулы әскер жинап, Қашғарға жылжыды. Ол Маньчужур әскерін қиратып, қалаға кіріп, Саид-Жәңгір Сұлтан деген титулды қабылдады.

Бұл жағдай онсыз да үңіле қарап отырған патшалық Ресейдің назарын одан әрі қызықтыра түсті. 1826 жылдың 5-желтоқсанында сыртқы істер министірінің басқарушы граф Нессельрод Батыс Сібір генерал губернаторы Капцевичке жазған хатында: «Из Оренбурга дошли сюда (в Петербург) известия, будто бы Малая Бухария, по случаю какого-то возмущения, готово отторгнуться от китайского правительства. Хотя известие это требует еще подтверждения, но по важности происшествия в стране, нельзя оставить означенное обстоятельство без внимания. По Высочайшему повелению, я обращаюсь к Вам, с просьбою отправить, сколь можно поспешнее верного конфедерата в места, сопредельные с Малой Бухарией. Если не удастся ему проникнуть в самую область сию, поручить разведать самым основательным образом, с соблюдением строжайшей осторожности: до какой степени справедливый разнесшиеся слухи об упомянутом отторжении и кто глава такого возмущения, сколько сильна противоборствующая сторона, как велики ее успехи, а равно, такие меры приняты по всему случаю китайским правительством, имеют ли они надежду сохранить ту область за собою по-прежнему или старания в том оказываются тщетными. Не меньше сего надо знать, в каком положении находятся киргизы, имеющие смежные кочевья с Малой Бухарию; принимают ли они в этом происшествии какое-либо участие, или остаются праздными зрителями возникшего неустройства; в особенности не поддерживают ли стороны, отстаивающей независимость свою. Всякое известие, какое вследствие всего. Вы получите через конфедерата, я прошу сообщить мне для немедленного доклада государю императору». [15]

Патша үкіметін, әсіресе Қашғарияға ағылшындардың енуі мазалады.

Нессельродың хатын алғаннан кейін Батыс Сібір генерал-губернаторы алған мағлұматтарды тексеру үшін Кіші Бұхарияға кеңесшісі Бубеновты саудагер ретінде Қашғарияға кіруге жібереді. 1827 жылдың бірінші ақпанында Бубенов сапарға аттанып, Кіші Бұхарияға сапары барысындағы естіп білгендерін патша үкіметіне жеткізіп отырды. Солардың бірі 1827 жылғы 1-маусымдағы Бубеновтың берген мәлімдемесінде ағылшындардың қатысы бар екендігін дәлелдеген мәліметі. Бубеновтың мәліметімен танысқан Омбы облыстық басшысы сыртқы істер министірлігіне төмендегідей хат жолдайды:[16] « . . . не остается никакого сомнения на счет принятного кашгарцами решение отторжения от Китая, но тем не менее казалось бы необходимым по важности происшествия в стране, состоящей в связи с здешним краем ипо той наклонности и порывам, какие оказывают калмыки и киргизы к соучастию в возмушении, иметь в соседственной к тем местам Большой Киргизской Орде способного конфедерата, который бы, оставаясь нам на известное время, замечал за дальнейшими послетствиями возгорающихся замешательств и доносил бы по временам. Для такого поручения можно было бы употребить из здешних переводчиков, дать ему в охранение до пяти казахов с тем, чтобы они под предлогом торговли в виде азиатцев и с соблюдением строгой остсрожности находились в Большой Орде, особенно при тех султанах, которые более к нам преданы и кочуют в сопределенности к китайскому пограничнаму городу Кульдже, главному пункту, через который настоящие действия китайского правительства»

Омбы областық басшысының бұл болжамы кейінірек расталды. 1827 жылдың көктем мен жаз айларында маньчжур өкіметі өзінің барлық күшін жиып, Жәнгір әскерін жойып, Кашқарға енді. Қашқарды бар-жоғы он ай билеген Жәңгір бас сауғалап тауға қашып, елде тонаушылық пен жазалау әрекеттері бой алды. Әскери қақтығыстар 1831 жлғы келісімен кейін тоқататылды. Кашқариядағы кейінгі яғни қанды қақтығыстар 1857 жылы Уәлихан төре өзін хан жариялап билеген жылдар болды. Бұл халықтың шамасы келмейтін салықтар салып, әуре сарсаңға салып, халықтың қанын төгіп отырды. Бірақ төрт айдан кейін маньчужур әскерінің айбарынан қорқып Қоқанға қашты.

Пташа өкіметінің Қашқарияға деген қызығушылығы бұл тұстада толастамаған, әсіресе орыс өкіметінің Қытаймен (1857-1858жж) шиеленіс жағдайында күшейе түсті. Осыған байланысты Батыс Сібір губернаторы Гасфорт әскери қақтығыстар бола қалған жағдайда батыс Қытай империясының шекарасына басты назар аудару қажет екендігін, сонымен қатар Қашқарияны күшпен басып алып, онда хандықты орнатып, Ресей бодандығына алу керектігін айтады. 1857 жылдың август айында патша өкіметінің шешімімен Қашқариямен экономикалық және саяси байланыс орнату мәселесі қаралды. Бірақ не патша өкіметінде, не болмаса сібір әкімшілігінде сол тұстағы Қашқария туралы мәлімет жоқтың қасы еді.

Қашқарияға деген құлшыныс тек экономикалық-саяси жағынан ғана емес, сонымен қатар таза ғылыми қызығушылықты да тудырған болатын. Осы тұста Ресей қоғамдық ғылымы Шығыс елдеріне ғылыми саяхат жасаушы Германияның атақты географы Адольф Шлагинтвейттің Үндістан арқылы Қашқарияда сапар шекендігін білген, бірақ бұл туралы ешқандай мәлімет жоқ еді.

Патша өкіметі Қашқарияға маңызды мәліметтер жинау үшін тағы да өзінің сенімді бір адамын жіберу керек деп ұғынды. Тек баратын адам батыл да күшті болмау керек, сонымен қатар шығыс тілдерін жетік білуші, елдің ауыр ішкі жағдайын жақсы түсінетін, Ресей мен Қашқарияның экономикалық және саяси жағдайларын реттейтін адам болу керек деп түсінді.

Міне осындай ақылды да алғыр, шығыс тілдеріне жетік, адам ер жүрек, батыл Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов еді.

1858-1959 жылдары Шоқан өзiн ер жүрек саяхатшы данқына бөлеген атақты Қашқария саяхатына барып қайтады. [17] Марко Поло мен иезуит Гоестен кейiн (1603 жылы) бұл елге тұнғыш рет барған адам Шоқан едi. Еуропаға беймәлiм болып келген бұл елдiң географиясы, тарихы, мәдениетi және саяси жағдайымен терең танысып, Шоқан Уәлиханов Шығыс Түркiстанды ғылыми жолмен зерттеудiң бастамасын жасады.

Ғылым жүзiнде мүлдем белгiсiз болып келген, мәдениетi бай Қашқариядай елдi зерттеудiң маңызы өте зор едi. Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапар шегуiне себепкер болған ең алдымен ұлы географ Семенов-Тяньшанский едi. Семенов-Тяньшанский Г. Х. Гасфортқа: ″Генерал-губернатордың қарамағында iстейтiн офицерлердiң iшiнде Қашқарға қырғыздардың ұлттық киiмiн кигiзiп жiберген күнде өзiнiң бiлiмi мен дарындылығы арқасында, жалғыз Қашқар емес, бүкiл Алтышаһардың бүгiнгi жағдайы жөнiнде Россия үшiн аса бағалы мәлiметтер жинап және сол кездегi Қытай Түркiстанда болып жатқан бүлiктердiң себептерiн анықтап, дұрыс түсiнiк бере алатын бiрден бiр офицер тек қана Уәлиханов″ − деп атап көрсетедi [18] .

1858 жылдың жазында татар саудагерінің киімін киген Шоқан ұзақ жолға жолай керуенмен атанады. Ш. Уәлиханов өз күнделігін жол бойы яғни керуенге қосылған Әлімбай атанған күнінен, Карамол шатқалынан бастап 2 қазан 1858 жылы Қашқарияға жеткенге дейін жазып отырды. Бұл күнделік Ыстықкөлден - Қашқарға дейінгі жолды баяндайтын өзінің ғылыми құндылығымен қымбат құжат. Венюков М. В., Проценко., Захаров., Голубев және тағы басқалардың зерттеулеріне дейінгі бұл жалғыз ғана зерттеу болып табылады.

Келген күнінен бастап Шоқан Қашқария тарихымен танысып, бұл өлке туралы нақты мәліметтер жинауға әсіресе, Кіші Бұхарияның саяси жағдайы туралы жиған мәліметтерін барлық деректер арқылы дұрыстығына көп көңіл бөледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
XVIII ғ. - ХІХ ғасырдың аяғындағы қазақ мәдениеті
Наполеон Бонапарт- қолбасшы, саясатшы және мемлекет қайраткері
Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Шоқан Уәлиханов этнограф - тарихшы
Орыс ғалымдары ХІХ ғасырдың Қазақстан өндіргіш күштері мәдениеті мен тұрмысы
Ш. Уәлиханов көрнекті тұлға және ғалым
Халық ағарту ісі
Шоқанның саясат тұрғасандағы ой – пікірлері
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz