Жекешелендіру, ҚР кәсіпкерлік қызметі, ҚР нарықтық экономиканың қалыптасуы, нобель сыйлығының лауреаттары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
дене шынықтыру және спорт кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:
Жекешелендіру, ҚР кәсіпкерлік қызметі, ҚР нарықтық
экономиканың қалыптасуы, нобель сыйлығының лауреаттары
Орындаған: Амангелді А. А.
Е - 415 топ
Тексерген: Габдуллина Л. Б.
Семей қаласы, 2015 жыл
Жоспар:
1. Жекешелендіру
2. ҚР шағын кәсіпкерлік экономикадағы рөлі
3. ҚР нарықтық экономиканың қалыптасуы
4. Нобель сыйлығының лауреаттары
5. Пайдаланған әдебиеттер
Жекешелендіру - меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру - күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда, не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті.
Бірінші кезеңде (1991 - 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызметкөрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді.
Екінші кезеңде (1993 - 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді.
Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті.
Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясынажәне практикаға көп жаңалықтар әкелді. 2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды.
Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол - шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік - қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын.
Жалпы нарықтық экономикалық жүйе - шаруашылық шешімдерді әрбір экономиканың қатысушысы жеке дара қабылдайтын, оларға заңды мәртебе берілу қажеттілігіне, жекеменшік құқығының анықталынуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталынуына орай жеке меншікке, экономикалық және құқықтық еркіндікке, кәсіпкерлікке, бәсекелікке негізделген жүйе. Бұл жүйеде нарықтық қатынасқа қатысушылардың «ойын ережесін» заңды түрде бекітетін құқықтық негізді қамтамасыз ету мәселесін мемлекет өз мойнына алады. Экономикалық қызмет саласында мемлекет заңнама негізінде сот міндетін атқарады. Жеке шешімдер нарықтық бәсеке жағдайында үйлестіріледі. Нәтижесінде мемлекеттің экономикалық араласуы кең өріс алады. Нарықтық жүйе ресурстарды тиімді пайдалануға және экономикалық тез көтерілуге ықпал етеді, алайда оның жағымсыз жақтары да болады. Мысалы, рынок табыс жөнінен әлеуметтік топтарды жіктеуге алып келеді
Ал Қазақстан ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған институционалдық, құрылымдық реформалардың кешенді бағдарламасын жүзеге асырды. Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа тәуелсіздік жарияланғаннан кейін қарқынды түрде жүргізілді. Тәуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық өзгерістер: 1992ж. 7 қаңтарда бағаны ырықтандыру (либерализациялау) басталды. 1993ж. қабылданған Ата заңда жеке меншік құқығын мойындайтын бап еңгізілді, жеке меншік институтын қалыптастыратын реформа жүргізіле басталды және ол төрт кезеңді қамтыды. Жекешелендіру - азаматтардың немесе олардың барлық бірлестіктерінің немесе акционерлік қоғамдарының, серіктестіктерінің акциялар (пай) бөлігін жекеменшікке алу болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу дегенді мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа түрлеріне (мемлекеттік емес) негіздеп қайта құру деп анықтауға болады. 1993ж. 15 қарашада Ұлттық валюта - теңге айналымға енгізілді; 1993-1994 ж. ж. экономикалық дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданып, оны іске асыру басталды; 1994-1996 ж. ж. қатаң ақша-несие саясаты жүргізілді; 1997-2000 ж. ж. аралығында реформалар ары қарай жүргізілді. Түбегейлі жүргізілген реформалардың нәтижесінде елімізде нарықтық экономиканың негізі қаланды және ол қазіргі кезеңде нәтижелі жұмыс істеп жатыр.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдірудегі үрдістері:
Еліміздің нарыққа өткен кездегі бастан кешкен қиыншылықтарды да ескермеуге болмайды. Ол: жеке меншік сектордың жоқ болуы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап, сауда ауқымындағы монополиялар және т. б. Сонымен, аталған осынау кедергілердің тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. Мұның өзінде табыс шарты болып - дұрыс таңдалынған Стратегия аталынады. Мәселен, белгіленген бағытты жүзеге асыру үшін мықты басшының, жақсы ұйымдасқан адамдар тобының, саяси тұрақтылық және қоғамды нығайтудың, заң үстемдігі болуы шарт. Мұның сыртында, экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік рынокпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың рыноктік қатынастарға тән ойлау жүйесі болмаған. Осы тұрғыдан алғанда 1996 ж. Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасын қабылдаудың маңызы өте зор болды. Бұл бағдарламада жеті басымдық бағыттар белгіленген:
1) Ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік.
2) Ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамдық бірлікті нығайту.
3) Нарықтық құрылымдарды жетілдіру, шетелдік инвестицияны және ішкі қаражатты мол тарту арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік тұрақты өсуін қамтамасыз ету.
4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жоғары және сапалы тұрмысы.
5) Энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым (әсіресе көлік және байланыс) .
6) Кәсіпқойлы тиімді үкімет.
7) Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен аяусыз күрес.
Джеймс Александр Миррлис экономика саласындағы Нобель Сыйлығын «Ақпаратты асимметрия» зерттеу аумағы бойынша 1996-жылы иемденген болатын. Дәріс алдында ҚазҰТУ ректоры Ж. Әділов жиналғандарды Нобель Лауреатымен қысқаша таныстырып өтті.
Сэр Джеймс Александр Миррлис (ағыл. sir James Alexander Mirrlees. 5-маусымда 1936ж туылған, Нью-Стевард) - Шотланд экономист. Экономика саласы бойынша «Ақпараттты асимметрия аумағын зерттеу» еңбегі үшін 1996-жылы Нобель Сыйлығын алған. Джеймс Миррлис 1954-жылы Эдинбург университетіне математика мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1957-жылы университетті аяқтаған соң, экономика саласын зерттеумен тыңғылықты айналысты. 1963-жылы нәтижелі еңбегінің арқасында Кембридж университетінің ғылыми докторы атағына ие болады. Экономика оның ойынша әлсіз дамыған мемлекеттерге қызмет етуі керек деген Джеймс Миррлис өз өміріне үлкен сеніммен қарап, барлық күш-жігерін осы салаға жұмсап, өз жұмыстарында әлеуметтік сақтандыру мен салық саласы сияқты тақырыптармен айналысты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz