Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі



1.Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар.
2. КазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар.
3. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі.
Кеңестік дәуір тұсында қазақ әдебиеттану ғылымының нысанасы негізінен сол кезеңдегі кеңестік идеологияға бағындырылып, заман өлшемімен қарастырылды. Таптық тұрғыдан қарастырылған кез-келген ұлттық мұрамыздың кеңестік мүддеге қатыстылығы қаншалықты екендігіне баса назар аударылды. Қазан төңкерісіне дейінгі айтыстар бөлек те, онан кейінгі айтыстар бір бөлек. Әсіресе, төңкерістен кейін «ескіліктің көзіндей» болып, «қуғын» көрген айтыстың қайта жандануына тікелей себепкер болып, қатарға қосылуына өлшеусіз үлес қосқан сол кездегі қазақтың сөз ұстар жазушылары мен қайраткерлері.1922 жылы Семей қаласында Иса Байзақов пен Нұрлыбек Баймұратов айтысты, 1930-40 жылдары арасында республикамыздың кейбір аудандарында, Қарағанды, Гурьев қалаларының өнеркәсіп орындарында ақындық өнер сайыстары өтті. Республика көлеміндегі алғашқы көлемді айтыс 1943 жылы болған еді. Бұл айтысқа төрт-бес облыстың белгілі ақындары қатысып, бұрыңғы жақсы дәстүрді қайта жалғастырып әкетті. Содан кейін жүйелі түрде болмаса да, белгілі бір мерекеге орай аудан, облыс, республика көлемінде шағын-шағын айтыстар өткізіліп жатты. Болман Қожабаев, Қалқа Жапсарбаев, Есдәулет Қандеков, Жақсыбай Жантөбетов, Сәт Есенбаев, Нұрхан Ахметбеков, Қайып Айнабеков сияқты айтыс өнерінің кәнігі шеберлерінің игі дәстүрі үзілген жоқ, қайта жалғаса берді. Сондай-ақ, Қазақ ССР-нІң 40 жылдығына, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу мерекесіне, жыр алыбы Жамбылдың туғанына 125 жыл толу тойына, әнші-композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 90 жыл толу меркесіне арналып өткізілген ақындар айтысында біраз жас талапкерлер көзге түсті. 1980 жылы Қазақ ССР-і мен Қазақстан Компартисының 60-жылдық кұрметіне республикалық ақындар айтысы өткізілді. 1943 жылы, жанкешті соғыс жүріп жатқан кезде, Қарағандыда өткізілген айтыстан басталып, Алматыда жалғасын тапқан үлкен көлемдегі республикалық ақындар айтысы - қазақ мэдениетіне өнар тарихын кіргізді.Айтыс-үлкен өнер, халықтың рухани азығы, сонымен қатар идеологиялық тәрбиенің өткір құралы. Әдетте, шындық айтыста туады десек, жетістігіміз қандай, кем-кетігіміз неде, міне, солардың бәрі айтыс ақындарының назарынан тыс қалмақ емес. Айтыс тақырыбының кенересі кең. Ол заман, қоғам, адам туралы бүгінгі күннің шындығын мол қамти алады. Жеке бастың ғана емес, сонымен бірге қоғамдық мәні бар жайлар бірінші кезекте тұрады. Алқа топта ақын аузымен айтылатын өткір шындық салмағы да оңай болмаса да керек. Міне, бұлардың бәрінен айтыс өнерінің саяси, әлеуметтік, идеологиялық және тәрбиелік мәні айрықша көрінеді.1943 жылы Ұлы Отан соғысының қызу жүріп жатқан кезде Қазақстан Үкіметінің арнайы қаулысымен қазақ халқының тарихында тұңғыш рет республикалық халық ақындарының брінші айтысы өткізілді. Бір аптаға созылған бұл жыр жарысының естен кетпес мерекесі бүдан 62 жыл бүрын Алматы қаласында қазіргі Абай атындағы опера және балет театрында болған. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 88 ақын қатысқан еді. Ол тойдың шымылдығын ашып, айтысқа беташар айтқан 97 жастағы Жамбылдың өзі болатын. М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтердің қамқорлығымен өткен бұл айтыстар өшуге айналған суырыпсалмалық өнердің қайта дамуына мұрындық болды.
1.Т.Кәкішев «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» 1995 ж
2.Т.Кәкішев «Кер заманның кереғар ойлары» Алматы, 1995 ж
3. Дандай Ысқақұлы «Әдеби сын тарихы» Алматы, 2012
4. Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. 16 томдық. Алматы, 1972-1980.
5. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Начало формы
Конец формы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы : Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі.

Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.
Орындаған: Нұрғалиева А.О.

Семей, 2015ж
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі.
Жоспар:
1.Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар.
2. КазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар.
3. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі.

Начало формы
Конец формы
Кеңестік дәуір тұсында қазақ әдебиеттану ғылымының нысанасы негізінен сол кезеңдегі кеңестік идеологияға бағындырылып, заман өлшемімен қарастырылды. Таптық тұрғыдан қарастырылған кез-келген ұлттық мұрамыздың кеңестік мүддеге қатыстылығы қаншалықты екендігіне баса назар аударылды. Қазан төңкерісіне дейінгі айтыстар бөлек те, онан кейінгі айтыстар бір бөлек. Әсіресе, төңкерістен кейін ескіліктің көзіндей болып, қуғын көрген айтыстың қайта жандануына тікелей себепкер болып, қатарға қосылуына өлшеусіз үлес қосқан сол кездегі қазақтың сөз ұстар жазушылары мен қайраткерлері.1922 жылы Семей қаласында Иса Байзақов пен Нұрлыбек Баймұратов айтысты, 1930-40 жылдары арасында республикамыздың кейбір аудандарында, Қарағанды, Гурьев қалаларының өнеркәсіп орындарында ақындық өнер сайыстары өтті. Республика көлеміндегі алғашқы көлемді айтыс 1943 жылы болған еді. Бұл айтысқа төрт-бес облыстың белгілі ақындары қатысып, бұрыңғы жақсы дәстүрді қайта жалғастырып әкетті. Содан кейін жүйелі түрде болмаса да, белгілі бір мерекеге орай аудан, облыс, республика көлемінде шағын-шағын айтыстар өткізіліп жатты. Болман Қожабаев, Қалқа Жапсарбаев, Есдәулет Қандеков, Жақсыбай Жантөбетов, Сәт Есенбаев, Нұрхан Ахметбеков, Қайып Айнабеков сияқты айтыс өнерінің кәнігі шеберлерінің игі дәстүрі үзілген жоқ, қайта жалғаса берді. Сондай-ақ, Қазақ ССР-нІң 40 жылдығына, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу мерекесіне, жыр алыбы Жамбылдың туғанына 125 жыл толу тойына, әнші-композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 90 жыл толу меркесіне арналып өткізілген ақындар айтысында біраз жас талапкерлер көзге түсті. 1980 жылы Қазақ ССР-і мен Қазақстан Компартисының 60-жылдық кұрметіне республикалық ақындар айтысы өткізілді. 1943 жылы, жанкешті соғыс жүріп жатқан кезде, Қарағандыда өткізілген айтыстан басталып, Алматыда жалғасын тапқан үлкен көлемдегі республикалық ақындар айтысы - қазақ мэдениетіне өнар тарихын кіргізді.Айтыс-үлкен өнер, халықтың рухани азығы, сонымен қатар идеологиялық тәрбиенің өткір құралы. Әдетте, шындық айтыста туады десек, жетістігіміз қандай, кем-кетігіміз неде, міне, солардың бәрі айтыс ақындарының назарынан тыс қалмақ емес. Айтыс тақырыбының кенересі кең. Ол заман, қоғам, адам туралы бүгінгі күннің шындығын мол қамти алады. Жеке бастың ғана емес, сонымен бірге қоғамдық мәні бар жайлар бірінші кезекте тұрады. Алқа топта ақын аузымен айтылатын өткір шындық салмағы да оңай болмаса да керек. Міне, бұлардың бәрінен айтыс өнерінің саяси, әлеуметтік, идеологиялық және тәрбиелік мәні айрықша көрінеді.1943 жылы Ұлы Отан соғысының қызу жүріп жатқан кезде Қазақстан Үкіметінің арнайы қаулысымен қазақ халқының тарихында тұңғыш рет республикалық халық ақындарының брінші айтысы өткізілді. Бір аптаға созылған бұл жыр жарысының естен кетпес мерекесі бүдан 62 жыл бүрын Алматы қаласында қазіргі Абай атындағы опера және балет театрында болған. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 88 ақын қатысқан еді. Ол тойдың шымылдығын ашып, айтысқа беташар айтқан 97 жастағы Жамбылдың өзі болатын. М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтердің қамқорлығымен өткен бұл айтыстар өшуге айналған суырыпсалмалық өнердің қайта дамуына мұрындық болды.Халық бойындағы сарқылмас суырыпсалма өнерінің жаңа қоғам талабына сәйкес жаңа сипатпен дамуына коммунистік партия мен Кеңес өкіметі тиісті бағыт беріп, оны өзінің үгіт-насихат ісіне орынды пайдалана білді. Өмірдің өзгеруіне сәйкес айтыстың жанрлық табиғаты да түлеп жаңғырды. Айтыс бұрынғыдай рушылдық мәнінен айрылып, жаңа мазмұнға, коллективтік өмірді бейнелеу мақсатына көшті.20-30 жылдардағы айтыстарда әр алуан тақырыптық, мазмұндық өзгерістерден тыс қыз бен жігіт айтыстарына тән ортақ сипаттар да мол ұшырасады. Бұлардың бір тобы әзіл-сықақ, өзара қалжыңды қағысулардан басталса да, келе-келе қастерлі өнер жарысына айналып, дәстүрлі қайымдасулардағы жұмбақ-жауап үлгілеріне ұласып отырады. Бұрынғы қыз бен жігіт айтыстарында жұмбақ айту мен шешу сол айтыстың түйінді мәселесі, яғни жеңу мен жеңілудің басты шарты болып табылатын. Бұларда осы негізгі шарт сақтала қоймаған.30-40 жылдардағы айтыстардың өнімді бір саласы -- мысал түріндегі айтыстар. Адам мен аңның, малдың айтысы, өлі мен тірінің айтысы тәрізді үлгілер ертеден келе жатқан көне дәстүр болатын. Айтыстың жеке ақындар шығармашылығын құрайтын осы бір ұтымды түрін пайдаланған олар халықтың мысқыл-әжуасын пайдалану арқылы өз ойына айрықша мән беріп келген. Айтыста мысалды жеке түр ретінде пайдалану қоғамдағы еңбек адамдарын тәрбиелеу талабына сай өріс алған. Сол арқылы айтыс ақындары шеберлік ұштап, оған бұрынғы үлгілерде сирек ұшырасатын тың сипат дарытты.Соғыстан кейінгі дәуірдегі айтыстар (1947-1957) бүкіл еліміздің ұран-үнімен терең астасып, халық шаруашылығын қайтадан қалпына келтіру, соғыс зардабын жою талабынан туындап жатты. Ақындар еліміздегі үлкен өрлеудің барысы мен орын алып келген кемшіліктерді де аяусыз сынға алып отырды. Бүл орайда Сәт пен Нүрқанның, Жақсылық пен Исаның, Маясар мен Болманның, Рахмет пен Әбділданың айтыстарын атауға болады.
Кеңес дәуіріндегі айтыстың 50-60 жылдардағы даму жолдарына көз салсақ, бұл тұста жазып айтысу салтының өріс алғанын көреміз. Екі ауданның не екі облыстың ақындары сол жазып шығарған айтыстарын жергілікті баспа бетінде жариялап қана қоймай, соны бетпе-бет келгенде де қарсыласына жаттап айтып, немесе қағазына қарап отырып оқып беретін болды. Бұдан айтыс өзінің баурағыш, тартымдылық қасиетінен айрылып қалды. Сондықтан әдебиетші-ғалымдар айтыстың қалыпты суырыпсалма дәстүріне қайта оралуы қажет деп тапты.Кеңестік Қазақстанның 60 жылдық мерекесіне орай өткізілген айтыстың дүмпуімен атамұра өнер қайта дәуірлеп, талантты айтыскерлердің түтас бір легі санатқа қосылды. Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова, Қонысбай Әбілов, Шолпан Қыдырниязова, Аяз Бетбаев, Мұхтар Құралов, Шымболат Ділдабаев, Александр Қауенов секілді дарынды қыз-жігіттер өртеңге өскен гүлдей қаулап шыға келді. Бүгінде айтыстың абыройын асырып жүрген Аманжол Әлтаев, Мэлс Қосымбаев, Ақмарал Леубаева, Мұхамеджан Тазабеков, Кәрима Оралова, Серік Құсанбаев, Айнұр Тұрсынбаева, Оразалы Досбосынов, Бекарыс Шойбеков секілді даусыз дарындар қосылып, жаңа жыр өрнегін тудырды. Осы заманғы ақындар айтысы мазмұн, түр жағынан өзгерді. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап айтыстың ежелгі дәстүріне құрмет көрсетіліп, айтыскерлердің еркін ой толғап, кең көсіле қүлаштауына жол ашылды. Ақындарға турашыл әділдік тән болуы керек; кемшілікті бетке басып, мінез-қүлықтағы, әдет-ғүрып, тәрбиедегі, адам құқын сақтаудағы көрген-білген кемшіліктер мен тәртіпсіздіктерді тура айтып, батыл сынау керек. Айтыс туралы жазған бір мақаласында Ғ.Мүсірепов Қазақстан Орталық партия Комитетінің қаулысы бойынша, жақын арада ғана барлық облыстарымызда, одан кейін республикамыздың астанасы Алматыда өткен ақындар айтысы Қазақстанның саяси-мәдени өміріне тағы бір үлкен оқиға болып кірді: халықтық шығарманың ең күшті саласы -- айтыс қайтадан қатарға қосылып, біржола іргесін бекітті, -- деп жазғанмен, сәл кейін айтыс қайта дағдарысқа ұшырады.Ұзақ уақыт қысымда болған сөз өнері, кейінгі жылдары, яғни, XX ғасыр соңында шын суырыпсалма ақындарға зәру бола бастаған жағдайға келген еді. Сол бір айтыс өнеріне төнген қауіпті, жаттанды сөз, ұзақ-сонар баяндау секілді кеселді 1980 жылы өткен II республикалық айтыс сырып тастағандай болды. Осы бір кездерде ҮмбетәлІ, Кенен, Қалқа, Нартай, Қуат секілді тарлан ақындардың сарқытын ішкен Көкен Шәкеев, Қалихан Алтынбаев, Әбікен Сарыбаев, Надежда Лушникова, Қалдыбек Әліқүлов, Көпбай Омаров секілді ақындардың айтысқа бел шеше кірісіп, айтыс деген жаттанды сөз емес, суырыпсалма ақындық өнер екенін өз істерімен, өлең-жырларымен дәлелдегенін айта кеткен жөн.Ендігі жерде республика жұртшылығы ақындар айтысын аңсай күтіп, жер-жерлерде суырыпсалма таланттарды іздеу, оларға қамқорлық жасау жұмысы жандана бастады. Халықтың осы бір сұранысын тез байқаған Қазақ теледидарының әдеби-драмалық бағдарламалары Бас редакциясының қызметкерлері С.Оразалинов, Ә.Гауасаров, Т.Жағыпаров, Т.Сарыбаев, А.Бұлдыбаев, Ж.Ерманов, ғалым-жазушылар Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, М.Жолдасбеков, М.Дүйсенов, Н.Ғабдуллин, М.Әлімбаев, С.Иманасовтардың ақыл-кеңесімен 1983 жылы Республикалық телевизиялық айтысты ұйымдастыру ісі қолға алынып, Ғ.Мүсіреповтің ұлы мұраты жүзеге асты.Бұрын тек сүре айтысы ғана ел назарына ұсынылып жүрсе, енді қыз бен жігіт, жұмбақ, қайым, өтірік өлең айтыстары халыққа ұсынылып жандана бастады. Осы жылдар аралығында бұрынғы айтыскерлердің қатарына Әсия, Қонысбай, Әселхан, Тәушен, Әбдікәрім, Есенқүл, Ерік, Нәсілхан, Баянғали, Серік, Абаш, Құдайберлі, Қатимолда секілді таланттар, суырыпсалма өнердің шын иелері келіп қосылды. Бұл айтыс өнері үшін үлкен олжа еді.Қазақтағы сөз өнерінің аса бір қиын және өте бір қызықты түрі саналатын суырыпсалма ақындық өнері кеңестік кезеңде сәл бәсеңсіп, баяулап барып, қайта жалындап өрістегені белгілі. Бұған оң ықпал еткен Ә.Тәжібаев, М.Қаратаев, Н.Ғабдуллин, О.Нұрмағамбетова т.б. секілді ақын-жазушылардың, ғалымдардың мұрындық болып, Жыр алыбы Жамбылдың туғанына 125 жыл толуына орай өткізген Республикалық ақындар айтысы болғаны сөзсіз
Осы мерекеге орай Алматыда 1972 жылдың шілде айында Қазақ ССР Ғылым Академиясының жалпы жиналысы болып өтті. Салтанатты сессиядаЖамбыл шығармашылығы жөнінде баяндамалар жасалуымен қатар Республиканың түкпір-түкпірінен шақырылған көрнекті айтыс ақындарының жыр сайысы өткізілді. 1975 жылы жиналыстағы баяндамалар, ақындар айтысы, Кеңес дәуіріндегі халық поэзиясының даму барысы жөніндегі мақалалар мен зерттеулер жинақталып Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы деген кітап баспадан жарық көрді.Сәтті шыққан айтыстарда ақындардың әйтеуір кезектесіп лебіз білдіріп қайтуды ғана парыз түтпай, қайта кәдімгі дәстүрлі айтыстың жолын үстап, жыр арқылы жауаптасқанын, қағысқанын көреміз. Мұндайда олар өз облыстарының жетістіктерін қысқа түйіп, тапқыр айтып мақтаса, қарсы ақын түратын обылстағы өзі білген, байқаған кемішіліктерін де сыпайы тілмен, көп сырды аңғарта отырып, сынап кетеді. Коммунистік партияның жетекші ролі, коммунизм идеялары жыр өзегіне айналады, сонымен бірге, ақындардың өзара жарасты әзілі, жеке бастың тілектері қоғамдық мүддемен ұштастырылып жатты.
Әдебиет сыны- аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі- көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методологиясын қолданады. Әдебиет сынының басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Әдебиет сыны әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын өмір - аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Әдебиет сыныда оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады.Әдебиет сынында берілген баға сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Әдебиет сыны көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді.Әдебиет сынының тарихы ертеден басталады. Қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, идеялық сапалары аса жоғары классик. үлгілерін парықтауда Әдебиет сынының рөлі зор болды. Ол жазба әдебиетінің, ғылымның дамуымен бірге өрбіп отырады. Отырарлық ғұлама Әбу Наср әл-Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады. 19 ғ-дың 2-жартысында "Түркістан уалаяты", "Дала уалаяты" газеттерінің бетінде әдебиетке қатысты материалдардың жиі көрінуі. Ә. с. тарихындағы жаңа кезеңнің басы болды. "Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті беттерінде жаңа кітаптардың шығуы туралы хабарлардан бастап, жекелеген жазушыларға арналған ғұмырнамалық мақалалар, әдеби шолулар, түрлі тақырыптағы мақалалар көптеп көріне бастады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров т.б. қазақ әдебиеті жайлы құнарлы пікірлер айтты. 20 ғ-дың 20-жылдары қазақ әдебиеті жаңа дәуірде қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет қайраткерлері жайлы қызу пікір алысулар болды. Әсіресе Абай, Мағжан шығармашылықтары жайлы айтыстар 20 ж-дардағы әдеби сынның орталық мәселелеріне айналды. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқышы" (1927), Х. Досмұхаметовтің "Қазақ халық әдебиеті" (1928), Ғ. Тоғжановтың "Мағжанның ақындығы мен Жүсіпбектің сыны" (1926), "Әдебиет және сын мәселелері" (1929) сияқты еңбектер қазақ Ә.с-ның жаңа биіктерге бет алғанын байқатты. Ұлттық әдебиетіміздің түрлі мәселелері жайлы С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Н. Төреқұлұлы, С. Қожанов, Ы. Мұстанбаев, Досмұхамедов, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бәйділдин, Х. Жүсіпбеков, Е. Бекенов, Ш. Тоқжігітов, Б. Кенжебаев т.б. өз ойларын ортаға салып, әдеби өмірде белсенділік танытты. Ә. с-ның аннотация, рецензия, мақала, айтыс мақала, шолу, шығармашылық портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп, жанр ретінде қалыптасты. Алайда бұл кезеңде көркем шығармаларды бағалауда партиялық принцип негізгі өлшем ретінде танылып, әлеум. тұрпайы сындар өріс алды. Мұндай сындар әсіресе ҚазАПП-тың (Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясы) тұсанда барынша ушыға түсті. Ә. с. партияның идеол. қаруына айналды. Оның негізгі міндеті қаламгерлердің қай тапқа, яғни байшыл, кедейшіл, жолбике сияқты топтардың қайсысына жататындығын анықтауға сайды. Әдеби күштерді ұйымдастырып, бағыт-бағдар беріп отыруға тиіс ҚазАПП (1925 -- 1932) ұйымына он шақты ғана жазушы мүше болып, қалғандары идеялық тұрғыдан сыналып, саяси құғынға ұшырады. Соңы 1929 ж. қазақ қаламгерлері көпшілігінің жазықсыз жазалануларына ұласты. Шығарманың көркемдік қасиеттерінен гөрі идеялық жағына маңыз берген солақай сындар бүкіл соғысқа дейінгі дәуір бойы үстемдік құрып, ақыры 1937 ж. жазушыларды екінші дүркін жаппай жазалауға ұрындырды.Соғыстан соңғы кезеңде Әдебиет сынының көкжиегі кеңіп, әдеби ой-толғамдардың ғыл. негізі арта түскенімен, әдебиеттің партиялық принципі барынша қадағаланып отырды. Көркем әдебиетте, сын-зерттеу саласында саяси қырағылықты күшейту мақсатында жүргізілген істердің барысында бірсыпыра қаламгерлер тағы да қуғынға ұшырады. "Ұлтшылдыққа", "ескілшілдікке" қарсы саяси науқанның барысында әдебиеттің бүкіл тарихы Абайымен қоса теріске шығарылды. Алғашқы екі кітабы жарық көрген "Абай жолы" эпопеясында қазақтық өткен ғ-дағы өмірінің суреттелуінен бастап, бар қадір-қасиеті жоққа шығарылып, теріс идеялар береді деп танылды. Осы саяси науқанның салдарынан Ысмайылов, Жұмалиев, Қ. Мұқамедханов т.б. қудаланып, әдебиеттен шеттетілді. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Қоңыратбаев т.б. құғындалды. Тоқырауға ұшыраған қазақ Ә. с. 1955 ж. респ. басшылығы ауысып, идеол. солшыл бағыттағы тоң ептеп жібіп, шығармашылық жұмысқа мүмкіндіктер туа бастаған кезде қайтадан жанданып, кең арнасына түсе бастады. Ысмайылов, Жұмалиев, Нұрқатов, А. Нұртазин, Қ. Нұрмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Б. Сахариев және т.б. сыншылар қазақ Ә. с-н жаңа биіктерге көтерді. 60 жылдары көп томды қазақ әдебиетінің тарихын жасаумен бірге әдебиеттің ағымдағы күрделі мәселелерін терең талдаған мақалалар жарық көрді. Ә. с. осы жылдары қарқынды дамып, баспасөзде қызу пікір-таластар болды. Ә. с. саласында А. Сүлейменов, З. Серікқалиев, Р. Нұрғалиев, Тоқбергеновтер көрінсе, оған жалғаса 70-жылдары С. Әшімбаев, Б. Сарбалаев, Қ. Ергөбеков, Б. Ыбырайымов, Т. Шапаев т.б. келді. 70 жылдары Ә. с-ның дамуына мол мүмкіндіктер жасалынды. Газет-журнал беттерінен сын бөлімі тұрақты орын алды; "Уақыт және қаламгер", "Сөзстан" сын мақалалар жинақтары тұрақты шығып тұрды.80 жылдардың соңына қарай елімізде басталған түбірлі бетбұрыстар қазақ Ә. с-ына да тың серпіліс әкелді; алға жаңа міндеттер қойды. Мұндай үлкен міндеттерді атқаруға сынның ғыл. сипаты артып, әдебиеттану ғылымының өрісі кеңейе түсті.Қазіргі кезде әдебиет сыны жан-жақты өркендеп, жанрлық түрлері дамыды. Әдебиеттану ғылымының бұл саласында сын мақала, сын пікір (рецензия), шолу мақала, эссе (публист. немесе ғыл. очерк), сын-монография т.б. жанрлық түрлері дами бастады.
Соғысқа дейінгі дәуірде қазақ әдебиетінің тарихын игеруге қатысты біршама жұмыстар атқарылып, енді соларды ғылыми тұрғыдан жүйелеу, ғылыми түрде бір ізділендіру міндеті алға шыға бастады. Әдебиет тарихын дәуірлеудің бірнеше үлгілері ұсынылып, пікірталастар жүре бастады. Қажым Жұмалиев он сегізінші-он тоғызыншы ғасырлардағы қазақ әдебиетінен диссертация қорғап (1941), қазақ әдебиетінің тарихын Бұхар жыраудан, яғни ХVІІІ ғасырдан бастауды ұсынды. Бұхарға дейінгі қазақ әдебиетінің барлығы - ауыз әдебиеті; ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы, ХІХ ғасырдың бас кезінен бері қарай тарихта бірінші рет аты мәлім, шығармалары да өзінің атымен сақталған ақын - Бұхар жырау. Біз қазақ әдебиетінің, жазба әдебиетінің тарихының басы Бұқар жырау дейміз мазмұндағы осы концепциясын Қазақ әдебиеті (1941), Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі (1948), Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері сияқты іргелі еңбектерінде жалғастыра түсті. Қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған Әдеби мұра және оны зерттеу (1959) атты ғылыми-теориялық конференция қазақ әдебиетінің тарихын, оның елеулі өкілдерін зерттеуде айтарлықтай оқиға болды. Десек те орталық мәселе қазақ әдебиетінің тарихын қай кезден бастаймыз дегенде, бұрынғы таптаурын пікір тағы да басым түсті. Қазақ әдебиеттанушыларының төрт көзі түгел жиналған осы бір алқалы жиында Бейсекең бұрынғы пікірін тереңдете түсіп, одан да арыға кетіп, қазақ әдебиетінің тарихын VІІ-VІІІ ғасырлардан бастау керек деген ұсынысты ортаға салды. Қазақ әдебиетінің тарихын бұлайша дәуірлеу бір жағынан, сол кездегі идеологиялық канондарға сыя бермейтін болса, екінші жағынан, бұған қазақ әдебиеттануының, оның әдебиетші ғалымдарының өресі жете бермейтін, ең соңында мұндай концепцияны қабылдауға қазақ әдебиеттанушылары дайын емес-тұғын. Конференцияның барысында әдебиетіміздің өткен тарихы жайлы құнды пікірлер білдірген М. Әуезовтің өзі де жиынды қорытқан сөзінде Б. Кенжебаевтың ұсынысын қабылдамай, Қ. Жұмалиевтің пікіріне қолдау білдірді. Әдебиеттің тарихы қай кезден басталады, оны қалай дәуірлеу керек деген мәселе төңірегіндегі пікірталас алпысыншы, жетпісінші жылдардың әдеби сынында, әдебиеттану ғылымындағы орталық мәселенің бірі болды. Белгілі ғалым Б. Кенжебаев қазақ әдебиеті тарихының көне дәуірін зерттеу жолындағы ізденістерін жалғастыра берді. Ежелгі әдебиетті зерттеу мәселелеріне арналған бірсыпыра мақалалар жазылып, Көне әдебиет туралы (1967), Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы (1967), Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері (1973) сияқты кітаптар шықты. Бұларда қазақ әдебиетінің тарихы жаңаша көзқараспен мүлдем басқаша пайымдалды. Б. Кенжебаевтың бұл ғылыми концепциясы өзінің өміршеңдігін көрсетті. Бейсекең алғашында жалғыз болса, кейін қарасы көбейіп, тұтас бір ғылыми мектепке айналды. Ә. Қоңыратбаев, Х. Сүйіншәлиев, Т. Қожакеев, Р. Бердібай, Т. Кәкішев, Ә. Оспанұлы сияқты белгілі ғалымдар қазақ әдебиетінің тарихын тереңдете зерттеуді қолдап қана қоймай, өздері де рухани мұраны игере түсу істерінде айтарлықтай үлес қосты. Ә. Қоңыратбаевтың Ескі түрік поэзиясы және қазіргі халық фольклоры (1971), Х. Сүйіншәлиевтің Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері (1967), М. Мағауиннің ХV-ХVІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары (1965), Қобыз сарыны (1968), Алдаспан (1972), М. Жолдасбековтің Ежелгі дәуір әдебиеті (оқулық-хрестоматия, 1967), Көне түркі ескерткіштері және олардың қазақ әдебиетіне қатысы (1969), Қ. Сыдықовтың құрастыруымен Үш ғасыр жырлайды (1965), Бес ғасыр жырлайды (1985), Н. Келімбетовтің Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі (жоғары оқу орындарына арналған оқулық, 1986), М. Қараевтың Қазақ әдебиетінің тарихи даму кезеңдеріндегі көркемдік әдіс мәселесі (1986), А. Қыраубаеваның Ежелгі әдебиет (1999), Махаббатнама (1983), Ғасырлар мұрасы (1989), А. Егеубайдың Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі (1999) сияқты еңбектерде қазақ әдебиетінің тарихы көне замандарға қарай тереңдей түсті. Р. Нұрғали, У. Қалижан, А. Еспембетов сияқты дарынды ғалымдар Б. Кенжебаевтың ғылыми мектебінен өтіп, ғылыми бағытын жалғастырды. Сондықтан да олардың қазақ әдебиетінің тарихын тереңдете зерттеген ғылыми ізденістері жемісті болып, әдебиет тарихының көкжиегін кеңейте, ұлттық әдебиеттану ғылымын байыта түскен еңбектер өмірге келді.Тәуелсіздік алғаннан кейін Б. Кенжебаевтың әдебиет тарихын зерттеу, дәуірлеу мәселесіндегі ғылыми концепциясы түпкілікті мойындалып, әдебиет тарихын зерттеу саласында жаңа биіктерге жол бастады. Н. Келімбетовтің (Ежелгі дәуір әдебиеті. 2005), Т. Еңсегенұлының (Көне түркі руна жазбасы. Екі томдық, 1 том 2007; 2 том 2008), У. Қалижанның (Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. 1998), Қ Мәдібаеваның (Х1Х ғасырдағы қазақ әдебиеті. 2001), Б. Омаровтың (Зар заман поэзиясы. Генезис, типология, поэтика. 2003), А. Шәріптің (Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. 2003), т. б. еңбектерінде қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудің жаңа өрістері ашылды. Қазақ әдебиетінің тарихы араб, парсы, қытай деректерімен толығып, тарихтың тереңінде жатқан рухани мұралар баий түсті. Мұның барлығы да рухани мұраны игере түсу істерінің алдына жаңа міндеттер қоюда. Әдебиеттің тарихын жаңаша пайымдаған зерттеулер көрініп, өзіндік пікірі бар жас зерттеушілер шыға бастады.
Әдебиет тарихын жасау ісін арғы дәуірлерге бармай, бер жағындағы социалистік реализм әдісіне негізделген қазақ кеңес әдебиетінен бастаған Қазақ совет әдебиетінің очеркі (1958) елуінші жылдардағы әдебиеттану ғылымының елеулі еңбегі ретінде бағаланды. Осы кітаптың негізімен Очерк истории казахской советской литературы (1960) жазылды. Мұнда да іштей дәуірлерге бөлу жоқ. Бұларда қазақ кеңес әдебиетінің С. Сейфуллиннен басталған жеке өкілдерінің шығармашылықтарын көрсетуге мән берілген. Соғысқа дейінгі дәуір (1930-1941), соғыс кезіндегі, соғыстан кейінгі дәуір әдебиеттері және проза, поэзия, драматургия, сын салалалары жеке тарауларда шолынған. Кітаптың әдебиет тарихының очеркі аталуы да бұл еңбектің ғылыми негізді тарих болуға таласпайтындығын байқатты. Шынына келгенде, бұл очерк те, мұның алдында шыққан қос томдық та көп томдық көлемді әдебиет тарихын жасауға жасалып жатқан дайындықтардың бірі болатын. Алпысыншы жылдары үш томдық Қазақ әдебиеті тарихының (1960-1967) шығуы қазақ әдебиеттану ғылымының айтулы табысына айналды. Республика Ғылым Академиясы ғалымдарының көп жылдық ұжымдық ізденістерінің нәтижесі- үш томдықтың біріншісі ауыз әдебиетіне, екіншісі әдебиет тарихына, үшіншісі кеңес әдебиетіне арналған. Әр том қалың-қалың екі кітаптан тұрады. Фольклорға арналған бірінші томның алғашқы кітабы дәстүрлі ауыз әдебиетіне, екіншісі кеңестік кезге арналғанынан сол кездегі фольклортанудың өресін байқауға болады. Ауыз әдебиетіне арналған алғашқы томның бірінші кітабына жалпы ауыз әдебиеті туралы мағлұматтар мен оның даму жолдары, түрлері, жанрлары хақындағы шолулармен бірге тұрмыс-салт жырлары, айтыс, лирикалық өлеңдер, жұмбақ пен жаңылтпаштар, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, тарихи өлеңдер мен үлгілі сөздерге жеке-жеке тараулар арналған. Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар батыр, Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Қыз Жібек сияқты эпостық жырларды талдауға едәуір орын берілген.
Бірінші кітаптың жалпы редакциясын М. Әуезов басқарса, кеңестік дәуірдегі фольклорға арналған екінші кітаптың жазылуына М. Қаратаев басшылық жасаған. Мұнда да кеңестік дәуірдегі ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшелігін айқындаған шолулық тараумен бірге Жамбыл Жабаевтың, Иса Байзақовтың, Нұрпейіс Байғаниннің, Омар Шипиннің, Нартай Бекежановтың, Кенен Әзірбаевтың, т. б. ақындардың шығармашылықтарына арналған тараулар бар. Бұл ақындардың шығармашылықтары кейінгі зерттеулерде авторлық әдебиеттің өкілдері ретінде қарастырылып жүр. Қазақ әдебиетінің 1917 жылғы төңкеріске дейінгі тарихына арналған екінші томның бірінші кітабының редакциясын Қ. Жұмалиев басқарған. ХVІІІ - ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиетіне арналған кітапта Бұхар жыраудан бергі әдебиеттен негізгі мағлұматтар шолу түрінде берілген. Осы кездерде жасаған көптеген ақындық, жыраулық дәстүрдің көрнекті өкілдерінің поэзиялық туындылары өзіне лайықты бағасын ала алмай, өлең өрнектерінің өзіндік кестелері ашылмай қалған. Десек те мұндай міндеттерді авторлардың алға қоймағандығы байқалады, бұлар феодальдық дәуірдің ақындары, сондықтан да олардың бізге қажеті шамалы деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар
Сын және әдебиет
Қазақ әдебиеті сынының тарихы
Отызыншы жылдардағы әдеби сынның негізгі бағыттары
Ғ. Мүсірепов және ақын – жазушылар шеберлігі мәселесі
Сын көркем әдебиеттің құрамдас бір бөлігі деген пікірді Қазіргі әдеби сын
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Ғылымға даңғыл жол салған – сарабдал сынның сардары (Сындарлы сыншы – Тұрсынбек Кәкішұлы туралы бір үзік сыр)
Қазақ әдебиетінің тарихын жасау мәселелері мақаласындағы Қазақ халқының мәдениет тарихында әдебиеттану ғылымының тарихы әзір қысқа
Х.Досмұхамедұлының сыншылдық-эстетикалық көзқарасы және әдеби мұрасы
Пәндер