Түрлішөптер немесе басқа ботаникалық өсімдіктер



1. Қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктер
2. Мәдени өсімдіктер және басқа да туыстар
3. Төменгі алқапта өте жиі кездесетін өсімдіктер
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Солтүстік Тянь-Шань таулары аумағында орналасқан ұлттық парк ондағы өсімдіктер әлемінің байлығы және әртүрлілігімен ерекшеленеді. Осы ерекше қорғауға алынған аумақтың флора- сы мен өсімдіктер тутастығының түр құрамын зерттеу аяқталуына дейін әлі көп уақыт бар, алайда қазірдің өзінде мұнда 1000 – нан астам өсімдік түрі кездесетіні белгілі. Олардың ішінде қына (100 түрге жуық), мүк тәріздестер (118 түр), қырыққұлақтар (8 түр) және гүлді өсімдіктер (800-ден астам түрі) бар.
Олардың ішіндегі ең қызықты және жұмбақтары – сирек түрлер, олар ерекше қорғауға алынғандықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Аса сирек кездесетін түрлер де бар, олар өте шектелген аумақта ғана кездеседі. Әлі күнге дейін олар тек бір ғана шатқалда белгілі болып келді, оларды ботаник мамандар алғаш рет сол жерде тауып, ғылым үшін жаңа түр ретінде сипаттады. Бұл бір қарағанда сырты көріксіз Шаршы гүлдер өсімдіктер тұқымына жататын жалғанжүрек жапырақты денгел және ұсақ жемісті әжік. Басқа түрлері, мысалы, Шатырлылар тұқымынан биік таулы мұз ботташы, Бұршақтылар тұқымынан көз тартарлық алматы кекіресі, қызғылт гүлді қозыошағанға ұқсас Күрделі гүлділерге жататын алматы кекіребасы ұлттық парктің түрлі шатқалдарында тіркеліп, кейін Іле Алатауының басқа жерлерінде табылды. Алайда олар жеке шағын популя- ция болып кездеседі, сондықтан еліміздің Қызыл кітабының беттерінен алатын өзінің маңызды орны бар.
Осы қатардағы өсімдіктер арасында кәдімгі, әрбір алматылықтың көзіне үйреншікті көрінетін әдеттегі түрлері де бар, олар жоғарыда аталып өткен эндемиктерге қарағанда анағұрлым кең тараған. Мысалы, алатау запырангүлі, немесе жылан қияқ (ел арасында оны «бәйшешек» деп атайды), Островский қызғалдағы, Виттрок рауғашы, Сиверс алма ағашы, жабайы өрік.
Бұл өсімдіктер адамның ойланбай пайдалануы салдарынан сиреп бара жатыр – қызғалдақ пен запырангүл гүлдері жұлынып, алма ағашы мен өрік ағашы бұрын отын ретінде кесіліп жа- татын. Бірақ аталған түрлердің табиғи өсінділерін сақтап қалу мәселесі тек біздің еліміз емес, бүкіл адамзат үшін зор маңызы бар. Олар біздің тауларды өз гүлдерінің әсем өрнектері және ағаштар желегімен көркейтіп қана қоймай, мәдени өсімдіктер – қызғалдақтар, алма ағаштар, өріктердің көнелерін жаңартып, жаңа сорттарын жасау үшін ұрықтық плазманың құнды көзі болып табылады.
Сондықтан ұлттық парктің негізгі міндеттерінің бірі – жалпы бүкіл флораны ғана емес, әсіресе осындай пайдалы түрлерді сақтау және зерттеу. Ғалымдар оларды мәдени өсімдіктердің жабайы туыстары деп атайды. Оларды табиғатта да, ғылыми мекемелерде алтын қор ретінде, ең үлкен байлық ретінде жасалған коллекцияларда да сақтап қалу керек.
• http://www.alataupark.kz

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Түрлішөптер немесе басқа ботаникалық өсімдіктер

Тексерген : Cағандықов С.Н.
Орындаған : Қаирбекова А.С
Тобы: АГ-213

Семей 2015 ж

Жоспар:
1. Қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктер
2. Мәдени өсімдіктер және басқа да туыстар
3. Төменгі алқапта өте жиі кездесетін өсімдіктер
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Солтүстік Тянь-Шань таулары аумағында орналасқан ұлттық парк ондағы өсімдіктер әлемінің байлығы және әртүрлілігімен ерекшеленеді. Осы ерекше қорғауға алынған аумақтың флора- сы мен өсімдіктер тутастығының түр құрамын зерттеу аяқталуына дейін әлі көп уақыт бар, алайда қазірдің өзінде мұнда 1000 - нан астам өсімдік түрі кездесетіні белгілі. Олардың ішінде қына (100 түрге жуық), мүк тәріздестер (118 түр), қырыққұлақтар (8 түр) және гүлді өсімдіктер (800-ден астам түрі) бар.
Олардың ішіндегі ең қызықты және жұмбақтары - сирек түрлер, олар ерекше қорғауға алынғандықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Аса сирек кездесетін түрлер де бар, олар өте шектелген аумақта ғана кездеседі. Әлі күнге дейін олар тек бір ғана шатқалда белгілі болып келді, оларды ботаник мамандар алғаш рет сол жерде тауып, ғылым үшін жаңа түр ретінде сипаттады. Бұл бір қарағанда сырты көріксіз Шаршы гүлдер өсімдіктер тұқымына жататын жалғанжүрек жапырақты денгел және ұсақ жемісті әжік. Басқа түрлері, мысалы, Шатырлылар тұқымынан биік таулы мұз ботташы, Бұршақтылар тұқымынан көз тартарлық алматы кекіресі, қызғылт гүлді қозыошағанға ұқсас Күрделі гүлділерге жататын алматы кекіребасы ұлттық парктің түрлі шатқалдарында тіркеліп, кейін Іле Алатауының басқа жерлерінде табылды. Алайда олар жеке шағын популя- ция болып кездеседі, сондықтан еліміздің Қызыл кітабының беттерінен алатын өзінің маңызды орны бар.
Осы қатардағы өсімдіктер арасында кәдімгі, әрбір алматылықтың көзіне үйреншікті көрінетін әдеттегі түрлері де бар, олар жоғарыда аталып өткен эндемиктерге қарағанда анағұрлым кең тараған. Мысалы, алатау запырангүлі, немесе жылан қияқ (ел арасында оны бәйшешек деп атайды), Островский қызғалдағы, Виттрок рауғашы, Сиверс алма ағашы, жабайы өрік.
Бұл өсімдіктер адамның ойланбай пайдалануы салдарынан сиреп бара жатыр - қызғалдақ пен запырангүл гүлдері жұлынып, алма ағашы мен өрік ағашы бұрын отын ретінде кесіліп жа- татын. Бірақ аталған түрлердің табиғи өсінділерін сақтап қалу мәселесі тек біздің еліміз емес, бүкіл адамзат үшін зор маңызы бар. Олар біздің тауларды өз гүлдерінің әсем өрнектері және ағаштар желегімен көркейтіп қана қоймай, мәдени өсімдіктер - қызғалдақтар, алма ағаштар, өріктердің көнелерін жаңартып, жаңа сорттарын жасау үшін ұрықтық плазманың құнды көзі болып табылады.
Сондықтан ұлттық парктің негізгі міндеттерінің бірі - жалпы бүкіл флораны ғана емес, әсіресе осындай пайдалы түрлерді сақтау және зерттеу. Ғалымдар оларды мәдени өсімдіктердің жабайы туыстары деп атайды. Оларды табиғатта да, ғылыми мекемелерде алтын қор ретінде, ең үлкен байлық ретінде жасалған коллекцияларда да сақтап қалу керек.
Іле Алатау ұлттық паркі аса бай флорасының арасында мәдени өсімдіктердің басқа да туыстары бар. Мысалы, әйгілі жидектер - таңқурай, бүлдірген, қарабүлдірген, Янчевский қарақаты (айтпақшы, ол да Қызыл кітап беттерінен орын алған), долана, мойыл, шырғанақ тағы басқалар. Үрықтық плазманың құнды көздері жемшөптер болып табылады, оның ішінде дәнділер (тарғақшөп, түлкіқұйрық, жатаған бидайық, шалғынды қоңырот, атқонақ, қылтанақсыз арпабас), және бұршақтар (орақ тәріздес жоңышқа, шалғынды беде, жіңішке жапырақты ұсақ бұршақ, шалғынды атбұршақ). Тіпті жабайы сәбіз бен зире сияқты көкөніс пен хош иісті өсімдіктер туыстары ұлттық парк аумағында әдеттегі құбылыс.
Жергілікті халық табиғи флорамыздағы көп түрлерінің пайдалы қасиеттерін жақсы біледі. Мұнда белгілі дәрілік өсімдіктер бар - кәдімгі шайқурай, жұпаргүл, биік және ірі жапырақты андыздар, дәріханалық бүршікгүл, өгейшөп, түркістан шүйгіншөбі, итмұрын т.б. Бұрыннан техникалық өсімдіктер де пайдаланып келеді, мысалы, тері илейтін самалдық, тяньшань қымыздығы және рауғаштың тамырлары тері илегенде және тері шикізатын өңцегенде қолданылады.
Іле Алатауының аумағы эфир майларының шығар көзі болып саналатын өсімдіктерге де бай. Бұл бірінші кезекте Ерінгүлділер тұқымдас - көкемарал, тас шөп түрлері (немесе ел арасында богород шөбі деп те атайды) венгр көкжалбызы, бүтінжапырақты жыланбас. Күрделігүлділер түқымдастарыда эфирмайларынабай - кәдімгі түймешетен, қалқанды таужусан, жусанның алуан түрлері. Бүл түрғыдан соңғылардың ішінде әсіресе болашағы барлар эстрагон немесе торқүн және Іле Апатауының эндемигі болып табылатын іле жусаны. Оны 1949 жылы атақты қазақстандық ботаник П.П. Поляков сипаттап жазып шықты, ол бұл жусан тау бөктерлерінің сары топырақты және тасты беткейлерінде, шығыста Шелек ауылынан бастап батыста Ұзын ағаш ауылына дейін тарағанын анықтады. Оның күшті хош иісі көптеп дайындалғандықтан тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана сақталып қалған дермене жусаннан алынатын сантонин шығарады. Іле жусанының дермене жусан орнына пайдалану қүндылығы оны мәдени өсімдік ретінде өсіру бойынша тәжірибелердің нәтижелілігіне байланысты. Ақыры жусанның бұл түрін Алматы облысы шаруашылықтарында өнеркәсіп өнімі ретінде өсіру ұсынылды.
Біздің тау шатқалдарының флорасы балды өсімдіктерге де өте бай. Республикамыздың тұрғындарының көпшілігі арасында Тянь-Шань омарталарында жиналған тау балы ерекше танымал. Жалпыға белгілі ағаш-бұталар (алма ағашы, өрік ағашы, тяньшань шетені, долана, қызыл ырғай, қарағандар) тұқымдарынан басқа керемет балды өсімдіктер көп жылдық шөптер болып табылады - жұпаргүл, таусүйгіш флемис, ақ тауқалақай, қызбояушөп, жапырақты буквица, шөл жалбызы т.б.).
Тауларымыздың өсімдік жабындысын іс жүзінде пайдалану мүмкіндіктері шексіз. Жасыл өсімдіктер табиғи жүйелерде орта жасау және ортаны тұрақтандыру қызметін атқаратынын ұмытпау керек. Олар көмір қышқыл газын сіңіріп, адам мен жануарлар демалатын оттегін шығарады. Олар тау беткейлерін бекітеді, сонымен топырақ қабатының шайылып кету және опырылу процестерінің алдын алады, ылғал жинауға және сақтауға көмектеседі, күшті су тасқындардан қорғайды.
Сонымен, оңтүстік алып шаһар да, оның тұрғындары да өзінің аман-есендігімен көбінесе тауларымыздың жасыл сәніне қарыздар. Алматы төңірегінің басты көркі, әрине, жапырақты және қылқан жапырақты ормандар болып табылады. Біздің ұлттық парк орналасқан Іле Алатауының орталық бөлігі Тянь-Шаньнің басқа аумақтарына қарағанда жапырақты ормандар алқабымен, немесе оны басқаша айтқанда, жапырақты ормандар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шалғын шаруашылығы туралы жалпы түсініктер
Айнала қошаған ортадағы экологиялық өзгерістерден биологиялық түрлерді сақтап, қорғау шараларын жүзеге асырып отырған ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, оның табиғат қорғаудағы ролін анықтау
Ботаникалық ресурстану ғылымы және оның ғылымдар жүйесіндегі орны
Ботаникалық бақтың реконструкциясы
Өсімдіктер жамылғысының құрылу және жүйелеу заңдықтары
Ботаниканың қайта өркендеу дәуірі
Жеміс өсімдіктерінің генофондын және интродукциясын сақтау
Өсімдіктерді интродукциялау
Өсімдіктер биохимиясы
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
Пәндер