Халықаралық қаржылық менеджменттің мазмұны


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
«Қаржы» кафедрасы
ОӨЖ
Тақырыбы: Халықаралық қаржылық менеджменттің мазмұны
Тексерген: Курманбекова Г. А
Тобы: ФН-207
Орындаған: Аринов Е. Т.
Семей 2015
Менеджмент (ағылшынша мanage - басқару, меңгеру, ұйымдастыру) - ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. Менеджмент ағылшыннан аударғанда басқару деген мағына береді, демек қаржылық менджмент - бұл қаржыны басқару, яғни кәсіпорындардың ақша айналамын және қаржылық ресурстарының қолдануын басқару. Қаржының қазіргі заман шеңберіндегі теориясында ғалым ретінде қаржыны басқарудың методологиясы мен техникасына арналған қолданбалы пән «Қаржылық менджмент» қалыптасқан. Қаржыны басқаруда қолданылған жаңа әдістер басқару өрісінде жаңа мамандықтың пайда болуына мүмкіндік туғызды. Ол қаржы менеджері. Кәсіпорынның қаржы қызметінің басшысы (қаржы менеджері) жоғары білімді, кең көз - қарасты, ойшыл, келесі дамыған ғылымдардың: қаржы, статистика, есеп, қаржылық талдау, салық салу, бағаның құрылуы, және т. б. қорытындыларын өз қызметінде әдісін тауып қолданатын маман.
Шағын бизнесте қаржыны басқару үшін бухгалтер және экономисттің қызметтері жеткілікті, себебі қаржылық операциялар негізі ақша айналымынан тұратын қолма-қол ақшасыз есеппен щектеледі.
Үлкен бизнестің қаржылық операцияларында мүлде басқа тактика қолданылады. Үлкен капиталдың үлкен ағымы және тиісті өнім қажеттілігін талап етеді. Сондықтан, үлкен бизнестің қаржысын басқару үшін қаржы бизнесі саласындағы арнайы дайындалған маман, қаржы теориясын, менеджмент негіздерін жете меңгерген - қаржы менеджлерін, бизнестің басты тұлғалары ретінде өте қажет.
Қазақстанда нарықтық қатыныстардың қалыптасуы көптеген біздің елде экономика салсында дәстүрлі ғылым және практика тауарлырының бөлімдерін елеулі өзгертіп ғана қоймай, біршама жаңа деп саналатын бағыттарды тез дамуының қажеттілігіне әкелді. Соңғылардың ішінде сөзсіз Батыста ең тез дамып келе жатқан бағыт болып саналатын бірқатар мамандықтарға (бухгалтер, экономист) және соңғы жылдары Қазақстанда пайда болған(аудитор, менеджер, қаржы менеджеріне) тікелей қатысы бар менеджменті кіреді.
Қаржылық менеджмент - экономикалық ғылымда қаржы, басқару, есеп және талдау салаларындағы теориялық практикамен сәтті біріктіріп келе жатқан перспективті бағыт.
Халықаралық қаржылық менеджмент іс жүзінде қолданбалы ғылымдарға жатады.
Жалпы түрде қай ғылым болмасын консептуалдық негіздері, оның тақырыбы мен әдістерін тұжырымдау және теңестіру арқылы көрсетіледі.
Қаржылық менеджменттің ғылыми аппараты - бұл шаруашылық субъектілердің қаржылық қызметін басқарудың жалпығылыми және нақты ғылыми әдістерінің жыиынтығы.
Фирмалардың қаржы қызметі
Шаруашылық субъект қаржылық жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы қаржы қызметін құрады. Қаржы қызметінің басты мақсаттарына бағындырылған: олар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсу және табыс табу үшін алдын ала тұрақты жағдай жасау.
Фирманың қаржы қызметінің міндеттері:
- тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржы құжаттарын тез, сапалы және қажетті көлемде дайындау;
- кәсіпорынның басты мақсатына жету үшін барлық бөлімдердің қызметін байланыстыру және бағыттау қабілеті;
- шаруашылық субъектінің қаржы жоспарларының сапалы құрастырылуына жауапкершілікті;
- нарықтық жағдайда кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуі бұл қызметсіз мүмкін еместігі.
Қаржы қызметі біріңғай шаруашылық қызметті басқару механизмінің бөлігі, сол себептен кәсіпорнының басқа да қызметімен тығыз байланысты.
Нарықтық қатынастарының дамуымен, сыртқы рынокқа шығу қаржы қызметінің алдында жаңа да сапалы міндеттер қояды.
Олар: нарықтық экономикаға парапар әдістермен каржылық ресурстарды тиімді басқаруды ұйымдастыру. Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу қаржылық менеджмент деңгейінде ғана мүмкін.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және төлем қабілеттілігі ең алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен анықталады, ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және ақшалай қорлардың айналым процесінде олардың қалыптасуы мен пайдалануын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл-ауқатының максималды көбеюі болып табылады, яғни пайданың, кәсіпорынның нарықтық бағасы.
Қаржыларды басқарудың екінші жағы - қорларды сатып алу болып табылады. Олардың қайнар көзі әртүрлі болуы мүмкін және әрқайсысының өзіне тән мінездемесі бар, олар капиталмен жабдықтаушылармен анықталады: баға, төлемнің мерзімі, белгілі бір уақытта қолда бар болуы, мүмкін болатын қайшылықтар және тағы басқа шарттар. Осы факторлар негізінде қаржылық менеджер кәсіпорынды қаржыландыру көздерінің оңтайлы шешімдерін қабылдап отыруы керек.
Қаржылық менеджмент - бүл кәсіпорынның қаржылық ресурстарының құрылуымен, бөлінуімен, оларды қолданумен және кәсіпорынның ақшалай жүйе айналымының ұйымдастырылуымен байланысты болатын басқару нәтижелерінің әзірленуі және жеткізуінің принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі болып табылады.
Алдағы уақытта кәсіпорынның даму тапсырмаларына сәйкес қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құрауды қамтамасьіз ету. Бұл тапсырма кәсіпорынның алдағы уақытта қажетті жалпы қаржы ресурстарын анықтау, ішкі көздер есебінен өзінің қаржы ресурстар көлемін барынша көбейту, сыртқы көздер есебінен өзінің қаржы ресурстарын құрудың мақсатқа лайықтылығын анықтау, ресурстық қаржы потенциалын құру және құралдар мен көздерді оңтайландырумен жүзеге асырылады.
Негізгі бағыт аясында қаржы ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Қаржы ресурстарының құрылған көлемін бөлуді оңтайландыру, олардың кәсіпорынның өндірістік және элеуметтік даму мақсатына қажетті пропорцияны анықтайды.
Қаржы айналымын оңтайландыру. Бул тапсырма кәсіп-орынның ақша айналымы үрдісінде ақша ағымын тиімді басқару, жеке кезеңдер бойынша ақша қаражатының түсуін және шығындалуын қамтамасыз ету, айналым активтерінің қажетті өтімділігін қолдау жолымен шешіледі. Осындай оңтайландыру нэтижесінде бос ақша активтерінің орташа қалдығы азаяды, бул өз негізінде тиімсіз қолданудан және инфляциядан болатын шығынды азайтуды қамтамасыз етеді.
Көзделген қаржы тәуекелі негізінде кәсіпорынның пайда-сын көбейтуді қамтамасыз ету. Пайданы барынша көбейту, кәсіпорын активтерін тиімді басқару, қарыз қаржы-қаражатын шаруашылық айналымға енгізу, операциялық және қаржы әрекетінің тиімді бағыттарын таңдау арқылы жүзеге асырылады.
Көзделген пайда дәрежесінде қаржы тәуекелін барынша азайту. Егер кәсіпорынның пайда дәрежесі алдын-ала жоспарланған немесе тапсырылған болса, ең басты тапсырма қаржы тәуекелін азайту болып табылады. Кәсіпорынның даму барысында, оның қаржы тиімділігін үнемі қамтамасыз ету. Бұл тиімділік қаржы тұрақтылығының жоғарғы дәрежесіне және кәсіпорынның барлық даму кезеңіндегі төлем қабілеттілігімен сипатталады, әртүрлі көздер есебінен қаржы ресурстарын құру көлемінде тиімді пропорциясымен инвестициялық қажеттілікті өзін-өзі қаржыландырудың жеткілікті дәрежесімен сипатталады. Жоғарыда қарастырылған қаржы менеджментінің барлық тапсырмалары әр түрлі бағытта сипат алғанымен, бір-бірімен өте тығыз байланысты. (мысалы: қаржы тәуекелі дәрежесін барынша азайту барысында пайда жиынтығын барынша көбейтуді қамтамасыз ету; кәсіпорынның даму үрдісінде, оның үнемі қаржы тепе - теңдігін және қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құруды қамтамасыз ету және т. б) . Сондықтан қаржы менеджменті үрдісінде жеке тапсырмалар өзара оңтайландырылуы қажет, бұл оның басты мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қаржылық менеджмент кәсіпорынның жалпы кірісі, акция кірісі (дивиденд) және акция сценариімен жұмыс атқарады, со-нымен қатар нақты нарық жағдаятының күтіп отырған нарық жағдаятына сәйкес келмегендіктен болатын шығын тәуккелімен де жұмыс атқарады. Пайданы барынша көбейту мақсатын басшылыққа ала отырып, компания пайданың барлық түрін алуға болатын баламаны таңдауға тиіс. Акция курсын көбейтуге немесе төленетін дивидендтің көбеюіне экелетін шешімдерді қабылдау керек. Бірақ, тәжірибеде мұндай әрекеттер капиталдың бір бөлігін жоғалтумен, меншік иелері алдағы кірістерінен айыры-луымен, іскерлік имидждің төмендеуімен және кейде фирманың құруымен байланысты болады. Сонымен қатар фирма өз тарапы-нан ешқандай әсер ете алмайтын факторлар бар (ішкі немесе экзоиндік факторлар), осы факторлар фирманың пайдасын азайтады, олар: технологиялық, ресурстық, қаржылық, экологиялық және саяси шектеулер) .
Қаржылық менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың өндірістік әрекетіне жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады (бөлінбеген пайда, амортизациялық қорлар, банк несиелері, құнды қағаздар эмиссиясы және т. б. ) .
Қаржылық менеджмент акция иелерінің хал-ахуалын немесе меншік кірістерін барынша көбейту барысында өткізіліп отырған, басқарудағы нарық жағдайында фирманың қаржы-қаражатының оңтайлы құрылымын құрып, оны сақтаумен байланысты қабылданған шешімдер жиынтығымен байланысты. Сонымен қатар қаржылық-менеджмент басқа да экономикалық пәндермен тығыз байланысты теориялық пән болып табылады.
Қаржылық менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:
- қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі;
- қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: (коммерциялық несие) қамсыздандырылмаған қысқа мерзімді қаржыландыру, қамтамасыз етілмеген қысқа мерзімді қаржыландыру, қысқа мерзімді жалды қаржыландыру;
- ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: капиталды бюджеттендіру, лизинг немесе ұзақ мерзімді несие, қарапайым және артыкшылығы бар акциялар шығару, инвестициялық жобаларды бағалау және инвестициялық қоржынды басқару, алдағы кезеңдегі кірістерді ескере отырып, ақшаның құнын бағалау (дисконттау) ;
- мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау;
- шешімнің нүсқамасы және орындалуы;
- шешімнің орындалуын бақылау;
- шешімнің жүзеге асырылуы барысын талдау және оның орындалуы туралы есеп беру.
Қаржы менеджменттің басты мақсаты - қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл-ауқатын барынша көбейту. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтың құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді, бұл өз кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады.
Қаржылық менджменттің басты міндеті - бұл фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтай отырып, қарапайым акция бойынша, мүмкін болатын дивиденд бойынша көбеюін қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет тәртібін анықтау .
Қаржы менеджментінің нарықтық экономикадағы жалпыға бірдей қабылданған жоғарыда атап өткен мақсаты туралы сөз еткенде, біздің көпшілігімізде қалыптасқан, кәсіпорынның қаржы әрекетінің басты мақсаты пайданы барынша көбейту деген ойымызға қарама-қайшы келетінін атап өткен жөн.
Кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейту үрдісі оның пайдасын барынша көбейту арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп дәрежесі және жиынтығы жағынан жоғары пайда ағымдағы тұтыну мақсаттарына жұмсалуы мүмкін, соның нәтижесінде кәсіпорын ары қарай дамуға қажетті, өзінің қаржы ресурстарын құратын негізгі көзден айырылады (ал дамымайтын кәсіпорын өзінің нарықтығы конкуренттік (бәсекелік) жайғасымен жоғалтады, ішкі көздер есебінен өзінің қаржы ресурстарын құру әлуетін азайтады, осының барлығы нәтижесінде кәсіпорынның нарықтық құнының төмендеуіне әкеп соғады) .
Сонымен қатар жоғары дәрежедегі пайда қаржы-қаражаттык тәуекелдің және болашақта банкроттыққа түсу қаупі есебінен болуы мүмкін, бұл жағдай да кәсіпорынның нарықтық құнының төмендеуіне экеледі. Сондықтан, нарықтық жағдайда пайданы барынша көбейту қаржы менеджменттің басты міндеті болғанымен, оның ең басты мақсаты емес.
Қаржылық менеджмент өзінің басты мақсатын жүзеге асыру үрдісінде төмендегі негізгі тапсырмаларды шешуге бағытталады (1-кесте) .
1-кесте. Халықаралық қаржылық менеджменттің негізгі тапсырмалар жүйесі
- алдағы уақытта кәсіпорынның даму тапсырма-ларына сэйкес қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін кұрауды қамтамасыз ету;
- кәсіпорынның негізгі бағыт аясында қаржы ресурстарының құрылған көлемін тиімді пайда-лануды қамтамасыз ету;
Акцияға тәуекел мен пайда қарама-қарсы әсер етеді. Өте жоғары пайда дивидендтің өсуіне, яғни қор биржасында компанияның акцияларына сұраныс өседі, ал тәуккелдің артуы, акция бағасының төмендеуіне, яғни қор биржасында акцияның қажеттілігінің төмендеуіне әкеп соғады, осының нәтижесінде фирманың қаржы жағдайы төмендейді.
Қаржылық менеджменттің ең негізгі екі буыны - пайда және тәуекел және олардың арақатынасы, әрбір нақты бір кезеңде корпорацияның қаржы менеджерінің нақты шешімін анықтайды. Осыған байланысты қаржылық менеджмент құрамына қаржы әрекетінің екі түрі енеді: біріншіден - пайданы көбейту, екіншіден - компанияның нақты өтімділік деңгейін қамтамасыз ету.
Халықаралық қаржылық менеджметтің принциптері.
Кәсіпорынның қаржылық әрекетін тиімді басқару бірқатар принциптерді жүзеге асыру барысында қамтамасыз етіледі, соның ішінде ең негізгілері:
Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен біріктірілуі.
Кәсіпорынның қандай саласында болмасын басқару шешімі, тура немесе жанама түрде ақша ағымының құрылуына және қаржылық әрекеттің нәтижесіне әсерін тигізеді. Қаржылық менеджмент өндірістік менеджментпен, инновациялық менеджментпен, жұмысшылар менеджментімен және басқа да қызметтік менедж-менттермен тікелей байланысты. Бұл кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен қаржылықменеджменттің үйлесімді біріктірудің қажеттілігін анықтайды.
2. Басқару шешімдерінін құрылуының кешенді сипаттамасы.
Қаржы ресурстарын құру, бөлу және қолдану саласындағы және кәсіпорынның ақша айналымын ұйымдастыру бойынша басқару шешімдері оның қаржы қызметінің нәтижесімен тығыз байланысты және оған тура немесе жанама түрде әсер етеді. Кейбір жағдайларда бұл әсер қарама-қарсы сипатта болады.
Мысалы, өте мол кіріс әкелетін қаржы инвестицияларын жүзеге асыру өндірістік қызметті қаржыландыру тапшылығына, сәйкесінше операциялық пайданы көлемнің азаюына әкеледі (меншікті қаражат ресурстарын құру мүмкіндігі төмендейді) . Сондықтан қаржылық менеджмент кешенді басқару жүйесі тұрғысынан қарастырылуы тиіс және де ол кәсіпорынның қаржы қызметінің жалпы нәтижелілігіне өз үлестерін қосатын өзара байланысты басқару шешімдерінің дайындығын қамтамасыз етуге тиіс.
3. Басқарудың жоғары динамизмі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz