Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Түркітаным тарихы туралы қысқаша мәлімет



1)Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.
2) Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері
3) XX Ғасырдығы түркітаным тарихы туралы қысқаша мәлімет.
Тарихқа көз салып қарайтын болсақ, көне грек мәдениетінен бұрын және оның дамуына ықпал еткен, Үндістан, Вовилон, Қытайлардың мәдениеті болған. Осы халықтармен шектес жатқан басқа халықтардың да мәдениеті біршама дамығаны ықтимал.
Қазіргі түркі тектес халықтар жасайтын орта Азия, Қазақстан, Сібір өлкелері туралы, ондағы халықтардың тарихы, әлеуметтік жағдайы,географиясы, этнография-сы, т.б туралы мәлімет сол көне заманнан түрлі жазба ескерткіштерден бізге жеткен. Мұндай мәліметтер қытай жылнамаларынан,грек саяхатшылары мен тарихшыларының, географтарының еңбектерінде бар. Мысалы, Н.Я.Бичуриннің көрсетуінше, Ферғана туралы қытай жылнамаларындағы алғашқы мәлімет Чжан Кянь княздік құрған дәуірінен ал хуандар туралы мәлімет одан да бұрын жазылған жылнамаларда кездеседі. Грек тарихшылары мен географтары болса, Орта Азия және Каспий бойларын, сәл кейінірек Қазақстан мен Манғолияда жасалған халықтар туралы мәлімет береді. Мысалы Геродот өзінің тарихында массагеттер мен иседондар туралы мынандай мәлімет берген: «Киімі және өмір сүруі жағынан массгеттер скифтерге ұқсайды. Олар жаяу да, аттың үстінде де соғыса алады, соғыстың екі түрінде де біледі: жаймен, найзамен соғысады, қару-жарағы қарапайым және алдаспаны болады. Олардың барлық заттары алтыннан және мыстан, найза, жәй оғы, алдаспаны мыстан, бас киімі, белбеуі және әшекейі тағыншақтары алтыннан»,- деп масагттерді сипаттаса, иседондар туралы : “...иседондарда мынандай салт бар:егер олардың әкесі өлсе, оның туысқандары малдарын айдап әкетіп, құрбандық шалады. Етті майдалап кесіп, өліктің туысқандарымен бірге жиын өткізкеді”,-дейді.
Страбон өзінің герграфиясында масагеттер мен сахтар бір халық деп есептейді. Жалпы сақтар туралы жазған еңбектер көп –ақ. Ал сақтардың күшті мемлекті болғандығы тарихтан белгілі.
Түркі халықтарының тілін, әдебиетін арнайы зерттеу тарихы көне заманға бармайды, орта ғасырлардан басталады. Біздің қолымызға келіп жеткен деректерге қарағанда, алғашқы түркі тілін зерттеген ғалымдар-араб ғалымдарымен, араб мәдениетімен байланысты болғандар. Оның тарихи себебі де жоқ емес. Біріншіден, түркі халықтарының көпшілігі арабтардың қол астында болды.арабтар өз үстемдігін мәңгілік ету, көбірек жерді жаулап алу мақсатында түркі халықтарының тарихын, тілін, әдет-ғұрпын үйрене бастады. Екіншіден арабтар жаулап алған аумақ өте кең болатын. Сондықтан да олар арасындағы қатынас жолын сақтау және үздіксіз болуын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет тұтастығын не жаңа жерлер басып алу үшін жергілікті халықтардың өкілін мемлекеттік жұмысқа,әскерге алатын. Басқыншы армияның құрамында келген, арабтар бұл мақсатты қанағаттандыра алмайтын.
Түркітануға кіріспе(Оқу құралы ). Авторлары: Ә.Қайдаров, М.Оразов. Алматы -2004. 63-69 беттер.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1)Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.
2) Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері
3) XX Ғасырдығы түркітаным тарихы
Туралы қысқаша мәлімет.
Тексерген:Шаяхметұлы Қинаят
Орындаған:Телеухан Гүлден

Семей 2015
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер
Тарихқа көз салып қарайтын болсақ, көне грек мәдениетінен бұрын және оның дамуына ықпал еткен, Үндістан, Вовилон, Қытайлардың мәдениеті болған. Осы халықтармен шектес жатқан басқа халықтардың да мәдениеті біршама дамығаны ықтимал.
Қазіргі түркі тектес халықтар жасайтын орта Азия, Қазақстан, Сібір өлкелері туралы, ондағы халықтардың тарихы, әлеуметтік жағдайы,географиясы, этнография-сы, т.б туралы мәлімет сол көне заманнан түрлі жазба ескерткіштерден бізге жеткен. Мұндай мәліметтер қытай жылнамаларынан,грек саяхатшылары мен тарихшыларының, географтарының еңбектерінде бар. Мысалы, Н.Я.Бичуриннің көрсетуінше, Ферғана туралы қытай жылнамаларындағы алғашқы мәлімет Чжан Кянь княздік құрған дәуірінен ал хуандар туралы мәлімет одан да бұрын жазылған жылнамаларда кездеседі. Грек тарихшылары мен географтары болса, Орта Азия және Каспий бойларын, сәл кейінірек Қазақстан мен Манғолияда жасалған халықтар туралы мәлімет береді. Мысалы Геродот өзінің тарихында массагеттер мен иседондар туралы мынандай мәлімет берген: Киімі және өмір сүруі жағынан массгеттер скифтерге ұқсайды. Олар жаяу да, аттың үстінде де соғыса алады, соғыстың екі түрінде де біледі: жаймен, найзамен соғысады, қару-жарағы қарапайым және алдаспаны болады. Олардың барлық заттары алтыннан және мыстан, найза, жәй оғы, алдаспаны мыстан, бас киімі, белбеуі және әшекейі тағыншақтары алтыннан,- деп масагттерді сипаттаса, иседондар туралы : "...иседондарда мынандай салт бар:егер олардың әкесі өлсе, оның туысқандары малдарын айдап әкетіп, құрбандық шалады. Етті майдалап кесіп, өліктің туысқандарымен бірге жиын өткізкеді",-дейді.
Страбон өзінің герграфиясында масагеттер мен сахтар бір халық деп есептейді. Жалпы сақтар туралы жазған еңбектер көп - ақ. Ал сақтардың күшті мемлекті болғандығы тарихтан белгілі.
Түркі халықтарының тілін, әдебиетін арнайы зерттеу тарихы көне заманға бармайды, орта ғасырлардан басталады. Біздің қолымызға келіп жеткен деректерге қарағанда, алғашқы түркі тілін зерттеген ғалымдар-араб ғалымдарымен, араб мәдениетімен байланысты болғандар. Оның тарихи себебі де жоқ емес. Біріншіден, түркі халықтарының көпшілігі арабтардың қол астында болды.арабтар өз үстемдігін мәңгілік ету, көбірек жерді жаулап алу мақсатында түркі халықтарының тарихын, тілін, әдет-ғұрпын үйрене бастады. Екіншіден арабтар жаулап алған аумақ өте кең болатын. Сондықтан да олар арасындағы қатынас жолын сақтау және үздіксіз болуын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет тұтастығын не жаңа жерлер басып алу үшін жергілікті халықтардың өкілін мемлекеттік жұмысқа,әскерге алатын. Басқыншы армияның құрамында келген, арабтар бұл мақсатты қанағаттандыра алмайтын. Үшіншіден, арабтар тек қарудың күшімен Орта Азия, Қазақстан, Еділ бойындағы халықтарды жаулап алған емес. Арабтардың атының тұяғын Қазақстанның көп жерін, Еділ бойларын баспаналағаны анық. Олар өздерініңдінімен ұлан-ғайыр територияны басып алып, өз ықпалына жүгіндірген.Түр халықтарының тілі дәуірден бастап зерттеліне бастағандығын нақты көрсету қиын. Бірақ бізге жеткен ең көне түркі тілдеріне байланысты пікір айтқан еңбек Қарахандиттер дуіріне сәйкес келеді. Ең күрделі және жазылған уақыты жағынан көнесі М.Қашқаридың "Диуани лұғат - Ит түрік" деген еңбегі болып саналады. Түркі тілдері туралы жазылған екінші еңбек- М.Змақшаридің "Мұхамадыт-Әл-адаб " деген еңбегі. М.Замақшари мың жетпіс бесінші жылы Қохерзім өлкесінде туылған. Аяғының кемістігі болғандықтан елінене ұзап шыға алмай, сауатын хорезімде ашады. Тек ержеткеннен кейін ғана Бұқара, Хорасан, Бағдат, Мекке дамскылерге барады. Ол араб тілі әдебиеті, филосифиясы Ислам дінінің тарихына байланысты елуден асқан ғылыми еңбек жазған,Бірақ бізге дейін барлығы жетпеген. Түркіологияға азап қатысы бар еңбегі "Мұхамадит-ул-адап".
Пайдаланылған әдебиет:
Түркітануға кіріспе(Оқу құралы ). Авторлары: Ә.Қайдаров, М.Оразов. Алматы -2004. 19-30 беттер.
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері
Шығыстану ғылымының жаңа белеске көтерілуі бірінші Петрдың қызыметімен тікелей байланысты. Ресейдің келешегі шығыс пен байланысты екендігіне көзі жеткен, сондықтан ол орыс қазақтарының сібірдегі басып алған жерлеріне тұрақты орналасуына жағдай жасап, орта Азияға ену жолын іздей бастады. Мың жеті жүзінші жылы он сегізінші маусымда Тобылға қытай , маңғол тілдерін үйрену үшін үш адам жіберу туралы сібір митрополитының бастығына бірінші Петр жарлы шығарды. А.Н.Конов осы күнді отандық шығыстану пәнінің дүниеге келген мерзімі деп есептейді.
Академик А.Н.Коновтың мәліметі бойынша түркі тілдерін зерттеп, материялдар жинағандар қатарына В.Н.Татишиов , Г.Гмелеин, Г.Ф.Миллер, И.Э.Фишер, С.П.Палас, т.б көптеген ғалымдар бар.
Васили Никитич Татищев- ресейлік мемлекет қайраткері, Тарихшы. Оның бастамасымен сібір халықтарының тілі бойынша мағұлмат жинала бастады. Самарада татарша - қалмақша-орысша мектеп ашады. Отандық түркі таным тарихында оның есімі мың жеті жүз тоқсан үшінші жылы жарық көрген "Лексикон Россиский истрический , геогрфический , политический и гражданский" деген еңбктерімен белгілі.
Жалпы, сібір тарихын және онда тұратын түркі тілдес халықтар жайын жеттік білетін ғалымдардың бірі-Г.Ф.Миллер. (1705-1783).1733-1743 жылдар аралығында Сібір мен Камчатка да болып, ол туралы көптеген материялдар жинап, жұмысының қортындысы ретінде 1750 жылы Описания Сибирского царства и всех происшедших в нем дел деген үлкен еңбегі аяқталды. Жұмыс өте көлемді болғандықтан, И.Э.Фишер қысқартып, 1768 жылы неміс, 1774 жылы орыс тілінде сібір тарихы деген атпен басып шығарды.
Астрахан експедициясын басқарып барған профессор С.Г.Гмелин табиғат пәндерін зерттеуші бола тұра, түркі тілдері бойынша материялдар жинаған.Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тіоін үйрену, оны зерттеу Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасына байланысты болды. Осы кезде Омбы, Орынбор қалалары қазақтар мен орыстардың өзара қатынас жасау орталығына, мәдениет ошағына айналды. Орыс мәдениеті мен ғылымының ықпалы қалың қазақ арасына да тарай бастады. Осы мәдениеттің прогресшыл жағын алғаш сезінген жергілікті халық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.20ғ басындағы түркітану тарихы
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы туралы ақпарат
Түркітануға кіріспе
Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу. салыстырмалы-тарихи зерттеу (xyiii-xix ғғ.) Европа, Ресей ғалымдарының зерттеулері
Тілдің құрылымы
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Түркі сөзінің тамыршысы
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері туралы ақпарат
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Пәндер