Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық көмек көрсету



1) Жасөспірімдік . әлеуметтік психологиялық құбылыс
2) Өзіндік сананың дамуы
3) Қарым.қатнас және эмоциялық өмір
4) Психологиялық көмек көрсету
Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері. Жас шағы психологиясына жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.
Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процесстері басқаларының бәрінен басым болады деген ойымен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ ол даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр кекі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.
Жастық проблемасын әлеуметтік-психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек. Бұл әжептәуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік толыстыру мерізімімен әр кезде үйлесе бермейді. Акселерацияның, дене күшінің жедел даму нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары екі-үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға препубертаттық, пубертаттық және постубертаттық фазаларға бөледі, осының өзінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік шақты алғашқы екі кезеңмен байланыстырады.
1. Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т. Психологическая служба в вузе. Алматы, 2004.
2. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.
4. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. М., 1981.
5. Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 т. М., 1982.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті



CӨЖ

Тақырыбы: Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық көмек көрсету.



Орындаған: Асқар Ақбота
ПХ-315
Тексерген: Бураханова А.Т


Семей 2015
Жоспар:
1) Жасөспірімдік - әлеуметтік психологиялық құбылыс
2) Өзіндік сананың дамуы
3) Қарым-қатнас және эмоциялық өмір
4) Психологиялық көмек көрсету

Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері. Жас шағы психологиясына жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.
Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процесстері басқаларының бәрінен басым болады деген ойымен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ ол даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр кекі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.
Жастық проблемасын әлеуметтік-психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек. Бұл әжептәуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік толыстыру мерізімімен әр кезде үйлесе бермейді. Акселерацияның, дене күшінің жедел даму нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары екі-үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға препубертаттық, пубертаттық және постубертаттық фазаларға бөледі, осының өзінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік шақты алғашқы екі кезеңмен байланыстырады.
Акселерацияға байланысты жеткіншектің кезеңнің шектері төмендейді де, қазір ол енді 14-14,5 жаста-ақ аяқталады. Жас өспірімдік тиісінше ерте басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орыны, ол меңгеруге тиісті білімдердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.
Көптеген алғашқы қауымдық қоғамдарда жас шағы айырмашылықтары әлеуметтік айырмашылықтарға тікелей үйлеседі; социализацияның негізгі механизімі бір жастағы адамдарды біріктіретін жас шағы топтары болып атбылады, осының өзінде мұндай топтардың әрқайсысы өзіне ғана тән арнайы әлеуметтік функцияларды ғана атқарады. Феодалдық қоғамда социялизация жеткіншекті не жас өспірімді ересектердің іс-әрекетіне едәуір дәрежеде тікелей қосу арқылы жүзеге асырылған. Мектеп оқытудың осы практикалық формаларын толықтыратын ғана болған. Қазіргі қоғамда еңбектің және қоғамдық іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты адам жұмыс істемей, негізінен оқитын даярлық кезеңі едәуір ұзарады.Білім алу мен оқудың қоғамдық қажетті мерзімі неғұрлым ұзақ болса, шын мәніндегі әлеуметтік кемелділік соғұрлым кеш басталады. Осыдан келіп жас өспірімдік кезең ұзарып, жалпы алғанда жас шағы шектері біршама тиянақсыз болады.
Балаң жас өспірімдік (14,5-17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана. Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай?
Дене күшінің дамуы. Балаң жастық- адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады, жігіттерде 17 мен 18-дің арасы. Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші ерте өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан еке өсіп түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам бір қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық - ең көп жетістіктерге жететін кезең.
Жыныстық даму жөнінін жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы
айырмашылықтар мен басқа да әлеуметті - экономикалық факторлар
ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық мерзісдерден көп озық не қалыңқы дамиды. Қарқынның бұл вариацияларын патологиялық жағдайлардан ажырату әрдайым оңай бола бермейді.
Дамудың әлеуметтік жағдайы. Жас өспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын ролі ересектердің ролінен сапалық тұрғыдан өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады. өмірлік іс-әрекетінің күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік рольдер мен мүдделер диапазонының сандық ұлғаюы ғана болып қана қоймайды, сапалық тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге көбейеді, осыдан келіп дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады. 14 жаста оны комсомолға қабылдайды, 16 жаста паспорт алады. 18 жасында сайлау правосы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жас өспірім қылмыстық істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастады, бәріде мамандық таңдау туралы және т.б. ойлайды. Алайда жас өспірімде ересектер статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады.
Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге өз семьясын құруға даярлану. өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс-әрекетінің сипатына тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатынжеткіншектердей емес 15-17 жастағы жас өспірімдер мен бойжеткендер бұған қоса кәсіптік-техникалық училишелердің немесе арнаулы орта оқу орындарының оқушылары болуы мүмкін. Кейбір жас өспірімдер оқуды өнімді еңбекпен ұштастырады. Бұл айырмашылықтар психологияға әсер етеді, сондықтан тәрбиешілер мұны ескеруге тиіс.
Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектілік операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі пәрменді етіп, оны бұл тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын салаларына түсуімен
қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызетінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипар береді. Қазіргі бар деректерге қарағанда, ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан маңызды болады. Осыны, сондай-ақ жоғарғы класс оқушысының мамандық таңдауға даярлығын күшейту қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік беру керек. Бірақ арнайы қабілеттердің қалыптасуының өзі оқытудың сипаты мен бағытына орасан зор дәрежеде байланысты екенін есте үстау қажет.
Жас өспірімдік - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организімі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы - осының бәрі қосыла келіп жас өспірімдік шақта бағарлаушылық-бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт артырады. Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да, жас адам оларды бағалауға өте-мөте ден қояды да, өзінің мінез-құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерилер мен нормалар негізінде құруға тырысады.
Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді.
Өзіндік сана - күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компоненттер ретінде өзіне. В. С. Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз "менін" ұғынуды, үшіншіден , өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік - адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің бәрі бір- бірімен функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. Теңдестігін ұғынудың бастамалары сыртқы заттардан болған және өз денесінде боған түсініктерді ажырата бастаған кезден бастап нәрестенің өзінде-ақ болады, менді ұғыну бала жіктеуесімдіктерін дұрыс қолдана бастаған, шамамен үш жастан басталады. өзінің психикилық қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау
жеткіншектік және жас өспірімдік кезеңде неғұрлым көп маңыз алады. Бірақ бұл компонанттердің бәрі өзара байланысты болғандықтан, оның біреуінің баюы бүкіл жүйенің түрін өзгертпей қоймайды.
Өз денесінің бейнесі. Жеткіншектің өзі-ақ өзін көрсетуге барынша ұмтылумен өзінің мені мен өз қасиеттеріне зор ынта қояды. Атап айтқанда, ол өзіндік келбеті мен дене тұлғасын мүлдем жаңаша қабылдай бастайды. Бұл зор ынта балаң жас өспірім шағында да сақталады. өзінің өзгергіш тұлғасын зер сала зерттейтін жас өспірім жігіттер мен қыздар бұған барынша алаңдайды. Олардың бәрі дерлік өз пкелбеттерін өзгерткілері келер еді. Олар үшін әсіресе құрдастары алдындағы беделін өсіріп, танымдылығын арттырыратын қасиеттер ерекше маңызды. Жас өспірімдердің көбі тапал, толық болғанына, бетіне безеу шығуына т.б. қынжылады. Әсіресе кеш толысатын ер балалар мұнысына қатты уайымдайды; екінші жыныстық белгілердің шықпай кешігуі құрдастарының алдындағы беделін төмендетіп қана қоймай, өзін қатарынан кем сезінуді туғызады. Бұл қынжылыстар, әдетте, ешкімге білдірілмейді. өз денесінің бейнесін жас өспірімдердің өзін-өзі ұғынуының ересектердің ойлағанындай емес, анағұрлым маңызды компонентті. Қалыпты өсудің барлық нюанстары мен варианттарын білмеу көптеген жас өспірімдер үшін нағыз нормалар трагедиясына айналады.
Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін өзі бағалау. Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан және басқада беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін, әсіресе батылдық, ерік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдіқ-психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады (өз ақылын немесе сұлулығын басқа біреумен салыстыру арқылы ғана бағалауға болады).
Жас өспірім де жеткіншек секілді өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Біреуі өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижесімен өлшемдестіру. Бірақ жас өспірімнің өмірлік тәжірибесінің шектеулілігі мұндай тексеруді қиындатады. Ересектердің көз-қарасыман қарағанда қиынсыз көптеген қылықтар - қауіпті сотқарлар, даңғойлық - көзге түсіп, жұртқа танылғысы келуден гөрі өзінің батылдығын, өжеттінін т.б. сынап көргісі келуден болады.
Өзін-өзі бағалаудың екінші жолы - әлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Төңірегіндегілердің өзі туралы пікіріне өте-мөте сезімтал қарайтын жеткіншектің өзі-ақ әркімнің бағалары ғана емес, бағалайтын өлшемдердің өзі әрқилы болатынына көзі жетеді. Кластастары ерлік деп бағалаған әрекетті мұғалім жалған жолдастық деп айтады. Осдан келіп таңдау, өздігінен ойланып көру қажет болып шығады.
Өз менінің бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі. Мұнда нақты мен (қазір қандай болсам, сондай) де, динамикалық мен де (қандай болғым келсе, сондай), мұраттағы мен де (өзімнің моральдық принциптерім негізінде сондай болуға тиістімін), қиялдағы мен де (бәрі де мүмкін болса, сондай болғым келер еді), көз алдыма елестететін басқа толып жатқан мендер де бар. Тіпті толысқан адамның өзін-өзі бағалаудың бәрі адекватты емес. Жас өспірімдік кезде мәселе бұдан да қиынырақ. Кейде жас өспірім өзн-өзі бақылау, байқау арқылы өзін білсем дейді. Балаң жас өспірімдік кезге жалпы алғанда рефлексиялық өсуі, өзіне барынша ден қою тән. мұның өзі интимдік күнделіктердің шығуына да (жас өспірім ұлдарға қарағанда, қыздарда көбірек кездеседі және ертерек басталады), көркем әдебиет бейнелерін өзіне өлшеп көруден де (егер жеткіншек кейіпкердің қылықтарына ден қойса, жас өспірімдер мотивтер мен толғаныстарға ден қояды), басқа адамдардың ішкі жан дүниесіне көбірек ден қоюдан да аңғарылады.
Кейбір психологтар жас өспірімдік рефлексияның өзін-өзі оқшаулау шындық болмыстан қиялдағы арман дүниесіне берілін кету қауіпі бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдік кезеңдегі суицидті мінез – құлықтың қалыптасуына әсер етуші факторлар
Жасөспірімдік кезеңнің зерттелу тарихы
Қиын балалар ұғымының мәні
Психологиялық бейімделу компоненттері
Білім беруде психологиялық қызметті ұйымдастыру ғылымдардың кең жүйесі ретінде
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің психологиялық дамуының теориялық сипаттары
Девиантты мінез - құлықтың теориялық негіздері
Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері
Жеткіншектердің қабілетін дамыту жолдары, психологиялық ерекшеліктері
Пәндер