Биіктік торлардың дәлдігін есептеу әдістері. Биіктік инженерлік-геодезиялық торларды құру кезінде нивелирлеу


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.
СӨЖ
Тақырыбы: Биіктік торлардың дәлдігін есептеу әдістері. Биіктік инженерлік-геодезиялық торларды құру кезінде нивелирлеу
Орындаған: Хуантай А. Ж.
Семей 2015 жыл
Кіріспе
Геодезиялық тор - Жер бетіндегі координаттары белгілі центрі арнайы белгілермен бекітілген геодезиялық пункттердің (нүктелердің) жиынтығы.
Геодезиялық тор пункттерінің координаттары астрономиялық немесе геодезиялық әдіспен анықталады. Осылай анықталған пункттердің жиынтығын геодезиялық тіректік тор деп атайды. Олар жиілету немесе толықтыру торларының негізі болып табылады. Пункттердің абсолюттік биіктіктерін геодезиялық биіктіктерді теңіз деңгейі бетіне қатысты анықтайды. Геодезиялық тор пункттерінің пландық координаттары триангуляция, трилатерация және полигонометрия әдістерімен анықталса, биіктіктік жағдайы - геометриялық, тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен анықталады. Геодезиялық тор топографиялық түсірімдер, карталар жасау, сондай-ақ барлау, құрылыс салу жұмыстарының жергілікті жердегі дәлдік есептеулеріне байланысты пландық және биіктік негіз ретінде қолданылады
Биіктік торлардың дәлдігін есептеу әдістері.
Мемлекеттік геодезиялық тораптар жиілету және түсіріс торларын одан әрі дамытудың, сонымен қатар ізденіс, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, жерге орналастыру, т. б., көптеген инженерліқ есептерді шешудің негізі болып табылады. Сондықтан, геодезиялык тораптарды құрудың дәлдігің қамтамасыз ету үшін оның бұрыштық және ұзындық өлшеулері тиісті аспаптар мен тәсілдер арқылы жүргізілуге тиісті Мемлекеттік геодезиялык тораптарга мыналар жатады: а) 1, 2, 3, 4 кластың пландық жүйелер, олар өзара бұрыштық және ұзындық өлшеулер дәлдігімен, жүйе қабырғаларының ұзындықтарымен ерекшеленеді. Пландық жүйелер триангуляция, триатерация, полигонометрия әдістерімен кұрылады. ө) I, II, III және IV класты биіктік нивелирлік тораптар. Олар геометриялық нивелирлеу әдісімен кұрылады. Геодезиялык жүйелер жалпыдан жекеге қарай көшу принципімен: жоғары жүйеден, яғни 1-кластан төменге карай неғұрлым дәл құрылғаннан, соғұрлым ұсақтау және дәлдігі кемдеу класқа карай кұрылады. 1-класты жүйе мейлінше жоғары дәлдікке ие болады және ол төменгі кластарға геодезиялык жүйелердің дамуы мен орлардың пункттерінің координаталарын біртұтас жүйеде есептеу үшін, негіз кызметін атқарады. Триангуляция әдісі. Триангуляция әдісі жергілікті жерде үшбұрышты жүйесін құрудан тұрады, оларда барлық бұрыштар мен кейбір базис кабырғаларының ұзындығы өлшенеді . Үшбұрыштың басқа қабырғаларының ұзындықтары тригонометрияның белгілі формулалары бойынша есептеледі. 1 класс триангуляциясының тұгас жүйесін орасан зор территорияда құру едәуір уақыт пен материалдық қаражатты жұмсауды керек етеді. Сондықтан I класты геодезиялык жүйені, мүмкіндігінше меридиан және параллель бағытында бірінен-бірі 200 км-ге дейінгі алые кашықтықтарда орналасқан үшбұрыштар катары түрінде құрады. I кластық триангуляция қатарының параметрі 800 км-ге дейінгі тұйық полигонды құрастырады. 2 класты триангуляция бірінші класты полигонның бүкіл ауданын толтыратын және 1 класты пункттерімен сенімді байланыстағы үшбұрыштардың жаппай жүйелі түрінде дамиды. 3 және 4 класты триангуляциялар мемлекеттік геодезиялык жүйелердің одан арғы жиілендіруі болып табылады. I және II, III класты мемлекеттік геодезиялык жүйе 50-60 км²-қа бір пункт тығыздықпен жасалынады. Пункптердің осындай тығыздығы 1:25000 және 1:1 қамтамасыз етеді. Трилатерация әдістері. III және IV класты мемлекеттік геодезиялык жүйелер, трилатерация әдісімен де қүрылуы мүмкін. Трилатерация триангуляция тәрізді, барлык қабырғапар узындықтары өлшенген үшбұрыштар жүйесі болып саналады. Үшбұрыштарды шешу аркылы горизонталь бұрыштарын, ал одан кабырғаларыныц дирекциондық бұрыштарын анықтайды. Содан кейін пункттердің координаталарын есептеуді триангуляциядагыдай жүргізеді. Трилатерация жүйесінде қабырғаларының үзындыгы әдеттегідей радио және жарық қашықтық өлшеуіштерімен өлшенеді. Бұл жағдайда қабырғаларды өлшеудің салыстырмалы қателігі мынадан аспауы керек: III класс үшін-1:1, IV класс үшін- 1:4. Полигонометрия әдісі. Орманды жазық жерде триангуляция жүйесінің дамуы қиындау немесе жергілікті жағдайдың күрделілігінен экономикалық жағынан орынсыз кезде полигонометрия әдісі қолданылады. Осы әдіс жергілікті жерде жүрістер және полигондар жүйесін салудан тұрады, олардың барлық бұрыштары мен қабырғалары өлшенеді . Егер бір пункттің координаталары және бір қабырғасының дирекциондык бұрышы белгілі болса, онда полигонометриялық жүрістің барлық пункттерінің координаталарын есептеп шығаруға болады. Полигонометриялық жүрістің бұрыштары тиісті дәлдіктегі теодолиттермен өлшенеді. Полигонометриялык жүрістердің қабыргаларының ұзындығын өлшеу үшін жарық және радио қашықтық өлшеуіштер, оптикалық-механикалық қашықтық өлшеуіштер, болат және инварлық сымдар, ленталар мен рулеткалар колданылады. Қабырғаларының ұзындығы, сонымен қатар өлшенген базистен, қосалқы бұрыштары өлшенген геометриялық фигуралар арқылы анықталуы мүмкін. Сондықтан қабырғаларын өлшеу әдісіне байланысты полигонометрия; а) траверстік немесе магистральдық, яғни қабырғаларын тікелей өлшеу арқылы; э) параллактикалық полигонометрия, яғни қабырғаларды қысқа базис және параллактикалық сүйір бұрыш арқылы жанама тәсілмен анықтауға негізделген . Егер ab базисі полигонометриялық жүрістің АВ қабырғасына перпендикуляр болса және онымен екіге бөлінсе, онда АВ қабырғасының ұзындығын анықтау үшін ab-базисін және φ1 мен φ2 параллактикалық бұрыштарын өлшеу жеткілікті. I класты полигонометрия меридиан және параллель бағытында созылған жүріс түрінде кұрылады, олар бірінші класты периметрі 700-800 км полигонный буындарын құрады, 2 класты полигонометрия I класты триангуляция мен полигонометрияның ішінде периметрі 150-180 км-лік тұйық полигон жүйесі ретінде дам иды. 3 және 4 класты полигонометриясы торапты пункттері бар жүрістер жүйесі немесе жоғарғы класты мемлекеттік геодезиялык жүйенің пункттеріне сүйенетін жекелеген жүрістер түрінде кұрылады. Полигонометрияның негізгі сипаттамалары 9-кестеде келтірілген Мемлекеттік нивелирлік торлар, оларды бекіту, сактандыру?Пунктердің теңіз деңгейі биіктігі геометриялық нивелирлеу арқылы аныөталған геодезиялыө торды нивелирлік тор дейді. Дәлдігіне жане қызметіне карай мемлекеттік биітік торлары I, II, III, жане IV класс болып бөлінеді. I жане II класты биіктік торлары басты биіктік жүйесі тағайындалады. Олар ғылыми мәселелерді шешу үшін қолданылады. Жер қыртысының вертикалдың қозғалысын зерттейді, мқхит, теңіз жане т. б. судың деңгейлерін анықтайды. I жане II класты нивелирлеу алдын ала берілген бағытпен жүргізіледі, ең кемі әр 25 жыл сайын қайтадан нивелирлеу жұмвс жүргізіледі. II класты нивелирлеу торлары 1 класты нивелирлеу торларының пунктерінің арасында жасалады, яғни сол пункттермен тіреледі. 3 класты нивелирлеу торлары 1 жане 2 класты нивелирлеу полигондарының ішінен жеке жүріс түрінде периметрі 150-200 км болатын 6-9 полигонға бөлініп құралады. 3 класты нивелирлеу торын әрі карай толыктыру аркылы 4 класты нивелирлеу торын құрайды. . анықтайды. I 2000 км-гежуықтұтасполигонды құрайтын жүрістерден тұрады. I , мен . 1 км жүрісте mh 0, 5 мм болады. И I 500-. 1 км жүрісте mh =0, 8 мм-денаспауыкерек. III I және II II 150-200-ден 6-9 (1км жүрісте mh=1, 6 мм-денаспауыкерек) . III ары жиілендіру IV . . Оларды салу . 5 км . Мемлекттік геодезиялық торды классификациялауМем-тік геод-қ торларға мыналар жатады: а) 1, 2, 3, 4 кластық пландық жүйелер, олар өзара бұрыштық ж/е ұзындық өлшеулер дәлдігімен, жүйе қабырғаларының ұзындықтарымен ерекшеленеді. Пландық жүйелер триангуляция, трилатерация, полигонометрия әдістерімен құрылады. Ә) І, ІІ, ІІІ, ІҮ класты биіктік нивелирлік тораптар. Олар геометриялық нивелирлеу әдісімен құрылады. Геод-қ жүйелер жалпыдан жекеге қарай көшу принципімен жоғары жүйеден, яғни І кластан төменге қарай неғұрлым дәл құрылғаннан, соғұрлым ұсақтау ж/е дәлдігі кемдеу класқа қарай құрылады. І класты жүйе мейлінше жоғары дәлдікте болады ж/е ол төменгі кластрға геод-қ жүйелердің дамуы мен олардың пунктерінің координаталарын біртүтас жүйеде есептеу үшін, негіз қызметін атқарады.
Биіктік торлардың тығыздығы мен дәлдігі қала территориясында, өндірістік және энергетикалық кешендегі құрылымы бойынша бөлу және түсіріс жұмыстарының дәлдігі және қамтитын аймақтың көлеміне байланысты анықталады. Инженерлік - геодезиялық жұмыстар I-IV класты мемлекеттік нивелирлік торларға негізделеді. I- және II- класты нивелир торлары елдің аумағындағы біртекті биіктік жүйесін құрайтын басты биіктік негізін құрайды. I- класты нивелир торлары 500 км² -ден асатын ауданды алып жататын ірі қалалардың аумағында жүргізіледі.
II-класты нивелир жүрістері жұмыс территориясында маркалар мен реперлер бірқалыпты орналасатындай етіп жүргізіледі. Нивелирлеу тура және кері бағыттарда біріктіру әдісімен орындалады. II-класты нивелирлеу торларын толықтыру барысында III-класты нивелирлеу жекелей жүрістер мен полигондар жүйесі түрінде жүргізіледі, олар жоғарғы класты нивелир маркалары мен реперлерін тіреу етеді. Егер III-класты нивелир жүйесі өздігінен жекелей тірек торы болса, онда ол тұйық полигон жүйесі түрінде тұрғызылады. Бұл жағдайда нивелирлік жүрістер тура және кері бағытта жүргізіледі. Басқа жағдайларда бұл кластың жүрістері бір ғана бағытта орындалады.
Геодезиялық биіктік торлары - техникалық нивелирлеу торлары - 1 км жүрісте 20 мм дәлдікті геометриялық нивелирлеу әдісімен құрады.
Мемлекеттік геодезиялық биіктік торларын мемлекеттің барлық территориясын бірыңғай биіктік жүйеге келтіру үшін құрады.
Бірнеше қиылысқан жүрістер торлар деп аталады.
Әдетте, торларды үш немесе одан да көп нүктелер бойынша салынған жүрістерден алады. Биіктік торлардың нүктелері нивелирлі деп аталады.
Құбырларды қалау дәлдігі бүкіл қаланың аумағын алып жатқан канализация торларының мөлшеріне байланысты.
Қала территориясында және өндіріс аймағында жүргізілетін нивелирлеу торлары келесі техникалық сипаттамаларға ие.
Нивелирлеу торларының техникалық сипаттамалары
Нивелирлеудің IV-класы геодезиялық тірек торларының қабырғалық және топырақтық реперлері мен центрлерінен бір бағытта орындалады. Құрылыс алаңындағы барлық жұмыстар құрылысты жобалау үшін ізденіс жүргізу кезіндегі қабылданған бірегей биіктік жүйесінде орындалады. Биіктік бойынша бөлу жұмыстарының дәлдігіне қойылатын талаптардың көбі метрополитендер мен ірі канализациялық коллекторлардың құрылысы кезінде туындайды. Метрополитендердің құрылысы кезінде биіктік бойынша жерасты қосылыстарын қамтамасыз ету үшін нивелирлеудің III-класының бағдарламасы бойынша арнайы биіктік торлары құрылады.
Ірі канализациялық коллекторлар 0. 0005 көлбеумен салынады. Коллекторларды қалаудың қажетті дәлдігі жобалық көлбеу шамасы мен канализация құдықтарының арасындағы қашықтыққа байланысты. Бұл қашықтық 50, 75 және 100 м-ге дейін болады. Құбырларды қалау дәлдігі бүкіл қаланың аумағын алып жатқан канализация торларының мөлшеріне байланысты. Өздігінен ағатын коллекторларды биіктік бойынша бөлу II- және III -класты нивелирлік торларды салумен қамтамасыз етіледі. Гидротүйіндер, магистральді каналдар мен милиорациялық жүйелер құрылысында биіктік негіздеу үшін II-, III- және IV-класты нивелирлеу торлары жетілдіріледі.
Арнайы нивелирлік торлардың негізгі ерекшелігі болып реперлер арасындағы қашықтық пен жүрістер ұзындықтарының барынша қысқаруы табылады. Биіктік тірек торлары мемлекеттік нивелирлеудің жоғарғы кластарының кем дегенде екі реперіне байланысады. Бірақ, кей жағдайларда, әсіресе инженерлік құрылыстардың ақауларын бақылаған кезде биіктік тор бос болады және байланыстыру кезінде ғана мемлекеттік тордың бір реперін тіреу етеді.
Биіктік негіздің пункттері нивелирлік белгілермен (реперлер) бекітіледі, олар келесі талаптарға жауап берулері керек:
а) Берілген уақыт ішінде белгінің жоғарғы жұмыс бөлігінің тұрақты жағдайын қамтамасыз ету;
б) белгінің орнатылған жерде ұзақ мерзімге сақталуын қамтамасыз ететін құрылымының болуы;
в) белгінің құрылысы зауытта дайындау үшін және центрді көму бойынша жұмыстарды механикаландыруда мүмкіндігінше қарапайым болуы керек.
Қала аумағында нивелирлік белгілер ғимарат қабырғаларына орнатылады, ол ғимараттар белгіні орнатудан бұрын, кем дегенде, екі жыл бұрын салынуы керек. Маркалар 1. 5-1. 7 м биіктікте, ал реперлер - 0, 3-0. 6м жерден биік орнатылады. Қабырғалық белгілерді теміржол торабына жақын орналасқан ғимарат қабырғаларына орнатуға рұқсат етілмейді. Бір ғимараттың қабырғасында бір белгіден артық белгі орнатуға болмайды.
Грунттық реперлерді капиталды ғимараттар болмаған жағдайда орнатады. Грунттық реперлерді орнату үшін табиғи жыныстардың орналасқан жерлерін 4м -ден кем емес тереңдікте грунттық сулар жиналған учаскелерді және судың ағуына ыңғайлы жағдай жасалынған жерлерді таңдау керек.
Құрылыс салу кезінде ең тиімді геодезиялық белгілер - сваялар түрінде қолданылады. Сваялық реперлер белгі центрінің биіктік жағдайының тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді. Олар қарапайым және жасалуы бойынша өте тиімді. Ірі инженерлік ғимараттардың шөгуін бақылау орындарында фундаменттік реперлерді орнатады.
Инженерлік ғимараттардың құрылысы және эксплуатациясы кезінде арнайы биіктік торларды құру мен дәлдік инженерлік-техникалық нивелирлеудің қажеттілігі туындайды.
Дәлдік инженерлік-техникалық нивелирлеудің негізгі әдістері болып табылады:
а) қысқа нысаналық сәулелі геометриялық нивелирлеу әдісі, ол әртүрлі ғимарат түрлерінің құрылыс конструкциясын және фундаментттің шөгуін бақылау кезінде қолданылады.
б) гидротехникалық нивелирлеу әдісі.
в) микронивелирлеуді қолдануға негізделген әдіс.
Геометриялық нивелирлеу әдісімен екі нүктенің биіктік айырмасын анықтауға болады, нүктелер арақашықтығы 10-15 м болғанда орташа квадраттық қателік 0. 1- 0. 2 мм-ге тең.
Қолайсыз жағдайлардағы инженерлік-геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде геометриялық нивелирлеу тригонометриялық нивелирлеумен алмасуы мүмкін, оның нысаналау сәулесінің ұзындығы 100 м-ге дейін жетеді.
Тригонометриялық нивелирлеу келесі түрлерге бөлінеді:
а) біржақты нивелирлеу, мұнда бір ғана көлбеу бұрыш немесе зенит қашық-тығы өлшенеді;
б) екіжақты нивелирлеу, мұнда сызықтың соңғы нүктелеріндегі бар элемент-терді бірмезгілде өлшейді;
в) ортадан нивелирлеу, мұнда теодолитті нүктелердің арасына орнатады.
Қысқа сәулелі тригонометриялық нивелирлеуді таулы аймақтардағы топографиялық түсірістерге негіз ретінде қолданған ыңғайлы, сонымен қатар ғимараттың шөгуін бақылау үшін де қолданады.
Түсіріс негізінің пункттерінің биіктіктерін анықтау үшін, сондай-ақ геодезиялық толықтыру торларының биіктіктерін анықтау үшін техникалық нивелирлеу торларын жетілдіреді. Егер пландық толықтыру полигонометрия әдісімен орындалса, онда техникалық нивелирлеу жүрістерін полигонометриялық жүрістермен сәйкес жүргізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz