Оқытылатын тіл елінің әдебиетін қазақ/орыс әдебиетімен салыстыру



Қазақ жерінде Ресейден кешіріліп қондырылған кедей шаруалардың саны көбейіп, патшалық әкімшілік талай шүрайлы жерлерді тартып алып, елді ата мекенінен ығыстырды. Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының жемісі, нәтижесі болған осындай ауыртпалықтан, заңсыздықтардан, рухани кіріптарлықтан елді қүтқарудың ендігі жаңа жағдайда бірден бір ұтымды жолы - білім-ғылым үйренуеді.
Абай - қазақ әдебиетінің орыс әдебиетімен байланысын күшейтуге аса зор үлес қосқан қайраткер.
Абай заманы, ақындық енерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен көз - қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, талас-тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын. Бұрынғы хан билейтін заман артта қалып, ел арасынан сайланған аға сұлтандар шыққан болса, ондай тәртіп те жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы үсақ-үсақ болыстарға бөлшектеніп, ел билеу тізгіні уөзд бастықтарының - патша әкімдерінің қолына көшкен еді. Бұл болыстардың билікке таласуын, Ұлықтардың жолсыздығын, бассыздығын, парақорлыққа бейімділігін арттырды.
Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Аптынсарин,Абай Қүнанбаев секілді алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері осыны жақсы тұсініп, ұлттықүранға айналдырды. Олар Ресеймен қарым-қатынасты күшейте тұсудің аса пайдалы жағы орыс мәдениетініңүздік үлгілерінел ішіне, жұртшылыққа тарату деп санады. Мал бағумен қатар елдің егіншілікке, сауда-саттық секілді кәсіптерге бейімделуі қажет екенін де олар басқалардан бүрын сөзді. Бұған дейін қазақ ақын, жыршылары шығыс халықтарының аңыз-ертегілерін, дастандарын қызықтап, ел арасына жыр етіп таратып келсе, ендіорысәдебиетіноқып, үйренуге, орыс ақын, жазушыларының шығармаларын насихаттауға көңіл бөле бастады. Әрине, шығыс халықтарының әдеби нұсқаларына құштарлық, ынта-ықылас кебеймесе азайған жоқ.
Үнді елінің ежелден белгілі «Панчатантра» («Бес кітап»), арабтың «Калила мен Димна» секілді кітаптарынан бастап, «Мың бір түн», «Тотынама» әңгімөлер жинағы, «Шахнама«, «Сейфул-Мәлік», «Таһир- Зухра», «Ләйлі-Мәжнүн» сияқты дастандар, Ескендір, Лүхман Хакім туралы аңыз-өңгімөлер ауызша да баяндалып, өлең-жыр түрінде де насихатталып жатты. Алайда шығыстан келген сюжеттер көптен таныс, үйреншікті дүние секілді болса, орыс әдебиетінің шығармалары мүлдежаңа құбылыс еді. Қазақ елі мен көршілес орысхалқының арасында мәдени ауыс-түйіс бұрыннан орын алған еді десек те, орыс өдебиетінің қазақ мөдениетіне үлкен жаңа арна болып қосылуы осы көзде басталды. Орыс әдебиетін білуге, оны еркін игеруге ұмтылған Абай орыс ақын-жазушыларының шығармаларын тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шіберліктің үлгісі деп қараған жоқ, айналадағы қоғамдық өмірді терең танып-тұсінудің таптырмас қүралы деп санады. Орыс жазушыларының шығармалары Ресейның тарихынан, орыс халқының өмірінен хабардар болу үшін ғана емес, қазақ даласында әкімшіліқ жүргізіп отырған патша үкіметінің саясатын, ол саясатты жүзеге асырып отырған Ұлық-әкімдердің білу үшін де қажет еді.
1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Оқытылатын тіл елінің әдебиетін қазақорыс әдебиетімен салыстыру

Орындаған:Рахымбаев М
Тексерген:Мұқанова Қ.Қ.

Семей 2015ж
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Оқытылатын тіл елінің әдебиетін қазақорыс әдебиетімен салыстыру
Қазақ жерінде Ресейден кешіріліп қондырылған кедей шаруалардың саны көбейіп, патшалық әкімшілік талай шүрайлы жерлерді тартып алып, елді ата мекенінен ығыстырды. Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының жемісі, нәтижесі болған осындай ауыртпалықтан, заңсыздықтардан, рухани кіріптарлықтан елді қүтқарудың ендігі жаңа жағдайда бірден бір ұтымды жолы - білім-ғылым үйренуеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Абай - қазақ әдебиетінің орыс әдебиетімен байланысын күшейтуге аса зор үлес қосқан қайраткер.
Абай заманы, ақындық енерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен көз - қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, талас-тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын. Бұрынғы хан билейтін заман артта қалып, ел арасынан сайланған аға сұлтандар шыққан болса, ондай тәртіп те жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы үсақ-үсақ болыстарға бөлшектеніп, ел билеу тізгіні уөзд бастықтарының - патша әкімдерінің қолына көшкен еді. Бұл болыстардың билікке таласуын, Ұлықтардың жолсыздығын, бассыздығын, парақорлыққа бейімділігін арттырды.
Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Аптынсарин,Абай Қүнанбаев секілді алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері осыны жақсы тұсініп, ұлттықүранға айналдырды. Олар Ресеймен қарым-қатынасты күшейте тұсудің аса пайдалы жағы орыс мәдениетініңүздік үлгілерінел ішіне, жұртшылыққа тарату деп санады. Мал бағумен қатар елдің егіншілікке, сауда-саттық секілді кәсіптерге бейімделуі қажет екенін де олар басқалардан бүрын сөзді. Бұған дейін қазақ ақын, жыршылары шығыс халықтарының аңыз-ертегілерін, дастандарын қызықтап, ел арасына жыр етіп таратып келсе, ендіорысәдебиетіноқып, үйренуге, орыс ақын, жазушыларының шығармаларын насихаттауға көңіл бөле бастады. Әрине, шығыс халықтарының әдеби нұсқаларына құштарлық, ынта-ықылас кебеймесе азайған жоқ.
Үнді елінің ежелден белгілі Панчатантра (Бес кітап), арабтың Калила мен Димна секілді кітаптарынан бастап, Мың бір түн, Тотынама әңгімөлер жинағы, Шахнама, Сейфул-Мәлік, Таһир- Зухра, Ләйлі-Мәжнүн сияқты дастандар, Ескендір, Лүхман Хакім туралы аңыз-өңгімөлер ауызша да баяндалып, өлең-жыр түрінде де насихатталып жатты. Алайда шығыстан келген сюжеттер көптен таныс, үйреншікті дүние секілді болса, орыс әдебиетінің шығармалары мүлдежаңа құбылыс еді. Қазақ елі мен көршілес орысхалқының арасында мәдени ауыс-түйіс бұрыннан орын алған еді десек те, орыс өдебиетінің қазақ мөдениетіне үлкен жаңа арна болып қосылуы осы көзде басталды. Орыс әдебиетін білуге, оны еркін игеруге ұмтылған Абай орыс ақын-жазушыларының шығармаларын тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шіберліктің үлгісі деп қараған жоқ, айналадағы қоғамдық өмірді терең танып-тұсінудің таптырмас қүралы деп санады. Орыс жазушыларының шығармалары Ресейның тарихынан, орыс халқының өмірінен хабардар болу үшін ғана емес, қазақ даласында әкімшіліқ жүргізіп отырған патша үкіметінің саясатын, ол саясатты жүзеге асырып отырған Ұлық-әкімдердің білу үшін де қажет еді.
Орыс классиктерінің шығармалары қазақ даласында Өзат адамгершілік идеалдардың жаршысы болаалатыны көпоқып, көп тоқыған Абай назарынан тыс қапмағаны анық. Ол ІЗ жасында Семей қаласында медреседе оқып жүрген көзінде Приходская школаға тұсіп, орысша оқыды. Бірақ бұл оқу үш айдан аспайды. Жас Абай ел билеу ісіне араласып кетеді. Оның орысша кітаптарды, орыс әдебиетін оқуға шындап кіріскен уақыты - жасы 30- дан асқан көзі. Абайдың Семейге жер аударылып келген Е. П. Михаэлиспен танысуы осы тұста. Михаэлис Петербургте 60 жылдары студенттер қӨзғалысын үйымдастырғандардың бірі болғаны үшін біраз жылдар айдауда Сібірде жүріп, кейінірек, 1869 ж. Семейге келіп орналасқан. Абай 1870 ж. Семей кітапханасында Л. Толстодың Русский Вестник журналында басылған романын сұрап тұрғанда Михаэлис онымен сөйлесіп, екеуі сол жерде танысқан. Ал ондай кітапты оқу үшін орыстың әдеби тілін жақсы меңгерген адам болу керек екені анық. Бұл жылдары Абай қыс көзінде үш-төрт ай бойы Семейде жатып, кітапханадан әр түрлі кітаптар алып оқып жүреді. Сонда Михаэлиспен жиі көздесіп, кеңесетін болған. ЖасынанН. Г. Чернышевскийдің революциялық идеяларына кеңіл бұрған, ғылымның әр саласынан хабары мол, әсіресе орыстың қоғамдық ой- пікірлерінен терең мағлүматы бар осы бір айрықша білімдар адаммен жақсы таныс, жақын болуы Абайдың орыс әдебиеті, сыны, тарихы ғана емес, жалпы қоғамдық ғылымдар бойынша да көптеген қүнды кітаптар оқуына ықпалы аз болмаса керек. Сонымен қатар бұлардың қарым-қатынасы Михаэлиске де пайдалы болғаны сөзсіз.
Жергілікті халық - қазақтың өмірін, тұрмыс-жағдайын жете білу оған да аса қажет еді.Михаэлис кейінірек Семейде қүрылған Статистикалық Комитеттің хатшысы қызметін атқарып, қазақ даласының шаруашылық, географ. жағдайын зерттеуде елеулі еңбек еткенін ескерсек, оның Абайдан көп нәрсе естіп-білгені, үйренгені анық. Абай Михаэлиспен достасып, аралас-қүралас болып жүріп, Н. И. Долгополов, С. С. Гросс сияқтыСемейге айдалып келген бірнеше адамдармен де жақын танысады.
Бұлар жас көзінде рев. қӨзғалысқа қатысып көзге тұскен, ал кейін орыс мәдениеті мен ғылымына өз қадарынша елеулі үлес қосқан адамдар. Сондықтан олар Абайға орыс халқының өмір- тұрмысынан әр түрлі мағлүмат берген болса, соның өзі оның орыс мәдениетін, әдебиетін еркін игеруіне себін тигізген деуге лайық. Ал әдебиет, тарих, қоғамдық мәселөлерді айтсақ, Абайдың ой-өрісін, дүние-танымын кеңейтіп, шырқау биікке кетерген, әрине, орыстың А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Крылов, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Л. Н. Толст,Н. А. Некрасов, И. С. Тургенев, М. Е. Салтыков-Щедрин секілді ең көрнекті жазушы, қоғам қайраткерлерінің шығармаларын оқып, олардың Өзық ой-пікірлерімен тікелей танысуы екенін атап айтқан жөн. Абай сол замандағы орыстың қоғамдық ойының, әдебиетінің ең қүнды жетістіктерін қадағалап, зерлеп білуге кәп күш жүмсаған.
Тұтастай алып қарағанда, Абайдың орыс әдебиетінен оқығаны, түйгені көп екені анық. Жоғарыда аталған Русский Вестник журналымен қатар, 1909 жылғы Абай өлеңдерінің жинағында берілген Кәкітай ЫсқақҰлының мақаласына қарағанда, ақын Чернышевскийдің Современник журналында басылған әдеби шығармаларды оқып отырған. Орыс әдебиетінен оқығаны қаншалық көп болсада, Абай поэзиялықшығармалардыаударуға немесе еркін тәржімелеп, сарындас өлең жазуға келгенде үлкен талғампаздық танытып, кейбір өлеңдерді іріктеп қана алған.Пушкин, Лермонтов, Крыловтан басқа ақындардың шығармаларын сирек аударған Я. П. Полонскийден Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы..., И. А. Буниннен Қорқытпа мені дауылдан деген өлеңдер, басқа ақындардан тек екі-үш өлең ғана аударады.
Абай аудармалары жайлы сөз болғанда, алдымен айқындап аларлықжай - олардың біртапайы бүгінгі қалыптасқан мағынадағы аударма емес, Абайдың қолынан шыққан бара-бар, дәлме-дәл аударма дерлік өлеңдер бар да, сонымен қатар еркін тәржімөлеңген, әр түрлі өзгерістер енгізілгендіктен сарындас шығарма дерліктей сипат алғандары жәнеаз емес. Осы топтағы шығармалардыңішінде төлтума туындыға айналған өлеңдер де бар. Сондықтан аударма өлеңдердегі сәйкес дәлме- дәл тұсетін тұстарын артықшылығы, ал өзғеше, өзгертіліп берілетін жерлерін кемістігі деп санау қисынға келмейді. Ойткені Абай аударып отырған өлеңінің мағынасын бастан-аяқдәл, тура жеткізуге үнемі үмтылмайды, Жарым жақсы киім киіп... деп басталатын Онегиннің өлердегі сөзін Абай түгелдей өз жанынан шығарған, Евгений Онегин романында Онегиннің елімі туралы тура ештеңе айтылмайды. Рас, қолжазба нүсқалардың бірінде Онегиннің аузына Мен неге оқтан жарақаттанбадым? (Зачем я пулей в грудь не ранен?) деп сөз салатыны бар. Бірақ Онегиннің елімін айтуы Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі деп санаған орынды. Орыс әдебиетіне зер салғанда Абай назарының алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес-ті. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмұны, тақырып- идеялары мен көркемдік сапасы мүлдем жаңа классик. әдебиеттің басы болды. Ол қоғамдықой- өрісі, дүниетанымы, тарихи мақсат-нысанасы, эстетикалық-көркемдік жүйесі - барлық сипат- қасиеттері өзгеше сөз енерін қалыпгастырды, орыс әдебиетінде реализм әдісін берік орнықтырды. Пушкин қазақ жерінде,Орынбор, Орал қалаларында болған көзінде қазақ халқына сүйіспеншілік сөзіммен қарап, оныңөміріне, әдет- ғүрпына, мәдениетіне зер салды. Ол қазақ жігіттерінің Е. Пугачев бастаған шаруалар кетерілісіне бел шеше қатысқанын білумен ғана тынған жоқ, сонымен қатар қазақ халқының бай сөз енеріне құмарта қызығып, ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларының бірі - Қозы Көрпеш - Баян сұлу дастанын жаздырып алды. Өмірінің соңғы көзінде жазылған белгілі Ескерткіш атты өлеңінде өз шығармаларын Ұлы Россияның барлық халықтары оқитын болады дей келіп, осы өлеңнің қолжазба түрінде сақталған бір нүсқасында қазақ халқын да атап кетеді. Пушкиннің аса кесек керкем туындыларының бірі - Евгений Онегин шын мағынасында халықтық шығарма.
Мұндағы басты кейіпкерлердің төменгі таптан шыққан адамдар емес екені рас. Бірақ ең маңызды нәрсе - Онегин мен Татьяна, Ленский мен Ольга - осылардың қай- қайсысы болсын қарапайым халыққа қаншалықты жақындығы турғысынан бағаланады, олардың халық мүддесін тұсіне білуі - артықшылығы болса, халықтың ой-тұсінігінен алшақтығы - осалдығы болып шығады. Мүны көзінде Белинский өте қисынды дәлелдеп көрсеткен болатын. Пушкин өз романында халықтың өмірін мейлінше толық, жан- жақты суреттейді, дворяндар мен шаруалардың өзара қарым-қатынасын да айқын керсетеді. Халықтың күнделікті турмыс тірлігін, әдет-ғұрпын, әралуан адамдардың мінезін, іс-әрекетін, табиғат керінісін, бәрін де терең және керкем бейнелегендіктен бұл шығарма шын мәнінде орыс өмірініңэнциклопедиясыболды. Әрине, Пушкиннің дастандарыБорис Годунов атты драмасы,Дубровский, Капитан қызы секілді шығармаларында сан алуан қоғамдық қубылыстар, тарихи оқиғалар, мол өмір шындығыжатыр. Алайда Евгений Онегиннің алатын орны ерекше. Бұл - Пушкиннің ең бір ішкі сыры молынан ақтарылған шығармасы, оның қиялының суйікті перзенті, Пушкиннің тұлғасы Онеғинде көрінгендей ақын түлғасы мейлінше толық, жарқын және анық көрінетін туындылар өте сирек кездеседі. Мунда оның бар өмірі, барлық жан сыры, барлық махаббаты да, сөзімдері, уғым тұсініктері, идеалдары да айқын керініс тапқан деген Белинскийдің пікірі көп жайды аңғартады. АбайПушкиннің ең таңдаулы туындысы Евгений Онегинді аса жоғары бағалады, оның жеқе үзінділерін будан бір ғасырға таяу уақыт бүрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған Татьяна хаты халықарасыңца еткен ғасырдың аяқ көзінде ете кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы - Ұлы орыс ақынының ерте көзден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Сондай-ақ Татьяна әнінің осындай көпшілікке жағымды болуының сыры қазақтың өлең-жырға, әнге қумарлығында ғана емес, орыс халқының өміріне қазақ жұртының мейірімді сөзіммен қарағандығында еді. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, қазақ әйелінің тағдырына орайлас сөзінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің Ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі - Абай Ұлылығының бір жарқын көрінісі.Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес. Ол өз дәуіріндегі қазақәдебиетінде бір көзде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондайжүкті кетеруді мақсатетті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті - жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының демеуі тимей қалған жоқ. Тек осының өзі ғана Пушкиннің мұрасы, есімі қазақ әдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін айқын көрсетсе керек. Әсет, Әріп сияқты ақындардың Евгений Онегинді дастан етіп айтып жүргені Абай орнықтырған дәстүрдің сол көздің өзінде-ақ жалғастық тапқанын керсетеді.Абай Пушкин шығармапарынан Евгений Онегинді айрықша бағалап, уңіле зерлеп, таңдаулы үзінділерін қазақша өлең еткен болса, орыстың лирикалық поэзиясынан көптен-көп сүйіп аударғаны - М. Ю. Лермонтов өлеңдері. Өзі әдебиетке Пушкиннің ізін суытпай келген, оның дәстүрлерін тікелей жалғастырған десек, Лермонтов екеуінің ақындық тұлғасында айырмашылықаз емес. Пушкин мен Лермонтовтың поэзиясын салыстыра келіп, Белинский олардың тарихи тамырын анықтау үшін осы екі ақынның екі дәуірде өмір сүргенін айтқан болатын. Пушкин декабристер қӨзғалысы бел алған, декабристік идеялар өбден тарап өрістеген дәуірде өмір сүрсе, әдебиет майданына сол көзде шыққан болса, Лермонтовтың әдебиетке келген көзі - онан кейінгі дәуір, декабристердің қӨзғалысы сәтсіздікке ушыраған дәуір, жаңа рев. күштер әлі қалыптасып жетпеген көзең. Сондықтан да Белинский Лермонтовтың жырларынан, өр сөзінен ерекше күш-жігер, қуатты леп еседі, бірақ оларда Пушкин поэзиясынатәнжарқын үміт, сенімжоққатән деді. Лермонтов поэзиясы, сыншыныңайтуынша, жанды тітіркендіріп, жүректі мүздататындай сауалғатолы. Олай болса, Лермонтов - Пушкиннен кейінгі дәуірдің, енді революцияшыл-демокр. күштер ояна бастаған дәуірдің, еткеннен үміт үзіп, алдан жаңалық іздеген дәуірдің жыршысы, жаршысы. Арынды жігер, қажырлы қайрат, әрекет-күрес сағынған ақынды осынау заман туғызған. Тіпті Лермонтовтың поэзия әлеміндегі алғашқы барлауы есепті, 16-17 жасында жазған өлеңдеріне көз салсақ, солардың өзі-ақ алдымызға ақын поэзиясының өзегі - аласүрып алып-үшқан ой-қиял, өмірді терең талдау, зерлеу, іздену, сыншылдық, ереқет-күреске құмарлықекенінжайып салғандай. Ерте есейген жас Лермонтовтың өлеңдерін оқыған адам түтқиылдан ой-қиялдың соншалықты сарқылмас қызық дүниесіне кіргендей болады. Үшқыр қиял - Лермонтов поэзиясының рухы, жаны секілді. Өмірдің әрбір күнін елмес, өшпестей ете алсам деп арман етеді ақын. Әрекетсіз, күрессіз өмірбос, ынтасыз, іске ықылассыз қызықжоқдейді ол. Ал Лермонтов поэзиясының бір берік қазығындай Ой деген толғау-жырын еске алсақ, оның Абайдың назарына тегін ілікпегенін байқай аламыз. Дүние, өміржайлытынымсыз ойға батып, бәрінсынап, ақылменен саралап, асқаққиялға, үміт пен арманға әбден берілген күйі де, жазықсыз жапа шеккен, ауыр бейнет тартқан көптің атынан азулы, күштілерге айтқан қатты наразылығы, бәрі де осы өлеңінен мол сезіледі. Қақтығысы, қалтарысы есепсіз өмірде әділет пен шындық жол таба алмай қамауда қалып жатса, ал сол өмірдің ызғарын айықтыратын күш өлсіз көрінсе, қайғы-муң неге болмасын.
Мейірімсіз қатал заман жан түршігер зорлық, Өзбырлыққа жол берсе, ыза, кек неге тумасын. Рас, ақынның ортасын қомсынатыны да бар. Бірақ бұл Өзық жандарға бойы теңдес адамдар көбейе, молая тұссе, олар сол ортада үлкен іске орайлас жай-жағдай таба алса деген тілектен туады. Ақынның заман соққысына мойымайтын, қайта өмір ауыртпалығы ширата тұсетін тасқындаған қайрат-жігері бар адамды көксеуі де осы келешекке сенім артуымен сабақтас. Осының бәрін былай қойғанда бұл өлеңнің салмағы тек қана сынында емес. Өйткені ақынның нені жек көретіні, нені жоққа шығаратыны қандай айқын болса, нені құптайтыны, қандай іс, өнегеөрісалсын дейтіні де соншалықты ашық, айқын. Осының шығарушысы, айтушысыөмірдіңқызығынтебірене сөзінбейді деудің өзі тіпті қиянат. Ақынжаны кейісе де, күйінсе де, көңілді үміт қозғап, алыс арман толқытып, содан барып жыр шертетіні байқалады. Лермонтовтың осындай өлең-жырларының бағыты, идеялық өзгешелік сырын тереңірек тұсіну үшін оларды басқа өмірге деген орасан зор сүй- іспеншілік сөзімі, жалынды махаббаты тікелей, айқын керінетін шығармаларымен қатар алып қарастырған жөн. Сонда Ойжәне Әм жалықтым, әм жабықтым...сияқты сын, сықаққа лық толы, қамыққан көңілдің күйін шерткендей жырларды жазған Лермонтов болса, өмірге құмарлық, оның қызығына қүштарлық, ынтықтық асқан ақындық қуатпен белгі берген Дүға, Жолға шықтым қараңғы түнде жалғыз... сияқты жырларды туғыз- ған да сол Лермонтов екенін айқын аңғарамыз. Бұл тұста Лермонтовтың халықтың, қауым елдің жоқшысы, бейнет шеккен көптің жоқтаушысы ретінде әсіресе айқын көрінетін және осындай ойларын дәлдеп, туралап айтқан шығармаларын атасақ болады. Соның ішінен Өзіңе сенбе жас ойшыл... атты өлеңін алсақ, осы бір ғана сом бітімді, сондайлық шебер келістіріп жасалған поэзиялық туындының өзі-ақ ұлы ақын ауыр азап шеккен бұқара халықтың тағдырына қандай жанашырлық, жақындық сөзіммен қарағанына толық дәлел боларлықтай. Қорлықта, өзуде жүрген, есесі кетіп, еңсесі тұскен кедей - көптің қажырлы-беріктігін, жасу-налуды, куйініш- күйреушілікті білмейтін орасан төзімділігін айтып сүйінсе, бүқараның осындай қиын хал-жайын білмей нағыз енімді, өмірлік күші бар поэзия туғызу мүмкін емес деп қорытса, мүны халыққа қамқорлық еткендік, оның қамын жегендік демей не дейміз? Бұл жерде көңіл қоярлық мәселе мынау - осы айтылғанның өзі де белгілі бір шығармалар тобына ғана тән, солармен шектеліп жатқан ой-пікір емес. Осыған жақын пікірді талай-талай өлең- жырларынан, мысалы, Ақындеген жырынан да көздестіреміз. Тегінде, Лермонтов бір өлеңдерінде азаматтық намыс-арын жоғары ұстайтын адамның бұлжымайтын беріктік, түрақтылығын қастерлеп отырса, ондай жанды кеудесін толқын қанша ұрса да, мызғымайтынжартасбейнесіндекөрсетсе , енді бір өлеңдерінде тартыс жолын, күрес жолын қалаған ақын-жыршының қайсар, ешкім бас имейтін табанды, төмірдей берік болуын талап етеді. Мүқалмайтын, қайтпайтын апмас қанжардың бейнесі - Лермонтов шебер жасаған түлға - ақынның осындай алғырлығы, таңқаларлық табандылығының символындай болып поэзия қазынасынан берік орын алды. Абайдың Лермонтов поэзиясына деген ықыласы ерекше еді. Ол орыс ақынын айрықша жақын көрді, сырлас, мұңдасын тапқандай болды.
Орыс поэзиясына бейімделе ден қойған Абайдың ең көп үндестік тапқан ақыны, ең бір өзіне үндес сөзінген адамы Лермонтов.Абай улы ақынның, тіпті сол көздегі орыс қауымының тілек-талабын, муңынүғаалатындәрежедееді. Ол мұңын ұққан халықтың жырын да ұқты. Лер- монтовтың ыза-кегі, наразылығы орыс халқының, өзілген қауымның кегін, наразылығын таньггатынын, оның қайғы-мұңынан, налуынан ел мұңы, халық мұңы көрінетінін сөзінді. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен, мыңмен жалғыз алысқан ақын, өзі де ашу-кекті, ызаны жалын мен оттан жаралған жырларына нәр еткен-ді. Оның қаны қара бір жанмын, жаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХИ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
Шоқан Уәлихановтың әдебиеттегі көркем бейнесі
ХIХ ғасырдағы қазақ- татар әдеби байланыстары
Шоқанның суретшілік өнері
Әуелбек Қоңыратбаев - әдебиеттанушы ғалым
Көркем әдебиеттегі ұлттық сипат мәселесі
Қазақ, башқұрт әдеби байланыстары (А.Мұхамедияров және М.Кәрім шығармашылығы бойынша)
Қазақ және Жапон әдеби байланыстары
Пәндер