Такса (ит)


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Такса
Орындады: Нурсеитова А
Тексерді: Туманбаев В. М
Семей 2015
Такса

Такса (нем. Dachshund ) - аңшы ит тұқымы. Ол қысқа сирақтарымен және ұзын денесімен ерекшелінеді.
Таксалар алуан түрлі болып келеді: стандартты, кішкентай, ергежейлі. Ал бұлар болса өз ішінде тазғыр, қалыңжүнді және қаттыжүнді болып бөлінеді.
Таксалардың түстері әрқилы болуы мүмкін. Олардың арасындағы ең көп таралғандары қара-ала, қара, жирен, қоңыр-ала, мәрмәрлі (қара және кофелі мәрмәр) түстестері. Сондай-ақ жолбарыс тәрізді таксалар кездеседі.
Тұқым атауыНемісше Dachshund сөзінің шығу тегі «борсық» (нем. Dachs ) және «ит» (нем. Hund ) сөздеріне байланысты. Таксалар борсық және басқа да індік жануарларды іздеу, қуалау әрі тығырыққа тіреу үшін қолданылған. Dachshund - неміс сөзі болғанына қарамастан Германиядабұл ит аты Dackel немесе Teckel атауымен алмастырылған.
Тарих
Такса
Такса - ін иттерінің ең ежелгі тұқымы. Бұл ит тұқымының шығу уақыты әлі де нақты белгісіз.
Кейбір теориаларға сәйкес, таксалар Ежелгі Мысырда пайда болған. Оған дәлел қысқасирақты аңшы иттердің ойылып қашалған кескіндердің табылуы.
Заманауи тұқымның қалыптасуы XVI ғасырда Оңтүстік Германия аумағында басталды. Такса жайлы алғаш тексерілген деректер (ол кезде «жорғалаушы борсық» (нем. Tachs Kriecher ) және «борсық жауынгері» (нем. Tachs Krieger деп аталған) 1700 жылға дейін жазылған кітаптарда кездеседі. [2] Оның ата-тегі аласа бойлы неміс тазы иті (нем. Bracke ) болған. Такса олардан олжаны дауыспен аңдуды, өте жақсы сезімталдықты, шектен шықпайтын ызалылықты және аңшылық құмарлығын мирас еткен. Ал бұл тазы иттің кемшілігі болып келген ұзын дене мен қысқа сирақтардың бей пропорцианалды қатынасы індік иттердің арттықшылығына айналды. Иттің құнды қасиеттерін бағалаған неміс аңшылары белгілі ит тұрпатын будандастыра бастады. Бұндағы негізгі мақсат іннен інге емін-еркін ене алатын белгілі бір дене сипаттары бар ит үлгісін шығару еді. Аңшылық қымбат және беделді ермек еді. Ал такса күтімі көп қаражатты керек етпеді. Сол себептен де оны жұртшылықтың орта тап өкілдері - бюргерлер мен ұсақшаруалар ұнатып қалды.
XVII ғасырларда иттің екі түрі айтылған: жерасты аңшылығы үшін қисықсирақты иттер және қылшық жүнді аласа жаяу тазылар.
Уақыт өткен сайын немістер таксаға қатты үйрене бастайды. Олар иттің жігерлігін, аңшылық ынтасын, зейінділігін, адалдығын, сенімділігін және ақыл-ойын бағалайды.
XVIII ғасырдың соңына қарай такса өзінің қазіргі келбетін (аласа бойлы, ұзын денелі және қисайынқы аяқтарын) иелене бастайды. Такса санының күрт көбеюуіне байланысты оларды шет елдерге шығара бастады. Ал Германияның өзінде ит көшеттігі желісі ашылды. Олардың иелері иттерді өз ұнағаны бойынша бақты. Бірақ уақыт өте келе иттерді сәндік және жұмыс үлгілеріне бөлу басталады. Әрине, тұқым стандартын анықтау қажеттілігі пайда болады. Таска үшін өзгерісті кезең 1870 жыл - стандартты қабылдау жылы болды.
Қазіргі кездегі халықпен мақұлданған «такса» тұқымының стандарты FCI [1] [3] .
Сипаттамасы
Стандартты тазығыр такса
Мықты, шомбал қаңқалы ит, жерде берік тұрады, созылған ұзын тұмсықты, құлақтары ұзын, жұмсақ, соңы жиырылған. Арқасы бұлшық етті, қатты, кеудесі көлемді, терең. Құйрығының бастауы берік, қалың, төмен қойылған, әдетте арқа сызығынан сәл төмен тұрады, ашуланғанда үстіге тікірейіп тұрады. Аяқтары қысқа, жуан, бедерлі бұлшық етпен (әсіресе алдыңғылары) . Алдынғы сирақтары артқысына қарағанда жалпағырақ әрі үлкенірек. Емін-еркін, адымды жүреді.
- Стандарттылары - шамамен 9 кг[1] - ең көп таралған түрі.
- Кішкентайлары - төс қуысының құшағы 30-дан 35 см-ге дейін, ересек иттің массасы - 4-тен 5, 5 кг-ға дейін.
- Ергежейлілері - төс қуысының құшағы 30 см-ге дейін, ересек иттің массасы - 3, 5 кг-ға дейін.
Табиғаты бойынша жылы шырайлы, белсенді, жүгерлі, намысшыл әрі байсалды темпераментті. Құмар, тұтқыр, әуесқой, қызыққұмар және өте сезімтал қажымас аңшы ит.
Такса келесі жануарларды аулауға жарамды: борсық, түлкі, жанат, егер керек болса судағы үйректі де алып шыға алады, із бойынша аңдиды. Қабан немесе аюдың келе жатқанын иесіне бірден ескертеді.
Заманауи классификация
Қалыңжүнді стандартты такса
Қаттыжүнді стандартты такса
FCI классификациясына сәйкес таксалар жүндік сипаттамалары бойынша 3 түрге бөлінеді:
- тазығыр (тақыржүнді)
- қалыңжүнді
- қаттыжүнді.
Сондай-ақ өлшем сипаттамалары бойынша да үш түрге бөлінеді:
- стандартты таксалар - 35 см-ден
- кішкентай таксалар - 30-35 см
- ергежейлі таксалар - 30 см-ге дейін
Осылайша таксаның 9 түрі мәлім.
Қызықты деректер Германияның нышаны
Адольф Эберле. Аңшы және қызбен тұрған такса үрім-бұтағы.
Өзінің еуропа бойынша кең таралғанына қарамастан ол Германияның дәстүрлі нышаны ретінде қарастырылып келді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Вильгельм II нің сүйікті жануарлары болған таксалар қиындыққа душар болды. Кейбір деректерге қарағанда Ұлыбритания жәнеАҚШ көшелерінде адамдар таксаларды тас атып қуған. Американдықтар бұл иттерді «бостандық күшіктері» деп мазақтады, ал суретші-карикатурашылартакса суреттерін Германияның рөлі ретінде пайдаланды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде такса саны күрт азайды, әйткенмен соғыс біте салысымен қайтадан көбейді. Неміс генерал-фельдмаршалы Эрвин Роммель таксаларды өз жанындай сүйетіні белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz