Білім беру көпаспектілі феномен ретінде. Оқыту психологиясының негіздері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Білім беру көпаспектілі феномен ретінде. Оқыту психологиясының негіздері

Тексерген: Адильжанова К. С

Орындаған: Биназарова Ж. Б

Семей 2015ж

Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Білім беру түрлері

Мазмұнының типі бойынша

  • Биологиялық;
  • Математикалық;
  • Дене тәрбиелік;
  • Экономикалық;
  • Филологиялық және т. б.

Доминантты мазмұнына байланысты

Теориялық

- гуманитарлық;

- жаратылыстану ғылымы;

Адамзат әрекетін меңгеру шеберлігі мен түріне байланысты

  • Музыкалық;
  • Көркемдік;
  • Техникалық;
  • Технологиялық;
  • Педагогикалық;
  • Медициналық және т. б.

Білім беру жүйесінің басты міндеттері - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады. Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған. Әсіресе, отырықшы аудандарда орта ғасырлардың өзінде-ақ (7 - 8 ғ-лар) көптеген мектептер мен медреселер (мұсылмандық бастауыш оқу орындары), діни білім беретін жоғары оқу орындары жұмыс істеген. Атақты Әбу Наср әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи, т. б. ұлы ойшылдар діни медреселерде оқып, білім алған. 18 - 19 ғ-ларда мұндай медреселер Қазақстанның барлық аймағында ашыла бастады. 19 ғ-дың 2-жартысында Білім беру ісі үш түрлі бағытта дамыды:

  • 1) қадим мектептері - мұсылмандық дәстүрлі діни мектептер;
  • 2) орыс-қазақ мектептері;
  • 3) жәдит мектептері - әр түрлі ғылым салаларын оқытатын жаңашыл бағыттағы мұсылмандық мектептер.

Қазақстанда 19 ғ-дың 50 - 60-жылдарында діни білім беретін 84 оқу орны болды. Бұл оқу орындары ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, қазиларды, сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды діни қызметкерлерді даярлады. Сондай-ақ, халыққа әдебиет, мәдениет, оқу-ағарту мәселелерінен де дәріс беретін мәдени-насихат орталығы рөлін атқарды. Мұндағы мұғалімдердің көпшілігі Мысыр, Бағдад, Стамбұл және Қазан, Орынбор, Уфа қалаларында оқып, тәрбие алған молдалар болған. Медреселерде оқу мерзімі 4 жыл болып, оған балаларды 7 жастан бастап қабылдаған. Ауылдық жерлердегі мектептер қазақтың көшпелі өміріне бейімделіп, оқу күз, қыс айларында жүргізілді. Қазақ жерінде орыс-қазақ мектептерін ұйымдастырушы миссионерлердің түпкі мақсаты Ресей үкіметіне қызмет ететін кеңсе қызметкерлерін даярлау болатын. Бұл мектептер Ресей үкіметінің шығыс халықтарын орыстандыру саясатының құралы болды. Патша үкіметі Қазақстанда 19 ғ-дың 2-жартысында ашыла бастаған орыс-қазақ мектептерінің алдына “бұратана” халықты ана тілінен, дінінен айыру міндетін қойды. Ресей миссионерлері болса, үкіметтен қазақ арасындағы татар молдаларын Білім беру ісінен алшақтатуды талап етті. Сондай-ақ, олар “ислам дінінің ықпалынан мектеп оқулықтарын қорғау”, араб әліпбиін орыс графикасына ауыстыру, т. б. мәселелермен айналысты. Мысалы, Қазан қаласындағы Діни академияның (1842) “Аудармашылар комитеті” (1847) православие шіркеуінің 307 діни кітабын шығыс халықтарының тіліне аударып, бастырып шығарды (қ. Миссионерлік) . Қазақстандағы Б. б. жүйесінің жолға қойылуына, жалпыға бірдей Білім беру саласының дамуына Ы. Алтынсарин зор еңбек сіңірді. Ол мектептердің бірыңғай жүйесін жасап, оны халықтық принциптің негізінде құрды (қ. Алтынсарин мектептері) . Бұл жүйе Білім беру саласына 19 ғ-дың 80-жылдарынан бастап енгізілді. Алтынсариннің орыс-қазақ мектептерінің миссионерлік саясаттан тысқары болуы жөніндегі талабы үкімет орындары тарапынан ескерілмеді. Оның басшылығымен 1889 ж. Орынборда қазақ мұғалімдер мектебі ашылып, ол орыс-қазақ мектептеріне мұғалімдер даярлайтын орталыққа айналды (қ. Орынбор мұғалімдер семинариясы) . Мұғалімдер семинариясы 1903 ж. Семейде, 1913 ж. Ақтөбе, Верный, Орал қалаларында да құрылды. 19 ғ-дың аяғында Қазақстандағы Білім беру саласында жәдит мектептері маңызды рөл атқарды. Онда дінді, оның тарихын ғана оқытып қоймай, тарих, логика, шешендік өнер негіздері, география, философия, математика, астрономия, медицина, т. б. пәндер оқытылды. Оқу мерзімі әрбір шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты өзгеріп отырды. Оқуды бітірген шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Жәдитшілдік бағытындағы ағартушылар өз кезіндегі Білім беру ісіне елеулі еңбек сіңірді.

Қамқорлық жөніндегі Кеңестің негізгі міндеттері - қамқорлыққа алынған территория тұрғындарының саяси, экон. және әлеум. прогресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін-өзі басқаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесу (БҰҰ Жарғысы, 76-бап) болып табылады.

Жалпы білім беру. Жалпы білім беру - бұл жеке тұлғаның, ғылыми дүние танымы мен маңызды қасиеттерін қалыптастыру үшін, қоғамдық және еңбек іс-әрекетіне қатысуға әзірлеу үшін, кәсіби білім алуы үшін қажетті ғылым негіздерін оқушылардың меңгеру процесі мен нәтижесі.

Ашық білім беру. Ашық білім беру - ашық жүйелер құру арқылы қол жеткізу.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi.

Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.

Білім беру ісін басқару мемлекеттік - қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.

Білім беру мазмұны - оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі.

Білім мазмұнының түрлері:
• күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;
• көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
• болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
• белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;
• ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;
• әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:
2. Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
3. Білім берудің зайырлы сипаты;
4. Жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5. Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту психологиясының негіздері туралы
Толық емес отбасындағы оқушылардың өзіндік бағалаулары мен білім беру жетістіктері дамуының теориялық негізі
Дамуы төмен балаларға берілген психологиялық көмекті экспериментті зерттеу
Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Менеджмент психологиясы бойынша дәрістер
Іс - әрекет және оның құрылымы
Гештальт психологиясының негізгі
Менеджмент психологиясы жайлы лекциялар
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Білім беру кеңістігіндегі педагог тұлғасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz