Малдардың эмбриондарын трансплантациялау



Бүгінгі таңда биотехнология ғылыми-техникалық прогрестің алдыңғы қатарына тырысып шығуда. Бұл екі жағдайға байланысты. Бір жағынан химия мен физика жетістіктерінің арқасында қазіргі молекулалық биология мен генетиканың одан әрі дамып, тірі ағзаларды адамның пайдасына жарату болса, ал екінші жағынан біз жаңа технологиялармен өзіміздің қажеттілігімізді қанағаттандырып, азықтың, энергияның, минералдық ресурстардың жеткіліксіздігін кемітіп, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау жағдайларын жақсартамыз.
Қазіргі биотехнология тірі ағзаларды, микроағзаларды, мәдени өсімдіктер мен ауыл шаруашылық малдарын қалыптастыруға байланысты жаңа әдістерді іздеу үстінде.
Ауыл шаруашылығы биологиясының негізгі жетістіктерінің үлесіне – қолдан ұрықтандыру мен ұрықты сұйық азотта ұзақ уақыт мерзімге сақтау әдістерін табуы. Бұл бағалы аталықтардың генофондын максималды түрде пайдалануда маңызы зор. Генетикалық зерттеулер бойынша ұрпаққа ата-ананың екеуінің де әсері бар. Осы жағдайға байланысты асылдандыру жұмысын жеделдету үшін ұрғашылардың генофондын қолдану қажет. Себебі ол селекцияның одан әрі күрделеніп дамуына жол ашады. Тәжірибелік селекцияда бұны биотехнологиялық әдістердің негізінде, Эмбриондарды трансплантациялау арқылы іске асыруға болады. Эмбрионды көшіру өнімділігі жоғары ұрғашылардың ұрпақ санын жылдам көбейту мүмкіндігін туғызды. Асыл тұқымды аталықтарды алу кезіндегі ұрғашыларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау мүмкіндігі де пайда болды.
Трансплантациялау технологиясының маңыздылығы мен қиындығы – асыл тұқымды аналықтан қажетті мөлшерде эмбриондарды алу. Аналықтардан эмбриондарды алу мүмкіндіктері мол, себебі олардың аналық безінде бірнеше жүз мыңдай ооциттер бар, бірақ олардың қорындағы гендердің бір, екеуі ғана жетіліп ұрпақ береді. Мәселен, әрбір сиыр саулық қой тіршілігінің соңына дейін орташа есеппен 7-10 бұзау, саулық қой 5-6 қозы ғана береді. Л.Н. Эрнст, Н.А. Кравченко және т.б. (1987) мәліметтері бойынша ооциттердің көп мөлшері бітеулікке ұшырап, ұдайы өндіріске қатыспай қалады. Қордағы потенциалды жыныс жасушаларын қолданудың тамаша тәсілі аналық безін қопсыту. Сиырдың аналық безінен 200 дейін ооциттерді бөліп алып, соңғыларын in vitrо (ағзадан тыс) метафазаның өсіп-жетілу күйіне шейін жеткізу әдістері құрылды. Ұрықтандыру кезінде in vitrо ооциттерін қопсыту нәтижесінде жақсы дамыған бұзаулар алынған. Л.К. Эрнст, Р.А. Кравченко мен т.б. ойынша, бұл әдістер өзара параллельді дамуы қажет, өйткені екеуінің де оң және теріс нәтижелері бар.
Әр жастағы малдың безінен бөлініп шыққан, ағзадан тыс өсіп-жетілген жыныс жасушаларын ұрықтандыру мүмкіндігін зерттеудің мәні зор. Кәрі малдың аналық безіндегі ооциттерді қопсыту, атақты дарақтардың репродуктивті мерзімін жалғастырып, қосымша ұрпақ алудың бірден-бір себебі. Толық жасқа жетпеген жануарлардың аналық безіндегі жыныс жасушаларын қопсыту және ұрықтандыру төңірегіндегі жетістіктер, келешекте табиғи жыныстық жетілу уақытын ауыстырып, қысқа мерзім ішінде тұқымаралық будандарды шығарып алуды көздейді. Зерттеулердің нәтижелері бойынша бұзаудың 1-2 айлығында аналық безінен бөлінген ооциттерді қопсыту мен ұрықтандыру сәтті аяқталған еді.
1. Байжұманов Ә. Б. Мал өсіру. – Алматы,1987. – 210 с.
2. Бегімбеков К.Н., Тореханов А.Ә., Байжұманов Ә. Б. Мал өсіру және селекция. Алматы, 2006. – 592 б.
3. Бексеитов Т.К. «Инбридинг и препотентность баранов-
производителей». – Павлодар, 2003. – 160 с.
4. Дүйсекеев О. «Новое в селекции молочного скота». – Фрунзе, Қырғызстан, 1990. – 270 с.
5. Ерохин А.И., Солдатов А.Л. және т.б. «Инбридинг и селекция
животных». – М.Колос, 1974. –240 с.
6. Ермеков М.А., Голоднов А.В. «Курдючные овцы Казахстана» – Алматы Қайнар, 1976. – 190 с.
7. Ермеков М.А., Көптілеуов Т. Еділбай қойы. – Алматы. – Қайнар, 1982. – 210 б.
8. Жиряков А.М., Хамицаев Р.С. «Промышленное скрещивание
овец». – М.Агропромиздат, 1986. – 260 с.
9. Завертяев Б.П. «Генетические методы оценки племенных
качеств молочного скота». – Ленинград, Агропромиздат,1986. – 320 с.
10. Қасенов Т.К.,Тоқпаев Б.Т. «Казахская тонкрунная». –
Алматы. Қайнар, 1985. – 240 с.
11. Кравченко Н.А. «Разведение сельскохозяйственных
животных». – М.Колос, 1985. – 410 с.
12. Красота В.Ф., Лобанов В,Т.,Джапаридзе Т.Г. «Разведение
сельскохозяйственных животных». – 390 с.
13. Красота В.Ф. «Селекция на гетерозис у сельскохозяйствен-ных животных». – М. Колос,1979. – 220 с.
14. Крючков З.С., Мелдебеков А.М. және т.б. «Казахская белоголовая порода: итоги и перспективы совершенствования» – Астана, 2000. – 230 с.
15. Ли В.А., Қалдыбаев С.У. және т.б. «Отдаленная гибриди-зация в породообразовании свиней на юге Казахстана». – Алматы, Ғылым, 1980. – 190 с.
16. Маркушин А.П. «Сроки использования сельскохозяйственных
животных».-М. Колос,1974. – 250 с.
17. Медеубеков К.У., Нартбаев А. және т.б. «Северо-казахские мериносы».- Шымкент, 1996. – 190 с.
18. Меркурьева Е.И., Метлицкий А.В. «Методы селекции
Южноказахских мериносов». – Алматы, Қайнар, 1977. – 215 с.
19. Меркурьева Е.К., Абрамова З.В. және т.б. Генетика. –
М. Агропромиздат, 1991. – 440 с.
20. Мухамедгалиев Ф.М. «Очерки по общей биологии сельскохо
-зяйственных животных с основами генетики». – Алматы, Ғылым, 1970. – 320 с.
21. Мұхамедгалиев Ф.М. «Актуальные проблемы частной
генетики сельскохозяйственных животных». – Алматы, Ғылым, 1981. – 340 с.
22. Никоро З.С., Стакан Г.А. және т.б. «Теорические основы
селекции животных. – М., Колос,1968. – 380 с.
23. Николаев А.И. «Овцеводство». – М.Агрпромиздат, 1987. – 425 с.
24. Oвсянников А.И. «Основы опытного дела в живот-нодстве». – М. Колос, 1976. – 290 с.
25.Петухов В.Л., Эрнст Л.К. және т.б. «Генетические основы
селекции животных». – М., Агрпромиздат,1989. – 480 с.
26. Ростовцев Н.Ф., Черкашенко И.И. «Промышленное Скре-щивание в скотоводстве». – М.,Колос, 1971. – 360 с.
27.Ростовцев Н.Ф. «Гетерозис в животновдстве». – Москва, Изд. АНСССР, 1972. – 245 с.
28.Садыкулов Т.С. Дегереские овцы. – Алматы, Кайнар, 1985. – 260 с.
29.Садыкулов Т.С., Ким Г. Л: и др. Практикум по разведению и селекции животных. – Алматы,Агропромиздат, 1999. – 380 с.
30.Садыкулов Т.С., Жазылбеков К.Ж. «Рекомендации-племенная
работа с овцами дегереской курдючной породы». – Алматы, 1995. – 35 с.
31.Свечин К.Б. «Индивдуальное развитие сельскохозяйственных
животных». – Киев, УАСХН, 1961. – 290 с.
32.Смагулов А.К., Жанбуршинов З.А. «Аулиекольская порода». – Алматы, 1995. – 190 с.
33.Тихонов В.Н. «Использование групп крови при селекции
животных». – М., Колос, 1967. – 240 с.
34.Тойшыбеков М.М. «Изменчивость постнатального
онтогененза и продуктивность мясо-шерстных овец». – Алматы,
Наука, 1893. – 215 с.
35.Чижик И.А. «Альбом по контуции и экстерьеру сельскохо- зяйственных животных.» – Ленинград. Колос, 1972. – 445 с.
36.Эрнст Л.К., Горин В.Т. және т.б. «Создание новых сельскохо- зяйственных животных». – М.Агропромиздат, 1987. – 385 с.
37.Эрнст Л.К., Кравченко Н.А. және т.б. «Племенное дело в животноводстве». – М. Агропромиздат, 1987. – 320 с.
38.Эрнст Л.К., Цалитис А.А. «Крупномасштабная селекция в скотоводстве». – М.Колос, 1982. – 355 с.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Малдардың эмбриондарын трансплантациялау .

Орындаған: Сәрсенбекова .Н.С
Тексерген: Нұржанова.К.Х

Семей, 2015 жыл
Бүгінгі таңда биотехнология ғылыми-техникалық прогрестің алдыңғы қатарына тырысып шығуда. Бұл екі жағдайға байланысты. Бір жағынан химия мен физика жетістіктерінің арқасында қазіргі молекулалық биология мен генетиканың одан әрі дамып, тірі ағзаларды адамның пайдасына жарату болса, ал екінші жағынан біз жаңа технологиялармен өзіміздің қажеттілігімізді қанағаттандырып, азықтың, энергияның, минералдық ресурстардың жеткіліксіздігін кемітіп, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау жағдайларын жақсартамыз.
Қазіргі биотехнология тірі ағзаларды, микроағзаларды, мәдени өсімдіктер мен ауыл шаруашылық малдарын қалыптастыруға байланысты жаңа әдістерді іздеу үстінде.
Ауыл шаруашылығы биологиясының негізгі жетістіктерінің үлесіне - қолдан ұрықтандыру мен ұрықты сұйық азотта ұзақ уақыт мерзімге сақтау әдістерін табуы. Бұл бағалы аталықтардың генофондын максималды түрде пайдалануда маңызы зор. Генетикалық зерттеулер бойынша ұрпаққа ата-ананың екеуінің де әсері бар. Осы жағдайға байланысты асылдандыру жұмысын жеделдету үшін ұрғашылардың генофондын қолдану қажет. Себебі ол селекцияның одан әрі күрделеніп дамуына жол ашады. Тәжірибелік селекцияда бұны биотехнологиялық әдістердің негізінде, Эмбриондарды трансплантациялау арқылы іске асыруға болады. Эмбрионды көшіру өнімділігі жоғары ұрғашылардың ұрпақ санын жылдам көбейту мүмкіндігін туғызды. Асыл тұқымды аталықтарды алу кезіндегі ұрғашыларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау мүмкіндігі де пайда болды.
Трансплантациялау технологиясының маңыздылығы мен қиындығы - асыл тұқымды аналықтан қажетті мөлшерде эмбриондарды алу. Аналықтардан эмбриондарды алу мүмкіндіктері мол, себебі олардың аналық безінде бірнеше жүз мыңдай ооциттер бар, бірақ олардың қорындағы гендердің бір, екеуі ғана жетіліп ұрпақ береді. Мәселен, әрбір сиыр саулық қой тіршілігінің соңына дейін орташа есеппен 7-10 бұзау, саулық қой 5-6 қозы ғана береді. Л.Н. Эрнст, Н.А. Кравченко және т.б. (1987) мәліметтері бойынша ооциттердің көп мөлшері бітеулікке ұшырап, ұдайы өндіріске қатыспай қалады. Қордағы потенциалды жыныс жасушаларын қолданудың тамаша тәсілі аналық безін қопсыту. Сиырдың аналық безінен 200 дейін ооциттерді бөліп алып, соңғыларын in vitrо (ағзадан тыс) метафазаның өсіп-жетілу күйіне шейін жеткізу әдістері құрылды. Ұрықтандыру кезінде in vitrо ооциттерін қопсыту нәтижесінде жақсы дамыған бұзаулар алынған. Л.К. Эрнст, Р.А. Кравченко мен т.б. ойынша, бұл әдістер өзара параллельді дамуы қажет, өйткені екеуінің де оң және теріс нәтижелері бар.
Әр жастағы малдың безінен бөлініп шыққан, ағзадан тыс өсіп-жетілген жыныс жасушаларын ұрықтандыру мүмкіндігін зерттеудің мәні зор. Кәрі малдың аналық безіндегі ооциттерді қопсыту, атақты дарақтардың репродуктивті мерзімін жалғастырып, қосымша ұрпақ алудың бірден-бір себебі. Толық жасқа жетпеген жануарлардың аналық безіндегі жыныс жасушаларын қопсыту және ұрықтандыру төңірегіндегі жетістіктер, келешекте табиғи жыныстық жетілу уақытын ауыстырып, қысқа мерзім ішінде тұқымаралық будандарды шығарып алуды көздейді. Зерттеулердің нәтижелері бойынша бұзаудың 1-2 айлығында аналық безінен бөлінген ооциттерді қопсыту мен ұрықтандыру сәтті аяқталған еді.
Қазіргі биотехнологиялық әдістердің негізгі мақсаттары мен міндеттері жақсы ұйымдастырылып құрылған эмбрионалды трансплантациялаудың арқасында жоғары өнімді, қажетті типтегі малды жылдам көбейтіп алу. Тұқымды қалыптастыру процесі немесе генетикалық ресурстардың жетіспеуі кезінде, генотипі қажетті жануарларды тез арада көбейту кезінде, бұл әдіс өте тиімді.
Эмбрионалды трансплантациялау селекцияның келесі міндеттерін шешуде пайдаланады:
1. өнімділігі жоғары, бағалы тұқымдар мен мал топтарын тез арада көбейту мәселесін қарастырады;
2. малдың бірнеше көшірмесін алу үшін, эмбрионды ертерек бөліп алу. Олар генотиптің сыртқы орта байланысын, қасиеттерінің тұқым қуалауын анықтауға мүмкіндік беруі;
3. мутантты гендердің кіші популяциясы мен тұқымдық генофондын сақтап қалу;
4. генотипі бойынша бағалы, бірақ бедеу жануардардан ұрпақ алу;
5. зиянды рецессивті гендер мен хромасомалық құбылыстарды анықтау;
6. малдың ауруға деген төзімділік қабілетін арттыру;
7. ауруға қарсы күресу шарасы ретінде малдың импорты мен экспортын, криоконсервіленген эмбриондардың импорты мен экспортына ауыстыру;
8. шетелден әкелінген малдарды жерсіңдіру;
9. іштегі төлдің жынысын анықтау және қажетті жынысты төлді алу;
10. түраралық көшіру;
11. химерлі жануарларды алу
Соңғы он жылдың ішінде эмбрионды трансплантациялау әдісін көптеген елдер өзінің селекциялық бағдарламасына еңгізген еді. Шетелдік мамандар (АҚШ, Германия, Канада және т.б.) трансплантациялау әдісінің мәні - селекциялық бағдарламаның жеделдетуінде деп түсіндірген. Бұл сиыр сүтінің өнімділігін - 20%, ал еттің өнімділігін - 20-40%. Бұл әдісті селекцияның басқа да белгілерін: өміршеңдігін, көбейгіштігін, аурулар мен стресстерге төзімділігін дамыту үшін де пайдаланады.
АҚШ пен Канаданың қолдан ұрықтандыру станцияларында ұрпақ сапасы тексерілген 50-60% дейін сәйкес келетін трансплантат-бұқалары бар. Малдың генофондын эмбриондар трансплантация әдісімен одан әрі жетілдіретін мемлекетаралық ұйымдар құрылуда (американо-египеттік және т.б.). Жалпы ұрықты көшіру жөнінде алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың аяғында пайда болған. 1980 ж ағылшын биологы W. Heape қояндарға жасалған тәжірибесінде, ұрықтанған жұмыртқаларды бір ұрғашыдан екіншісіне көшіріп, ұрпақ алуға болатынын дәлелдеген. 1891 ж Париж академиясында орыс дәрігері М. Ононов қоян мен теңіз шошқасының фолликулярлы жұмыртқаларын сәтті көшірап алғаны жөнінде хабарлады. Ал 1897 ж Қазан қаласында гинеколог В.С. Груздев қояндардың зиготасын алудағы тәжірибесінің нәтижелерін жариялаған. Сондай-ақ 1930 ж бұндай экспериментерді орыс ғалымдары (Красовская, 1934, 1936; Красовская, Диомидова, 1934; Бернштейн, Левина, Смирнова, 1935) да жалғастырды. Меринос, қаракөл, чунтукты және сығай қой тұқымдарына, зиготаны тұқымаралық көшіруде жақсы жетістіктерге жеткен орыс ғалымдары А.И. Лопырин және А.В. Квасницкий (1950, 1953). Олар 16 трансплантант-қозы алған.
Біздің елімізге келетін болсақ, малдың эмбриондарын трансплантациялау зерттеулерін алғаш рет 1965 ж. тәжірибелі биология институтында (қазіргі Биоген) академик Ф.М. Мухамедғалиевтің басшылығымен қой шаруашлық саласында жүргізілді. Басында жас мамандар ретінде, ал кейін бұл салада атағы шыққан ғалымдар М.М. Тойшыбеков, Р.Б. Абильдиов, О.И. Бердонгарова, К.Д. Джанабеков және т.б. еді. Аталмыш саланың одан әрі жетілдіріп, дамытуға атсалысқан ынталы ғалым, ҚРУҒА корреспондент мүшесі, профессор М.М. Тойшыбеков болатын. Бірінші кезеңде трансплантация әдістемесін үйрету мен ана ағзасының трансплантант-қозы фенотипіне әсерін зерттеу болды. Реципиент пен донор ретінде фенотиптері алшақтау қой тұқымдарын алған. Қазақтың таза биязы жүнді қойдың жатырындағы зиготасын қылшық жүнді қой тұқымдары - еділбай, қарғалы және жергілікті құйрықты қойларына көшірді. Қазақтың биязы жүнді донор-cаулығынан-17 2-ден 8-ге дейін бластомер сатысындағы ұрықтарын 15 реципиентке көшірді.15 саулық-реципиентінің бесеуі бір-бір трансплантант-қозы әкелген.
М.М. Тойшыбековтің бастауымен сырттан әкелінген, саны шектеулі және Қазақстанның табиғи жағдайына қиын жерсінетін қой тұқымдарының эмбриондарын қысқа мерзім ішінде трансплантация тәсілдерін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осының нәтижесінде жаңа биязылау жүнді тұқымның кроссбредті және кроссбед типті жүнді қойларды алған. Шығыс және оңтүстік-шығыс ауданындағы жергілікті қазақтың биязы жүнді саулықтарын линкольн, ромни-марш және бордер-лейстер тұқымды қойлармен шағылыстырып, селекцияның күрделі будандары шығарылған.
Академик В.А. Бальмонттың пікірінше, Қазақстанға 1960 жылдың басында әкелінген ромни-марш, линкольн тұқымдарының аталықтарының көбі өліп, олардың көп бөлігі нашар ұрық беріп, саулықтары ұрықтандыруға мүлдем жарамсыз болатыны жөнінде айтқан. Осы жағдай Алматы облысындағы Түрген қой шаруашылығында да дәлелін тапты. 1962 жылдың қыркүйегінде сырттан әкелінген 9 бас линкольн мен 7 бас ромни-марш тұқым қошқарларын шағылыстыру кезінде линкольн тұқымнан 3 қошқар, ал ромни-марштың 2 қошқары ғана жұмыс істеді. Қалған 11 бас қошқардың кейбіреулері өлі ұрық беріп немесе мүлдем шағылыспаған. Сондықтан да импортты таза тұқымды қошқарларды суперовуляция мен эмбриондарды трансплантациялау жолдарымен көбейту қарастырылды.
Бұл мәселе, әкелінген қойдың зиготасы эмбриондық дамуы сатысында жергілікті жағдайларға бейімделген биязы және қылшықты жүнді реципиент қой ағзасы арқылы өтуіне байланысты. Бұл факт линкольн тұқымының трансплантант-қошқарының жоғары өнімділігі 4-5 мауысымдай, 6-7 жасқа дейін сақталса, ал сырттан әкелінген линкольн қошқарларының өнімділігі 1-2 жылдан кейін төмендеп, нашарлауы дәлел. Сонымен саны шектеулі (4), қиын жерсінетін линкольннің таза тұқымды әкелінген қойларынан эмбрион трансплантациясы арқылы жоғары бағалы, сапалы трансплантант-қошқарларды (37) алған. Осы қошқарларды 1994 жылы бекітілген Түрген асыл тұқымды мал табыны, сапасы анықталған жаңа биязылау жүнді тұқымның кросбед жүнді қойларды шығаруда басты рөл атқарды. Трансплантация әдісін одан әрі жетілдіруді қой шаруашылығының Қазақ ғылыми-зерттеу институтында К.Т. Қасымов басшылығымен қомақты үлес қосқан. 1987-1992 ж.ж. аралығында 489 трансплантант-қозылар алынған. К.Т. Қасымов пен Ж. Утесиновтың (1993) солтүстік қазақ мериносы мен қазақиың биязы жүнді тұқымды донордың жатырында полиовуляцияны индуцирлаудың жаңа әдістерін ұсынуы бойынша, бір донордан 7-8-дейін толық өсіп-жетілген эмбрионды алу мүмгіндігі бар екенін айтқан болатын. Эмбрионды алудың тағы бір тәсілі бойынша солтүстік қазақ мериносының донорынан 91,5% және қазақтың биязы жүнді қойынан - 80,4% дейін эмбрион мен ооциттерді алу көзделді. Ж. Утесиновтың зерттеу қорытындыларына қарағанда, ұрықтандырудан соң 4-ші күні донорлардың қанына индуцирланған полиовуляциялы сарысуды егу арқылы, эмбриондардың бекуі 7,3% және 19,6% өскені анықталды.
Қ.Т. Қасымов пен А.С. Алимжановтың (1996) құйрықты етті-майлы бағыттағы қой шаруашылығында алғаш рет тәжірибе жүзінде эмбрионды трансплантациялау жұмысы жасалды. Осының нәтижесінде еділбай тұқым донорынан өнімділігі жоғары, әрбір саулықтан 2-5 дейін ұрпақ, ал жалпы жыл бойына барлығы - 114 трансплантант-қошқарлары алынды. Айтылмыш жұмыстың тәжірибелік бөлімі осы тұқымның ең жоғары өнімді қойды Орал облысының Бірілк асыл тұқымды зауытында жүргізілді.
Дегерес және қазақтың қылшық жүнді қой тұқымдарының бағалылығы жоғарыларын жылдам көбейту мақсатымен Қазақ Ұлттық аграрлы университетінің жануарлар селекциясы мен биотехнология кафедрасының доценттері - Г.А. Джамалова мен Б.А. Буралхиевтың басшылығымен 1997 жылы Алматы облысындағы Мади асыл тұқымды шаруа қожалығында предимплантациялы эмбрионды трансплантациялау жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарды өткізілді.
24 рецепиенттен 16 бас саулық төлдеп, одан 18 трансплантант-қозылар алынды. Бұл трансплантацияланған эмбрион санының 33%-ін құрайды. Бір донорға орташа есеппен 2,5 трансплантант-қозы келеді. Дәстүрлі жолмен алынған бақылау топ қозыларының постнаталды даму кезінде трансплантант-қозылармен салыстырғанда өсуі жылдам екендігі анықталды. Салыстырсақ, қазақтың қылшық жүнді тұқымынан алынған трансплантант-тоқтылары 5 айлық жасында салмағы - 39,4 кг, ал дегерестікі - 37,7 кг, ал ұрғашы трансплантанттікі - 36,4 кг мен 35,1 кг сәйкес, бұл кәдімгі бақылау топпен салыстырған 3-4 кг артық. 18 айлық жасында трансплантант-қошқарлардың тірі салмағының көрсеткіштері элита класының тұқымдық стандартынан да асып түсті. Бұл дегерес тұқымды еркек тоқтыларында - 6,8 кг немесе 13,8%, ұрғашыларінікі - 8,1 кг немесе 16,2%, ал қазақтың қылшық жүнді тұқымында - 5,2 кг немесе 7,4% ; 7 кг немесе 12,7% сәйкес.
Қазіргі уақытқа дейін рецепиент-ана ағзасының трансплантант малдың биологиялық және өнімділік көрсеткіштеріне әсері нашар зерттелген. Кейбір авторлар (Лопырин, Курбатов, Квасницкий) рецепиент-ана ағзасында өсірілетін трансплантант ағза фенотипімен қатар сапалық белгілерінің өзгеруіне (түсі, дене бітімі және т.б.) де әсері бар екенін айтқан. Ал келесі авторлар Ф.М. Мухаменгалиев және т.б. (1981); Л.К. Эрнст және т.б. (1982) бұл көзқарасқа қарама-қайшы еді.
М.М. Тойшыбеков пен А. Мусинаның (1995) рецепиент-ана ағзасы трансплантант-қозының мінез-құлқы мен ерте постэмрионалды дамуына әсері бар екенін анықтады. Осы әдіспен рецепиент жатырында өсірілген тұқымның трансплантант - қозылары еділбай қылшық жүнді құйрықты тұқымның туу кездегі тірі салмағының жоғары болуымен бірге жүн жабының бірсыпара ұзын болуымен ерекшеленді. Аталмыш топтың жаңа туған тоқтыларының жүн жабының орташа ұзындығы 1,82 см, бұл жатыр рецепиентінен алынған дегерес және қазақтың биязы жүнді құрбыларымен салыстырғанда 12,3 - 18,2%-ға ұзын. Одан да жоғары көрсеткішті еділбай рецепиентінен алған. Олардың еркек тоқтыларынан денесі ірі және ұзын болғандықтан орташа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмбрионженерия пайда болуы. Қазақстан жануарлар биотехнологиясы
Мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау әдісін пайдалану
Донордың жатырынан эмбриондарды жуып алу
Эмбриондарды трансплантациялау әдістері
Эмбриондарды тасымалдау
Мал эмбрионын тасымалдау
Ауыл шаруашылық малдарының эмбриондарын трансплантациялау
Овуляциядан өткен жүмыртқа жасушаны донордың репродуктивтік жолынан алып дайындау
Жануарлар биотехнологиясы. Аналық малды ұрықтандыруға дайындау және ұрықтандыру
Экобиотехнология пәнінен дәрістер жинағы
Пәндер