Паповавирустар. Парвовирустар. Поксвирустар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Шәкәрім атындағы

Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Паповавирустар. Парвовирустар. Поксвирустар

Орындаған:Аханова Б. Т. /БТ-407

Тексерген:Байтакова А. Қ.

Жоспар:

1. Вирус туралы жалпы мәлімет.

2. Паповавирустар. Парвовирустар. Поксвирустар

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

1) Вирустар туралы ілімді-вирусология деп атайды. Вирустар тек қана клетка ішінде өсіп-өне алмайды, былайша айтқанда оларға клетка ішінде паразитенцим тән.

Бұларға бактерияларға қарағанда анағұлым ұсақ, құрылысы қарапайым организімдер. Жай микроскоппен көруге болмайды. Оларды 1892 жылы Ивановский ашқан болатын. Ол зақымдалған темекі жапырағын әбден езіп, әдеттегі оның сүзіндері мен бірге кетпейтінін байқады. Осы сүзіндіні сау темекі өсімдігіне жұқтырса, ол қайтадан ауруға шалдығатыны анықтады. Бұл организимдерді Д. И. Ивановский латынша вирустар, яғни “y” деп атады. Қазір бірнеше мың есе ұлғайтып көрсететін микроскоптың құрастырылуы вирустардан және зерттеуге мүмкіндік туғызды.

Құрылыста egnо, цитпиназма, клетка қабықшасы өзара жекеленбеген. Олардың мөлшері 10-нан 350 тм-ға дейін барады.

Вирустардың негізгі қасиеттері-олар микробтардан да өте ұсақ: соның салдарынан бактериялар өтпейтін арнаулы сүзгілерден теориялар лабараторяида қолдан жасалған қоректік ортада өсіп дамымайды: ең тірі клеткадан ғана тіршілік етеді: түрлі, түрлі тірі немесе структурасы алдын ала бұзылып, ұнтақталған тканьдерде, тауық жұмыртқасында өніп-өсе алады. Кейбір вирустардың кристалл түзетін де қасиеті бар.

Вирустардың химиялық құрлымы.

Вирустар дүниесі өздерінің құрлымына көлемініе, пішініне және химиялық құрамына сәйкес әр түрлі болады. Marple- грек тілінен алған, пішін, бейне, түр деген сөз. Вирустардың мынандай түрлері бар.

1. Икосаэдрлық ( гекосоэрдр-20қырлы) немесе куб сияқты. Мал мен адамның жұқпалы ауруын тарататын вирустардлың негізгі көпшілігінің түрі осындай болады.

2. Вирустардың таяқша немесе цилиндр тәрізді түрлері ( оларға: радовирустар, өсімдік вирустары жатады)

3. Сфераалық немесе дөңгелек шар тәрізді түрлері (олар парамиовирустар, ортамиксовирустар, ретравирустар т. б. жатады)

Вирустардың мөлшері де әр түрлі болады.

1. Өте ұқсас вирустар : олардың мөлшері 20-30 нм (парвовирустар, пикорнавирустар)

2. Үлкендігі орташа вирустар : мөлшері 50-150 нм (тогавирустар, ортомиксовирустар, ретровирустар, аденовирустар)

3. Ірі вирустар : олардың мөлшері майда бактерияларға жетіп қалады. (поксовирустар 200-350 нм)

2) Ісік туғызушы вирустар, онкогенді вирустар (грек. onkos - масса, ісік, gennao - туғызушы және вирус) - қалыпты эукариот жасушаларын ісік жасушаларына өзгерте алатын қабілеті бар вирустардың бір тобы. Вирустардың қатерлі ісік тудыра алатын қасиеті бар екенін алғаш рет ғыл. тұрғыда француз ғалымы А. Боррель (1867 - 1936), т. б. зерттеген (1903) . Одан сәл кейінірек (1911) америкалық онколог Ф. Раус (1879 - 1970) тауықтарда болатын саркома ауруын тудырушы вирусты алғаш ашты (Нобель сыйл., 1966) . 1932 - 33 ж. америка ғалымы Р. Шоуп (1901 - 66) үй қояндарындағы вирусты фиброма мен папилломаны, 1936 ж. неміс онкологы Дж. Битнер (1904 - 1961) тышқандардың сүт безіндегі қатерлі ісік тудыратын вирусты, ал 1951 ж. неміс ғалымы Л. Гросс тышқандарда лейкоз тудыратын вирусты анықтап, сипаттап жазды. Онкогенді вирустардың сырын ашуға, орыс ғалымы Л. А. Зильбердің (1894 - 1966) қатерлі ісіктердің пайда болуының вирусты-генетик. теориясының ашылуы негіз болды (1949) . Қазіргі кезде табиғатта 600-ден астам ауру тудыратын вирустар анықталған. Бірақ олардың 1/4-і ғана жануарларда ісік тудыра алатыны белгілі. І. т. в-ды биол. іс-әрекеттеріне қарай: ДНҚ және РНҚ құрамдас деп екіге бөледі. Көбінесе табиғатта РНҚ-құрамдас вирустар кездеседі. Олар морфологиясына қарай: А, B, С және D деп бөлінеді. Мыс., С вирусы сүтқоректілер мен құстарда лейкоз және саркоманы тудырады. Осы күнге дейін РНҚ-құрамдас вирустар адам денесінде пайда болған ісіктердің құрамынан табылған жоқ. ДНҚ-құрамдас вирустардың үш тобы бар: 1) паповавирустар (папилломалар, сүйел, полиомалар тудырады) ; 2) ұшық вирустары (әр түрлі ұшық инфекциялары, желшешек, белдеме теміреткі тудырады) және поксвирустар (шешек ауруы пайда болады) . Вирус пен сау жасушаның өзара қарым-қатынасы аса күрделі. Вирустың өніп-өсуі жасушаға байланысты. Ол төзімді, иммунитеті жоғары болса, өзінің денесіне вирусты кіргізбейді. Егер жасуша ісік вирусына сезімтал келіп, төзімсіз болса, онда вирус белсенділік көрсете бастайды. Вирус өз денесінен нуклеин қышқылын босатып шығарады да, ол әуелі цитоплазмаға, одан кейін ядроға енеді. Сол жерде қолайлы жағдай туса, өніп-өсіп, жасушаның тіршілік ету қабілетін жояды. І. т. в-дың қасиеттері әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Кейінгі кездерде вирустардың бәрі емес, солардың ішінде онкогені бар вирустардың ісік туғызғыш қасиеті жоғары екені анықталды (америкалық ғалымдар Р. Хюбнер, Г. Тодаро, 1969) . Бұрын ғалымдар жасушаға ісік тудырушы онкогенді вирустарды жұқтырғаннан кейін, жасушаның өзінің қалыпты жағдайын өзгертпейтінін, ешқандай аурудың дамымағанын байқаған. Тіпті бұл кезде жасушаның құрамынан вирустардың жоғалып кететіні анықталған. Онкогенді РНҚ-құ-рамдас вирустардың құрамынан ДНҚ-ны РНҚ-ға синтездейтін арнайы фермент табылған. Соның нәтижесінде пайда болған ДНҚ-көшірме нағыз ДНҚ-мен бірігеді де, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Міне, осы ісік туғызғыш вирустарды провирус деп атайды. Провирустарды алғаш рет ғылымда дәлелдеген америкалық ғалым Х. М. Темин (1975) . Бұл ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Хим. канцерогендер, рентген, радий, ультракүлгін сәулелері, “мутация” жасайтын дәрілер немесе созылмалы аурулар провирусты тежейтін күштерді әлсіретеді. Соның нәтижесінде организмнің реттеуіне келмейтін дамылсыз өсіп-өнетін ісік жасушалары пайда болады. І. т. в. біріншіден көлденең, екіншіден төте (анадан балаға емшек сүті немесе жыныстық жасуша арқылы) жолдармен таралады.

Паповавирустар - құрамында ДНҚ бар вирустар тұқымдастығы. Сыртында липопротеид қабығы жоқ, пішіні шар тәріздес. Папилломавирустар екі туыстан: папиломавирус және полиомавирустан тұрады. Диаметрі 45- 55 нм икосаэдрлі капсидтің құрамында м. с. 3 000 000 - 5 000 000 болатын қос тізбекті, сақиналы ДНҚ бар. Омыртқалы жануарлардың торша ядросында көбейеді, құрамында бестен жетіге дейін құрылымдық белок болады. Папилломавирустар кейбір түрлері ісік туғызады. Папилломавирустар кең таралған және эпителиятропты. Адамдарда эпителиялық қатерсіз ісіктер қоздыруға себепкер болатын папилломавирустардың 100-ден астам генотиптері белгілі (ДНҚ - гибридизация бойынша) . Адамдардың папилломавирустары тері эпителиясын инфицирлейді және сол жерлерде өсін - өніп көбейеді. Эпителияның пролиферациялануын индуцирлеу нәтижесінде қатерлі емес сүйелдер, эпителиялық, ауызқуыстық және коньюнктивалық папиломаларқоздырады. Олардың онкогендік қасиеттері деболуы ықтимал (жатыр мойнының папиломасы, дисплазиясы, қатерлі ісіктер) . Папилломавирустар екі туыстан: папиломавирус және полиомавирустан тұрады. Таксономиясы. Тұқымдастығы:Papillomaviridae Туыстастығы:Papillomavirus (сүйкл, жатыр мойнының карциномасын және дисплазиясын, қатерлі ісігін қоздырады) . Құрылымы. Папилломавирустардың вирионының сыртқы қабаты болмайды, пішіні шар тәріздес. Икосаэдр типтес капсиді (диаметрі 55нм) 72 капсомерлер құрайтын 2 құрылымдық (капсидтік) ақуыздардан тұрады. Геномы - екіжіпшелі, сақиналы өте күшті ширатылған ДНҚ, 8 ертелік (ранние) және 2 кешеуілдік (поздние) немесе құрылымдық (капсидтік) гендері бар. Вирустық шамамен 120-дай генотиптерін ажыратады. Омыртқалы жануарлардың торша ядросында көбейеді, құрамында бестен жетіге дейін құрылымдық белок болады. Папилломавирустар кейбір түрлері ісік туғызады. Репродукциялануы иесінің жасушасына байланысты. Жасуша дақылдарында өспейді. Латентті вирус плазмида түрінде жасушалардың базальдық қабатында орналасады, бірақ тері немесе шырышты қабаттардың диффернцирленетін эпителиялық жасушаларында репродукцияланады. Ол үдемелі түрде жасушаның беткейлі қабаттарында өсіп - өніп көбейеді. Адсорбцияланып, базальдық жасушаларға еніп, вирион жасуша ядросына жетіп «шешінгеннен» (депротеинизациялану) кейін ертелік гендер мен ақуыздардың трансляциясы және ДНҚ-ның алғашқы репликациялануы жүре бастайды. Содан кейін бұл үрдіс вируспен инфицирленген супрабазальды эпителиялық жасушаларда жалғасады. Эпителиялық жасушалардың дифференциациялану кезеңінін аяқталуына қарай оның ядросында вирустық компоненттер жинақталып вириондар құрылады. Жаңадан пайда болған вириондар ядро бұзылған кезде шығады. Трансформацияға ұшыраған жасушалардағы вирустық геном жасуша геномына интеграцияланады. Резистенттілігі. Вирус 1сағат 〖50〗^0С-та ысытқанда тіршілік ету қабілеттілігін сақтайды, эфирдің әсеріне сезімтал емес. Эпидемиологиясы. Папилломавирустар тері беткейлі жарақаттанғанда, жыныстық қатынас кезінде және паринатальды жолмен беріледі. Әлемнің 9-13% тұрғындары осындай вируспен инфицирленген. Папилломавирусты инфекция - ең жиі кездесетін жыныстық инфекция. Өмір сүру кезеңінде еркектер мен әйелдердің 70%-да кездеседі. Патогенезі, клиникалық көріністері: Бұл инфекциямен науқастанушылық 18-30 жастағылар арасында жиірек байқалады. Кесел көбінесе симптомсыз түрде өтеді. Клиникалық көріністері қоздырғышына, патологиялық процестің қандай жерде орналасуына және иесінің жауап беру реакциясының айқындығына байланысты болады. Папилломавирустар әйелдердің қынабында, жатырында, несепағарының сыртқы тесігінде гениталдық сүелдер дамуын қоздырады. Еркектерде - жыныс мүшесінің басы мен бүрікбасының, ұмасының және арқы өтісінің (анусының) зақымдануы дамиды. Онкогенез (папилломавирустардың) - жасушалардың қалыптан тыс пролиферациялануы. Жасушаның пролиферациясы реттеуші гендермен оны тежеу немесе стимульдеуші - гендермен жасушалардың бөлінуін белсендіру арқылы басқарылады. Папилломавирустардың онкогенділігі геном құрылысының ерекшелігімен баланысты (сақиналы екіжіпшелі ДНҚ) . Сүелдер және басқа қатерсіз ісіктердің жасушаларында вирус геномы өздігінше реципирленетін плазмидалар түрінде тұрақты сақталады. Тек қана сирек жағдайларда (белгісіз факторлардың әсерінен) вирустық геном иесінің хромасомасына тіркелуі мүмкін. Бұл кезде вирустық геннің айналасы өзгереді және жасушалық гендердің экспрессиясын бақылау бұзылады. Жасушалық циклды реттейтін ақуыздардың шексіз синтезделуі ісіктік өсудің пайда болуына әкеледі. Алдын алуы. Папиллома вирусына қарсы екпе жатыр мойыны обырының алдын алу үшін жүргізіледі және жатыр обырының пайда болуын төмендетуге мүмкіндік береді. Папиллома вирусын жұқтырудың жоғарғы шегі көбіне 16-20 жас аралығында. Вакцинаны жасөспірім қыздарға қолданудың өзіндік себебі бар. Егер екпе алғашқы жыныстық қатынасқа дейін жасалса, қатерлі ісікті болдырмауға кепілдік береді. Ал жыныстық қатынастан кейін салынса, тиімділігі алғашқыдай болмауы мүмкін. Сондықтан жастардың жыныстық қатынасқа ерте түсуіне байланысты екпе егу 11-12 жастағы қыздардан басталып отыр. Қазіргі таңда қатерлі ісік аурулары жасарып кетті. Бұрындары ол 40-50 жастағы әйелдерде кездессе, қазір 22-25 жастағы қыз-келіншектерде де байқалып жүр.

Парвовирусты инфекция

Негізгі қоздырғышы - Norualk вирусы, диаметрі 66 нм. 7 морфологиялық және 4 серологиялық типтері сипатталған. Инфекция көзі-ауру адам. Таралу жолы: ауа-тамшылы, фекальды-оральды, тұрмыстық-қатынас жолдарымен беріледі. Көбінесе қыс айларында өршиді. Инкубациялық кезеңі 2-3 күн, 24 сағаттан 7 күнге өтуі мүмкін. Басталуы жедел, дене қызуы жоғарлайды. Науқас шағымдары қатты әлсіздік, адинамия, жүрек айну және құсу, бас айналумен жүргізіледі. Көптеген науқастарда бұлшық еттері ауыратынына шағымданады. Ауырғандардың жартысында іш өтуі дамиды да, энтерит секілді өтеді. Ауыр жағдайда гиповолемиялық шок дамуымен тырысқақ тәрізді ағыммен сипатталады. Ішінде ауырсыну көп болмайды, бірақ ішінің жоғары бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну болады. Іші кепкен, пальпацияда қатты ішінің құрылдауы байқалады. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Гемопрограммада-лейкопения, нейтропения, салыстырмалы лимфоцитоз, моноцитопения. Аурудың ұзақтығы 12-24 сағаттан 2-3 күнге созылады. Жалпы науқастың жағдайы әлсіздік, қалтырау, 20-30% науқастарда температурасы жоғарлайды, кей кезде субфебрильді санға жетеді, бас айналу, талып қалуы болуы мүмкін. Қарап көргенде сұйықтық жоғалтқанда шырышты қабаттарының құрғақтығы байқалады. Іші жұмсақ, кіндік маңайын пальпациялағанда аздап ауырсыну болады, терең пальпацияда іш құрылы естіледі. Лабораторлы дәлелі: Гемограммада өзгерістер жоқ, СОЭ қалыпты. Науқастардың 1-ші тәулігінде кейбіреуінде лейкоцитоз және нейтрофинез, лейкопения салыстырмалы лимфо және моноцитоз, кейде эозинофилие болады. Ауру ағымы 5-7 күнге созылады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустар түсінігі мен түрлері
Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері. ДНҚ-сы бар және РНҚ-сы бар вирустар
Вирусқа қарсы иммунитет
Вирустың ДНҚ құрылымы
Вирустардың жіктелу принциптері. олардың номенклатурасы. вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары
Паповавирустар. Парвовирустар. Поксвирустар. Вирустың клеткаға өтуі
Екі жіпті үзілмелі РНҚ
Қазіргі кезде вирустардың номенклатураның және таксономияның негізгі принциптері, олардың ғылыми және практикалық маңыздылығы
Вирустардың құрылысы
Вирустардың жіктелуі. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz