Шағын комплектілі мектепте өзбетінше жұмысты ұйымдастыру
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
I тарау. Өз бетінше жұмыстың педагогикалық.психологиялық
мәселелері
§1.1. Өзбетінше жұмыстың педагогика ғылымындағы түсінігі ... ... ... ... ... ... 3
§.1.2. Шағын комплектілі мектепте математиканы оқытудағы өзбетінше жұмыстың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
II тарау. Шағын комплектілі мектепте өзбетінше жұмысты
ұйымдастыру.
§2.1. Өзіндік жұмыс дербестік таным әрекетінің ұйымдастыру формасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
§.2.2 .Математика оқулығы, өзбетінше жұмысты ұйымдастыру құралы...16
§.2.3. Диференциалды оқыту элементтерін өзбетінше жұмысты ұйымдастыруда қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
§2.4. Шығармашылық тапсырманы орындау.өзбетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
§2.5 Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда бағдарламалап оқыту ... ... ... ... ... ..25
§2.6.Өзбетінше жұмыстарды пайдалану іс.тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48

Кіріспе.
Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түсуі саяси-әлеуметтік өміріміздің басты буыны - білім саласына да көптеген өзгерістер алып келді.
Бүгінгі заман талаптары білім мекемелері мен ұстаздар алдына орасан зор міндеттер жүктейді. Сондықтан қазіргі таңда ауыл мектебіне, оның ішінде шағын комплектілі мектепке ерекше көңіл бөлініп, оның мәселелері мемлекеттік деңгейде көтерілуде. Ауыл мектебі - қашанда дана мен даралар шыққан білім ордасы, тәрбие мен білімнің сарқылмас кәусар бұлағы. Сондықтан да болар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен 3 жылымызды «Ауыл жылы» атағаны, яғни сондықтан ғылыми жұмысты «Шағын комплектілі бастауыш мектепте математикадан өз бетінше жұмысты ұйымдастыру» атты курстық жұмыс жазудан бастадым.
Зерттеу әдісі — педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерден тақырыпқа сай материалдар жинақтау, озат тәжірибелі мұғалімдер сабағына қатысу, бақылау ізденушілік және зерттеушілік жұмыстары.
Зерттеу объектісі - шағын комплектілі мектепте оқушыларға математиканы оқыту процесі.
Зерттеу пәні - шағын комплектілі мектепте ұйымдастыруды үйрету жолдары мен әдістері
Зерттеу мақсаты - шағын комплектілі мектепте математикадан өз бетінше жұмыстың түрлерін ұйымдастыру арқылы олардың ойлау қабілеттерін арттырып, теориялық білімді тереңдете түсуі, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру; оқушылырадың логикалық ой-өрісін кеңейтіп, ізденушілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Зерттеу міндеті - 1. Шағын комплектілі мектепте математикадан өз бетінше жұмыстардың түрлері және оны оқытуда пайдалану;
2. Шағын комплектілі мектептің бастауыш класс мұғалімдерінің озат іс-тәжірибелері мен әдіс-тәсілдерін, олардың түрлерін жинақтап қорыту.
Зерттеу нәтижесі - 1. Бастауыш класта математиканы оқытуда;
2. «Педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі» мамандығына арнайы семинар және студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесінде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Асқарбаев А., Храпченко Г.М. Мектептердегі оқытудың
мазмұны мен әдістері. Алматы. «Мектеп», 1981
2. Әлиева К.С., Бэйдібекова Е., Ысқақоваа Ә. Шағын
комплектілімектептің бастауыш кластарында математикадан
өзбетінше жұмыстарды ұйымдастыру. Шымкент, 1992.
3. Бэйдібекова Е. I. Логикалық ойлауға үйрету (Бастауыш
мектеп.-Алматы, 1987.№3.)
4. Бантонова М.А., Бельтюкова Г.В., Половшикова А.М.
Методика преподования математики в начальник классах:
учебн. Пособие. (Под. Редак. М.А. Бантовой.-М.:Просвечение,
1975-335с.)
5. Бантова М.А. және т.б. «Бастауыш кластарда математиканы
оқыту метдикасы »Алматы. «Мектеп»,1978
6. Демидова С.И., Деницева Л.О. Самостоятельная работа
деятельность учащихся при обучени математике. Сб. Статей. -
М.:Просвечение,1985.
7. Истомина Н.В. и др. «Практикум по методико преподования
математики в нач. классах». М.: Просвещение,1986 г.
8. Ирощников П.П.Обучение математике в малокомплектной
школе. М.: Просвещение,1988.
9. Концевая Л.А. Исползьзования учебника в самостоятельной
работе школьника.( Проблемы школьного ученика.( Сборник)).
Вып. 2.- М.: Просвещение,1974-66-77с.
10. Құлмағанбетова Б. «Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру». Алматы. «Мектеп,» 1976
11. Менчиская Н.А., Моро М.И Вопросы методики и психологии обучения арифметике в начальных классах.- М.: Просвещение, 1983.
12.ОспановТ.К. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы,- Алматы, 1987.-1446.
ІЗ.Пышкало М.А. и др «Самостоятельная работа учащихся в малокомлектной школе».-М.: Педагогика, 1974
14.Самостоятельная работа учащихся. Книга для учителя. - М.: Просвещение, 1984.
15.Сәтімбеков И. Математиканы қалай қызғылықты өткізуге болады (Бастауыш мектеп.-Алматы,1987.№5.)
16.(Бастауыш мектеп 2002 №7, «Ауыл мектебі»
17. Ауыл мектебі 2003, № 5
18. Шағын комплектілі мектеп 2004, № 3
19. Қазақстан мектебі 2003, №9 (өзіндік жұмыс - кәсіби біліктілік көзі)
20. Теория и методика воспитательной работы Под рук.
Л.В.Байбородовой, А.Э.Мельников, Ярославль 2000.
21. Қазақстан мектебі 2004, №4 (Шағын кешенді мектепте)
22. Бастауыш мектеп 2002, №4 (Шағын жинақталған мектептерде)
23. Бастауыш мектеп 2000, № 4 (Өзіндік жұмыстың маңызы және оны ұйымдастыру жолдары)
24. Әдіскер мұғалім 2005, № 3 (өзбетінше жұмыстарды
ұйымдастыру)
25. Бастауыш мектеп 2002 № 7, "Шағын жинақталған
мектептерді дамыту тұжырымдамасының жобасы және оны
тәжірибеге енгізу жолдары"
26. Бастауыш мектеп 2002 № 7. Шағын комплектлі мектеп:
"Мазмұны мен әдістері".
27. Бастауыш мектеп 2002 № 7. Жаңа экономиялық жағдайда
шағын комплектілі мектептің түйінді мәселелері және дамуы.
28. Бастауыш мектеп 2002 № 7. Шағын комплектілі мектептер
үшін мұғалім даярлау проблемалар және оларды шешудің
жолдары.
29. Математика. Алматы "Атамұра" 2002 ж. 2-сынып.
30. Математика. Алматы "Атамұра" 2001 ж. 1-сынып.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
I тарау. Өз бетінше жұмыстың педагогикалық-психологиялық
мәселелері
§1.1. Өзбетінше жұмыстың педагогика ғылымындағы
түсінігі ... ... ... ... ... ... 3
§.1.2. Шағын комплектілі мектепте математиканы оқытудағы өзбетінше жұмыстың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 5
II тарау. Шағын комплектілі мектепте өзбетінше жұмысты
ұйымдастыру.
§2.1. Өзіндік жұмыс дербестік таным әрекетінің ұйымдастыру
формасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .12
§.2.2 .Математика оқулығы, өзбетінше жұмысты ұйымдастыру құралы...16
§.2.3. Диференциалды оқыту элементтерін өзбетінше жұмысты ұйымдастыруда
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .19
§2.4. Шығармашылық тапсырманы орындау-өзбетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2
§2.5 Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда бағдарламалап
оқыту ... ... ... ... ... ..25
§2.6.Өзбетінше жұмыстарды пайдалану іс-
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... 30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.48
Кіріспе.
Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түсуі саяси-
әлеуметтік өміріміздің басты буыны - білім саласына да көптеген өзгерістер
алып келді.
Бүгінгі заман талаптары білім мекемелері мен ұстаздар алдына орасан
зор міндеттер жүктейді. Сондықтан қазіргі таңда ауыл мектебіне, оның ішінде
шағын комплектілі мектепке ерекше көңіл бөлініп, оның мәселелері
мемлекеттік деңгейде көтерілуде. Ауыл мектебі - қашанда дана мен даралар
шыққан білім ордасы, тәрбие мен білімнің сарқылмас кәусар бұлағы. Сондықтан
да болар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен 3 жылымызды
Ауыл жылы атағаны, яғни сондықтан ғылыми жұмысты Шағын комплектілі
бастауыш мектепте математикадан өз бетінше жұмысты ұйымдастыру атты
курстық жұмыс жазудан бастадым.
Зерттеу әдісі — педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерден тақырыпқа
сай материалдар жинақтау, озат тәжірибелі мұғалімдер сабағына қатысу,
бақылау ізденушілік және зерттеушілік жұмыстары.
Зерттеу объектісі - шағын комплектілі мектепте оқушыларға
математиканы оқыту процесі.
Зерттеу пәні - шағын комплектілі мектепте ұйымдастыруды үйрету жолдары
мен әдістері
Зерттеу мақсаты - шағын комплектілі мектепте математикадан өз бетінше
жұмыстың түрлерін ұйымдастыру арқылы олардың ойлау қабілеттерін арттырып,
теориялық білімді тереңдете түсуі, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру;
оқушылырадың логикалық ой-өрісін кеңейтіп, ізденушілік қасиеттерін
тәрбиелеу.
Зерттеу міндеті - 1. Шағын комплектілі мектепте математикадан өз
бетінше жұмыстардың түрлері және оны оқытуда пайдалану;
2. Шағын комплектілі мектептің бастауыш класс мұғалімдерінің озат іс-
тәжірибелері мен әдіс-тәсілдерін, олардың түрлерін жинақтап қорыту.
Зерттеу нәтижесі - 1. Бастауыш класта математиканы оқытуда;
2. Педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі мамандығына
арнайы семинар және студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесінде көмекші
құрал ретінде пайдалануға болады.

мәселелері.
§1.1. Өзбетінше жұмыстың педагогика ғылымындағы түсінігі
Кез-келген қоғамның өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орнын
алуы, оның білім деңгейіне байланысты. Сондықтан Қазақстан өз тәуелсіздігін
жариялаған күннен бастап білім беру ісін реформалауға кірісті. Білім
туралы Заң қабылданып, жалпы білім беру жүйесіне бағытталған
тұжырымдамалар, мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар және төл
оқулықтардың жазылуы - орта мектеп өміріне қатысты реформалардың жүргізіліп
жатқандығының айқын куәсі.
Қазіргі кезде, яғни өтпелі кезеңде өмір сүріп отырған республикамыз
әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басынан кешіруде. Бұл дағдарыс білім
жүйесіне, әсіресе, ауыл мектептеріндегі білім сапасына кері әсерін тигізбей
отырған жоқ. Бұрынғы ірі шаруашылықтар ұсақ кооператив, фермерлік шаруа
қожалықтарына ұласуына байланысты ауыл тұрғындары жұмыссыздыққа ұшырап,
қалалы жерлерге қоныс аударуда. Соның салдарынан орта мектептердің
көпшілігі шағын жинақталған мектептерге айналды.
Соңғы алынған мәліметтер бойынша республикамызда жалпы орта білім
беретін 8242 мектептің 3906-сы жинақталған мектеп екен. Осы айтылып отырған
шағын комплектілі мектепке мынадай түсінік беруімізге болады: 1) оқушы
саны өте аз мектеп; 2) қатар оқитын сыныбы жоқ мектеп; 3) оқушы саны аз
болғандықтан, әр деңгейдегі сынып оқушылары біріктірілген мектеп.
Шағын комплектілі мектептердегі мұғалімнің жұмысы орта мектепте бір
сыныппен жұмыс істейтін мұғалімге қарағанда әрі ауыр, әрі киын екендігі
белгілі. Сол себепті мұндай мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру аса
шеберлікті қажет етеді. Соңғы кездегі ғалым-әдіскерлеріміздің жүргізген
зерттеулеріне жүгінсек, шағын комплектілі мектептердегі бір мезгілде
қатарынан оқылған әр деңгейдегі сынып оқушыларының білім деңгейі жалаң
оқыған сыныптың оқушыларына қарағанда тиянақты да терең екендігі байқалады.
Өйткені қатар оқылған сыныптардағы оқушылар тапсырманы өз бетінше істейді
және теорияны тәжірибемен байланыстырады. Олар мұғалімнің басшылығымен
әртүрлі өздігінен істейтін жұмыстың түрлеріне төселіп алады.
Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын ертеректен бері
жүргізіліп келе жатқан шетелдіктердің, атап айтсақ Батыс Еуропа, Австралия,
АҚШ, Канада, Қытай, Жапон, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінің іс-
тәжірибелерімен таныса отырып, шағын комплектілі мектептерде жаңа
педагогикалық технологияның аса қажет екендігіне көз жеткіздік.
Красноярскіде жаңа педагогикалық технологияны оқытудың ұжымдық тәсілі
1984 жылдан бері В.К. Дьяченконың басшылығымен жүргізіліп келеді.
Оқытудың ұжымдық тәсілінің басты идеясы оқу сабақтарындағы оқушылардың
ауыспалы құрамдарының жұптарындағы өзара қарым-қатынасы негізінде сабақтың
оқыту үрдісін ұйымдастыру болып табылады.
Оқыту үрдісінде ауыспалы құрам жұптарының (АҚЖ) жұмысын тұңғыш рет 1918
жылы Украинада талантты инженер-ұстаз Ривин Александр Григоревич қолданған.
Г.К.Селевконың кітабында оқытудың ұжымдық тәсіліне (О¥Т) мынадай анықтама
берілген. Оқытудың ұжымдық тәсілі деп динамикалық жұптарды оқытудың бір-
бірімен тілдесу арқылы, яғни оқушы бірін-бірі оқыта отырып жүзеге асырылуын
айтамыз. Оқытудың ұжымдық тәсіліне оқытуды ұйымдастырудың төрт түрі
жатады: жекеше, жұппен, топтық және ұжымдық. Осының ішінде ұжымдық
ұйымдастыру мұндағы ауыспалы құрам жұптарындағы оқушылардың оқушы-мұғалім
рөлін орындауы қазіргі кездегі оқытудың жаңа түрі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында шағын комплектілі мектеп
оқушыларының саны аз, біріктірілген сынып-комплектісі бар, оқу сабақтарын
ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін мектеп деп
көрсетіледі.
Республика шағын комплектілі мектептің үш типі бар:
Біріншісі — бастауыш шағын комплектілі мектеп;
Екіншісі — негізгі сатылы шағын комплектілі мектеп;
Үшіншісі — жоғары сатылы шағын комплектілі мектеп: Олардың бәріне тән
қасиеттер:
1. тек біріктірілген сынып комплектінің болуы (бұл бастауыш шағын
комплектілі мектепте басым),
2. тек біріктірілген сынып комплектінің және бала саны аз және
сыныптардың болуы;
3. тек бала саны аз жеке сыныптардың болуы (бұл негізгі және орта
шағын комплектілі мектепте басым).
Шағын комплектілі мектеп — қоғамның талаптарына сай, білім алуда
оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің
мектеп туралы нормативтік құжаттармен анықталған қызметін атқаруды жүзеге
асыратын жалпы білім беретін мектептің бір типі.
Шағын комплектілі мектептің қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінде
білім беруді реформалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру
жағдайында өз үлесін қосып отырғанын мойындамау тарихқа жасалған қиянат
болар еді.
Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды
тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады. Өйткені отбасының тұрмыс-
тіршілігі мен балаларын оқытып тәрбиелеу үшін мұндай мектептер барынша
мүмкіндік жасауға ұмтылады. Осы орайда, қазіргі қиын жағдайларға
қарамастан, бұл типтердегі мектептерде оқу-тәрбие процесін
ұйымдастыруда кейбір қолайлы жағдайлар бар екендігін естен
шығармауымыз керек. Олар:
1. Ауыл мектептерінде оқушының жеке басының психологиялық
ерекшелігін зерттеп білуге жағдай мол. Әр оқушының үй-жағдай, ата-
анасының тәрбие мәселесін қалай шешетіндігін, олардың кәсіби
мамандықтарына дейін білуге мүмкіндік бар. Бұл жағдай оқушының
дамуына әсер ететін факторларға көңіл аударып жоспарлауға мүмкіндік береді.
2. Оқушының тілек-талабы мен қызығушылығына бағытталған
сыныптан тыс жұмыстар және факультативтік сабақтар жүргізуге жағдай
туғызады.
3. Оқу материалын толық меңгеру - оқушылар үшін өте күрделі
үрдістердің бірі. Білім беру кезінде оқушының жеке басының ерекшелігін
нақтылы ескере отырып, оқу ісін жақсартуға арналған мүмкіндіктерді
пайдалануға болады.
4. Шағын комплектілі мектептерді оқушылардың өз бетімен көбірек
жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдалана
отырып, оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізуге,
қорытынды жасай білу дағдыларын байыта түсу мүмкіндіктерін үнемі есте
ұстау керек. Үй тапсырмаларын оқушының білім дәрежесі мен қабілетін
ескере отырып, даярландыру қажеттігін де естен шығармаған жөн.
5. Сыныпта оқушылардың аздығы, олардың әрқайсысының оқу
материалын меңгеруін, білім санасын, дағды біліктерін және танымдылық
белсенділіктерінің деңгейлерін үнемі бақылап отыруға уақыт жеткілікті.
6. Практикалық, лабораториялық және экскурсия сабақтарында
оқушыларды түгелдей қамтып, жұмыс жүргізуге сыныпта балалардың
аздығы қолайлы жағдай туғызады.
7. 0қушыларды еңбекке баулу, еңбек дағдыларын беру, мамандық алуға
үйретуде де шағын ауыл мектептерінің мүмкіндіктері мол. Өйткені олардың ата-
аналары ауылдағы мамандық иелері. Ал, оқушылар болса жастайынан еңбекке
араласады.
8. Шағын комплектілі ауыл мектептері оқушылардың бойына табиғатты
қорғау, оны аялау, эстетикалық талғамын қалыптастыруда қоршаған орта арқылы
табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде де мүмкіндіктер бар.
Міне, осындай мүмкіндіктерді ескерсек шағын комплектілі мектептің
жұмысын жетілдіру, ондағы тәрбие процесінің сапасын арттыру-маңызды
әлеуметтік-экономикалық және педагогикалық проблема. Уиткені, Қазақстандағы
мектептің 76 пайызы ауылдық. Оның 65 пайызы шағын комплектілі мектептер.
Шағын комплектілі мектепте оқытудың ерекше көңіл аударылатын бір саласы
оқушылардың өздігінен орьщдайтын жұмыстары. Өзбетінше тапсырмаларды орындау
барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық есептерді шешу талап
етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өзіндік бақылауды үйреніп,
оларда жауапкершілік, оқу еңбегіне қатынас, жолдастық
көмек қалыптасады.
Өз бетінше жұмыстың түрлерін қолдана отырып, сабақтың барлық
жүйесінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту керек. Оқулықпен жұмыс
істеуде, есептерді шығару, мазмұндама, лабораториялық жұмыстарда және еңбек
тапсырмаларын орындау кезінде өз бетінше жұмыс түрлерін жан-жақты
қарастырады.
Дидактикалық мақсатта өз бетінше жұмыс жаңа сабақты меңгеруге
дайындық, жаттығулық, қайталап пысықтау және бақылау болып
бөлінеді.
Дайындық өз бетінше жұмысы жаңа сабақты сапалы түрде меңгеру, жаңа
дағдыны қалыптастыру, өткен материалдарды қайталау мақсатында қолданылады.
Бұған есептерді шешу, жаттығуларды орындау, оқу құралдарын таңдап алу
жатады.
Жаңа білімді меңгеру үшін жоғарғы сыныптарда өзбетінше жұмыс кең
көлемде қолданылады. Өз бетінше жұмысты қолдану, білім, дағды, іскерлікті
бекіту және қалыптастыруда орын алады.
Қайтадан пысықтап қайталау өзбетінше жұмыстың тақырыпты оқудың немесе
бағдарлама бөлімін пысықтауды қажет етеді. Ол жазбаша жұмыс түрлерімен және
бақылау жұмысымен ерекшеленеді.
Өз бетінше жұмыста тапсырма жалпы және жеке түрде беріледі. Жеке
тапсырмаларды барлық оқушы өз бетінше жұмыс орындайды. Көбінесе шағын
комплектілі мектепте өзбетінше жұмыстың жеке түрлері қолданылады, сонымен
бірге өз бетімен жұмысты ұйымдастырудың коллективтік түрі де болады.
Мысалы: лабораториялық жұмыстың кейбір түрлері, жергілікті жерде өлшеу
жұмыстары және т.б.
Оқушылардың өз бетінше жұмысының педагогикалық, тиімділігі мұғалімнің
басшылығының сапасына байланысты. Ол өзбетінше жұмыстың мақсатын анықтап
оқушыларды ой-еңбегін қабылдауға үйретіп, сыныптың өзбетінше жұмысының
барысын бақылап, оқушылардың қате жібермеуіне көмектеседі. Сөйтіп,
қорытынды жасап, әрбір жұмыстың нәтижесін бағалайды. Математика сабағында
өзбетінше жұмыс орындауда оқушылардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлінуі
тиіс .
Бастауыш сыныптарға арналған математика бағдарламасының Түсінік
хатында математиканы оқыту өзара байланысты төрт түрлі мақсатты
көздейтіндігі айтылған, яғни:
1. Білімділік - бағдарламаға сәйкес математикалық білім, икемділік және
машықтандырудың белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;
2. Тәрбиелік - шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, ізгі игіліктерді,
еңбекке бейімділік және т.б. қасиеттерді қалыптастыру; ,
3. Дамытушылық — логикалық құрылымдар мен
ойлаудың
математикалық стилін дамыта түсу;
4. Практикалық меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларды
практикалық есептерді шешуде қолдана білуімен байланысты икемділікті
қалыптастыру.
Осы мақсаттардың табысты шешілуін білім мазмұнын тиімді жолмен сұрыптап
алуға, оны оқытып үйретудің жан-жақты үйлестірілген, ойластырылған жүйесін
құруға, оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, жабдықтарын ұйымдастыру формаларын
іріктеп алуы, өзбетінше жұмыс түрлерін пәндердің ерекшелігіне қарай құруға
байланысты.
§.1.2. Шағын комплектілі мектепте математиканы оқытудағы өзбетінше
жұмыстың түрлері.
Білім негізі - бастауышта - деп тегін айтылмаған. Бұл ұзақ жылдар
бойы қиыны мен қызығы қатар жүретін педагогикалық мол тәжірибеден алынған
сөз. Ия, білімнің берік негізі бастауыш сыныптарда қаланады. Яғни,
болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға
апаратын күш тек білімде ғана.
Бастауыш мектептер ішінде шағын комплектілі деп аталатын мектептің
өзіндік ерекшелігі бар. Осы мектепте ерекше көңіл аударатын оқу-тәрбие
жұмысының бір саласы оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Мұғалім
оқушылардың өздері орындайтын жұмыс түрлерін әр пәннің ерекшелігін ескеріп,
күні бұрын жоспар жасап әр тақырыптың ауыр, жеңілдігіне қарап ұйымдастыруы
тиіс. Сонда ғана әр сыныптағы сабақ жүйелі, ал оқушылардың өздігінен
орындайтын жұмысы сапалы болады. Яғни мектептің бастауыш сыныптары білімнің
негізгі қалануымен бірге, өзбетінше жұмыстардың өте қажетті іскерліктері де
қалыптасуы қажет.
Атап айтқанда: есепті өзбетінше дұрыс талдай алу, есепке қойылған
суретке түсінуі, өзбетінше шығаруы, өрнектерді түрлендіруі, теңдеулерді
шешу, т.с.с. Осындай іскерлікті қалыптастыруы, оқу барысында бір мақсатқа
бағытталған жүйелі жаттығулар арқылы іске асырылады. Мұндай жаттығуларды
өзбетінше орындаған жөн.
Оқушының өзбетінше жұмысының негізгі ерекшелігі, оқушының берілген
есепті мұғалімнің көмегінсіз өзінің шешуі. Есепті орындауда жақсы нәтижеге
жету үшін, оқушының біліміне, іскерлік дағдысына сүисіне отырып
бақылаушылығын, ойлауын, есепті шығару жолдарын оаиқап көреді. Есепті
шығаруда бір қате екінші қатеге жалғасып, нәтижесінде қате жауап алынуы
мүмкін. Шығарған есебі қате болып, оқушы қиыншылыққа кездескенде мұғалім
оны тоқтатып, қателерін жөндеу керек пе? Ондағы қиыншылықтарды жойып,
оқушының ойлауын, ісін дұрыс жолға бағыттау керек пе? Жоқ элде оқушының
шығарған есеошщ қате екендігіне көзін жеткізіп, қателерін өзіне тапқызып,
өздеріне жөндете ме? Өзбетінше жұмыстарды ұйымдастыру әдістерін белгілейтін
мұндай сұрақтар әр мұғалімнің алдынан шығады.
Сондықтан шағын комплектілі мектепте мектеп мұғалімінен оқушылардың
өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу талап етіледі. Шағын комплектілі
мектептің оқу тәрбие жұмысында уақытты дұрыс пайдалана білуге көп көңіл
бөленеді. Уақытты дұрыс пайдалана білу үшін мұғалім күні бұрын
орындатылатын жұмыстардың мысалдарымен сұрақтары есептердің, жаттығулардың
үлгілеріне түрлі-түсті суреттер, сызба кестелер арқылы дайындау керек.
Уақытты дұрыс пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын , қабілетін
арттырады. Оқушылар өзбетінше жұмыс жүргізу үшін бір сыныпқа 5-10 минут
шамасында орындалатын тапсырма беріледі. БІр сыныпта әңгіме өткізілсе,
екінші сынып оқушылары өздігінен орындалатын жұмыстармен айналысады. Бұл
кезде мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарды қалай орындағандықтарына
бақылау жасап тексеріп, бағалап отыруы қажет.
Шағын комплектілі мектептердегі сабақтың шамасы 20-25 минутында
балалар мұғалімнің басшылығынсыз өзбетінше жұмыс істейді.
Бір сыныппен жұмыс істейтін мұғалім кей сабақтарында өзбетінше жұмыс
өткізбеуі де мүмкін. Ал бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің
педагогикалық міндеті жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына
қойылатын талаппен бірдей, бірақ өзбетінше жұмыс көбірек істелінеді.
Шағын комплектілі мектептер жұмысының жемісті болуы сабақтардың
өзбетінше жұмыстар орындауға берілген уақытты тиімді пайдалана білуге
байланысты.
Өзбетінше жұмысқа берілетін тапсырманың мақсаты айқын, оқушыға
түсінікті болуы керек. Мұндай жұмыс тапсырылғанда оның ауыр, жеңілдігіне,
қанша уақытта орындалатынына баса назар аударған дү-рыс.Өзбетінше жұмысты
сабақтың кез-келген кезеңінде тапсыруға болады.
Шағын комплектілі мектептердің математика сабақтарында өзбетінше
орындайтын жұмыстардың оқып үйренетін, машықтанатын, тексеретін түрлерін
ұйымдастыруға болады. Бұлардың әрқайсысына тоқталып өтейік.
а)Оқып-үйренетін өзбетінше жұмыс
Егер өзбетінше жұмыстар жаңа білімді игеру қабілетімен байланысты
болса, атап айтқанда: талдап қорыту, жұмыс қорытындысын тексеру, логикалық
есептерді шешу, қорытындыларды салыстыру т.б. ұйымдастырылса бұл оқып-
үйренетін өзбетінше жұмысқа жатады.
Өзбетінше жұмыстың бұл түрі жаңа білімді игеру барысында қандай
дидактикалық мақсат алдын-ала анықталғанда, сол жаңа материалды өту үстінде
жүргізіледі.
Мысалы, қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді
деген тақырыпта I - сыныптың математика оқулығында мынадай тапсырма
қарастырылады. (27- бет)
3+1 1+3
Бірінші қосылғыш неге аз? Екінші қосылғыш ше? Қосындының мәні неге
тең? Екінші өрнекте бірінші қосылғыш неге тең? Екінші қосылғыш ше?
Қосындының мәні неге тең. Осыған толық жауап беріңдер. Оқушыларға өзбетінше
шешуге осы тапсырманы беруге болады. Мысалы қосуды тексеру деген
тақырыпта II - сыныптың математика оқулығында мынадай тапсырма
қарастырылады. (10 бет)
Қосындының және айырманың мәндерін тауып жаз 6+3
Қосылғыштарды ата, қосындының мәнін ата, қосындының мәнінен бірінші
қосылғышты азайт. Қандай сан шықты? Қосындының мәнінен екінші қосылғышты
азайтқанда ше? Қандай қорытынды жасауға болады? Осы сұрақтарға толық жауап
беріңіз. Осы тапсырманы өзбетінше беруге болады.
Барлық оқып-үйренетін өзбетінше жұмысы сияқты бұл тапсырмаға ерекше
мән-мағына беру керек. Осыдан тақырыпта баяндалатын негізгі заңдылықтарды
оқушының өзі табуына, байқауына жол ашылады, тек сұрақтар жүйесі мұқият
қарастырылуы тиіс. Соньшен бірге бұл тапсырманы орындағанда кейбір есептер
әдістерін қолданамыз. Орындаған өзбетінше жұмыстарға қорытынды жасау өте
мағызды.
Яғни қосындының мәнінен қосылғыштардың бірін азайтқанда, екінші
қосылғыш шығады. Ендеше қосуды азайтумен тексеруге болады.
Осындай қорытынды жасау барлық мысалдарды сапалы түрде орындау үшін де
және өтілген тақырыптың негізгі білімділік функциясын ашу, ондағы
қорытылатын түжырымды дәлелдеу үшін де қажет.
б)Машықтанатын өзбетінше жұмыс
Өзбетінше жұмыстың бұл түрі қарапайым математика операцияларын немесе
алгоритмді пайдалану кезінде жүргізіледі. Әуелі өзшдік жұмыстың бұл түрі
мұғалімнің көмегімен тақтаға жазумен жүргізіледі.. Бұл кезде материал толық
игеріледі деуге болады. Тек оқушылардың жаттығуларды өзбетінше орындаулары
ғана осындай тұжырымға келтіре алады. Машықтанатын өзбетінше жұмысы әрбір
сабақта өткізіледі.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталған болса, онда оқу
материалының мазмұны жаңа білімді әртүрлі тапсырмалармен
толықтырылып, қорытындылайды. Сондықтан сабақты жоспарлағанда жаттығу
тапсырмаларында анықтау керек. Онда: түсіндірме-
демонстрациялық мақсатта қандай тапсырма немесе
мысал даланылатынын тақтада не шығарылатын және
түсіндірілетін, өзбетінше орындауға қандай жұмыс берілетіндігін анықтау
керек.
Өзбетінше жұмыстың машықтанатын типі бағдарламалық білім
берілген соң және сол білім толық игерілуі үшін жүргізіледі.
Мысалы: Белгісіз көбейткішті табу тақырыбында белгісіз көбейткішті
табу үшін 2-4 тапсырма ұсынып, оны қолданудың дағдылары игеріледі. Тапсырма
мазмұны бір немесе бірнеше варианты беріледі.
5-2 9-3
= =
5 7
1
4 8 2
3 5 7
8 1 6
Ойын ережесі. Екі команда өкілдеріне қиындығы бірдей тапсырма беріледі.
Олар 2,3,6,8,9 цифрларын пайдаланып, квадраттың бос көздерін жатық жол, тік
жол және үзік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz