Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың мәні


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың мәні
Орындаған: Рыскалиева А.
Топ: УА-405
2015ж.
Жоспар:
- Жиынтық сұраныс пен оның факторлары;
- Жиынтық ұсыныс, оның классикалық және кейнстік үлгілері.
Макроэкономикалық тепе-теңдікті қарастырғанда іріленген жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жалпы баға деңгейі сияқты көрсеткіштер қолданылады. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс үлгісі тұтас экономикада өнім өндіру көлемі мен баға деңгейінің өзгерісін, оның себептері мен салдарын зерттеуге негіз болып табылады.
Жиынтық сұраныс экономикада өндірілген түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға жұмсалған барлық шығындар жиынтығын көрсетеді. Яғни, жиынтық сұраныс - макроэкономиканың барлық тұлғаларының: үй шаруашылығы (С), фирмалар (І), мемлекет (G), шетелдің ( ) төлемқабілетті қажеттіліктері.
Жиынтық сұраныс қисығы - бағаның берілген әрбір деңгейінде сатып алынуы тиіс тауарлар мен қызметтердің көлемін бейнелейтін графикалық көрініс.
Сұраныс қисығының теріс көлбеулі болуы, үш әсермен анықталады:
1. Кейнс әсері (пайыз мөлшерлеме әсері) ;
2. Пигу әсері (байлық әсері немесе нақты кассалық қалдықтар әсері) ;
3. Импорттық сатып алымдар әсері.
Кейнс әсерінің мағынасы: бағаның өсуімен байланысты ақшаға деген сұраныс өседі; ақша ұсынысының тұрақтылығы жағдайында пайыз мөлшерлеме деңгейі артады. Пайыз мөлшерлеме деңгейінің артуынан экономикаға салынатын инвестиция көлемі қысқарады, олай болса, сұраныс қисығы да қысқарады.
Пигу әсерінің мағынасы: баға деңгейінің өсуінен нақты байлық көлемі төмендейді, тұтыну көлемі қысқарады, сәйкесінше, сұраныс қисығы қысқарады.
Импорттық салымдар әсерінің мағынасы: импорттық бағалардың өзгермеуі, ел ішіндегі бағалардың өсуі экспорттың қсықаруына әкеледі. Сұраныс қисығы қысқарады.
Жиынтық сұраныстың жалпы баға деңгейінің серпініне байланысты сұраныс қисығы бойымен өзгеруін ақшаның сандық теориясы теңдеуімен шығарады:
MV = PY
Бұдан:
P= MV/Y
Немесе:
Y= MV/P
Р - баға деңгейі;
Ү - нақты өндіріс көлемі;
М - экономикадағы ақша жиыны;
V - ақшаның айналу жылдамдығы.
Бұл теория бойынша баға деңгейі жоғарылаған сайын, М/Р ақшалай қаржылардың нақты қоры азаяды, сондықтан тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс Ү төмендейді.
Жиынтық сұранысқа бағалардан басқа бағалық емес факторлар әсер етуі мүмкін:
- Тұтынушылық шығындардың өзгерісі (тұтынушы табысы, әл-ауқаттылығы)
- Мемлекеттік шығындардың өзгерісі (мемлекеттік саясат)
- Инвестициялық шығындардың өзгерісі (пайыз мөлшерлемелері, субсидиялар) ;
- Таза экспорт шығындарындағы өзгерістер (валюта бағамы өсуі, сыртқы факторлар) .
Жиынтық сұраныстың өзгеруі
Жиынтық ұсыныс - экономикада өндірілген түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулердің құны, ұлттық экономика ауқымында барлық тұлғалар тарапынан тауарлар мен қызметтерді сатуға ұсынуды білдіреді.
Жиынтық ұсыныс қисығы - ұсыныс көлемінің елдегі бағалардың орташа деңгейіне тәуелділігін көрсететін графикалық көрініс.
Жиынтық ұсынысқа келесі бағалық емес факторлар әсер етеді:
- Технология және өнімділіктің өзгеруі;
- Құқықтық және заңдылық нормалардың өзгеруі;
- Ресурстар бағасының өзгеруі және т. б.
Жиынтық ұсыныстың өзгеруі
Ұсыныс қисығы классикалық және кейнстік мектептер тұрғысынан әртүрлі түсіндіріледі.
Классикалық үлгі тұрғысынан ұзақ мерзімдік ұсыныс қисығы елдің өндірістік мүмкіндіктерін анықтайды және мына шарттарға негізделіп құрылады:
- Өндіріс көлемі тек өндіріс факторларының санына және қолда бар технологияға байланысты анықталады, ал баға деңгейіне тәуелді емес;
- Өндіріс факторларындағы және технологиялардағы өзгерістер өте баяу жүзеге асырылады;
- Экономика өндіріс факторлары толық қамтылған жағдайда жұмыс істейді;
- Бағалар мен атаулы жалақы икемді, олардың өзгерістері нарықтардағы тепе-теңдікті ұстап тұрады.
Жиынтық ұсыныстың классикалық үлгісі
Кейнстік үлгі экономиканы қысқа мерзімде қарастырады және келесі алғышарттарға негізделеді:
- Экономика өндіріс факторларының толық қамтылмаған жағдайында жұмыс істейді;
- Тауар бағалары, атаулы жалақы және басқа да атаулы шамалар тұрақты, яғни икемсіз, оларға нақты өзгерістер баяу әсер етеді;
- Нақты шамалар нарықтық өзгерістерге өте сезімтал болып келеді.
![]()
Жиынтық ұсыныстың кейнстік үлгісі
Экономикалық талдауларда осы классикалық және кейнстік мектептерінің жиынтық ұсыныстарының үлгілерін біріктіріп, ортақ жиынтық ұсыныс қисығын қолданады.
І - кейнстік кесінді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz